ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ

ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ

QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION

28

  главная                                        вернуться  

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

 

«Менен ұрпақ қалмаса да,

күндердің күнінде мені  әлемге

әйгілейтін «Шипагерлік баяным»

артымда қалмақ»

Ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

XV ғасыр

 

«Хотя от меня не будет

наследника, после меня останется

 мой «Трактат о целительстве»,

который однажды прославит меня

на весь мир»

Ученый-целитель Отейбойдак

Тлеукабылулы XV век

 

“Do not take a great interest

in riches – with which hand washes!”

Scientific-healer Oteiboidak Tleukabululy XV centery

 

 

 

 ІV ТАРАУ

 

ШИПАГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ

 

ГЛАВА IV

 

ВЕЛИКИЙ УЧЕНЫЙ ОСНОВАТЕЛЬ

НАРОДНОГО ЦЕЛИТЕЛЬСТВА

      

CHAPTER IV

 

THE GREAT SCIENTIFIC FOUNDER OF NATIONAL HEALING

 

 

 

ӨТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ

ШИПАГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

 

Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары белгісіз жаңа ғұлама ғалымдар қатарына ХV ғасырдың қараүзген шипагер-ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) есімі енді. Оның «Шипагерлік баян» атты медициналық-энциклопедиялық еңбегі шипагерлік дәстүр мен үрдісі тарихының жаңа белесіне жол ашты. Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітапты жазуына біріншіден, сол замандағы ханының оң қол уәзірі Жиренше шешенмен таныстығы; екіншіден, әз Жәнібек ханның оның сауатты жауабына риза болуынан; үшіншіден, сегіз жасынан бастап әкесі Тілеуқабыл емшіден білгені мен халқынан естігені, көргені, жазып алғаны; төртіншіден, өз іс-тәжірибесінің нәтижелерінің көрсеткіші; бесіншіден, Шығыс және Орта Азия ғұламаларының еңбектерінің ықпалы; алтыншыдан, өзінің халқы мен отанына және ғылымға деген адалдығынан болды деп қараған жөн.

Алып медициналық энциклопедиялық еңбек: «Тұрлаулар» /Ауыз Таңдай тұрлауДәстүр туылма және Көз Маңлай тұрлауАдамзаттың жаралысы/ деген кіріспеден және «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдылығы» деген  үш бөлімнен құралған. Ғұлама шипагердің медициналық энциклопедиялық еңбегінің үштен төрт бөлігінің жоқтығына қарамастан, «Қанықталғы» бөлімінде шипагерлік жөнінде анықтама беруі, екінші «Нарықталғы» бөлімінде адамдардың ауруын анықтаудың нақтылы ілімдік әдіс-тәсілдері, ал «Дарымдылығы» бөлімінде сырқат адамның ауруын емдеп жазудың әдіс-тәсілдерін түсіндіреді. Осы еңбегіндегі ғұлама ойының бүгінгі ғылыми медицинаның жетістіктерінен ешқандай алшақтығы мен өзгешелігі жоқтығы айқындалып келеді. Қазақтың қарапайым халық емінің әлемдік деңгейге көтерілуі қараүзген шипагер Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі ұлттық шипагерліктің рухын биіктетіп ғана қоймай, оның ғылымға айналуына негіз болды. Ұлы шипагер қазақтың ұлттық мәдениетінің философиясының бүгінде бір құрамдас бөлігі аталған, халықтық шипагерлік философиясының негізін қалады.

Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы 1108 түрлі дәрі-дәрмек түрін 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануар мүшелері және 60-тан астам металл-металоидтар қоспасынан /бұдан көп болуы мүмкін/ дәрілер жасаған.

Шипагер науқас адамдарға арнап 1050 түрлі шипа ем аты және 4577 шипалық дәрілік емдік тізбесін /нақтылығы – 13000-дай екен/ ұсынып, адамның сыртқы және ішкі денесінің 430-дан аса анатомиялық тұлғалық атауын жазып қалдыруы, біріншіден, қазақ жерінде XV ғасырда-ақ фармакология ілімінің алдыңғы қатарда дамығандығын дәлелдейді. Екіншіден, ғұлама шипагердің тұжырымдары оның өзіне дейінгі және бүгінгі шипагерлік ғылымнан алшақтығы жоқтығын айқындайды. Үшіншіден, адам денсаулығын қорғау, сақтау, дамыту мен жақсартудың терең ілімдік жетістіктігін мәңгі өз ұлтына қалдыруы, қазақтың шипагерлік өнерінің дамуына жол салғандығын білдіреді.    

 Халық шипагерлігі халықтың қанымен, атадан ұрпаққа берілетін тектік /генетикалық/ қасиет. Ө.Тілеуқабылұлы шипагерлік ілімін өз халқын аралап, аурудың сырқатын анықтап, емдеп әрі тәжірибе жасай жүріп, өзінің жеке бойындағы көп ғылымдар саласы бойынша біртұтас ілімді байытты. Көргенін, естігенін және білгенін қағазға түсіріп, халқының денсаулығының болашағын ойлады. Сол замандағы қазақ ханы әз Жәнібектің тапсырмасымен 1466-1473 жылдары аралығында ханның Ақ ордасында /Шу, қозыбасы/ 78 жасында бастап, 85 жасында бітірген 5000 беттік қолжазбасыШипагерлік баянынбітіргенімен, ханның кездейсоқ қазасы қолжазбаны ханға көрсетіп оқып беруге жазбады.

Әз Жәнібек хан ғұлама шипагер Ө.Тілеуқабылұлымен алғаш танысқанда шипагерді сынап, байқап, әрі іліміне баға бере келе Ө.Тілеуқабылұлына Қараүзген шипагер екенсің деген мәртебелі атақ береді. Бұл құрмет оның көп салалы гуманитарлық ғылымдардан да білімі барлығын, ілімді ірі тұлға екендігін білдіреді. Шипагердің: «Іске аспады арманым, қараң қалды. Шың басына шыққанда арандалды»,деген, зарлы арманы бес ғасыр өткенде орындала бастады. Қараүзген шипагер өзініңШипагерлік баянынжазарда ғылыми шипагерлікті негізгі арқау етіп алғанымен, тіл, діни тәрбие, мәдениет, әдебиет, тарихи шежіре, этнография, эстетика, этика, философия, психология, астрономия, заң, метеорология, математика, анатомия мен физиология, фармацевтика, т.б. ғылымдар саласын бір арнаға топтастырып, адам денсаулығын жақсартып дамытудың негізгі іліміне пайдалану мүмкіндігін, ұлттық этникалық стилді сақтай отырып ұсына білді.

Бес жарым ғасырдан кейін халқымен қайта қауышқан, бес мың беттік қолжазбаның тек ғана бір мыңдай ғана бетімен баспадан кітап болып шыққан /Үрімжі, 1994. араб қарпіндегі/ Ө.ТілеуқабылұлыныңШипагерлік баян атты кітабы қазақ елінде де баспадан шығып /Жалын”, Алматы, 1996/, еңбек ғалымдар мен зерттеушілердің назарыларына бірден ілінді. Көп салалы ғылыми талдауға ұсынылды, зерттеуге және тұжырымдамалар жасау жоспарына енді. Өйткені, ХV ғасырда-ақ ғылыми негізі толық жазылған, бұл кітап қазақтың шипагерлік өнерінің тарихы сонау ертеден басталғандығын дәлелдейді. Ө. ТілеуқабылұлыныңШипагерлік баянатты еңбегі қазақтың халық шипагерлігінің ғылыми әрі тәжірибелік негізін қалап ғана қоймастан, ұлттың шипагерлік өнері ілімін, мәдениетін, әдіс-тәсілін әлемдік дәрежеге жақындатты. Бұл еңбек көптеген шет елдер ғалымдарының ғылыми зерттеулеріне айналуы да кездейсоқтық емес.

Оның дәлелі ғалымныңШипагерлік баян кітабының көрші қытай елінде 1997 жылы маусым айында “1-дәрежелі мемлекеттік таңдаулы ұлттық кітап сыйлығына ие болуы, шипагер ілімінің ғылымдағы ғұмырының ұзақтығын көрсетеді. Ғұлама шипагердің «Шипагерлік баян» атты еңбегіне алғаш өз пікірін білдірген Шыңжаң ұйғыр автономиялы аудандық партия комитеті үгіт-насихат Министрлігінің орынбасар бастығы, зерттеуші-ғалым Төлеуқан Ыбырайұлы: «Ұлтымыздың тарихында сирек кездесетін, ұлы медициналық еңбек, әрі ғылымнама тек шипагерлік жағынан ғана емес, ол хақымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, метеорология, әскери ғылым, этика, эстетика, тағы басқа жақтардан да қыруар білім мен мәлімет береді. Өнер білім тарихы ел тарихынан айрылмайды. Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін ғылымнама «Шипагерлік баян» да өз дәуірінің жемісі», деп әділ бағасын берді.

Миллиардтаған қытай халқы ғалымдарының қазақ шипагері іліміне ірі ғылыми баға беріп құрметтеуі, ұлттық шипагерлік дәстүріміздің теориялық және мәдени-тарихи тұрғысының биік мәртебесін айқындайды. Ө. Тілеуқабылұлы көп оқыған, өзінің жеке философиялық танымы кемелденген, әр салалы ғылымдардан хабары мол, өзіндік мәңгілік өшпес философиялық тұжырымдамаларын қалдырған ірі тұлға және шипагер ғалым.

Расында, «Шипагерлік баян» туралы, бұл еңбекті жазған ғұлама туралы ғылыми талдау жасау енді пәрмен алуда. Түрлі тартымды ой-тұжырымдарға сілтеме жасадық. Дегенмен, ғұламаның дүниетанымы мен өнеріне толығырақ сипаттама беру үшін, созылыңқы болса да, мына сілтемені келтіруді жөн көрдік. «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емші ғана емес, шипагер, ұлы шипагер және ғұлама ғалым. Оны кейінгі ұрпақтар қараүзген шипагер, жаһангер, тарихшы, этнограф, ұстаз, философ, ақын, астроном, тарихшы, биолог, химик, психолог, географ, этика мен моральдің асқаң білгірі деп жатады. Өтейбойдақтай дананы түсіну өте қажет, әрі алдымен оның өзіндік себептері мен жауаптары бар. 

Шипагерлік жөніндегі анықтамаларды көбейте беруге болады. Дегенмен,  бұл өнердің тұтас және тартымды түрі. Шипагерлікбілім, ғылым, өнер, ұлттық дәстүр, жеке бас қасиеттерінің қабілеттілігі мен шеберлігінің жиынтығы мен жалғасы. Қараүзген шипагер емшіліктің көптеген жаңа түрлері мен заңдылығын ашты. Шипагерліктің маңызын толық бағалау үшін еуропалық медициналық білім мен тәжірибені білу жеткіліксіз, оны шығыстық (қытай және тибет) тәжірибемен толықтыру шарт.

 Шипагерлік мәдениетіадамды сауықтыратын, болашақты болжайтын және дарымдаулықты қондыратын қабілет-қасиет;

  науқас пендеге тілеулестік ұғымымен қоса жанашырлық таныту;

  жан мен тәннің саулығына, рухтың арлығына жол табу, соған қызмет ету;

емдеу білімі мен тәжірибесінің озық түрі. Сол негізде ғұлама емделудің 24 түрін дарымалы және болжамалы қатар алып жүреді және жетілдіреді;

адамның мүшелік жастағы жаратылысын, оның ерекшелігін ұлттық рәсім-салтпен үйлестіреді. Ол елдегі жарғыға жүгінеді, оны мұқият орындайды;

алдына келген адамды елдің азаматы, ұрпақтың болашағы тұрғысында қабылдап, ерекше ілтипат білдіру;

ел мен жердің емдік және демдік қасиеттерін табандап жинақтап, оларды өз отандастарының игілігіне бағыштай алу;

ислам діні тыйым салған тиіспеу мен жұғыспаға тәрбиелеу. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерліктің осындай ауқымды өмірлік үлгісін көрсетті және таратты. Ол үшін емшілікауруды емдеу ғана емес. Ал шипа жазады, дариды, дару болады. Шипагерлікті ширататын тағы бір шарт бар. Оның арқауы: «қателіктен сақтан, кемшілікке бола кеміме. Озбырлыққа берілме, осалдықты үйіріп бапта», - деген  өсиетте.

Халықтың шипагерлік дәстүрлері мен мәдениетін дамытуда ғұлама шипагер оны ғылыми жағынан дала тәжірибеханасында сынақтан өткізген кездерінде, өзінің ар-намысына айтылған кекесін сөз бен әрекеттерге мойымай, өлген адамның денесін боршалап, Омбыда тірі түлкінің терісін сыпырып алып, ал Шалкөде /Жетісу аймағы/ тірі қойдың басын таспен ұрып, өлгенін көріп немесе қойдың кеудесін пышақпен тірідей жарып жүрегін жұлып алу арқылы жүрек, ми, қан тамырлары қызметінің өзара қатынасындағы тіршілік иесінің өмір сүруіне байланысын зерттеп өз тұжырымдамасын жасайды.                   

Шипагер адамның денінің саулығы мен өмірінің ұзақтығының негізі оның «Қан сөлі мен без сөліпенделік тұлғалық тұтас сөлдің атасы» – деген тұжырымдамасына сүйеніп, «Қан сөліжан сөлі» немесе «Мибасқарушы» – деуін бүгінгі медицина ғылымы да қуаттайды.

Ө.Тілеуқабылұлы адамдар арасында үсіген, өлдіге есептеп үсікке қатты ұшырағандарды шипагер өзінің сусыз жерлердеТұншықтырмаәдісін пайдаланып, адам есін жиярда алғашМұздадым”, “Қалшылдадым”, “Қызып кеттім”, “Терлеп кеттім”, “Шөлдеп кеттімақырыТерлеп сүмек болдым” – дегенде ғана, барып құтқару әдістерін тоқтатып сырқатқа киім киіндіріп, сусынға ыстық шай беру арқылы шипагер емін жалғастырып жеке адамның жағдайы толық қалпына келгенше бақылауға алумен, халықтық шипагерліктің емдік жүйесін байыта білді. Ал шипагер өзен суы бар жерлердеМалмаәдісімен үсіген адамды жалаңаштап, мұздан ойылған шұңқырға салып оның жағаласқанына, арпалысқанына қарамай сөзі түзеле бастағанда ғана шұңқырдан шығарып алып, сырқатқа біртінден жылы тамақтан ыстық тамаққа қарай тамақтандырып, өзінің ілімдік тәжірибесін байыта білді.

«Суықты суық алады» – деген халықтық тәжірибе тәсілімен суықтықтан үсіген адамды емдеуде суық үйде, суық далада ұстап немесе суық суға малып біраз суда ұстаған. Бұл адамның тәнінің төмендеген әлсіз қуатын қайтадан тепе-теңдік қалыпқа келтіру арқылы, оның өмірін сақтап қалу идеясы болатын. Бұл тәсілдің қаншалықты пайдасы мен зияны барын ол заманда білу өте қиын болғанымен, ұлы шипагердің осы әрекетінің пайдалы болғанын бүгінгі медицина теріс көрмейтін сияқты. Осы күні таңғалдырып жүрген П.Ивановтың суық сумен емдеу тәсілі де, қазақтың шипагерінің әдісіне өте жақын екені аңғарылады. Міне, осылай неше түрлі үсінудің әр түрлі мүшелік емдеу тәсілдерін қолданып, ұлы шипагер өзінің емдік тәжірибесінде пайдалы нәтижеге жетіпкені, оның еңбегінде айтылады. Денесіне күйіктің әр түрлі мүшелік қауіпті дәрежесін алғандарды өзінің жасаған дәрі-дәрмектері бойынша аман алып қалып, шипагерліктегі білімділігі мен адалдығын көрсетеді. Адамның өмірін сақтап қалуда, шипагер көптеген емдік әдіс-тәсілдерді жүзеге асырды. Оған батыл кірісті. Суға кетіп өлдіге есептегенді және есінен танған адамды басын төмен қаратып, екі аяғынан ағашқа іліп қойып ішіндегі суын ағызып, денесінде бір тіршілік қимылы сезілгенде ғана адамды жерге түсіріп қозғау, ары-бері аунату, уқалау және жасанды дем беру әдістерін пайдаланып тірілтіп алу жолдарын меңгере білген.

Ұлы шипагер өз жанын, тәнін, өмірін басқалардан артық санамады. Ол көбінде ауру адамдарға дәрі-дәрмегін емге ұсынардың алдында кейбіреуін өзі ішіп, денесіне жағып кейде улана есінен тана жаздап жүріп шипалық емін жалғастыру арқылы, қазақтың шипагерлік ілімінің өркендеуінің жаңа әдіс-тәсілдерін таба білді.

Ө.Тілеуқабылұлының өзінің өсиетнамасындағы: «Тапқысыз баға гауһардай асылдарға да, пысқақ, бықсыққан, жасықтарға да шипа ем дарымдадым. «Қол ласы дәулетке, лас нілі сәулетке де қызықпадым»» – деуі шипагердің адал жүректі, байлыққа қызықпас, қол кірін ары тазалығына айырбастамас, өз көмегін адамның дәрежесіне, жасына, жынысына, байлығына қарамай кісілік тұлғалық парасаттылық қасиетпен еңбектенгенін аңғартады.

Ө.Тілеуқабылұлы шипагерлік атауын емшілік атауынан жоғары қояды. Ол нағыз шипагер науқас адамды емдеп ғана қоймай, сырқаттың пайда болуынан бастап, оның дамуын, өршуін, асқынуын, емдеу кезіндегі адамның сырқатынан жазылу әрекетін немесе кері әсерін асқынуын бақылап есепке алып, ауру жанға мейірмандылықпен күтіп қараудағы шипагерліктің мәдениетін үйретеді.

Ө.Тілеуқабылұлы: шипагерлікөнердің бір түрі. Ал емшілікқақалақтың  /ешкінің-З.Қ/ өзін көрмей, мүйізін ғана көргендік. Шипагерлік атауы дұрыс. Өйткені, шипа жазады, қонады, дариды, дәру болады деп шипагерлікті екіге бөліп қарайды: Дарымдаулық шипагерлік және болашақты болжайтынболжамалы шипагерлік деп екіге жіктейді. Сонымен шипагерлерді: теңдессіз шипагер, нағыз шипагер, қараүзген шипагер, шипагер, емші, емкөс, жарғышы, қараемші, қаншы, тамыршы, сынықшы, оташы, іш сипағыш, көзқарақшы, ішірткіші, бақсы, жауырыншы, балгер, құмалақшы, болжағыш, аяншы, құшнаш, әулие, әнбие деп 24 түрге бөліп оларға жеке-жеке анықтама беріп талдай отырып, әр емшінің өзінің жеке қасиетіне баға беріп, оның шипалық ерекшеліктерін тұжырымдап ой талғамымен түйіндейді.

Ғұлама шипагердің анықтамасы бойынша «Дарымдаулық» шипагерлер сырқат адамға тікелей өз шешімімен шипалық емдерін жасап дарымдап, оның жағдайын жеңілдетсе, кейде толық айықтырып жібере алатынына жеке талғамдық ойын ұсынады. Болжамалы шипагерлер келешекте не болатынын болжап, сырқатқа болжамдық ем-дом айтып, жеңіл-желпі емдік шаралар көмегін көрсетеді, емдері болжамдық негізде болады деген ұғымда болған. Шипагер ғұлама Ө.Тілеуқабылұлы 18 мың ғаламның түпкі негізі алғашқы алты несіптік тұғырлықтан оның ішінде үшыстықтық /Арқау, су, ұштасым /және үш суықтық /Бітім, қимыл, әужал/ өзегінің байланысы әсерінен болатынына  сілтеме жасайды. Мәселен, Арқауөзегі ыстық тұғырлық, су өзегі суық тұғырлық, ұштасымөзегі қараңғы тұғырлық, ал бітімөзегі тұрақ тұғырлық, қимылөзегі кеңістік тұғырлық, әужалөзегі жарық тұғырлық. Сондай-ақ, адамның соңғы алты тұғырлық несібесінде: үш ыстықтық /ләм, мекен, ылпа/ және үш суықтыққа /тыныстық, қару-жарақ, ұрпақтастық/ бөліп, өзегі қараңғы тұғырлықләм, өзегі тұрақ тұғырлықмекен, өзегі ыстық тұғырлықылпа, өзегі кеңістік тұғырлықтыныстық, өзегі жарық тұғырлыққару-жарақ, өзегі суық тұғырлықұрпақтаныс екендігіне тоқтам  жасаған қараүзген шипагер ыстықтық пен суықтықтың негіздері адамның мінсіз бітімінің тұлғалық өсу дамуына, денсаулығының жақсы болуына және сырқаттың пайда болу себептеріне нақтылы жоғарыдағы алты несіптік пен алты несібелік немесе он екі өзектік тұғырлыққа тәуелді болатынына тоқталып шипагерліктің негізгі шартын анықтап береді.

 Шипагер ғұламаның анықтауынша: “Сырқат сыпатымәннілі суықтық, шипа ем дарым зәруаты сыпат мәнніліыстықтық, дарулық дарымдылығы терлетімдік болмақ”, – деп сырқаттың туу себебі ыстықтық пен суықтық әсерінен болатынына одан сақтанудың жолдарын шипагерліктік, танымдық тәжірибесімен терлетудің онға жуық тәсілін ұсынып түсіндіреді.

 Осындай күрделі медициналық энциклопедиялық алып кітапты жазған Ө.Тілеуқабылұлы көп ұлт тілін білетін, түсінетін көп салалы ғылымнан терең білімі бар нағыз философиялық ой-толғамы мол ғұлама ғалым екендігіне күман келтіруге болмайды. Көрші елде тұратын «Шипагерлік баян» атты кітаптың баспадан басылып шығуына тұңғыш көмектескен, кітаптың құндылығын жоғары бағалаған Шыңжаңның Алтай аймағының уәлиі, ғалым Қадыс Жәнәбілұлы: «Ұлтымыздың шипагерлік, тарих, философия, астрономия салаларынан жосылатын жол салған, сан ғасыр сақталған бұл бағалы мұраның жарық көруі кейінгі ұрпағымызға ұшан-теңіз болатындығы даусыз»,деген қуанышты тілегін білдірді.

Орта ғасырда Отырар, Түркістан, Тараз, Баласағұн, Сайрам, Сауран, Сығанақ, т.б. қалалары шығыс пен араб әлемін мойындатқан білім мен ғылым және мәдени рухани орталықтар болғаны белгілі.

Орта ғасырдағы ғұлама ғалым, әлемдеЕкінші Аристотельатанған Әбу Насыр әл-Фараби мен медицина ғылымының атасы, философ, жаратылыстанушы Әбу Әли Ибн Сина,  математика ғылымының атасы, астроном әл-Хорезми (IХ ғасыр), Әбу Райхан Бируни (973-1051 ж.ж), ғұлама ғалым, әрі ақын Жүсіп Баласағұни еңбектері негізінен араб тілінде жазылса да, өз елдерінде көп тараған-ды. Әбу Райхан БируниЕмдік заттар жөніндегі кітап атты еңбегінде Орта Азия аймағында өсетін емдік шипалық шөптерге толық анықтамалық сипаттама берсе, ал Әбу Әли Ибн СинаШипагерлік ғылымның негіздеріатты кітабында адам ауруларының түрлеріне, олардың емдеу әдістері мен сақтану жолдарына және көптеген дәрі-дәрмектерге тоқтағанын ескерсек, Ө.Тілеуқабылұлы да осы ғұламалардың еңбектерін оқып, зерделеп өзініңШипагерлік баянынжазарда басшылыққа алып пайдаланғандығын, өзінің түсінігі бойынша жеке ілімін дамытқанын, әрі өзінің ұлы ғұламалар ілімін құрметтеп бағалағандығын аңғаруға болады.

Бұл, Шығыстың және Орта Азия ғұламаларының медициналық және көптеген гуманитарлық еңбектерінің әсері мен ұлттық этникалық ерекшеліктері қазақ шипагерінің ой-өрісінің өсуіне, ойлау идеяларының дамуына және оның нағыз ұлттық бағыттағы философиялық этникалық ұлттық шипагерлік ілімін жазуына әсері мол болғанын көрсетеді. Шипагер ғұлама өзінің парасатты ілімі арқылы шипагерлік саласының сырқаттың ауруын емдеу саласында оның түрлеріне қарай әр түрлі емдеу әдіс-тәсілдерінің жеке түрлерін бірнеше салаға бөліп, шипалық емінің нәтижесіне жеткендігін аңғаруға болады. Ол сырқаттың пайда болу салдарының себептерін көбінесе мезгілдік өзгерістерге және жарық пен қараңғылыққа байланысты өзгеріп тұратынына өз тұжырымдамасын жасады. Адам организміне ыстықтық /мезгілдік, күн көзінің ыстығы, топырақтық ыстықтық, тұлғалық қызу/ пен суықтық /тоң өту, аяз, ызғар, сыз өту/ өзгеріміне қарай, жазда, күзде, қыста және көктемде әр түрлі құбылыстар болатынына мән беріп қорытынды шығаруы, шипагерліктің негізіне іліми көзқараспен қарағандығын сипаттайды. Шипагер жаны сауаттылықты сүйді, ұнатты, адалдық пен жауапкершілікті басты міндетінің парызы санады. Оның әрбір әрекеттік ісі шындыққа ұласты. Ол өшпес, өлмес, өте қажетті ұлттық денсаулықтың ғылымнамасын ұрпағына тарту ете білді. Заман өзгереді, жылдар жылжиды, бір-ақ қараүзген шипагер Өтейбойдақтың мұрасы күн нұрындай мәңгі шапағатын шаша берері анық.

Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянын» Қазақстанда зерттеп жеке ғылыми зерттеулік ойларын жазба түрде білдірушілердің де саны көп салалы ғылымдар бойынша көбеюі қуанарлық. Бұл жаңадан тарихқа енетін қазақ шипагерлік дәстүрінің философиясына ықпал етері анық. Академик, Ә. Нысанбаев: «Әрбір философиялық жүйе адамзат тарихының белгілі бір даму сатысында қажеттіліктен пайда болатын құбылыс. Сондықтан да өткен дәуірдегі философияық жүйелердің өзіндік танымдық, саяси-әлеуметтік негізі бар, сол себептен әр дәуірдің философиялық жүйесін талдай отырып, оған нақтылы-тарихи тұрғыдан көз салуымыз керек»,деген ой толғамы, осы жұмыстағы қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының философиялық ой жүйесіне де  ғылыми зерттеу қажеттігін аңғартады. Шипагер ғалым еңбегіне ғылыми зерттеу жұмыстарын бастау қажеттігі ұлттық шипагерліктің тарихының жаңа өркендеуіне жол ашқандық, әрі шындыққа ұласқандығын білдіреді.

Шипагер өз қызметінде халқымыздың: “Сынықтан басқаның бәрі жұғадыдеген дана сөзін әрқашанда өзінің шипагерлік ілімінде басшылыққа алып, сырқат адамның ауруларын жұқпайтын және жұқпалы деп екі топқа бөлу арқылы шипагерліктің тазалық, сақтық және ұйымдастыру жолдарының жаңа стилін ұсынды. Шипагер ғалымныңШипагерлік баянкітабында сырқатты анықтаудың 32 түрін /Есекжем, ауызжара, алапес, қызылша, сүйел,...........т.с.с/, сыртқы дене жарасының алты түрін  /шиқан, жалғыз жара, жақ рагы.........т.с.с./, зерттеп аурудың 5 түрін, күйіп қалудың 3 түрін, улы жәндіктер шағуынан болатын ауруының 3 түрін /жылан, шаян, бүйе/, сіреспе /талма/ ауруының 2 түрін, үсіп кеткеннің 3 түрін, есі ауысқандықтың 4 түрін /қояншық, бұқпа, есалаң, жынды/, ата-анада кездесетін белсіздік ауруының 5 түрін, жүйке ауруының 2 түрін /нерв әлсіздігі, ұйқы қашу/, мүшелерде өзгерістен болатын аурудың 9 түрін /тістің етіне қосымша өсетін ет, әр түрлі мүшеде ет өсу........т.с.с./, іш кебу мен асқазан қыжылдау, мұрын қанау мен бой бұзылу, қансырау, дәретке қан араласудың 4 түрі, дене-ағзалардың қақсауының 5 түрі /тіс қақсау, шеке.... ....т.с.с/, жазымдық сынықтың 4 түрі /сыну, шорт сыну, быт-шыт сыну.........т.с.с/, құсудың 3 түрі /ұшықтан, тамақтан, жүктіліктен/, жұқпалы қауіпты аурудың 10 түрін /құлғана, мерез, соз, жіңішке, көктүйнек, көкшешек, түйнек......т.б/ кездестіреміз. Бұдан көп сырқат түрі талдап жазылған,  кітаптың төрттен үш бөлігінің өртенуі ұлттық халық шипагерлік емінің орны толмас қасіреті демеске амал жоқ.

Елі мен жерін сүйген Ө.Тілеуқабылұлы: «Ел білім дәулетінің қайнары.  Ел айтсаелт айтпайды» қағидасын сырқаттың ауруын емдеуде бұлаудың 6 түрін: Қапталғы бұлау /борсыма бұлауЗ.Қ/, бапталғы /бу  бұлау З.Қ/, Сақталғы /су бұлауЗ.Қ./, Қақталғы /құрғақ бұлауЗ.Қ /, Нақталғы /түйіндепЗ.Қ./, Шапталғы /құм бұлауЗ.Қ./, уқалаудың  11 түрін /түйіндеме, батырма, дөңгелендіргі, ысқалғы, сыдырғылау, жылдырытқы, қақпаулығы, мыйтыңқыл, шымшыл, қос алақан, бөгделеме және  үзудің онға жуық емдеу түрлері өте қарапайым, әрі түсінікті түсіндіріледі.

Шипагер еңбегінде көбінесе көз сұғы бар адамдар мен тіл сұғы бар адамдардың кері әсерлі қуаттарынан жас балалардың көбірек зардап шегіп ауратыны туралы дәлелдей келе, ондай кері қуатты адамдардың белгісі мен денесіндегі айырықша ерекшелігі туралы тоқталып, олардан сақтану жолдарына тоқталады. Шипагер ғұламаға Жаратушы иеміз өмірдің қызығы жар сүю, балалы болу, жанұя рахатын көруді жазбаса да, ол барлық өмірін шипагерлік ілімге арнады. 

Өз әкесі шипагер Тілеуқабылдан алған тәрбиесі бойынша «Қырықтың бірі қызыр, жетінің бірі әулие» қағидасымен 41 өскін мен жеті шипалы шөптің қоспасынан жасалатын шипалық дәрі-дәрмегін жердің 40 түрлі қыртысынан /тау, төбе, ойпаң, құмдауыт, тасты, сулы, теріскей, орманды т.с.с./ жинап, дәрі-дәрмегін жасап, шипалық емнің мерзімдік 3,5,7,13,21,25,41 үлесімдік емдік әдіс-тәсілін ұсынды. Қорыта келгенде, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өз еліндегі барлық дәрілік шөптердің емдік қасиеттерін толық меңгеру арқылы, шипагердің білімінің тереңдігі мен тәжірибесінің сауттылығын таныта білген, ірі фармакология саласының маманы.

Қазақтың фармакология ғалымы М.Қожабеков өзінің «Дәрілік өсімдіктер» кітабында дәрілік шипалық өсімдіктер жайлы былай дейді: «Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейін ертедегі грек дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Бір-ақ ғалым өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ». Әрине өсімдіктердің дәрілік қасиеті жөнінде дәрігер-ғалым П. Массагетов: «Тегінде бір нәрсеге бас ию керек болса, онда өсімдікке бас иіп, тәжім ету керек. Өмірге қажеттінің бәрін адам осы өсімдіктен алады», – деп табиғаттың берген сыйына ерекше сүйіспеншілігін көрсетіп, адам мен табиғаттың өзара қатынасында өмір жалғасы жатқанын айтады. «Табиғатты аяла, адамзат» деген нақыл сөз де осыны білдіргендей.  

Шипагер Ө.Тілеуқабылұлының дәрілік өсімдіктер жөніндегі кейбір танымы мен көзқарасы жағынан грек дәрігері Галенмен ұқсастығы мен үндестігі барлығы байқалады. Шипагер дерліктей көптеген ауруларды емдегенде шипалық емі қонғанын, бірақ қылтамақ ауруының белгісіне тоқталып: «Әттең, шіркін кеудені тіліп, сырқат қайнарлығын сылып, өңештің тарылған көлгімін селебелеп кескі алғы боп жалғамдаса, қайтерлік болмақ?, бұл қолдан келерлік. Тілгілік, тіккелік жоқ. Қандай қару қажет жарағы шарты. Ойланып  тапсақ, жасарлық кім болмақ? қол қысқа, заман тысқа. Бұл Алланың жазуы ғой, амал недеуінен шипагердің оташылыққа да терең ғаламат философиялық тұжырымы аңғарылып, оташыға қажеттің бәрі болса бұндай ауруларды да емдеп жазудың мүмкіндігі барын  сезіндіреді. Ө.Тілеуқабылұлы өзінің кіндік қаны тамған, өскен жері Шалкөдесінде ғана дәрі-дәрмегін жасап шипагерлік емін жалғастырмаған. Шипагер қазақтың кең даласының Сырдария, Мұзтау, Хорасан, Омбы, Нұра, Жезқазған, Торғай, Шу, Жаркент т.б. жерлерінде болып білімділігімен көптеген ауру адамдарға сырқатынан жазылуына көмегін беріп, сол аймақтарда өзінің шипагерлік тәжірибелерін сынақтан  өткізуді де ұмытпағаны, оның шипагерлік өнерінің негізін қалаушы екендігін көрсетеді.          

Шипагер бір ғана ауруды емдеумен айналыспай осы заманғы акушер дәрігерлердің қызметіне де еңбегін арнағаны, «Бала теріс болса, онда әйелді тулаққа салып орап, оңға үш рет және солға үш рет шайқаса бала орнына келеді» дегені осы заманғы медицинаға қосқан оның алғашқы тәжірибелік үлесі болмақ. Шипагер еңбегінің қамтыған ауқымы кеңдігін  4600-ден аса шипалық емі мен оның ішіндегі тағамдық емдік рецептердің кездесуі қазақтың халықтық шипагерлігінің сол уақыттан да ары дамығандығын айқын көруге болады.

Ө.Тілеуқабылұлының шипагерлік ілімін бір ғана ғылыми талдаумен баяндап беру мүмкін емес. Шипагер өзі құрметтеп ұстаз еткен, білімдерін жоғары бағалаған бабаларына арнап: «Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, меніңше де талас-тартыссыздық нәрсені Алла жаратпаған. Бірақ Баласағұн айтқылық осынаулық кейбір аталымдық дәуірлік тіл өзгерімдік айтылғысы ұқсамаулық болғанымен, түпкі мәні бір деулік» – деген данышпандық ойында инабаттылықты сақтап философиялық тұрғыда қарағанын аңғартады.

Сондықтан Ө.Тілеуқабылұлының ой-талғамы өзінен бұрынғы ғұламалардың негізгі идеяларымен жалғасып сабақтасып, әрі үндесіп жатқандығын сеземіз. Шипагердің: «Мейлі Әбу Насыр әл-Фараби болсын, мейлі Жүсіп Сақ Баласағұн болсын, мейлі мен болайын, бір із, бір тілетіктерміз. Ол екеуінің менен артығы жырлауыл, сөйлеуіл, шижаламада ғана. Сонымен қоса үшеумізге орта теңдік «Шопан үсті бозторғай ұяламдықтап жұмыртқаламдығы» таппақ» – дегенінен, шипагердің бұл екі  ғұламаның да еңбегімен таныстығын және еңбегін жазарда пайдаланып басшылыққа алғандығын, оған құрметпен қарағандығын  білдіреді.      

Ғалым шипагер Ө.Тілеуқабылұлының танымдық көзқарасы бойынша жазылған оның еңбегі, біздің ұғымымызбен қарағанда ғылыми бағыттың қолданбалы және теориялық-тәжірибелік бағытында жазылғанын аңғартады.

Өз заманының философиялық танымдық идеясы негізін басшылыққа алып жазылған, медициналық алып туындының бес ғасырдан аса уақыт өтсе де, құндылығының жоғары екенін ғалымдардың анықтамалары мен зерттеулері анықтауда. Ол өзінің білімінің молдығына қарамай менің білімім шектеулі, үйренуді қажет етеді, Алла ғана дүниені жан-жақты біле алады деп, өзінен бұрынғы ғұламалар әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Жүсіп Баласағұн т.б. ғұламалар еңбегінде баяндалған ұғымдармен танымдық идеялық ұқсастығы барлығын байқауға болады. Шипагер өз ойын ашық көрсетіп дүниені тану керек, бүгін білмегенді ертең білу қажеттігіне тоқталады.

Дүние тануды Қожа Ахмет Иасауидің танымы бойынша, адам Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) арқылы Алланы таниды. Алланы білу, дүние сырын білу. Дүниені жаратқан Алла деген философиялық танымымен, Ө.Тілеуқабылұлының ойының тұжырымдары мен танымдарында ұқсастық шешімдік болжам барлығы аңғарылады.

Медицина ғылымдарының кандидаты, ҚазҰМУ доценті Ә.Өмешұлы  «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабының медициналық тағылымдары» деген зерттеу мақаласында былай дейді: «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабы шығыс медицинасының үлгісімен, бірнеше ғылымдардың басын біріктіріп медицина іліміне қызмет етуге, адам баласының ең басты байлығы денсаулықты сақтауға, сырқаттарды емдеуге бейімделген терең де тарихи ғылымнама. Сондықтан бұл кітаптың бір сөзін қалдырмай жан-жақты талдап, қазіргі медицина жетістіктерімен толықтырып, ұлттык медицинамыздың негізгі өзегіне айналдырған жөн» деп тұжырым жасайды. Шипагер Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянын» жай ғана емдік жөніндегі еңбек деп қарауға болмайды. Ғұлама шипагер еңбегінен  қазақ халқының емдік әдіс-тәсілдерін жан-жақты ғылыми негізде жетілдірген отандық және әлемдік ғылымдағы жиырмаға жуық ғылыми ерекшеліктерін байқауға болады.

1. Әлемдік ғылым тіршіліктегі заттардың материалды алмасуын және дамуын Ф.Энгельстің «Анти-Дюрингте» /1870/ жазылды деп келсе, шипагер Ө.Тілеуқабылұлы сау адам өзінің денесіндегі он түрлі ыстық-суық, кебір-суық, сіңірім-шығарым, қатаң-босаң, ояу-тынығу сияқты он түрлі материялдық қозғалыстың бірлігі нәтижесінде құралып: кеңістік, тұрақ, жарық, қараңғы, ыстық, суық алты тұғырға тұрақтанады. Адамзатосы тұғырлардың өзара араласым, сыйласым, жарасым, сәйкесім, ұштасым тапқан тұлғалық бітістігі. Олар іркіліссіз, толассыз, шашаусыз кезектесіп бір-біріне орын беріп, бірін-бірі айналып отырады дей келе, тіршіліктің материалдық ұғымына Ф. Энгельстен 400 жылдай бұрын тұжырымдамалар жасалғанын  аңғартады. 

2. Қазіргі медицинада «шешек» ауруына қарсы егетін вакцинаның авторыағылшын медигі Эдуард Женнер. Бұл жаңалық 1796 жылы ашылды деп жүрсе, ал біздің бабамыз бұдан 360 жыл бұрын қазақ еліне шешек қауіпі төнгенде, өзінің дала зертханасында көп ізденіспен тәжірибе жасап, қарапайым халықтық емдік тәсілмен шешекке қарсы егетін вакцинаны тауып, елінің халқын аман алып қалғандығын аңғартады.

3. Дүние жүзілік ғылым жүрек пен мидың қызметі мен адам денесінің қан айналу жүйесі қызметіне байланысты ғылыми тұжырымдар да Винчи, В. Гарвей, Г. Галилей т.б. бері дәлелденуде деп келсе, ал бұл болжамды Ө.Тілеуқабылұлы жоғарыда аты аталған ғалымдардан бір ғасыр бұрын далалық зертханасының тәжірибелік тұжырымымен анықтайды.

4. Ө. Тілеуқабылұлы далалық зертханасының тәжірибелері мен көңілге түйгені арқылы адамның 12 ішкі және 12 сыртқы мүшелерінің тізбесін жасап, олардың атқаратын қызметтерін анықтап, өзара байланыстарын дәлелдеп «тіршілік кілтіқан», «шипагерлік нілі без» деген тұжырымға келеді. Оташылық емдеу тәсіліне жол салып, адамның 430-дан аса сыртқы ағзаларының тәнтану /Анатомия/ ғылымына арналған тізбесін өз ана тілінде жасайды. Бұл халық шипагерлігінің ұлттық жетістігінің мақтанышы деуге болады.

 5. Шипагер сырқатты емдеуде ұлттық тағамдардың 4577 емдік рецептін ұсынады. Ғұлама 1300-дей дәрілік қоспаларды барлық шарттарды сақтай отырып, оларды 858 түрлі өсімдіктер мен 300-ден аса жан-жануарлар мүшелерінен, 70-ке жуығы металл-металоидтар қоспасынан дайындаған. Оны жердің 40-тан аса жыныстық қабатынан жинап, қазақ ұғымындағы қасиетті сан болып табылатын 41 мен 7 сан қоспасы бойынша 1050 түрлі  дәрі-дәрмек жасауы және сырқаттың түріне қарай емдеп жазудың 3, 5, 7, 13, 21, 25, 41 күндік емін ұсынуы, шипагердің ерекше тапқырлығы мен өз ісіне нағыз сенімді шипагер екенін дәлелдейді. Дәріні пайдаланарда шипагер дәріні алдымен өзіне қолданып, кейде уланып, тіпті өлім мен өмір ортасында болып, туған халқын аман сақтауда нағыз ерлік іс жасаған.

6. Осы заманғы әлемдік медицина жарты ғасырдан астам тоңазытқышта жатқан өлі денелер мен үсіп өлгендерді, шала жансарларды және суға кетіп өлді деп санағандарды қайтадан өмірге әкеле алмауда. Ал ғұлама шипагер өте қарапайым әдіс «Тұншықтырманы» пайдаланып, өлі деп саналған адамдарды тірілтіп алған.  Мәселен, суға кетіп өлді дегендерді аяғынан ағашқа асып, басын төмен салбыратып ішіндегі суды ағызып алып, қосымша емін жасағаннан кейін олар өмірге қайта оралған. 

7. Қазіргі кезде П. Ивановтың сумен емдеу әдісі кеңінен қолданылуда. Ал шипагер Ө. Тілеуқабылұлы сол кездің өзінде-ақ, ыстығы мықты көтерілген өте қауіпті аурулардың ішкі және сыртқы қуаттық биоөрісін теңшеу үшін, сырқатты ашық далада аязда ұстаған және суық суға түсіріп емдеген. Сөйтіп, қараүзген шипагер Ө. Тілеуқабылұлы сумен емдеу әдісін П. Ивановтан бес ғасырдан арыда ашқанын білгенде, бұл ұлт шипагерлігі тарихының ұзақтығын көрсетеді. 

8. Дала ғұламасының заң ғылымына да өз үлесін қосқандығы еңбегінде айтылады. Өтейбойдақ бабаның дәлелдемесі бойынша Әз Жәнібек хан ұрпақ тазалығы мен денінің саулығын сақтау үшін: жеті атаға толмай қыз алыспау /үйленсе екі жаққа да өлім/, сүйіспеу, жат төсектікке жол бермеу, жеке үйлердің тазалығы т.б. мәселелер жөнінде жарлық шығарады. Жарлықты орындамағандарға өлімге дейін, елден қуу, дүре соғу, айып салу, масқаралау т. б. жазаларды белгілейді.   

Егер Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» бойынша зерделесек, одан 240 жылдай бұрын қол қойып шығарған Әз Жәнібек ханның жарлығы шыққанын аңғартады. Осыған қарағанда Өтейбойдақ бабаның заң ғылымына да алғаш үлес қосқандығын байқауға болады.

 9. Ғалым шипагер Ө.Тілеуқабылұлы астрономиялық ғылыми ұғымымен аспан жұлдыздары да адамның денсаулығына, мінез-құлқына әсер ететінін, тіршіліктің 8 түрлі оң иық, оңдық, оң маңдай, құбыла, сол маңдай, солдық, сол иық, артқы шүйде жұлдызына бөлінетінін және әр адамның жеке жұлдызы болатыны жөнінде анықтама береді. Бұл идея қазақ шипагерінің сол заман мен осы күндері толық анықталып бітпеген жеке танымын, идеясын аңғартады.

Адамның көңіл-күйіне қарай, оның жеке жұлдызы түсінің өзгеруінен адамның денсаулығына, мінез-құлқына әсер ететінін дәлелдейді.

Нәрестенің туған күні, аты, туған уақыты, күні мен айының жұп немесе тақ күні, жылдың да жұп немесе тақ жылы, баланың мінезіне, бақытты- бақытсыздығына, опалы-опасыздығына, ақылды-ақылы аз, шешен, киелі, қабілеті мол, т.б. ерекшеліктеріне әсері күшті болады дейді шипагер. Мәселен, елбасы болған, шешен, киелі, болжаушы, көріпкел Майқы би бабамыз сәске кезінде туған  деп дәлел келтіреді шипагер. Бұдан тылсым құпия сырларына сол заманда да мән берілгендігі аңғарылады.

10. Шипагердің табиғат өзгерісіндегі ауа райын болжаудың төрт мезгілдік кестесін айдың тоғысына қарай жасауы. Бір тәулікті таң, таң сәрі, таңертең, сәске, түс, қиым, кеш, ымырт, түн қараңғы, есекқырған т.б. атауларға бөлуі, сол уақытта  халықтық шипагерлікте аспан әлемі құпияларының да өзгерісінің адам денсаулығына байланысты әсерін зерттегендігін көрсетеді.

11. Шипагер ұлттық атаулық мәнді сақтай отырып, жыл, ай және апта атауларының кестелік тізбесін жасауы. Мәселен, жыл атаулары: Сумақтытышқан /З.Қ /, Маңғазсиыр, Айбарбарыс, Секемқоян, Сумаңжылан, Тұлпаржылқы, Иртекұлу, Шопанқой, Мешін  мешін, Айтақит, Шақырауық тауық, Қорсықы доңыз.

Бүгінгі жыл қайырудан ерекшелігі Ұлу Ө.Тілеуқабылұлы кестесінде жетінші ретте болса, ал бүгінгіде бесінші ретте тұр. Ай атаулары: Ергеунаурыз. / З.Қ /, Көктеукөктем, Мезгеумамыр, Көзгеу маусым, Шілдеу шілде, Тамызық тамыз, Дәндеумизам, Сақтауқазан, Күйек  қараша, Қауысықтырғы, Ырғысжелтоқсан, Қаңтарқаңтар.

Апта атаулары: Бақталсенбі /З.Қ /, Батталжексенбі,  Сақталдүйсенбі, Жақтассейсенбі, Аттал  сәрсенбі, Ғатталбейсенбі, Мерекежұма.

12. Шипагердің сандық атауларды адамның мүшелері атауымен байланыстырып  ерекше құпиялық мәнермен атауы. Мәселен, бір дегенімізауыз не мұрын,  екі дегеніміз көз,  үш дегенімізкөз мұрын / не көз ауыз /, төрт дегенімізкөз құлақ, бес дегенімізкейде оң қол / кейде сол қол, қөз, құлақ, мұрын депте/, алты дегенімізқол ауыз /не қол мұрын /, ... он дегенімізқос қол, жиырма дегенімізқол-аяқ тағы тағысын.  Бұнда нендей сыр жатыр, ол тек ғана шипагерге аян, өз құпиясын ашпайды. Бұл танымдық мәселе. Өте күрделі.

13. Ғұлама шипагер Ө.Тілеуқабылұлы адамның ағзасындағы сырқатын анықтауда арнайы медициналық өлшеу мен анықтау құралдарының жоқтығына мойымай, ол тамыр соғуын саусақпен басып отырып сырқатты анықтау мен ем қолданудағы ерекше ұлттық тәсілді ұсынуы болмақ.

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

в начало