ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ
КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ
ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ
СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION 25 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 | ||
Күнқияш Есенова
ҚХЕҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры
Қызылорда қаласы
ҚХЕҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының директорымын. Қызылорда облысында
1992 жылдан бастап осы аталған ұйымды басқарып келемін. Біздің
облысымызда ең бірінші 1992 жылы 64 мүше болған. Қазір енді оның
арасында кетіп қалғаны бар қызметін жалғастырып жатқаны бар 30-дай адам
бар. Олардың ішінде шөппен емдейтіндері де сынықшыларда және осы
мұсылманша дұғамен емдейтіндер де, биоэнерготерапевттерде қолды тигізіп,
қолды тигізбей емдейтіндер емшілер де табылады. Сондықтан олардың
емдерін дәріптеп жүрген, осы Қазақстан халық емшілері қауымдастығының
президенті ғалым Зядан Қожалымов ағамыз. Осы орайда бұл кісінің еңбегін
атап кетпеуге болмайды. Осы кісінің осы саладағы ғылыми еңбектеріне
арналған конференциясы жүріп жатыр. Конференция өте ұтымды, әрі тартымды
өтіп жатыр. Әр саланың ғалымдарының өзі осы кісінің халық емшілігіне
сіңірген еңбегін мойындап жақсы баға беруде. Біз бұған өте қуанамыз.
Алла тағаланың ағамызға берері мол болсын.
Зүрихан Баймолла
Дәрігер-емші
Алматы облысы,
Жетіген ауылы
Осы
жерге көрші Қытай елінен келгеннен кейін, мен ағамыз Зядан Қожалымов
басшылығындағы Қазақстан халық емшілері қауымдастығына келіп қызмет
істедім. Қытайда да көптеген адамдарды емдегем дауалағам. Мысалы алапес,
теміреткі, тауықкөз соқыр, зоб, грыжа, анемия, құяң деген ауруларды
гайморит әйелдердің бала көтермегені, ерлердің қара қапталы, осы секілді
ауруларға көптеп көмек жасап жатырмыз. Мысалы менің қолымнан қазір ем
алып кетіп бала көтеріп кеткен әйелдердің өзі 200-ден асты. Бұл бірінші
Алланың қуаты, екінші елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың, үшінші Зядан
Қожалымовтың басшылығымен іске асып жатыр. Қазақстан халық емшілері
қауымдастығының президенті Зядан Қожалымовқа рахметімді айтамын. Ғұмыр
жасы ұзақ болсын.
Дауыл Зүрихан
Сылап-сипаушы
Алматы облысы,
Жетіген ауылы
Біз
осы Қазақстанға келгелі басшымыз Зядан Қожалымовтың көмегіменен халыққа
танылып, шығыс медицинасын халыққа жеткізу үстіндеміз. Халық та қазір
шығыс медицинасын жақсы қолдап қаралатындар да көбейді. Менің әкем
Зүрихан Баймолла және інім Дүлдүл үшеуіміз жанұялы, бірігіп ем жасаймыз.
Жақында басшымыз Зядан Қожалымовтың қолдауымен әкемнің кітабы шықты.
Бізді халыққа танытқан Зядан ағаға алғысымызды білдіреміз.
Жұлдыз Байнолла:
Сөзі өткір, жанары жалынға толы Зядан қажы қалың халықты аурудан өзі
айықтырып ғана қоймай, бойындағы қабілеті бар халықтың денсаулығын
жақсартуға үлес қосуға асығып жүрген емшілердің де жолын ашып, ағалық
қамқорлық танытуы мақтауға тұрарлық және тұлғаға лайықты азаматтылық.
Асқар Түсіпбаев
Халық емшісі
Астана қаласы
2003
жылдан бастап осы емшілер қауымдастығында халыққа қызмет көрсетіп келе
жатырмыз. Өзім Астана қаласынан келгенмін. Астана қаласында халыққа
қызмет етіп жұмыс жасап жатырмыз. Ал енді ғылыми конференциясын өткізіп
жатқан, өзіміздің осы емшілер қауымдастықтың президенті Зядан ағамызға
үлкен жақсылықтар айтамын. Бұл кісінің халыққа сіңірген еңбегі өте зор.
Бүкіл алты алаштың қазағының басын қосып, жоқтан бар жасап, адасып
жүрген қаншама емшілер, тәуіптер, құмалақшылар, бақсылардың бастарын
қосып, осындай үлкен жиын өткізіп, мемлекеттік дәрежеде құжаттандырып,
халыққа үлкен зор іс істеп жатқанына ол кісіге зор алғысымда айтамын.
Бүгінде бұл ағамыз басқарған қауымдастықты шетелдер де танып, ағамыздың
еңбектері де өзімізден тысқары елдерге таныла бастады. Мен Зядан қажы
ағамызды торқалы тойымен құттықтап, шығармашылығына табыс, деніне
саулық, отбасына амандық тілеп, біздің көшбасшымыз бола беруіне
тілектеспін.
Халтурсын Парманов
Дәрігер
Алматы облысы
Қаскелең қаласы
Зядан
ағаны қазіргі заманауи медицина мен халық медицинасы екеуінің арасындағы
дәнекері деп ойлаймын. Өйткені, қазір біздің қатарымызда халық емшілері
ғана емес, дәрегерлер де көп. Зядан қажының 1991 жылдан бастап осы кезге
дейін еткен қызметі өте көп.
Енді өзімнің негізгі
салам невроптолог. Негізінде терапиялық неврологиялық ауруларды
емдеймін. Алтын ине дейді. Алтын ине деген иглотерапия. Сонымен
емдеймін. Ал күніне келетін адамдар санын есептегенде жылына бірнеше мың
адам келеді. Зядан аға өте құрметті адам. Адамгершілігі зор. Зядан ағаға
ұзақ ғұмыр, зор бақыт тілеймін.
Бекмағанбетов Қозы
Халық емшісі
Петропавл
Мен
Петропавл қаласынан келдім. Конференцияға келдім. Зядан ағамыз 70 жасқа
толып жатыр. Тілейтінім денсаулық және бақытты болсын ағамыз.
Жақсылықпен болсын. Мынау біздің ассоциацияның жұмысы жүре берсін.
Қуаныш, жақсылық ғана болсын. Өзім халық емшілігімен айналысқаныма төрт
жыл болды. Жұмыс істеп жатырмын. Алла тағала қауымдастығымыздың ұжымына
жақсылық сыйлап, халыққа адал қызмет етуге күш-қуат пен қайрат берсін.
Сейтбаттал қажы
Дәрігер
Алматы облысы
Жалғамыс ауылы
1969
жылдан бастап осы кәсіппен шұғылдандым. Шығыс пен батыс екі
медицинасында бітірдім. Мен ғылыми адаммын. Профессормын. Қызмет
істегеніме 44 жыл болды. Емдік нәрсемен Қытайда Жун Ши дейді екеуін
бірдей жалғастырған институтты бітіргенмін. Енді ислам жолында Шынжаң
ислам институтын бітірдім.
2005 жылы осы жерге келіп, осы Зядан қажы басқаратын қауымыға кіріп
содан бері жұмыс атқарып жатырмын. Бұл жерге келгендегі мақсатым, өз
отаныма, еліме, жеріме бала-шағаларымды жеткізейін және халқыма осы
білген өнерімді үйретейіп емдейін деп келдім. 72 безгек 62 тамыр бойынша
емдейміз. Басшымыз Зядан Қожалымов мақтауға тиісті адам екен. Өйткені,
өзі менімен шамалас құрдас кісі екен. Сондай болса да еңбек етуден әлі
жалыққан жоқ. Халық үшін, отаны үшін қызмет істеп жатыр бірінші Аллаға,
екінші халқына. Осы еңбегі барған сайын арта берсін. Дені сау болсын.
Бала-шағасы аман болсын.
Жұлдыз Байнолла:
Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген. Атақ, мансап, абыройға өмір
бойы үздіксіз ізденіп, үзіліссіз еңбек етуінің арқасында жеткен Зядан
ағамыз биыл 70 жасқа толып отыр. Еңбектен рахат тапқан, ұлы ғалым
қоғамға пайдалы ғылыми зерттеулерді жеткізіп, адам денсаулығын қалпына
келтіруге байланысты, халық медицинасы жайлы көпшілікке өте қажетті
25-тен астам кітап жазған. 7 ғылыми-монографиялық еңбек және 50 газет
пен 10-нан аса журналдарда 500-ден аса танымдық, тәрбиелік, ғылыми
мақалалары жарияланған.
Мырзабек Қабылов
Сынықшы
Астана қаласы
Өзім
сынықшымын. Желтоқсанның ардагерімін. 1993 жылдан бері осы ата-бабадан
дарыған сынықшылықты ұстап келе жатырмын. Қасиет өзі “сегіз қырлы бір
сырлы болады” деген рас екен. Өзім 1973 жылғы Қазақстанның күрестен
жеңімпазымын. Палуандық қасиетіміз де бар. Екі тілді ақынмын. Орыс және
қазақ тілінде өлең жазамын. Ағамыз Зядан қажыға қазақ тілінде арнау
жазып келіп отырмын. Өзім негізі Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай
ауданының, Белқарағай ауылының тумасымын. 10 жылдай бойы Астанада
тұрамын. Сол жерде осы сынықшылық парызымды атқарып, халыққа көмек
көрсетіп жатырмын. Осы ғылыми конференцияға шақырумен келдім. Ғалым,
ақын-сазгер Зядан ағамызға арналып, бүгін халықаралық конференция өтіп
жатыр. Конференцияның маңызы зор. Себебі шипагер Өтейбойдақ бабамыздың
атының жаңғыруына Зядан ағаның еңбегі мол. Мен өзім Өтейбойдақ атаны жас
кезімде білген емеспін. Осы Қожалымов ағамыздың еңбектерін оқып,
Өтейбойдақ атамыз қандай құнды еңбек қалдырғанын білдім. Енді Зядан
ағамыз 70-ке толып отыр. Сол кісіге денсаулық, бақыт тілеймін.
Берік Қабенұлы
Дәрігер
Алматы қаласы
ҚХР
Құлжа қаласынан келдім. Қазір осы Алматыға келгелі 5 жылдың айналасы
болды. Осы Зядан ағамыздың қол астында жұмыс істейміз. Енді бүгін Зядан
ағамыздың 70 жасқа толған 70 жастық тойымен және де біздің
қауымдастықтың емшілерің мерекесімен құттықтаймын. Зядан ағамызға үлкен
зор денсаулық, қажымас қайрат және бұдан кейін де денсаулықтары мықты,
өнердегі орны үстем бола берулеріңе тілектестік білдіремін.
Жұлдыз Байнолла:
Зядан қажы Қожалымов
1944 жылы шілденің 1-жұлдызында Хан тәңірінің Текесінде дүниеге келген.
1963 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданының Абай атындағы 11 жылдық
мектебін бітірген. Кейін қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтында
оқып, инженер-электрик мамандығын алған. Ал 1991 жылдың 22 желтоқсанынан
бастап өзі құрған «Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының»
президенті, академик, профессор, мәдениеттанушы және өтейбойдақтанушы
ғалым. Философ, психолог. Дінтанушы. Шежіреші. Ақын-сазгер. Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен»
марапатталған. Халықаралық ұлттық бизнес-рейтинг комитетінің ұсынысымен
«Қазақстан данқы» орденімен және «Сіңірген еңбегі мен
жетістіктері үшін» медалімен марапатталған. Алматы облысы, Райымбек
ауданының құрметті азаматы. Халық медицинасы саласы бойынша халықаралық
Ресей және республикалық осы саланың ұйымдарының мақтау қағаздарымен
медалдарымен марапатталған. Әлем емшісі. Парапсихолог.
Тұрсынғазы Тұрақын
Дәрігер-емші
Ақтөбе қаласы
Ақтөбе
қаласынан келіп отырмын. Негізі Қытай-шығыс Тибет медицинасының
маманымын. 2009 жылдан бері Зядан ағамыздың кітаптарын оқып келе
жатырмын. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы көптеген кітаптарын оқып,
Зядан ағамызбен сол арқылы танысып, жақында осы емшілер қауымдастығына
мүше болып кірдім. Бүгін мерейтойына келіп отырмыз. Қазақстан халық
емшілері қауымдастығының емшілеріне және осы саладағы азаматтарға зор
денсаулық, ашық аспан тілеймін.
Мұздыбаева Айсара
Халық емшісі
Астана қаласы
16
жылдан бері Астана қаласында өзіміздің халықпен және қоғамда қызмет
істейтін адамдармен тығыз байланыстамын. Академик Зядан Қожалымов
ағайдың бастауымен осы халық емшілері қауымдастығының мүшесімін. Ағайдың
әрдайым осы емшілерге беріп жатқан кітабын оқып білімімізді дамытып
отырамыз. Мәдениеттілігіміз, имандылығымыз, сауаттылығымыз және
емшілердің бір-біріне деген туысқандық жақындығымыз ағамыздың еңбектері
мен өткізген жиналыстарының жақсылығы деуге толық негіз бар. Біздің
ағамыз халық медицинасы саласының білгір, танымал және үлкен ғалымы
екендігі бүгінгі ағамызға арналған ғылыми конференцияда, көп салалы
ғылымдардың профессор ғалымдары ерекше атап өткендігі, бізді зор
қуанышқа бөледі. Ағайдың ғұмыры ұзақ, ғылымдағы еңбегі молайып жарқырай
берсін.
Жұлдыз Байнолла:
“Қазақта жігітке жеті өнерде аз” деген. Сегіз қырлы, бір сырлы Зядан
Қожалымовтың тағы да атақ марапаттары өте көп. Ол қазақстан халық
емшілерінің қауымдастығының президенті, Қазақстан Журналистер және
Психолгтар одақтарының мүшесі. Қзазақстан Республикасы халық медицинасы
және космоэнергетика академиясының президенті-академигі, халықаралық
дәстүрлі және халық медицинасы мамандары психологтар мен емшілер
қауымдастығының президенті, халықаралық «Экология» академиясының және
Әлемдегі рухани және халық емшілерінің академиясының академигі. «Жас-ай»
Шығыс-Тибет медицинасы журналының редколлегия мүшесі. Әлемдік емші.
Халықаралық дәрежедегі парапсихолог. «Шипагерлік баян» газетінің
ақылдастар алқасының Төрағасы, Бас редакторы.
Әсия Ибрагимова
Сүлікпен емдеуші
ШҚО, Шемонаиха қаласы
Республикамыздың
Шемонаиха қаласында ем жасаймын. Ем жасағаныма көп жыл болды. Осы
конференцияға Зядан ағамызды құттықтауға келіп отырмыз. Өте
құрметтейміз. Жаны жаз, көңілі көктемдей өте жарқын кісі. Кітаптарында
Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ бабамыз және халық медицинасының қыры мен
сырлары туралы көп мәліметтер бар. Бұл кісінің кітаптары көп. Бәрінде
оқимыз. Иншалла, Алла тағала ағамызға қуат беріп, отбасына жақсылық
сыйласын.
Құрманғали Қадырхан
Тибет медицинасының дәрігері
Алматы облысы
Бүгінгі
күндерде мен осы мемлекеттік халықаралық деңгейдегі жиналысқа қатынасып
отырғаныма өте қуаныштымын. Сонымен бірге Зядан ағаның 70 жылдығы құтты
болсын. Мақсатым бұдан кейінде
осы кісілердің арқасында дәрігерлік білімімді кеңейтіп, үздіксіз
еңбек етіп, медицина саласына жақсылап тұрып үлес қосқым келеді. Өзімнің
қазақ елім, жұртым үшін, аз да болса солардың денсаулығы үшін қызмет
еткім келеді.
Ағамыз басқаратын қауымдастықтың қызметінің өркендеуіне өз
бойымдағы білімімді қосамын. Ағамызға ұзақ ғұмыр тілеймін.
Сәуле Алтынбаева
Психолог-емші
Алматы қаласы
Еліміздің
елдігін, жеріміздің кеңдігін дүниежүзіне паш еткен тәуелсіздік кезімен
құрдас, осы қауымдастықты ашқан басшы Зядан ағамыз. Бүгін ол кісінің
70-ке келіп жатқан үлкен мерейтойы. Сонымен қоса ол кісінің еңбектеріне
арналған ғылыми конференцияға қатысып отырмыз. Ал енді сіздің
сұрағыңызға жауап беретін болсақ, жалпы қазіргі таңда халықты сауықтыру
барысында дәстүрлі медицина мен
халық емшілігін бір-бірімен біріктіре отырып емдеген үлкен нәтиже
бермек. Сондықтан, бұл жөніненде Зядан қажы Қожалымов ағамыздың еңбегі
орасан зор. Себебі, қазіргі кездердегі әсіресе жеке адамдардың
күйзеліске ұшырауы, жан ауырғандықтан тән ауруын медицина емдегенменен,
адамның жанын емдеу қажет болады. Халық медицинасы мен дәстүрлі медицина
қабат келген жағдайда адамның молынан, барлық жағынан сауығып кетуге
мүмкіндік туады. Сондықтан бүгінгі ғылыми конференцияның ағамыздың
еңбегіне арналуы қауымдастық ұжымының қуанышы. Ағамызға ұзақ ғұмыр
тілеймін.
Жаңабай Отарбай
Тәуіп
Манғыстау облысы
Манғыстаудан
келдім. Зядан ағамыз қажы кісі. Біз де енді қажы болып келдік. Ағаның 70
жасқа толуы оң болсын. Алып бара жатқан жұмыстары табысты болсын.
Семьясы бала-шағасы аман болсын. Келген жамағаттында барлығынына
денсаулық тілеймін. Жұртымызға аманшылық болсын.
Жетпісбаева Батима
Халық емшісі
Алматы облысы
Ұзынағаш ауылы
Зядан
қажы ағамыздың 90-жылдан бастап жетегінде келе жатырмыз. Сол кісінің
шәкіртімін. Бір жағы өте үлкен жақын нағашысы болып келемін. Әкемнің
жалғыз қарындасының жалғыз баласы. Өмірден аялап қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқтырмай, ағамызды дүниеге әкеп, арқалап аштық демей, тоқтық
демей бұл дүниеде ағамызды осыншалық жақсылық ниетте жеткізген апама өте
ризамын. Әпкеміз бұл ағаны дүниеге әкелгенде қиналып әкелді. Ол
қиыншылықтардың бәрі артта қалды. Зядан ағамыз өсті, өнді, немерелі,
шөберелі болды. Ағамның осындай қанаты самғай беруіне мен де ризамын.
Ағаның қанатының астында шәкірт болып жетектеліп жүргеніме өзім ризамын.
Ағамыз аман болсын. Бақытты болсын ,тағы да халқына қалаулы, еліне
елеулі ары қарай 70 жастан ары тағы да жасай берсін. Бұйырған
жасын жасасын. Аллаға мың да ризамын. Түймекүл апамызға үйленгенде мен
өте қуандым. Өйткені, ол кісі киелі Түркістаннан шыққан ұрпақ.
13 жастағы қыз не біледі қойшы деп жүргенде, ағайымыз біздің көзімізді
ашты. Осыншалық халге жеткізді. Сол үшін мен ағаға мыңда бір ризамын.
Ата-бабамның аруағы риза болсын. Өтейбойдақ атамыздың да рухы риза
болсын. Өмір бақи шипагерлікпен айналысқан кісі. Бұл кісінің көп
тарихтарын әкем марқұм айтып отыратын. Өтейбойдақ ата өмірі үйленбеген.
Өзі сол ілім қуып, білім қуып, білімнің арқасында ары қарай
шипагерлікпен кеткен кісі дейтін. Ол кісіні жарыққа шығарған ағаға мың
да бір ризамын. Алла тағала ағаға күш-қуат берсін. Халқымыз аман болсын.
Қауымдастықта жүрген емші інілерім, сіңілерім, апаларым аман болсын.
Бәрімізде бір қауымда ары қарай жалғаса берейік. Сіздерге де рахмет.
Алмабаева Үрбігүл
Халық емшісі
Кентау қаласы
Кентау
қаласынан келдім. Зядан ағамен 2006 жылдан таныспын. Ғалым ретінде
танимын, еңбектерімен таныспын. Ғалым әрі емші. Ол кісіні мен өте жақсы
сыйлаймын. Ол кісі біздің халық емшілерінің еңбегін бағалағанына әлем
біледі. Біз ағамыздың ғылымдағы жетістігіне мақтанамыз. Ағамыздан әлі де
ғылымға және өнерге берері молдығына сенеміз. Бізге өте дарынды, білімді,
мәдениетті, білгір ұйымдастырушы ағамызды сыйлаған Алла тағалаға
рахметімді айтамын. Осы конференцияға қатысқан ғалымдар мен меймандарға,
емшілерге қадамдарыңыз құтты болсын, ағамыздың өмірі ғұмырлы болсын
деген ізгі тілегімді білдіремін.
СТВ телеарнасы
Алматы, 02.08.2014
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 | ||