ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ
КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ
ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ
СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION 27 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 | ||
Радиотораптарында берген сұхбаттары
Қазақ радиосының «Шалқар» бағдарламасы
Сұхбаттасқан
журналист Үмбет
Әбназаров Қазақ радиосының «Шалқар» бағдарламасының Бас
редакторы. Жүргізуші:
Біздің «Күн
парақ» айдарымен берілетін хабарымызды бастаймыз. Құрметті
радиотыңдаушылар бұл күндері республикалық Қазақстан халық емшілері
ассоциациясының құрылғанына төрт жыл толып отыр. Осыған орай оның
президенті Зядан Қожалымов былай деді:
Зядан Қожалымов,
Қазақстан халық емшілері Ассоциациясының президенті:
Түп-тамырымен жойылудан
әзер қалған халықтың көне мұраларының бір саласы аталатын ұлттық киелі
рухтардан бастау алар халық емінің де қасіретті қайғысы аз болған жоқ.
Дегенмен, «орнында бар оңалар» дегендей, осыдан төрт жыл бұрын құрылған
қоғамдық негіздегі республикалық Қазақстан халық емшілері
Ассоциациясының халық емі саласындағы жұмысын республика халқы ғана емес
әлемнің жетпістен астам елі танып, әрі мойындауда. Бұған тәубе деймін.
Қауымдастықтың басшысы және емшілері әлемдік конгрестер мен халықаралық
форумдарға қатысқанның куәсі болдыңыздар. Соның бір мысалы 1991
жылы Алматы қаласында қыркүйек айында өткен әлемдік форумы және
1992 жылы қазан айындағы бүкіләлемдік «Рухани бірлік және
келісім» конгресі. 1993 жылы қазан айының 2-9
аралығында Қырымда, Гурзув қаласында өткен бүкіләлемдік
«Дәстүрлі емес медицинаның» І конгресі өтті. Осы конгресте
Ассоциацияның басшысы жасаған ғылыми негіздегі «Қазақ елінің халық
емінің ерекшелігі» тақырыбындағы баяндамасы жоғары бағаланып,
конгрестің әлемдік ғылыми еңбектерінің жинағына шықты. Алғаш рет
республиканың 17 облысында өз Жарғысы негізінде құрылған қауымдастықтың
бөлімшелері болса, 1994 жылы бүгінгі күнгі экономикалық, аймақтық,
емшілердің жағдайын және ата-бабаларымыздың әр облыстардағы,
аймақтардағы ерекше қасиеттерін ескере отырып, төрт аймақтық халық
емшілері Ассоциациясын құрған болатынбыз. 1994 жылы 29 желтоқсанда
өздерінің жеке Жарғылары бойынша республикалық Әділет министрлігіне
тіркелсе, міне бүгін оған да бір жыл толып отыр. Өзінің жемісін көріп
отырған Орталық Қазақстан аймақтық халық емшілері ассоциациясының
президенті Майра қажы ханым Тіленбекова, Батыс Қазақстан аймақтық
асоциациясының президенті Бекзада Даришева және басқалары бүгінгі күні
үлкен жұмыстар істеп жатқандығын атап айтуға болады. Өз ішіміздегі
жалған тәуіп, балгер, бақсы және көріпкелдерден демократиялық негізде
құтылу мен жазалау жолының негізі қаланды. Қазір сандық сипаттан
сапалыққа көштік. Нағыз халық емінің жаңашырларын іріктеп, жүздің
жүйрігі мен мыңның тұлпары қауымдастықтың жағдайын
көтерген сияқты. Халықтар бірлігі мемлекетіміздің амандығы және
ел қорғаны үшін жұмыс істейтін, нағыз таза киелі рухы адал жандар
қауымдастықтың көмегімен көбеюде. Оның айғағы бүгінгі күні елімізде және
әлем елдерін тамаша емдік адамгершілік
қасиеттерімен таң қалдырып жүрген жеке дара отау болып шыққан
Марат қажы Есенбаев, көріпкел Қасымова Ғалия, халықаралық дәрежедегі
емшілер Әлиева Күлтай, Ибраева Гүлмария және жақында ұлттық ғылым
академиясының халықаралық Білім қоғамының алтын медалін алған Сабралиева
Алтын тағы басқалар бәрі де осы қауымдастықтың алғашқы мүшелері, оның Президиум мүшелері және емдік мектебінің алғашқы түлектері. Ал, Алласы
аузында, шипасы қолыңда және адалдығы жүрегінде орын алған
қауымдастықтың шаңырағының амандығына қорған болып, оның Жарғысы мен
міндеттерін жүзеге асыруда қауымдастық пен ел құрметіне бөленіп жүрген
емші мүшелер де баршылық. Атап айтқанда Серік Жұмахметов (Кентау),
Ибраева Тұрсынкүл, Мұсабеков Жармұхамбет, Карин Александр Александрович,
Қожалымова Түймекүл, Сағиева Әсемгүл (бәрі Алматы қаласы), Даришева
Бекзада (Орал), Тіленбекова Майра қажы (Қарағанды), Омаров Мұсахан
(Көкшетау), Сәркеев Қайырбай (Алматы қаласы) осыларға қауымдастықтың
ұжымы үлкен ризалығын білдіріп, алғысын айтады. Қауымдастық әр түрлі
қисынсыз қысымдардың әсерінен осы қысқа уақытта, яғни алғашқы үш жылында
кезекті және кезектен тыс съездерін өткізіп, өзінің Жарғысына екі рет
өзгерістер енгізгенде, отының сөніп, ошағының қирамауына белсене көмек
еткен адал жанды ел азаматтары өздерінің тамаша қорғанысты күштерін
көрсете білді. Әсіресе, журналистер Нури Муфтахқа, Бақтыбай Айнабековке,
Айнаш Көксегеноваларға (Алматы қаласы), Сиқымбаев Қуанышқа (Жезқазған),
Нұрмұқанова Мұрат, Өмір Сәтбай (Солтүстік Қазақстан) және басқа да көмек
көрсеткен облыстық басылымдар мен аудандық, республикалық басылымдардың
облыстық телерадио мамандарының барлығына да Алла тағаланың шапағатына
бөлене беріңіздер деген ризашылығымызды білдіреміз. Алғаш рет
қауымдастықтың «Халық емі» газетін шығардық. Осыны шығаруда журналист
Бақтыбай Айнабековтың ерең еңбегі өзінше бір мақтаныш деп айтсақ болады.
Қауымдастықтың Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда рухани
ағарту мен денсаулықты жақсарту мақсаттарында әр түрлі баспа беттерінде
200-ден астам мақалалар жарияланды. оның ішінде 15-тейі 1995 жылы
жарияланған. Республикалық, облыстық телерадионың арналары мен
тораптарында 400 астам әңгіме сұхбаттар мен емдік лекциялардың
жүргізілді, оның жүзден астамы 1995 жылы болды. Қазақтың халық емінің
негізі XV ғасырда оның тұңғыш ханы әз Жәнібектің тапсырмасымен
қаланғандығын «Түркістан» газеті екі жылдан бері халқымызға таныстырып
келеді. Сол халық емінің негізін қалаған сол кезде ақын, философ үлкен
ғалым және қараүзген емші атанған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік
баян» энциклопедиясы өзінің халқын бес жарым ғасырдан кейін тауып
отырғандығын бүгін мақтаныш деп ойлаймыз. Оны көптеген басылымдар
мойындап үгіттеуге көшкен сияқты. Бұдан былай қолда бар барлық
құжаттарымызды пайдалана отырып, сауаттылығы мен парасаттылығына қарай
әділ баға бере отырып, жұмыс істейміз деген үмітіміз бар. «Асқақтасаң
бір күні асыларсың, баяу жүрсең бәйгеге қосыласың», – дегендей
асқақтамай, істеген жұмысымызға мақтанбай, байсалдылықпен баяу ғана
халқымызға иншалла, Алла тағаланың құдіретінде баянды еңбек етіп жатқан
жайымыз бар. Өзінің тұрақты мекенжайы және қаражаты жоқ қауымдастық
мүшелері халқымен болашақ ұрпақ алдында борыштар екендігін түсінеді.
Ата-бабалар дұғасына әр қашанда адал болады. Жеке басқа табынуды жояды.
Өткен кезеңнің қасіретті қайғысының орнын жақсылықпен толтырады.
Қауымдастықтың Төралқасы өз халқын, мүшелерін және қорғаушы мен
қолдаушыларын төл мерекелерімен құттықтап, Алла тағаланың шапағатты
нұрына бөлене беріңіздер деген үлкен тілегін білдіреді. Жақсылықтан
жақсылыққа жете берейік.
Алматы қаласы, 26 желтоқсан 1995 жыл
Қазақ радиосының «Жастар» бағдарламасы
Сұхбаттасқан редакторы Бақыт Досымов.
Бүгінгі «Жастар» бағдарламасының қонақтары Қазақстан халық
емшілері қауымдастығының Төрағасы Зядан Қожалымов ағамыз.
Мүшелердің құқын қорғауда қауымдастық қандай жұмыстар жүргізуде? Қазір
енді қоғамдық бірлестіктердің рөлі біршама артып отыр ғой.
Зядан Қожалымов,
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының
Төрағасы:
Бисмилаһир рахманир рахим. Өзіңіз айтқандай қауымдастықтың дүниеге
келгеніне биыл жылдың ақырында бес жыл толады. Бес жыл біз үшін оңай
болған жоқ. Бес жылда бес рет съездімізді өткізіппіз. Оның ішінде мынау
кейбір Денсаулық сақтаудағы адамдардың ұйымдастырумен қысымдар болған
болатын. Соның нәтижесінде 1993 жылы 23 қаңтарда ІІІ съездімізді
өткізіп, өз Жарғымызға өзгеріс енгізіп, заң талаптарына сәйкес қайтадан
тіркеуден өткізгенбіз. Содан бері жұмыс жоспарымыз өзгерді. Негізгі
мақсатымыз өзіміздің мүшелеріміздің құқын қорғай отырып, халқымыздың
ортасында рухани-ағарту және денсаулықты жақсарту саласында жұмыс істеп
келеміз. Сонымен бірге бүгінгі күні адам баласына өте күрделі болып
жүрген ғарыштың, табиғаттың және жеке адамдардың құпиясы жөнінде біраз
еңбектеніп жатқан жайымыз бар. Қазір біз барлық жергілікті, облыстық,
республикалық басылымдарда 200-ден астам мақала және телерадио
тораптарынан 350-ден аса әңгімелер, сұхбаттар және сабақтар өткізген
екенбіз. Дегенмен, жалпы жұмысымыз халқымызға ұнаған сияқты. Бұны әлі де
халыққа дәлелдеп жатырмыз. Бұл жөнінде мамыр айында «Азаттық» радиосынан
сөйледім оны білесіз. Сонымен бірге осындай жетістікке жетіп жатсақ та,
бірақ өзіміздің кейбір ішіміздегі мүшелеріміздің біздің Жарғымыздың
талабын орындамай жатқан жайы бар. Жарнасын төлемегендер бар. Жарнаның
негізгі бағыты бойынша үш ай себепсіз төлемеген адамдар бірден
мүшеліктен шығарылады. Дегенмен біз имандылықтың салтын сақтап келеміз.
Қорғап келеміз. Кейбір емшілердің сауатсыздығынан қазір ел арасында
біздің ұйымды тарап кетіпті деген сияқты сөздер көбінесе Оңтүстік өңірде
атап айтқанда, Қызылорда облысында жайылып жатқан жайы бар. Біз
орнымыздамыз. Құдайға шүкір Жарғылық жұмысымызды абыроймен атқарып
жатырмыз. Бұл жөнінде үкіметіміз де, халқымызда және барлық ақпарат
құралдары мен барлық үгіттеу орындары біледі. Алатын жаңды Құдай алады.
Барлық аруақтылардың жары да тағдыры да денсаулық сақтау орталығындағы
емшілердің ассоциациясының президенті Ерманов Әбілқасымның қолында емес.
Ол азамат бүгінгі күні Қызылордаға барып, біздің құжаттарымызды жыртып
жүрген сияқты. Өзінің құжаттарын қорқытып сатып жүрген сияқты. Сондықтан
үкіметтің бүгінгі қаулысына сәйкес қоғамдық ұйымның қабылданған заңы
бар. Осы заңға сәйкес моралдық келтірген зияны үшін жауап береді деген
ниеттемін. Өйткені бүгінге дейін біздің қоғамдық ұйымға жүздеген миллион
моралдық және материалдық зиян келтіріп отыр халықтың есебінен. Біз енді
қарап жатпаймыз халқымыздың алдында айтамыз. Өйткені біздің еңбегіміз
көрінді. Біз өз мүшелерімізді заңның алдында да және басқалардың алдыңда
да толық қолдап, қорғауға біздің қабілетіміз жетеді. Оны біз толық айта
аламыз.
Жүргізуші:
Ал енді біздің «Жастар» бағдарламасының
тындармандары негізінен жастар. Ел арасындағы жас отбасылар бар соларға
сіздің бір ауыз тілегіңіз.
Зядан Қожалымов,
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының
Төрағасы:
Менің тілегім Құранның Бақара сүресінің
83-аятында: «Алла тағалаға ғана құлшылық етіңдер. Әке-шешелеріңді
сыйлаңдар. Жетімдер мен міскіндерге және жесірлер мен мүсәпірлерге көмек
етіңдер», – деген. Менің жалпы еліме және елімнің болашақ қорғаны
жастарға айтар тілегім сол. Біздің жұмысымыздың принципі жалпы осы
бағытта. Сондықтан қорықсақ Құдайдан қорқайық, аруағымызды сыйлайық.
Құран аяттарына Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадистеріне, ұлы
адамдардың өсиеттеріне осы күнгі замандастарымның жақсылықтарына көңіл
бөліп өзіміздің қасиетімізді таниық. Алла тағала қазақ елінің барлық
отбасын аман етсін. Ел басын аман етсін. Табиғаттың апатынан, шайтанның
азғыруынан, дұшпандардың жаласы мен пәлесінен Алла тағала елімізді
сақтасын. Әр үйде береке-бірлік болсын. Әумин.
Алматы 1996 жыл 25 шілде. Түнгі сағат 22:30.
Қазақ радиосының «Мирас»
халық қазынасы, шежіресі хабары
Сұхбаттасқан
хабардың редакторы, әндерін орындаушы
жыршы, Төртқара Төлеу Қосанов.
Жүргізуші:
Алматыдан сөйлеп тұрмыз. Құрметті халайық бүгінгі
«Мирас» халық қазынасы, шежіресі хабарынан сіздердің назарларыңызға
республикамызға белгілі емші, парапсихолог Зядан Қожалымовтың
толғау-терме, әндерін ұсынамыз. Микрофон алдыңда жыршы Төртқара Төлеу
Қосанұлы.
Төртқара Төлеу
Қосанұлы, жыршы: Ассаулаумағлайкум қадірлі
жамағат. «Мирас» халық қазынасы шежіресі хабарының бүгінгі қонағы біздің
жалпы республикамызға белгілі парапсихолог Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі, ақын-сазгер, терме толғау т.б. жанрларменен көптен
араласып келіп жүрген өзіміздің белгілі бір жағы емшіміз, бір жағы осы
күні Қазақстан емшілерінің ассоциациясының президенті Зядан Қожалымов.
Зиеке біздің бүгінгі қонағымыз болып отырсыз. Әсіресе, қонағымыз
болғанда да, біздің «Мирас» халық қазынасы шежіресі хабарына қонақ болып
отырсыз. Енді біз негізгі осы «Мирас» хабарын жүргізгелі отырғанымызда
әуелі сөзді қонағымызға беретін ылғидан келе жатқан үрдісіміз бар.
Осыған орай сөзді өзіңізге берсек.
Зядан Қожалымов,
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының
президенті:
Бисмилаһир рахманир рахим. Алла тағаланың маңдайға жазған несібесінің
бірі ме? Әлде күллі түрік халқына ортақ бабамыз үйсін Төле бидің
айтқанындай:
«Атадан
ұл туса игі
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені
Ортасынан қуса игі!»
– деген ата-баба рухының орындалып, қайта жаңаруы ма, өшкен де әрі өлген
тектік мұраның ұлттық түрінің бір халық емі де ел егемендігінде жаңарды.
Сонау сексенінші жылдың ақырында емшіліктен бастаған қосымша кәсібімнің
әлемдік дәрежеге көтеріліп, оның жалғасы тартымды мақалаларменен екі
дүниені қоса жырлап, эфирлі толқынды ағынға айналады деп ойламаған едім.
«Баяу жүрсең бәйгеге қосылады» – демекші сабырлылығым мен
төзімділігімнің ақыры халқыммен, ән мен жырмен табыстырғанына тәубе
деймін. Қазақ ежелден киелі халық. Оның қанының құрамында тектік
қасиеттің неше түрлі құрамы бар. Сондықтан оқымаған қазақ ұрпағы болсақ
та, Құдайдың демеуімен сол қазекемнің сегіз қырлы бір сырлы қасиетінен
нәр алып, 70-ке жуық ғылыми-танымдық мақала 20-дан астам әнді сазыменен
және он бестен астам терме-толғаулар аруақ ордасын басқарғалы жазылды.
Бұл да бір құдіретті күштің көмегі, зары, мұңы арқылы кез келген уақытша
өмірімізді жақсы өткізіп, мәңгілік өмірге жарқын жол ашу бағытын
суреттегендей ме деймін. Өйткені, Құранның Бақара сүресінің
83-аятында: «Бір Алла тағалаға ғана құлшылық етіңдер. Ата-анаңды
сыйла, жетім-жесірлерге, міскіндерге, мүсәпірлерге көмек ет», –
деген қағидасының өлшемін сақтағанда ғана жақсылыққа жететіндігіме көзім
жетті. Қысқасы, мені әкемнен екі жасымда жетім қалдырған Алла тағала
орта жастан ассам да әлі қиын қыңыр сынағынан босатпай келеді. Бұған да
тәубе дей келе, қысымсыз, күрессіз жеңіс болмайтынын түсіндім.
Мамандығым инженер-электрик болса да, өнерге деген құштарлығым жасымнан
бар-ды. Марқұм әкем Қожалым мен Сәрке ер азамат ғана емес ақынжанды
болса, ал еліне қасиетті «Ақ апа» атанған марқұм анам Сыбанбекқызы Өзипа
шешен сөзді ақынжанды еді. Апамның бір ғана өсиеті: «Балам әкеңнің ұлы
емес, халқыңның ұлы бол», – деген аруақ аманатын атқарып жатқан жайым
бар ағайын.
Төртқара Төлеу
Қосанұлы, жыршы: Иә, біз Зядан Қожалымов
жайлы айтқанда оның ақындығы мен адамгершілігі, өз табысына мақтанбайтын
ғарыштан жеке адамның құпиясын оқып, әрі зерттеп жүрген жұмбақ иесі
екендігін айтқанымыз лазым. Осы аралықта әрине қолы қалт ете қалғанда,
табиғатында бар Алланың сәулесі салған ақындық шабытынан да құр алақан
еместігіне шүбә келтіре алмаймыз. Осыған орай айтарымыз хабарымыздың
арқауы Зядан Қожалымовтың терме-толғау әндерінен тыңдарман назарына
ұсыну болып отыр. Алғашқы тыңдайтындарыңыз «Жанымның мәңгі өлмес
жалғасы бар» деген толғауы. Зядан республика көлемінде халық емшілер
ассоциациясын құрып, одан талай-талай халық емшілерін тәрбиелеп шығарған
жан. Әрбір облыста оның шәкірттері халқына қызмет жасауда. Соларды
аралап оралған шақтарында ән арқауын арқалап қайтады. Ол өз төл
шығармасы. Қазір «Ақмоланың аруы» деген әнді тыңдайық.
Жүргізуші:
Сіздердің тыңдағандарыңыз «Мирас» халық
қазынасы шежіресінен Зядан Қожалымовтың шығармашылығынан берілген хабар.
Хабардың режисері Базаркұл Балмағамбетқызы. Таспасын қадағалаған Гүлхан
Нүкбайқызы. Хабардың редакторы және шығармаларын орындаған жыршы
Төртқара Төлеу Қосанұлы.
Ақпан, 1997 жыл.
***
Осы сұхбатта Т. Қосановтың орындауындағы Зядан Қожалымовтың термелері
мен әндері Қазақ радиосының «Мирас Алтын қорына» «NД. 55858» санды
тіркеумен қойылған.
Қазақ радиосының жеке авторлық бағдарламасы
Хабардың авторы,
әрі жүргізген журналист Алтын Иманбаева.
Музыкамен әрлеген Қайсар Ердеш.
Адам бойындағы асыл дүниенің сәулесі көпке ортақ. Жүректі нұрға
толтырып, көңіл сергітер өнер құдіреті. Өнерге әркімнің-ақ бар таласы.
Журналист Алтын Иманбаеваның авторлық бағдарламасы.
Алтын Иманбаева,
журналист: Қадірлі тыңдаушы бүгінгі
хабарымыз музыканың емдік күші жайлы болмақ. Хабарға сазгер Зядан
Қожалымов қатысады. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен қара жер
кірер денең», – деп ұлы Абай атамыз айтқандай,
шыр етіп дүниеге келген нәресте алғаш анасының әлдиін естіп сол
әуенмен тәтті ұйқыға беріледі. Адам баласының өмір бойы аңсары да
ән-күй, әсерлі әуен. Шаттанса жүрегі ән салып, мұнайса әсерлі әуен
тыңдап көңіл күйін реттейді. Жан дүниені тербейтін әсерлі де рухқа толы
музыка Алланың берген нұры десе де болғандай. Сиқырлы қобыз сарыны,
күмбірлеген домбыра үні, сызыла шыққан сыбызғы, даңғырлаған дабыл үні
ғасыр сарынын жеткізген шаңқобыз, жетіген үні біздің тегіміздің ұлттық
болмысын анықтайтыны анық. Жалпы жанын сүйіп тыңдаған әсем ән мен
күмбірлеген күй адамның өмірге деген көзқарасын өзгертіп қайырымдылыққа,
сабырлылыққа тәубеге шақыратынын білеміз. Терең де таза ой өлшеусіз
сезім бар жерде алынбайтын қамал жоқ.
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, бірнеше лауазым
иесі Зядан Қожалымов осыдан жиырма шақты жыл бұрын көпшілік алдыңда
музыка арқылы ондаған көрерменді емдеп өз қабылетін дәлелдеген болса,
сол бір жылдардың әсері болар соңғы уақытта толғаулар, сезімге құрылған
лирикалық әндер жазып, әншілерге орындатып жүр. Жинаққа шыққандары
жиырма шақты. Кезінде композитор Темір Тайбеков маман ретінде
Зядан ағамыздың өнеріне былайша баға берді: «Жақсы жыр мен әдемі ән
ешқашан өлмейді, өміршең келеді. Зяданның туындылары әуенділігімен,
мәнділігімен ел арасында орындалып жүр. Ол бүгінде термелер мен
толғауларға да бақ сынап бапты дүниелер туғызуда. Өнердегі жолы күн
сайын ашыла түскен Зядан Қожалымовқа сәттілік тілеймін», – деген
екен. Кәсіби композитор осылайша баға берді. Сөзіміз дәлелді болу үшін
«Ақ гүлім» әніне кезек берейік. Әні мен сөзі Зядан Қожалымовтікі.
Орындайтын Гүлзина Шорабекова. Жалпы ән тыңдап отырғанда тәтті бір сезім
жетегіне ересін. Жанын жайланады. Ән барысында сазгердің жан сұлулығын
байқайсын. Музыка терапияның негізі ежелгі Египет, Рим, Үнді, Қытай
жерлерінде алғаш дамыған десек. Қазақ жерінде де көнеден келе жатқан
қобыз, даңғара сияқты аспаптармен кезінде бақсылар науқас адамдарды
емдеген ғой. Ендігі әңгіме осы жайлы. Шетелде Санкт-Петерборда осы
музыка терапия мектептері ашылған дейді ғой. Қазақстанда осыны ашу
мүмкіндігі бар ма? Қалай
жүйеге келтіруге болады?
Зядан Қожалымов,
ақын-сазгер: Менің ғылым академиямның
бағдарламасында, халықаралық қауымдастықтың бағдарламасында көрсетілген.
Менің қауымдастықтың жанынан музыкалық ансамбль ашамын деген идеям бар.
Ол әр жерде біздің мүшелер отыр. Барам десе ілесе береді. Міне сол
арқылы ән жан дауасы немесе халықтық өнердің шипагерлік саласындағы
музыка өнерін үгіттеу жөнінде жұмыс істейміз.
Алтын Иманбаева,
журналист:
Арнайы музыкалық сауаты болмаған адамға жүректен шыққан сұлу әнді нотаға
түсіру, жадында сақтау қиынға соғады. Осы жайлы сазгердің ойын білсек
деймін.
Зядан Қожалымов,
ақын-сазгер: Маған қонбаған екі қасиет бар.
Бірінші домбырада ойнай алмаймын, екінші сурет салмаймын. Осы екеуін
қанша талпынсамда Алла тағала бермеді. Домбыра үйренейін десем де
болмады. Ал енді құлаққа келген нәрсені қалтамдағы диктофонға жазып
адамын. Диктофондыбұрыннан алып жүремін. Оған өзімнің үніммен салып
аламын. Ары қарай өнделеді. Мен мынандай тақырыпқа ән жазамын деп
ешуақытта ойламаймын. Өз уақытында шығады. Мүмкін екі жылда біреу шығар.
Соған ризамын. Өйткені, халыққа ұнаса бір адам бір өлеңімен ақын болып
қалады. Бір мақаласымен жазушы болады. Бір жазған музыкасымен композитор
болып та қалуы мүмкін.
Алтын Иманбаева,
журналист: Зядан Қожалымов Қазақстан халық
емшілері қауымдастығының жанынан ашылған «Шалкөде» баспасының директоры,
әрі «Шипагерлік баян» газетінің Бас редакторы. Халықаралық дәрежедегі
парапсихолог. Рухани шипагер. Ол он төрт кітаптың авторы. Оның ішінде
алты кітабы 110 баспа табақпен ғылыми-монографиялық еңбек болып басылып
шықты. Сондай-ақ «Албан шежіресі» мен «Әлмерек баба» жинақтарының
авторы. Қазақтың ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбегі мен
өмірбаянын зерттеп, көпшілікке насихаттаушы да Зядан Қожалымов.
Зядан Қожалымов,
ақын-сазгер: Нострадаумс мектебі дүниежүзі
бойынша тәжірибеханасын ашып қойды. Нострадаумстың болжамын, Ванганың да
болжамының 60-70 % тура келеді дейді. Тура келсін келмесін неге дегенге
жауап жоқ. Ендеше мен қазақтың ұлттық тектік қасиеті бойынша этно деген
бар. Этнопсихогиялық, этнофилософиялық қазақтың көзқарасымен қарап
отырып, осыны зерттеп жатқан жайым бар. Осыны дамытуым керек. Мен үшін
музыка, ем жасау, ұйымдастыру ол қосымша іс. Оған мен кез келген уақытта
дайын адаммын.
Алтын Иманбаева,
журналист: Биылғы жылы Өтейбойдақ бабаның
атындағы VI халықаралық емшілер конгресінде Зекең Жамбыл облыстық
театрымен қоян-қолтық араласып, Тараз қаласының Жастар сарайында
«Өтейбойдақ» атты спектаклді қойды. Сценарийін жазған осы кісі.
Режиссері Гүлшат Нүсіпжанқызы. Енді осы көріністен Өтейбойдақ бабамыздың
монологын тыңдасақ деймін. Біз ғалым Зядан Қожалымовтан қазір қазақ
эстрадасының бет алысы жайлы сұрағанымызда. Ол кісі аса қамқорлықпен
ойын сабақтады.
Зядан Қожалымов,
ақын-сазгер: Мынау енді музыка үш түрлі
болады деп барлық жерде айтады ғой. Мен де соны қуаттаймын. Біреуі өте
жағымды, емдік қасиеті бар. Екінші түк әсері жоқ. Үшіншісі айғай-шу. Осы
күні әндерің қарасаң жастардың түсінбеймін. Не сөзі сөз емес. Қалай
тыңдауға болады. Өнер саласына көңілім толатын жері де бар, толмайтын
жері де бар. Әрине, мен өзімнің баяғы замандастарымның, Шәмшінің
өлеңдерің бұрынғы әндер, қазақтың күйлері, қара өлеңдері ұнатамын, олар
қандай тамаша! Осылар ұнайды. Жастар енді түзелетін шығар. Ары қарай
айтуға құқымыз жоқ.
Алтын Иманбаева,
журналист: Үлкен әншілер өзініздің
замандастарыныңыздың ішінде жақсы әншілер бар ма? Соларды өзіңіз ғалым
ретінде тыңдап отырғанда қайсібірінің әнінің емдік күші бар деп ойлайсыз.
Зядан Қожалымов,
ақын-сазгер: Нұрғали Нүсіпжановтың әндері,
Ескендір Хасанғалиевтің, Бибігүл Төлегенованың әндері, Роза апамыздың
әндері осылардың әндері өте тамаша.
Алтын Иманбаева,
журналист: Сіздің әндеріңіздің көбі өз
өлеңдеріңізге жазылады. Бірақ кітап оқып отырғанда жақсы ақындардың
өлеңдері болса, соларға қызығушылық бар ма сізде.
Зядан Қожалымов,
ақын-сазгер: Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін
Абай Құнанбаевтың өлеңдерін көп оқимын. Тұманбай Молдағалиевтің, Сағи
Жиенбаевтың өлеңдерін оқимын. Маралтайдың өлеңдері ғарыштық байланыспен
жазылғаны. Дарабоз, болашағы зор, берері көп ақын ғой. Алла оның еңбегін
қазір бағалап жатыр. Естіп жатырмыз, көріп жатырмыз. Жақсылық тілеймін.
Өссін, өркендесін. Болашақ Мұқағалимыздың ізбасарлары осы жігіттер ғой.
Алтын Иманбаева,
журналист:
Көңілге маза бермес ән ырғақтары бір жүйеге түскенде ғана жақсы дүние
шығатыны мәлім. Енді бір сәт Зядан Қожалымовтың «Кетпесін кәдең өмірге»
деген термесін тыңдайық. Орындайтын Жақып Сыпатаев. Жуырда ғалымның «Шипагерлік
дәстүрі және философиясы» атты монографиясы жарық көрді. Кітап Өтйбойдақ
Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» жинағының негізінде жазылған. Бұл
еңбектің халыққа берері көп, әрі жоғары оқу орындарында оқитын
студенттерге оқу құрал десе де болғандый. Он сегіз мың ғаламды жаратушы
Алланың біз білмейтін құпиясы қандай болса, әр адамның да өзі бір жұмбақ
екені белгілі. Бізде ата-бабаның қанымен келген небір қасиеттің бары
рас. Тек біреу дамытса, біреу дамытпай бойдағы қабілетті шыңдамай қала
береді. Ғалым Зядан Қожалымов институттан алған білімі инженер-электрик
болғанымен, өз бойындағы ерекше дарынды шыңдап, жүрек
қалауымен ән болып әлдиеген әуендерді сұлу жырмен толықтырып,
шығармашылық ізденіс үстінде толысқан жан. Үнемі қарапайымдылықтан
танбайтын, үлкен адамгершілік иесі өз жүрегін тыңдап, ішкі жан
сарайындағы рухани байлықты тыңдаушысына жеткізуге асыққан сегіз қырлы,
бір сырлы жан. Алланы мойындап, қажылық сапарға барып, мұсылманның бес
парызының бірін өтеп, өмірлік жары халық емшісі Түймекүл Құлмаханқызы
екеуі ұл-қызының қызығын көрген ардақты ата-ана. Біз Зядан Қожалымовтың
«Қаракөз қарындас», «Астананың аруы», «Мейірбан жүрек шуағы»,
«Қуаныштарым», «Туған күніңмен», «Ынтымақты елім» сынды ән-термелері
алдағы уақытта тыңдаушысын табады деген үміттеміз. Әндері емге дәру
сазгерге шабытты шақтарыңыз көп болсын дей отырып хабарымызды аяқтаймыз.
Хабардың бүгінгі қонағы Қазақстан халық емшілері қауымдастығының
президенті, сазгер Зядан Қожалымов.
Қыркүйек, 2009 жыл
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 | ||