ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ

ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ

QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION

3
  главная                                        вернуться  

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

 

 

КОЖАЛЫМОВ ЗЯДАН КАЖЫ

 

Президент Ассоциации народных целителей Казахстана, профессор народной медицины, академик, Кавалер Ордена “Слава Казахстана” и “Гордость экономики”. Награжден медалями “За услуги и достижения” и “За профессиональные заслуги” (2014-2015). Награжден благодарственным письмом Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева (2005). Почетный гражданин Райымбекского района Алматинской области. Имеет высшее образование. Специальность инженер-электрик. Ученый культуролог и Отейбойдаковед. Философ-психолог. Религиовед. Шежіреші - летописец. Поэт-композитор. Получил образование в религиозном медресе и по специальностям философия и психология. Окончил курсы по истории казахской литературы общественного «Народного университета» при Академии наук Казахской ССР (1966-1968). С 1998 года работает в кафедрах психологии и истории философии и культурологии КазНУ научным сотрудником по народному целительству.

Член Союза журналистов Казахстана и Казахской ассоциации психологов (1996). Председатель первого организационного комитета по созданию Ассоциации народных целителей Казахстана (30.09.1991). Первый президент Ассоциации народных целителей Казахстана (22.12.1991). Президент - академик Академии народной медицины и космоэнергетики РК (2006 г.), президент Ассоциации специалистов международной традиционной народной медицины, психологов и целителей (2004), президент общественного фонда народных целителей Казахстана (2004). Академик Международной академии «Экология» (2004). Академик Международной академии проскопических наук имени М. Нострадамуса (2003, Париж). Академик академии духовных и народных целителей мира (2004, Москва). Член редколлегии журнала восточно-тибетской медицины «ЖАС-АЙ». Вице-президент Международной ассоциации «Возрождение» (1992, Москва). Действительный член международных ассоциаций «Возрождение», «Мир через культуру», «Парапсихология», «Родство» и Ассоциаций народных целителей России (1991), Лучший целитель III тысячелетия, Почетный профессиональный народный целитель РК, Духовный целитель международного уровня, магистр восточной медицины, народной медицины и духовного целительства, хиллерства и космоэнергетики. Мировой целитель. Парапсихолог, биоэнерготерапевт международного уровня, награжден сертификатами и медалями международных организаций и медицинских организаций России. Председатель совещательной коллегии газеты “Халық емі” (1992). Председатель совещательной коллегии и главный редактор газеты «Шипагерлік баян» (2002), директор издательства ассоциации «Шалкөде» (2004). Совмещал должность научного секретаря научно-исследовательского центра «Этнопсихология» и «Педагогика» при КазНУ (1999-2000). Совмещал работу заместителя генерального директора Республиканского центра народной медицины (2004-2006). Окончил школы по подготовке и повышению квалификации целителей нескольких ассоциаций городов Москвы и Ялты в Крыму (1991-1993). Выступал рецензентом для трудов академика М.Алиева и других авторов «Қазақтың халық медицинасының ғылыми көкжиектері» (Алматы, «Атамұра», 2003), кандидата медицинских наук, академика Т. Бекена «Ислам және медицина», (Алматы «Шалкөде», 2006), кандидата педагогических наук, профессора С. Курбанқожы «Физические основы народной и нетрадиционной медицины», (Туркестан, 2009), исследователя религии и мифических тайн К. Тулешова «Ғылыми зерттеу еңбектері» (Туркестан, 2009) и сборника стихов поэта С. Жуманова «Өмір сыйы» (Шымкент, 2009) и других трудов различного направления разных авторов.

Научные работники для защиты диссертации на получение научных степеней использует его труды (Т. Альсатов «Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы» (XV-XIII вв.), «Орта ғасырдағы қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік идеялары» (XV-XIII вв.), Алматы: «ҚазУниверситет», 1998) и т.д. В специальных научных изданиях и журналах опубликованы более 40 научно-познавательных статей на тему народной медицины, психологии и философского познания и об ученом-целителе XV века Отейбойдаке Тлеукабылулы (1998-2014). Он впервые научно систематизировал труд Отейбойдака Тлеукабылулы «Шипагерлік баян». Он является автором и постановщиком сценария сценической постановки на основе труда ученого-целителя и песни «Шипагер баба (Тараз, 24. 07.2009). По данной теме по решению научного совета кафедры культурологи и истории КазНУ была издана научная монография «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» (2009) и переведена на русский язык (“Целительская традиция и философия, 2010). З.Кожалымов внесен в энциклопедию Жетысу (2004), сборник “Қазақ жерінің Зиялы азаматтары - Почитаемые люди земли казахской” (2005, стр. 390-392), книгу «Қазақстан қажылары» (Кажы Казахстана) (2004, том 2) и других книгах разных авторов. Автор 25 книг с объемом в 480 издательских листов, в том числе 7 научно-монографических трудов. «Көк тәңірі жүр жебеп» (Под покровительством Небесного тенгри) (2000), «Мәңгілік құпия шежіресі» (Летопись вечных тайн) (2001), «Шапағатты рух ордасы» (2001, Алматы «Сөздік-Словарь»), «ҚР Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» (Прошлое, настоящее и будущее народной медицины РК) (сборники 1-2, 2004-2005, Алматы «Нұрлы Әлем»), «ҚР дәстүрлі емес халық медицинасы» (Нетрадиционная народная медицина РК) (Алматы, «Шалкөде», 2005), «ҚР халық медицинасының бақсылық өнері» (Искусство баксы народной медицины РК), «Тылсым дүниенің құпия емдері» (Тайное целительство мифического мира) и «Рухани емшілік ғаламаттары» (Чудеса духовного целительства) (Алматы, «Шалкөде», 2006), «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық емшілігінің өркендеуі» (Процветание народного целительства Казахстана и Средней Азии) (Алматы, «Шалкөде», 2007), «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары» (Казахские предки-ясновидящие и предсказатели) (Алматы, «Шалкөде», 2008), «Қазақтың ғалым шипагері Ө. Тілеуқабылұлы» (Казахский ученый-целитель О.Тлеукабылулы) (Алматы, «Шалкөде» 2009), «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» (Целительская традиция и философия) (Алматы, «Шалкөде» 2009), «Ғаламның жұмбақ сырлары» (Таинства вселенной) (Алматы, «Шалкөде», 2010), «Целительская традиция и философия» (Алматы, «Шалкөде» 2010), «Қазақстанның дарынды емшілері - Одаренные целителей Казахстана» (2010) анықтамалығы (Алматы, «Шалкөде» ,2010) және «Рухани және музыкалық шипагерлік» (Духовное и музыкальное целительство) (Алматы, «Шалкөде», 2010), «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» (Флагман народного целительства) (Алматы, «Шалкөде», 2011), “Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары” (Пути восстановления здоровья) (Алматы, “Шалкөде”, 2011), «Орындалған Аманат» (Выполненные заветы) (Алматы, «Шалкөде» 2012), “Ақ Гүлім” (Алматы, “Шалкөде”, 2012), “Өмірімнің тағдары” (Моя Судьба) (Алматы, “Шалкөде”, 2013), “Түнгі ғажайып” (Ночное таинство) (Алматы, “Шалкөде”, 2014) және “Ғұмырнама” (Жизнеописание) (Алматы, “Шалкөде”, 2014), “Ғибратты өмір” (Алматы, «Шалкөде», 2014), “Халық емшілерінің анықтамасы” – “Справочник народных целителей (Алматы, «Шалкөде», 2016), “Өмірімнің шежіресі” (Алматы, «Шалкөде», 2016), “Ширек ғасырлық киелі қауымдастық” – Четвертьвековая святость Ассоциация (Алматы, «Шалкөде», 2016) и “Өлмейтін мұра – өшпейтін тарих” (Алматы, «Шалкөде», 2016) в их числе 11 монографических трудов. Его песни внесены в «Золотой фонд» казахского радио (№ 411, 1997 и 2009). В более 52 газетах и журналах и Казахской энциклопедии опубликованы около 700 научно-познавательных и духовно-воспитательных статей. Автор 30 книг, более 50 песен, арнау и спектакль “Отейбойдак” про ученого-целителя XV века Отейбойдака Тлеукабылулы.

О З.Кожалымове были опубликованы статьи более пятидесяти авторов на страницах периодических изданий. С 1991 года было более 200 выступлений и интервью на республиканских и областных теле-радиоканалах.

Был в составе авторов книг «Батыр баба Әлмерек» (Наш предок батыр Альмерек) 2002, «Албан шежіресі» (Летопись Албанов) /2003/ и «Албан шежіресі» (Летопись Албанов) 1-2 том (Алматы 2011). Во время учебы в Москве (1991) играл главную роль в фильме о восточной народной медицине. Сейчас эта съемка хранится в фонде киностудии имени М.Горького в Москве. Участвовал и выступал с докладом в международных конгрессах, проводившихся в Москве (18.06.1991), Алматы (26-29.09.1991), Алматы (18-21.10.1992), Крыму (Гурзуф 3-9. 10. 1993) и т.д., также проводил лечебные сеансы и получал высокие оценки.

Сам организовывал, разрабатывал программы и председательствовал в международных конгрессах «ҚР Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» (Прошлое, настоящее и будущее народной медицины РК) (Алматы, 16-18.09-2004), «ҚР дәстүрлі емес халық медицинасы» (Нетрадиционная народная медицина РК) (Алматы, 22-24. 09. 2005), «ҚР халық медицинасының бақсылық өнері» (Искусство баксы народной медицины РК) (Алматы, 22-24.07.2006), «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық емшілігінің өркендеуі» (Процветание народного целительства Казахстана и Средней Азии) (Шымкент, 23-25. 07. 2007), «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары» (Казахские предки-ясновидящие и предсказатели) (Туркестан, 24-26. 07. 2008), «Қазақтың ғалым шипагері Ө.Тілеуқабылұлы» (Казахский ученый-целитель О.Тлеукабылулы) (Тараз, 24-26.07.2009), «Рухани және музыкалық шипагерлік» - (Духовное и музыкальное целительство) (Астана, 23-25.07.2010). “Флагман народного целительства. 20 летие АНЦК” (Алматы, 23-24.07.2011), Республиканский Форум “Развитие народного целительства и пути использования” (Шимкент, 13-14.07.2012), Международный форум “Будущее лечебной системы народной межицины” (Туркестан, 13-15.09.2013), Международная научная, теоретическо - практическая конференция “Ценность и роль трудов по народной медицине ученого, культуролога, академика З. Кожалымова”(Алматы, 02-03.08.2014) и Республиканская конференция “Развитие народного целительства в Северном регионе Казахстана” (г. Костанай, 25-26.07.2015). Удостоен специальных приглашений в зарубежные страны РФ (г.Москва, 06.1991), Мекка, Медина (02.2003 паломничество), Австрия (Вена, 14-19.04.2011), США (Вашингтон,17-22.08.2011), КНР, (Кульджа, Текес, 12-20.05.2011), Венгрия (Будапешт, 23-28.03.2012), США, острова Гавайи (23-30.04.2013), Италия (Сардиния, 29.05-04.06.2013), Украина (Одесса, Киев, 15-18.07.2013) и другие зарубежные страны. А также приглашен официально в качестве почетного гостя за труды в развитии национальной науки народной медицины, для участия в Симпозиумах в Англии, Швейцарии и других Европейских странах.

В настоящее время продолжает свои научно-исследовательские работы по народной медицине, мифическим и космическим тайнам. Офицер запаса. С супругой Туймекүл Кулмаханкызы имеет шестеро детей (два сына, четыре дочки). Все дети имеют высшее образование, семейные и имеют детей.

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ғылыми талдаулары мен пікірлері

 

З.Қожалымовтың «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» монографиялық еңбегінде (А. Шалкөде, 2009) зерттеу халықтық шипагерлік мәдениетін және Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баянын” атты еңбегін бірлестіре зерттеп отырған алғашқы философиялық зерттеу жұмысына жатады. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емдеу мәдениетіндегі энциклопедист-ғалым, шығыс медицинасының ғылыми-ұлттық жүйесін қалыптастырушының бірегейі. Тұлғаны шығыс медицинасы мен емшілік дәстүріндегі «екінші Ибн Сина» деуге тұрарлық... Зерттеу тақырыбының түйінді мәселелері өзіндік танымдық-әдістемелік шешуін тапқан. Зерттеуші мақсат міндеттері бойынша өз ойларын тиянақты жинақтай отырып және жүйелі жеткізген деуге болады. Бұл зерттеудің ізденісі философиялық ой жүйесі бойынша қарастырылғандықтан, еңбекті лайықты іргелі жұмыс деп есептеймін.

Ғылыми жетекшісі, философия ғылымдарының докторы,

ҚазҰУ профессоры                                                                Молдабеков Ж.Ж.

 

***

Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегінде қазақ мәдениетінің шығыстық мәдениет арнасындағы бастапқы тарихы өзіндік индентификация іздеген қазіргі таңдағы қазақтарға түп тамырға жол көрсеткендей. Зерттеу Ө.Тілеуқабылұлының жарық көрген еңбегі негізінде оның жалаң шипагерлік шығармашылық емес, дүниетанымдық, мәденитанымдық, адамгершілік, имандылықтың мәдени бастауын анықтайтын жан-жақты шығарма екендігін дәлелдеу тұрғысынан жазылған. Сайып келгенде, ешкімнің бұл жұмыстың шипагерлік саласындағы философиялық-мәдениеттанымдық алғашқы жұмыс екендігіне күмән келтіруге болмайды. Жалпы зерттеу жұмысының сұлбасы белгіленіп тұр, сондықтан да бұл еңбек ғылымдағы өз орнын табады деп білемін.

Философия ғылымдарының докторы,

Қаз ҰУ профессоры                                                                  Құлсариева А.Т.

  

 

Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегінде зерттеуші Қожалымов Зядан зерттеу міндеттері етіп емдіктің халықтық сипаты мен түрлерін ашып, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шығыс шипагерлік дәстүрдің ғылыми негізін қалаушылардың бірегейі екендігін, оның емдік әдіс амалдарының арқауын айғақтауды, емдік мәдениеттің танымдық-тәрбиелік маңызын, адам биоөрісі қуаттарын ашып беруді, рухани, медициналық, музыкалық ем, денсаулықты тазарту мәдениетін жақсартудың жолын дәйектеуді және «Халықтық шипагерлік» сияқты шипалық дәстүрін және мәдени және тарихи формаларын жан-жақты талдаған. Бұл зерттеу тақырыбы бұрын зерттелмеген, кең ашылып, толық бір арнаға түспеген тың тақырыптардың қатарына жататынын ескерсек, зерттеушінің алдына көтерген тақырыпты мәдени-философиялық тұрғыдан жан-жақты саралап, ғылыми негіздерінің көздерін аша отырып толықтыра түседі. Зерттеуші алдына қойған мақсатына толық қанды жетеді деген ойдамын.

Философия ғылымдарының кандидаты,

ҚазҰУ доценті                                                                      Г.Ә.Сәрсенбекова

 

***

Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегінде өте күрделі, әрі ғылыми атауы мен танымдық дәрежесіне толық баға берілмеген халықтық шипагерлік дәстүрдің проблемалары туралы тың философиялық талғамдық ойлар айтылып, тұжырымдар жасалынып, жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізген. Бұл зерттеуде ұлттық шипагерлік мәдениетінің ерекшеліктері зерделеніп оның көршілес шығыс пен Орта Азия елдерінің шипагерлік дәстүрімен сабақтастығы, үйлесімдігі туралы ұлттық философиялық танымдық ой желісімен баяндап тұжырым жасаған. Зерттеуші З.Қожалымов б.д.д. және XV ғ. Ө.Тілеуқабылұлының еңбегін және бүгінге дейінгі халықтық шипагерліктің тарихын ғылыми негізде зерттеп және толық көрсете білген. Бұл еңбек ғылыми зерттеу талаптарына сай орындалған және пайдалануға ұсынуға толық болады деп есептеймін.

Философия ғылымдарының докторы,

ҚазҰУ профессоры                                                                         Б.И.Абирова

 

 

Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегі бұл бабамыз туралы жазылған тұңғыш ғылыми монографиялық кітап. Зядан омбылап жол салды. Мен ойлап қарасам, шын мәнінде біздің Өтейбойдақ бабамыз “Қазақтың ибн Синасы”. Бұл ғылыми еңбекті жазуда Зядан ғарыштық байланыстық жүйені және осы заманғы ғылыми жүйенің талдамаларын дұрыс пайдаланып, өзінің ғылыми тұжырымдамаларын ұлттық философиялық талдауда нақ түсіндіре білген. Қысқасы, З. Қожалымовтың бұл еңбегі Орта Азиядағы алғаш жазылған әл-Фарабидің “Медициналық трактатынан” кейінгі екінші еңбек ал, қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласындағы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындағандығымыз жөн. Мен монографиялық еңбектің авторына осындай құнды философиялық талдауына жоғарғы баға беремін.

Филология ғылымдарының

докторы, профессор                                                       Мекемтас Мырзахметұлы

 

***

Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Ғаламның жұмбақ сырлары» еңбегінде (А. Шалкөде, 2009)  тылсым дүние, дін және ұлттық салтпен байланыстырып ой толғап, сыр шерткен еңбек. З.Қожалымов Өтейбойдақ мұрасын зерттеп, құнды мақалалар жазып, кітаптар шығарып, түрлі ғылыми конференциялар мен конгрестер өткізіп, 20 жылдан бері еңбектеніп келе жатқан Өтейбойдақтанушы, шипагер және ақын жанды тұлға. Кітапта Өтейбойдақ негізін салған қазақ халқының шипагерлік ілімі мен тарихы және оның бүгінгі уақытпен байланысы жан-жақты айтылып, баяндалған құнды еңбек.

Жазушы, профессор                                                                   Ораз Қауғабай

***

Республикаға белгілі халық медицинасының ірі маманы, зерттеуші ғалым Зядан Қожалымовтың «Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары» (А. Шалкөде, 2011) кітабы – халық медицинасындағы ескерілмей қалған кейбір құнды материалдарды толық көлемде қамтып зерттеп жазылған аса қажетті құнды еңбек. Кітапта биоэнергетика, адамның қуаты, ғарыштық жүйенің ерекшеліктері, әуендік терапия, балдың емдік қасиеттері, ғарыштық жоғары ақыл-ой, балшықтың емдік қасиеті, рухани даналық, зомбиланудың әсері тағы басқа күрделі мәселелер жөнінде нақты анықтама беріліп, зерттеудің негізінде тұжырымдама берген. Әлі де көптеген оқырмандарынын дәріптелетін, халық іздеп жүріп оқитын кітап болатынына сенімім мол.

Медицина ғылымдарының докторы,

профессор                                                                                 Жасан Зекейұлы

***

Зерттеуші ғалым Зядан қажы Қазақ Ұлттық Университетінің ғылыми зерттеушісі ретінде XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» атты еңбегін зерттеу нәтижесінде шипагерлік ілімді дамытып, Шығыс медицинасының құпиясын ашуда көп үлес қосып келеді.

Өтейбойдақтанушы ғалым Зяданның «Ғаламның жұмбақ сырлары» атты кітабы негізінде жас халық емшілеріне арналған. Оқулықтар жазу, көрнекті, деректі фильмдер түсіру өмір талабы демекпін. Құндылығы мен қажеттілігі жағынан жаңа тылсым ғылым саласы бойынша жазылған бұл еңбектің маңыздылығын жоғары бағалаймын.

Медицина ғылымдарының

докторы, ХҚТУ профессоры                      Жандар Керімбектің Ермаханы

 

***

Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегі арнайы ҚазҰУ-дың факультеттік ғылыми кеңесінде қаралып бекітілген. Бұл монографиялық еңбекті ҚазҰУ-нің төрт философия ғылымының докторлары електен өткізіп, емшілік философиясына нақты бағаларын берген. Кейбір ғалымдар қазақтың философиясы жоқ деп айтады. Бұл дұрыс емес. Бүгінде еліміздің ғылым саласында ұлттық халық медицинасы жөнінде тұңғыш философиялық танымдағы З.Қожалымовтың бұл монографиялық еңбегінің жазылуы, бүгінге дейін ғылым саласында қаралмаған тың тақырыптың жаңғырып оянуы демекпін. Сол үшін де бұл еңбектің құндылығы жоғары. Кітаптың авторына ғылыми еңбегін жалғастыра беруіне тілектеспіз.

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

ХҚТУ профессоры                                                      Құрбанқожа Сансызбай

***

Зерттеуші ғалым З.Қожалымовтың «Мәңгілік құпия шежіресі» атты еңбегінде тұңғыш рет тәңірдің құдіретінен болып жатқан адамзатқа белгісіз құпиялардың көзін ашып береді. Яғни, Жаратушы күштің бар екенін мойындап, имандылықпен өмір сүру керектігін айтады. Өмірде болы жатқан жасанды әулиелер мен жасанды құдайлар жөнінде де нақты діни тұрғыда тұжырымдама жасалған. Кітап 445 бет көлемде 11 тараудан тұрады. Әр тарауда ғылымға қажетті мәселелер толық қамтылады. Адам, Жер, Ғарыш арасындағы байланыстық жүйемен тылсым сырларына нақты тұжырым жасаған. Автор көз тию, дуалау мен сиқырлау және қуатсорғыштар мен вампирлер және қарғыс жөнінде әлі белгісіз құпияларды толық ашады. Табиғи ем және салауатты өмір салты сияқты адам денсаулығының пайдалы жақтары да бұл еңбекте қамтылған. Сайып келгенде, күнделікті тіршілігіміз бен біліп істеген қиянатымыздың ара жігін ашып берген бұл еңбектің негігі хикаясы – адам баласы соңғы 2000 жыл өзі жасаған заңымен өмір сүріп келетіндігін түсіндіретін қажетті құрал. Сол үшін де бұл еңбек оқырмандарға құнды еңбек деп бағалаймын.

Тарих ғылымдарының докторы,

этнограф                                                                       Төтенайдың Базарбегі

***

Зерттеуші ғалым Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты еңбегі ғасырлар бойы өзінің құндылығын жоғалтқан халық емшілігінің қайтадан гүлденіп, жаңадан тарихын қалыптастыруда алғашқылардың бірегейі болып үлес қосқан, ғалымның еңбегі екендігін мойындаймыз. Мен Республикамызға танымал көрнекті ғалымдардың жақсы пікірлеріне ризашылығымды білдіремін. Өтейбойдақтанушы ғалымның еңбегіне ғылыми көзқараспен оң бағамды беремін. Бұл монографиялық еңбегі өзінің тілінің жаттықтығы, түсініктілігі, ғылыми талдауларының ауқымының дәлдігі мен құндылығы жағынан халық емшілігінің тарихы мен мәдениетін ғылыми негізде философиялық таныммен жазылған тұңғыш еңбектің ғұмырлы болары анық.

Медицина қызметінің үздігі, медицина

ғылымдарының кандидаты,

доцент                                                               Тұрсын Балғымбекұлы Бекен

 

***

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының  15‑жылға толып отырған, өзінің мерейтойына арнап шығармақшы «Киелі шаңарақ» атты кітаптың мазмұны мен мәні зор. Мұндағы жасалынған ұлан‑қайыр еңбек, сөз жоқ, Қауымдастықтың президенті, академик Зиядан қажы Қожалымовтың атына арналады. Тіпті, ғұмырнамалық жинақ ретінде беріле отырып, ұсынып отырған адамдардың өмір деректерімен қоса, тартымды танымдары мен пікірлері де сәтті айтылады. Осыншама мол еңбекті жақсы көңілмен құптай отырып, бүкіл республика көлеміндегі халық емшілерін торқалы тойларымен құттықтап, дендеріне саулық, аброй, бақыт тілеймін.

Медицина ғылымдарының докторы,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор                 Совет‑Хан Ғаббасов

 

***

Ата-бабаларымыздың дәстүрлі салтында «Аманатты» орындау парыз, халыққа қызмет ету міндет. Осындай үлкен істің басы-қасындағы зиялы азамат Зядан қажы Қожалымов. Ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – ғұмырында ғылыми жұмыстарында өз ұрпағының соңында адамзатқа тиесілі пайдасы бар іс істеп оны өзінің жазу, сызбаларында нақтылы өзінің өсиет сөздерінде де денсаулықты сақтауға ғылыми теориялық жазбалар қалдырған, ғылыми түрде қазіргі біздің ұғымымызға енетін генетикалық ғылыми зерттеулердің теориялық негізін қалаған адам. Көптеген мәліметтер бойынша, өзінің іс-тәжірибесінде, өз ойына түйген ойларын ортаға салып, ғұламаның «Шипагерлік баян» атты кітабына ой-пікірін жалғастырушы, осы кітап ілімін негізге алып, көпшілікке түсінік беруші зерттеуші ғалым Зядан Қожалымов. Жазған еңбектерінде кеңінен баяндап, қандай симпозиум, семинарларда көпшілік арасында жол салған адамдардың бірі ретінде Зядан Қожалымовты білеміз. Керек десеңіз Зәкең Құран сүрелерінің аяттарын да кең философиялық ой-тұжырымдарында келтіреді.

Осы жазбалардың негізінде маған да ой салып, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына арналған жиын Қазақ Ұлттық медицина университетінде ұйымдастырылып өткізген ғылыми-көпшілік конференциясында Зәкеңді де шақырып көп ой-толғамдарымен бөліскендері бар. Онда тек медицина ғылымына тән ұғымдар, медицинаның әр салаларына арналған жеке ғылымға негіз болатын, емдеуге арналған зерттеулер ғана емес, микробиология, иммуннология, вирусология, фармакология, фармакогнозия, терапия, анатомия, невропатология, генетика, физиология, фтизопульманалогия, психология, философия, әдебиет, фольклор, тіл танымы т.б. көптеген ғылым салаларына арналған зерттеулері, оның нәтижесін ары қарай жалғастыратын бағыттары көп ой салды. Тіпті «Шипагерлік баян» кітабы көп зерттеулерге арқау болды. Бұрынғы қазақ тілінен аударылған көп ұғымдар қайта қарастырылып жазылды. Үйлесімділігі сондай қазіргі медициналық терминдердің қайта жазылуына арқау болды.

Осы конференциядан соң, зерттеуші Зядан шамасы келгенше Өтейбойдақ Тілеуқабыл ғұламаның еңбегін зерттеп оған қор құруға ат салысты. Солардың бірі, емшілер қауымдастығы атынан «Шипагерлік баян» атты газет шығарды, оның редколлегия алқасын белгіледі. Білікті мамандарды сол газет төңірегіне тарта білді, топтастырды.

ҚР Жоғарғы білім беру ісінің құрметті азаматы,

Медицина ісінің үздігі, 

ҚазМҰУ-нің профессоры                                                 Жаханов Амангелді 

 

***

XV ғасырда өмір сүрген атақты қара үзген шипагер Өтейбойдақ бабамыздың «Шипагерлік баян» атты еңбегін зерттеп жарыққа шығарып, емшілердің практикалық тәжірибелік ісінде қолдануға еңбек сіңірдіңіз. Сонымен қатар тарихқа жүгінсек, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыз өмір сүрген уақыты XV ғасыр деп білеміз. Тарихшы ретінде солай деп болжаймыз. Жалпы тарих ғылымында басқа ғылымдарда да тарихты, қоғамды қалыптастыратын тұлға дейді. Халық сол тұлғаның айналасына жиналады. Сол тұлға арқылы қоғам жасалады. Қоғам құрылады, заң құрылады. Мемлекет құрылады. Сондықтан XV ғасырдың алпысыншы жылдары қазақ елі құрылды. Оны құрған әз Жәнібек хан болатын. Қазақта «әз» деген сөз өте аз. «Әз» деген сөз екі-ақ ханның атына берілген. Олар әз Жәнібек, әз Тәуке хандар. «Әз» деген сөз өте дарынды, дана, көреген дегенді білдіреді. Сол әз Жәнібек хан өзінің жанына тек ғана жақсы мен жайсаңдарды, билерді, батырларды жинаған. Қазақ елінің қалыптасуы оңай болған жоқ. Осындай адамдардың арқасында қазақ елі қалыптасты. Осының негізінде қазақ елі тек ғана көшіп-қонып жүрген халық болған жоқ, қоғам болған жоқ. Ол өзінің заңын, туын қалыптастырған халық болды. Соның негізін қалаған ең бірінші әз Жәнібек хан болды. Әз Жәнібек хан қазақ елінің алғашқы басқару Жарғысын жасаған. Жарғы деген сөз «заң» дегенді білдіреді. Жарғы деген жару дегеннен шыққан. Яғни қақ жару, әділеттікпен басқару, халыққа бірдей қарау, заңды бірдей жүзеге асыру дегенді білдіреді. Әз Жәнібек хан өзінің жанына тек ғана билерді, батырларды ғана жинамаған екен. Сонымен қатар халыққа зор пайдасы тиетін халықтың рухани сауықтыру тұрғыдан қарағанда талантты да талапты адамдарды жинаған. Соның бірі бүгінгі өзіміздің зерттеуімізге арқау болған шипагер Өтейбойдақ баба. Өйткені, ол кездегі заңдар әрине бекерден-бекер шықпаған. Халықтың, хандардың және билердің қолдауымен бекітіліп отырған. Сондықтан Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» атты медициналық-энциклопедиялық еңбегін бұл қазақ халқының тарихындағы алғашқы жалпы халықтық заң деп табуға болады. Сіздің осы еңбектегі заң саласын зерттеп, анықталған анықтамаңыз, заңгерлердің тұрғысынан заңгерлерге негіз болды. Сол еңбегіңіздің ары қарай заңды тұрғыдан жалғасы болады деп есептейміз. Сіздің еңбегіңіздің тек ғана медициналық рухани сауықтыру жағынан емес, заң тұрғысынан маңызы бар деп ойлаймын.

Заң ғылымдарының докторы,

ДҚУ профессоры                                                                  Жапар Әлдибеков

 

 

***

З.Қожалымовтың қазақ ғылымына әкелген ауқымды еңбегі және зор жаңалығы – XV ғасырдағы шипагер ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты ежелгі дәуірдегі медициналық энциклопедиялық еңбегінің ғылыми айналымға енгізілуі. Қазақ халқының тарихына, дәстүр-салтына, елдің, мемлекеттің негізіне шет елдік және ТМД елдеріндегі кейбір ғалымдардың теріс көзқарастары туындаған кезде Өтебойдақ бабамыздың осынау ғаламат еңбегінің құндылығын дәлелдеп шықты. Түрлі саладағы ғалымдарға үн қосты. Сөйтіп «Шипагерлік баянның» беймәлім әлемін ашуға ұмтылған, Ө. Тілеуқабылұлы мұралары бойынша бірқатар диссертациялық жұмыстар қорғалды. Ал баба кітабының халықтық және қазіргі медицинамен тығыз сабақтастығын, басқа да ерекшеліктерін пайымдаған зерттеуші-ғалым бірқатар кітаптар жазды. Олар: «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық емшілігінің өркендеуі», «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары», «Қазақтың ғалым шипагері Ө.Тілеуқабылұлы», «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» және т.б.      

Филология ғылымдарының докторы,

ҚазҰУ-нің профессоры                                                                  Әнуар Тарақ

 

***

Медицинаның негізгі заңы сенім. Сенім болу үшін сөз терапиясының маңыздылығы өте зор. Әлемдік медицинаның ғылыми дәлелдемелеріне сүйенсек сырқат жанның дәрігерге және дәріге сенімі арқылы жазылуының сексен пайызы сенімнен болады екен. Ал қалған сырқаттың жиырма пайызына еккен және ішкізген дәрілердің себебі бар сияқты. Жалпы халықтық медицина көбінесе сендіру, тітіркендіру, иландыру, арбау т.б. емдік сипаттардан тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда ел тәуелсіздігінен кейінгі қайта оянған халық емшілерінің қызмет түрі де осы сипаттарға ие. Халық емшілігі химиялық құрамды дәрі-дәрмектен аулақ таза сендіру жүйесінің емдік саласына жатады. Бұл саланы дамытуда халық емшілерінің ассоциациясының президенті Зяданның еңбегі ұлан-ғайыр.

Медицина ғылымдарының

кандидаты, доцент                                                    Тұрғанбек Құлмаханов  

 

 

Бұл қауымдастықты бастау, құру, аяғынан тік турғызу айтуға оңай болғанмен оны ғылым орталығына айналдыру оңайға түспегені анық. Оның барлығын сабақтап  айтып жатуды жөн санамадым. Ол жөнінде Зядан қажы өзінің «Өмірімнің тағдыры» деген кітабында бастан аяқ жазғаны бар. Көңіл аударарлық үлкен эпопея.

Зядан Қожалымовтың  ғылымға деген көзқарасы оған бар ар-ожданымен еңбегін сарып етуі. Солардың ішіндегі ең құнарлы да соны зерттеуі ол XV ғасырдың ғұлама ғалым-емшісі Өтейбойдақ Тілеуғабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбектерін тауып ғана қоймай, оған бар зейінімен үңіле отырып зерттегендігі. Сол зерттеу еңбегінің арқасында Зядан Қожалымов қажы емші бабаның «Шипгерліік баян» еңбегін шемішкедей шағып отырып, көз майын тауысып «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегін жарыққа шығарды. Осы еңбегі жайлы ғалымдардың пікірлері бір жерден шығып, бұл жұмысы жоғары бағаға ие болып отыр. Осы еңбектері арқылы көзге түсіп, ауызға ілінген, ғалымдардың санасына еніп өзінің ғылыми еңбектерімен танылған Зядан Қожалымовқа Акедемик, профессор, мәдениеттанушы, философ, психолог, дінтанушы атағы да тегіннен беріле қоймағандығы анық.

ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі,

«Алтын дәрігер»,«ҚР еңбек сіңірген дәрігер»

төс белгілерінің иегері, «Еңбек Қызыл Ту»,

«Құрмет», «Гиппократ» ордендерінің,

Бес медаль иегері, Президенттің «Алғыс хат» иегері. «Халықаралық халық медицина

Акедемиясының акедемигі                                              Тұрарбек Төлендиев

***

Кешегі Кеңес үкіметі кезінде емші, бақсы, молда десе соңына түскен. Бүгін осы адамдардың қоғамдағы орнын алып, бастарын қосып үлкен жиындар жасап отырғаны үлкен жетістік. Адам баласы екі болмыстан тұрады. Біреуі – жан, біреуі – тән. Шындығына келгенде қазіргі медицинаның кемшілік жері бар. Ол тәнді ғана емдейді. Ал, жанды емдей алмайды. Халық емі жан менен тәнге де шипалық қызметін атқарады. Осы емшілердің басын қосып үлкен ұйымға айналдырған Зядан қажы ағамызға үлкен рахмет айтқым келеді. Ұйымдарыңыздың басы ажырамай, әрі ынтымақты, әрі берекелі де иманды адам мен қоғамды сауықтырып жүрген күшсіздер. Сондықтан мен қауымның басшысы Зядан қажы Қожалымовқа және оның қауымына жақсылық тілеймін.

Тарих ғылымдарының кандидаты,

 ХҚТУ доценті                                                                     Зікірія Жандарбек

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

в начало