ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ

ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ

QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION

26

  главная                                        вернуться  

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

 

 

 

«Жекпе-жек» бағдарламасы

“Хабар” телеарнасының «Жекпе-жек» ток шоуы

Жүргізуші – Ринат Думанұлы

 

Жүргізуші: Биыл қазақтың халық медицинасына 25 жыл. Ем-домның бұл түрі Қазақстанда ғана емес күллі шығыс елдерінде қанатын кеңге жайған. Азия мемлекеттерінде оны халықтың 70% пайдаланады.  Ол тіпті ресми медицинаның құрамдас бөлігіне айналған. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше халық медицинасына деген сұраныс Еуропа елдерінде де артып отыр. Әлемде оны қолданатындар 60-65% шамасында деген ақпарат бар. Көпшілік дәстүрлі шипагерлікті экологиялық таза технология, таза өнім, қауіпсіз дәрі-дәрмек деп біледі. Алайда бүгінгі қоғам осы бір ерекше дарын иелеріне үміттене де, күдіктене де қарайды. Әсіресе, кәсіби медицина мамандары арасында мұндай жандарға деген көзқарас әртүрлі. Сәйкесінше емшілер де дәрігерлердің емдеу тәсілдерімен келісе қоймайды. Бүгінгі жекпе-жек осы мәселеге арналады. Экранға назар аударайық.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Жалпы адамның денсаулығында күнделікті кездесетін бедеулік саласында көптеген аурулар көп жылдар бойы халық емшілеріне барып, көптеген жылдарын жоғалтып жатады. Сол халық емшілігі қандай жағдайда көмектеседі. Қандай жағдайда оның зиянды тұстары болуы мүмкін. Соны бүгін талқылау үшін мен осы «Жекпе-жек» хабарына Қожалымов Зядан қажыны шақырып отырмын.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Бисмилляхир рахманир-рахим. Бүгінгі күні халық емшілерінің қызмет саласындағы кейбір кемшіліктері жөнінде биология маманы Салтанат Байқошқарова мені жекпе-жекке шақырған екен. Жекпе-жекке шығуға дайынмын.

Жүргізуші: Бүгін жекпе-жекке шығатындар Салтанат Байқошқарова дәрігер, биология ғылымдарының докторы. Зядан Қожалымов «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы. Жекпе-жекке қош келіпсіздер.  Салтанат ханым осы халық емшілері қауымдастығының басшысы Зядан мырзаны «Жекпе-жектің» алаңына неге шақырдыңыз. Халық медицинасының өкілдері дәстүрлі медицинаның өкілдерін сынап жатады. Дәстүрлі медицинаның өкілдері, дәрігерлер халық емшілерін сынап жатады. Бұл екеуі өмір бақи келе жатқан бәсеке, жекпе-жек десек те болады. Неліктен олай және қандай дәлел-дәйектеріңіз бар. Сізді тыңдасақ.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Жалпы медицина ғылымдық медицина. Ол дүниежүзінде дәлелденген медицина деген түсінік бар. Ғылыми дәлелі бар медицина деп біздің саламызды айтуға болады. Ал халық емшілері кімнің қолында, ол адамның қандай білімі бар соған байланысты. Мысалы бедеулік саласында бірталай адамдар келген кезде зиянды жақтарың да көріп жатамыз. Улы заттармен емдеу кездескен, соның нәтижесінде біз әйелден сапалы ұрық ала алмаймыз. Ауылда тіптен адамның ақылына қонбайтын әдістерді қолданатын апалар бар. Оның жақсы және жағымсыз жағы бар. Осыны анықтау үшін осы бағдарламаға келіп отырмын.

Жүргізуші: Кейде онкологиялық ауруларды да емдейтіндер бар дегенді құлағымыз шалып қалып жүр.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Астана қаласының онкологиялық орталығының Бас дәрігері отыр. Ол кісі де айтып өтеді. Негізі ең қиын мәселе бұл онкология, туберкулез осы мәселелерді талай естіп жатамыз. Халық емшілеріне барып, асқындырып алып уақытты жоғалтып, ең соңғы сатысында медицина да көмектесе алмай жатқан жағдайлар болып жатыр. Сондықтан халық емшілері ондай үлкен жауапкершілікті алуға болмайды. Тағдырмен ойнауға болмайды. Ол үшін қазіргі неше түрлі жоғарғы технологиялардың көмегімен арнайы тексерулерден, өту керек. Осындай аса қауіпті ауруларды Қытайда оқып келген бауырлар емдеп жүо. Оның дәрігерлік білімі болып, сауатты болуы мүмкін. Бізде халық емшілігі деп барлығы жаппай соған бет алатын көпшілік бар. Барлығына бірдей сене беруіне болмайды. Шыныменде аса дарынды қасиеті барлары бар шығар.

Жүргізуші: Ол қандай ем, тәуіп көзі, аруақтармен байланысқа түсіп жатырмыз дейді. Фотомен, телефонмен емдейтіндер бар. Ондайларға берілмейді. Не дейсіз қарсыласыңыз біраз нәрсенің шетін шығарды. Келісесіз бе жоқ па? Нақты дәлелді жауап күтеміз.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Медиктер өкпелесе ҚазССР-нің министрі Сағидолла Қарынбаев ағамызға өкпелесін. Өйткені, 1962 жылы министр болып тұрғанда дүниежүзінде дәстүрлі емес халық медицинасының I конгресін өткізген. Сол кісі бүкіл дүниежүзілік дәстүрлі емес халық медицинасына жол салды. Сол дәстүрлі халық медицинасы осы заманғы медицинаға келіп тоғысты.

Жүргізуші: Оппонентініз айтып тұр сізде ғылыми негіз жоқ деп. Гигиена жоқ деп жатыр.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Мен прокурор емеспін тергеуші бар зардаптанушы бар. Зардаптанушы арыз жазсын. Тергеуші анықтасын. Сот шешімін шығарсын. Екінші медицина ғылымдарының докторы, профессор Естөре Оразақов деген кісі болған. Ұлы Отан соғысы кезінде мынау Алатаудың бөктерінде әскерлерді жабайы халықтық жүйемен емдеген. Сол кісінің «Қазақ халық медицинасы» деген кітапшасында: «Шіркін дүние-ай, мына солақай саясаттан ғылыми негізін қалай алмады ғой», – деген арманы жазылған. Кеңес заманында кез келген медицинаның төменгі институттарынан алып қараңызшы. Мына 2 млн. халқы бар қырғыздың халық емшілігі бар. Түркмендікі бар. Неге қазақтікі жоқ. Мен 14 ғасырдан бері мұрағаттарды тексергенде кездеспейді. Менің зерттеулерім бойынша халық емшілігінің б.д.д. және бүгінге дейінгі тарихы оның емдік жүйесі ғылыми-монографиялық еңбектерімде жазылды. Әр салалы ғалымдардың пікірлері негізінде бүгінгі күні қазақтың халық емшілігі әлемдік ғылымға қосылды. Халық медицинасының негізін қалаған соның үш шыңын, 12 кезеңін, 6 сатысын жасаған XV ғасырдың дала ғұламасы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Сол кісінің еңбегі қазір бүкіл оқулыққа еніп кетті. Ол кісінің еңбегін зерттей отырып, ҚазҰУ-нің философия және психология кафедрасымен ондаған жылдар бойы тексеріп, міне ғылыми еңбек жаздым. Ол «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» деген ғылыми еңбек. Бұл еңбек университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген. Сондықтан халық медицинасында ғылым жоқ дегендерің ұят болады. Соның көшін бастап отырған менмін. 26 кітап жаздым. Менің еңбектерім халықтың іздеп жүріп оқитын кітаптарына айналды. Ұйымда 5000 астам мүше бар. Денсаулық сақтау министрлігі жанынан 1990 жылы халық медицинасы орталығын ашқанын білесіздер. Неше түрлі саладағы мамандар басқарды. 20 жылдай басқарып келді де аяқ астынан таратты. 20 жыл 26 мың емшіні құлдық пен күндікте ұстады. Тапқанын қалтаға салды. Олар далада қаңғырып қалды. Мен басқарып отырған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» РҚБ құрылғанына 24 жыл болды.

Жүргізуші: Аға дәстүрлі медицина өкілдері мен халық медицина өкілдерінің арасында не бар. Көреалмаушылық, бақталастық.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Тоқал мен бәйбіше арасындағы айтыс бар.

Жүргізуші: Кім тоқал, кім бәйбіше өзі?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Бұлар емшілерді тоқал жасағысы келеді. Бірақ емшілер негізінде медицинаның әкесі, шешесі. Сондықтан біз ымыралықпен басқарамыз. Кеңес өкіметінің соңғы Денсаулық сақтау министрі Б.В.Петровский деген кісіге кеңес өкіметі уағындағы халық медицинасының әкесі атанған Я.Гальперин: “Осы халық медицинасынан біз ғылыми атақ қорғайық”, – деп айтқан екен. М.ғ.д., академик Б.В. Петровский: “Мен өлгеннен кейін 100 жылдан кейін қорғаңдар”, – деген. М.ғ.д., академик Шазовты білесіз ғой Кеңес одағының орталық партия комитетінің партбюросының өлгендерінің барлығының жаназасын шығарған. Сол Шазов мені жерлеп келгеннен кейін жазыңдар деген. Ендеше, орыстың ұлы ғұламалары осылай айтып мойындатып кеткен. Ал бізде не екенін халық өзі бағалайды.

Жүргізуші: Не дейсіз? Ғылым бар дейді.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Сіздің айтуынызша бүкіл халық медицинасының барлығы жүз пайыз керемет барлық ауруға көмектесе алады деп тұрсыз ба?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Барлық емшіге жауап бермеймін. Мен өзімнің қауымдастығымды айтамын. Жұқпалы аурулар, обыр, асқынған жүрек аурулары, ота қажет ететін аурулар, тері аурулары, ішімдікке салыну, жүйке аурулары, нашақорлар бар, небір сал аурулары бар осыларды емдейміз. Ине мәселесі бойынша бізде ешкім ине салып жатқан жоқ. Бірақ менде білемін. Қоғамдық ұйымның Жарғылық негізінде істейтін ғана жұмысы бар. Ары қарай бақылаушы органдар бақыласын. Алматыда 1200 адам тіркелсе бүгін байланыстағысы 10-15-ақ. 20 жылдай халық емшілерін халық медицина орталығында сынақтан өткізіп, лицензия берді. Осы лицензияға Қазақстан Республикасының заңдары негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 2012 жылы 10 шілдеде Денсаулық сақтау заңының 54 бабының 4 тармағына өзгеріс енгізілді. Алты ай медициналық мекемелерден емшілер тексеруден өту керек еді. Бұл қағида алынып тасталынды. Содан бері әрбір  ұйым өз емшісіне жауап береді.

Жүргізуші: Не дейсіз? Бұл кісінің сөзіне қарасақ бәрі жақсы.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Егер салыстырмалы түрде қарасаңыз жиырма жыл бұрын бұл нәрсеге түгелдей рұқсат берілген болса, қазіргі кезде соңғы заңда шектемелер енгізілген. Ол бекерден-бекер емес. Өйткені, зиянды жақтарын анықтағаннан кейін заңға өзгерістер енгізілген. Жалпы ғылыми медицина мен халық медицинасын салыстырсаң әрине бірінші орында ғылымдық жалпы медицина тұрады. Өйткені, күрделі ота жасауға үлкен технологиялар ғана көмектеседі. Халық емшісінің өзі ауырып қалса, жедел жәрдем шақырады. Халық медицинасын мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Бірақ әлі келетін және келмейтін жерін білу керек. Ол көре алмауда емес. Осы жерде Гаухар деген кісі кездесіп айтып жатыр. Бір әйелді жіберіп едік сіздерден үш егіз тапты. Яғни ол кісі біраз емдеп көрді. Психологиялық тұрғыдан әйелге күш беріп болатын шығар деп болмағаннан кейін негізгі медицинаға жіберді. Бізден болды соған бірге қуанып жатырмыз.

Жүргізуші: Біздің қоғамда не демесек те халық медицинасына деген сұраныс бар. Азаматтар барып жатыр. Оның басты себебі неде? Ол өсіп келе жатыр ма, азайып келе жатыр ма? Ғылыми медицинаға деген сенім кішкене төмендеп бара жатқан шығар?

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Мен ойлаймын халықтың санасына байланысты. Негізі сауатты адамдар ғылыми медицинаға барады. Бір-ақ нәрсе бұл жерде анық. Негізгі жалпы медицина бәрібір жоғары тұрады. Өйткені ол қолынан келері көп. Құрал-саймандар бар оны ешкімде ешқашан да жоққа шығара алмайды.

Жүргізуші: Зядан мырза келісесіз? Скальпельге қарсы қамшыны, лазерлік технологияға қарсы адыраспанды қоя аламыз ба?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: XV ғасырдың ғұлама шипагер ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ауру неден болады. Қайғы-қасіреттен, жоқшылықтан, көреалмаушылықтан, адамның денесіндегі қуаттың ауытқуынан т.б. себептерді атайды. Адамның қуаты ауытқыған кезде тепе-теңдік ауытқығанда белгілі мүшелері бұзылады. Бүгінгі заманмен айтсақ, діни тұрғысында сиқырдан, дуадан қазақи түрде айтсақ, көз бен тілден болады дейді. Өйткені, олар адамның денесінің тепе-теңдігін ауытқытып жібереді.

Жүргізуші: Қарсыласыңыз айтып жатыр дәстүрлі медицинада ғылыми негіз бар. Жаңа технология қолданамыз деп. Ал халық емшілері сондай дүниені қаншалықты қолданады. Халық емшілерінің шамамен қаншасының кәсіби медициналық білімі бар.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Менің қарамағымдағы адамдардың барлығы жылдап оқиды. Өзіміздің мектебіміз бар. Менен оқиды және халық медицинасының басқа да салаларын оқытатын мамандарымыз бар. Менің білімім психология, философия, дін ілімі және әдебиеттен де инженерлік те толып жатыр. Менің тогым көп өйткені мыңдаған кВ-қа қосып жіберсем жаман болады. Егер мен медицина қызметкерлерінің кінәсін айтатын болсам, қазір ол ынғайсыз болар еді. Денсаулық министрлігінің фармацевтикалық және медициналық қызметті басқару арнайы Департаменті бар еді ғой. Қоғамдық ұйымдардың қызметіне жауап беретін. Солар келу керек еді. Лицензия таратқан солар. Жаңағы жиырма жыл күңдік пен құлдықта ұстап емшілерді опасыздыққа тәрбиелеген де солар. Емшілер бүкіл жиырма жылдық табысынан айрылып, кейбіреулері масқара болып, тарихта қалмаса әрине теріс әрекетке барады. Біздікі бизнес емес. Менің анықтауым бойынша таза емші бар 10 пайызға жетпейді, жасандысы бар, аурулары бар және жалғандары бар. Бүгінгі күнде не істеп жатыр соған бейімделген. Арнайы бақылаудан өткен емдегеннің өзі сөз терапиясы ғой. Сөзімен сізді де мені де жаулап алады.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Сөз терапиясы халық емшілерінде мықты қойылған. Өзі сеніп тұрғаннан кейін ол адамды сендіру жеңіл ғой. Ал біздің дәрігерлерде ол жетіспейді. Адамды сөзбен, дәрімен және отамен емдейді. Бұл жерде дәрігерлер мен емшілерді емес халық медицинасы мен негізгі медицинаны салыстыру деп қарау керек. Өйткені адамның ішінде аласы да құласы да бар.

Жүргізуші: Рахмет. Енді жақтаушыларға сөз кезегін берейік.

Махсет Рысбаев, республикалық диагностикалық орталығының дәрігері: Бізде 5000 халық емшілері бар дедіңіз.

Түркменстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда бар дедіңіз. 5000 халық емшілері сізде оқитын болса, сіз өзіңіз инженер болсаңыз ол қалай болады?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Менің қалай болғанымды бір Алла тағаладан басқа ешкім білмейді. Ата-бабамыз соның өкілі XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы далада жүріп сенің Денсаулық сақтау министрлігіннің дәрігерлік оқуын оқыған да жоқ. Бүгінгі ғылыми медицинаның негізін қалап берді. Құрманғазы композиторлықты оқыған жоқ, Абай тіл-әдебиетті оқыған жоқ. Менің құпиямды ашқан Қазақстанда бір-ақ адам бар. Ол академик, абайтанушы филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов. Мына «Шипагерлік дәстүрі мен философиясы» деген ғылыми еңбегіме тұсау кескенде айтқан: «Бұл бабамыз туралы жазылған тұңғыш кітап. Енді Зядан омбылап жол салды. Сол сияқты бабаға осылай ғылыми тұрғыда із тасталды. Бағанадан бері ойлап отырмын. Шын мәнінде біздің Өтейбойдақ бабамыз қазақтың ибн Синасы. Бұл еңбекті Зядан жайдан-жай жазбаған. Осындай жауапты ғылыми еңбекті жазуда автор ғарыштық байланыстық жүйені де және осы заманғы ғылыми жүйенің талдамаларында дұрыс пайдаланып, өзінің ғылыми тұжырымдамаларын ұлттық философиялық талдауда нақ түсіндіре білген. Қысқасы З.Қожалымовтың бұл еңбегі Орта Азияда алғаш жазылған әл-Фарабидің «Медициналық трактатынан» кейінгі екінші еңбек ал, қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласындағы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындағанымыз жөн”.

Махсет Рысбаев, республикалық диагностикалық орталығының дәрігері: 5000 халық дәрігері бар дедіңіз. Сіздің лицензияңыз жоқ болса, олар сізден қандай білім алады. Ол халықты емдейді.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: 5000 болғанда оның бүгінгі күні байланыста тұрғаны 600-дей ғана. Оның барлығы шетінен кетті. Жүздің жүйрігі, мыңның тұлпары қалды. Болды. Өйткені біздің Жарғыда қайта құру, тарату, біреуге қосылу барлығы қарастырылған. Бізді бақылайтын орындар бар. Көбі қауымдастықтың мүшесі. Ал емшілерге рұқсатымызды береміз. Кейінгі заңға байланысты. Оның барлығын бақылап отырмыз. Ал алдампаздыққа баратындар сезілсе оған кешірім жоқ. Мені инженер деп кемітпе?! Менің жазған еңбектерімді жоғарғы оқу орындарында оқулық етіп жатқандарына тәубе деймін.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы:

Бұл жердегі мәселе халық емшілігі. Оны 2012 жылдың 10 шілдесінен бастап босатылған. Әркім өзінің адамын өзі бақылайды. 01.03.2013 жылы берген министрліктің хаты бар.

Жүргізуші: Рахмет. Енді сіздің жақтаушыларыңызды тыңдайық.

Болат Сүлейменов, сынықшы: Біздің ғылымға ешқандай қарсылығымыз жоқ. Менің медициналық оқуым жоқ. Алла тағала берген қасиетім бар. 57 жасқа дейін бизнесте жүрдім. Экономикалық факультетті бітіргем жоғары білімді адаммын. Уақытында екі институт бітірдім. Бірақ, бәрі Алла тағаланың құдіретімен осы қасиетті 57 жасымда сынықшылықты берді.  Бес жыл болды айналысқаныма. Сынық саламын ашық болсын, жабық болсын. Он жерден жиырма жерден сынады. Аварияда опырып тастайды. Соны 1-2 сағатта жинап салып беремін. Бұған не дейсіңдер? Маған жай адам келмейді сен менімен қарсыласпа. Мен жеті хазірет деген сынықшымын.

Махсет Рысбаев, республикалық диагностикалық орталығының дәрігері: Сіз ғылыми зерттеуге апарып көрсеткен жеріңіз бар ма? Ғылыми мақалаларыңыз бар ма?

Болат Сүлейменов, сынықшы: Мен оған не деймін. Жазған мына академик Зядан қажыға сенбей отырғанда мен не айтамын. Негі осы кісіні тыңдамайсыңдар?

Жүргізуші: Рахмет. Келесі жақтаушыңыз Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Мерей Шәріпханұлын тыңдайық. Сіз салыстырып айтсаңыз Қытайда халықтық медицина жақсы дамығанын білеміз. Шығыс-Тибет медицинасының отаны. Қазір біздің елде де сол саланы меңгеріп, халыққа ем-дом көрсетіп жатқан азаматтар жеткілікті. Кәсіби деңгейі бары да, төмендеуі де кездеседі.

Мерей Шәріпханұлы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы:

Халық медицинасы бізге керек. Біздің де кейбір нәрселерден артықшылықтарымыз бар. Мысалы, бұлау, тері аурулары жөнінде. Қазақтың да өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ емшілігінде сынық өте дамыған. Сынықты дауалау дейді. Осы жақтардан біз енді ғылымның арнасына түсіріп, лицензия жөнінде таласып жатырмыз. Баяғыда лицензия берілген жоқ. Ешкім оны білген де емес. Бұлар халықтың ішіндегі әлмисақтан келе жатқан дүниелер. Соны ғылыми деңгейге көтеріп, дамыту керек. Соған мүмкіндік жарату керек. Зерттеу керек. Көп жағын зерттеу керек. Бізде көп мәселе ашылған жоқ.

Жүргізуші: Қытайда халық медицинасы қаншалықты зерттелген? Қаншалықты ғылыми мемлекеттік қолдау бар деген сұрақ.

Мерей Шәріпханұлы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы: Қытайда емшілік емдіктің өзінде есебінде тұр. Ол жерде дәрігер мен бақсы балгер екеуі бірлесіп, жасалады. Қытай әріпінің өзінде өз тілінде  жазылған. Ол жақтарда көбінде мынау шөп дәрілерді пайдаланады. Әрі екі жағы да бізге керек.

Жүргізуші: Сарапшыларға сөз берсек. Арамызда белгілі журналист «Айгөлек» журналының Бас редакторы Қымбат Әбілдақызы отыр.

Қымбат Әбілдақызы, ҚР Мәдениет қайраткері: Бұл Тәңірден берілетін қасиетті үнемі біз ғылыми жетістікпенен ғылыми дәлелменен түсіндіре алмаймыз. Халық үшін, халықтың жаны мен тәнінің саулығы үшін шіркін-ай екеуі екі бөлінбей-ақ қойса деймін. Біреуі мемлекеттікпіз деп, біреуі халықтықпыз деп бөлінбей-ақ екі медицинаның да халыққа деген пайдасын өз орнымен, өз жүйесімен жұмсауға заңдылық тұрғыдан көңіл бөлсе деп армандаймын. Ал сөз жоқ білім алынған арнайы маманданған медицина дегеніңіз, оның неше тәжірибесінен өту дегенініз оған ешкімнің ешқандай дауы жоқ. Сөз терапиясы дейді мен сол сөздің өзіне қарсымын. Сіздер соны сөз терапиясы дегеннен гөрі, мейірім терапиясы деп айтпайсыздар. Сіздер алдарыңызға барған өзі соры қайнап ауырып, бірінші Құдайдан екінші сіздердің алдарыңыздан жазылып шығамын ғой. “Осы жөнін айтады ғой, осы емдейді ғой” – деп барғанда. Шіркін, дәрігерлердің қабағының бір ашылмай ауруға жауап беретініне қынжыласын. Шіркін солардың бір мейірімі түсіп, құрығанда жылы жүзімен қарап, алдыма ауру келді ғой, мен осыларды емдеу арқылы нан тауып отырмын ғой демейтін бізде медиктер өте көп қой. Ал бірақ біздің шын мәнісінде ауруымызды қазып табатын, шұқып табатын инемен құдық қазғандай бүкіл тесік-тесіктен өткізіп түбі өзі емдей алсын, емдей алмасын ауруымыздың неден болғанын не екеніне көзімізді жеткізетін кәсіби медицинаны қалай мойындамайсын. Ал кәсіби медицинаның қатты оқығандары соншалық. Бірден ота жасаймыз дейді. Мысалы менің танысым, жақыным шетелден аяғын сындырып әкелді. Тобықтан сүйегі шытынатып аяғын баса алмай, қазақша айтқанда қан қақсап, ұйқы-күлкіден айырылып келді. Ең деген хирургтарға көрсетпейміз бе. Сонда бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай айтатыны операция кесіп тастаймыз дейді. Тобықтан аяқсыз қалдырамыз дейді. Бітті. Бәрі шытынап кеткен уақыт өтіп кеткен дейді. Ал сынықшыға апарып еді. Біз Тоқаң деп кеттік сол кісінің негізгі атын білмеймін. Әлгі сынықшының айтқаны тағы да кәсіби медицинаға арқа сүйеді. Рентгенін әкеліңіздерші деді. Рентгенін апардық. Жоқ. Мен бір апта жіліктің майыменен сылап емдеп көрейін. Мүмкіндік бар деді. Сол ота жасаймыз деген жігіт қазір ешқандай бұлтты күні де сырқырамайды, ауырмайды. Жазылғаннан кейін рентгенге түсірген кезде жаңағы тіпті ешқандай жарықшақтың белгісі жоқ. Соны қайтадан рентгенге түсіріп дәрігерлерге алып бармаймыз ба. Дәрігер жолдастар-ау, неше жыл оқыған жолдастар-ау, сіздер мынаның өрімдей жігіттің аяғын кесіп тастаймыз дедіңіздер деп апарғанда, көздері бақырайып емшінің телефоның беріңіздерші деді. Телефонын алып қалды. Иранғайып деген ақынды естідіңіздер ме? Қасымхан Бегіманов деген ақынды естідіңіздер ме? Екеуінің де мамандығы политехникалық институтты бітірген. Ал екеуінің ақындығы тіл-әдебиетті бітіргендерден жүз есе артық дарын. Яғни, халық медицинасын неге шынайы Тәңірден берілген дарындылық деп түсінбейміз. Менің айтайын деп тұрғаным. Мен лицензиясы жоқ, білімі жоқ халықтық медицинаның жақтаушысы емеспін. Бірақ адамға жан тәтті, жанын сау болса тәнін сау болады. Тән тәтті. Сол кезде адам сенің дәстүрлісің бе? Сен кәсібисің бе? Шетелден оқыдың ба? Сіздің оқыған оқуыңыздың керегі жоқ. Жазылатын шешімі керек. Сондықтан менің екі медицинағада ешқандай өкпем жоқ. Арманым екі медицинаның бізге керек жерің шіркін-ай қамқорлық, тексеріс, қадағалау және бақылаумен екеуінде ұстасақ қой.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Дарынды, дарынсыз дәрігерлер бар. Дарынды емшілер бар. Ал енді өзіне-өзі сеніп негізінде ешқандай емшілік қасиеті жоқ кейде психикалық ауытқулары бар халық емшілері бар. Сондықтан бұл жерде адаммен адамды салыстырмайық. Ғылыми медицина мен халық медицинасын салыстырайық. Сонда екеуінің де көмегі бар кездері болады. Мысалы медицина көмектеспегенде халық медицинасы көмектеседі.

Қымбат Әбілдақызы, ҚР Мәдениет қайраткері: Салтанат ханым мен сізге айтып отыр емеспін бе. Сонда оның нәтижесінен кейін бәрібір біз осы қалай болды деп, кәсіби медицинаның алдына бардық деп отырмыз ғой.

Мұхтар Төлеутаев, Астана қаласы онкологиялық диспансерінің бас дәрігері: Мен сізбен көп жағдайда келісемін. Бұл жерде жаңағы дәстүрлі медицина мен мамандандырылған медицина бірігіп істейтін жерлері бар. Өйткені, адамда тек тән ғана емес жан да бар. Жанын емдеу үшін кейде емшілердің кәсіптік шеберліктері жоғары болады. Сол шеберлікті үйрету үшін дәстүрлі медицина оқу орындарында емшілердің қолданатын кейбір әдістерін біздің кәсіби медицинада қолдануға болады. Ұлылардың айтқан сөздері бар бір сөзбен адамды өлтіруге болады, бір сөзбен адамды жазуға болады. Сондықтан бүгінгі күнде қарама-қарсы қойып керегі жоқ. Әрқайсының өзінің межесі болады. Кейде біздің емді алып жатқан адам қосымша емшіден улы заттармен қосымша ем алады да, біздің емдеу нәтижеміз онсыз болады. Артынан туыстарынан білеміз. Емшінің берген сулема дейді адамды өлтіретін қатты улы затпен сонымен қосымша алмаспен емдейді дейді. Соны берген жас адам өкінішке орай дүниеден озды. Біз емдеп жатқанда ота жасалды. Асқазан обырына қосымша зат берген екен. Бүгінгі күнде жаңағы сынықшы деп жатырмыз. Сынықшылар, жалпы халық медицинасы ол атадан балаға мұра ретінде берілген қасиет болса, оны құптауға болады. Халық әртүрлі күйзеліс жағдайда болғанда қайда барарын білмей қалады да, мен емшімін деген адамға барып теріс нәрсе алуы мүмкін. Біздің қоғамда 99,9 пайызы білімді адамдар. Солар сараптап арасында қай жаққа барарын, дұрыс бағытын тауып уақытында барса менің ойымша бірігіп ем жасап халыққа ол кісілерде көмек жасап, біз де көмек жасауымыз керек.

Жүргізуші: Сіз осы онкология саласындағы мықты маман сарапшылардың бірісіз. Егер науқастың онкологиялық диагнозы дәлелденсе, халық емшілеріне баруға бола ма жоқ па?

Мұхтар Төлеутаев, Астана қаласы онкологиялық диспансерінің бас дәрігері: Жоқ, менің ойымша тек жаңағы психотерапия дейді ғой. Сөзбен, адамның рухын емдеуге бару керек. Ал физикалық емге баруға болмайды.

Жүргізуші: Бағдарламамызды қорытындыласақ тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығарайық. Сіздің түйін сөзіңіз. 

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы:Халық емшілігі адамзат дәуірінің алғашқы кезенінен бастап бүгінге дейін жалғасуда. Ол дамып, өркендеп келеді. Сондықтан да ол ұлтпен бірге жасасады, жалғасады және  ол өлмейді. Емшілік саласына білімділік, мәдениеттілік, имандылық керек. Мен ғылыми медицинаны құрметтеймін. Олардың мамандарының сауатсыздығын ашық айта аламын. Айналып келгенде екеуі де адам денсаулығы, адам жаны мен тәні үшін қызмет еткендіктен де адамның адами тұлғасын сақтауына емші мен дәрігердің сауаттылық пен имандылықты арттыруы керек деп есептеймін.

Жүргізуші: Рахмет. Сіздің сөзіңіз.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы:

Негізі ғылыми медицинаның да, халық емшілінің де мақсаты біреу болу керек. Адамды адастырмау керек. Қолынан келетін затты айту керек. Бізге келген кезде айтамыз сізге мынау ғана көмектеседі. Халық медицинасының емін қабылдап жатса қандай түрі соны анықтап барып ғана айтамыз. Бұл саған көмектесуі мүмкін, осымен емделіп көр. Нәтиже жоқ болса, онда бізге келесің дейміз. Ал кейде зиянды түрлері бар. Химиялық заттармен емдеу немесе пациентке сен ешқашан балалы болмайсың деген емшілер болды. Ол жалған ақпарат. Өзіне қиын жауапкершілік алуды тоқтату керек. Ауруың бар ма бірінші дәрігерге көріну керек.

Жүргізуші: Рахмет. Қысқа-нұсқа сұрақ қоямын. Соған бір ғана ауыз сөзбен жауап берсеңіз. Менің сөзім емес халықтың сөзі халық медицинасы өкілдерінің кейбір бөлігі бұл салаға ақша табу үшін бизнеспен айналысу үшін келеді деген пікірді айтады. Осы рас па?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Толық дәлелденбеген.

Жүргізуші: Халықтық медицина ғылым ба? Жоғарыдан келген миссия ма өнер ме? Не ол?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Тылсымдық өнер және жоғарыдан келген миссия.

Жүргізуші: Жақсы рахмет. Халықтық медицина ғылым ба? Жоғарыдан келген миссия ма өнер ме? Не ол?

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Халық емшілігі ол дарын.

Жүргізуші: Адал емші мен алаяқ емшіні ажырата аласыз ба?

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Ажырата аламын. Өйткені өз басымда болған. Бедеулікпен жүрген кезде бірталайына барып көрдім.

Жүргізуші: Бүгінгі бағдарламадан түйгеніміз қазіргі медицинаның тамыры халық емі екеніне ешкім дау айта алмайды. Білікті дәрігер қашанда халықтық ем мен дәстүрлі емді бір-біріне қарсы қоймаған, қайта оларды үйлестіріп кәдеге жаратқан. Шындығында адамның тәні көп кеселден өзі-ақ құтылады. Емші не дәрігер оның тек күш-қуатын іске қосуы ауруға қарсы жұмылдыруы тиіс. Яғни денсаулықтың жақсаруы шипалы емде саулық мәдениетінде және саулық пен емдік мәдениетін демейтін қоғамдық қолдауға байланысты екендігін естен шығармайық.

Келесі жекпе-жекте жүздескенше.   

05.11.2015 ж. Астана қаласы

«Кешкі кездесу» бағдарласы

 

Жан сарайының рухани азығы кешкі кездесу. Армысыздар ардақты ағайын. Біз бастаймыз. Арақұмдағы емші бала Ербосын Серікбаев туралы. 

Аман Тасыған, жүргізуші: Кешкі кездесу бағдарламасында бәрімізге белгілі Зядан қажы. Аға қалыңыз қалай? Көңіл күйіңіз дұрыс па? Балаңыздың өнерін тамашаладыңыз. Өнері жайында пікіріңізді айтып өтсеңіз.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті: Алла тағаланың құдіретінің нәтижесінде барлық тіршілік иелері ғарыштық жүйенің бақылауында өмір сүреді. Соның бір саласы емшілік те өнер саласына жатады. Емшілік қонған адамның бойында көптеген қасиеттер болады. Соның біреуі мына емші баламыздың ән айтуы. Өлең жазуы. Әнді керемет орындауының өзі соның белгісі деп ойлаймын. 

Аман Тасыған, жүргізуші: Зядан аға балаңыздың айтқан пікіріне не дейсіз?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті: Мына баламның айтып отырғанының ешқандай теріс әрекеті жоқ. Егер біз дін жолына келетін болсақ, мұндай нәрселердің барлығын жын-шайтанның әрекеті дейді. Соны ұстап алған молдалар бар ма екен. Айтсыңшы. Екінші медицина саласына салатын болсақ, психоз, невроз, шизофрения дейді. Олардың айдан басқа айтары жоқ. Сондықтан мына баламызды ата-анасы көзден, тілден, пәледен сақтау керек. Аралда ниеті өте жаман емшілер көп. Бұл балаға көбірек адамның келуі олар біздің нанымызды алып кетті деп неше түрлі әрекеттер жасайды. Бірақ бір Алла тағалаға сену, өзіне сену, өзін қорғауды білсе ешқандай жау алмайды. Бұл жөнінде менің отыз жылдық тәжірибемнен басымнан өткен болатын.   

Аман Тасыған, жүргізуші: Зядан аға сіз не дейсіз?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті: Бисмилаһир рахманир рахим. Кейбір шала молдалардың өзі халқымыздың көзін ашудың орнына қараңғылатып бара жатыр. Ал енді емшілік деген, Алланың құдіреті. Бүгінгі демократия заманында кім қайда барып емделеді, шетелге бара ма, дәрігерге бара ма, емшіге бара ма өзі біледі, шипасын көрсе болғаны. Мен бір қаридан сұрап едім: «Осы Қыдыр ата қайда, жын-шайтан қайда», – деп едім. Ол: «Оны ұстаған кім бар екен деді. Кім оны видеоға түсіріп алыпты. Кім онымен құшақтасып суретке түсіпті. Оны қайдан білесің. Маған Бұхарадағы ұстазым солай айтқан», – деді. Сондықтан әр адамның жүрегінде Алласы. Бізді жамандап келіп, осындай дегеннен гөрі әркім өзінің жыртығын бүтіндеп алуы керек. Емшілер Рәтбек қажының уақытында Семейдегі мешітте имамы адам өлтірді, Өскеменде имам адам өлтірді, Аякөзде имам мешітті тоңап қашып кетті, – деген. Иншалла, менің қарамағымдағы емшілерді әлем біледі ондай анау-мынау пәледен аулақ. Сондықтан артық сөз айтқаннан гөрі әркім өзінің жанына қарап алсын.

«Еуразия» бірінші арнасы, 2015 жыл

 

«Айғақ» телеарнасы

 

Жүргізуші: Қазақ өлкесіндегі медицина саласы ежелгі дәуірлерден-ақ кеңінен қанат жайған өнер. Орта ғасырларда бұл бағытта көлемді зерттеулер жүргізілген. Аты әлемге әйгілі болған ибн Сина, әл-Фараби секілді ғұламалар да осы Алаш атырабының перзенттері. Солардың заңды жалғасы болған көшпелі қазақ жұртының халық емшілері ғасырлар бойы қалың бұқараның дертіне дауа, сырқатына шипа бола білген. Жетпіс жыл қызыл империя тұралатқан қазақ халық медицинасы тәуелсіздік алған соң қайта жаңғыра бастады.

1991 жылы профессор, академик Зядан қажы Қожалымовтың бастауымен «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» РҚБ құрылады. Араға бір жыл салып ҚР Әділет министрлігі тіркеуден өткізді. Қауымдастықтың мақсаты халықтық медицинасының қуатының нығаюына үлес қосу, емдік сауықтыру, ғылыми ағартушылық жұмыстарын жүргізу. Зядан қажының жетекшілік етуімен жұмысын бастаған ұйымның жыл санап қатары көбейіп, қадірі арта түседі. Бүгінде оның құрамында 6000-дай халық емшілері бар.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» президенті: Құрылғанына 24 жыл болған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» РҚБ кейінгі кезде Ұлттық рейтингілердің халықаралық рейтинг Одағының (Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина, Әзербайжан, Беларусия, Грузия) үздіктерінің қатарына қосылып жатыр. Бұл ұйым әлемге танылды соның ішінде ғылыми жақтан. Біз халық емшілігінің өмірде болмаған ғылыми негізін жасап таныттық. Ол бірнеше тілдерге аударылды. Құдай қаласы 2016 жылдың 30 шілдесінде респбуликалық ұйымның 25 жылдығы аталып өтіледі. Бұл ұйымның қарамағындағы мүшелерінің бірлігі мен ынтымағының нәтижесі. Қауымдастықтың «Шипагерлік баян» газеті тұрақты түрде шығып тұрады және «Шалкөде» баспасы да жұмыс істеуде. Халық медицинасы және космоэнергетика академиясы жұмыс істейді. Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығы да жұмыс істейді осының бәрін басқарып отырған жайымыз бар.

Жүргізуші: Жылдағы дәстүр бойынша халық емшілері қауымдастықтың құрылғанына орай бас қосады. Биылғы жылы оңтүстікке табан тіреген емшілер бұл жиынның өтетін орны текке таңдалып алынған жоқ дейді. Қауымдастық президенті қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтауда оңтүстік өңірінің маңыздылығы ерекше деген ойда.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» президенті: Үш млн. халықты құрамына алған Оңтүстік Қазақстан облысы. Біз оны қазақтың қара шаңырағы деп есептейміз. Қилы-қилы заманда қазақтың тілін де, дінін де, дәстүрін де сақтаған осы өңір. Сондықтан осы өңірге келіп, халқына сәлем беріп, азаматтарымен қол алысып, аруақтарға дұға бағыштап, қуанышпен келіп отырған жайымыз бар.  

Жүргізуші: Қауымдастықтың бүгінде жеткен жетістіктері айтарлықтай. Ұлттық рейтингілердің халықаралық рейтинг Одағы (Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина, Әзербайжан, Беларусия, Грузия) қауымдастықты 2015 жылдың үздігі деп таныған. Ал қауымдастық президенті Зядан Қожалымов «Жылдың үздік басшысы» атанды.

Шымкент қаласы, 2015 жыл.

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

 

в начало