Ғибратты өмір

 

 

1

 главная                                                  вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28

 

 

 

Зядан Қожалымов

 

 

 

Ғибратты өмір

 

 

 

Алматы 2014

 

 

УДК 070

ББК 76.01

Қ      56

                             

                Пікір жазған: Әнуар Тарақ – филология ғылымдарының

                                                                     докторы, профессор

 

        Қожалымов З.

Қ     56   Ғибратты өмір: Ғылыми пікірлер, мақалалар, сұхбаттар, өнер т.б.

/ З. Қожалымов. – Алматы: Шалкөде, 2014. –  341-бет.

 

 

      ISBN   978-601-7262-22-8

 

Бұл еңбектің авторы халық медицинасы саласының белгілі ғалымы, өнер саласында да таныла бастаған ақын-сазгер, мәдениеттанушы ғалым, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, халық медицинасының профессоры, академик, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті – Зядан қажы Қожалымов. Жинақта автордың ширек ғасырға жуық ғылым мен өнер саласындағы жетістіктері туралы өткен «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық конференцияда (ҚР ҒА «Ғылым ордасы» ғимаратында, Алматы, 02-08.2014) баяндама жасаған және құттықтаған көп салалы ғылымның ғалымдары, өнер саласы мамандары мен емшілердің пікірлері, ғылыми мақалалары, автордың телеарналарға берген сұхбаттары және автордың торқалы мерейтойына байланысты ізгі тілектер мен құттықтаулар т.б. мәселелер жинаққа енгізілген.

 

Кітап зерттеушілерге, халық емшілері мен көпшілік оқырман қауымға арналған.

                                                                              УДК 070

                                                                                   ББК  76.01

 

 

ISBN  978-601-7262-22-8                                               © Қожалымов З., 2014

                                                                                         © «Шалкөде», 2014

 

 

 

 

 

Елбасының алғыс хаты

фото

 

Құрметті Зиядан қажы!

 

Сіздің және Сіздің әріптестеріңіздің мені Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсынып, сенім артқандарыңызға тебірене толқыдым және өте ризамын.

Мұны президентке кандидат ретінде мені ғана емес, елімізде болып жатқан оң әлеуметтік-экономикалық және демократиялық қайта құруларды қолдау деп бағалаймын.

Сізді және Сіздің әріптестеріңізді 4 желтоқсан күні келіп, біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының болашағы үшін дауыс беруге шақырамын!

 

Табыстар тілеген ізгі ниетпен,                             Нұрсұлтан Назарбаев

 

Уважаемый Зиядан Хаджи!

 

Меня очень тронуло Ваша поддержка и поддержка Ваших коллег мою кандидатуру в Президенты РК и доверие, оказанное мне, и я от всей души благодарю Вас.

Я оцениваю это как поддержку не только меня, как кандидата, но и как поддержку положительных социально-экономических и демократических перестроек, происходивших в нашей стране.

Вас и Ваших коллег призываю голосовать 4 декабря за будущее нашей Родины - Республики Казахстан!

 

С пожеланиями успехов,                                    Нурсултан Назарбаев

 

Dear Ziadan Kozhalymov!

 

I am very grateful to you and your colleague’s support of my candidacy for President of the Republic of Kazakhstan and I’m really grateful for trust.

I appreciate your support not only as the candidate, but also as support of the positive social and economic and democratic reform that took place in our country.

I call you and your colleagues to vote on December, 4th for the future of our Motherland – the Republic of Kazakhstan!

 

    With best wishes,                                                       Nursultan Nazarbaev

 

 

 

Алғы сөз

 

Қазақ халқының емшілігіежелден келе жатқан дәстүрлі емдеу тәсілдері бар ұлттық медицинаның қарапайым түрі. Сонау замандардан-ақ ата-бабаларымыз табиғаттың қасиетін білген, сезінген, өсімдіктер дүниесінің пайдасы мен зиянын пайымдаған, оларды адам денсаулығына пайдаланған. Тіпті төрт түлік мал өнімдерінің денсаулыққа қандай ықпалы барын жете сезінген. Ежелгі ауыз әдебиетінде, аңыз-әңгімелерде, көріпкелдік, болжампаздық, шипагерлік, емшілік, бақсы-балгерлік, түс жорушылық, т.б. адамның айрықша қасиеттері жайлы аз айтылмайды. Тек Совет үкіметі кезінде ислам дініне теріс көзқарас салдарынан халық емшілігі ұзақ уақыт көлеңкеде қалды. Алайда ел арасында оның білгірлері адам денсаулығы жолында аянып қалмады. Жариялылық келіп, ел демократияға бет бұра бастағанда емшілер әр өңірден шыға бастады. Еліміздің тәуелсіздік алуынан кейін-ақ, Республика үкіметі  халық емшілігіне кең жол ашты. Солардың арасында бүгінде халқымызға есімі белгілі, ұзақ жылдардан бері халық емшілігін дамытуға үлес қосып келе жатқан Зиядан қажы Қожалымовты бөле-жара атауға болады. Оның табандылығымен, жігерлілігімен құрылған «Қазақстан халық емшілері» қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігі міне, 23 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Осынау емшілік бірлестігінің атқарған істері де қыруар. Солардың басы-қасында оның тұңғыш президенті З. Қожалымов жүрді.

З.Қожалымовтың 23 жылдың ішінде жазған кітабы да 23. Бұл үлкен еңбекқорлықты, ізденісті қажет етеді. Олардың бірқатары таза емшіліктің қыр-сырларына қатысты. Ол мақала, зерттеулер жазумен бірге, өлең де жазады, ән де шығарады. Мысалы, 2001 жылы шықққан «Мәңгілік құпия шежіресі» атты кітабы әлі күнге дейін көпшілік ықыластана оқитын, қолдан-қолға көшіп жүрген бағалы еңбек. З. Қожалымовтың «Тылсым дүниенің құпия емдері», «Рухани емшілік ғаламаты», «Ғаламның жұмбақ сырлары», «Рухани және музыкалық шипагерлік», «Денсаулықты жақсарту жолдарының тәсілдері» атты кітаптарының атаулары-ақ айқындап тұрғандайхалықта баяғыдан қалыптасып, дәстүрге айналған емшіліктің сан-қырлы ерекшеліктерін, емдеу тәсілдерін, денсаулықты күту жолдарын, табиғаттың түрлі көздерін пайдалануды үйретеді. Бәрі де пайдалы ақыл-кеңестер ғана емес, тіршіліктен түйіндеген тәжірибелер. Осыншама кітапты ешқандай  қосалқы авторсыз-ақ өзі жазды. Зиядан аға жазуға кеш келсе де тез  машықтанды. Әрине, алғашында ақыл-кеңес берген, түзетіп, өңдеген қаламдас інілеріне деген ризашылығы жүрегінде. Алғашқы жазған мақаласы ғанағаттандырғаннан кейін Құдай берген бақ та, дарын да білім де қатар қонған Қожалымовтың қаламы жорғалап кете берді. Шабыты шалқыған шақта жыр да жазды, әнге көңілі құштарланды. Ең алғаш «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән-өлеңдер шағын жинағы Алматыдағы «Сөздік-Словарь» баспасынан 2000 жылы шыққан еді. Содан кейін 2001 жылы шыққан, оқырмандар қызыға танысқан «Мәңгілік құпия шежіресі» (448 бет) атты кітабы да сол баспадан жарық көрді. Он жылдан аса жаңа құрылған қауымдастықтың түрлі жұмыстарымен жүріп, үзіліс жасаған Зиядан аға 2004 жылдан кейін өнімді еңбек етті, кітаптан соң кітап шығарды. Солардың басым көпшілігі қауымдастық жанынан өзі ашқан «Шалкөде» баспасынан басылып шықты. Бірқатар кітаптары «Қазақстан халық  емшілері» қауымдастығының жұмысына, өткізген форумдарына конференциялары мен түрлі жиындарына, шараларына арналды.

З.Қожалымовтың қазақ ғылымына әкелген ауқымды еңбегі және зор жаңалығы – XV ғасырдағы шипагер ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты ежелгі дәуірдегі медициналық энциклопедиялық еңбегінің ғылыми айналымға енгізілуі. Қазақ халқының тарихына, дәстүр-салтына, елдің, мемлекеттің негізіне шет елдік және ТМД елдеріндегі кейбір ғалымдардың теріс көзқарастары туындаған кезде Өтебойдақ бабамыздың осынау ғаламат еңбегінің құндылығын дәлелдеп шықты. Түрлі саладағы ғалымдарға үн қосты. Сөйтіп «Шипагерлік баянның» беймәлім әлемін ашуға ұмтылған, Ө. Тілеуқабылұлы мұралары бойынша бірқатар диссертациялық жұмыстар қорғалды. Ал баба кітабының халықтық және қазіргі медицинамен тығыз сабақтастығын, басқа да ерекшеліктерін пайымдаған зерттеуші-ғалым бірқатар кітаптар жазды. Олар: «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық емшілігінің өркендеуі», «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары», «Қазақтың ғалым шипагері Ө.Тілеуқабылұлы», «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» және т.б.

2009 жылы 24-26 шілдеде Тараз қаласында өткен «Қазақтың ғалым шипагері Өтебойдақ Тілеуқабылұлы (XV ғ.)» атты халықаралық конгреске арнайы қатысқан Қытай, Ресей, Франция, Орта Азия және Қазақстандық ғалымдар шипагер Өтейбойдақ баба туралы жан-жақты мағлұмат алды. Абайтанушы ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы: «Бұл бабамыз туралы жазылған тұңғыш кітап. Енді Зиядан омбылап із салды. Бабаға осылай ғылыми тұрғыдан із тасталды, енді оның артынан еретіндер үлкен жол салу керек... Шын мәнінде біздің Өтебойдақ бабамыз қазақтың ибн Синасы. Бұл еңбекті Зиядан жайдан-жай жазбаған. Осындай жауапты ғылыми еңбекті автор ғарыштық байланыстық жүйені және өзінің ғылыми тұжырымдамаларын ұлттық философиялық талдауда нақ түсіндіре білген. Қысқасы Зиядан Қожалымовтың бұл еңбегі Орта Азияда алғаш жазылған әл-Фарабидің «Медициналақ тарактатынан» кейінгі екінші еңбегі ал, Қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласындағы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындағанымыз жөн... Қысқасы З.Қожалымовтың қазақтың ғұлама шипагері Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегін таза ұлттық филолософиялық танымдағы зерттеуін ғылымдағы жаңалық ретінде жоғары бағалаймын», – деп айрықша атап өтті. Ал, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, философия ғылымдарының докторы Жақан Молдабеков: «З.Қожалымов Қазақ хандығындығының қараүзген шипагері, шығыстың екінші ибн Синасы Өтебойдақ Тілеуқабылұлының мұрасын насихаттауда өзіндік үлесін қосып келе жатқан жанашыр іздемпаз, ғалым»деген пікір берді. Мұндай жақсы пікірлер әр сала мамандарынан да білдірілді.  Бұлардың бәрі З.Қожалымовтың еңбегін құрметтеу екені белгілі.

З.Қожалымовтың жазған мақалалары мен зерттеу еңбектерінің саны 500-дей. Ал олардың шығарылу географиясына қарасаңыз, әр алуан. Республикалық, қалалық, облыстық газеттер өз алдына, республикадағы ең беделді ғылыми басылымдарда да жарияланған. Тақырыптары да әр алуан, халық медицинасы, философия, психология, ислам дінінің ерекшеліктері, әдеп, адамгершілік, имандылық мәселелері, т.б. Зиядан ағаның әр мақаласы өзіндік ой-пікірмен, ғылыми тұжырымдарымен дараланады. Әр еңбегі оқырмандар тарапынан да пікір туындатып қолдауға ие  болды. Он шақты журналдарда да мақалалары жарық көрді.

Міне, тағы бір «Ғұмырнама» атты кітабын сіздерге ұсынып отыр. Бұлжетпістің заңғар шыңына шыққан елімізге белгілі халық медицинасын зерттеуші, ғалым, парапсихолог, қажы, ақын әрі композитор Зиядан Қожалымовтың бұл ұзақ жылғы еңбегінің жемісті нәтижесі. Қажымай-талмай еліне үлкен еңбек жасаған З. Қожалымовқа денсаулығыңыз зор, жазарыңыз көбейе берсін, өрісіңіз жаңа ұрпақпен кеңейе берсін демекпіз!

Филология ғылымдарының докторы,

ҚазҰУ-нің профессоры                                                     Әнуар Тарақ

 

 

 

 

 

Автордан

 

Қазақ халқының ішінде тылсымның құпия сырларына жандары жақын киелі дарынды адамдар  ежелден-ақ белгілі болған. Ғарыштық жүйемен байланыста жеке ерекшеліктерімен бүгінде  ел тарихында аттары жазылған, осы жаңа дәуірдің басында алдағы төрт мың жылды болжаған Майқы би, еліне қасиетімен белгілі Бекет ата, Абылайханның түсін жорыған, бүгінгі  өмірімізді дәл болжаған жетісулық Өтеген батыр т.б. бабаларымыз ұлт мақтанышына айналды. Қазақ халқының да өзінің М. Нострадамусы мен Вангасы болғандығы дәлелденді. Ұлттық ғылымда қазақтың өз Ибн Синасы атанған ғұлама ғалым, қараүзген  шипагері  Жетісулық Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы сияқты бабасы болғандығы жөнінде тарих бетіне ғылыми зерттеу мен дәлелдер бойынша жазылды. Осындай ірі жетістікке жетуде  меніңде қөп жылғы ғылыми зерттеулерімнің оң нәтижесі екендігін, менің еңбегіме арналған ғылыми конференцияда жеке пікірлерін білдірген ғалымдар мен зерттеушілер, емшілер, оқырмандар мен шет елдік меймандар да  ризашылығықтарын білдіріп атап өткені маған ғана құрмет емес, халықтық шипагерлік өнеріне құрмет деп бағалаймын. Қысқасы, қазақтың тарихы жоқ халықтық шипагерлігі тұңғыш рет ғылыми тарихи жүйеге енуі ұлт мақтанышы еді.

Өйткені, әр адамның тағдырынамасына қарай өмір жолдары жалғасатыны сияқты, менің де өмірім қилы да күрделі өзгерістерге  толы болды.  Өткен жетпіс жылдық өмірімді көз алдыма елестетсем, балалық кезім екі жасыман бастап осы жасыма дейін талай аумалы да төкпелі жолдардан өтіппін. Осыдан 23 жыл бұрын «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық  бірлестігін құрғанымда маған құмырсқаша жабылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі қандас нояндардың ұйымдастырған мемлекеттік жеті ірі құрылымдардың қарсы күштері, қауымдастықты жабуға, оның тізіміндегі емшілерге қысым көрсетуде басты рөл атқарғаны қоғам мен оқырмандарға белгілі. Қара күштер қауымдастық пен емшілерге жеке қысымдарын қаншалықты көбейткенімен, ел арасында өздерін Жаратушыдан да жоғары қойған үгіттерінен де ешқандай нәтиже шығара алмады.  Сол кездегі біздің қызметімізге қарсы шонжарлар мен нояндардың және жандайшап жағымпаздарындың және осыларға көмектескен қауымның сатқындарының да бүгінде үндері өшті. Бұлардың аттарын бұрынғы еңбектерімде ашық көрсеткендіктен, бұндай арам ниеттілердің ұлттық шипагердің ұйымын жоюға әрекет еткендерінің аттарын жақсылық кезінде атағым да келмейді. Қауымдастықтың көші алға жылжып, қадамын анық басуда. Халықтық мұра шипагерлікке деген еңбегіміз бен сеніміміз  де ақталды. Шындық жеңді. Мен алғаш қауымдастықты құрғанымда мені мен емшілерді сауатсыздар оларға сенуге болмайды дегендердің де ауыздарына құм құйылды. Халықтық «Мәдени мұраның» бір саласы халықтық шипагерлікті жанашырлармен бірге осы саланы жанындай қорғаған көп салалы ғылымдардың да ғалымдары қатарымызға келді. Шипагерліктің ғылыми айналымға енуіне басшылық жасады. Бізбен бірлесіп жасалған ғылыми зерттеулері оң нәтижесін берді. Ғалымдардың ішінде менің шипагерлік саласының белгілі ғалымы болуыма зор еңбек  сіңірген, менің ғылыми жетекшім, замандасым философия  ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры Жақан Молдабеков мырза болса ал, журналистік пен ақындық саласында өсіп жетілуіме інілік кеңесін берген бүгінде филология ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры, Аударма кафедрасының меңгерушісі  Әнуар Тараққа ерекше ықыласым мен рахметімді айтамын. Қауымдастықтың жетістігіне қуанған, жамандық жасағандардың әрекеттеріне өкінген, ғылыми еңбектерімізге оң пікірлерін білдірген және қауымдастықтың жиындары мен мерекелерінде ұдайы бірге болатын ғалымдар: Философия ғылымдарының докторлары, ҚазҰУ профессорлары Жақан Молдабеков, Айтолқын Құлсариева, Батима Абирова, Гүлнар Сәрсенбекова, Тәуекелбек Жаңақұлов, м.ғ.д., профессорлар Жандардың Керімбегінің Ермаханы, Амангелді Жаханов, Төрегелді Шорманов, Жасан Зекей, Өтеп Мырзағалиұлы, Ғаббасов Совет-Хан, м.ғ.к. Бекенов Тұрсын, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар Мекемтас Мырзахметұлы,  Әнуар Тарақ, Сансызбай Құрбанқожа, заң ғылымдарының докторы, профессор Жапар Әлдибеков, Жазушы-профессор Ораз Қауғабай, тарих ғылымдарының докторы Төтенайдың Базарбегі, т.ғ.к., доцент Зікірия Жандарбек  т.б. ғалымдарға, жанашырларға, емшілерге және менің өнер саласындағы еңбектеріме тілек пікірін білдірген өнер мамандары мен әншілерге ізгі ықыласты қамқорлықтары үшін, адал жүрегімнің  ризашылығын білдіремін. Мен ғылым мен өнер саласында ірі табысқа жетемін деп ойламадым. Қырықтың ортасынан асқанда  Алла тағала сыйлаған тылсым күш құпиясы қасиетін дамыту мен оны зерттеу саласындағы ғылыми еңбегімнің және өнер саласындағы ән, толғау және әңгімелерімнің бүгінде ғылымға, зерттеушілерге, оқырман қауымға және өнер саласы мамандарына қажеттеріне жарай бастағанына шүкіршілік етемін. Мен тылсым құпия саласында ұстазсыз ұстазбын. Менің ілімім мен білімімнің бір саласы аян арқылы келетін ғарыштық жүйемен тікелей байланысты болғандықтан, кейінгі кездегі жазылған еңбектерімде сол туралы мәліметтер бере бастадым. Менің жазуымның даму кезі сонау өткен ғасырдың ақырында «Пархат» деген біреуді «Түркістан» газетінде «Құдай» жасағанда басталған-ды. Бұл күтпеген ұятсыздық еді. Ұлтымыздың білімділері мен халықтың даналары бұған тікелей пікірлерін білдіріп қарсы болды. Осы кезде бабамыз  Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы аян беріп: «Жаз, жаз, балам, жаза бер, балам, тағы да жаз... », деген аяны да қатты әсер етті. Мен осыдан кейін тірілердің тілегі мен Өтейбойдақ бабаның аманатын орындауға тәуекел еткеніме бүгінде ризамын. Еліне ардақты, сыйлы «Ақ апа» атанған марқұм апам Өзипа Сыбанбекқызының тәлім тәрбиесі мені осындай дәрежеге жеткізді.

Апамның осыдан қырық үш жыл бұрын қайтыс боларында маған: «Құлыным, жалғызым сен туа жалғыз емессің, өле жалғызсың. Әкенің баласы болдың, енді халқыңның ұлы бол!» – деген аманатын орындап келемін. Аманаттар да ретімен орындалып келеді. Халықтың ұлттық мұрасы шипагерлігі де жаңа өркендеу дәуіріне қадам басуда. Жаратушымыз елімізге амандық, жерімізге бүтіндік, халқымызға ынтымақ  берсін.

Құрметпен: Зядан қажы

 

Халық емшілігінің емдік

жүйесінің болашағыатты

халықаралық форумының

жиналысының шешімінен

(Түркістан, 13-15.09.2013)

 

Көшірме

 

Форумға қатысушылардың ұсынысы бойынша келер 2014 жылы Алматы қаласында профессор З.ҚожалымовтыңХалық медицинасы саласындағы еңбектерінің құндылығы мен маңыздылығы» атты теориялық-тәжірибелік Халықаралық конференциясы өткізілсін.

 

Халық емшілігінің емдік жүйесінің болашағыатты халықаралық форумының ұйымдастыру комитеті

 

Мәдениеттанушы ғалым, академик Зядан Қожалымовтың еңбектерініңХалық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығыатты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясы

***

Международная научная теоретическо-практическая конференция “ценность и роль трудов по народной медицине” ученого культуролога, академика З. Кожалымова

 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР – ОРГАНИЗАТОРЫ

 

Республиканское общественное объединение «Ассоциация народных целителей Казахстана»

Международная Ассоциация специалистов традиционной народной медицины, психологов и целителей.

Академия народной медицины и космоэнергетики РК.

 

ШАҚЫРУ

 

ҚҰРМЕТТІ:__________________________________

Сізді, 2014 жылдың тамыз айының 01-03 жұлдыз аралығында Алматы қаласында өтетін Мәдениеттанушы ғалым, Академик Зядан Қожалымовтың еңбектерінің “Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы” атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

 

ПРИГЛАШЕНИЕ

 

ГЛУБОКОУВАЖАЕМЫЙ (АЯ): ___________________

Приглашаем Вас, принять участие в Международной научной теоретическо-практической конференции “Ценность и роль трудов по народной медицине” ученого культролога, Академика З. Кожалымова которая состоится с 01-03 августа 2014 года в г. Алматы.

В программе конференции: доклады, выступления, театрализованное представление об ученом-целителе XV века Отейбойдаке Тлеукабылулы, проведение мастер-классов по сочинениям и песням поэта-композитора З. Кожалымова, выставки, награждения. Участникам Конференции будут вручены сертификаты, дипломы, почетные грамоты и другие награды. Планируются экскурсии по культурным местам в г.Алматы. Контактные телефоны: 8(727) 396 12 00., моб.: 8 701 337 6454, 8 777 756 9192, 8 777 279 0097, 8 7772358521.

 

pic                         pic  

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

 

ПРЕЗИДИУМНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ

 

Алматы  қаласы                               Хаттама № 2                            18 сәуір  2014 жыл

 

Төралқа отырысына 7 мүшесі (З. Қожалымов, Ж.Сәрсенбай,  С. Құрбанқожа, Қ. Құмаров, А. Васильев, К. Бесембаев, С. Әлімжанов) және облыстық және қалалық филиалдар директорлары қатысты.

 

Төралқа жиналысына Қауымдастық президенті З.Қожалымов басшылық етті.

Хатшылығына: Ж. Сәрсенбай сайланды.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

1.  2014 жылы 2-3 тамызда Алматы қаласында Мәдениеттанушы ғалым, академик Зядан Қожалымовтың еңбектерінің «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты Халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясын өткізу туралы Хабарламашы: Ж. Сәрсенбай – Қауымдастықтың вице-президенті.

  

 2. Әр түрлі мәселелер.

 

Тыңдалды:

 

Қауымдастықтың Төралқасының күнтәртібінде қаралған мәселелер мен Ж. сәрсенбайдың  хабарламасы бойынша сөз сөйлеген Төралқа мүшелері мен филиал директорларының ұсыныстарын ескере келіп, Қазақстан халық емшілері қауымдастығы Төралқасы қаулы етеді:

 

Қаулы:

    

1. 2014 жылдың 2-3 тамызында Алматы қаласында  мәдениеттанушы ғалым, академик Зядан Қожалымовтың еңбектерінің «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты Халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясы өткізілсін.

2. Филиал директорларына аталған тақырып бойынша баяндама, құттықтау және мәнерлеп оқу саласы бойынша жарысқа дайындалу міндеттелсін.

3. Конференцияға төленетін жарнаны 2014 жылдың 10 шілдесіне дейін толық төлеуді қамтамасыз ету филиал директорларына міндеттелсін.

4. Конференцияның мәдени шараларын өткізуде мамандарды тауып, оны ұйымдастыру жұмысы вице-президент Ж. Сәрсенбайға тапсырылсын.

5. Жалпы конференцияның өткізу қызметіне басшылық жасап және жауапкершілігіне алу вице-президенттер С. Құрбанқожа, Ж.Сәрсенбай, Қ. Құмаров және филиал директорларына тапсырылсын.

6. Конференцияны өткізетін орын мен түскі ас пен кешкі банкетке мейрамханаға келісім жасау қауымдастықтың бухгалтері С.Конгуеваға тапсырылсын.

7. Конференцияның жалпы жұмысына дайындықты бақылау мен қадағалуды ұйымдастыру комитетіне міндеттелсін (п.5).

 

 

 

Төралқа төрағасы, Академик                                           З. Қожалымов

 

Хатшы                                                                                   Ж. Сәрсенбай

 

 

в верх