Ғибратты өмір
11 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 | ||
ЗЯДАН ҚАЖЫҒА! Армысыз “Халық емшілері қауымдастық” 23 жылдан асыпты бауырластық. Шұрайлы Ақтөбеден келіп тұрмын, Алайын сәлем беріп амандасып. Армысыздар халқымның жайсаңдары! Өтейбойдақ бабаның қайсарлары. Ел аман, жұртың тыныш жайшылық па? Қазақстан жерінің аймақтары. Жер бітіп, су аққалы жер шары аймақ, Емшілік, көріпкелдік қанда қайнап. Адамзат ұрпақтары сабақтасып, Тылсым күш құпиясын ашқан жайлап. Айғайтаста талбесік тербетілген, Танимыз арғы атасын келбетінен. Әз Жәнібек бабамыз байқап көріп, “Қара үзген шипагер” деп атақ берген. Төбемде желбіреді Көк Туымыз. Тәуелсіздік алып ел, жер-суымыз. Тұрмыс-салт, әдет-ғұрып қайта оралып, Ашылды көмбедегі жан сырымыз. Қуалап келсе-дағы ғасырларды, Балгерлік емшілікті жасырған-ды. Сындарлы саясаттың арқасында, Шипалық бұлақтардың көзі ашылды. Ашылса көкіректе күйсандығы, Сөйлесе келер дейді сөздің жаны. 70 жыл бодандықта жүргенде ел, Нұр ағадай ұл туған елдің бағы. Сегіз жастан бастаған емшілікті, Қара бастың қамы етпей тіршілікті. “Шипагерлік баяны” ғұламаның, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Ғұламалармен қатар тұр ең білікті. Бес жарым ғасырдан соң қауышыппыз, Ғылымның әр саласын тауысыпсыз. Шипагерлік ілімнің жолын тапты, Ол бізге Сізден жеткен табысымыз. Елі мен жерін сүйген Өтейбойдақ, “Халқымның қамы” деген әр кез ойлап. Өзінің “Шипагерлік баянында”, Ғылымның әр саласын кеткен бойлап. Жезқазған, Нұра, Есіл, Сыр мен Торғай, Халқына шипагерлік емін жолдай. 97 жыл шамасы өмір сүрген, Бабаны бір Алласы жүрген қолдай. Елімнің қуаныштан жанып бағы, Тірілтті өшкендерін алыптары. Өтейбойдақ бабасын сөйлеттірген, Зядан ғалым шипагерліктің қара нары. Қолға алған ісіңізді нықтап батыл, Қаншама еңбектерің шықты тартым. “Қазақстан Даңқы “ орденін иеленіп, Алдыңыз Елбасының “Алғыс хатын”. Көшбасшы боп атқардың игі істі ірі, Тазарып көңілдің де кетті кірі. Елбасымыз ұсынған “ Қазақстан-2030”дағы. Жеті басты бағыттың болып бірі. Қауымдастық бекініп жылдан-жылға, Арасынан шығуда талай тұлға. Дарытып шипагерлік халқымызға, Бөлеңіздер алғыспен шаттық нұрға. Құтты болсын Зядан ағай 70 жасың, Ғылымда көтерілсін өрлеп тасың. Бар бақытты тілеймін отбасыңа, Алланың жасағайсыз берген жасын. Ойыңыз жүзеге ассын шабытталған, Жақсы ісің ел-жұртыңа бағытталған. Ғылыми деңгейлікке жете берсін, Ұжымның қауымдасып қалыптанған. Рысты Қартмағанбетова Халық емшісі Ақтөбе қаласы 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙҒА Бағытым Семей емес, Қарағанды Атырам Алматыға барып таңды. Тоқтаусыз темір жолы ырғағынан, Бесікте жатқанымдай ұйқым қанды. Жайқалған жас жусаны Сардаланың, Хош иіске толтырды таза ауаны, Беттегі қызғалдақтар ару қыздай, Алдымнан басын иіп қарсы алады. Келемін Астанадан Алатауға, Жұлдыз боп көк аспанда шарықтауға. Зядан аға мерейтойы конференциясына, Қақым жоқ, сылтау тауып қатыспауға. Артыңнан ілестіріп бар қауымды, Ағажан, көтерсің арқауыңды. 70-ке келсең-дағы, жүрегің жас, Желбірет елудегі жалауыңды! Өзіңдей асыл аға табыла ма, Ел болып, құрметтейді Астанада. Академик, жазушы үздік емші, Шеберлікті таныттың әр салада. «Шипагерлік баянға» басшылық қып, Рухың биік, құптайсың қажылықты. Өтейбойдақ бабамның жолын қуып, Құпия тылсым жүректен ашылыпты. Өзің ақын, сал сері, сазгерісің, Көк Тәңірім дәулет пен бақыт берсін. Жеңгемізбен жарасып махаббатың, Артыңнан ұрпақтарың қалмай ерсін. Елбасының сөзіне оқ жетпейді, Президентті президент құрметтейді. “Алғыс хатты” қолынан табыс етсе, Көңілден осы бір сәт бір кетпейді... Келген дертке қасиетің дауа болып, Қысылғанда кеудесі ауа болып. Қазақ тұрмақ әлемге танымалсың, Емшілерге сыр шерттің, аға болып! Жазушысың 25 кітап жаздың, Инемен жылдар бойы құдық қаздың. Ғасырларға жалғасар еңбегің бар, Із қалдырдың бетінде ақ қағаздың. Қожалымов Зядан ағамыздан, Үлгі аламыз, жібермей арамыздан. Әлемге атың шыққан мұзбалақсың, Біз де ұшармыз сұңқар боп артыңыздан. Президент аға сіздің арқаңызда, Ашық күн бе, мейлі бұрқасын ба, Халыққа аянбай қызмет еткен, Емшілер, шәкірттерің жүр қасыңда. Айтайын бәріңізге алғысымды, Ұстай біл әрбіреуің бақ құсыңды. Алланың бергеніне риза болып, Орынсыз шашпа келген ырысыңды. Ағама кетпейтұғын бақ тілеймін, Жасарып, жүре берсін, тауып емін. Қолынан Елбасының “Орден” алып, Қызығын бұл өмірдің көрсін деймін. Беделі қауымдастықтың биік болсын, Басына Ақ Орданың бақыт қонсын. Әрқашан өзіңізден қолдау тауып, Үміті емшілердің мәңгілік үзілмесін... Еңбегінді ел-жұртың бағаласын, Іні-бауыр артыңнан ағаласын. Жүзге келіп, жеңгеммен бірге қартай, Тастарың өрге қарай домаласын! Егемен қазақ елінің ерке ерісің, Кеңіттің ғылым мен емнің өрісін. Профессор атағы, міне бүгін, Еңбегің үшін ел алдында берілсін! Ізгі ниетпен: Мырзабек Қабылов Сынықшы Астана қаласы ЗЯДАН қажы АҒАҒА! Ассалаумағалейкум Зиядан аға қажы аға, 70-жасқа толып алып ақындарды мазала. Талай күндер өткендей боп арада, Сөздеріңіз біздер үшін бал-ара. 20-жылдан асты басшы болдың жан-аға, 7-деген 70 деген киелі сан қажы аға. Құтты болсын бүгінгі той сіздікі, Қартаймағай 100-ге келгей нар аға. Өсіп-өніп тұрған жерің Алматыдай қалада, Сөйлегенде көңілін тауып, Үлкенге де, кішіге де, балаға. Біліміңіз кітап болды тоқылатын санаға, Тек ғана алға, жан-жағыңа қарама. Бақыт бергей шабыт бергей біздің бажаға, Қатарына қосылдыңыз ғалым болып алыптың, Мыңнан тұлпар жалғыз ғана арыссың. Абайды да әлемге танытқан Мұхтардай, Өтейбойдақ бабаңызды жер жүзіне таныттың. Арасында бақытты бол қазақ деген халықтың, Әрқашанда жарқырасын нұрын шашқан жарық күн. Мәселесін шешіп тастап әр істің, Ортасынан жарып өттің нарықтың. Өтейбойдақ бабаңызды дүниежүзі білді енді, Кітабыңды оқып, керемет деп сүйді енді. Адамзатқа пайдалы деп түсінді, Зиялылар санасына түйді енді. Көре алмаған кейбір надан күйді енді, Жақсы адамдар жақын келіп үйренді. Зядан қажы аға 70-жасқа толғанда, Түймегүл апа шаршамастан биле енді. Ел ішінде көтерілді абыройың салмағың, Талай қыздар ғашық болды жас кезіңде алмадың. Біз екеуміз шымкент жақтың қыздарына үйлендік, Бұйрығы ғой құдіретті рақымды Алланың. Басқа жақтың қыздарына көңілімізді салмадық, Бажа болдық шаршамадық талмадық. Әулиелер мекені Шымкент өңірі киелі, Құдайға шүкір біздер төмен болмадық. Ақ тілекпен: Елеместегі Убайдулла қажы Рухани емші, Алматы облысы, Шамалған бекеті ЗИЯДАН ҚАЖЫ АҒАМЫЗҒА Киелі шаңырақтың шипагері, Дертке дауа, жанға шипа емі. Зерттеу жұмыстары нәтижелі, Көп жылғы еңбектері еленді. Қайсар мінез, қажырлы да қайратты, Қаншама шәкірттерін самғатты. Ғылым, білім, ілімдері ұшан-теңіз, Бар әлемге қауымдастықты мойындатты. Сара жолды Өтейбойдақ баба салған, «Шипагерлік баянын» жалғастырған, Қазақтың байытып рухани әлемін, Медицина мен емшілікті тоғыстырған. Сөнген мұра, өшкен үміт қайта жанған, Халқымен қайтадан қауыштырған. Зядан қажы ағамыздың шарапаты, Өтейбойдақ мұрасын табыстырған. Табыстырған, таныстырған арыс қыран, Биік-биік белестерді бағындырған. Ордаңыздың рухы еш өшпесін, Қайырым мен имандылықты қолдаған. Ұзақ болсын ағажан өміріңіз, Тарихта қала берсін есіміңіз. Жетпістің белесінде қажымаңыз, Әлі талай асулардан асыңыз. Метжанова Анаргүл Халық медицинасының магистрі, биоэнерготерапевт, ақын БҚО, Орал қаласы Глубокоуважаемый Зядан кажы! Мы поздравляем Вас с Юбилеем!!! Мудры Вы очень, дальновидны, Успехи Ваши – очевидны! И мы поздравить Вас спешим, И от души сказать хотим! Свершенья Ваши так заметны, Что имидж только лишь растет! Решенья Ваши все конкретны, Их уважает наш народ! Желаем крепкого здоровья, И жизни долгих-долгих лет! И Вы добились успехов, Честь и хвала Вам! Желаем Вам, Чтоб были оценены Ваши старанья, Чтобы Вас знал подчиненный любой, Чтобы в семье был уют и покой. Как добрейшей души человека! Путь Ваш озаряет свет! С уважением нарадный целитель РК Ергалиева Куляш г. Уральск
| ||