Ғибратты өмір
24 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 | ||
АҚИҚАТТЫ АР САНАЙТЫН ҒАЛЫМ Убайдулла қажы Елеместегі Рухани шипагер Алматы облысы Жетісу ауылы Бұл күнде адам санасының мықты жетістігі ғылым мен техниканы бірдей қамти отырып, тылсым құдірет күшін де мойындады. Тіпті, оны зерттеудің өзі құр әурешілікке саятынына көздері жетті. Әрбір жұмбақ немесе ертегі сияқты көріністер, өмір шындығына айнала бастады. Бүгінде әрбір, жазылмайды деген дерттің өзі кей кезде шипа тауып жатады. Оның қандай құдіретінің барын әркім әр саққа жориды. Біреулер дәрігерлердің біліктілігінен десе, екіншілері емшінің қасиеті күшті екен деп жатады. Жалпы, соның барлығы Алланың қалауымен болды десек, ислам ауру дертіне байланысты не айтады? Шариғат заңдылықтары сырқат жандар үшін, қандай жауапкершілік жүгін адамға жүктеген. Осы бір сауалға жауап іздеп көрсек, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: «Кәріліктен басқаның бәрінің емі бар», – деп ауырған адамдарға емделудің жолын іздеуді айтса, халық даналығында: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», – деп аурудың алдын алуға шақырады. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде: «Қарынды үшке бөліңдер, бір бөлігін тамаққа, екінші бөлігін суға, үшінші бөлігін ауаға қалдырыңдар», – деген. Демек, осы бір құрылымның алмасуының бұзылуының нәтижесінде немесе тағдырдың жазуымен адамдар ауырады. Негізінде адамдардың емшілерге сену және сенбеуі олардың тікелей өздеріне байланысты. Әр нәрсенің себеп салдары болады. Аурудың да өзіндік құпия себебі болады. Сондықтан, «Алланың шипасынан басқа шипа жоқ». Емделуші де емшіге зор сеніммен келіп, өзінің Алла тағаладан тілегін іштей тілеп келгенде ғана, ем қонымды болады. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар бір хадис шарифінде былай деген екен. Мұса (ғ.с.) айтыпты: «Я, Раббым, ауруды жаратқан кім, ауруды сауықтыратын кім?», – депті. Алла айтыпты: «Ол екеуін де жаратқан менмін». Мұса (ғ.с.): «Ол халде тәуіптік, дәрігерлік те не мұқтаждық бар?» депті. Алла тағала: «Ол шипа үшін жаратқандарымның себептерін біледі және құлдарыма береді. «Мен де оларға бұл жолдан ырыздық, сауап беремін», – деп бұйырды. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Әй, Алланың құлдары, емделіңдер, емделулерің керек. Алланың жаратқан әр аурулары үшін міндетті бір шипа немесе дауа жаратты. Бірақ та дертте бір ғажайып, ол да бір ықтиярлықтан». Ауру болған адам әлемдердің Раббысы Алла тағала жәлжәләлуху хазіреттерінің және оның елшісі болған Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) әміріне ұйымақ, сөздеріне иланбақ. Бірақ, сол аурулардың емделіп сауығуы үшін де, құдіреті күшті Алла емшілік кәсіпті нәсіп етіп, шипагерлік ілімін өзінің сүйген пендесіне бұйыртты. Оқытты, үйретті және оны дамытты. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде: «Емшінің қолының шипалы болуы – Алланың шапағатынан», – деген. Демек, емші тек, әрекетпен амал жасаушы және емдеуші. Ал, қабыл болуымен, шипа беруі бір Алладан болатыны анық дүние. Әрбір жасалатын емінің шариғатқа лайықты болуы да шарт. Біріншіден, емші, емді Алланың атын айтып бастауы керек. Екіншіден, сәуегейлік, болжампаздық, бақсы-балгерлік, жын шақыру әрекеттерін жасауға рұқсат жоқ. Мұндай әрекеттерге тыйым салынған. Ал, табиғи білімділікпен, шөп дәрілермен басқа да ғылыми қолданыстағы емдік тәсілдермен емдеуге рұқсат етіледі. Осындай, Алланың бұйрығымен, емшіліктің қыр-сырын толық меңгерген, әрі, том-том кітап жазған мәдениеттанушы ғалым, Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының президенті, халықтық медицинаның профессоры, академик Зядан қажы ағамызбен, он жылдан аса уақыттан бері қызметтес болып келемін. Ағамыздың «Мәңгілік құпия шежіресі», «Орындалған аманат» тағы басқа да көптеген кітаптарын оқып танысып шыққанмын. Онда, халықтық емшіліктің тамырын тереңге тартқызып, сонау ХV ғасырдың ұлы шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлынан бастау алатын халық шипагерлігінің ғылыми негізін қалады. Ширек ғасырға жуық тарихы бар Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының жеткен жетістіктері мен тылсым құпия сырлары туралы еңбектерін жазды. Қай кезде де ізденіс үстінде жүріп, талмай еңбек етіп, Алланың ризалығына бөленуде. Ерен еңбегінің ғылыми тұжырымдамасы негізінде халықтық медицина жоғары да айтып өткеніміздей ислам шариғатына қайшы келмейтін емшілік ғылым. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: «Ғылым дамыса, дінде дамиды», – деген де осындай жолдарға нұсқау береді. Сондай-ақ, халықтық емшілік қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне негізделген ырымдардың құрамына кірмейді. Оны Зядан қажы ағамыз жиырма жылдан аса ізденісіндегі ғылыми мақалаларымен түсіндіріп жазып келеді. Ақиқатында кереғар пікірлердің барлығына ақиқатты ар санаған ғалым ағамыз, дүркін-дүркін отты ғылымға негізделген мақалаларымен тосқауыл қойды. Осын-ау, ширек ғасырға жуық еңбегі бұл күнде халықтық өшпес мұраға айналды.
Научные работы ученого З. Кожалымова по целителству Хе Дора Чунагиевна Академик, целитель Международной категории г. Шымкент Жизнь и деятельность ученого целителя Кожалымова Зядана связанна с Ассоциацией народных целителей Республики Казахстан, которая была создана под его руководством организационным комитетом 30 сентября 1991 года. Председателем этого комитета был избран народный целитель Международной категории России и Казахстана З. Кожалымов. Проведенный съезд народных целителей РК в г. Алматы в декабре 1991 года принял Устав и Положение РОО « АНЦК», избрал руководящий состав. Президентом АНЦК был избран парапсихолог международной категории З. Кожалымов. 22 января 1992 года РОО АНЦК была зарегистрирована Министерством юстиции РК. Являясь президентом АНЦК, З. Кожалымов организовал школу по повышению знаний и квалификации народных целителей и проделал огромную работу в этом направлении. С 1992 года выпускаемая газета «Халық емi» (с 2002 года – «Шипагерлiк баян») постоянно освещает вопросы о духовном росте целителей АНЦК, включает статьи научно-познавательного, духовно-оздоровительного характера. Ежегодные международные конгрессы, конференции, форумы, съезды позволяют целителям увидеть огромные возможности АНЦК, обменяться опытом, принять участие в проведении мастер – класса. Работающий научно-исследовательский центр под руководством Академика З. Кожалымова помогает целителям использовать другие методы восстановления организма, новые направления народной медицины, космоэнергетики и духовного целительства. В 2005 году З. Кожалымову вручено благодарственное письмо от президента РК Нурсултана Назарбаева. По итогам деятельности Ассоциации за 2013 год, Комплексная рейтинговая программа, определяющая действительных лидеров экономики Казахстана исключительно на основании официальных данных Государственной статистики «Национальный бизнес-рейтинг», «Научно-информационный центр статистических исследований», «Международный рейтинговый Союз национальных бизнес-рейтингов» (Россия, Украина, Казахстан, Беларусь) награждает РОО «Ассоциация народных целителей Казахстана» (Статус Республиканский) почетным званием «Лидер отрасли-2013», что подтверждается соответствующими элитарными знаками почета – Национальным сертификатом – «Лидер отрасли-2013» и памятной настенной Медалью с золотым покрытием «Лидер отрасли». А, так же данная организация за заслуги перед Отечеством за исключительные трудовые достижения в области народной медицины награждает Президента Ассоциации Зядана Кожалымова Орденом «Слава Казахстана» (удост. № 01724, 21.01.2014). Организованная с 2007 года Академия народной медицины и космоэнергетики изучает народную медицину и индивидуальные способности целителей. В научной лаборатории АНЦК работают специалисты по фотографиям ауры и чакрам, позволяющие определить духовный рост целителей. Продолжая научное изучение «Трактата о целительстве» великого мыслителя, ученого и целителя ХV века Отейбойдака Тлеукабылулы, была выпущена книга З. Кожалымова «Целительская традиция и философия». Она была утверждена ученым Советом кафедры истории, философии, культурологи и психологии при КазНУ (Протокол №4 от 29.12. 2008). Выпущенный в 2010 году З. Кожалымовым справочник « Одаренные целители Казахстана» позволяет всем членам Ассоциации знать в лицо этих целителей, дает возможность поддерживать связь и обмениваться опытом. В 2011 году к 20 летию АНЦК выпущенная книга «Флагман народного целительства» включала в себя интересные статьи президента АНЦК З. Кожалымова о методах восстановления здоровья организма человека, включая целебные свойства музыки и о положительном влиянии на здоровье человека медитаций, молитв, массажа, экологии, правильного образа жизни, камней, кармы, разных видов терапий (гирудотерапии, иглотерапии, фитотерапии, цигунтерапии), энергии космоса. Являясь членом АНЦК с 2005 года, я очень благодарна нашему президенту Зядану Кожалымову за помощь, за понимание, за чуткость по вопросам рабочего характера. При всей своей занятости он всегда может уделить время, разобраться в каком-то вопросе. Наверное, все согласятся с тем, что АНЦК дает нам спокойно работать, расти духовно, самореализоваться, как специалисту. Мы получаем сертификат, платим налоги, официально регистрируемся и спокойно работаем, зная, что нас не будут трогать за незаконные действия. Возможность повышать квалификацию, уровень знаний, обмениваться опытом, участвовать в мероприятиях, понимать, что народная медицина станет наукой в ближайшем будущем очень радует. Традиционная медицина признает, что здоровье человека напрямую зависит от образа жизни, от образа мышления, от настроения, от вида деятельности работы, от экологической атмосферы в семье. Причиной нездоровья может стать любой из этих факторов, а чаще всего их сразу несколько. Знаем, что при потере огромного количества энергии организм обесточивается. Если у нас нет энергии, то мы никуда не хотим ходить, никого не хотим видеть, потому что нет сил. Для того, чтоб восполнить силы, нам необходимо уединиться. У каждого из нас есть свои методы восстановления. При этом нам помогают научные труды ученого, Академика, президента З. Кожалымова. Мы получаем результат и двигаемся дальше. Поэтому я желаю нашему президенту и всем участникам Ассоциации много энергии, чтоб хватало на все: на здоровье, на успех, на благополучие, на все блага!!! Уверенности вам в себе, в завтрашнем дне, хорошего настроения, радости, мирного неба на долгие годы. Желайте помочь человеку, нуждающемуся в ваших способностях, несмотря ни на что за короткое время концентрируйтесь на решении проблемы пациента, выводите его на позитивный настрой, получайте удовлетворение от работы, получайте результаты. Этим самым мы окажем большой вклад в развитии духовно-оздоровительной деятельности АНЦК и государственной программы «О культурном наследии РК». В связи с семидесятилетним юбилеем уважаемого ученого, Академика, президента нашей Ассоциации Зядана кажы, желаю крепкого здоровья, успехов в работе и всего самого наилучшего!
vii бөлім Телесұхбаттар СТВ телеарнасы, “Қоғам және әйел” бағдарламасы Жүргізуші – Жұлдыз Байнолла Өмір деген өлшеусіз бір дүние екен. Кім қанша ғұмыр кешеді, кім болады ол жағы белгісіз. Тек бір белгілісі ол не істеді? Артына қандай із қалдырды? Жүріп өткен жолы мәнді ме мәнсіз бе деген сауалға жауап іздеу ғана астарлы ақиқатты алдымызға жайып салады. Бұл жерде айтпағымыз бұдан бес ғасыр бұрын өмір сүрген ғұлама ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздың жүріп өткен жолдары мен сіңірген еңбектерін бүгінгі күннің ғалымы профессор Зядан қажы Қожалымов жалғастырды. Зядан қажы Қожалымов: Қазақ халқында суды кері ағызатын қасиетті адамдар болған. Бүкіл ғаламды болжап білген бабалардың қасиетін жазып танытатын бір адам ұлтымыздан тумады ма деген ғалымдар мен оқырмандардың сөздері маған қатты әсер етті. Бұл тірілердің сұрауы еді. Бір күні жақында ғана өмірден қайтқан біздің бір ағамыз келіп: “Ей, Зядан міне, сенің Өтейбойдақ бабаң” деп түсімде сеңсең бөрікті бабаны көрсетті. Сонда ол кісі: “Жаз, жаз, тағы да жаз, жаза бер балам”, – деп ғайып болды. Сонда мен тірілердің сұрауы өлілердің аманаты бойынша “атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі, өзіне келер ұятын, Өзі біліп тұрса игі... деген Төле би атамның өсиетін басшылыққа алып бисмилла деп, бірінші «Мәңгілік құпия шежіресі» кітабын 2001 жылы шығардым. Ол кітап оқырмандарынан жақсы баға алды. Әлі де іздеп жүріп оқитын еңбек. Содан ары қарата біртіндеп жалғаса берді. Жұлдыз Байнолла: Зядан Қожалымов 1991 жылдың 22 желтоқсанынан бастап өзі құрған «Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығы» президенті, академик, профессор, мәдениеттанушы және өтейбойдақтанушы ғалым. Философ, психолог. Дінтанушы. Шежіреші. Ақын-сазгер. Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. Халықаралық рейтинг комитетінің ұсынысымен «Қазақстан данқы» орденімен және «Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін» медалімен марапатталған. Алматы облысы, Райымбек ауданының құрметті азаматы. Халық медицинасы саласы бойынша халықаралық Ресей және республикалық осы саланың ұйымдарының мақтау қағаздарымен медальдарымен марапатталған. Әлем емшісі. Парапсихолог. Зядан қажы Қожалымов: Оқулық саласында денсаулықты жақсарту жолдары, рухани емшіліктің құпия сырлары, биоэнергетика, ән мен күйдің және басқа да әдіс-тәсілдердің емдік қасиеттері жөнінде оқулықтар шығардым. Тек емшілердің оқитын кітабы емес, бүгінгі күні қарапайым оқырман халқымыздың да іздеп жүріп пайдаланатын игілігіне айналды. Бұған мен тәубе деймін. Жұлдыз Байнолла: “Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын” – деген. Атақ, мансап, абыройға өмір бойы үздіксіз ізденіп, үзіліссіз еңбек етуінің арқасында жеткен Зядан ағамыз биыл 70 жасқа толып отыр. Еңбектен рахат тапқан ұлы ғалым қоғамға пайдалы ғылыми зерттеулерді жеткізіп, адам денсаулығын қалпына келтіруге байланысты халық медицинасы бойынша көпшілікке өте қажетті 25 кітап жазған. 7 ғылыми-монографиялық еңбек және 50 газет пен 10-нан аса журналдарда 500-ден аса танымдық, тәрбиелік, ғылыми мақалалары жарияланған. Мінеки, орасан зор тындырымды іс бітірген Зядан ағамызды дүниеге әкелген әрине ана біздің бүгінгі бағдарламамызға арқау болған да анасы. Ұлы ойшылды да қарапайым жанды да дүниеге әкелуші ана. Тәлім-тәрбие беруші де ана. Зядан қажы Қожалымов: Әр адамның тағдыры болады ғой. Мен өзім 2 жасымда әкемнен жетім қалған адаммын. Сондықтан да апам марқұм еліне «Ақ апа» атанған сыйлы, діни сауатты және ақылдылығы басым Өзипа Сыбанбекқызының тәрбиесінде өстім. Сол кісі көп нәрселерді үйретті. Мен 1969 жылы Алматыдан институтты бітіріп барғаннан соң, бір жылдан кейін апам өмірден өтті. Сонда ол кісінің айтқан аманаты мынау еді. Маған: “Сен туа жалғыз емессін, өле жалғызсын. Сен әкеңнің ұлы болдың енді халқыңның ұлы бол”, – деді. Сол аманат мәңгі менің жүрегімде сақталды. Күні бүгінге дейін соны орындау мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Жұлдыз Байнолла: Сонымен қатар Зядан Қожалымов 40-ға жуық әннің сөзі мен сазының және бірнеше толғаулардың авторы. 40-тан аса ғылыми-танымдық еңбектің авторы. 1991 жылдан бүгінге дейін республикалық облыстық және қалалық телеарналар мен радиотораптарда 200-ден аса сұхбаттар мен әртүрлі кеңестік тақырыптарда сөз сөйлеп келеді. Зядан қажының әндері мен толғаулары қазақ радиосының «Алтын қорына» 1997 жылдан бастап сақталған. Зядан қажы Қожалымов: Апамның өз келіні бүгінде әйгілі көріпкел, дәрігер емші Түймекүл Құлмаханқызына: «Жалғызымның жотасы бар, ол күш бермейді, сен соған ие бол», – деп аманаттап тапсырған еді. Бүгінгі күні менің 23 жылдан бері осы халық емшілерінің қауымдастығын басқаруым, яғни осы саладағы бақсы, балгер, көріпкел, болжампаздар т.б. бойында тылсым құпиялары бар адамдарды бір қалыпты басқарып отыруымның негізі де, сол менің бойымдағы құдіретті күшті апам марқұм сезген болу керек. Жұлдыз Байнолла: Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық-энциклопедиялық еңбегін 1996 жылдан бастап зерттеп, ҚазҰУ-нің философия және саясаттану кафедрасының ғылыми кеңесінің бекітуімен «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты монографиялық еңбегін шығарып оны ғылыми айналымға енгізген. Шипагер ғұлама жөнінде театрландырылған көріністің сценарийі мен «Шипагер баба» әнін сөзі және сазымен жазып сахнаға шығарған. Зядан қажы Қожалымов: Мен 1996 жылы «Жалын» баспасынан XV ғасырдың ғұлама шипагері, бүгінде «Екінші ибн Сина» атанған ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабын зерттей бастадым. Осы еңбекті зерттеу барысында көлденең күштер көп болды. Ақыр аяғы қазақ радиосынан 2 жылдай және телеарналардан да таныстырып шықтым. Бір күні Сәтбаев көшесімен келе жатсам автобустың ішінен: “Ей, Зядан” – деген дауыс естідім. Басымды жұлып алсам ешкім жоқ. Алдыма қарасам жүргізушінің арт жағында кішігірім сахна көрініп, соның сол жағында менің көлеңке бейнемменен мына жағында атаның бейнесі тұр екен. “Сен Өтейбойдақты сахнаға алып шығасың” – деді. Осы арман 2009 жылы Тараз қаласында ғұламаға арналып өткізілген халықаралық форумда орындалды. Мен сол кісіге арналған кіші ғана сахналық көрініс пен «Шипагер баба» деген ән шығардым және қойылымы бүгінге дейін қойылып жатқан жайы бар. Жұлдыз Байнолла: Қазақ елінің халық емшілігін әлем еліне таныту мақсатында 2004-2013 жылдары аралығында халық медицинасының әр түрлі тақырыптарында халықаралық форумдар конгрестер мен конференциялар өткізген. Қауымдастықтың жанынан «Халық емі» және «Шипагерлік баян» газеттері шығарылуда. Әскери мамандығы бойынша запастағы офицер. Жұбайы Түймекүл Құлмаханқызы екеуі 6 баланың ата-анасы. Бәрі де жоғары білімді. Зядан қажы Қожалымов: Кеңес заманында жазушы жұмысшыны жазу үшін завод фабрикаға барып жұмыс істеген. Қойшыны жазу үшін қой баққан. Мыңдаған емшілер алдымнан өтіп жатыр. Біріншіден, солардың жеке өмірбаяндық тарихы сақтаулы. Екіншіден, көптеген халықаралық сеанстарға қатысып ем жүргізген қасиетім бар. Үшіншіден, көптеген елдердің мамандарымен араласамын. Біраз тілдерді жақсы білемін. Әр тілде жазылған еңбектерді пайдаланып, өзіміздің ұлттық тұрғыда салыстыра отырып танымдық кітап шығарып жатырмыз. Қазір “Денсаулықты жақсарту жолдары” және “Рухани емшілік ғаламаты” және басқа кітаптарды «Алтын босаға» газеті мен журналы және “Денсаулықты жақсарту” деген Шымкент қаласынан шығатын газеттер және «Тамаша» мен «Ақбаян» газеттері менің еңбектерімді үгіттегелі 10 жылдан асып кетті. Әлі де халық соны өздерінің емдік жүйесінде пайдаланып жатқан сияқты. Себебі көбі маған хабарласып рахметін айтады. Өйткені, мәселе мен оны жаздым демеймін. Ем деген сөздің өзі бірінші сөз терапиясы болса, екінші Алла тағалаға сенім, өзіне сенім, Алланың сөзіне сенген әрбір адам сенім арқылы ғана жазылады. Бұл жөнінде әлемдік медицина толық дәлелдеген. Жұлдыз Байнолла: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде Зядан Қожалымов сегіз қырлы бір сырлы кез келген қазақ баласына үлгі боларлықтай тұлға. Сонымен қатар Қазақстандағы халық медицинасы жаңа дәуірінің көшбасшысы. Мұндай азаматтың шәкірті болуға құштар жандар аз емес. Олардың бәріне Зядан қажы мейіріммен қарап дұрыс жол, оң бағыт нұсқап бойдағы бар қасиетті игеріп пайдаланудың ғылыми нұсқаларын үйретіп келеді. Бағытыңыз елге жасау асыл іс, Тоқтамаңыз тау суындай тасыңыз. Қалың елге бақыт сыйлар емімен, Зядан қажы ұзақ болсын жасыңыз, – деп біз бүгінгі бағдарламамызды тамамдамақпыз. Зядан қажы Қожалымов: Армансыз адам бола ма? Мен сияқты әке тәрбиесін көрмеген, әркімнің өз уағында түрткілеуімен өскен адамның арманы жақсы жар табу еді. Құдай тағала Түркістанның ысты руынан Түймекүл Құлмаханқызы деген жақсы жарымды таптым. Үлгілі жанұялардың бірі болып бүгінге дейін келеміз. Алты перзент көрдім. 4 қыз екі ұл. Барлығы жанұялы. Барлығынан немерелерім мен шөберелерім бар. Халқыма сыйлымын. Өткен жылы Түркістанда өтілген форум кезінде ғалымдар: “Зядан қажы сен жетпіске толасын, 20-дан аса кітап жаздың, ал енді сенің халық емшілігі саласында жазбаған тақырып қалған жоқ. Сенің еңбегінді келер жылы ғылыми конференцияда көрейік, кім не дер екен”, – деген сөзге мен оған үндемедім. Бірақ өздері ұсынып дауысқа салып өздері шешімін қабылдап еді. Құдай қаласа, биыл ҚР ғылым академиясының «Ғылым ордасы» ғимаратында 2-3 тамыз күні осы жылы мәдениеттанушы ғалым, академик Зядан Қожалымовтың еңбектерінің «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференция өтеді. Оған дайындық аяқталды десе болады. СТВ, сағат 21:00, 29.06.2014
| ||