Ғибратты өмір

 

 

9

 главная                                                  вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28

 

 

 

Алаштың ардақты ұлы 70 жаста

Еңбектен еш уақытта ерінбепті,

Атақ пен мансапқа берілмепті.

Өмірін елге арнаған бір азамат,

Жетпіске абыроймен келіп жетті.

 

Халықтың басындағы бағы болған,

Бар байлығы ақылы мен ары болған.

Алдына жәрдем сұрап келген жанға,

Әр сөзі күш-қуат, дәрі болған.

Қадірі күн сайын асқақтаған,

Ізденісін ешқашан тоқтатпаған.

Ауруды ауыздықтап білімімен,

Кезі жоқ шипасын дәп баспаған.

 

Мейірімін мейлінше төгіп жүрген,

Жаратқанның хақтығына сеніп жүрген.

Алла берген бойындағы бар дарынды,

Халқына аямай беріп жүрген.

 

Сермеген құлашы мен қолды алысқа,

Қайраты ұқсайтұғын жолбарысқа.

Жетпіске жеткен біздің асыл аға,

Ұлт жайлы, ұрпақ жайлы толғаныста!

 

Аға болса осындай дана болсын,

Алашына қорған мен пана болсын.

Жасыңыз ұзақ болып ел ағасы,

Атыңыз аңыз болып қала берсін!

«Жас-ай» журналының ұжымы, №4, 2014 жыл

 

Зәкеңнің 70 жылдық мерей тойына арнау

Мерей той 70 жылдық құтты болсын,

Рухың жылдан-жылға мықты болсын.

Белестен талай-талай асып жеттік,

Ұрпағың өзіңдей ақ текті болсын.

 

Әруағын бабаларды жандандырдың,

Талайын емшілердің таңдандырдың.

Жол таппай талай пенде жүргенінде,

Жолға сап көпшілікті рухтандырдың.

 

Жол бастап Зәке аға алға шықтың,

Алланың көмегімен және рухтың.

Ілесті емшілер мен ғалымдарда,

Бұл жолға қолын берді талай мықтың,

 

Емшілер сырын аштың талай – талай.

Пендеге байқалмайды құпия  мұндай.

Құпиясын ашып дін мен тылсымның,

Пайғамбар ізіменен барасыз әрі қарай.

 

Зәке аға талай – талай қырдан астың,

Табалмай жолды кейде отты бастың.

Бұл кезде Алла қолдап жол бастатты,

Кеудеңе жүрек симай асып тастың.

 

Бұл істі көре алмады талай пенде,

Білімнен хабары жоқ көбі кенде.

Түсінді талайлары да өз қатесін,

Өзгерткен өз ойларын осы кезде.

 

Барлық іс сәйкестенді заң негізде,

Бүгінгі ғылымменен бір егізде.

Ғылыммен жаңалығы дәлелденіп,

Көбінің көзі жетті бұл негізге.

 

Ілімі орта ғасыр шет қалмады,

Бабалардың ілімі кең талданды.

Құран, Хадис, Хикмет дәстүрлерде,

Бүгінгі ғылымменен тең жалғанды.

 

Еңбегің шықты баспалардан,

Біразы көрсетілді таспалардан.

Еңбегің ғаламторда жарқырауда,

Мәліметті алуда  оқырманың.

Аштың облыс тарда бөлімшелер,

Бәрі де заңдылыққа көніп жүрер.

Бақыланып әрбір ісі бөлімшенің,

Күніне хабарлары жетіп келер.

 

Еңбекті жаздың бүгін том – том қылып,

Оқыған мен емшілерді таңғалдырып.

Перделері көз алдының ашылуда,

Ғаламның құпиясынан нәр алып.

 

Жылма – жыл білімдері көтерілер,

Басса аяқ заманымен қатер жүрер.

Әр жылы бас қосады әр қалада,

Ғылыми іс – шарасын бірге өткізер.

 

Емшілер ашты талай емнің сырын,

Бабалар салып кеткен құпия қырын.

Ғылымға алып келді бұрмаламай,

Олардың салып берген сара жолын.

 

Келіпті Өтейбойдақ емші жолға,

Алыпты Ибн Сина ілімін өзі қолға.

Өтіпті бойдақ болып өмірінде,

Қалдырып «Шипагерлік баянын» да.

 

Бүгінде біз келеміз сара жолмен,

Өтейбойдақ  салған дара жолмен.

Атанды бүгінде «екінші Ибн Сина»,               

Ғылымды бөліп берді әр саламен.

 

Із салды емшілерге Ибн Сина,

Даналық кеңес берді байлық қума.

Ашты ол емшілердің талай сырын,

Артында мұра қалды дара тума.

Иассауи хәл ілімнің жолын ашты,

Рауандай түркі еліне сауле шашты.

Ілімін жалғастырып пайғамбардың,

Хикметпен өз халқының көзін ашты.

 

Міне мен осылайша толғанамын,

Қалам мен қағазды қолға аламын.

Жыр арнап 70 жылдық мерейтойға,

Өткен өмірді еске алып ойланамын.

 

Зәкеңе білдіремін тілегімді,

Ескерген елге еткен еңбегіңді.

Өткердік талай жылды біздер бірге,

Ризамын бірге өткізсек қалған жылды.

 

Осымен түйіндеймін жырымды мен,

Қол ұшын беріп жүрем көмегіммен.

Ел үшін қызмет ету міндетіміз,

Көмекті бере – бер ғылыми еңбегіңмен.

 

Осындай мерей тойлар бола берсін,

Соңыңнан шәкірттерің ере берсін.

Әр жылы шабыттанып, ән жазылып,

Әр тойлар дәл осындай бола берсін.

  Сансызбай Құрбанқожа

 п.ғ.д., ХҚТУ профессоры,

Түркістан қаласы

  

АСА ҚАДІРМЕНДІ ЗЯДАН ҚАЖЫ!

Сіздің, қауымдастықты басқарудағы ұйымдастырушылығыңыз, білімділігіңіз, қайсарлығыңыз, қайырымдылығыңыз, ұлттық намысқойлығыңыз, жауапкершілігіңіз бізге өнеге және күш-қуат береді.

Сізді, қауымдастықтың филиалдары ұжымы торқалы 70 жылдығыңызбен құттықтап, қызметіңізге табыс, деніңізге саулық және отбасыңызға амандық тілейді.

Ізгі ниетпен Қауымдастық филиалдары директорлары:

Сәрсенбай Ж. (Алматы), Қ. Құмаров (Ақмола), Бесембаев К. (Құлсары), Байділдаева Ұ. (Түркістан), Төребеков Б. (ОҚО), Нисамбаева Н. (Қостанай), Құттыбаева Қ. (Ақтөбе), Ермуханова Г. (Атырау), Шәкіржан Д. (Қарағанды), Сералиев Б. (Маңғыстау), Каракушов А. (БҚО), Қалиева Ж. (ШҚО), Сатова М. (Жамбыл), Есенова К. (Қызылорда), Бұзауова А. (Жезқазған).

 

Аса құрметті де қадірлі Зиядан қажы аға!

Сізді мерейлі 70 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыңызға тек жақсылық, берекелеріңіз артып, мерекелер көбейе берсін. Алланың бұйрығымен қосқан адал да сүйікті жарыңыз Түймекүл апаймен терең қартайып, ұл-қыздардан өрбіген немерелерден шөберелер сүйіп, шөпшектерді еркелете беріңіздер. Өзіңіздің тәрбиелеп өсірген көптеген шәкірттеріңіздің тек ғана қуаныштарына күә бола беріңіз.

Талай елді шарладыңыз аралап,

Еңбегіңіз еткен бәрі адал-ақ.

70 жасқа жеттіңіз ғой жемісті,

Халық отыр бәрін-бәрін, бағалап.

 

Ақын сазгер, ғалым адам, зиялы,

Қадірлеген туған елді, ұяны.

Алла берген қасиет көп бір сізде,

Жақсы адамға бар жақсылық сияды.

 

Бар тілегім төгіледі жыр болып,

Еңбегіңіз егілгендей гүл болып.

100 жасқа да жарық жүзбен жетіңіз,

Түймекүлдей апайменен бір болып!!!

Ізгі тілекпен: Бақтыбай Төребеков.

ҚХЕҚ Оңтүстік Қазақстан облысы

аймақтық филиалы директоры

 

 

Поздравляем нашего дорогого  президента АНЦК академика Кожалымова Зядан кажы с 70 летним юбилеем! Желаем ему долгих лет жизни, продуктивной деятельности на благо его детища АНЦК, счастья и благополучия во всех сферах жизни!

Шакиржан Дауир

Директор Карагандинского

областного филиала АНЦК

 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ

ПРЕЗИДЕНТІ, АКАДЕМИК ЗИЯДАН ҚАЖЫ ҚОЖАЛЫМОВ МЫРЗАНЫҢ

МЕРЕЙ ТОЙЫНА

АРНАУ

Сізді, ел алдында атқарған еңбегіңіз, қол жеткен биік лауазымыңыз, ең бастысы халықтық медицинаға қосқан үлесіңіз, шипагерлік тарихындағы өзіндік орныңыз орынды бағаланып, бұдан былай да бағалана береді деген сенімдемін. Халықтың көзін ашып, ұлағатты ұстазыңыздың энциклопедиялық еңбегін елге жеткізген ұланғайыр қызметіңізге ақ алғыстар әлі де айтыла бермек. Сізді, жемісті 70 жасыңызбен және «Еңбектеріңіздің халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты  халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясының басталуымен құттықтаймын!

Үлгі ұстап ұлылардың ұлағатын,

Әйгілеп ел алдында шығаратын.

Тылсымның табиғатын танып білген,

Зиялы Зиядан деп тұрар аға атын.

«Шипагерлік баянның» шежіресін,

Осыған бар мұсылман елжіресін.

Баяғы бабаларым қандай мықты,

Таңданып кейінгі ұрпақ тебіренсін.

Ризамыз қисапсыз еңбегіңе,

Қиындық-кедергіні женгеніңе.

Ақтарып ақ тілегін елің айтсын,

Жайраңдап 70 жасқа келгеніңде.

Шипагерлік шырағын сөндірмеген,

Қайта оралды құндылық ел білмеген.

Қадірін қайран халық түсінсе екен,

Шындықтың нұр шуағын мөлдіреген.

Елім деп, ертеңім деп елеңдеген,

Бабамның бай-дәстүрін көрем деген,

Ұрпағын ұлылыққа жетелеген,

Біргеміз қайсар жігіт-кемеңгермен.

Шипагер жанға-дауа, дәтке-қуат,

Әлі де ағайынды жұбат, қуант.

Қазағымның танымын тазартпаса,

Сіздей асыл жандар қайдан  туат.

Қолдан келсе қызмет етсін дейміз,

Талант пен табысыңды көпсінбейміз.

Ізгіліктің мұратын іздейтұғын,

Ниетің бар қазаққа жетсін дейміз.

Бұл күнде жетпіс деген жігіт жасы,

Абыздыққа жетелер жолдың басы.

Жанында жиналғандар жеміс беріп

Аман болсын балалары, жан-жолдасы.

Қуанып қайта келдік қасыңызға,

Жалғасын жақсылықпен жасыңыз да.

Ел жүктеген аманат азаймайды,

Жамандық жоламасын басыңызға.

Жинап-ап шипагерді маңайына,

Келесіз қызмет жасап ағайынға.

Тазалық, имандылық, терең білім,

Ішінен керегімді табайын да.

Жақсы жан-арай шашқан алтын сарай,

Тәрбие-тәлім алар қарай-қарай.

Мәңгілікке беттеген еркін халқым,

Жетсінші жақсылыққа әлі талай.

Бұл күнде жігіт жасы-жетпіс деген,

Бөгелмей аттай берші кедергіден.

Елге қажет азамат аман  болсын,

Алла берсін күш-қуат. Сізге  сәлем!

Шын тілек, ізгі  көңілмен:

 Қализа қажы Көшекбайқызы Құттыбаева

Қауымдастықтың Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы

 

 

Аса, құрметті Зядан қажы!

Сізді 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтап, Жезқазғандық шипагерлердің ыстық сәлемін жолдаймыз. Сіз, бағындырған биік белестер, жанымызға жылулық сыйлап, ерен еңбегіңіз біздің де мақтанышымызға айналған. Сіздің қуанышыңыз, біздің де қуанышымыз. Өзіңіз айтқандай, «біз тағдырласпыз», «біздерді тағдыр тоғыстырған» деген шындыққа толы, жүрекке жетерлік үніңіз жанымызда жаңғырып тұрады. Иә, біз тағдырласпыз. Біздерді тағдыр тоғыстырған. Бірақ Сіздің шоқтығыңыз биік, арқа сүйер дара тұлғамызсыз. Барлық құрмет Сізге лайық. Лайым, қасыңызда Түймекүлдей зайыбыңызбен әрқашанда аман-есен жарқырап жүруіңізді Алла нәсіп етсін. Отбасы, бала-шаға, немерелеріңіз аман болсын! Бақыт құшағында көретін жарық күндеріңіз көп болсын! Мерейтойыңыз ұлы тойларға ұласатын мол қуаныш сыйласын!

Алтынай Бұзауова

Қауымдастықтың Жезқазған

филиалының  директоры

Жезқазған қаласы

 

 

 

 
в верх