Ғибратты өмір

 

 

23

 главная                                                  вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28

 

 

тылсым дүние жұмбағы

Тегінбайқызы Нұржамал

 Журналист

Алматы қаласы

Алматыдағы «Ғылым орда­сында» мәдениеттанушы ғалым, академик «Зиядан Қожалымов еңбектерінің халық медицинасын­дағы құндылығы мен маңызды­лығы» атты тақырыпта халық­аралық кон­фе­ренция бо­лып өтті. Тылсым жұм­бағы бір Аллаға ғана аян, күні бүгінге дейін сыры әлі толық ашыла қоймаған көріп­келдік, емшілік деген ерекше қа­сиет­терді ғылыми жағынан дәлелдеп, халық медици­насы мен дәстүрлі медицинаның байланысын ұзақ жылдардан бері зерттеп, зерделеп келе жатқан белгілі шипагер Өтейбойдақтың «Шипагер­лік баянын» зерттеп, оны халыққа жеткізуде орасан зор еңбек сіңірген Зиядан Қожалы­мовтың 70 жылдық мерейтойына арналған бұл ғылыми конфе­ренцияға Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанның да ғалымдары қатысып, З.Қожалымов­тың халық медицинасы мен адамтану ғылымына қосқан үлесіне жан-жақты тоқталып, лайықты бағасын берді. Ғылыми конференция Зиядан Қожалымовтың өлең­деріне жазылған әндері мен жырларына ұласты. Ғылыми шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, халыққа таны­мал халық емшілері шеберлік сыныптарын өткізді.

Конференцияда философия ғылым­дарының докторы, ҚазҰУ-нің профес­соры Жақан Молдабеков «Шипагер ғалымның еңбегінің ғылымдағы құндылығы» жөнінде баяндама жасады. Баяндамасында шипа­гер ғалым З.Қожалымовтың 25 кітап­тың, оның ішінде 7 моно­графиялық еңбектің және 500-ден аса ғылыми-танымдық, мәдени-тәрбиелік және шипагерлік мақала­лардың авторы екендігін және XV ғасырдағы шипагер ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипа­герлік баян» еңбегін тұңғыш зерттеуші және оны ғылыми айналымға енгізуші, сондай-ақ, қазақтың халық емшілігінің ғылыми негізінің алғашқы қалаушысы екендігін атап өтті.

Шипагер ғалымның еңбегі жөнінде м.ғ.д. профессорлар Керімбектің Ермаханы (ХҚТУ), Амангелді Жаханов (ҚазҰМУ), Жасан Зекейұлы (Алматы), Өтеген Мырзағалиұлы (ХҚТУ), м.ғ.к., доцент Тұрғанбек Құлмаханов, ф.ғ.д., ҚазҰУ-нің профессоры Әнуар Тарақов, з.ғ.д., профессор Жапар Әлдибеков, п.ғ.д., профессор Құрбанқожа Сансызбай, жазушы профессор Ораз Қауғабай және профессор Марқайұлы Көпей (ҚХР), Ералжан Тұтқабаев (Өзбекстан), Журавлев (Ресей), журналистер Орынбай Оралбеков – «Тамаша», ақын Серікжан Қажи – «Президент және Халық», Жексен Алпартегі – «Айқын», Жұлдыз Бай­нолла – СТВ, т.б. арнайы меймандардан Қадыр­ғали Танкиев (Атырау), Үмбет Әбназаров, Қализа Құттыбаева, Бақыткүл Нысанбаева, Сағи Уатқан, Қуат Орынбеков, Халтұрсын Парманов, Бақтыбай Төребеков, т.б. сөз сөйлеп, ғалым З.Қожалымов еңбектерінің құндылығы мен маңыздылығына тоқталды.

Алматы ақшамы” газеті, 14.08.2014

 

Қайсарлықпен  шыңға ту тіккен...

фотоТұрарбек Төлендиев

ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын дәрігер»,

«ҚР еңбек сіңірген дәрігер» төс белгілерінің иегері,

«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет», «Гиппократ» ордендерінің,

Бес медаль иегері, Президенттің «Алғыс хат» иегері.

«Халықаралық халық медицина Акедемиясының акедемигі

Алматы қаласы

Бүгінде, «Қазақстан халық емшілері Қауымдастығы» бүкіл  алыс жақын мемлекеттерге танымалы, «босағасы берік, шаңырағы биік», бағыт-бағдары анық ұжымдық ұйым болып қалыптасқандығына ешкім де шүбә  келтірмейді.

Алғашқы «Республиклық Халықтық медицина орталығының» ашылуы, содан жалғасын тапқан қазіргі «Қауымдастықтың» құрылуына не себеп «үй үстіне тігілген үй емес пе бұл», қандай қажеттіліктен туындады, оған мұрындық болған не  деген сұрақтар әркімнің де ойында тұратын сұрақтар болса керек. Қандай «тар жол, тайғақ кешуден» өтті. Осы сұрақтардың шешімін сол кезеңде шешімін тауып жүзеге асыруға тырысқан осы ұжымның құрылым мен болашағына аянбай  барын  салып, тер төккен, оны ғылым орталығына айналдыра білген қазіргі  басшысы президенті Зядан Қожалымовтың қайсарлық еңбегін бүгін  айтпасқа болмас...

«Қазақстан халық емшілері қауымдастығының»қазіргі қоғамнан өз орнын тауып, алғашқы құрылған «халықтық медицина орталығының» туын жықпай жалғастырып, «түтінін түтетіп, шоғын қыздырып» отырғандығымен қуантады.

Ол үшін өткенге сәл шегініс жасауды жөн көрдім. Өйткені, өткенді еске алмай жаңада береке болмас. Қанша жасырған мен тарихты өзің бұрғанмен оны өшіре алмайсың.  Қағидат солай...

...Ия, 1990 жылдары Кеңес үкіметінің тас-талқан болып күйреп, оның құрамындағы мемлекеттердің тым-тырақай қашып, кейбірінің жеке-жеке егеменді ел, мемлекет болып жатан кезі  еді. Сол кезең бізден де айналып өткен жоқ. Оның тауқыметін мына біздер де  көзімізбен көрдік, бастан кешірдік.

Шаруашылық пен өндірістің  құлдырағаны аз болғандай оның әсері денсаулық сақтау мекемелеріне, халқымыздың хал ахуалына да оңдырмай әсер етті.

Дәрі-дәрмек тапшылығын былай қойғанда  дәрігерлік мекемелердің кейбірі  жабылып, мамандардың көбісі жұмыссыз қалды. Халықтың денсаулығына алаңдаушылық туды. Денсаулығы нашар халық басы ауған жақтан жан үшін  ем іздеді.

Осы бір толқу мен қиын кезеңде ел арасында білетін де, білмейтін де емшілер мен көріпкел бақсылар барлық елді мекендерде тіптен жосқынсыз белең ала бастады.

Әрине, олардың ішіндегі сырқаттың себеп-салдарын білетіндерін де жоққа шығаруға болмайтын еді... Өздерінің амал-әрекеттерімен, емдік шөппен  емдеушілер, сынықшы, оташылар, бақсы-психотерапевтер халықтың назарынан тыс қалған жоқ. Оны кейбіреулері ауруларға өз емдерін мойындатып жатты.

Бірақ, көбісінің халыққа емінен гөрі денсаулықтарына аса қауіпты шаралар жүргізуі алаңдатты.

Міне, осы кезде бұның барлығын бір жүйеге келтіру, олардың емдеу қаблеттілігін тексеріп, білімділерін халықтың денсаулығына қарай бағыттау  қажеттілігі бірінші кезекте тұрды. .

Іздегенге сұраған демекші, дәл осы кезеңде, 1990 жылы Алматы қаласындағы  қазіргі Достық даңғылының бойында орналасқан Үкімет басшылары емделетін үлкен клиникалық орталық аурухананы Д.А Қонаев атамыз «Ана мен Бала қорғау Орталығына» беріп, қаладағы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Акушерство-гинекология институтын» сонда көшірген болатын. Содан сол ат шаптырымдай үлкен  ғимарат  босап қалды.

Міне, сол ғимаратты сол кезде жаңадан ендірле бастаған шарушылық есептегі-яғни өзін өзі мемлекет қаражатынсыз күн көретін ақылы мекеме ретінде Денсаулық министірлігі «Республикалық халықтық медицина орталығын» жаңа мекеме ашты. Бұл 1990 жылдың маусым айының 4 күні  болатын. Осы күннен бастап бұйрыққа қол қойылып, мекеменің бас дәрігері етіп мені тағайындады.

Қашанда тыңнан түрен салу оңай шаруа еместігі кімге болса да белгілі. Өйткені, мұндай халық емшілер орталығының өзі бүкіл Кеңес одағы кезінде тек Москва қаласында ғана медициналық институтының бір бөлімшесінде жаңадан ұымдастырылып жатқан болатын. Бірнәрсені, яғни жоқтан бар жасау, оны өз дәрежесіне дейін көтеру, адамның, қоғамның қажетілігіне дейін қалыптастыру кезіндегі проблемалардың шешілген жолдарын  сол істі атқарған адам ғана біледі.

Шындығын айту керек, осы мекеменің алғашқы ашылуына, оның бағыт бағдарламасын, «Жарғысын» жасап, оны өз қолымен бекіткен. Тіпті, осы Орталықты ашуға мұрындық болып, өз бақылауында ұстаған сол кездегі Денсаулық сақтау министірінің орынбасары болған Урмурзина Гульшара Ғазизқызы болатын. Көкіректерін керіп, трибунадан, баспасөз беттерінен «Орталықты ашуға мұрындық болған, жоғарыға сөз айтқан «мен, анау», деп айтып жүрген мүйізі қарағайдайлардың біреуінің де Орталықты ашуға, қалыптасуына қатысы болған емес. Оның бірінші ірге тасын қалаған мына мен білемін.  Шыны сол!

...«Біздер емшілерміз, қолымның биотогы бар, қатырамын» дейтіндердің  биоөрісін, энергиясын анықтап тексеріп, көзбен көру қажетілігі тұрды. Ол ұшін  ҚазҰУ биогеофизикалык кафедрасының меңгерушісі профессор В.Инюшинді  бүкіл аппаратуралары мен лабораториясын орталыққа әкеліп іске қосты.

Республикадағы медицина саладағы тәжрибелі ғалымдар мен білікті мамандардан сараптаушы топ құрылды. Емшілердің кейбіреулерін қаладағы ірі-ірі емханалар мен ауруханаларға жіберіп, басқада анықтау, байқаулар арқылы емшілердің біліктілігін анықтау жұмыстары атқарылып жатты. Осылай емшілерді сараптау жұмыстары, даярлық, мамандық жетілдіру шаралары да қатар жүргізілді. Жаңадан емшілерге кабинеттер ашылып, жағдай жасалып жатты.

Бір жылдан кейін мен Алматыдағы көп салалы мамандандырылған № 2  содан кейін «Қалқамандағы» 1000 төсектік №7 аурухананының бас дәрігері болдым. Қаладағы клиникалық ауруханаларға ауысқаннан кейін «Емшілер орталығынан» қол үзіп қалғаным бар..

Мұның барлығын тәпшіктеп айтып отырған себебім, өзімді көрсетуден аулақпын. Бірақ, тұңғыштың аты тұңғыш, еңбектің аты еңбек емес пе! Осы уақытқа дейін осы халық емшілерінің ұйымдасырылуы жайлы сөз болғанда, әсіресе әртүрлі жиын, басылымдарда, журналистерге берілетін мәліметтерінде  осы мекеменің алғашы құрылған жылы, оның басшысы жайлы бір ауыз сөз айтылмайды. Ол  өздігінен аспаннан дік етіп тұра қалған жоқ қой. Оның да өз тарихы бар емес пе.

Жақында интернеттен бір халық емшісі орталығы басшысының жазғанын оқыдым. Онда, орыс тілінде «...Минздрав открыл Центр народой медицины в 1992 году туда пригласили меня и сказали «образумь этих колдунов»,деп жазыпты. Ал, ол орталық алғаш 1990 жылы ашылғандығын, басшысы кім болғандығын айтуға болар еді ғой.  ...Содан кейінгі жылдары осы Орталықтың жұмысы көңілге қонарлық болмаған.., ақша жүрген жерде қайсыбір тіршілік оңалар дейсіз. Емшілер орталығын, яғни ғимаратын сол кездегі басшылары  жекеменшікке айналдырып алған. Бөлмелерін жалға бере бастаған. Осы тұста танымалы емшілер тарауға айналған кезде оларға жанашырлық танытып, екі білекті сыбанып, «Емшілер Қауымдастығын» құруға бел буған  осы қауымдастықтың тұңғыш ұйымдастырушысы, қазіргі Президенті, мәдениеттанушы ғалым, профессор, акедемик, зерттеуші атпал азамат Зядан Қожалымовтың қайсарлығын айтпасқа болмас.

Бұл қауымдастықты бастау, құру, аяғынан тік турғызу айтуға оңай болғанмен оны ғылым орталығына айналдыру оңайға түспегені анық. Оның барлығын сабақтап  айтып жатуды жөн санамадым. Ол жөнінде Зядан қажы өзінің «Өмірімнің тағдыры» деген кітабында бастан аяқ жазғаны бар. Көңіл аударарлық үлкен эпопея.

...Қазіргі таңда қауымдастықтың облыс орталықтарында оның филиалдары  ашылды. Халық емшілерінің жетістіктері мен ондағы мамандардың әдіс, амал, емдік шараларын халыққа кеңінен тарату, халық медицинасы мен әлемдік жаһандану заманындағы ғылыми жетістіктерді баяндап өз тілінде жеткізіп жатқан Қауымдастықтың өз қаражатымен басылып шығатын «Шипагерлік баян» газеті бар. Ол да бұл күні ай сайын үздіксіз  шығып тұрады.

«Шалкөде» баспасының ашылуы ол бір төбе: Осылардың барлығын тыңнан ашып,  халық игілігіне жарату да оңай шару емес екендігі рас. Айтуға оңай.

Қауымдастықтың қыруар жұмыстарын ойдағыдай жүйелі түрде жүзеге асырып отырған әрине, оның басшысына байланысты екендігі сөзсіз.

Бұл шаралардың барлығын шарушылық саласы деп түсінсек, ал емшілік, ғылымға бет бұру, ине мен құдық қазғандай  шаруа. Оның жолы ауыр, басқаша!.  Ол үшін емшілік деген тылсым дүниенің қасиетін, бар сезім болмысың, тұжырымың мен ой-санаң соған лайық жұмылдырылуы керек. Ол үшін арғы жағыңда түйсігің, білімің қажет. Болмаса, бос әурешілік, жұртқа мазақ дүние.

Сан алуан мінезді емшілердің басын қосып, жұдырықтай жұмылатын ұжым болу үшін ұйымдастырушылық, халықты өзіңе тартып, өз ісің мен сендіре алатын қабілетін болуы шарт,

Ана тіл байлығын жетік білудің  арқасында емшілік дәстүр мен оның тарихын, тарамдарын бүкіл болмысың мен бойыңа сіңіре біліп, ол санаңнан табылуы қажет.

Міне, осы сияқты алғашқы және негізгі бағыт-бағдарларын анық түсінген, бойына сіңіріп, мықтап  ойға түйген, барлық ниеті осы шараға түгел ауып, таза берілген адам ғана бұл игі істі жүзеге асырады. Ондай басшы бастаған ісін орта жолда тастамайды. Барлық тосқауылар мен кедергілерден аса білімділікпен жеңіп шығады.

Міне, Зядан қажының бойынан осы қасиеттердің барлығы үйлесімді түрде табылып жатты. Сол мүмкіндіктерінің барлығын түгелдей өз ісіне толықтай пайдалана білді. Енді міне, ендігі жерде Қазақстан Емшілер Қауымдастығының киелі көшін әлі де абыроймен бастап келеді.

Менің ендігі жердегі тілге тиек етіп айтпағым ол – Зядан Қожалымовтың  ғылымға деген көзқарасы оған бар ар-ожданымен еңбегін сарып етуі.

Солардың ішіндегі ең құнарлы да соны зерттеуі ол XV ғасырдың ғұлама ғалым-емшісі Өтейбойдақ Тілеуғабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбектерін тауып ғана қоймай, оған бар зейінімен үңіле отырып зерттегендігі. Сол зерттеу еңбегінің арқасында Зядан Қожалымов қажы емші бабаның «Шипгерліік баян» еңбегін шемішкедей шағып отырып, көз майын тауысып «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегін жарыққа шығарды. Осы еңбегі жайлы ғалымдардың пікірлері бір жерден шығып, бұл жұмысы жоғары бағаға ие болып отыр.

Филология ғылымдарының докторы, профессор М. Мырзахметов былай дейді: – «Зядан Қожалымовтың бұл еңбегі Орта Азияда алғаш жазылған Әл-Фарабидің «Медициналық трактатынан» кейінгі екінші еңбек ал, қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласындағы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындаған жөн. Мен монографилық еңбектің авторын осындай құнды филасофиялық еңбегіне ғылымдағы жаңалық ретінде жоғары бағалаймын», – дейді.

Осы тұжырымды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің белгілі акедемик,  профессорлары – Ж. Молдабеков, А.Құлсариева, Б.Абирова. Г.Сарсенбекова,  Қ.Сансызбай сияқты ғалымдарда З. Қожалымовтың  осы еңбегіне өз пікірлерін ашық айтып осыған тоқтайды. Әрине, ендігі жерде бізде  оған қосыламыз.

Осы еңбектері арқылы көзге түсіп, ауызға ілінген, ғалымдардың санасына еніп өзінің ғылыми еңбектерімен танылған Зядан Қожалымовқа Акедемик, профессор, мәдениеттанушы, философ, психолог, дінтанушы атағы да тегіннен беріле қоймағандығы анық.

Оның бергі жағында 23 кітаптың авторы, оның ішінде 7 монографиялық еңбектің және 400-ден аса мақалалармен 30 жуық әннің сөзі мен сазының иесі.

Ендігі жерде, Қазақстан Емшілер Қауымдастығына ақ жол тілеп, толайым табыс, атақ абыройы асқақтай берсін деп тілейік. Оның  Президенті акедемик, профессор Зядан Қожалымов мырзаға қажымас қайрат, ғылым жолында, сондай-ақ өз ісіне әрқашан сәттәлік берсін деген ізгі ниет білдіремін!!!

 

Современный высокодуховный мыслитель

фотоТулешулы Кешубай кажы

Академик международной академии

психологических наук, духовный целитель

ЮКО, с. Шубар

Он дарует мудрость, кому пожелает, и тот, кому дарована мудрость, награжден великим благом. Однако, понимают назидание только обладающие разумом. Сура Бакара 269 аят.

Мне однажды выпал случай, взять в руки книгу академика З.Кожалымова «Мәңгілік құпия шежіресі» «Сакраментальные тайны вечности». Скажу откровенно, сразу передо мной открылись горизонты нового планетарного мышления. Вся книга была пронизана высокой духовностью и проницательностью. Материалистическое мышлениее, которое открывала современная наука, было лишено духовной цели, не имело сокровенного внутреннего смысла. Читая книгу, я понял, что человеческое мышление способно проникать в сакраментальные тайны мироздания. Новое духовно-планетарное мышление необходим как воздух. Человеческий разум, который находился под давлением Люцифера сатаны многоликого вошел в тупик. Современный разум, на который просвещение возлагало все свои упования и надежды, не смог продвинуть всё человечество к благородному свету. Этот разум практически создал железную клетку бюрократической рассудочности, в которой оказалось современное бытие. Теперь настало пора произвести толчок в мышлении всего человечества. Мышление З.Кожалымова - это первый шаг- вход в сакраментальные тайны Всевышнего Создателя. Человеческий разум, как я понимаю, вошел в новый этап понимания и осмысления окружающего мира. Чтобы понять произведения З.Кожалымова, необходимо понять и осмыслить научную истину Бога, которая заложена в Коране Кариме и в хадисах пророка Мухаммада (с.а.в) (Мир ему и приветствие Аллаха). По утверждению ряда мыслителей современности, эра пророка Ибрахима алейхиссалама, (Библ. Авррам) (Мир ему и приветствие Аллаха) которая длилась пять тысяч лет, закончилась парадом планет, который состоялся 21 декабря 2012году. С этого момента наступил первый год новой эры. Этот факт был подтвержден и учеными, исследовавшими записи цивилизации Мая. Все движения во времени находится под руководством и под пристальным вниманием Всевышнего Создателя. Спад и рост человеческого мышления производится благодаря Его милости и милосердию. И мы считаем, что с наступлением новой эры, Люцифер проклятый Богом, на одну ступеньку отступил от разума человека, его место заняли ангелы. И потому, теперь на арене истории жизни человечества появляются все новые и яркие личности. Главная их цель - понять смысл существования всего человечества. Понять Бога, Его ангелов, Его пророков и их миссии, предначерченные в их судьбе, понять священный Коран, раскрыть научную теорию постоянной вечности, доказать людям, что земля является всего лишь временным испытательным полигоном духа Бога, что с наступлением Конца Света, заканчивается весь испытательный срок всего человечества.

Перед мыслителями современности стоят глобальные вопросы и задачи. В данное время весь прогрессивный мир ждет мыслителей, которые могли бы продолжить миссии пророка Бога, во имя спасения всей цивилизации от досрочной гибели. Материалистическое мышление, как было сказано выше, с каждом годом теряет свою устойчивость и определенность, но вместе с тем, как ни странно, именно теперь перед нами открываются новые горизонты - горизонты духовного и планетарного мышления. Зядан Кожалымов - мыслитель современности. Он своим заурядным талантом. подаренному ему с выше от Бога, вошел в этот горизонт, духовного и планетарного мышления. Задается вопрос, почему мыслитель З. Кожалымов в своих произведениях часто отдается к неизведанной научной теории духов. Дух, как говорится в айяте Всевышнего, это дело Бога и человеку об этом дано мало сведений. Но всё же, разум человека, в силу своего подражания, пытается вникнуть в тайны Бога. Поняв дух, человек поймет себя, поймет свое запрограмированное  предназначение. Дух – Человек-это личность вечная. Человек без духа это всего лишь глина, которая становится после смерти опять же глиной, душа которого  со всеми чувствами при жизни, будет гореть во вечном аду, в котором невозможно умереть и жить невозможно. Его книга «Сакраментальные тайны вечности « содержит одиннадцать глав. Каждая глава полна духовного содержания и объективными фактами. В них раскрываются научные видения различных тайн мироздания. Естественно, человеческая мысль станет ощущать свой дух. Возникает вопрос: Кто я, каково моё предназначение, что произойдет со мной после моей смерти, смогу ли я достойно ответить на вопросы ангелов, когда меня уложат в могилу? При чтения этой книги, в человеке просыпается страх за свою несчастную судьбу. Особенно, в главе книги, в которой раскрываются такие актуальные темы, как душа, тело, дух - человек осмысливает себя, свою душу и свою веру. Он почувствует, что смерть, это всего лишь один проход в постоянную вечность, где уже нет смерти. Как я думаю, эта книга, должна стать настольной книгой каждого мусульманина и не мусульманина, в ком живет чувство благоволения.

Всякий мыслитель современности не ждет награды от своих трудов. З.Кожалымов не ждал. Но всё же, Международный рейтинговый комитет и родина оценила его творческий труд и нанаградили Орденом «Слава Казахстана» и его Ассоциация  удостоена почетного звания «Лидер отрасли - 2013» c  Национальным сертификатом и памятной настенной Медалью с золотым покрытием. Времия требует дать оценку его духовно-оздоровительным, научно-позноватильным монографиям, книгам и статьям по системе народной медицины накануне его семидесятилетия.  Ученый, мыслитель, талантливый организатор, поэт, композитор, журналист, инженер Зядан кажы Кожалымов работает для блага народа и целительской детельности. Мы верим, что он создаст новые труды в системе науки и народной медицины для настоящего и будущего поколения.

Да пусть Аллах придаст ему здоровье и мудрость в деле сохранения и процветания мира на земле.

 

 

 

 
в верх