Ғибратты өмір
17 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 | ||
Кожалымов Зядан – организатор нового уровня народной медицины в Казахстане Костюкевич Любовь Академик, целитель биокосмоэнергет г. Алматы Прослеживая жизненный путь этого человека, остается только поражаться его энергии и ответственности за дело, которому он посвятил десятилетия своей жизни. Зядан кажи опирается на людей, обладающих обширными знаниями в различных областях науки. Это академики, профессора, доктора и кандидаты наук и просто специалисты. Но, как говорят, талантливые люди талантливы во всем. Поэтому те, кто приходят в Ассоциацию целителей Казахстана, в свое время в жизни поняли, что знания и их специализация расширяют сознание, приводя к философским выводам, а также идеям, как помогать природе и людям на новом уровне, который еще не всегда может быть объяснен современной наукой. В этом трудности народной медицины. Много людей, далеких от научных знаний, накопленных к настоящему времени, пытаются судить о результатах и достижениях в этой области. Скепсис, неверие, плохое знание не только физики, химии биологии, психологии, не говоря уже об энерго-информационных процессах, создают неблагоприятное мнение об этой сфере деятельности народных целителей. Об энерго-информационных взаимодействиях, о Теории Энерго-информационного Поля, окружающего людей и Землю в целом как воздух, многие не имеют никакого представления, мысля еще по старинке. Наш Президент Ассоциации как раз уделяет пристальное внимание в своей работе людям, вносящим научное обоснование методов народной медицины, а также объясняющим с этой точки зрения взаимодействия как между людьми, так и с природой. Казалось бы, почему человек делает на расстоянии едва заметные пассы, а другой чувствует облегчение самочувствия? Кто-то накладывает руки на болевые участки – происходит постепенное излечение ряда заболеваний либо параллельно с официальными методами излечения, либо самостоятельно. Я сама на себе прочувствовала этот волшебный процесс, когда мы возвращались с Международного Форума «Будущее лечебной системы народной медицины», с13 по 15.09.2013 года, который проходил под руководством нашего уважаемого ученого-философа Зядан кажи в Туркестане. Кроме содержательных выступлений и обмена опытом после основных сообщений на заседаниях, мы смогли посетить святые места, оставившие глубокое впечатление. Ощущался прилив энергии и желание работать с еще большей пользой. У меня на обратном пути в поезде заболела давняя травма. Лиля, одна из целительниц, спросив, почему не сплю, ничего не говоря, за несколько секунд сняла боль. Чудо? Да, но имеющее научное обоснование! Примеров успешной эффективной работы специалистов, объединяемых Ассоциацией, можно привести множество. Это о чем говорит? Что Президент собирает вокруг себя достойных людей, обладающих знаниями и определенными способностями в своих разделах народной медицины. Причем тех, кто не подтверждает свою деятельность на благо больных, духовное оздоровление общества, и не участвует в мероприятиях Ассоциации, где проводится повышение квалификации и обмен опытом между специалистами народной медицины, Президиум Ассоциации отчисляет. Достойные ее члены отмечаются грамотами, па мятными знаками и так далее. Практически каждый целитель проходит систематическое обследование через аурокамеру и на аппаратах по методике Фолля, подтверждая объективно не только свои способности, но и возможность и правильность воздействия на пациентов. Словом, руководство Ассоциации следит за «чистотой» ее рядов. Вы все сами знаете, сколько недоброжелателей хотели бы объявить народную медицину лженаукой и закрыть это направление деятельности, хотя народные целители и врачеватели существуют тысячелетиями. Ассоциация систематически проводит учебу и посвящение вновь прибывающих специалистов. Это важно для ее авторитета, имиджа и эффективности работы. Чрезвычайно важно ежегодное проведение мероприятий, на которые приглашаются специалисты разных направлений народной медицины не только из Казахстана, но и ближнего и дальнего зарубежья. На них обязательно проводятся мастер-классы, где целители делятся своим полезным опытом в лечении больных с некоторыми заболеваниями. Очень интересно прошел VII Международный Конгресс «Духовное и музыкальное целительство», проведенный Ассоциацией целителей Казахстана, совместно с Международной Ассоциацией СТНМиЦ , Академией народной медицины, проведенный в столице нашего государства – Астане в 2010 году. Прошли не только насыщенные дни работы, но и была организована большая культурная программа. Посещению уникальных сооружений этого города также было уделено внимание. Надо отметить, что в заключение мероприятий всегда организуются вечера, где участники знакомятся между собой уже в более неформальной обстановке, показывая свои таланты – кто-то поет, кто-то танцует, кто-то читает стихи свои или народных поэтов. Прекрасные по звучанию музыкальные произведения, написанные Зядан кажи, проникновенно исполняемые на мероприятиях, производят приятное впечатление, наводя на философские размышления, показывая красоту и мелодичность творчества Зядан кажи, также замечательны голоса исполнителей. Надо отметить, насколько внимательно отношение руководителя Ассоциации к каждому члену Ассоциации, наблюдая за их деятельностью, подсказывая, советуя молодым, какие программы нужно освоить для эффективной помощи людям. Я лично отношусь с глубоким уважением и благодарностью за его организаторские способности, обширный кругозор и масштабное мышление в вопросах народного целительства не только в Казахстане, но и на международном уровне.
«Халықтық шипагерліктің» – Көшбасшысы Құрбанқожа Сансызбай Педагогика ғылымдарының кандидаты, ХҚТУ профессоры Түркістан қаласы Қазіргі таңда еліміздің халықтық шипагерлігінің (емшілігінің) қара нары атанған, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының тұңғыш ұйымдастырушысы-Президенті, мәдениеттанушы ғалым, профессор, академик, зерттеуші Зиядан қажы Қожалымов мырза көп жылдардан бері халқымыздың баға жетпес құнды да рухани ерен байлықтарының бірі де бірегейі болып табылатын – халық емшілігінің сырлары мен тылсым құпияларының ғылыми астарын ашып келеді. Жалпы халық пен бүкіл оқырман қауымға түсіндіру жолын қарастыруды қолға алып және бүгінге дейін сол ісін үзбей жалғастыруда. Ғалымның жиырма жылдан астам уақытта баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми-танымдық, мәдени-тәрбиелік, ғылыми-көпшілік, халық емшілігінің өткені, бүгіні және болашағы туралы, жеке сын мақалалары мен жиналыстарда сөйлеген сөздері, зерттеулері, жарық көрген еңбектері мен арнайы пікірлер т.б. құнды рухани мәселелерді қамтыған еңбектерінің тұжырымдары енген бірнеше еңбектері бар. Ол еңбектері мысалы: «Рухани емшілік ғаламаттары» (2006), «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» (2009), «Қазақтың дарынды емшілері» (2010), «Ғаламның жұмбақ сырлары» (2010), «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» (2011), «Орындалған арман (2012), «Өмірімнің тағдыры» (2013) т.б. көптеген осындай көлемді еңбектер. Бұл қолға алынған еңбектер бүгін және келешек ұрпақ үшін баға жетпес құнды рухани жағынан үлкен шаруа болып табылады. Бүгінге дейін тарихымызбен мәдениетіміздің бұрмаланып келгенін қайта түлетіп, өлгенімізбен өшкенімізді және жоғалғанымызды тауып жинақтап жатқан тұста, сан ғасырлар бойы халқымызбен бірге ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан емшілік өнері мәдениетінің тылсым құпиялы сырларын жаңа заманның ғылыми-технология тұрғысынан жетелеп, жалықпай-шаршамай, зерделеп, қарап, бүгінгі өркениет көшіне қайта қосу біздер үшін парыз, әрі қарыз. Ғалым Зиядан мырзаның еңбектерінде, мақалаларында шындық пен болжампаздықтың нәтижесі анық көрсетілген, әрі дәлелденген. Мәселен, оның «Жақсылық ойлаған жардан құламайды», «Дәрігерлікті қалқан қып, салықтан жалтарып жүрген», «Қолында Құраны, аузында иманы», «Қызметіміз бен мақсатымыз адалдық жолында», т.б. мақалаларында емшілік саласындағы кемшіліктерді нақ, дөп басып айта келіп, емшілердің сандық құрамының азайып, салалық сапалық құрамға айналғанына тоқталады. Ал, «Киелі бабалар рухының тылсым құпиясын таныдық па?» – деген мақаласында бабалары Мөңке бидің рухын сыйламаған Ақтөбелік әкім қараларды сынға алады. Оның бұл идеясы халқымыздың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» – тұжырымдамаларын анықтай түседі. Міне, ғалым Зиядан мырза ізденуші-зерттеуші ретінде осы олқылықты қырағылықпен, көрегендікпен дөп басып айтып отыр. Бұл нағыз ұлтжанды азаматтың перзенттік, парыздық әрекеті десе болғандай. Өйткені, тарихи деректік құжаттардың бұрмалануымен қоса жалпы халық емшілігіне деген қоғамдық көзқарастардың өзінің сан алуан болуы, бұл әрине мақалаларында зерттеу жұмысының қаншама қиындықтары болатыны айтпаса да айдан анық көрініп тұр. Қазақ халхының өзіне тән емшілік мәдениетінің болғанын, оның өз заманында халық қажетіне қызмет еткенін зерттеп-зерделеп, оның үстіне ғылыми тұрғыда дәлелдеп жеткізе білу үлкен қиын іс. Халық емшілігінің тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеуде Зәкеңнің XV ғасырда дүниеге келіп, артында өшпестей мәңгілік рухани ғылыми еңбек қалдырған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының, «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегін зерттеп ғылыми айналымға енгізуі әрі оған арқа сүйеуі әбден-ақ орынды. Зерттеуінде еңбектің құндылығы мен маңыздылығын ұлттық философиялық танымда нақ тұжырымын бере алды. Қысқасы, Зядан Қожалымов қазақ ғалымдары арасында ғалым-шипагер Өтейбойдақ еңбегін тұңғыш зерттеп, тыңнан жол салған зерттеуші ғалым екенін мойындағанымыз ғылымға құрмет болмақ. Ұлтымыздың даңқын әлемге танытқан Платон, Аристотель, Гален, Гиппократ, әл-Фараби, т.б. ғұлама ғалымдардан ілім алған әйгілі ибн Синадан кейінгі Өтейбойдақтай емші бабамыздың рухани бай, баға жетпес мұраларын қайта тірілтіп, оның бүгінгі таңдағы ғылыми айналымға қайта жаңғыра отырып енуіне ықпал ету, терең зерттеп-зерделеуді қажет етеді. Халықтық емшілік тақырыбына бұған дейін терең бойлап зерттеп-зерделеу әрекетін жасаған ғалымдар жалпы айтқанда жоқтың қасы. Зиядан Қожалымовтың еңбектерінің бәрі де халықтық емшіліктің б.д.д. мен осы заманға дейінгі «құпия» сырларын ашуға арналған. Бұл еңбектер ең алдымен осы тақырыппен қызығушы ғылыми ортамен халық емшілері үшін таптырмайтын дүние. Халық емі жөнінен әртүрлі ғылыми тың тақырыпта еңбек жазуды қолға алудың өзі де үлкен ерлік. Тыңнан сара жол салып халқымыздың емшілік мәдениетінің рухани мол баға жетпес құнды мұра, қазына байлығына тереңдей үңіле білу Зәкеңнің қолынан келер іс деп ойлаймын. Әрине, қай уақытта болмасын тыңнан түлен сала білу ешкім үшін оңай іс бола қоймасы айдан анық. Әрі бірқатар олқылықтардың да орын алуы заңды құбылыс. «Көш жүре түзеледі» – дегендей Алла қаласа керуен жолға шықты, сең бұзылды. Шипагер ғалым З.Қожалымовтың осы беталыспен халқымыздың емшілік дәстүрлі мәдениетін жүйелеп ғылыми деңгейге көтере беруі, онда сенімнің ақталғаны. Алғашқы қарлығаш қанат қақты, енді қалғандары да соңынан ерер деген үміттеміз. Сең бұзылып, сара жол салынды. Енді тек авторға сәттілік тілейміз. Еңбектердің бәрі де жарыққа шығып, ғаламтордан көрініп халыққа қызмет ете бастады, қадамы құтты болсын. Тынымсыз атқарылған адал еңбек ескерусіз қалмайды. Бұрын ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс хатын» алған ғалым-шипагер З.Қожалымов мырза өзінің торқалы мерейтойы қарсаңында, өзі басқаратын «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» арнайы «Ұлттық бизнес-рейтингтер Халықаралық рейтинг одағының» (Ресей, Украина, Қазақстан, Белорусь) «Сала көшбасшысы-2013» атағына ие болып, арнайы алтынмен қапталған «Сала көшбасшысы» қабырға медалімен және «Сала көшбасшысы-2013» Ұлттық сертификатымен марапатталды. Аталған ұйымның шешімімен З.Қожалымов мырза да көп жылғы еңбегінің нәтижесінде отанның алдындағы сіңірген адал еңбегі үшін «Қазақстанның Даңқы» орденімен марапатталды. Бұл да ешкімнің таласы жоқ таза еңбектің жемісі. Ел тәуелсіздігіне дейін «халық емшілігі» тек ауыз екі айтылып атадан балаға өтіп жалғасып отырды. Жазба түрі болмады, болғанның өзінде қолдандырмады. З. Қожалымов халық емшілігінің тастай қатқан мұзын жарды, сеңін қозғады оның жарқын жолына көрсете білген білгір басшы, жігері мықты нағыз білгір ғалым-шипагер және халықтық шипагерліктің нағыз көшбасшысы екені уақыт өткен сайын айқындалып асқақтап барады. Мұны Егеменді еліміздің үлкен жемісі деп ойлаймын.
Рухымызды әуелеткен ән мен жыр Құрбанқоджаева Раушан Биолог-емші Түркістан қаласы 2006 жылы шілде айының шуақты күндерінде Түркістан шаһарында Қожа Ахмет Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде жұбайыммен бірге қызмет ететін бір профессор ағаларымыз сендер бізге екеуінде қосылыңдар, аруақ жолында жүрсіңдер деп қоймады. Кейін 2007 жылдың жаз айында Шымкент шаһарында Халықаралық емшілер конгресі болады соған жүріңдер деді. Бір күндері бізге арнайы шақыру хат беріп жіберіпті. Бәріміз барып Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті З. Қожалымов мырзаға жолығып, амандасып таныстық. Ертең азанда конгрес басталады соған келе беріңіздер деп бізді қайтарып жіберді. Конгрес өз уақытында, жеке бағдарламасына сай басталды. Өте қызық болып өтті. Біз жұбайымыз екеуміз қызықтық. Сол жерде профессор ағамыздың, президентіміздің және менің жұбайымның кітаптары таратылды. Бәрі де қуана-қуана алды. Екі күн конгрестің қалай өткенін байқамай қалдық. Қызық болғаны сонша арасында конгреске қатынасушылар шаршамасын деп музыкалық (саздық) әуендер жіберіліп отырды. Олардың соншалықты жақсы әрі тартымды орындалғандығы сонша, жан-дүниеңді қозғап рахаттанып қаласың. Президентіміз З. Қожалымов көп әндердің сөзі мен сазын өзі жазған екен. Мына емшілер қауымдастығының президенті Зиядан ағаны алғаш тек ғана басшы ретінде білсек оның бойындағы ғаламат ақындық пен сазгерлік қасиетін енді біліп таңғалдық, әрі риза болдық. Осындай көңілді, мәдениетті, емшілердің басын біріктіріп жан-жақты рухани білім беретін халықаралық конгрестер мен форумдарды Шымкент пен Түркістан қаласында бес рет ұйымдастырған басшымыз З. Қожалымовтың ұйымдастыру қабілеті мен адамгершілігіне және емшілерге деген құрметіне тәнті әрі риза болдық. Тағы бір ерекшелігі әр жылы әр қалада өтеді. Оған қоса ай сайын «Шипагерлік баян» атты газет шығып тұрады, оған өлеңдері музыкасымен жарық көрді. Сонымен қатар жылда өтетін жиналысқа дейін емшілік жайлы ғылыми жинақ шығып тұрады. Енді бірнеше жылдан бері біздің бүкіл мәліметтеріміз ғаламторға ендірілген. Бүкіл әлем біз жайлы біліп отырады, өзінің арнаулы сайты да бар. Мәселен 2010-жылдың шілде айында ғылыми жиын Астана қаласында өтті, оның тақырыбы «Рухани және музыкалық шипагерлік» – деп аталды. Бұл жерде біздің халықтық шипагерліктің ішінде музыка мен дұғалар арқылы сырқаттарды емдегендігі бар екендігін дәлелдеді. Бұл кездері бақсылық өнердің де талай құпияларын ашты. Әрбір конгресс, конференция, форум басталардың алдында, заңды түрде Құран оқылады. Одан кейін сол болып жатқан конгресс, форум, конференция, симпозиумға арнап президентіміз арнауларды өзі жазып келеді. Оны орындайтын жыршыларымыз да бар. Мәселен Түркістанда: «Бисмиллә сөздің басын бастағаным, Шырқалсын шартарапқа асқақ әнім. Еленген ел ішінде еңбегімен, Армысыңдар ақ ниетті емшілерім», – деп басталса, Таразда: «Ассалаума ғалейкум ағайындар, Ежелден ел жұртында бағалылар. Шипагерлер конгресі құтты болсын! Ел өнері тарихында орны барлар», – деп. Астанада: «Самалы Сарыарқаның сағымданды, Талайдың осы жерде бағы жанды. Елімнің ұрпағының басын қосып, Қазақтың ұлылары туын тікті», – деп келеді. Алматыда ерекше басқосу болды. Бұл 2011-жылы болатын. Онда Қазақстан халық емшілер қауымдастығының құрылғанына жиырма жыл толған еді. Соған арнап З.Қожалымов ағаның «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» атты үлкен жинағы шығып, ол үш тілде (яғни қазақ, орыс, ағылшын) жарық көріп бүкіл емшілерге таратылды. Оған қосымша бұл мәліметтің бәрі ғаламторға енді. Керек деген кісілер бүкіл мәліметті ала алады. Ол қаладағы арнау былай басталады: «Көңілді мейман менен шипагерім, Сағынып ел ішінен келгендерім. Қазақта тәуелсіздік орнағалы, Сұрағандар көбейіп емші жайын». Әрине, бұл толғаулар ұзағынан болады, әрбір толғау 20-25 шумақтан кем емес. Мұндай іс тек біздің президентіміз Зиядан қажы ағаның қолынан ғана келеді деп ойлаймыз. Осылай әр жылы әр қалаға барғанда бір марқайып қайтамыз. Себебі бұл арнаулар, өлеңдер бәрі де «Шипагерлік баян» газетінде жарық көріп жатады. Одан басқа әрбір жазған мақалаларымыз жинақ болмаса да газетке (үнпараққа) шығады. Бұл жалпы халыққа өте қажетті дүниелер болып табылады. Кей кездері тамақ үстінде де ән айтылып, көңілдерімізді көтеріп отырады. Әрбір үзіліс кездерінде адамдардың жаны жай табатын қажы ағаның жеке баяу музыкасын (сазды әуенді) жаймен қойып қояды. Көбінде мына әуендер жан дүниеңді тербейді: «Ақ гүлім», «Шипагер баба», «Иманым», т.б. осындай жанға жайлы әуендер. Кей кездері көріністер көрсетіледі. Соның ішінде ең бір әсерлісі Зиядан қажы ағаның ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы сценарийі мен музыкалық әнін сөзімен жазған сахналық «Шипагер баба» атты көрінісі. Оның соншалықты әсерлі болғаны жандүниеңді, қозғап жібереді. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өмірі толығымен көз алдыңнан өтеді. Ол бабамыздың қандай қиыншылықпен артында баға жетпес рухани құнды мұра қалдырғанына таң қаласың. Міне, осылай әр жылы әр қалада бас қосып конференция, форум, конгресс, симпозиум т.б. басқа ғылыми жиындар өткізіп тұру, біздің өшіп кеткен шипагерлік мәдениетіміз бен өнерімізді жандандыра түседі. Мұны жарыққа шығарып қағаз бетіне түсіріп жүрген әрине біздің президентіміз Зиядан қажы Қожалымов аға. Ағаның торқалы мерейтойы қарсаңында жақсының жақсылығын айту мен хатқа түсіру бізге бір қуаныш сезімін сыйлағандай шаттыққа бөлей бермек. Енді осы бастамадан қол үзбейік, әрі келешек ұрпаққа жеткізуге әрекет етейік.
| ||