Ғибратты өмір
21 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 | ||
Зиядан қажы – үлкен адамгершілік иесі Оралбеков Орынбай «Тамаша» баспа үйінің директоры Алматы қаласы Зиядан қажы туралы айтқанда, оның адамдық, зиялылық болмысын айтқым келеді. Иә, Зиядан жездеміз зор қасиет иесі ғана емес, ғалым, академик, ұлы зерттеуші. Бұл тақырыпта сандаған кітаптар жазса да аз болар еді. Бұл жағын білікті мамандарға қалдыра отырып, мен Зекеңнің адамдық, зиялылық болмысына тоқталмақпын. Олай дейтін себебім: бойында ерекше қасиет ғана емес, адамдық зор тұлғасы болмаса, ширек ғасырдай уақыт бойы еліміздің емшілері мен шипагерлерін ұйымдастырып, білімін көтеруге көмектесіп, зор жақсылық жасап, жанашырлықпен еңбек етпес еді. Зиядан қажы жездемізбен мен осыдан он төрт жылдай бұрын танысқан едім. Ол кезде біздің «Тамаша» баспа үйі аяғынан енді тік тұрып, «Тамаша», «Ақбаян» газеттерін шығара бастаған болатын. Осындай ісіміз бірден алға жүрмей жатқан шақта редакциямызға елгезек те аңқылдақ, жарқын жүзді кісі келе қалды. Танысу барысында ол кісінің – Зекең екенін біліп, жылы қарсы алып, әңгімелестік. Өмірде сөйлесе қалсаң, жаныңа нұр құйып, қуат беретін, көңіліңді әп-сәтте шуақты ететін адамдар сирек болады ғой! Мына Зекең тап сондай адам екен. Ол кісінің келуімен жұмысымыз да жанданып, бағытымыз айқындалып, халық үшін жақсылық жасаудың қандай болатынын түсініп, қауқылдаса әңгімелесіп, бір жасап қалдық. Иә, шынын айтқанда, мен өзім жезде ғана емес, жаныма таудай қуат берер аға тапқандай сезімде болдым. Сол байланысымыз осы күнге дейін жалғасып келеді. Шынын айту керек, біз «Ақбаянды» негізінен қыз-келіншектерге арнап, жезтаңдай әнші Мәдина Ерәлиеваның есімін мәңгі есте қалдыру үшін шығара бастаған едік. Біз осы кезге дейін сол бағытымыздан тайған емеспіз. Сол ниетімізге Зекеңнің бірде тағы бір тың ой тастағаны бар. Оның асыл жары, шипагер Түймекүл апаймен де танысып, жұртқа жақсылық жасау бағытын да басылым идеясына қосып алдық. Зекең – үлкен шипагер болса да, жұмыс басты кісіні көп мазаламай, Түймекүл апаймен жұмыс жасауды жалғастырып, қаншама мың адамдардың жолын ашып, тұмар беріп, өмірін жақсы арнаға бұрып келеміз. Осы идеяның бастауында Зекең тұрды. Сол кісінің халық үшін жақсылық жасау идеясын қолданып, жүзеге асырып келеміз. Осындайда Зиядан қажы ағамыз «идея менікі еді, апаларыңа ауысып кеттіңдер, апаларың менен жақын болып кетті ғой», деп әзілдегені болмаса, реніш, өкпе білдірген емес. Қайта осы ісімізді қолдап, қуаттап отырды. Тағы бір адамгершілік қасиетін айтпай кетуге болмайды. Еліміздің халық емшілерін тәрбиелеп, ұйымдастырып отырған Зекең адамның бойындағы емшілік қасиеттерін бір қарағанда-ақ біле береді, адам аурасын сезіп отырады екен. Бір жолы редакциямызға келгенде, «аға» деп жүретін Ғалия атты келіншек: – Аға, басым сынып тұр, емдеп жібересіз бе? –дегені бар ақжарқын кісіге еркелеп. Зекең бұған күлді де: – Мына бастықтарыңа адам бойындағы жаман қуатты қуатын емшілік әдісті үйретейін, сосын сені емдейді, – деді маған қарап. Мен аң-таңмын. Ондай емшілік қасиетім бар-ау деп ешқашан ойламаған екенмін. Зекең басқа бөлмеге мені ертіп барды да, адам бойынан жаман қуатты қалай қууға болатынын үйретті. Былай қарасаң оп-оңай нәрсе, ал оны мен білмейтін едім. – Жезде, мен емші емеспін ғой, – дедім аңтарылып. – Сенде сондай қасиет бар. Әлгі қарындас сияқты, өзіне жұрт сұғын қадап, бойына жаман қуат жіберген жағдайларды емдей аласың. Сенің қолыңның ондай ем жасауға қуаты бар, – деді салмақты үнмен. Сол күні-ақ мен Ғалияның басына ем жасадым. Ал ол болса бір сағаттан соң: – Ағай, басым ауырғанын қойды. Өзімді жақсы сезініп тұрмын, – деді қуана сөйлеп. Зекеңнің осы үйреткен ем жасау әдісін анда-санда қолданамын. Редакция қызметкерлері, үйде қыздарым, т.б. кісілер «басым сынып бара жатыр» десе, емдей қоятын болдым. Міне, бұл да Зиядан қажы ағамыздың арқасында. Ол кісінің ешбір пайда көрмесе де, адамдарға жақсылық жасағысы келген қасиетін біз де үйреніп жүрміз. Жаныңа нұр құятын, сөйлесе қалсаң, жаның жадырайтын асыл қасиеті бар Зекеңнің бұл күнде 70 жасқа толып отыр дегеніне сенгің келмейді. Өйткені, оның жаны жас, жүрісі ширақ, істе әбжіл, тынымсыз жанды ылғи да жас көреміз. Зекеңді ұзақ өмір сүріп, асыл жары, Түймекүл апай екеуі халыққа жақсылық жасай берсе дейміз! Шыққан биігіңіз, құтты болсын, Зеке! Қартаймаңыз, басыңыздан бағыңыз таймасын! Біз сізге алар асуларыңыз әлі де көп бола берсін демекпіз!
ПЕРСПЕКТИВЫ НАРОДНОГО ЦЕЛИТЕЛЬСТВА КАЗАХСТАНА Парманов Халтурсын Врач-целитель Алматинский область Судьба каждого человека определено и указано богом. В связи с изменением времени, с 1990 года появилось возрождения народного целительство РК. Среди целителей появились одаренные целители, которые имеющи высокая знание способности. Из них за благо народного целительства Казахстана в конце 1991 года была организовано по инициативе и Председательством организационного комитета народного целителя Международной категории Зядана Кожалымова. И он был избран Президентом вновь созданного «Ассоциации народных целителей Казахстана». Сегодня уважаемый Зядан кажы является автором более 20-ти книг по направлению духовно-оздоровительном, научно-просветительном и учебники по народной целительской медицине. Уважаемый Президент Ассоциации З. Кожалымов в течение четверти века дал огромный вкалд народной медицине на научной основе и поднял культурности, знание и поднял дружеские отношения между членами Ассоциации. Более 15-ти лет под руководством Президента Ассоциации проводится Международные6 Республиканские конференции, форумы и конгрессы по системе народного целительства. На сегодня высокие успехи Ассоциации высоко ценят Казахсьтанские и зарубежные государства. З. Кожалымов является автором истории народного целительства Казахстана прошлого и ностоящего Он изучал на научной основе обселдовал казахского народа труды «Шипагерлік баян» Казахского ученого целителя XV века Отейбойдака Тлеукабылулы. По монографические труды «Целительская традиция и философия» (Алматы. 2010 г.) во время презентации данного труда ученые Казахстана, Средний Азии, Китай и РФ и т.д. признали Отейбойдака Трлеукабылулы «вторым Ибн Синой».
ҒҰЛАМАЛАР ТОҒЫСАДЫ Сәрсенбай Жанболат Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Алматы қаласы Өмір деген өлшеусіз бір дүние екен. Кім қанша ғұмыр кешеді, кім болады, ол жағы белгісіз. Тек, бір белгілісі, ол не істеді, артына қандай із қалдырды, жүріп өткен жолы мәнді ме, мәнсіз бе, деген сауалға жауап іздеу ғана астарлы ақиқатты алдыңызға жайып салады. Бұл жерде айтпағым, осыдан бес ғасыр бұрын өмір сүрген ғұлама ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1485) бабамыздың жүріп өткен жолдарымен, сіңірген еңбектерін, бүгінгі күннің ғалымы, профессор Зядан қажы Қожалымовтың салған іздеріндегі, ізденістерін, жалпы барлық еңбектерін салыстырып көрсек деген ойды ортаға салу еді. Ұлы ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыз өзінің «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегін жаза бастағанда, қазақ даласының төсінде «күндердің-күнінде әлемді дүр сілкіндіретін, осы бір құнды еңбек дүниеге келді» деп ешкім де бағалаған жоқ. Қайта, ұлы бабамызды «тентек, диуана, дәруішке» теңеп, ойлап шығармайтыны жоқ дегендей қарапайым көптің біріне жатқызды. Бірақ, ұлы қасиетті бойына сіңіріп өскен ғалым, шипагер бабамыз ұрпақ қамын ойлады. Қазақтың қанына сіңген таусылмайтын «қаңқу» сөзіне құлақ салмады. Сөйтіп, өшпес мұра жазып, артына қалдырып кетті. Ал, бүгін сол өшпес мұраның соңғы шоғының түтінін қайта түтетіп, отын жағып, лапылдатып, жалынға айналдырған, оны күллі жарты әлемге танытқан ғалым, шипагер Зядан қажы Қожалымовтың еңбегі бағаланып жатыр ма. Тура сол Өтейбойдақ бабамыздың заманындағыдай, бұл күнде де, тәуелсіздік алған алғашқы жылдар да, «шипагерлік ілімі ғылымда жоқ, олар топтасқан бақсы-балгерлердің шамандардың әрекеті» деп халық емшілеріне үрке қарайтын билік өкілдері дамыған қоғамның сауатсыздығын көрсетті. З. Қожалымов ағамыз 1991 жылдың 22 желтоқсанында құрған әрі басқарып келе жатқан «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігін жоюға республиканың тоғыз министрлігі мен комитеттері жабылып, бір З. Қожалымовты ешқандай себепсіз жазғырды. Қорғансыздың күнін кешкен, оның қандай кінәсі бар еді. Ата-бабамыздан келе жатқан халық шипагерлігін қызғыштай қорғағаны үшін, мықтылардың «тепкісінде» қалды. Бірақ, емшілердің басшысы, қорғанды, қорғалды. Кеш те, болса да халық емшілігін ғылымға қосты. Мен деген ғалымдарды мойындатты. Сондай-ақ, ғұлама Өтейбойдақ бабамыз «Шипагерлік баян» атты еңбегін бес мың беттік қолжазбамен жазса, Зядан қажы ағамызда шипагерлік ғылымына арнаған жиырмаға жуық кітабы және қазақ басылымдарында жарияланған мақалалары бес мың беттің «о, жақ, бұ жағына» барып қалады. Соның біріне тоқталсақ, «Мәңгілік құпия шежіресі» мен «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты энциклопедиялық, монографиялық еңбектері үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көріп, жарты әлемге танылған ұлы еңбек болып саналды. Бұл туралы филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы: Шын мәнінде біздің Өтейбойдақ бабамыз қазақтың ибн Синасы. Зядан қажының еңбектері ғылым жолымен мұны толық мойындатады. Қысқасы Зядан қажы Қожалымовтың бұл еңбегі Орта Азияда алғаш жазылған әл-Фарабидің «Медициналық трактатынан» кейінгі екінші еңбек ал, қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласындағы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындағанымыз жөн... Қысқасы З. Қожалымов өз еңбегінде қазақтың халық медицинасының б.д.д. тарихы мен өркендеуіне және ХV ғасырдағы қазақтың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегіне таза ұлттық философиялық танымдағы зерттеуін ғылымдағы жаңалық ретінде жоғары бағалаймын, – деп баға берсе, философия ғылымдарының докторы, профессор Жақан Молдабеков: «Зядан қажы Қожалымов қазақ хандығының қараүзген шипагері, шығыстың «екінші ибн Синасы» – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мұрасын насихаттауда өзіндік үлесін қосып келе жатқан жанашыр іздемпаз, ғалым» – деген-ді айтқан. Демек, қазақ ғалымдары алысты болжайды. Кешегі күнде ғұлама Өтейбойдақ бабамызға Әз Жәнібек хан қол астына алып, қамқорлық жасаса, Зядан қажы ағамызға қазақ ғалымдары қолдау көрсетіп, өшпес мұрасын ұрпағына аманат етуге жол ашты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ғалым ағамызға «Алғыс хатын» тарту етті. Бұл жөнінде Зядан қажы ағамыз «Орындалған аманат» атты монографиялық еңбегінде кеңінен тоқталып өтеді. Бірақ, қалай болғанда да, Өтейбойдақ бабамыз қырғын соғыспен, қуғын-сүргінге толы аласапыран заманда өмір сүрді. Ал, Зядан қажы ағамыздың әуел баста, шекесі қызған жоқ. Ел аман, жұрт тыныш, бейбіт күн деген аты болмаса, қылышынан қан тамған қызыл империя кезінде, тәуелсіздік алған тұстарға дейінгі қиын кезеңдерді бастан кешірді. Айырмашылығы сол Өтейбойдақ бабамыз ұрпақсыз өтті. Ал, Зядан қажы ағамыз ұл-қыз өсірген абзал әке. Ғылым жолында да талмай ізденіп, еңбек етіп келеді. Бес ғасырдан аса уақытта Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» еңбегіне Қытай мемлекеттік сыйлығын берсе (1997) ал, қазақ елінде екінші ибн Сина атануына (Тараз, 2009) өтейбойдақтанушы ғалым З. Қожалымовтың ғылыми монографиялық еңбегі «Шипагерлік дәстүрі және философиясының» (А.2009) ғылыми айналымға енуі себеп болды. Бұған дейін халықаралық, республикалық т.б. орындардың медальдары мен марапаттарына ие болған ғалым Зядан ағаға ұзақ жылғы еңбегінің жетістігі үшін осы жылы халықаралық рейтингі комитетінің «Ұлттық сертификаты» мен «Қазақстан даңқы» орденімен марапатталуы емшілер қоғамы мен емшілер үшін үлкен қуаныш болды. Бүгін де мәдениеттанушы ғалым ағамыз халық медицинасы Академиясының профессоры және бірнеше Академиялардың академигі. Ақындығы мен сазгерлігі де оқырмандар мен тыңдаушылардың сүйікті шығармасына айналды. Егер Өтейбойдақ баба өзінің энциклопедиялық медициналық еңбегі «Шипагерлік баянын» жазуда оннан аса гуманитарлық ғылымдар саласымен байланыстырып жазса, өтейбойдақтанушы ғалым З. Қожалымов ағамыздың еңбектерінде дін, әдебиет, эстетика, психология, философия, физика, биология т.б. ғылымдардың негізгі қағидалары біріктіріліп, ұлттық пәлсапалық негізде жазылғандығы айқын көрініс береді. Шындығын да, екі дүниенің ғұлама ғалым шипагерінің өмірлерін, еңбектерін салыстырудағы мақсатымыз, бірінікін бірінен оздыру емес, екеуінің де ұлы еңбектерін оқырманға жеткізу болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуындағы ғылым көкжиегінің жетістіктерінде шипагерлік ілімінің бар екенін әлем ғылымы мойындағанда оны зерттеген ғұлама ғалымдардың ерен еңбектерінің бағалану барысы біздің елдің ғылымынан назардан тыс қалмаса екен, деген уәж ғана айтамыз. Ғұмырларының арасы бес ғасырға жуық екі ғұламаның бір аймақтың бір жерінен болуы да бізді таң қалдырады. Зядан ағаға бабасының өткен ғасыр соңында берген аяны баба аманаты екенің түсінген зерттеуші ғалым ағамыз З. Қожалымов арқылы Өтейбойдақ бабасының ғұмырнамалық еңбегінің құпия сырлары ашыла береріне зор сенімдеміз. ...Иә, ғұламалар тоғысады. Ғылымда да, өмірлерінің ұқсастығы да, артына қалдырған іздері де. Тарих беттерінде қалдырған есімдері де. Ұрпақ үшін жасаған еңбектері де. Ең негізгі тоғысатын жері қазақ халқының шипагерлік ілімінің болашағын ойлағаны.
ШОҚТЫҒЫ БИІК, ДАРА ТҰЛҒА Сейітжан Айнұр Дәрігер-емші Алматы қаласы Қашанда қазақ халқы «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп өзінің жақсыларының өнегелі істерін айналасына құрметпен жақсылықтарын жеткізіп жатады. Сол секілді менде, Қытай Халық Республикасынан келген дәрігер ретінде өзіме қамқор болған, әрі қызмет саласындағы басшым Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик Зядан қажы Қожалымов ағамыздың ерен еңбегін қағазға түсіргенді жөн көрдім. Шындығында Зядан қажы ағамыздың арқасында қаншама қандас бауырларымыз туған елге келіп халқымыздың денсаулығының жақсаруына үлес қосты. Небір, жазылмас дерттерді емдеп сауықтырды. Осының барлығы ағамыздың алғашқы қадамымызға ақ батасын беріп, ел үшін, жер үшін еңбек етуімізге мүмкіндік беруінен туды. Біздер мұны қашанда ризалық көңілмен қабылдап, әлі де еліміз үшін аянбай еңбектенетінімізді жеткізгіміз келеді. Сондай-ақ, Қазақстан халық емшілері қауымдастығы еліміздегі халық шипагерлерінің ұйымы болғандықтан қызметі әлемдік дәрежеде орны бар екенін көрсетіп берді. Әр жыл сайын өткізілетін конгрес-форумдарға қаншама шетелдік қонақтар қатысып жатады. Тіпті, олар өздерінің ыстық жылы лебіздерін қауымдастық басшысы Зядан қажы ағамызға білдіріп, шексіз алғыстарын жеткізгенде біздің де жүрегімізге қуаныш ұялаған. Тағы бір айта кетерлік жәйт, қазір дамыған заман ғой, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының меншігіндегі шығарылып отырған «Шипагерлік баян» газетінде жарты әлемнің түкпір-түкпірінен келген хаттар жарияланып жатады. Соған қарағанда қауымдастық қызметі жарты әлеммен байланыс орнатқан деген негіз бар. Осының барлығын басқарып, бір жүйеде Қазақстанның атын танытып отырған бірден-бір тұлға Зядан қажы Қожалымов ағамыз. Осындай ағамыздың қанатының астында жүріп, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы желбіреген бейбіт күнде күн кешіп отырған біздер расында бақыттымыз. Бақытымызды бағалап, ағамызды ағалап, ынтымағымызды жарастырып, еңбегіміздің жемісін көріп жүрсек одан артық дүниенің қажеттілігі бар ма?! Ағамыздың амандығымен, ғұмыр жасының ұзақ болуын Алладан тілейміз. Зядан қажы ағамызды қайда жүрсемде мақтан етіп жүремін. Бір мен үшін ғана емес, ағамызды құрмет тұтатын барша қауымның алдында ағамыздың шоқтығы биік, дара тұлға болып қалары сөзсіз. Лайым солай болғай!
ЖҮРЕК СЕЗІМІНІҢ ЖАРШЫСЫ Серікжан Қажи Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алматы қаласы «Өлеңге әркімнің де бар таласы» демеп пе еді ұлы Абай бабамыз. Иә, қазақтың кез келген екеуінің бірі – ақын. Тіпті болмағаны, сүйген қызына екі ауыз сөзді өлең жолымен өрнектеп жеткізбегені жоқ. Оған дәлел келтіріп, анықтама беріп жатудың қажеті шамалы болар. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» деген сөзді де данышпан бабаларымыз бекер айтты деймісіз?! Өмірде алуан-алуан жүйріктер келіп те, кетіп те жатады. Біреулердің жұлдызы жарқырай көрініп, мәңгілікке қол жеткізбейтін биікке шарықтап кетсе, бәз біреулері қоламтадағы қызыл шоқтай өз жылуын бойына сақтап маздайды да жатады. Әдеби ортаға есімі соншалықты танымал болмаса да жерлес, әрі жасы үлкен ағам болатын Зядан Қожалымовтың бірнеше кітаптары қолыма тигенде осындай ойда қалдым. Жоғарыдағы қазақтың екінің бірі ақын деген сөзімді осы Зядан ағам тағы да дәлелдей түскендей. Шынында да бұл күндері өлең жазбайтын жандар кемде-кем. Бұл жақсы ма, жаман ба?! Әрине, жақсы. Өйткені, қолына «періште-қаламды» ұстап, қараңғы түндерде шамның жарығынан сәуле іздеп, жыр жазған жаннан кімге жамандық келсін?! Керісінше, жүрегі жаралы жандарға жылы сөзімен дауа іздейді, сауықтырады. Ақындықтың басты парызы да – осы емес пе! Ендігі сөз, жоғарыдағы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, мәдениеттанушы ғалым, Өтейбойдақтанушы, философ, психолог, дінтанушы, шежіреші «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті, ҚР Халық медицинасы және Космоэнергетика академиясының президент академигі, Халықаралық «М.Нострадаумс атындағы проскопиялық Академиясының» академигі Зядан аға Қожалымов жайлы болмақ. Менің басты мақсатым – жерлес, есімі алты алашқа мәшһүр ағамның өзіме жақын қыры – ақындығы жайлы аз-кем сөз қозғамақпын. Бірден айтайын, Зәкең әлде бір қаламдастарымыз секілді ұзақ түнді сарп етіп, саусағын сорып, жыр жазатындар санатынан емес. Ол тек жанын тебіренткен жайттарда ғана қолына қалам алады. Жүрек сырын жыр жолдарымен өрнектейді. Өз жүрегінің дүрсілін, өз оқырмандарына алғаусыз ұсынады. Дәлел керек пе. Онда Зәкеңнің 2012 жылы Алматы қаласындағы «Шалкөде» баспасынан жарық көрген «Ақ гүлім» атты ән-саз және жаңа өлеңдері жинақталған жыр жинағын парақтап көрелік. Аталмыш жинақ белгілі сазгер Темір Тайбековтің «Зяданға ақ жол тілеймін» атты алғысөзімен ашылған. Сөз жоқ, ақындарға ең ауыры әнге текст өлеңдер жазу екені белгілі. Сазгер ағамыздың айтуынша, Зекең жай ғана ақын емес, осынау әнге сөз жазатын ауыр жанрдың жүгін бір кісідей арқалап жүрген азамат. «Зяданның туындыларының соңылығымен, әуезділігімен, мәңділігімен ел арасында шырқала берері сөзсіз», дейді белгілі сазгер. Айтса айтқандай Зәкеңнің сөзіне жазылған сазгерлердің әндерінің эстрада жұлдыздарының орындауында сахна төрінде шырқалып жүргеніне де 20 жылдың жүзі болды. Тағы бір артықшылығы сазын да, сөзін де өзі өрнектейтін керемет қасиеті де бар. Расында да оның өлеңдерін оқып отырып, әнге сұранып тұрғанын бірден байқайсыз. Аталмыш жинақтағы алғашқы бөлімдегі туындылардың дені осылай көрінді, бізге. Сөйтіп, Зәкең әрі ақын, әрі сазгер. Менің шамалауымша, осы жинаққа кірген-кірмегені бар отыздан астам ән өлеңдері жұртшылық арасына кеңінен тарап кеткен. Айталық, «Халқыма айтар жан сырым», «Ашылсын бағың қазағым», «Тәубеге келу» атты әндері жұртшылық арасында кеңінен орындалып жүр. Белгілі жыршы-термеші Төлеу Қосан, әншілер Эльмира Жаңабергенова, шымкенттік Гүлзина Шорабекова, алматылық Диана Шик, Шарбану Әлмешова, Байдоллақызы Сайран, Тараздық Зәуре Сатыбалдиева, термешілер Сыпатай Жақып, Үсенов Алтай, Еркебұлан Оразымбетов Зәкеңнің өз қызы марқұм Ләззат та кейіпкеріміздің өнерінің жанашырлары, халық арасына насихаттаушылары. Бұл туралы белгілі ғалым, фил.ғ.д., Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Әнуар Тарақтың пікіріне ризашылықпен қосыласыз. Ол: «Жаны да, тәні де, рухани жағынан кемеліне келген Зядан Қожалымов секілді жаңдардың шығармашылығы халық ортасынан қайнап шыққан «Тас бұлақтың суындай» таза да, мөлдір». Осы ойға сөзсіз келісесіз. Көркем әдебиеттен ауылы алыста жүрсе де ұлтымыздың рухани әлеміне елеулі үлес қосып жүрген оған риза боласыз. Жырларын сүйсіне оқисыз. «Ақ гүлім» атты жинағындағы мына төмендегі жолдар оның туа бітті ақын екендігін айқындай түседі... Бір Алла ғой сезім беріп, жүрегімнен сезгенім, Бар адамға тек жақсылық түлейтұғын қарапайым пендемін. Адасқанды ақ жолға сап, ізгіліктің нұрын сеуіп, Жаратқанның құлы ғой деп мен ешкімді бөлмедім... Шынында да осынау дүрбелең дүниеде біткен бай мен кедейге жіктеліп бара жатқандарға, ақыретті күндерді ойламай, Алла жолынан адасып бара жатқандарға ой салады. Қандай күштің құдіреті, қайтармаған алдымнан, Айналайын демеу болған мені сүйген халқымнан. Киелі рух жебей берсін, жақсылығын дарытып, Айырмасын дінін, тілін өнері мен салтынан. Бұл да бүгінгі күндегі ең өзекті мәселе. Ақын жүрегі оған да алаңдаулы. Ұлы бабалар рухынан жәрдем сұрайды, халқына жақсылық тілейді. Рас, осы жинақтағы жыр жолдарының бәрі дерлік «тайпалған су жорға» деп айтуға келмес. Дегенмен, ақынның адамзатқа деген жан сыры, жүрегінің үні. Ұлы Абай бабамыз да «Тіл өнері дертпен тең» деп бекер айтты деймісіз. Зәкеңе оңашада қалам алдырып, ой кештіретін де осы дерт, періште сезім. Осы уақытқа дейін 25 кітаптың және екі жыр жинағының авторы Зядан ақынның бүгінгі талғампаз өқырмандардың рухани сұранысына жауап беретін туындылар аз емес екені анық. Амал не, осы жыр жинақтарындағы дүниелерді әбден сұрыптап, сығымдап, өзінің талғам таразысынан қайта өткізіп, бір туынды ретінде қайта ұсынса тіптен оңды болар еді. Жасыратыны жоқ, әр жерден жылт еткен тұшымды дүниені іздеп теріп оқығаннан, басы бүтін бір жинақтан оқығанға не жетсін?! Бұл да болашақтың бір ісі болуы тиіс. Зәкең ақын сазгер ғана емес, аракідік прозалық туындыларды жазуға да ден қойып жүр. Оның өткен 2013 жылы жоғарыдағы «Шалкөде» баспасынан жарық көрген «Өмірімнің тағдыры» атты кітабы осы ойымызға дәлел бола алады. Кітаптың алғысөзінде көрсетілгендей әлемдегі тылсым дүниедегі болып жатқан құбылыстарды өз жанымен сезген сәттерін көркем тілмен өрнектейді. Сонымен бірге бұл жинақтағы оқырмандарды ойға жетелейтін Зәкеңнің «түйінді ойларында» ерекше атап өткеніміз жөн. Мұнда ақын-сазгер, дінтанушы ғалым ағамыз өз өмірінен туындаған ойларымен сыр бөліседі. «Басына ауыртпашылық түскенде қайғырма қуан. Ол – Жаратушының саған сынағы» немесе «Жалғанды жалпағынан басқандарды, Көрсетті кеудемсіп, асқандарды. Өтуде бұл тірлікте бастан бәрі, Байлықтан басы айналып тасқандарды», – деген жолдар оқырмандарды ойға жетелейді. Қорыта айтқанда, қаламдас әрі жерлес інісі ретінде ақын әрі сазгер Зядан Қожалымов туралы аз-кем айтпағым осы болатын. Жетпістің желкенін керген Зәкеңе алар асуы бұдан да асқақтай берсін деген тілектеміз.
| ||