Ғибратты өмір

 

 

22

 главная                                                  вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28

 

 

ДОСТЫҚ СЕЗІМІҢДІ ҚҰРМЕТТЕЙМІН

фотоТанкиев Қадырғали

Атырау облысы әкімінің бұрынғы

орынбасары, қоғам қайраткері,

Қызылқоға ауданының «Құрметті

азаматы»

Атырау қаласы

Аса құрметті, Зияке, менің өзіңмен таныс әрі сыйласатын жақын адамын болғаныма да ширек ғасырға жуықтапты. Бұл өткен ғасырдың тоқсаныншы жылының басы болатын. Мен де және өзің де жастық шақтың жалынды кезеңін бастан өткеріп жаттық. Бүгінде өзің де және өзіңді өкшелеп келе жатқан менде салихалы аталық кезеңге жеткенімізді сезбей қалыппыз. Десе де өмірдің өтпелі кезеңі өз заңдылығын мойындатары анық. Абай айтқандай «бір бала ішсем-жесем, енді бір бала көрсем-білсем» деп дүниеге келеді. Осы екі түрлі баланың алдына қойған мақсат-мүдделері де бірі-біріне ұқсамайды. Біреуі жеңілдің үстімен, ауырдың астымен өмір сүруге бейімделсе, екіншісі, маңдай терімен еңбек етіп, бар өмірін ізденіске арнап, жақсылықтың жаршысы болуға, білген-тергенін көпшілікпен бөлісуге тырысып бағады емес пе?! Әлгі екі түрлі баланың екеуі де есейіп, үлкейгенде, берер жемістері қандай болатындығы айтпаса да түсінікті ғой.

Бүгін Ел ағасы атанған, істеген ісі тарихта таңба болып қалатын, республика бойынша халық емшілігін (негізгі мамандығы инженер болғандығына қарамастан) ғылыми негізде жолға салған азамат – Зиядан Қожалымов туралы сөз қозғап отырмыз. Әрине, жоғарыда айтып өткен екі баланың бұл азамат – екіншісі екені сөзсіз.

70 жыл – адам өміріндегі бір белес. Бұл жасты көп пе, аз ба деп қарауға болмас. Бұл жастың өлшемі – мәні мен маңызында, тындырылған ісінде, оның нәтижесінде, берген жемісінде.

Бұл жас өзіне мол жауапкершілікті де арқалай келеді. Өйткені, соңыңнан ерген ұрпағына бағыт-бағдар беру, өзіңе ілестіру, тіліңді алғыза білу, өсиет айтып, бата беру – осының бәрі осы жастың еншісінде.

Оған қоса, ұзақ жылдар еңбек ету барысында жинаған бедел мен абыройды сақтап қалу – осы жаста маңызды.

Құрметті Зияқа, ел саулығының ауыртпалығы мен жауапкершілігін өз мойныңа алған бірегей азаматтардың бірісіз. Бұлай айтуымының негізі бар. О, баста (1991 жылдан бастап) халық емшілігі сияқты «қиын» бастаманы қолға алған жалғыз Сіз емес пе едіңіз?! Халық емшілігінің бар екендігін, Алланың берген қасиетті жолы екендігін дәлелдеп, заңды рәсімдеп, қолға қалам алып, оны ғылыммен ұштастырып, жетілдіріп келесіз.

Ал, бүгін көпшілік сізді ғалым, зерттеуші деп таниды. Бұл оңайлықпен келді ме? Жоқ.

Өткен күндерге ой жүгіртсек, біздің елімізде орын алған бархат революциясы, елдің егемендікке қол жеткізуі, көк тудың желбіреуі, үлкен күрестерге толы уақыт, жаңа қоғамның қалыптасуы барысында ұмытылып бара жатырған  дәстүрлі емес медицинаны жаңғыртуды қолға алуға кімнің батылы жетерліктей еді?! Ол тек ғана сіздей азаматтарды күтіп тұрды емес пе еді?! Оған қоса, 70 жыл Кеңес үкіметінің саясатымен өмір сүрген әлеумет – халық емшілігін қалай қабылдағаны бізге мәлім.

Осы өткен уақытқа тағы бір сараптама жасасақ, 90-шы жылдардың басы – кім қандай іспен шұғылданып жүр, қандай жетістікке жетті, жетсе де оның қандай жетістік екендігіне есеп беріп жүр ме, жоқ па – осындай бағыт-бағдары анықталмаған уақыт еді. Халықтың бір тобы «сөмке» арқалап, базарға, енді бір тобы бартерге, тағы біреулері емшілікке бет бұрды. Соңғыларының ішінде адасқандары да жоқ емес. Алла берген қасиетті «мақсатына лайықты» қолданбай жүргендерін де көрдік.

Өзіміздің облыста (сол кездегі Гурьев облысы) «мен, әулиемін» деушілер пайда болып, соңына халықты ертіп, көшеге шықты (бұл әрекеттерді түсіну қиын болды). Олар да әрекеттеріне жауап бермеді. Жекелеген басшылар мұндай орын алған берекетсізіктері үшін жоғарыдан сөгіс алып та жатты.

Міне, осындай аумалы-төкпелі уақытта 1992 жылдың маусым айының 16 жұлдызында  (бұрынғы Гурьев) қазіргі Атырау қаласына келіп, халықпен жүздесіп, «Жасанды әулиенің» әрекетін тоқтатып, Махамбет театры алдында жиналған мыңдаған халықты, тыныштық сақтау үшін тұрған үш жүзге жуық сақшы жасақшыларын тыныштандырып және оларға мән-жайды түсіндіріп, дұрыс жолға түсуді бағыттау мен халық медицинасының ерекшелігін түсіндіру Сіздің маңдайыңызға жазылған еді. Содан халық біртіндеп түсініп, елде түсінушілік орныға бастады. Ең қиыны түсіністік орнату, сондықтан да болар осы жұмыстар сіздің көп күшіңізді алды. Әйтсе де, дәл осы күш пен уақытты алған «әрлі-берлі шабыс» біздің (сіз екеуміз) арамызда достық қарым-қатынастың орнығуына себепші болды емес пе?! Сол уақыттан бастап ағалы-інілі болып, бір-бірімізге деген сыйластық пен мейірім, жарасымды әзіліміз жалғасып келеді.

Өмір өз бағытымен алға кетіп барады, әрбір асу мен белестің өз «проблемасы» күтіп тұрады. Оның бәріне батыл кірісіп, белді бекем буып араласып, шешімін тауып келесіз. Ол да Алланың оңынан сілтеп тұрғаны деп ойлаймын.

Осындай толассыз «проблемалар» Сізді тәжірибелі етті, шыңдады. Қым-қиғаш уақытты да, қолдаулар мен қарсылықтарды да, басқару рычагтарының күші мен қолдауын да өз басыңыздан өткізген азаматсыз.

Көтерген ауыр жүгіңізді жеңілдетуге өз үлесін қосқан адамдар да болды. Соның бірі өзіңнің жансерігің жұбайың Түймекүл болды. Ұйқысыз өткен түндер, маза бермеген ойлар, шындыққа қол жеткіземін деп арпалысу кезінде Түймегүлдің орны бөлек болды. Әлі де солай, лайым осы қалыптан Алла ажыратпасын.

Осыдан 15-20 жыл бұрын қолға қалам алып, емшілік жөнінде мақала жазбақ түгілі, халық емшілігін қоғамдық ұйым ретінде Министрліктен тіркеуден өткізудің өзі орасан зор күш емес пе еді?! Ешкімге бас имедің, халық емшілігін жоямын деушілерге қарсы тұра білдің. Арманың халық емшілігі қауымдастығын сақтап қалумен оның Жарғылық мақсаты мен міндеттерін орындауда ізгі іс жоспарыңды бүгінде жүзеге  асырдың.

Облыстарда филиалдар ашу процесінің қиындығы мен ұзақтығы, оны жергілікті мамандарға сеніп тапсыру – бітпес жұмыстай көрінген-ді. Жетегіңізге еріп, осы бүгінге дейін бірге еңбек етіп келе жатқан азаматтар да жоқ емес. Көпшілікке топырақ шашуға болмас, десек те, филиалдардың жұмысын ақсатып, орасан зор еңбекті «құмға құйған судай» тастап кеткендер де кездесті. Облыстық филиалдарда болған тәртіпсіздіктерге өзіңіз тікелей араласып шештіңіз. Бұндай жағдайлар «беріспеуге бел буған» Сіз үшін мотивация болған да шығар.

Бүгін оның барлығы алыста қалған күндердің еншісінде, еске түскенде «ойпырай, солай болған еді ғой, а» деп қоясыз.

Сол қарбалас уақытпен қатарласып, балалар да ер жетті, білім алды, аяқтанды, немерелер дүниеге келді, ата–әже атандыңыздар. Ата-әже атанып, қуанышқа бөленуге себепші болған тұңғышың Ляззатыңның (марқұм) қызы алғашқы немерең – Айымның ұзату тойы болды. Ол сол кездегі шаршағаныңызды ұмыттырып жіберді емес пе?! Шаршағанда, дем берген де осы Айым емес пе?! Осылайша немерелердің бәрі де есті балалар болып өсіп, ер жетуде. Бүгін оның жақсылықтарына қуанып, марқайып жүрсің ғой, Зияке. Немере балалар өз алдарына шаңырақ көтеріп, өрістеріңізді кеңейтіп жатыр емес пе?!

Алдағы 70 жылдық  мерей тойда сізді құттықтап сөйлеушілер көп, сөйлеп, тілек айтқысы келетіндер одан да көп. Бәрі сізді Зияқа деп қолпаштап отырады. Бұл – өткен өмірдің нәтижесі, жемісі. Ал, кеше сіз кім болдыңыз? Қатардағы азамат, қарапайым инженер және мекемелер басшысы болдың. Еңбек пен талап, күресе білу қабілеті, ақыл мен күш Сізді бүгінге жеткізді. Менің досым қатардағы емшіден әлем емшісі, мәдениеттанушы ғалым, профессор, академик атақтарыңмен қатар шежіреші, қаламы жүйрік журналист, ақын-сазгер, көптеген құнды кітаптардың авторы атанғанына мен мақтан етемін.Сондай-ақ, абыройлы отбасы мен сүйкімді, тілалғыш, еңбекқор балалар, адал жар Түймегүлді – сіздің бүгінгі жетістігіңіздің Фундаменті деп білемін.

Міне, 70 деген асу төбесін көрсетіп, алдыңыздан күлімдеп қарсы алып тұр. Бұл – мен қолымнан келгенді жасап болдым деп «қол қусыратын» кез емес.

Алда үлкен міндеттер көп. Жақсылықтар да жемісін беріп жатыр! Жақсылықтың жемісін көретін де кез келді.

Алла соған жеткізгей!

 

Рухани азығы мол ғылыми бас қосулар

фотоТаджиметов Хайрулла

Психолог-емші

Түркістан қаласы

«Қазақстан халық емшілер қауымдастығы» жиырма жылдан астам уақыт халыққа қызмет етіп, рухани азық беріп келеді. Қоғамдағы емшілер негізінен рухани емдерді жүргізеді. Бұл іс-шараны басқарып отырған белгілі мәдениеттанушы ғалым профессор, академик Зиядан Қожалымов мырза. Бұлардың негізгі мақсаты халықты рухани азғындардан аман алып қалу. Сондықтан, ай сайын «Шипагерлік баян» атты газетін шығарып отырады. Әр жылда еліміздің әр түрлі қалаларында ғылыми конференция, конгресс, симпозиум, форум және басқа мәдени іс-шаралар өткізіліп отырады. Бұл өткізілген іс-шаралар үш күннен кем болмайды. Әр қалаға барғанда түрлі-түрлі тақырыпта өткізіледі. Мәселен: Шымкент қаласында «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі» атты конгресс, Түркістан қаласында «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары құпиялары» атты форум, Тараз қаласында «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы» атты конгресс, Астана қаласында «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты конгресс, Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының «Халық медицинасындағы бақсылық өнері» атты форум сонымен қатар академик З.Қожалымовтың 2011 жылы (Алматы, «Шалкөде», 426 бб.) қауымдастықтың жиырма жыл толуының құрметіне «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» атты «Қазақстан халық емшілер қауымдастығының жиырма жылдық тарихы үш тілде  (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған тарихи-монографиялық еңбегін баспадан жарыққа шығарып, ғаламторға ендірді. Бұған қоса қауымдастықтың президенті, профессор З. Қожалымовтың авторлығында әрбір форум, конференция, конгресс және симпозиумдардың мақала топтамаларын жинап кітап етіп баспадан жарыққа шығарып отырады. Мұнымен қатар қауымдастықтың құрамында әр түрлі мамандықтың ғалымдары бар, солардыңда еңбектері сол жиындарда таратылады. Осындай іс-шаралардың арқасында қауымдастықтағы емшілер өздерінің білімдерін жетілдіріп отырады. Қазіргі таңда қоғам, емшілердің санына емес, сапасыне көп көңіл бөледі. Осындай рухани мәдени іс-шаралардың жол бастаушысы президентіміз академик Зядан Қожалымов мырза. Адамның жаны мен тәнін таза рухтарын көтеруде мәдени шаралардың өте маңыздылығын емшілер қауымы қуана қарсы алады. Өйткені, басшымыз З.Қожалымов мырза барлық шараларға басшылық етумен қатар, мәдени шараларды өткізуде ұлтымыздың ән-күйлерімен қатар өзінің сөзі мен сазын жазған әндерін де тыңдатады, өте емдік, шипалық қасиетінің жоғары екендігіне біз де риза боламыз. Міне, осындай іс-шаралардың өткізіліп тұруы әрине біздің қоғамның рухани мәдениетінің көтерілгендігі. Емшілер мен ғалымдардың арақатынасының жақсаруына, имандылығымыз бен мейірбандылығымызды және білімділігімізді көтеруде қауымдастықтың президенті, торқалы мерекелі тойың өткізгелі отырған ағамыз академик Зядан қажы Қожалымовтың зор ықпалының болуын біз мақтан етеміз.

 

Ұлы жүректі адам

фотоТажибаева Ғазиза

Халықаралық дәрежелі халық емшісі

ОҚО, Жетісай қаласы

Адамның адамдығын көрсететін, оның адамгершілік қасиеті. Адамды адамнан артық ететін де сол қасиетіне негізделген, еңбекқорлығы болса керек. Алла тағала дұрыс жолмен жүруі үшін сезім, ойлау, ақыл-түйсік, парасаттылық, білім және ерекше дарын берген. Адамдар бұл дүниедегі өмірін ақыл таразысына салып, тура жол таба білсе, өзінен кейінгілерге де жарқын жол салып береді. Ислам тәрбие құралы ғана емес, ол ғалымдар үшін, ғылымның қайнар бұлағы. «Қымбат асыл тастың қырлары көп болады» дейді дана халқымыз. Осындай қырылары тұлғаның бірі: Республикаға танымал мадениеттанушы, өтейбойдақтанушы және зерттеуші ғалым, философ, психолог, ақын-сазгер, «Қазақстан Халық емшілері Қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Қожалымов Зиядан қажы ағамыз. Ғалым ағамыздың рухани тәрбиелік ғылыми танымдық мақалалары 50-ден аса газет пен 10 шақты журналдарда жарияланған, 25 кітаптың авторы оның ішінде 7 монографиялық еңбек.

Албан  шежіресі, батыр баба Әлмрек кітаптарының авторларының құрамында. 500-ден астам мақаланың және 40-ға жуық әннің сөзі мен сазының авторы.

Қайраткерлік күш-жігерімен, ақыл-парасатымен сатыдан-сатыға, баспалдақтан-баспалдаққа көтеріліп келеді. Ғылымдағы қайраткерлігін дінмен ұштастырып, халықтық шипагерліктің мәдениеті мен тарихын емдік дәстүрлері және XV ғасырдағы ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты ұрпақтарға қалдырған еңбегін, аманатын тереңнен зерттеп, зерделей отырып, бүкіл дүниежүзіне, әлемге танытып жатыр. Ұлы баба Зиядан қажы ағамыздың түсіне кіріп: «Жаз, жаз балам, жаза бер, тағы да жаз», – деп ғайып болады.

Зиядан қажы аға Өтейбойдақ бабаны қазақ радиосынан таныстыруды бастап, оның жалғасын бітіруге келе жатса: «Ей Зиядан! Алдыңа қара!», – деген дыбысты сезгендей болады. Басымды көтеріп қарасам, жүргізушінің артында үлкен сахна пайда болып, 4-5 адам сахналық көрініс жасап жатыр дейді. Сахна шетіндегі өзімнің де сұлбамды көргендей болдым. Сен Өтейбойдақ бабаңды «Сахнаға алып шығасың» деген үн естіліп, барлық көрініс ғайып болады. Осы көрініске сенер-сенбесін білмей, бұл құбылысты күнделігіне жазып қояды. Содан 2009 жылы 24 шілдеде Таразда өткен Өтейбойдақ бабаға арналған конгресте өзінің жазған «Шипагер баба» атты әнімен шипагер ғалым Өтейбойдақ баба өмірінен шағын сахналық көрініс көрсетілді. Сонда бұдан 10 жыл бұрынғы аянмен көрген көрініс есіне түседі. Міне, бұл аянмен көріністі  аруақ аманаты деп түсінуге болады.

Осы көріністі көргенде еріксіз көзімізге жас келді. Қажы ағамыздың айтқан сөздері, үлкен ғылыми дәрежелі қызметпен айналысып жүрген ғалымдардың айтқан ой-пікірлері көңілімізді толқытты. Жыл сайынғы өтетін емшілер форумын асыға күтеміз. Әр жылғы форумда өтетін тақырыптар мен қойылатын талаптар, өмірге деген көзқарасымызбен ой-пікірлерімізді ғанаттандырып, өзгертіп отырады.

Халық емшілерінің асыл қасиетін жаңғыртып, емшілерге қолдау көрсетіп, жол көрсетіп, қаншама асыл еңбегін аямай, ел елдегі емшілердің хал-жағдайларын сұрап, демеу көрсетіп отыратын Зиядан қажы ағаны – Ұлы жүректі адам деп танимыз.

Кез келген мәдениеттің негізі, рухани байлық. Ал оның ең бастар қайнар көзі – дін. Дін арқылы адамның қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелденеді. Таза ұлтжанды тектік қасиетті сыйлай білетін, жүрегінде иманы бар адам өнегелі іс бастайды. Әр адам өзінің тегіне тартады. Тектінің ұрпағы да, текті болады. «Алып анадан туады» – дейді халық. Зиядан қажы ағамыздың отбасын киелі де өнегелі деп білеміз. Отбасының ұйытқысы ана болатын болса, Зиядан қажы ағамыздың анасы да табиғи, тылсым құпия сырларын білетін діни сауатты болған. Елі-жұртына «Ақ апа» атанып, халқының алғысына бөленген жан. Ақ апамыз ұлының бойындағы  қасиетін сезген екен. Ар тазалығы, кішіпейілділік, имандылық сақтап, әр нәрсені ақылмен шешуді әрқашан ескертіп отырған.

Ұлының оқыуын бітіріп, адал жар құшып, сәбилі болуын армандаған. Ана тілегі көзі тірісінде орындалды. Келіні Түймекүлді көргенде: «Арманым орындалды, Аллаға ризамын», – деген екен. Тұңғыш  немересі Ләззатын алдына алып, мейірлене бауырына басып маңдайынан өбіп, рахатқа бөленеді екен. Ақ анамыз уақыт сәті келіп, бұл пәнимен қоштасар сәтте: «Жалғызымның арқасы бар, ие бол», – деп аманат етіпті келіні Түймекүліне.  Кейіннен келінінің түсіне еніп: « Баламның басына көп қиыншылық келеді, көре алмастық болады, алған бетінен қайтпасын, оны халқы қорғайды», – деп аян берді.

Қазақта, келін ененің топырағынан жаралған деген сөз бар. Түймекүл апайымыздың бойында көріпкелдік пен емшілік қасиеті бар. Өзінің мамандығы – провизор дәрігер. Түймекүл апайдың емдеу тәсілі, тамыр ұстап, аурудың түрін анықтай алады.

Негізінен Қожалымовтар отбасын емшілер отбасы деуге әбден негіз бар. Бұл өнегелі отбасының отағасы білімді, тылсым күштің құпия сырларын зерттеуші, ислам дінінің құдіретін дәлелдеуші, халық емшілерінің алғашқы – президенті З.Қожалымов.

Білім мен ғылым жолында ізденіп жүріп атқарған ерен еңбектеріңіз ұрпаққа үлгі-өнеге. Өнегелі істеріңізбен халқымыздың ыстық ықыласына кенеліп, Алланың мейірім шапағатына бөлене беріңіздер. Көңілдеріңіз шуақты, жүректеріңіз қуатты болсын!

 

Өмір жолы – өнеге

фотоТөребеков  Бақтыбай

Қауымдастықтың ОҚО аймақтық

филиалы директоры

Жетісай қаласы

Адам өмір сүрген қоғамында басы бос ешқандай жауапкершіліксіз жүруі,  қоғамды  апатқа ұшыратады.  Себебі, ондай кісі үшін, жақсылық, жамандық жасау маңызды болмай қалады. Мұның соңы түрлі пәлекеттерге алып баратыны хақ. Ақын Абай атамыз мына өлең жолдарында; «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын» деп текке айтпаған ғой.

Бір хадисте: «Ғалымның өлгені, ғаламның өлгені» деген. Аспандағы жұлдыздар қараңғыдағы жолаушыларға жол көрсеткендей, ғалымдар адамзат баласына жер бетіндегі тура жолын көрсетеді. Ғылым мен ғалымның маңыздылығы мен құндылығын жеткізе алатын бұдан артық сөз болмаса керек.

 Қазақ халқы өзінің Егеменділігіне қол жеткізген күннен бастап, басқа халықтар сияқты өзінің тарихы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері, өркениетті мәдениеті, рухани байлығымен көзге түскен ұлы халықтың біріне айналды.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыз «Шипагерлік баян» атты ғылымнамалық еңбек жазып, ХV ғасырдың өзінде қазақтың жазу мәдениеті мен ғылымдық ізденіс болғанын кейінгі ұрпаққа аманаттап, бүкіл дүниежүзіне дәлелдеп отыр.

Қазақ халқының шипагерлік емдік өнері көне дәуірден ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып өркендеу мен даму кезеңдерінде халықтың емдік сипатын сақтап келді.

Емшіліктің жеке дара шипалық танымы нәтижесінде ұлттық шипагерлік ілімінің негізі қалана бастады. «Шипалық таным» «Шипагерлік» деген ұғымдар енді ғана жаңадан ғылыми айналымға енуде. Шипагерлік – ерекше өмір, ұмытылмас өнер, тәнмен араласу, дертпен аңдысу, көңілді айықтыру жолы.

Ұлы шипагер қазақтың ұлттық мәдениет философиясының бүгінде бір құрамдас бөлігі аталған, халықтық шипагерлік философиясының негізін қалады.

 Қаншама қилы замандар өтсе де «жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» – деген халқымыздың даналығы бүгінде шындыққа айналды. Қазақ халқы әлемдегі қаны таза, жүрегі адал, алдындағы асын қонағына бөліп бере салатын меймандос халық екенін бүкіл әлем таныды, білді.

Қазақ халқының әлімсақтан-ақ сауатты ұлт болып қалыптасқанына көздері жетті. Сауаттылық жағынан сол кездегі еуропа мен батыс елдерінен көш ілгері болғаны, бүгінгі күндері дәлелденуде. Осындай сауаттылықтың басында бүгінде аты әлемге әйгілі болған XV ғасырдың ғұмырлы ғұламасы, халық шипагері Ө. Тілеуқабылұлы бабамыз тұрғанын мақтан етеміз. Арадан 5 ғасыр уақыт өтіп, Өтейбойдақ бабамыздың еңбектерін мұра тұтып, тереңнен зерттеп, ғылыми еңбекке айналдыруды Алла тағала Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик Қожалымов Зиядан қажы ағамызға нәсіп етті.

Қазақстан Халық Емшілері Қауымдастығының  құрылғанына 10 жыл қарсаңында, Зиядан қажы ағамыздың «Шапағатты рух ордасы» және «Мәңгілік құпия шежіресі» ғылыми-танымдық екі кітабы, қауымдастықтың  15 жылдығына «Киелі шаңырақ», «Тылсым дүниенің құпия емдері» және «Халық медицинасындағы бақсылық өнері» еңбектері жарық көрді. Ғылыми танымал кітаптардың тұсаукесері өтті.

Зиядан қажы ағамыз қауымдастықтың беделін көтеруде, халық емшілерін сала-салаға бөліп, жазған ғылыми-танымдық еңбектеріне оң пікір айтылды. «Шапағатты рух ордасы» кітабының 3-ші бөлімінде; шапағат нұрын шашқандар деп атап, адамдарды имандылыққа, қайырымдылыққа шақырып, ұйымның рухани ағарту мен денсаулықты сауықтыру шаралары туралы тоқталып, қауымдастық мүшелерінің суреті беріліп, таныстырылған.

«Мәңгілік құпия шежіресі» атты кітабы ғарыштың  тылсым  сырлары баяндалған ғылыми танымдық еңбек. Олардың кейбіреулеріне назар аударып қарайтын болсақ 6-шы тарауында – қоршаған ортаның  дәрісіз табиғи емі, асыл тастардың емдік қасиеттері мен ән-күйдің емдік қасиеттеріне көбірек тоқталған. 7-ші тарауында тылсым дүниенің жұмбақ сырлары, бақсылық, болжаушы, көріпкелдік, халық емшілігі мен телепатия жайында ашып жазылған. Олар жеке адамның бойындағы беймәлім күштің әсерінен кенеттен пайда болатын, бізге көрінбейтін сыртқы белгісіз рухтармен байланыс жасайтын құпиялы жұмбақ күш иелері дейді.

Бабалар рухының сөнген мұрасының отын жағып, халқымен қайта қауышуына қауымдастықтың басшысы Зядан қажы ағамыз өзінің сүбелі үлесін қосуда.

Сөзімді қорытындылай келеөмір жолы бәрімізге өнеге  Зиядан қажы ағамызға көптеген жақсылықтар мен табыстар тілеп, мәртебеңіз биік, қаламыңыз ұшқыр болсын деп, төмендегі өлең-шумақтарын арнаймыз.

Жан бар ма жақсылықты аңсамаған,

Еңбегіне дән риза қаншама адам.

Зиядан қажы ағамыз ғылымда да,

Ізденуден, зерттеуден шаршамаған.

 

Көп қасиет бойына жиып берген,

Арқалаған алғысын сүйікті елден.

Емшілерге сара жол салып берген,

Қажы ағамыз көрінген биіктерден.

 

Мәлім ғой елге еңбек еткеніңіз,

Сол үшін маңдай терін төккеніңіз.

Бәріне Алла атымен халық куә,

Құтты болсын Зиядан қажы аға.

Жемісті 70 жасқа жеткеніңіз.

 

 
в верх