Ғибратты өмір
14 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 | ||
ІЗГІ ТІЛЕК, АҚ НИЕТ Болашқызы Мукара Дәрігер-емші Алматы қаласы «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т. Карлейль «…адам денесінің жетілуі – оның денсаулығы, егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек» деп, ұлы ойшыл әл-Фараби айтқандай, адам баласы үшін бұл бес күндік дүниеде денсаулықтан өзге ешнәрсе де маңызды болмақ емес. Қазіргі таңда, күллі халықтың бет қаратпай белең алып бара жатқан «ауру» деген тасқынмен тоғысуы жанға батып отырғандығы анық. Ұлы Жаратушымыз, күллі әлемнің Иесі, Аса қамқор, Ерекше мейірімді Аллаһ тағаламыздың өзі «Адамзатқа ауруды шипасымен қосып бергенмін» деген емес пе?! Олай болса, кез келген аурудан әуелі Жаратқанның, содан кейін ақ халатты абзал жандардың ем-домынан айығуға болады деген сөз. Ұлы ойшыл Франклиннің керемет бір сөзі бар: «Дәрінің бірталайының себі тиетінін білетін дәрігер – білгір дәрігер», сондай-ақ, «Дәрігер – арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек» деген Гипократтың сөздері мен танитын бір кісіге арналғандай. Ол – Қазақстан халық емшілері Қауымдастығының президенті, Халықаралық дәрежелі парапсихолог, Халық медицинасы Академияларының академигі, Халық медицинасы және Ғарыштыққуат Академиясының академигі Зиядан қажы Қожалымов. Біздер үшін ол – тек ғана қайраткерлік келбеті мен емшілік қабілеті жоғары тұлға ғана емес, сондай-ақ, адамгершіліктің туын көкке көтере білетін, халық азаматы, ардақты аға. Олай дейтін себебім, Зиядан қажы Қожалымов – «Отаным, туған жерім» деп оралған қандас бауырларымызға қамқорлығын көрсетіп жүрген қамқоршы. Ардақты ағамыздың үлкен жүрегінің қайырымдылығын көргендердің бірі өзім. Себебі, Қытай жерінде дүниеге келіп, сол өлкеде жеті жыл Шығыс медицинасы бойынша біліп алып, еңбек жолымды сол жақта бастап, бес жылға жуық еңбек еттім. Кейін ата-бабамның мекені – Қазақстанда өзімнің қаным бір қазағыммен бірге жалғастыруды армандап, отанға оралдым. Әрине, жүрегімде үлкен бақыт сезімі болғанымен, көңілімде алаңдаушылық пен үрейдің де болғанын жасыра алмаймын. Әрі туған жерім деп келгеніммен құшақ жайып қарсы алып, көмек қолын созатын жанашырым болмады. Бірақ, мен іштегі бір белгісіз дауысқа, арманмен үндескен үмітке сендім және қалың қазағымның ортасында жүргеніме қуандым. Өмір деген ұшы-қиыры көрінбес үлкен теңізге ұқсайды. Сол теңізде әр адам өз желкенді қайығымен жүзіп келеді. Олай болса, алдымыздан соққан желге де, дауылға да төтеп бере алу – әр адамның қажыр-қайраты мен өмірге деген сүйіспеншілігіне байланысты. Сол сияқты, туған жерімде қаншама ауруына шипа іздеген қаны бір қазағыма көмек көрсетіп, емдегім келді. Менің отанға оралудағы ең биік арманым да осы – білімім мен біліктілігімді туған халқымның игілігі үшін жұмсау болатын. Сол арманымның шындыққа айналуына сүбелі үлес қосып, қадамыма қарлығаштай қанатымен су сеуіп, демеу болған жан – Зиядан қажы Қожалымов еді. Ол кісі бойымдағы білімімді, шипагерлік қабілетімді, емдік біліктілігімді байқай алды, көре білді. Сөзі өткір, жанары жалынға толы Зиядан ағамыз қалың халықты аурудан өзі айықтырып ғана қоймай, бойында қабілеті бар, халықтың денсаулығын жақсартуға үлес қосуға асығып жүрген жастардың да жолын ашып, ағалық қамқорлық танытуы – мақтауға тұрарлық және тұлғаға лайықты азаматтылық деп танимын. Ағамыздың қамқорлығын көріп жатқан жалғыз ғана мен емес, қаншама отандағы және отанға оралып жатқан жалынды жастар да Зиядан қажы Қожалымовтың ағалығы мен даналығына куә болып жүр. Өзі біліп ғана қоймай, білетіндерін өзгелерге үйретіп жүрген Зиядан ағамызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Аса қадірлі Зиядан қажы Қожалымов, «Ұлылардың ұлылығы – халыққа аянбай адал қызмет атқарғанда ғана білінеді» демекші, халқымыздың басына төнген «ауру» деген тұманды сейілтуіңіз – үлгі болар игі іс деп танимын. Әрқашан қазақтың өр тұлғалы қадірлі азаматы бейнесінде қалуыңызды тілеймін. Еліміздің «жанға – дауа, дертке – шипа» іздеген халқыңызға көмегіңізді көрсетіп, әуелі Жаратқан Иеміздің, содан кейін күллі қазақ елінің шексіз алғысына бөлене беріңіз! Отбасыңызға бақыт-береке, деніңізге саулық тілей отырып, ізгі тілек пен ақ ниеттен туған жыр шумақты арнаймын. Бағытыңыз – елге жасау асыл іс, Тоқтамаңыз, тау суындай тасыңыз. Қалың елге бақыт сыйлар емімен Зиядан қажы, ұзақ болсын жасыңыз!!!
ТАЛҒАМЫ БИІК ҰСТАЗ Бұзауова Алтынай Қауымдастықтың Жезқазған филиалының директоры Жезқазған қаласы Халықтық шипагерліктің көзін тапқан, тұнық бұлағының нәрінен, білім көкжиегінің ізімен бабалар аманатының ізгілік жолын жалғастырған білікті шипагер ғалым, Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының президенті, академик Зядан қажы Қожалымов ағамыздың есімі жарты әлемге таныла бастады. Оның басты себебі ғалымның ғылыми негізде жазған құнды еңбектері бұл күнде ағылшын, орыс, түркі тілдеріне аударылып интернет желісінде бой көрсетсе, әртүрлі халықаралық конгрес-форумдарда негізгі құрал ретінде пайдалана бастады. Сөзімізді нақтылай түссек, Зядан қажы ағамыз өмірінің жиырма жылдан астам уақытын халықтық медицина саласын саралап, оның ішінде ХV-ғасырдың ұлы шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегін зерттеуге бар қажыр-қайратын жұмсады. Мәселен, профессорлар, ф.ғ.д. Мекемтас Мырзахметұлы, философ. ғ.д. Жақан Молдабеков сияқты т.б. ғалымдар Зядан қажы ағамыздың жазған құнды еңбектеріне өте жоғары баға беріп, пікірлерін білдірген. Соның ішінде, ағамыз ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының әлемде Шығыстың «екінші ибн Синасы» деп аталуына жол ашқан дара тұлға. Бұл дегеніміз ұлы еңбектің нәтижесінде жеткен жетістігі әлі де сан ғасырларға мұра болып қалатын қазақтың баға жетпес рухани байлығы. Дегенмен, халықтық шипагерлік саласының қоржынына 23 кітап пен 30 – дан аса ән жазып қалдырған Зядан қажы ағамыз мұнымен де тоқталған емес. «Албан шежіресі», «Батыр баба Әлмерек» сияқты шежіре кітаптарына да атсалысып шежіре де жазды. Көптеген жазушылардың кітаптарына алғы сөз, пікір жазып беріп, жол бастаушы дана болып танылды. Сондай-ақ, ғалымдық жан-дүниесі, көрегендік көзімен, жазушылықпен қоғамдық жұмысты ұштастыра білген еңбекқорлығы тағы бар. Атап айтқанда, Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығын құрды. «Шипагерлік баян» атты газеттің негізін қалады. «Шалкөде» атты баспа ашып кітап шығарумен де айналысты. 1991 жылдан бері қаншама конгрес-форум, конференциялардың өткізілуіне тікелей басшылық жасады. Соның ішінде уақыт тауып ғылыми жұмыспен айналысты. Ерен еңбегі жанып, көптеген марапаттаулармен бірге, алтын орден, медальдарды да жеңіп алған атақ-даңқы да жетіп артылады. Сонда да, өзінің сабырлылық кейпін сақтаған ұлылық бейнесі, кісілік келбеті, оның көркем мінезділігін көрсетеді. Сөзімді қорытындылай келгенде, Зядан қажы ағамыздың талғамы биік ұстаз екендігін әрдайым мақтан тұтамын. Өйткені, ағамыздың қолынан дәріс алған мықты шипагерлердің алды небір биік белестерді бағындырса, арты еліміздің түкпір-түкпірінде халыққа қалтқысыз қызмет жасап жүрген, ел абыройын арқалаған білікті шипагерлер. Сондықтан,желкілдеген кеменің желкенін желбіретіп, жетпіске келген Зядан қажы ағамыздың мерейтойына жанымнан шыққан жылы сөздің құдыретін тарту етемін. Ғұмыр жасы ұзақ, дені сау, даналық келбеті нұрлы болсын демекпін.
Шагая в ногу со временем Дуйсекеева Эльмира Шакировна Академик, Почетный член АНЦК г. Шымкент Жизнь современного человека неразрывно связана с научно-техническим прогрессом, колоссальными информационными потоками и новыми технологиями. Ежедневно ученые совершают открытия в различных областях бытия. Современный мир – это мир скоростей, информации и коммуникаций. Вряд ли сегодня кто-то может представить свою жизнь без сотового телефона и «всемирной паутины», без You Tube, Whats App и Viber. Новые технологии вырастают как грибы после дождя. Без всего этого наша жизнь была бы менее комфортной, безопасной и эффективной. И, все-таки, новое - это хорошо забытое старое. Во всяком случае, это касается жизни и деятельности современного целителя и экстрасенса. Эти реалии современности хорошо прослеживаются в жизнедеятельности Ассоциации народных целителей Казахстана, возглавляемой ученым-культурологом Академиком З. Кожалымовым. Каков образ целителя в голове рядового обывателя? Скорее всего «многие представляют себе народного целителя эдаким сельским самородком без образования. Однако современные целители не так просты. Они посещают курсы повышения квалификации, проводят международные конгрессы, объединяются в ассоциации» (Анастасия Цирулик. «Целитель – целителю рознь». Справочник «Одаренные целители Казахстана» Алматы 2010, стр.15). Это объективная реальность. Целитель должен быть грамотным и образованным помимо того, что он обладает своим природным даром и наследием предков. Так, 30 сентября 1991 года был создан оргкомитет для создания Ассоциации народных целителей Казахстана. С этого дня началась история Ассоциации (с историей Ассоциации можно ознакомиться на сайте Ассоциации и в справочниках, изданных под редакцией Академика З. Кожалымова). Деятельность Ассоциации регламентируется Уставом Ассоциации народных целителей Казахстана, принятом на первом Съезде народных целителей РК, прошедшем с 20 по 23 декабря 1991 года. - С тех пор в уставе не изменилось ни одной буквы, - говорит в своем интервью газете «Мегаполис», № 30 (442) 6 понедельник, 10 августа 2009 г., Академик З. Кожалымов. Деятельность Ассоциации направлена на повышение уровня профессионализма народных целителей, изучение феноменов целительства, а именно: при Ассоциации под руководством президента АНЦК З. Кожалымова и других специалистов создана школа повышения квалификации и знаний народных целителей по специальностям: народное целительство, биоэнергетика, космоэнергетика и духовное целительство, а так же включает в себя просветительскую работу среди населения. Так же под руководством ученного-исследователя З. Кожалымова работает научно-исследовательский центр по исследованию форм, методов и новых направлений народной медицины, космоэнергетики и духовного целительства. Руководителями и членами Ассоциации было издано более 37 книг методического, исторического, духовно-воспитательного, научно-познавательного и монографического характера, написано более 600 статей научно-познавательного, духовно-оздоровительного и энциклопедического содержания. На республиканских и областных телевизионных каналах и по радио было проведено более 500 выступлений, посвященных народной медицине, природным, космическим и человеческим таинствам. По инициативе членов Ассоциации в 2004 году в г. Алматы была создана Международная Ассоциация специалистов традиционной народной медицины, психологов и целителей, которую возглавляет сегодня ученый Академик З. Кожалымов. Под руководством президента Ассоциации З. Кожалымова с 2007 года организована Академия народной медицины и космоэнергетики для изучения научной основы народной медицины и индивидуальных способностей целителей. Неоценима роль президента АНЦК З. Кожалымова в деятельности и жизни Ассоциации. Сам, являясь уникальнейшим человеком и специалистом-исследователем, З. Кожалымов – требовательный и справедливый руководитель и Учитель для членов Ассоциации. Он неустанно трудится над совершенствованием себя и на благо народа, требуя того же и от членов Ассоциации. Без личностного роста и саморазвития невозможна деятельность современного целителя. С целью обмена опытом, повышения информированности членов Ассоциации проводятся ежегодно Международные конгрессы и форумы, Республиканские конференции, издается газета «Шипагерлiк баян» (Трактат о целительстве). Для меня было открытием знакомство с научным трудом исследователя З. Кожалымова по теме «Культурные истоки и лечебные традиции народного целительства» (Целительская традиция и философия). В труде ученого всесторонне исследуется наследие Отейбойдака Тлеукабылулы (1388-1483гг). Здесь параллельно исследована культура народного целительства казахов и книга Отейбойдака Тлеукабылулы «Трактат о целительстве». Труд наполнен глубоким философским смыслом, а также теоретическими и практическими методами и приемами, что делает его учебным пособием для специалистов в области народного целительства и учебником по истории народной медицины в различных учебных заведениях. Кроме того, целители получают здесь признание своего нелегкого труда. А это немаловажный факт, потому что очень важно для каждого человека быть признанным. Уважаемый президент Ассоциации З. Кожалымов объединил всех одаренный людей Республики Казахстан и поднял их культуру знаний, духовность, патриотизм и милосердие, а так же он заложил научные основы народного целительства в истории народной медицины в Республике Казахстан. Зядан кажы не только уважаемый президент Ассоциации, он является сегодня профессором, Академиком многих Академий, ученым-культурологом, Отейбойдаковедом, теологом, летописцем, специалистом по родословным книгам «Албан шежіре», энциклопедистом, поэтом-композитором и журналистом. В связи с семидесятилетним юбилеем уважаемого президента Ассоциации Зядана кажы, желаем ему крепкого здоровья, долгих лет жизни, семейного счастья и успехов в творческой деятельности!
отзыв о конференции Ергалиева Куляш Народная целительница г.Уральск 2 августа 2014 г. посетила замечательную конференцию, которая проходила в г.Алматы при Академии наук РК “Ғылым Ордасы”. Тема конференции “Ценность и роль трудов по народной медицине” ученого, культуролога, академика З.Кожалымова. Хотелось бы отметить очень высокую организацию, два дня были очень насыщенными, действительно было выдано очень много полезной информации, но хотелось бы отметить о академика Зиядане каже Кожалымова. Выступление из уст профессора КазГУ Жакана Молдабекова и других выступающих о таком полезном для нашего общества президента Ассоциации З.Кожалымова о его трудах в науке и назвали его первым человеком в истории народной медицины Казахстана. На конференции были подняты вопросы о молодых целителях, чтоб они продолжили проделанные работы и труды академика З.Кожалымова. Я сделала для вывод, какую роль за эти годы сыграла Ассоциация созданная им, в которой профессионально думают о будущем ценности народной медицины. Чтоб каждый целитель был полезен для общества. Советую всем членам Ассоциации народной целителей Казахстана посещать такие конференции, расширять свое сознание, быть лучше и полезнее. Спасибо за предоставленную возможность общения с целителями, а также еще раз хочу поздравить академика Зиядане каже Кожалымова с его юбилеем, пожелать долгих лет жизни, спасибо за его вклад! Желаю до глубокой старости оставаться очень приятным, внимательным, добродушным, полезным человеком для всех!
ЕМШІЛІККЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН Ермұқанова Гүлпара ҚХЕҚ-ның Атырау облыстық филиалының директоры, ҚР Құрметті кәсіби халық емшісі Атырау қаласы Ғылыми-зерттеу жұмысымен түбегейлі шұғылдануға адамның тұтастай өмірі кететіні рас. Жаратушы бір Алланың құдіретімен адам ғылымның сан алуан түрлерін зерттеп, біліп, қажетіне пайдаланып, пайдасын көріп келе жатыр. Ал, барлық ғылым түрлерінің құпиясы ашық деп айта алмаспыз. Емшілік – құпиясы шешіліп болмаған ғылым қатарына жатады. Адам бойына табиғаттан берілетін өзгеше қасиет пен бөлек тылсым күшті әр адамның меңгеріп, ұстай алмасы белгілі. «Тылсым күш» деп отырғанымыз – емшілік қасиет. Халқымызда осы емшілік қасиетті ұстанған адамдар қатары біршама болғанымен, оны зерттегендер аз. Осы біздің уақытымызға дейін емшілік жөнінде түрлі жазба еңбектер жазылып келеді. Олардың құйылар жері біреу, ол – денсаулықты сақтау. Тарихта есімі қалған ұлы оқымысты Әбу Насыр әл-Фараби «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты ғажайып еңбегінде былай деген екен: «...Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші біріккенде – одан өте үлкен адамшылық қасиеттер шығады. Адамның жетілуі – оның мінез-құлқының жетілуімен сайма-сай келсе, осы мінез-құлықты жетілдіретін әрекеттер оның өз денесін жетілдіру үшін жасайтын талпыныстарына ұқсайды. Ал адамның денесінің жетілуі – денсаулық!..». Ғұлама ғалымның бұл еңбегінің әрбір жолы ұлағат. Олай деуімізге себеп – денсаулықтағы сәл ғана кінәрат, болмашы ғана сызат адамның келешектегі өміріне үлкен кемістік әкелуі ғажап емес. Міне, осы тұрғыдан келгенде Қазақстанда халық емшілерінің үнемі ауқымды жиындарда бас қосып отыруы – қуантарлық қадам. Егер терең сезініп ойласақ, қай салада да, «халықтық» деген атау – үлкен сезімді оятатын, тұтас сезімді жандандыратын жоғары мәртебе, тіпті ерекше күш-қуатты жетістікпен жалғастыратын кәсіби деңгей. Расында, халық емшісі – ел арасындағы ұстаздықтың елшісі, еңсесі езілгендердің демеушісі, сүрінген жанның үлкен көмекшісі, ағартушы іспетті жан. Осы тұрғыдан алғанда, халық емшісі мен кәсіби дәрігерлер арасында ортақ ұғымдар молшылық. Осындай асыл қасиеттерді бойына жинап, халқына қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтардың бірі – Зиядан қажы Қожалымов. Әрине, бұл жерде оның ғылыми және кәсіби титулдарын тізбелеп жатуға да болады. Бірақ, оны артық санап, тек емшілік жолды ұстанып, адамдарға жақсылық жасауға ұмтылысын танытуға талап қылдық. З.Қожалымов – өткен ғасырдың сонау 90-жылдардан бастап, жұртқа беймәлім «Қазақстан халық емшілері қауымдастығын» құру және оны басқарумен қатар, оның тарихын тереңінен зерттеу, бірізді жүйеге келтіру жұмыстарын қолға алған адам. Осы ширек ғасыр уақыт емші-көріпкелдердің басын қосып, ресми орындармен бірлескен түрде ауқымды іс-шараларды батыл әрі табандылықпен жүзеге асырып келеді. Ол атқарған ең күрделі жұмыстардың бірі – республикалық халық емшілері қауымдастығында тек бойында табиғи дарын-қасиеті бар, қалыптасқан емшілерді ғана сараптаудан өткізіп, кәсіби орта жасақтады. Әрине, жүйелі жұмыстың одан әрі өрістеуі үшін сол ортаны тек қалыптастырып қою аз еді. Сондықтан, білімді әрі білікті шәкірттер тәрбиелеуге үндеді, сол жолды өзі салып көрсетті. Нәтижесінде қазір елімізде таза жолмен жүріп, халықтың денсаулығын дәстүрлі ғылыми медицинамен бірлесіп қорғауға атсалысып жүрген білікті кәсіби халық емшілері көбейді. Олар үшін халықтық емшіліктің методикалық, әдістемелі шарттары мен жүйелерін жасауға да біраз тер төгілуде. Зиядан Қожалымовты емшілерді біріктіруші, жұмылдырушы деп білемін. Емшілердің емшілікке келгенше атқарған қызметтері сан алуан (мұғалім, есеп қызметкері, жүргізуші, еден жуушы, дәрігер, технолог, т.б.), сондықтан оларды басқару да оңай еместігі рас. Олармен ортақ тіл табысу арқылы межелі мақсатына жетіп келеді. Ал, мақсат біреу – халық емшілігін оң жолға қою. Оның ерекше ұйымдастырушылық қасиеті жеке тоқталуды қажет етеді. Зиядан аға – жалғыз емес, ол өзіне орта құра білген адам. Жыл сайын өткізіп жүрген ғылыми-тәжірибелік конференциялар, лекциялар оқу, баспаға материалдар шығарып, ағартушылық қызметті жоғары дәрежеде жүзеге асырып келеді. Емшілік қасиетті ғылыми тұрғыда зерттеп, оқулықтар жазған еңбегі – осы саланы реттеуге, бір жүйеге келтіруге қосқан үлесі. Барлық арқалылар бұл еңбектерді қолынан тастамай, күнделікті тәжірибеде қолданып жүреді. Емшілік қауымдастығын 25 жыл басқару – күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалу деген сөз емес пе?! Өз өмірін осы жол үшін арнаған мықты адам деп есептеймін. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, профессор З.Қожалымов халқымыздың көрнекті шипагер-ағартушысы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тарихи тұрғыда дәлелденіп, оның кеңестерінің күнделікті қолданысқа енуіне көп тер төгіп келеді. Өтейбойдақ атаның «Шипагерлік баян» атты еңбегіндегі бағыт-үлгілерді халық емшілерінің толық қолдануына ақыл-кеңесін үнемі айтып отырады. Сол арқылы емдеудің озық тәсілдерін бірлесе жинақтап, жалғастырушы әрекеттер қолға алына бастады. Егер логикалық тұрғыдан алып қарасақ, медицина қызметкерлері сияқты, әрбір емшінің өзіндік емдеу «учаскесі», яғни бағыты болады. Бұл қасиет Жаратылыста солай жазылған болса керек. Емшінің қабілетіне қарай оның ем жүргізу бағдары белгіленеді. Осы орайда Атырау облысында халық емшілігінің кең қанат жаюына сіңірген еңбегін атап көрсеткенді жөн көрдім. 1992 жылдың соңында сол кездегі Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы кәсіби емшілер ғылыми орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Т.Бекеновпен бірге облысқа арнайы келген З.Қожалымов қауымдастықтың облыстық филиалын құруға кеңес берді, ол жүзеге асты да. Еліміз бойынша қауымдастықтың 20-дан астам филиалдарының ішінде Атырау облыстық және Құлсары қалалық филиалдарының қызметі содан бері тұрақты қалыптасып, нәтижелі еңбек етіп келеді. Менің пікірімше, З.Қожалымовтың негізгі мақсаты да, көздеген ой-арманы да өзіндік межеден шығып келеді. Сонымен қатар, ол тарихы тереңде жатқан, әлемдік кеңістікке таралған жетістік – халықтық медицинаның ұлттық дәстүрін қалыптастыру, осы бағыттағы іс-әрекеттерді жандандыруға көп күш жұмсап келеді. Жыл сайын қауымдастықтың бастамасы және ұйымдастыруы нәтижесінде көршілес мемлекеттердің емшілерімен қарым-қатынас және серіктестікті орнықтыру мәселесі нығайып келеді. Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан Халықаралық беделін халық емшілері тәжірибесі арқылы таратудың жолдарын үйлестіріп келеді. Демек өзгелердің Зиядан аға Қожалымовтан үйренері де мол. Денсаулық сақтау саласымен үнемі өзара ынтымақтастықта болып, осы қызметтің әрі қарай жалғаса беретініне сенім мол. Қашанда емші – елімен бірге. Адам жетілу үшін парызға деген сезімталдық пен сенімділікті иемдену керек. Сондықтан, халық емшісінің сенімі шынайы, шешімі тура да әділ, әр істе шыншылдық пен дұрыстық, құрметтеуге тұрарлық өмір сүруге ұмтылып, ойы түзу, ниеті ақ, пайымы тура болуы шарт. Олардың адамдық болмысы мен кәсіби беделі сонда ғана сатылай құралып, халқынан қолдау табады. Біз Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасының Құрметті кәсіби халық емшісі, профессор Зиядан Қожалымовтың бойынан осындай қайраткерлік келбетті көреміз.
| ||