Ғибратты өмір

 

 

12

 главная                                                  вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28

 

 

Алтын ғасырмен арқаланған азамат

Бала қиял балдан тәтті бар әлемді шарлайтын,

Көз жеткізбес көкжиекке ұзақ қарап барлайтын.

Небір батыр, небір ғалым, ғұламаға еліктеу,

Күнделікті маза бермес жеке іске айналсын.

 

Туған жері Нарынқолдың өркеш-өркеш таулары,

Талай-талай қиял беріп, сезім оты лаулады.

Өрге тартқан жасыл шырша, сылдыр қаққан бұлақтар,

Ертегідей ғажайып жас балаң жүректі баурады.

Перзентіне ақыл қосар ата-анадай адам жоқ,

Мейіріммен нұрын төксе Алланың көңіл тоқ.

Өсен, Қожалым, Сәркедей абыз ата ұрпағы,

«Ақ апа» деп елі ардақтаған Өзипа анасын.

Сөзге шешен, әрі әнші, көріпкел, дінге таза,

Зияданға қамқор пана болған Өзипа апасы.

 

Деуші еді олар көпшіл жанда ырыс болар,

Ондайлардың тілеуі қабыл, ісі де дұрысталар.

Апаңды егер ақылшым деп сыйлай білсен,

Халқынның ұлы болғаның дұрыс болар.

 

Мәнді өсиет келе мықтап есте қонақтады,

Адал қасиет тал бойына бөтен ойды жолатпады.

Адамдықтың төл парызына көз жіберіп ойласа,

Іңкәрлікке жүрек шіркін рахымына тояттады.

 

Есеюдің ерттеп мініп тұлпарына жасынан,

Қанып, қанық ішті бұлақтардың кәусарын.

Биіктікті де тау баласы санасында тоқыды,

Көріп өсті қалықтаған қыраны мен сұңқарын.

 

Жолдан өтіп, ілім жолы оқу менен тоқудың,

Ендігі сәт кең дүниеде қайда самғау үлкен сын.

Ата-баба жолын қуып нысанаға жетуге,

Тұрды алда тер төгетін қыраттанған биік шың.

 

Өзегі болған, өркені болған өмір салтының,

Тең келе қоймас тіпті оған сом алтының.

Тіршіліктің кереметі нұр тұтқасы денсаулық,

Болып келді, бола бермек керегі әз халқының.

 

Бұл міндетті шешуде де қазағыма өзгеріс боп,

Жұрт арманы жүзеге асты Алламыз қабыл ап.

Желтоқсанның дүмпуімен дүр сілкінді бар аймақ,

Тәуелсіздіктің таңы атты аппақ нұр боп арайлап.

 

Зиядан да көп іздеді керегі бар асылды,

Тапты ақыры керемет бір ұтқыр ақылды.

Саралай қарап, дарыны мол жандарды,

Басын қосып ұйымға бір ортаға шақырды.

 

Қасиетін жұрты біліп, халқы танып білгендер,

Жанашыр боп игі істі қолдап жүргендер.

Шаңырағың киелі үйдің көтертуге ұмтылды,

Емшіліктің қасиетін сыйлаған жанашырлар.

 

Астанамыз Алматыда өткен салиқалы жиында

Салтанатты Құрылтайда 91-дің 20-23 Желтоқсанында.

Қазақстан Халық емшілерінің Қауымдастығы құрылды,

Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді ақыры соңында.

 

Түлететін бас болып, берекелі алтын ғасырды,

Міндет болды лайықтылардан таңдап алу асылды.

Қорытындыда емшілердің қарасы көп ұжымын.

Басқаруды Зиядан Қожалымовқа тапсырды.

 

Өтейбойдақ шипагердің «Шипагерлік баянын»,

Талдай оқу ұштай түсті Зияданның талабын.

Талай күнді, талай түнді зерде оймен сарп етіп,

Тереңге бойлап, ұясын ашты қатпар-қатпар сананың.

 

Деп түйді ол, Сарқытымын зор тұлғалы бабамның,

Дарабоз болған, қыраны болған ұлы даланың.

Ғұмырының 80 жылын ғылымға арнап баз кешкен,

«Шашты Әзіздің» еңбегін әр жүрекке от қып жағамын.

 

Тылсым күштер деп саналмас еріккенің ермегі,

Зияданның аңсағаны көкте және жерде еді.

«Шапағатты рух ордасы», «Мәңгілік құпия шежіресі»,

Басқада зерттеу ізденіс еңбектері соның жемісі.

 

Жылдар өтті жылжып айлары мен күндері де білінбей,

Сынағынан өтті көреалмастың кедергісінен сүрінбей.

Аясы кең, арнасы мол, тәрбиелі  түрлі-түрлі шаралар,

Алып шықты ауырлықтан мың түйенің жүгіндей.

 

Бүкпесіз, бұрмалаусыз айтса тура,

Емшілік киелі қасиет өшпес мұра.

Қиын күрес арқасында көш түзелді,

Болса да бұрын ретсіз, ала-құла.

 

Қажетінде сеземіз қимылдар мен тасырды,

Ажырата алмас жасық пенен асылды.

Бәле қуып, қарсыласқан арам пиғыл дұшпандар,

Кеште болса қауым алдында бас ұрды.

 

Демейміз таңдай қақтырар тарландар аз емес,

Көзі көрген куәлер мұны әсте жалған демес.

Қолы шипа емшілердің талайы дара шықты,

Олардың бәрін тізіп айту бүгінде мүмкін емес.

 

Түймегүл ана, кәнігі емші, Зияданның тірегі,

Ауыр жүкті қолдап, демеуменен бірге сүйреді.

Жарғақ құлағы жастыққа тимей ізденіп,

Тыным алмай бір Аллаға сиынып жүргені.

 

Нарынқолдан шыққан Райымбектей батырлар,

Кең өлкені жырлап өтті Мұқағалидай ақындар.

Сол аймақтың тастүлегі Зиядан қажының,

Өзіне тән сыр сипаты, беделі мен аты бар.

 

Сіңірген еңбек, алған атағын айтсаңыз.

Жиырмадан асып, отызға жетіп артылар.

Жігітке жеті өнерде аз дейді ғой халқымыз,

Зияданның  жетістігін мойындайды жалпымыз.

 

Бағаласақ абзал жанды осы  іспетті қараңыз,

Арта түсіп, аспандайды қазақ деген атымыз.

Парапсихолог деген мамандықтан басталып,

Ғарыш, табиғат, адам құпиясын ашты жарқын із.

 

Өзі ғалым, сөзге шешен, өзі сазгер, әрі ақын,

Мұндай өнер былайғы жұртты таңқалдыратын.

Кесек, кесек маңызды ойлар айтып бір мезгіл,

Тәтті әнмен жиналған жұртты жандандыратын.

 

Дүлдүл шабыс үдей түсті алпыс деген асуда,

Қайрат, жігер тыным бермей жүргеннен соң қасында.

Жүйрік уақыт жүрісінен ешуақытта жаңылмас,

Желіп жүріп, жетіп кепті жетпіс деген асуға.

 

Зымыран ойың, зымыран күнмен ілеспей,

Қала бермек құрбы қиял, кезіп жүрген елестей.

Мына сөзі оралып тұр ойына Зияданға дәл қазір,

Ештеңе де дами алмас түйсік пенен ой өспей.

 

Ой да өсті, өріс те өсті Алтын ғасыр Заманда,

Қозғаушы күш қой Бір денсаулық басы аманға.

Қайтарылды зая кетпей төккен тердің төлеуі,

Биіктерге жете бергің бас тізгінші қадам да.

 

Тілейміз біз амандығын елге сіңген еңбектің,

Аман болсын, өрбіп өскен бала-шаға ұрпағың.

Зиядан енді ештеңеге алаңдауға болмайды,

Жетпіс жасың құтты болсын салихалы ғұмырың.

 

Көз жетпейтін қиырға дүрбі салып алыстан,

Хабар алып, тылсым дүниедегі ғарыштан.

Ұзақ ғұмыр Алла берсе бұйыртсын,

Жаңылмағай тек қазіргі тарлан шабыстан.

Үмбет Әбназарұлы

 Қазақстан журналистер одағының мүшесі,

Қазақ радиосының және Желтоқсан көтерілісінің ардагері

Алматы қаласы

 

 

Баспасөз беттеріндегі құттықтаулар

Қауымдастықтың ұжымы, баспалар, филиалдар және жеке адамдар атынан мына газеттерге жарияланды.

1. «Әйел денсаулығы» газеті, маусым, 2014.

2. «Егемен Қазақстан» газеті, 26.06.2014.

2. «Қазақстан-ZAMAN» газеті, 26.06.2014.

3. «Қазақ әдебиеті» газеті, 27.06.2014.

4. «Шипагерлік баян» газеті, № 7, 2014.

5. «Алматы Ақшамы» газеті, 01.07.2014.

6. «Время» газеті, 01.07.2014.

7. «Жетісу» газеті, 01.07.2014.

8. «Жас Алаш» газеті, 01.07.2014.

9. «Ақбаян» газеті, 01.07.2014.

10. «Тамаша» газеті, 01.07.2014.

11. «Алтын босаға» газеті, №14, 2014.

 

Теледидар мен радиоторабында

1. СТВ, сағат 21:00,   29.06.2014.

2. СТВ, сағат 11:00,   30.06.2014.

3. Қазақстан «Таңшолпан» сағат 8:00   01.07.2014.

4. Қазақ Радиосы сағат 14:00   29.06.2014.

5. Қазақ Радиосы сағат 15:00   30.06.2014.

т.б. облыстық теледидарлар мен радиоторабында да құттықтау жалғасын тапты.

 

 

 

VI бөлім

 

Автор ТУРАЛЫ ЖАЗҒАН ЖЕКЕ АВТОРЛАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫ 

 

Адалдықтың ақ жолынан айнымаған

 

фотоӘбназаров Үмбет

Қазақстан Журналистер одағының

мүшесі,  Қазақ радиосының және

Желтоқсан көтерілісінің ардагері

Алматы қаласы

Бағзы заманнан бері небір отаршылдар – қазақтың ұлттық мұралары мен дәстүрлік өнер мұраларын тарих бетінен алып тастағанына тарихымыз куә. Сол бір тар жол, тайғақ кешудің сеңін тазартып, қазақ халқын қиын өткелдерден алып шыққан, жанартаудай атылған жастардың Желтоқсандағы (1986) екпіні елдігіміздің намыс туын жоғары көтеріп, биіктен желбіретті.

Бұл еліміздің тәуелсіздікке жетудің алғашқы қадамы екені айдан анық. Бұдан әрі тар заманда құрып кетудің аз-ақ алдында қалған әдет-ғұрып, салт-сананы, сондай-ақ медицинаның ежелгі өзегі болатын халық емшілігін де дамыту кезек күттірмес міндеттер еді. Рас, осының ішіндегі адам денсаулығын жақсартуға арналған көне киелі тектік қасиет халық емшілігін дамытуда оның алғашқы қауымдастығын құруға ұйымдастыру комитетін де құрған сол кезде-ақ атағы естіле және таныла бастаған халық емшісі Зиядан Қожалымов болатын. Зиядан халық емшілігі деген қастерлі әрі өзіне етене жақын мамандықтың тереңіне бой ұрудың алғашқы шарты қазақ халқының шипагерлік тарихы мен оның гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми негізін ашу деп білді. Міне, ақыры осындай жан-жақтылықпен талмай атқарылған жұмыс емшілер қауымдастығының құрылып, шаңырақ көтеруіне қол жеткізді. Бұған 1991 жылдың желтоқсан айы Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылған күні болып тарихта жазылып қалуы еш талассыз дәләл бола алады. Онда сонымен бірге қауымдастықтың Жарғысы мен Ережесі қабылданды. Бұдан былай әр облыста қауымдастықтың филиалдары құрыла бастады. Сол бір мезетте қауымдастықтың президенті болып, оны ұйымдастырып құру жолында зор еңбек сіңірген білгір де, білікті маман, бірнеше елдегі халық емшілері қауымдастығының толық мүшесі, халықаралық дәрежедегі парапсихолог Зиядан Қожалымов бірауыздан сайланды.

Бүгінде осы мақсаттық іс-жоспарларын Зиядан қажы толық орындап шықты деуге болады.

Ол ең әуелі осы саланың дана даңғылы – Жетісу өлкесінің абызы, көптеген елдің ғалымдары мойындаған дала ойшылы, ғұлама ғалым, талайды тамсандырған озық шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) «Шипагерлік баян» атты кітабынан өлшеусіз тағылым алды. Көп жылғы зерттеу жұмысы да оң нәтижесін берді. Ол осы өзіне етене емшілік жолды таңдағанда халқымыздың ілгеріден қалыптасқан шипагерлік құпиясын бойына терең сіңіріп, киелі тектік қасиетті темірқазықтай бағыт-бағдар етіп ұстанды. Зиядан Қожалымов көкірегінен ұшып, қанат қаққан бұл пайыммен орта жолда тоқырап тоқтап қалған жоқ. Ол он ойланып, жүз толғанып, мынадай ойдың бағы мен бақшасына су жүгіртті. Қарап тұрса, қаншама адам ауру сырқаулы күйде жүр, оның бержағында тәуелсіз елдің түпқазығы саналатын жас өскіндер ше? Олардың арасында да дімкәстер көп. Ал қалың көпшілікке танымал емшілер көлге тамған тамшыдай ғана. Сонда не істеу керек? Осылай ойлауы мұң екен, бұған ілесе қаптаған сауалдар легі бірінен соң бірі жамырап кеп берсін. Көпір сұраққа тарыдай тамшылаған жауаптың ешқайсысы шақ келер емес. Ақыры көп сауалға түйін болар бір сарабдал жолдың сұлбасы айқындалғандай боолды.

«Ел іші – өнер кеніші» – демекші, халық арасында көрген көз, сезімтал саусақ арқылы небір сырқат түрін жазбай танитын емшілер баршылық еді. Бұрын: «Бәлен жерден мынадай емші балгер, бақсы, тамыршы бар», – екен десе біреулер «Әй, соны қойшы, оныкі бір далбаса бірдеңеге ұқсайды, менің бір танысым солардың біреуіне барған екен, қанеки, ешқандай пайда жоқ, айлап жатып емделген сырқат әлі күнге дейін жадап-жүдеп көтеріле алмай жүр» деп жалғыз мысалмен барлық емшілерді ештеңеге жаратпай жусатып салады. Әрине,  мұндай теріс түсінік, жалған жала, парықсыз пиғылдың өрісі тар еді.

Зиядан бұлардың бопса сөзінің бірін де құлаққа ілген жоқ. Желдей ескен өсектің лаулаған өртін өшіру үшін білек сыбына әрекетке көшті ол. Ең алдымен ғылыми негізде көп ізденіп, оң нәтижеге жеткен, көп оқып, терең түсінген ғалымдармен көп кеңесті. Солармен бірлесіп, халық емшілігінің ғылыми жақтарын зерттеді. Жер жердегі діни сауаттылығы жоғары, жаратушысы еткен көріпкелдік, тамыр ұстау, биоқуат өрісін, уқалау әдісін білетін, қысқасы халықты ем-дом саласында мол білімі мен тәжірибесі бар шынайы біліктілерді ерінбей іздеп тауып топтастырды. Еңбегі еш кеткен жоқ. Кең байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған ерікті емшілер адамдарға шапағатын тигізіп, Алла алдындағы парызын адал атқаруға ант берді. Осынау игі де шарапаты өлшеусіз істі жүзеге асыруға халық емшілігінің жанашырлары үлкен жүректі әріптестері де атсалысты, әрине. Өйтпейінше ауқымы кең игілікке жету бірді-екілі адаммен тіпті мүмкін болмас та еді ғой.

Сөйтіп, ол ұшқыннан жалын лаулап, өз мамандығына құлай берілген білгірлерден халықтық медицинасының үлкен армиясын жасақтады.

Алайда, бір айта кетер жай, қай заманда да дамудың сара жолына кедергі келтіруге әрекеттеніп бағатындар, сыңар езуленіп, прогрестік іске кеселін тигізу үшін небір айла шарғы қолдануға тырысатындар болған. Олар халыққа еш пайдасы жоқ ұсақ-түйекпен айналысып, ілгері басатын қадамға тұсау салуды ұнатады. Сөйтсек мұның астарында ел игілігі жолында шарқ ұрып жүргендерді көре алмаушылық арам пиғыл жатады екен. Бұл керенау кертартпалардың тағы бір жымысқы әрекеті – ел арасына іріткі салу. Олардың әңгімесінің басы әдетте «ойбай оны қайтесіңдер емделіп, бекер ауруға ауру жамап аласыңдар, онан да тып-тыныш жүргендерің тиімді» – деуден басталады. Біздікі заңды, Қожалымовтың қызметі мен ұйымы заңсыз деді. Бүгінде «заңдымын» дегендер өзін-өзі аттарын түп тамырымен тарихтан құртып бітсе, ал Қожалымов құрған қауымдастық пен оның жақсылығы мен жетістігі жағын интернет арқылы өз еліміз бен қатар шет елдерде біле бастады.

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді». Міне, халық мақалынан көрініп тұрғандай, ел арасында ауа жайылған дені дұрыс емес қаңқу сөз бен теріс пікір қалыптастырғандар  көбейді. Осынының салдарынан халық емшілерінің басын қосу, сөйтіп бір қоғамға біріқтіру қайта-қайта кедергілерге тіреле берді.

Тағы да талмай іздену басталды. Халыққа кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу үшін газет-журналдардың көмегіне сүйенді Зиядан. Талай-талай мақалалар жазып, баспасөз беттеріне беріп отырды ол. Әсіресе, оның және халық медицинасын жақсы меңгерген білікті мамандардың әртүрлі жанрдағы еңбектері «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Алматы ақшамы», «Жетісу» және басқа да мерзімдік басылымдарда үзбей жарық көрді. Бұл жолда авторларға көмектесіп қолдаған журналистер Нұрмамбет Қизатұлының, Әнуар Тарақтың, марқұм Бақыт Досымовтың, марқұм Сихымбаев Қуаныштың және Толымбек Әбдірәйімұлының, т.б. есімдерін құрметпен атауға болады.

Осыларға қоса арқа сүйер ақылшы арна – Қазақ радиосы мен телевизиясы болды.

– Шынында да Қазақ радиосы мен телевизиясы миллиондар трибунасы екеніне айқын көз жеткіздік сол кезде, – дейді З. Қожалымов бір әңгімесінде. Емшілердің және жалпы радио тыңдаушылардың таным, сеніміне әсер етіп, ойларына қозғау салды.

Шапағатты шараға бар ынта-жігерімен ұйытқы болған радио-теле журналистер Төлеу қажы Қосан, Әшірхан қажы Телғозы, Бақыт Досымов (марқұм), Ажар Әбекқызы, Ұлбосын Айтөленова, Несіпкүл Шәметова, Құдайберген Қазбеков(марқұм) халық алғысына ие болғандар.

Көп болып көтерген жүк жеңіл. Талай жыл бойы шығармашылық жолында көз майларын тауысқан баспасөз және телерадио журналистері қауымның қаумалауымен біз денсаулық, шипагерлік жөнінде «Халық емі – халқымның құдіреті», «Дертке дауа – жанға шипа» т.б. толып жатқан әртүрлі циклдар өзегімен әрқилы жанрда жүздеген әңгіме-сұхбаттары З. Қожалымовтың тікелей қатысуымен жарық көрді және әуе толқынына таралды.

Жылдар жылжып өте берді. Қауымдастықтың қабырғасы қатайып, буыны әбден беки бастады. Олай дейтініміз кешегі бала бүркіт он жыл көлемінде қыранның алысты болжағыш өткір көзіндей жанарымен дүбірлі дүниені шолып, халық игілігіне қалтқысыз қызмет етудің үрдісін көрсетуге үлкен бетбұрыс жасады.

«Жігітке жеті өнер де аз» – деген мақал ұлағаттықпен айтылған ба дерсін. Халық денсаулығын қорғау қамында жарғақ құлағы жастыққа тимей тер төккен алып кеменің бас тізгіншісі Зиядан Қожалымовтың өрісті өнері осы қорытындының пернесін дөп басқандай. Оған домбыраның құлағында ойнау шеберлігі бұйырмаған. Ал Зияданның бойында халық медицинасының тылсым құпиялары туралы ғылыми танымдық және тәрбиелік  еңбектер жазумен қатар ән айту, өлең жазу, сазгерлік өнерлері қатар өрілген. Оның сыртында суырып салма және айтыскер ақындығы тағы бар. Осындай көңіл төрінен орын алатын сан қырлы қасиеттер басқалардан гөрі тез байқағыш журналистер назарынан тыс қалып көрген бе, тәйірі.

Бірде біз жолымыз болып, белгілі термеші, айтыстың да дәмін аз татпаған өрен жүйрік ақын Аяз Бетбаевпен кездесудің сәті түсіп, бас қоса қалғанымыз бар. Қос ақын көптен бері көріспей сағынысып қалған ба, сыралғы әдеттерімен қалжың сөзбен кішкене шымшыласып алды да, артынша домбыраның бұрауына жармасты. Бұрау күйін тез келтірген Аяз қос ішекті жебей сауып, алдымен түйдек, түйдек терменің тиегін ағыта келе, қыза-қыза соңғы жағын айтысқа қарай бұрды. Шіркін, домбыраның бебеу қаққан үні-ай десеңші?! Құлаққа жағымды дауыс, адамның табиғатын баурап алған сөз саптауларымен қосылып бойды шымырлатады-ай келіп. Аяз егемендіктің елге жайлы жағын біраз қамтып, әңгіме ауаның денсаулық сақтаудағы ауыл ахуалына қарай бұрды. Өз кезегінде екпіні қатты ақынның сыр суыртпақтаған әніне тосылып қалмаған Зиядан да кең арналы өзендей ағыла жөнелді. Берген жауаптары орнықты, сабырлы қалыппен орайлы істің жай-күйін рет-ретімен баяндап жатты. Екеуі де сөз шеберліктерінің деңгейлес, ой түйсіктерінің қатарлас екенін паш етіп, нағыз баптарында екенін көрсетті. Қатарласа шапқан өнерлілердің бізді рахатқа батырғаны сонша, тіпті өзге дүниені ұмытқандаймыз және қанша уақыт өткенін байқамай да қалыппыз...

Мен сонау өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында Алматы қалалық радиосында қызметте болғанда алғаш танысқан Зияданмен ара қатынасымыз Казақ радиосында жалғасын тапқанды. Содан бері ширек ғасырға жуық уақыт болыпты. Бүгінде Зиядан Қожалымов танымал мәдениеттанушы ғалым, журналист, академик және ірі танымал басшыға айналғанына өзіміз куәміз. Сөзімді қорыта келе, тобықтай түйін ретінде сығымдай келтірсек, әңгімеміздің бір тұсында айтып өткеніміздей, қауымдастыққа зиян келтіруге тырысқан қаскүнемдердің бейшаралығы еш кешірілмес күнә. Өйткені,  олардың көздеген мақсаты біреу, ол мансап қуып, билік төбесіне көтерілу. Мұндайларды Ұлы Абай айтқандай «Бас басына би болған өңкей қиқым» – демеске амалымыз жоқ.

Иә, «Ит үреді, керуен көшеді» – демей ме, халқымыз. Олар қанша улап-шулағанымен әділ дүниені уақыт өз орнына қойды. Ал Зиядан Қожалымов басқарған қауымдастық өзінің тарлан шабысынан таймай, ғылымның қия жолында алға жүйткіп келеді.

Зәкеңнің алдағы мерей тойы құтты болсын, Жаратушым қуат берсін демекпіз.

 

 

 

в верх