Ғибратты өмір
4 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 | ||
Мәдениеттанушы ғалым, академик Зядан Қожалымовтың 70 жылдық мерейтойына орай, оның ғылым саласындағы сіңірген еңбектерінің “Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы” атты халықаралық ғылыми теориялық конференциясының материалдары (Алматы, 02-03.08.2014) III бөлім Материалы международного научно-технического конференции “Ценность и роль трудов по народной медицине ученого, культуролога, академик З. Кожалымова” появященная его 70-летию (Алматы, 02-03.08.2014) ЖЫР ТІЛЕК Әнуар Тарақ – ақын Бар тірлігін ел-жұртына арнады, Өтейбойдақ ілімдерін жалғады. Қайда барса Алла қуат дарытып, Алға ұмтылды Текестің саңлағы. Түсіп талай ортасына тартыстың, Шынықты да жарқырады мәрт ұшқын. Құшағына немерелер толтырып, Шықты бүгін асуына жетпістің! Қиындықта қиналмай жол табатын, Емші, ғалым һәм журналист әрі ақын. Алдында оның сапары көп баратын, Аспанында жұлдызы мол жанатын. Бата беріп жолға салды әз Ана, Тірлік кештің таңнан тұрып бозала. Түймегүлдей жеңешеміз қасыңда, Барша тойың құтты болсын, қажы аға! ҚОЖАЛЫМОВ ЗИЯДАН ҚАЖЫ АҒАҒА Авторы – ақын Сейітқұл Жұманов Орындаған: жырау Айткәрім Бауыржан Бисмилла сөз басы бір Алла деп, Қорғаным қасиетті құранда көп. Ғылым менен өнерде жарқыраған, Зядан қажы ағама бақ қонсын кеп. Жақсыға Алла өзі жар болады, Жаманға дүние де тар болады. Тарихта аты қалған ұлдарына, Толғаудың мәні де зор болады. Жақсылығын жұртынан жасырмаған, Бір рахат күй кешетін қасында адам. Зядан қажы ағамыз сондай жан ғой, Құпиялы сыры әлі ашылмаған. Ақтарайын тарихты тереңінен, Өткен күннің алайын дерегінен. Зядан қажы ағама Алламыздан, Көп қасиет бойына келе білген. Тірлігінде білінбес жан қадірі, Әр адамның әр қилы бар тағдыры. Зядан қажы ағамның туған жері, Сұлу Текес баурайы, Хан-Тәңірдің. Әр қадамын байыппен анық басқан, Арманына жеткен жан жалықпастан. Тау қыраны талабы орындалып, Ғылымға да жаңалық алып қосқан. Бұл күні 70 жасқа толған аға, Әрқашан жетелеген алға дара. Екі жаста әкеден жетім қалып, Әулетінің жалғызы болған аға. Аналар ғой дүниеде асыл адам. Өзипа анаңыз өсірген, жасымаған. “Ақ апасы” атанып үлкен елдің, Немересін де иіскеп, рахат тапқан. Айта берсем тарих қой өткеніңіз, Асылдардың сынығы,текті едіңіз. Нарынқолдың нар тұлғасы 70 жасқа, Құтты болсын жеміспен жеткеніңіз. Жан бар ма құдай жолын аңсамаған, Еңбегіңе дән риза қаншама адам. Зиядан қажы ағамыз ғылымда да, Ізденуден, зерттеуден шаршамаған. Көп қасиет бойына жиып берген, Арқалаған алғысын сүйікті елден. Емшілерге сара жол салып беріп, Қажы ағамыз көрінген биіктерден. Шыншылдыққа ұдайы құмар жаны, Алға қарап жетелеп тұр арманы. Емшілердің рухани жан байлығы, «Шипагерлік баянды» шығарғаны. Емші, ғалым, жазушы, ақын аға, Өнерге өлмейтұғын жақын аға. Өтейбойдақ бабаны тірілткендей, Сөйлеттіңіз әкеліп сахнаға. Ойы терең, сөзі нық, адал адам, Қаншама шет елдерді аралаған. Жемісті еңбегінің арқасында, Елі-жұрты құрметпен, бағалаған. Сөзіме әр-бір айтқан мән беріңіз, Сіздей жанды ұмытпас мәңгі еліңіз. Шет елдер сахнасында орындалды, Жанға шипа беретін әндеріңіз. Ежелден ақыл жастан-асыл тастан, Айтайын өз ойымды жасырмастан. Зядан қажы ағамыз алғашқы рет, 23 жыл шипагер ілімі көзін ашқан. Алланың құдіретіне таң қаламыз, Әр адамнан әр қасиет аңғарамыз. Алланың қасиетін терең ұқсаң, Адаспайтын мәңгілік жол табамыз. Жақсылық болса егер жинағаның, Бұл дүниеда бар байлық, иман, арың. Алланың қасиетіне мойын бұрып, Жақсы ғой тура жүріп, сыйлағаның, Түймекүлдей көрікті жан-жарыңыз, Алла қосып бір болған жолдарыңыз. Төрт қызбен, екі ұлдан, ұрпақ тарап, Барлығы болды-ау сіздің қорғаныңыз. Өмірде көп қой сіздің көргеніңіз, Адалдықтан салдыңыз елге бір із. Қаншама қиындықты жеңіп-өтіп, Түн ұйқыны төрт бөліп, терледіңіз. Аллаға шүкіршілік бұл күндері, Нәтижесін берді ғой еңбегіңіз. Құтты болсын қажы аға мәртебелі, «Қазақстан даңқы» атты орденіңіз. Ақ көңіл адал жанның бірі едіңіз, Көбейсін сүйеніш пен тірегіңіз. Зиядан қажы ағама өмір тілеп, Жетпістен аға жүзге сіз келіңіз. Иманым – жиғаным деп ұрандаған, Қолына қасиетті құранды алған. Зядан қажы ағаға шын тілейміз, Ел болып, халық болып бір Алладан! Алматы қаласы З.Қожалымовтың еңбектері жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуында конференцияны өткізудің төрағасы философия ғылымдарының докторы, профессор Жақан Молдабеков мырзаның сөйлеген сөзі Алматы қаласы 2 тамыз 2014 КОНФЕРЕНЦИЯНЫ АШУ Құрметті конференцияға қатысушы Мырзалар мен ханымдар! Қазақ елі тәуелсіздігін алған кезден бастап халық емшілерінің тынысы кеңейгендігін халықымыздың мәдени мұрасының арнайы бір саласына айналғанын және халық емшілерінің ғылыми әдістемелік негізінің қалыптасқанын сіздер мен біздер жақсы білеміз деп ойлаймын. Халықтық шипагерлік халықпен бірге өмір сүретін тылсымды құпиялы құбылыс дейміз. Сондай-ақ мәдени жетістік дейміз. Осы халық емшілігінің өміршеңдігі, құндылығы бүгінгі бас қосудың ортақ өзекті мәселесі деп ойлаймын. Дейтұрғанменен осы айтылған мәселенің жаңа жоғарғы деңгейіне көтерілуіне ұйтқы болған бас-көз болған ортамызда тұлға бар ол бәріңізге белгілі құрметті Зядан қажы Қожалымов. Қадірменді мырзалар мен ханымдар! Мәдениеттанушы ғалым, Халық медицинасы ғылымының академигі, Зядан Қожалымовтың еңбектерінің «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференцияны ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Мәдениеттанушы ғалым, академик Зядан Қожалымовтың еңбектерінің “Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы” атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясының жиналысының ӨТУ ТӘРТІБІ Порядок проведения Заседание конференции Международная научная теоретическо-практическая конференция “Ценность и роль трудов по народноймедицине” ученого, культуролога, академика З. Кожалымова 02. 08. 2014 г. г. Алматы 1. Конференцияның ашылуы-открытие – вступительное слово Ж. Молдабекова – председатель оргкомитета конференции. 2. Гимн РК (отырыңыздар! Пожалуйста, садитесь!) 3. Прошу Вас утвердить регламент конференции. Құттықтау - поздравление - 2 минут Баяндама - доклад – 15 - 20 минут Жарыс сөз - выступления - 3-5 минут Мастер класс – 5 -7 минут Анықтама-справка – 2 минут 4. Құрметті конференцияға қатысушылар! Конференцияның күн тәртібі бойынша оның жиналысының жұмысын жалғастырамыз. Уважаемые участники! Продолжаем работу заседания конференции. 5. Участников конференции приветствует – выступает (по списку) – подготовиться (следующий по списку)! 6. Бір-екі адамнан кейін «Арнау» орындалады. Әр сөйлеген үш-төрт адамнан кейін ән орындалады. 11. Конференция регламентін сақтауды сұраймын /сіздің уақытыңыз бітті/. Прощу соблюдать регламент конференции /ваше время истекло/. 12. Жарыссөз. Выступление. Выступает... 13. Ваше время по регламенту истекло, выступает следующий! 17. Түскі асқа үзіліс жариялаймын! Объявляю перерыв на обед с 13.00 до 14. 30 часов! 18. Конференцияның мәдени шараларын бастаймыз. Продолжаем заседание конференции. Концерт (15.00-17.00). 19. На сегодня работа конференции завершена. Основные выступления закончены. Есть ли желающие выступить? Продолжим завтра. Сейчас всех участников приглашаем на банкет /19. 00/. 03. 08. 2014 1. Уважаемые участники конференции! Продолжаем работу конференции. (10.00). 2. З.Қожалымовтың сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқу мен әндерін орындау. – Жеке филиалдар бойынша екі адамнан Зядан қажының сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқып және әндерін орындаудан шеберлік жарысы. 3. Марапаттау-Награждение. 4. Заключение. Справка. 5. Закрытие конференции в 13.00 часов.
Мәдениеттанушы ғалым, академик Зядан Қожалымовтың еңбектерінің “Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы” атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясының жиналысының бағдарламасы (Алматы қаласы, 02 тамыз 2014 ж.) СӨЙЛЕУШІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ 1. Молдабеков Жақан – философ.ғ.д., ҚазҰУ-ның профессоры. Тақырыбы: «Өтейбойдақтанушы шипагер-ғалым». Алматы қ. 2. Танкиев Қадырғали – Атырау облысының әкімінің бұрынғы орынбасары. Еңбек ардагері. Тақырыбы: «Достық сезіміңді құрметтеймін». Атырау қ. 3. Әнуар Тарақ – фил.ғ.д., ҚазҰУ-нің профессоры. Тақырыбы: «Қауымдастықтың қажымас қамқоры». Алматы қ. 4. Жаханов Амангелді – м.ғ.д., ҚазҰМУ-нің профессоры. Тақырыбы: «Аманатты дәріптеуші». Алматы қ. 5. Әлдибеков Жапар – заң ғ.д., Д.Қонаев атындағы университетінің профессоры. Тақырыбы: «Өтейбойдақ – жеті жарғының тұңғыш авторы». Алматы қ. 6. Костюкевич Любовь Анатольевна – целитель-биокосмоэнергет. Тема: «Кожалымов Зядан – организатор нового уровня народной медицины в Казахстане». г.Алматы. 7. Ораз Қауғабай – жазушы, профессор. Тақырыбы: «Шипагер Өтейбойдақтың мұрагері». Алматы қ. 8. Керімбектің Ермаханы – м.ғ.д., ХҚТУ-нің профессоры. Тақырыбы: «Халық емінің келешегін екшесек». Түркістан қ. 9. Жасан Зекейұлы – м.ғ.д., профессор. Тақырыбы: «З.Қожалымовтың еңбегіндегі денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары туралы». Алматы қ. 10. Құттыбаева Қализа қажы – Ақтөбе облыстық фил. дир. Тақырыбы: «Құрметке бөленген тұлға». Ақтөбе қ. 11. Нисамбаева Багитгуль – дир.Костанайского обл.фил. Тема: «Высокая роль научных трудов З. Кожалымова в целительстве и в этническо-культурном наследии». г.Костанай. 12. Оралбеков Орынбай – «Тамаша» баспа үйінің директоры. Тақырыбы: «Зиядан қажы – үлкен адамгершілік иесі». Алматы қ. 13. Серікжан Қажи – ақын. Тақырыбы: «Жүрек сезімінің жаршысы». Алматы қ. 14. Дуйсекеева Эльмира – целитель международной категории. Тема: «Шагая в ногу со временем». г.Шымкент. 15. Үмбет Әбназаров – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақ радиосының және Желтоқсан көтерілісінің ардагері. Тақырыбы: «Адалдықтың ақ жолынан айнымаған». Алматы қ. 16. Әділбеков Әбдіберік – заңгер. Тақырыбы: «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының заң ғылымындағы алатын орнын зерттеуші ғалым». Қапшағай қ. 17. Бұзауова Алтынай – Жезқазған қалалық фил. дир. Тақырыбы: «Талғамы биік ұстаз». Жезқазған қ. 18. Құрбанқожа Сансызбай – п.ғ.к., профессор. Тақырыбы: «Халықтық шипагерліктің көшбасшысы». Түркістан қ. 19. Орынбеков Қуат – бақсы. Тақырыбы: «Халықтан алған алғысын». Павлодар қ. 20. Парманов Халтурсын – врач-целитель. Тема: «Перспективы народного целительства Казахстана». Алматинский область. 21. Сәрсенбай Жанболат – вице-президент. Тақырыбы: «Ғұламалар тоғысады». Алматы облысы. 22. Туребеков Бахтыбай – ОҚО аймақтық фил. дир. Тақырыбы: «Өмір жолы – өнеге». Жетісай қ. 23. Тулешулы Кешубай – духовный целитель. Тема: «Современный высокодуховный мыслитель». ОҚО. Құттықтау – Поздравление 1. Құлмаханов Тұрғанбек – м.ғ.к., доцент. ҚазҰМУ. Алматы қ. 2. Салиғазиев Абдіманап –Мемлекеттік қызметкер. Астана қ. 3. Тұтқабаев Ералжан – емші. Өзбекстан. 4. Өскенбай – ардагер. Шымкент қ. 5. Әбілбеков Мейіржан – Талғар ауданы, Бесқайнар аймағының әкімі. 6. Журавлев Николай Борисович – профессор философии Европейской Академии естественных наук. РФ. Санкт-Петербург. 7. Марқайұлы Көпей – профессор. ҚХР. Құлжа қ. 8. Рысбек Сәрсенбай – «Жас Алаш» газетінің Бас редакторы. Алматы қ. 9. Жүнісова Фатима – «Әйел денсаулығы» газетінің Бас редакторы. Шымкент қ. 10. Ертай Айғалиұлы – «Қазақстан-Zaman» газетінің Бас редакторы. Алматы қ. 11. Мырзағалиұлы Өтеп – м.ғ.д., профессор. Кентау қ. 12. Айнаш Есали – «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі. 13. Смағұлова Жазира – «Алтын босаға» газеті мен журналының Бас редакторы. Шымкент қ. 14. Нұржамал Тегінбайқызы – «Алматы ақшамы» газетінің бөлім бастығы. 15. Таджибаева Гулчехра – врач. Узбекистан. 16. Жексен Алпартегі – «Айқын» газетінің жауапты хатшысының орынбасары. 17. Нүсіп Алмас – «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім бастығы. 18. Сулейманова Мукарам – емші. Қырғызстан. 19. Сұлтанғазиев Нұрболат – «Хабар» телеарнасының редакторы. 20. Жұлдыз Баймолла – СТВ телеарнасының редакторы. 21. Нүсіпқазы – композитор. ҚХР, Құлжа қаласы. Ән-күйді орындайтындар: 1. Гүлзина Шорабекова – З.Қожалымовтың әні “Ақ гүлім” 2. Әділбеков Әбдіберік – «Сарыбидай» әні. 3. Албан Қожеке күйшінің күйін - Қожекенің шөбересі, халық емшісі – Әмзебек Жұмабекұлы орындайды. 4. Ләззат Зяданқызының «Ашылсын бағын қазағым» әні, сөзі Қожалымовтікі орындайтын – ҚХР әншісі Баймоллақызы Сайран.
| ||