Ғибратты өмір
26 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 | ||
Тұрсынғазы Тұрақын Дәрігер-емші Ақтөбе қаласы Ақтөбе қаласынан келіп отырмын. Негізі Қытай-шығыс Тибет медицинасының маманымын. 2009 жылдан бері Зядан ағамыздың кітаптарын оқып келе жатырмын. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы көптеген кітаптарын оқып, Зядан ағамызбен сол арқылы танысып, жақында осы емшілер қауымдастығына мүше болып кірдім. Бүгін мерейтойына келіп отырмыз. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының емшілеріне және осы саладағы азаматтарға зор денсаулық, ашық аспан тілеймін.
Мұздыбаева Айсара Халық емшісі Астана қаласы 16 жылдан бері Астана қаласында өзіміздің халықпен және қоғамда қызмет істейтін адамдармен тығыз байланыстамын. Академик Зядан Қожалымов ағайдың бастауымен осы халық емшілері қауымдастығының мүшесімін. Ағайдың әрдайым осы емшілерге беріп жатқан кітабын оқып білімімізді дамытып отырамыз. Мәдениеттілігіміз, имандылығымыз, сауаттылығымыз және емшілердің бір-біріне деген туысқандық жақындығымыз ағамыздың еңбектері мен өткізген жиналыстарының жақсылығы деуге толық негіз бар. Біздің ағамыз халық медицинасы саласының білгір, танымал және үлкен ғалымы екендігі бүгінгі ағамызға арналған ғылыми конференцияда, көп салалы ғылымдардың профессор ғалымдары ерекше атап өткендігі, бізді зор қуанышқа бөледі. Ағайдың ғұмыры ұзақ, ғылымдағы еңбегі молайып жарқырай берсін. Жұлдыз Байнолла:“Қазақта жігітке жеті өнерде аз” деген. Сегіз қырлы, бір сырлы Зядан Қожалымовтың тағы да атақ марапаттары өте көп. Ол қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының президенті, Қазақстан Журналистер және Психолгтар одақтарының мүшесі. Қзазақстан Республикасы халық медицинасы және космоэнергетика академиясының президенті-академигі, халықаралық дәстүрлі және халық медицинасы мамандары психологтар мен емшілер қауымдастығының президенті, халықаралық «Экология» академиясының және Әлемдегі рухани және халық емшілерінің академиясының академигі. «Жас-ай» Шығыс-Тибет медицинасы журналының редколлегия мүшесі. Әлемдік емші. Халықаралық дәрежедегі парапсихолог. «Шипагерлік баян» газетінің ақылдастар алқасының Төрағасы, Бас редакторы.
Әсия Ибрагимова Сүлікпен емдеуші ШҚО, Шемонаиха қаласы Республикамыздың Шемонаиха қаласында ем жасаймын. Ем жасағаныма көп жыл болды. Осы конференцияға Зядан ағамызды құттықтауға келіп отырмыз. Өте құрметтейміз. Жаны жаз, көңілі көктемдей өте жарқын кісі. Кітаптарында Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ бабамыз және халық медицинасының қыры мен сырлары туралы көп мәліметтер бар. Бұл кісінің кітаптары көп. Бәрінде оқимыз. Иншалла, Алла тағала ағамызға қуат беріп, отбасына жақсылық сыйласын.
Құрманғали Қадырхан Тибет медицинасының дәрігері Алматы облысы Бүгінгі күндерде мен осы мемлекеттік халықаралық деңгейдегі жиналысқа қатынасып отырғаныма өте қуаныштымын. Сонымен бірге Зядан ағаның 70 жылдығы құтты болсын. Мақсатым бұдан кейінде осы кісілердің арқасында дәрігерлік білімімді кеңейтіп, үздіксіз еңбек етіп, медицина саласына жақсылап тұрып үлес қосқым келеді. Өзімнің қазақ елім, жұртым үшін, аз да болса солардың денсаулығы үшін қызмет еткім келеді. Ағамыз басқаратын қауымдастықтың қызметінің өркендеуіне өз бойымдағы білімімді қосамын. Ағамызға ұзақ ғұмыр тілеймін.
Сәуле Алтынбаева Психолог-емші Алматы қаласы Еліміздің елдігін, жеріміздің кеңдігін дүниежүзіне паш еткен тәуелсіздік кезімен құрдас, осы қауымдастықты ашқан басшы Зядан ағамыз. Бүгін ол кісінің 70-ке келіп жатқан үлкен мерейтойы. Сонымен қоса ол кісінің еңбектеріне арналған ғылыми конференцияға қатысып отырмыз. Ал енді сіздің сұрағыңызға жауап беретін болсақ, жалпы қазіргі таңда халықты сауықтыру барысында дәстүрлі медицина мен халық емшілігін бір-бірімен біріктіре отырып емдеген үлкен нәтиже бермек. Сондықтан, бұл жөніненде Зядан қажы Қожалымов ағамыздың еңбегі орасан зор. Себебі, қазіргі кездердегі әсіресе жеке адамдардың күйзеліске ұшырауы, жан ауырғандықтан тән ауруын медицина емдегенменен, адамның жанын емдеу қажет болады. Халық медицинасы мен дәстүрлі медицина қабат келген жағдайда адамның молынан, барлық жағынан сауығып кетуге мүмкіндік туады. Сондықтан бүгінгі ғылыми конференцияның ағамыздың еңбегіне арналуы қауымдастық ұжымының қуанышы. Ағамызға ұзақ ғұмыр тілеймін.
Жаңабай Отарбай Тәуіп Манғыстау облысы Манғыстаудан келдім. Зядан ағамыз қажы кісі. Біз де енді қажы болып келдік. Ағаның 70 жасқа толуы оң болсын. Алып бара жатқан жұмыстары табысты болсын. Семьясы бала-шағасы аман болсын. Келген жамағаттында барлығынына денсаулық тілеймін. Жұртымызға аманшылық болсын.
Жетпісбаева Батима Халық емшісі Алматы облысы Ұзынағаш ауылы Зядан қажы ағамыздың 90-жылдан бастап жетегінде келе жатырмыз. Сол кісінің шәкіртімін. Бір жағы өте үлкен жақын нағашысы болып келемін. Әкемнің жалғыз қарындасының жалғыз баласы. Өмірден аялап қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ағамызды дүниеге әкеп, арқалап аштық демей, тоқтық демей бұл дүниеде ағамызды осыншалық жақсылық ниетте жеткізген апама өте ризамын. Әпкеміз бұл ағаны дүниеге әкелгенде қиналып әкелді. Ол қиыншылықтардың бәрі артта қалды. Зядан ағамыз өсті, өнді, немерелі, шөберелі болды. Ағамның осындай қанаты самғай беруіне мен де ризамын. Ағаның қанатының астында шәкірт болып жетектеліп жүргеніме өзім ризамын. Ағамыз аман болсын. Бақытты болсын ,тағы да халқына қалаулы, еліне елеулі ары қарай 70 жастан ары тағы да жасай берсін. Бұйырған жасын жасасын. Аллаға мың да ризамын. Түймекүл апамызға үйленгенде мен өте қуандым. Өйткені, ол кісі киелі Түркістаннан шыққан ұрпақ. 13 жастағы қыз не біледі қойшы деп жүргенде, ағайымыз біздің көзімізді ашты. Осыншалық халге жеткізді. Сол үшін мен ағаға мыңда бір ризамын. Ата-бабамның аруағы риза болсын. Өтейбойдақ атамыздың да рухы риза болсын. Өмір бақи шипагерлікпен айналысқан кісі. Бұл кісінің көп тарихтарын әкем марқұм айтып отыратын. Өтейбойдақ ата өмірі үйленбеген. Өзі сол ілім қуып, білім қуып, білімнің арқасында ары қарай шипагерлікпен кеткен кісі дейтін. Ол кісіні жарыққа шығарған ағаға мың да бір ризамын. Алла тағала ағаға күш-қуат берсін. Халқымыз аман болсын. Қауымдастықта жүрген емші інілерім, сіңілерім, апаларым аман болсын. Бәрімізде бір қауымда ары қарай жалғаса берейік. Сіздерге де рахмет.
Алмабаева Үрбігүл Халық емшісі Кентау қаласы Кентау қаласынан келдім. Зядан ағамен 2006 жылдан таныспын. Ғалым ретінде танимын, еңбектерімен таныспын. Ғалым әрі емші. Ол кісіні мен өте жақсы сыйлаймын. Ол кісі біздің халық емшілерінің еңбегін бағалағанына әлем біледі. Біз ағамыздың ғылымдағы жетістігіне мақтанамыз. Ағамыздан әлі де ғылымға және өнерге берері молдығына сенеміз. Бізге өте дарынды, білімді, мәдениетті, білгір ұйымдастырушы ағамызды сыйлаған Алла тағалаға рахметімді айтамын. Осы конференцияға қатысқан ғалымдар мен меймандарға, емшілерге қадамдарыңыз құтты болсын, ағамыздың өмірі ғұмырлы болсын деген ізгі тілегімді білдіремін.
СТВ телеарнасы Алматы, 02.08.2014 VIII бөлім
Өнер
ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, АҚЫН-САЗГЕР ЗЯДАН ҚАЖЫ ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨТКЕН ӘНДЕРІ, ТОЛҒАУ-ТЕРМЕЛЕРІ МЕН ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ ЖӘНЕ СӨЗДЕРІ МЕН ӨЛЕҢДЕРІНЕН МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ САХНАЛЫҚ ЖОСПАРЫ Алматы, 2 тамыз 2014 жыл
ҚР Ғылым академиясының «Ғылым ордасы»
1. КӨПШІЛІКПЕН АМАНДАСУ
Жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер кауым! Халқымыз ежелден өнерлі, өнерін қорғаған, құрметтеген той-думанда әні мен жырын шырқата орындаған, әлемде ақын-жыраулығына ешқандай ұлт тең келмейтін қазақ деген халықтың ұрпағымыз. Зядан қажы ағамыз мәдениеттанушы ғалым ретінде көпшілікке танылса, енді ағаның екінші бір қыры оның өнерге жақындығы. Бүгінде Зядан қажы екі көркем әдеби және екі өлең кітаптарының, 30-дан аса әннің сазымен, оннан аса толғау мен термелердің және ХV ғасырдағы шипагер ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына арналған қысқа көріністегі сахналық қойылым мен қойылымға арналған «Шипагер баба» әннің сазының авторы атанған, өз оқырманын және тыңдаушысын тауып оң бағасын алған ұлт әдебиеті мен өнерінің де жанашыры. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын-сазгер Зядан Қожалымов мырзаның өнер саласындағы еңбегіне танымал сазгер Темір Тайбеков пен Әшірхан Телқозиевтан және Ә. Сәриев (Шымкент), Қ. Сихымбаев (Жезқазған), Қ.Нұрмұқанов (Солтүстік Қазақстан), Гүлзира Серғазы (Алматы) т.б. журналистерден Зякеңе: “Өнердегі жолы күн сайын ашыла түссін, шабытың шарықтай берсін және ән сүйген, рух сүйген көк тәңірі жебей жүрсін”, – деген ізгі тілектерін білдіргеніне де он бес жылға жуықтапты. Зядан қажының шығармалары өмірден алынған, шындықтың таза бейнесін көрсеткен туындылар. Зядан қажы ұдайы жазумен шұғылданатын жазба ақын емес, ол өз ой толғауын қажет кезінде хатқа түсіретін, өзіндік талғамы ерекше өмір шындығының ақыны. Ақын жастайынан да және кейінгі ширек ғасырға жуық өмірінде де көрген қиыншылықтарына бас имеген, мойымаған, қиыннан жол тапқан, қасын дос еткен, ісіне адал, мұрат мақсатының биік шыңына шыққан тұлға. Ақынның жырлары мен саздық ерекшелігі де адамның жаны мен тәнінің тазалануы мен рухани байлығының өсуіне күш қуат береді. Ақын: Қонды қалай деп оны сұрамағын, Бағы ғой берген маған бір Алланың! Ата-ана наз жыры бойға дарып, Шабыттанып, ой шалқып, жыр жазамын, – деп ақындық өнерінің қалай дарығаны жөнінде сыр шерткен ақын Зядан қажы Қожалымовтың шығармашылығына арналған концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1. БӨЛІМ. Ақын-сазгер Зядан Қожалымовтың XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабыұлы туралы қысқа театрландырылған қойылымды назарларыңызға ұсынамыз.
2. БӨЛІМ Жүргізуші: Емшілікке ширек ғасыр өмірімді арнадым, Адалдықты сақтадым, бағытымнан таймадым. Тәңірімнің тағдырының сынағында келемін, Сеземін, ауыр жүкті көтермесін басқаның, – деп өмірінің өткен кезеңдерін қысқа ғана баяндаған ақын-сазгер Зядан қажының: АДАЛДЫҚ Адамдығым – ол менің адалдығым, Бойымда дарын да бар, сана, білім. Жүрегім ақ, жаным да таза менің, Халқымның пір тұтамын даналығын
Сыйламайтын туысты туыс демен, Бір-біріңді көңілмен ұғыс терең. Бұзылмасын адамдар ынтымағы, Болған тату отауға ырыс келген.
Адамдар жолдас, бауыр бір-бірімен, Тірлікте татулықпен тамырласқан. Арбасқаннан не пайда жыландай боп, Сыйласқан жөн өмірде жақсылықпен.
Тұлабойдан көрініп адалдығың, Адал ісін лаулатсын саған нұрын. Арамдықтың түтінін бықсытпағын, Адалдықты аңсауда адам бүгін, – деп жырлады ақын.
1. Қазіргі орындалатын автордың әні «АҚ ГҮЛІМ». Орындайтын: Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әншісі, Шәмші Қалдаяқов атындағы Республикалық байқаудың жүлдегері, Зядан қажының он бестей әндерін орындаушы – Гүлзина Шорабекова Жүргізуші: Бір Алла ғой сезім беріп, жүрегіммен сезгенім, Ерекше бір қасиет бар, жылы жүзді пендемін. Адасқанды ақ жолға сап, ізгілікпен асықпай, Жамандықтан, арамдықтан тазалаумен келемін. Ішкі сырым бір өзіме, құпиялық құбылыс, Аруақтарым жатыр міне, риза боп тып-тыныш. Тілейтінім бір жақсылық құдіретті Алладан, Келсе екен деп елімізге ынтымақпен нұр-ырыс. Өмір өзен ағысында жүзіп кетіп барамын, Келе жатыр орындалып көкіректегі талабым. Адам болып туылған соң, адалдықты өр ұстап, Ізгіліктен нұр шашуды көңіліммен қаладым.
Құдіретім бойымдағы толқыны асау ағынның, Беріп келем адамдарға жылуын да жанымның. Ғарышпенен жер бетіне бағыт берген «Құдірет», Табындырды пендесін кереметіне тәңірдің.
| ||