Ғибратты өмір

 

 

25

 главная                                                  вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28

 

 

СТВ телеарнасы, Денсаулық және сұлулық” бағдарламасы

Жүргізуші – Жұлдыз Байнолла

Жұлдыз Байнолла: Ұлыларды ұлықтай жүріп, өзі де ұлы ғұлама ғалымға айналған тылсым сырдың жұмбақ құпияларын ашып, халықтың денсаулығын халық емі арқылы қалпына келтіруге орасан зор үлес қосқан, мәдениеттанушы ғалым академик Зядан Қожалымов биыл 70 жасқа толды. Осыған орай ҚР ғылым академиясында мәдениеттанушы ғалым, профессор, академик Зядан Қожалымовтың еңбектерінің «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ-нің профессоры Жақан Молдабеков құттықтау сөз сөйлеп, “Өтейбойдақтанушы шипагер ғалым” атты арнайы баяндама жасады. Әрі қарай ғалым профессорлар Амангелді Жақанов, Әнуар Тарақ, Ораз Қауғабай секілді т.б. танымал ғалымдар мен меймандар Зядан Қожалымовтың еңбектеріне сан қырынан тоқтап жан-жақты талдады. Осыған байланысты жиналыс басталар алдында академик З.Қожалымов мырзадан сұхбат алынды.

 

фотоЗядан Қожалымов

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті

Алматы қаласы

Осыдан ширек ғасыр бұрын мен емшілікті бастаған болсам ал, бүгінгі уақытта осындай дәрежеге жетемін деген ойымда болмаған еді. Осының барлығы бір Алла тағаланың жақсылығы шығар. Міне, сол ширек ғасырға жуық уақытта 25 кітап 500-ден астам рухани тәрбиелік, ғылыми-танымдық мақалалар және 40-дан астам әннің сөзіменен сазының және толғау-термелер мен XV ғасырдағы ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы жөнінде  ғылыми зерттеулермен қатар шипагер жөнінде театрландырылған спектаклде жазылған екен. Оның сыртында көптеген 10-нан астам ғалымдардың академик М.Әлиевтен бастаған жеке авторлардың еңбектеріне пікірлер жазыппын. «Албан шежіресі» мен “Әлмерек баба” кітаптарының авторларының бірімін.

 

 

фотоТүймекүл Қожалымова

Академик, Әлем емшісі

Алматы қаласы

Әрине, махаббат деген ең биік шынайы сезім. Әр адамның яғни, әр жігіттің әр қыздың жақсы жар табу арманы десе болады. Мен 22 жасымда тұрмысқа шықтым. Тұрмыс құрғаныма осы өмірімде көріп жатқан барлық жақсылығыма өте ризамын. Өзімді ең бір бақытты жандардың қатарына санаймын. Зядан қажы екуіміздің балаларымыз, немерелеріміз бар. Жеткен жетістіктеріміз бар. Халқымызға елімізге жасаған азды-көпті еңбектеріміз бар. Мен өзімді шексіз бақытты адамдардың біреуімін деп санаймын.

Жолдасымның ең бір ерекше қасиеттерінің бірі – отаншылдығы мен ұлтын және оның діні мен тіліне деген сүйіспеншілігі және де  азаматтығы, еңбекқорлығы, іздемпаздығы, қайтпас қайсарлығы, туысына да, досына да тіпті жауына да адалдығы мен Алла тағала берген дарындылығы. Өзінің талабы алдына қойған мақсаттарын міндетті түрде орындауға тырысады. Өте еңбекқор шама-шарқы жеткенше, туа біткен болмысына байланысты барлық заттарды ұқыптылықпен орындайды. Мен бір жағынан оған сенемін, екінші жағынан оның үлкен армандарына жетуіне тілектеспін. Ол сол армандарына жетіп те жатыр деп ойлаймын. Бүгінге дейін 25 еңбегі жарыққа шықты. Ол да үлкен еңбек. Ол арнайы оқыған ғалым, сазгер және ақын-жазушы да емес. Бірақ осының барлығына Алла тағала берген талантының арқасында жетіп отыр. Мен сол жеткен жетістіктеріне, асқан асуларына, асқар таудай биікке көтерілгеніне өте қуанамын. Бір жағынан мақтанамын. Бірақ мен оны ешуақытта көзіне мақтамаймын. Ол артық дүние деп ойлаймын. Адамның бүкіл жасаған еңбегін, жасаған тірлігін, өмірін және әр басқан қадамының бағасын халық біледі. Халық өз бағасын береді. Халық оны түсінеді. Сондықтан барлық нәрсені байыптылықпен,  ұғымталдылықпен және парасаттылықпен қабылдап, оны солай жүзеге асыру керек. Мен соған әрине әр уақытта тілектеспін. Ал енді Зәкеңнің анасына келсем, көп жағдайда анаға бала барлық жағынан ұқсайды. Шынын айтқанда ол кісі өте көріпкел, бойында Алланың берген қасиеті бар өте керемет, діни сауатты адам болды. Апам мені келінім, Зәкеңді ұлым деп екеуімізді бөлген жоқ. Екеуімізді тең көретін. Ол кісінің тілектерінің барлығы орындалды деп ойлаймын. Себебі,  бізге деген өзінің ықыласы мен ниеті ерекше болды. Сондықтан, мен ол кісінің бір жағы келіні болғанмен де қызы сияқты болдым. Барлық жағдайда менімен ақылдасып отыратын. Ол кісі халқына қалаулы, еліне мақтанулы «Ақ апа» деген атақпенен өмір сүрген өте бір ұлағатты ана болды. Көзі жұмылып ауырып жатып қалғанша, келген кісілердің барлығын қабылдап, кішкентай балалардың барлығын сауықтырып, халыққа адал еңбек істеді деп ойлаймын. Ең соңғы минутына дейін бізбенен жақсы қарым-қатынаста болды. Ол кісі бізді қалай сыйласа, біз де ол кісіні әр уақытта төбемізге көтеріп солай сыйладық.

Екі ұлым бар, екі келінім бар. Төрт қызымыз болды. Осылардан Алланың берген он екі немереміз бар. Ұлдарым, қыздарым, келіндерім, күйеу балаларым және немерелерім бізді сыйлайды деп ойлаймын. Өйткені, олардың бізге деген құрметі, көңілі бізге деген ниеті, тілегі орасан зор. Олар бізбен, біз олармен мақтанамыз. Сондықтан ұрпақтарыма, өзімен бірге тұрып жатқан балаларыма, келіндеріме, күйеу балаларыма бәріне де ризамын. Оларға да бақытты қуанышты өмір тілеймін. Алла тағала таза ақ қадамдарымен оларды біз сияқты биіктерге көтере берсін.

Жұлдыз Байнолла: Ұлы ойшыл Франклиннің “Дәрінің бірталайының сырқатына себі тиетінін білетін дәрігер білгір дәрігер”, – деген сөзі бар. Сондай-ақ, “дәрігер арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болу керек” – деген Гиппократтың сөздері, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, халықаралық дәрежедегі парапсихолог халық медицинасы академияларының академигі, халық медицинасы және ғарыштыққуат академиясының профессоры Зядан қажы Қожалымовқа арналғандай. Ол тек ғана қайраткерлік келбеті мен емшілік қабілеті жоғары тұлға ғана емес, сондай-ақ адамгершіліктің туын көкке көтере білетін халық азаматы, ардақты аға.

 

 

фотоУбайдулла қажы Әбішұлы

Рухани шипагер

Алматы облысы

Біздің қауымдастығымыз Зядан қажы ағамыздың арқасында қазір құлашын жайып дүниежүзіне танымал болып бара жатыр. Ол кісінің еңбектері туралы айтатын болсам, тылсым дүние туралы қанша кітаптар жазып шықты.  Құранда да бар тылсым дүние туралы айтылған. Алла тағаланың пенделеріне деген тылсым дүниелері өте шексіз. Ислам ғалымдарында ілім өте шексіз. Осы ілімдердің ішінен өзінің еңбегін, өзінің білімін алға тарта отырып, Зядан қажы ағамыз көп еңбектер жазып шықты. Осы кітаптарын оқып көрдік. Иншалла, Құдайға шүкір өте жақсы. Емшілерге және ұрпақтарға қалдырып отырған пайдалы еңбектері өте көп. Бұл кісінің кітаптарында адам баласына пайдалы көп кеңестер бар. Сол еңбектерді емшілер пайдаланып, адамдардың көңілін тауып және  адамдардың денсаулығына пайдалы нәрселерді қолданып жатқан жағдай бар. Адамның денсаулығын ойлаған осындай кісілерге Алла тағала ұзақ ғұмыр бергей тілейміз.

 

фотоБесембаев Құмарбек қажы

ҚХЕҚ-ның Құлсары қалалық филиалының директоры

Құлсары қаласы

1998 жылдан бері емшілік қасиет қонып, адам қарауға отырдым. 2001 жылдан бері Қожалымов Зядан қажымен таныспын. Сол кісінің қоғамына келіп қосылдым. Осы қауымдастықтың Төралқа мүшесінің бірімін. Мен осы кісіге көп ризашылығымды білдіремін. Халық емшілігін дұрыс түсінбеген адамдарды дұрыс жолға салып көзімізді ашты. Кітаптарының көбін оқыдым. Әр емшінің алдында ағамыздың еңбектері өзінің энциклопедиялық дәптері сияқты болып кеткен. Ағамызға үлкен алғысымды айтамын. Көп қиыншылық көрді. Бірақ әрбір қиыншылық қияметтің оның рақымы болады дейді. Сол қазір бүгінгі күні 70 жасқа келіп, осындай дәрежеге жетіп отырғаны, академик болып отырғаны, профессор атағын алып жатқаны дәлел. Кітаптарын бәрін оқып, насихаттап шәкірттерімізге үйретіп отырмыз. Біздің жасап жатқанымыз жалғыз ем емес қой. Адасқан адамдарды дұрыс жолға салу, имандылық жолға салуға, ажырасқандарды қосу үшін соның бәріне біз ем жасап, халыққа айтып, тіл көзден дуалардан емдейміз. Мен өзім медицинамен аралас емдеймін. Бірінші медицинаға жіберіп қаратамын. Емдеп болғаннан кейін қайтадан медицинаға тексертуге жіберемін. Зядан ағамызға Алла тағала қуат берсін. Осы 23 жыл болды 23 жыл біздің қоғамымызды басқарып келе жатыр. Әлі де кітаптарын шығарып бізге жетекші болуға Алла нәсіп етсін. Ағаммызға Алла тағаланың шапағат нұры жаусын.

 

фотоНисамбаева Багиткуль

ҚХЕҚ-ның Қостанай облыстық филиалының директоры

Қостанай қаласы

Биылғы халықаралық ғылыми конференция ерекше болып отыр. Себебі, Зядан қажының өмір баяны, өмір бойы жиналған мәліметтерінің қорытындысы, яғни халыққа берген ғылыми еңбегінің есебі сияқты болып жатыр. Қаншама ғылыми кітаптар жазды. Мағлұматтар жазылды. Бұлардың бәрі тарихи жұмыстар. Зядан қажыны осы ғасырдың Нострадаумсы деуге болады. Алдын ала бәрін болжап, ойластыра білетін адам. Ол кісі философ, академик ең бастысы жақсы адам. Жүрегі үлкен. Ол кісінің осы 70 жылдығына жақсылық тілеймін. Бірінші Алла, екінші сол кісі мені осы жолға салып, осы дәрежеге жеткізген. Бізге осындай кісіні кездестіргеніне Аллаға мың да бір шүкір. Алла өзіне денсаулық берсін. Отбасына құт береке кіргізсін. Алдымызда әлі де жүре берсін. Ғылыми еңбектері, туындылары көбейе берсін. Шәкірттерінің де ғылыми нәтижеге жетулеріңе, дендері сау болып, осылай елімізге адал қызмет жасауға Алла жар болсын.

 

фотоДауир Шакиржан

Директор Карагандинского областного филиала АНЦК

г. Караганда

Заслуга нашего президента Зядана кажы заключается в том, что он нашел и опубликовал многочисленные сведения о том, что наши предки обладали своей собственной традицией народного целительства. Он исследовал труд казахского целителя, который в свое время составил огромный труд, целый католог трав, методик целительства XV века Отейбойдака Тлеукабылулы. Труд «Трактат о целительстве» составлял порядка 5000 страниц. Это было написано еще в 15 веке. И заслуга нашего президента в том, что он смог восстановить утраченный труд хотя бы частично и опубликовать. И провел на основании этого значительное научные изыскания, которые изучались с успехом.

 

 

фотоСералиев Балабек

ҚХЕҚ-ның Манғыстау облыстық филиалының директоры

Ақтау қаласы

Манғыстаудан жылда жиналысқа келіп, көп жаңалықтар естіп тұрамыз. Алланың берген қасиеттерінің арқасында  халық емшілері халыққа танымал болып жатырмыз. Халық емшілерін халық танып, көзі жетіп жатқан жағдайы бар. Халық медицинасының осы заманғы ғылыми медицинамен салыстырағанда жасап жатқан әрекеттері, емшілік қасиеттері жылдан жылға ұлғайып, халыққа шипаларының тиюіне себепші болып жатқан жағдайы бар. Зядан ағамыздың тылсым құпия туралы жазған еңбектерін оқыдым. Ата-бабаларымыз ертеректе тылсыммен байланысып, емдік қасиеттерді ұрпаққа қалдырып, соны дәлелдеп, адамның ағзасындағы барлық ауру сырқаттарды емдеп жеткізе алған. Егемендік алғалы бірінші Алла болса, екінші қауымдастық президенті Зядан ағамыз осыны дәлелдеп, қазақ даласын дүниежүзіне танымал етіп таныстырып жатқан жағдайы бар. Әрбір қазақ бауырларымыздың емшілердің бойындағы қасиет ата-бабасынан келген қасиет. Емдік қасиетпен айналысып жатқаныма 9 жыл болды. Бір Алладан ата-бабадан келген тылсым дүние. Пышақсыз операция дейді. Қанша кісіге себепші болып аяқтан тұрып кетулеріне себепші болдым. Енді қауымдастықтың мүшелерінің қуанышты бас қосулары көбейе берсін. ағамыздың торқалы тойы құтты болып, қауым мен бізге берері мол болсын.

 

фотоКүнқияш Есенова

ҚХЕҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры

Қызылорда қаласы

ҚХЕҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директорымын. Қызылорда облысында 1992 жылдан бастап осы аталған ұйымды басқарып келемін. Біздің облысымызда ең бірінші 1992 жылы 64 мүше болған. Қазір енді оның арасында кетіп қалғаны бар қызметін жалғастырып жатқаны бар 30-дай адам бар. Олардың ішінде шөппен емдейтіндері де сынықшыларда және осы мұсылманша дұғамен емдейтіндер де, биоэнерготерапевттерде қолды тигізіп, қолды тигізбей емдейтіндер емшілер де табылады. Сондықтан олардың емдерін дәріптеп жүрген, осы Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті ғалым Зядан Қожалымов ағамыз. Осы орайда бұл кісінің еңбегін атап кетпеуге болмайды. Осы кісінің осы саладағы ғылыми еңбектеріне арналған конференциясы жүріп жатыр. Конференция өте ұтымды, әрі тартымды өтіп жатыр. Әр саланың ғалымдарының өзі осы кісінің халық емшілігіне сіңірген еңбегін мойындап жақсы баға беруде. Біз бұған өте қуанамыз. Алла тағаланың ағамызға берері мол болсын.

 

фотоЗүрихан Баймолла

Дәрігер-емші

Алматы облысы,

Жетіген ауылы

Осы жерге көрші Қытай елінен келгеннен кейін, мен ағамыз Зядан Қожалымов басшылығындағы Қазақстан халық емшілері қауымдастығына келіп қызмет істедім. Қытайда да көптеген адамдарды емдегем дауалағам. Мысалы алапес, теміреткі, тауықкөз соқыр, зоб, грыжа, анемия, құяң деген ауруларды гайморит әйелдердің бала көтермегені, ерлердің қара қапталы, осы секілді ауруларға көптеп көмек жасап жатырмыз. Мысалы менің қолымнан қазір ем алып кетіп бала көтеріп кеткен әйелдердің өзі 200-ден асты.

Бұл бірінші Алланың қуаты, екінші елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың, үшінші Зядан Қожалымовтың басшылығымен іске асып жатыр. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті Зядан Қожалымовқа рахметімді айтамын. Ғұмыр жасы ұзақ болсын.

 

фотоДауыл Зүрихан

Сылап-сипаушы

Алматы облысы,

Жетіген ауылы

Біз осы Қазақстанға келгелі басшымыз Зядан Қожалымовтың көмегіменен халыққа танылып, шығыс медицинасын халыққа жеткізу үстіндеміз. Халық та қазір шығыс медицинасын жақсы қолдап қаралатындар да көбейді. Менің әкем Зүрихан Баймолла және інім Дүлдүл үшеуіміз жанұялы, бірігіп ем жасаймыз. Жақында басшымыз Зядан Қожалымовтың қолдауымен әкемнің кітабы шықты. Бізді халыққа танытқан Зядан ағаға алғысымызды білдіреміз.

Жұлдыз Байнолла: Сөзі өткір, жанары жалынға толы Зядан қажы қалың халықты аурудан өзі айықтырып ғана қоймай, бойындағы қабілеті бар халықтың денсаулығын жақсартуға үлес қосуға асығып жүрген емшілердің де жолын ашып, ағалық қамқорлық танытуы мақтауға тұрарлық және тұлғаға лайықты азаматтылық.

 

фотоАсқар Түсіпбаев

Халық емшісі

Астана қаласы

2003 жылдан бастап осы емшілер қауымдастығында халыққа қызмет көрсетіп келе жатырмыз. Өзім Астана қаласынан келгенмін. Астана қаласында халыққа қызмет етіп жұмыс жасап жатырмыз. Ал енді ғылыми конференциясын өткізіп жатқан, өзіміздің осы емшілер қауымдастықтың президенті Зядан ағамызға үлкен жақсылықтар айтамын. Бұл кісінің халыққа сіңірген еңбегі өте зор. Бүкіл алты алаштың қазағының басын қосып, жоқтан бар жасап, адасып жүрген қаншама емшілер, тәуіптер, құмалақшылар, бақсылардың бастарын қосып, осындай үлкен жиын өткізіп, мемлекеттік дәрежеде құжаттандырып, халыққа үлкен зор іс істеп жатқанына ол кісіге зор алғысымда айтамын. Бүгінде бұл ағамыз басқарған қауымдастықты шетелдер де танып, ағамыздың еңбектері де өзімізден тысқары елдерге таныла бастады. Мен Зядан қажы ағамызды торқалы тойымен құттықтап, шығармашылығына табыс, деніне саулық, отбасына амандық тілеп, біздің көшбасшымыз бола беруіне тілектеспін.

фотоХалтурсын Парманов

Дәрігер

Алматы облысы

Қаскелең қаласы

Зядан ағаны қазіргі заманауи медицина мен халық медицинасы екеуінің арасындағы дәнекері деп ойлаймын. Өйткені, қазір біздің қатарымызда халық емшілері ғана емес, дәрегерлер де көп. Зядан қажының 1991 жылдан бастап осы кезге дейін еткен қызметі өте көп.

Енді өзімнің негізгі салам невроптолог. Негізінде терапиялық неврологиялық ауруларды емдеймін. Алтын ине дейді. Алтын ине деген иглотерапия. Сонымен емдеймін. Ал күніне келетін адамдар санын есептегенде жылына бірнеше мың адам келеді. Зядан аға өте құрметті адам. Адамгершілігі зор. Зядан ағаға ұзақ ғұмыр, зор бақыт тілеймін.

 

фотоБекмағанбетов Қозы

Халық емшісі

Петропавл

Мен Петропавл қаласынан келдім. Конференцияға келдім. Зядан ағамыз 70 жасқа толып жатыр. Тілейтінім денсаулық және бақытты болсын ағамыз. Жақсылықпен болсын.

Мынау біздің ассоциацияның жұмысы жүре берсін. Қуаныш, жақсылық ғана болсын. Өзім халық емшілігімен айналысқаныма төрт жыл болды. Жұмыс істеп жатырмын. Алла тағала қауымдастығымыздың ұжымына жақсылық сыйлап, халыққа адал қызмет етуге күш-қуат пен қайрат берсін.

 

 

фотоСейтбаттал қажы

Дәрігер

Алматы облысы

Жалғамыс ауылы

1969 жылдан бастап осы кәсіппен шұғылдандым. Шығыс пен батыс екі медицинасында бітірдім. Мен ғылыми адаммын. Профессормын. Қызмет істегеніме 44 жыл болды. Емдік нәрсемен Қытайда Жун Ши дейді екеуін бірдей жалғастырған институтты бітіргенмін. Енді ислам жолында Шынжаң ислам институтын бітірдім.

2005 жылы осы жерге келіп, осы Зядан қажы басқаратын қауымыға кіріп содан бері жұмыс атқарып жатырмын. Бұл жерге келгендегі мақсатым, өз отаныма, еліме, жеріме бала-шағаларымды жеткізейін және халқыма осы білген өнерімді үйретейіп емдейін деп келдім. 72 безгек 62 тамыр бойынша емдейміз. Басшымыз Зядан Қожалымов мақтауға тиісті адам екен. Өйткені, өзі менімен шамалас құрдас кісі екен. Сондай болса да еңбек етуден әлі жалыққан жоқ. Халық үшін, отаны үшін қызмет істеп жатыр бірінші Аллаға, екінші халқына. Осы еңбегі барған сайын арта берсін. Дені сау болсын. Бала-шағасы аман болсын.

Жұлдыз Байнолла: Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген. Атақ, мансап, абыройға өмір бойы үздіксіз ізденіп, үзіліссіз еңбек етуінің арқасында жеткен Зядан ағамыз биыл 70 жасқа толып отыр. Еңбектен рахат тапқан, ұлы ғалым қоғамға пайдалы ғылыми зерттеулерді жеткізіп, адам денсаулығын қалпына келтіруге байланысты, халық медицинасы жайлы көпшілікке өте қажетті 25-тен астам кітап жазған. 7 ғылыми-монографиялық еңбек және 50 газет пен 10-нан аса журналдарда 500-ден аса танымдық, тәрбиелік, ғылыми мақалалары жарияланған.

 

фотоМырзабек Қабылов

Сынықшы

Астана қаласы

Өзім сынықшымын. Желтоқсанның ардагерімін. 1993 жылдан бері осы ата-бабадан дарыған сынықшылықты ұстап келе жатырмын. Қасиет өзі “сегіз қырлы бір сырлы болады” деген рас екен. Өзім 1973 жылғы Қазақстанның күрестен жеңімпазымын. Палуандық қасиетіміз де бар. Екі тілді ақынмын. Орыс және қазақ тілінде өлең жазамын. Ағамыз Зядан қажыға қазақ тілінде арнау жазып келіп отырмын. Өзім негізі Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының, Белқарағай ауылының тумасымын. 10 жылдай бойы Астанада тұрамын. Сол жерде осы сынықшылық парызымды атқарып, халыққа көмек көрсетіп жатырмын. Осы ғылыми конференцияға шақырумен келдім. Ғалым, ақын-сазгер Зядан ағамызға арналып, бүгін халықаралық конференция өтіп жатыр. Конференцияның маңызы зор. Себебі шипагер Өтейбойдақ бабамыздың атының жаңғыруына Зядан ағаның еңбегі мол. Мен өзім Өтейбойдақ атаны жас кезімде білген емеспін. Осы Қожалымов ағамыздың еңбектерін оқып, Өтейбойдақ атамыз қандай құнды еңбек қалдырғанын білдім. Енді Зядан ағамыз 70-ке толып отыр. Сол кісіге денсаулық, бақыт тілеймін.

 

фотоБерік Қабенұлы

Дәрігер

Алматы қаласы

ҚХР Құлжа қаласынан келдім. Қазір осы Алматыға келгелі 5 жылдың айналасы болды. Осы Зядан ағамыздың қол астында жұмыс істейміз. Енді бүгін Зядан ағамыздың 70 жасқа толған 70 жастық тойымен және де біздің қауымдастықтың емшілерің мерекесімен құттықтаймын. Зядан ағамызға үлкен зор денсаулық, қажымас қайрат және бұдан кейін де денсаулықтары мықты, өнердегі орны үстем бола берулеріңе тілектестік білдіремін.

Жұлдыз Байнолла: Зядан қажы Қожалымов 1944 жылы шілденің 1-жұлдызында Хан тәңірінің Текесінде дүниеге келген. 1963 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданының Абай атындағы 11 жылдық мектебін бітірген. Кейін қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтында оқып, инженер-электрик мамандығын алған. Ал 1991 жылдың 22 желтоқсанынан бастап өзі құрған «Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының» президенті, академик, профессор, мәдениеттанушы және өтейбойдақтанушы ғалым. Философ, психолог. Дінтанушы. Шежіреші. Ақын-сазгер. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. Халықаралық ұлттық бизнес-рейтинг комитетінің ұсынысымен «Қазақстан данқы» орденімен және «Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін» медалімен марапатталған. Алматы облысы, Райымбек ауданының құрметті азаматы. Халық медицинасы саласы бойынша халықаралық Ресей және республикалық осы саланың ұйымдарының мақтау қағаздарымен медалдарымен марапатталған. Әлем емшісі. Парапсихолог.

 

 

 

 
в верх