Ғибратты өмір
7 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 | ||
Тылсым құпиялы қасиетіне сенемін Жексен Алпартегі “Айқын” газеті Алматы қаласы
Ал енді қымбатты қонақтар, қымбатты ағалар! Өзім журналистика саласында істегеннен кейін «Алматы ақшамы» газетінен бері қарай көп адамдармен, ғалымдармен, абзал азаматтармен және абзал жандармен кездескен едім. Осы арада көбін танып отырмын. Соның бірі Зядан аға. Жаңағы Жапар айтып кетті ғой. Қауымдастықтың қиын кездерде қалай құрылғанын, қалай бастағанын бәрін айтып кетті. «Шипагерлік баян» газеттеріңіздің негізін қалаған адамдардың біріміз. Зядан аға келіп: «Жексен-ау, газет шығарсам қалай болады, қалай шығарамыз», – деді. Сонда ішімізде филология ғылымдарының докторы, профессор Әнуар Тарақ деген ағамыз отыр. Сол аға екеуіміз сіздердің газеттеріңізді шілде айында шығарып едік. Сондықтан біздің де қолтаңбамыз бар. Бір нәрсені айтқым келеді. Біздің ата-бабаларымыз күйші Қожеке мен шипагер ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы айтылып жатыр. Біздің бір әкеміз Саурық деген батыр қалмақтарды қуып бара жатқанда қалмақтар жеткізбепті. Бабамыздың жауырыншысы бар екен, соған не істейміз депті. Сонда жауырыншы тұрып аттарды қайтадан ерттейік, мүмкін жауды қуып жететін шығармыз депті. Сонда Саурық жасақтары аттарды қайтадан ерттегеннен кейін жауды қуып жетіп қалмақтардың басын алған екен. Бұл да бір болжампаздық қасиеттің белгісі. Сондықтан аға мынау жаңғырмай жатқан дүниені жаңғыртқанынызға мың да бір рахмет! Осындай еңбегіңіз, іскерлігіңіз көбейе берсін! Кейде республика көлемінде аталып жатқан іске аудан жақтың үндемей жататын кездері болады. Оны басымыздан кешіріп отырмыз. Тойыңыз біздің ауылда Райымбек ауданында жалғассын деп ойлаймын. Сізді ел сол жақта да танысын. Кеше бір хабар беріліп жатты. Өз көшесіне берілген атақты адамдардың аттарын атағанда кім екенін білмей жатады. Сондықтан мынау республика танып жатқан, ТМД танып жатқан, дүниежүзі танып жатқан халықаралық орденге ие болып жатқан адамды ауыл танымау кейде көңілге кірбің түсіреді. Бұдан кейін сізді сіздің ауылыңыз тосады деп ойлаймыз. Сол жерге барып осы мәслихатыңызды, жасап жатқан тірлігіңізді жалғастырады деп ойлаймын. Халқы құрметтеген және елі еңбегін елеген азаматтың ұшан-теңіз еңбегі бүгінгі ұрпаққа емес, болашаққа да маңыздылығы зор. Еңбектеріңіз табысты болсын! Лайым халықтың жаңында халықпен бірге болыңыздар! Рахмет!
зядан қажының 70 жылдық мерейтойына құттықтау Чу Джун Хуа Халықаралық дәрежедегі дәрігер-емші ҚХР, Үрімжі қаласы
Бүгін қазақ елінің емшілік қауымдастығының президенті Зядан қажының 70 жасқа толған аса мерейлі күн болып отыр. Осыған орай, менің қауымдастықтарыңыздың төрағасы Зядан мырзаның осынау 23 жыл ішінде көрсеткен ғажайып құлшынысы мен өлшеусіз еңбегіне шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, осынау 23 жыл ішінде осы отырған қауымдастық мүшелерінің талықпас қайрат көрсетіп, Қазақстан мемлекетінің денсаулық істері үшін, Қазақстандағы әр ұлт халқының денсаулығы үшін өшпес үлес қосқандығын атап өткім келеді. Мен сондай-ақ, осы отырған әріптестерімнің осынау шұғылалы күндерде денсаулығы мықты, әр жақтағы істері толық табысты болуын тілеймін. Олардың алдымызда тұрған жылдары медицина істері үшін жаңа инновациялық беттер ашуына тілектеспін. Мен өз басым қауымдастықтың академик З.Қожалымовтың еңбектері жөніндегі осы халықаралық ғылыми конференциясына қатысқандығым үшін қуанышқа толы мерекелі күндерде аздап жеке көзқарастарымды баяндай кеткім келеді. Бүгінде Құлжа мен Үрімжі қалаларында академик З.Қожалымовтың еңбектерін қытай және басқа тілдерге аудару жөнінде іс-шаралар қолға алынуда. Халықтың құнды пікірлер айтуын қалаймын. Табыстарыңыздың мол болуыңа тілектеспін.
Қырғыз елінің шипагерлерінің сәлемі Рахимбаев Амантур Халық емшісі Қырғызстан
Поздравляю с юбилеем Абрамова Наталья Целитель космоэнергет Россия, Москва
Успешная деятельность и процветание Ассоциации напрямую зависит от организаторских и философских способностей, научного подхода к осуществлению и решению поставленных задач. Такими качествами обладаете Вы, наш глубокоуважаемый президент Ассоциации Кожалымов Зядан кажы. В День Вашего семидесятилетия, желаем Вам крепкого здоровья, неиссякаемой энергии, семейного благополучия. Пусть над Вами всегда будет голубое небо и светит солнце! Мир, достаток и благополучие навсегда поселятся в Вашем доме!! Пусть из поколения в поколение передается Ваш бесценный опыт и знания!!! Желаем Вам исполнения всех намеченных планов, во благо процветания Республики Казахстан.
Жүрек сезімінің тамыршысы Серікжан Қажи Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алматы қаласы
«Өлеңге әркімнің де бар таласы» – демеп пе еді ұлы Абай бабамыз. Иә, қазақтың кез келген екеуінің бірі – ақын. Тіпті болмағаны, сүйген қызына екі ауыз сөзді өлең жолымен өрнектеп жеткізбегені жоқ. Оған дәлел келтіріп, анықтама беріп жатудың қажеті шамалы болар. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» – деген сөзді де данышпан бабаларымыз бекер айтты деймісіз?! Өмірге алуан-алуан жүйріктер келіп те, кетіп те жатады. Біреулердің жұлдызы жарқырай көрініп, мәңгілікке қол жеткізбейтін биікке шарықтап кетсе, бәз біреулері қоламтадағы қызыл шоқтай өз жылуын бойына сақтап маздайды да жатады. Әдеби ортаға есімі соншалықты танымал болмаса да жерлес, әрі жасы үлкен ағам болатын Зядан Қожалымовтың бірнеше кітаптары қолыма тигенде осындай ойда қалдым. Жоғарыдағы қазақтың екінің бірі ақын деген сөзімді осы Зядан ағам тағы да дәлелдей түскендей. Шынында да бұл күндері өлең жазбайтын жандар кемде-кем. Бұл жақсы ма, жаман ба?! Әрине, жақсы. Өйткені, қолына «періште-қаламды» ұстап, қараңғы түндерде шамның жарығынан сәуле іздеп, жыр жазған жаннан кімге жамандық келсін?! Керісінше, жүрегі жаралы жандарға жылы сөзімен дауа іздейді, сауықтырады. Ақындықтың басты парызы да – осы емес пе! Менің басты мақсатым – жерлес, есімі алты алашқа мәшһүр ағамның өзіме жақын қыры – ақындығы жайлы аз-кем сөз қозғамақпын. Бірден айтайын, Зәкең әлде бір қаламдастарымыз секілді ұзақ түнді сарп етіп, саусағын сорып, жыр жазатындар санатынан емес. Ол тек жанын тебіренткен жайттарда ғана қолына қалам алады. Жүрек сырын жыр жолдарымен өрнектейді. Өз жүрегінің дүрсілін, өз оқырмандарына нақты ұсынады. Дәлел керек пе. Онда Зәкеңнің 2012 жылы Алматы қаласындағы «Шалкөде» баспасынан жарық көрген «Ақ гүлім» атты ән-саз және жаңа өлеңдері жинақталған жыр жинағын парақтап көрелік. Аталмыш жинақ белгілі сазгер Темір Тайбековтың: «Зяданға ақ жол тілеймін» атты алғысөзімен ашылған. Сөз жоқ, ақындарға ең ауыры әнге текст өлеңдер жазу екені белгілі. Сазгер ағамыздың айтуынша, Зекең жай ғана ақын емес, осынау әнге сөз жазатын ауыр жанрдың жүгін бір кісідей арқалап жүрген азамат. «Зяданның туындыларының соңылығымен, әуезділігімен, мәңділігімен ел арасында шырқала берері сөзсіз», дейді белгілі сазгер. Айтса айтқандай Зәкеңнің сөзіне жазылған сазгерлердің әндерінің эстрада жұлдыздарының орындауында сахна төрінде шырқалып жүргеніне де 20 жылдың жүзі болды. Тағы бір артықшылығы сазын да, сөзін де өзі өрнектейтін керемет қасиеті де бар. Расында да оның өлеңдерін оқып отырып, әнге сұранып тұрғанын бірден байқайсыз. Аталмыш жинақтағы алғашқы бөлімдегі туындылардың дені осылай көрінді, бізге. Сөйтіп, Зәкең әрі ақын, әрі сазгер. Менің шамалауымша, осы жинаққа кірген-кірмегені бар отыздан астам ән өлеңдері жұртшылық арасына кеңінен тарап кеткен. Айталық, «Халқыма айтар жан сырым», «Ашылсын бағың қазағым», «Тәубеге келу» атты әндері жұртшылық арасында кеңінен орындалып жүр. Белгілі жыршы-термеші Төлеу Қосан, әншілер Эльмира Жаңабергенова, шымкенттік Гүлзина Шорабекова, алматылық Диана Шик, Шарбану Әлмешова, Байдоллақызы Сайран, Тараздық Зәуре Сатыбалдиева, т.б. термешілердің орындауында Зәкеңнің туындылары көпшілік арасында кеңінен насихатталуда. Бұл туралы белгілі ғалым, фил.ғ.д., Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Әнуар Тарақтың пікіріне ризашылықпен қосыласыз. Ол: «Жаны да, тәні де, рухани жағынан кемеліне келген Зядан Қожалымов секілді жаңдардың шығармашылығы халық ортасынан қайнап шыққан «Тас бұлақтың суындай» таза да, мөлдір», – деп жазған еді. Осы ойға сөзсіз келісесіз. Көркем әдебиеттен ауылы алыста жүрсе де ұлтымыздың рухани әлеміне елеулі үлес қосып жүрген оған риза боласыз. Жырларын сүйсіне оқисыз. «Ақ гүлім» атты жинағындағы мына төмендегі жолдар оның туа бітті ақын екендігін айқындай түседі... Бір Алла ғой сезім беріп, жүрегімнен сезгенім, Бар адамға тек жақсылық тілейтұғын қарапайым пендемін. Адасқанды ақ жолға сап, ізгіліктің нұрын сеуіп, Жаратқанның құлы ғой деп мен ешкімді бөлмедім... Шынында да осынау дүрбелең дүниеде біткен бай мен кедейге жіктеліп бара жатқандарға, ақыретті күндерді ойламай, Алла жолынан адасып бара жатқандарға ой салады. Қандай күштің құдіреті, қайтармаған алдымнан, Айналайын демеу болған мені сүйген халқымнан. Киелі рух жебей берсін, жақсылығын дарытып, Айырмасын дінін, тілін өнері мен салтынан. Бұл да бүгінгі күндегі ең өзекті мәселе. Ақын жүрегі оған да алаңдаулы. Ұлы бабалар рухынан жәрдем сұрайды, халқына жақсылық тілейді. Рас, осы жинақтағы жыр жолдарының бәрі дерлік «тайпалған су жорға» деп айтуға келмес. Дегенмен, ақынның адамзатқа деген жан сыры, жүрегінің үні. Ұлы Абай бабамыз да «Тіл өнері дертпен тең» – деп бекер айтты деймісіз. Зәкеңе оңашада қалам алдырып, ой кештіретін де осы дерт, періште сезім. Зәкең ақын сазгер ғана емес, аракідік прозалық туындыларды жазуға да ден қойып жүр. Оның өткен 2013 жылы жоғарыдағы «Шалкөде» баспасынан жарық көрген «Өмірімнің тағдыры» атты кітабы осы ойымызға дәлел бола алады. Кітаптың алғысөзінде көрсетілгендей әлемдегі тылсым дүниедегі болып жатқан құбылыстарды өз жанымен сезген сәттерін көркем тілмен өрнектейді. Сонымен бірге бұл жинақтағы оқырмандарды ойға жетелейтін Зәкеңнің «түйінді ойларын» ерекше атап өткеніміз жөн. Мұнда ақын-сазгер, дінтанушы ғалым ағамыз өз өмірінен туындаған ойларымен сыр бөліседі. «Басына ауыртпашылық түскенде қайғырма қуан. Ол – Жаратушының саған сынағы» немесе «Жалғанды жалпағынан басқандарды, Көрсетті кеудемсіп, асқандарды. Өтуде бұл тірлікте бастан бәрі, Байлықтан басы айналып тасқандарды», – деген жолдар оқырмандарды ойға жетелейді. Қорыта айтқанда, қаламдас әрі жерлес інісі ретінде ақын әрі сазгер Зядан Қожалымов туралы аз-кем айтпағым осы болатын. Жетпістің желкенін керген, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, мәдениеттанушы ғалым, өтейбойдақтанушы «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» президенті, Алматы облысы, Райымбек ауданының құрметті азаматы, Зядан ағамыздың алар асуы биіктей берсін, жақсылық болсын!
Выдающийся организатор Костюкевич Любовь Академик Целитель биокосмоэнергет г. Алматы
Я очень рада что нахожусь здесь. Могу лично выразит уважение и благодарность Зядану кажы за его масштабное мышление, кругозор и за организацию целительства не только в Казахстане но и на международном уровне. Всем здоровья, счастья, благополучия особенно нашему президенту. Всего вам доброго.
Өзбек ағайыннан сәлем Ералжан Тұтқабаев Рухани емші
Құрметті ағайындар! Бүгінде өзінің еңбегі мен ұйымдастыру қабілеті жағынан Қазақстан ғана емес көршілес республикаларға таныла бастаған Зядан қажының еңбектерімен Өзбекстанның ғалымдары мен емшілері де таныс. Бұл еңбектердің маңыздылығын жоғары бағалаған оқырмандар өте көп. Ғалымның еңбектері бір ғана қазақ халқының шипагерлік өнерін зерттеумен қатар, Орта Азиялық халықтардың да шығыстық емдік әдіс-тәсілдерін зерттегендігі өте қуанышты жағдай. Біз ойлаймыз ғалым әлі де талай халық емшілігі саласында жаңа ғылыми еңбектерін көбейте береді демекпіз. Мен Өзбекстандағы ағамыздың еңбектерінің оқырмандары мен емшілерінің атынан торқалы 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Ғылымдағы, өнердегі және халықтың алдындағы абыройыңыз асқақтай берсін!
ірі ұйымдастырушы, әрі ғалым
Қоспанұлы Өскенбек Еңбек ардагері Шымкент қаласы
Зядан қажының қабілеті арта берсін, дені сау болсын. Пәле көрмесін. Алдында ай болсын, төбесінде күн болсын. Халық медицинасының дамуына үлес қосып жүрген халық емшілері, Сіздер де аман болыңыздар. Зәкеңнің 70 жылдық мерейтойы құтты болып, абыройы арта берсін.
ЖЕТПІС ЖАСТЫҢ БЕЛЕСІНДЕ Ермуханова Гүлпара ҚХЕҚ-ның Атырау облыстық филиалының директоры Атырау қаласы
Зиядан қажы ағамыз, ел үшін аянбай еңбек етіп жүрген қоғам қайраткерлерінің бірі. Республикамызда халық емшілігі тәуелсіздік алған кезден бастап қайта жанданғаны белгілі. Бірақ оның бір дегенде бүгінгідей дәрежеге жетуі оңай болмады. Халық емшілігі қызметін заманның талаптарына сай жүргізуге, оның заңнамалық негізін қалауға бірден бір басшылық еткен, қазіргі медицинамен, дәстүрлі медицинаны қатар қолданысқа ие болуына өлшеусіз үлес қосқан, осы жұмыстың ауыртпалығы мен жауапкершілігінің ауыр жүгін көтерген Зядан қажы ағамыз өз заманының білгір ғалымы болып танылды. Халық емшілігін тереңнен зерттеді. ХV ғасырдың ұлы шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегін талдап жазып, бабалар аманатын әлемге танытты. Бұл күнде Зядан қажы ағамыздың зерттеулері қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жарық көріп әлемге әйгілі болды. Оның көрсеткен көмегі мен қамқорлығының арқасында халық емшілері қауым болып бірігіп, өз шаңырақтарының іргесін қалап, дамыған қоғамның рухани саласын байытатын өзіндік бағыт-бағдарын анықтап алды. Бір сөзбен айтқанда, Зядан қажы ағамыз тек жекелеген тұлғаларға емес, тұтастай қоғамның «оң» жолға түсуіне өз үлесін қосқан ғалым адам. Зиядан қажы ағамыз үшін, бүгінде еңбегі жанып, абыройы артып, жетпіс жасының қызығын көрген күн. Отбасының тұтастығы мен беріктігі, балаларының аман-есен ер жетіп, білім алып, ел мүддесіне жетуі – бір төбе болғанмен, Қазақстан Республикасында халық емшілігінің негізін қалап, оның іргетасының нық бекінуі – өз алдына бір төбе екендігі баршамызға аян екені белгілі. Ерекше айтылуға тиіс тағы бір мәселе, бұл күнде емшілік саласының ғылыми негізде дәлелденуіне қол жеткізгені Зядан қажы ағамыздың ерен еңбегінің арқасында. Сондықтан да болар еңбегінің жоғары деңгейде еленуі, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталуы барша халық шипагерлерінің де зор мәртебесі деп білеміз. Зядан қажы ағамыздың еңбегіне тарих куә. Болашақ ұрпақ үшін төзімділік пен табандылық арқасында үлкен белестер мен нәтижелерге жете алатындығын дәлелдеп берген ұлы тұлға. Сол үшін де көпшілік қажы ағамызды мақтан тұтады. Халық емшілерінің Атырау облыстық филиалының ұжымы Зядан қажы ағамызды 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, отбасына амандық, деніне саулық, ұзақ ғұмыр, мол табыс пен жақсылықтар тілейді!
Қауымдастықтың басшылары мен филиалдарының директорлары Конференцияға қатысушылар (Алматы қаласы)
Конференцияға қатысушылар (Алматы облысы) Конференцияға қатысушылар (Астана)
Конференцияға қатысушылар (Ақмола облысы) Конференцияға қатысушылар (Атырау облысы)
Конференцияға қатысушылар (Ақтөбе облысы) Конференцияға қатысушылар (Жамбыл облысы)
Конференцияға қатысушылар (Құлсары қаласы) Конференцияға қатысушылар (Қызылорда облысы)
Конференцияға қатысушылар (Қостанай облысы) Конференцияға қатысушылар (Қарағанды облысы)
Конференцияға қатысушылар (Павлодар облысы) Конференцияға қатысушылар (Петропавл)
| ||
![]() |