өмірімнің шежіресі

10

 главная                                        вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

 

 

ІІІ тарау

 

халықаралық конгрестер мен форумдар және

конференцияларда жасаған баяндамалары

 

 

  

 

 

ДОКЛАД НА I ВСЕМИРНОМ КОНГРЕСЕ

«НЕТРАДИЦИОННЫЙ МЕДИЦИНЫ»

(Крым, г.Гурзув, 2/X-9/ X-1993 г.)

 

Кожалымов З., – Президент Ассоциации народных

                               целителей Республики Казахстан.

                           Народный целитель международной категории

                            г. Гурзув, 7 октябрь 1993 г.

 

РОЛЬ ТВОРЧЕСКОГО НАСЛЕДИЯ КАЗАХСКОЙ

НАРОДНОЙ МЕДИЦИНЫ

В ЕСТЕСТВЕННОМ ЦЕЛИТЕЛЬСТВЕ

 

 Глубоко уважаемые Господа, коллегии!

Общеизвестно, что народная медицина имеет древнейшую историю. Каждый народ имел свои традиции и свои только ведомые способы сохранить здоровье человека. Древняя цивилизация оказала огромное влияние на развитие культуры и медицины народов обширной территоии Казахстана.

Значение древней народной медицины состояло в комплексном воздействии на человека (единство души и тела человека на протяжении всей его жизни – от рождения до смерти) и не только, когда он болен, но и когда здоров. Дело в том, что древняя народная медицина есть органическая часть жизни этно культурной общности, активно участвующая в охране здоровья людей.

Важнейшее значение придается в ней разнообразным приемам личной гигиены, начиная с рождения ребенка: это купние в обычной воде, массаж всего тела с втираньем бараньего курдючного сала от макушки до пальцев ног (особое внимание уделялось подвижности лопаток, позвоночника и всех суставов) и процедуры кормления, закаливания и т.д. важно подчеркнуть, что нормы гигиены и санитарии обязательны были для всех возрастов, как правило, они освящены религиозной системой, закреплены в традициях, верованиях, ритуалах. От их выполнения нередео зависело выживание того или иного народа, племени и т.д. Некоторые древние ритуалы имели магическую оболочку тип разговорами с духами, контакта с тотамом. Наши предки с большим понимание отнеслись к ценностям традиционных культур. Древние целителт стремились не только восстановить равновесие в организме, но и привести его в соответствие с требованием природы, нравственными и духовными принципами жизни пациента.

На протяжении истории человек везде искал пути избавления от состояния испорченности. Грехи, которые человек совершал приводили к заболеваниям различного рода. Исцеление было возможно с помощью религии. Общеизвестно, что все религии стараются уменшить человеческие страдания и вносят совй вклад в развити мировой цивилизации. Все религии мира (буддизм, индуизм, ислам и др.) придумали для людей много способов, как спасти себя. Хотя все эти разнообразные способы отличны друг от друга, их объединяет одно – вера в Бога. В связи с этим наши предки-мусульмане считали, что человек доолжен быть верен всемлгущему АЛЛАХУ-БОГУ и следовать заветам Пророка Мухаммеда, тогда он будет опасен. Многие молитвы, которые находятся в Коране исцеляли больных, страдавших от различных недугов. Целители-люди с повышенной чувствительностью, природно-одаренные, могли настроившись определеным образом, «считывать» информацию в виде зрительных образов, тактильных ощущений и т.п.

Главная особенность древней Казахского народной медицины – целостный сплав различных уровней ее воздействия на больного: лекарственные средства животного происхождения (кожа, шерсть, рога, копыта, мясо, кровь, желчь и др.), лекарственные вещества (металлы-золото, серебро, ртуть, медь, железо, олово., минералы-малахит, жемчуг, коралл, ляпись-лазурь), землистые вещества (глина, горная смола-мумие, разного рода соли и др.), лекарственные растения-деревья, кутарники и травы.

В наших краях народная медицина бурно развивались в срелневековые. Особенно во времена Абу насер аль-Фараби и Абу Али ибн Сина (Авиценна).

В результате многовековой практики целительства как на Востоке, Западе, так и на нашей земле появилось множество различных способов и приемов диагностики, а также лечения. Природно-одаренные люди: ведкны, народные лекари, знахари, костоправы, баксы, тамырши, травники и пр., знали секреты народной медицины.

Конечно, здесь были затронуты лишь некоторые аспекты народной медицины на казахской земле.

Несмотря на всякие запреты, передовалось мудрость народов, воплащенная в искусстве врачевания. К сожалению из-за множества войн проходивших на нашей земле, колониального ига царизма и особенно тоталитарной системы социализма народная медицина была загнана и находилась на грани исчезновения.

– Только лишь с 1991 года после обретения свободы и независимости Республик, стала возраждаться народная медицина в Казахстане. Этому способствовало открытие центра народной медицины и ароведение первой общесоюзной конференции народных целителей, где впервые много (известный целитель Кожалымов З.) провел показательный лечебно-оздоровительный сеанс. После этого был организован комитет по созыву первого съезда народных целителей республики Казахстан, призванный объединять всех целителей и использовать народный опыт врачевания с максимальной пользой.

Ассоциации народных целителей Республики Казахстан создана на I-ом съезде народных целителей Казахстана 22 декабря 1991 года, где и были приняты Устав и Положение. Ассоциация зарегистрирована Министерством Юстиции Республики Казахстан 22 января 1992 года.

Ассоциация, как добровольная общественная благотворительная организация, действует на основании законодательства Республики Казахстана и своего Устава.

Основными целями Ассоциации являются:

– консолидация сил народной медицины в деле духовного и физического оздоровления граждан, гуманное стремление к милосердию и бескорыстию.,

– эффективное использование творческого потенциала целителей народной медицины.,

– содействие в организации духовно-просветительных, учебных, лечебных и оздоровительных центров.,

– защита прав и интересов членов Ассоциации.,

– В соответствии со своими целями, ассоциации осуществляет следующие задачи:

– создание Республиканского духовно-просветительного оздоровительного центра народных целителей.,

– создание и развитие материально-технической, научно-методической, лечебно-сырьевой базы.

Ассоциация содействует изучению и исследованию космических тайн и других сокровищ природно-одаренных людей, а также истории их предков.

Ассоциация, созданная с целью выполнения вышеуказанных задач, достаточно молода, ей всего лишь год и девять месяцев. Одноко, она уже организовала почти во всех областях Республики свои филиалы, объединяет около 4-х тысяч целителей, ясновидцев и прочих природно-одаренных людей. При Ассоциации работает школа повышения квалификации целителей.

Ассоциация активную духовную и просветительскую деятельность. Созданы школы – медресе, где обучаются более 1000 молодых тадантов.

Только за последний год проведены 4 раза семинары и конференции по обмену опытом целителей в деле нравственно-эстетического и духовного воспитания людей. Ассоциация выпускает газету «Халық емі» и сотрудничает с учеными национальной Академии Наук Казахстана. Готовиться издание – энциклопедической книги-справочника народного целительства.

В столице Казахстана г.Алматы выделена земля под строительство «Духовно-оздоровительного и культурного комплекса».

При глубоком анализе среди членов Ассоциации выявлены более 36 групп природно-одаренных людей (ясновидцы, звездочеты, баксы, жаурнышы, кумалакшы и пр.).

Возрождено около 40 различных видов диагностики заболеваний и свыше 50 методов исцеления больных людей.

Члены Ассоциации народных целителей Республики Казахстан принимали активное участие в I-конгрессе «Мир через культуру», проходившем в г.Алматы 18-21.11.1992 г. а также на этой конференции члены Ассоциации «Сары Аулие» (Марат Исембаев) и семья Кожалымовых успешно провели лечебно-оздоровительные сеансы.

Наш народ положительно отзывается о целителях Ассоциации, часть из которыз участвуют на этом конгрессе (З.Кожалымов, К.Алиева, М.Тлендиева, М.Исембаев и др.). У каждого целителя свое предназначение, свои свойства – неповторимые и чудодейственные. Творческое наследие, искусство ичцеления предков сегодня возраждается и продолжает развиваться.

Заканчивания свое выступление разрешите от имени многотысячных членов Ассоциации народных целилетей Республики Казахстан поблагодарить организаторов конгресса за приглашение и пожелать успехов конгрессу в международном сотрудничестве во имя здоровья и мира.

Благодарю за внимания!

 

ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ «ӨТКЕНІ, БҮГІНІ, БОЛАШАҒЫ» АТТЫ I-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСТЕГІ

 қауымдастықтың президенті, академик З.ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ БАЯНДАМАСЫ

(Алматы қаласы, 16-18.09.2004 ж.)

 

Қадірменді конгресс делегаттары!

Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін киелі адамдар бойындағы тылсым күш сырлары иелерін бір ұйымға жинап құпия шежіресін ашуға мүмкіндік туды.

Қазақ даласында халық ішіндегі емшілік өнері жөнінде ұлы ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы т.б. өз еңбектерінде талдап жазып, жеке тұжырымдар жасап, мәңгілік құнды энциклопедиялық еңбектерін қалдырды.

ХV ғасырдың ойшыл ғұламасы, ұлы шипагер ғалымы Ө.Тілеуқабылұлы /1388-1483 жж./ өзінің «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық-медициналық еңбегінде бір ғана емшілік саласын болжамалы және емі дарымды деп екі салаға бөліп, отызға жуық атауға /болжаушы, емші, тамыршы, балшы, жұлдызшы т.б./ бөлді. 1050 түрлі дәрі-дәрмек жасады. 858 түрлі шөптің дәрілік қасиетін, 318 түрлі жан-жануардың мүшесінің дәрілік сипатын және 70-ке жуық металл-металлоидтың емдік сырын ашты. 13 мыңнан аса емдік рецепті жасады. 460-тан аса анатомиялық-физиологиялық терминдік атаулар енгізген. Бірнеше ғылымдардың саласын біріктіре отырып, халық медицинасымен ұштастыра білді. Сөйтіп қазақтың дәстүрлі және дәстүрлі емес халық медицинасының ғылыми негізі мен тұжырымдарын сонау ХV ғасырда жазып, халық медицинасының негізін қалады.

ХХ ғасырда өмір сүрген дәрігер-емші Құртқа баба /1770-1906 жж./ халықтық дәстүрлі емес медицинасын дамытып байыта түсті.

Қазақ халқының кең даласында адамның бойындағы емшілік, бақсылық т.б. қасиеттерді ғылыми негізде зерттеп жазуды ХVІІ-ХVІІІ ғасырда орыстың этнографиялық ғалымдары мен қазақтың ғалымы Шоқан Уәлиханов жүзеге асырды.

Коммунистік идеологияның заманында м.ғ.д.-жазушы Естөре Оразақов, фармоколог-ғалым Сәлкен Суханбердин, дәрігер-жазушы Зейін Шашкин т.б. ғалымдар дәстүрлі емес халық медицинасының дамуына ықпал етті.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының басында Алматы қаласында сол кездегі Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі профессор, м.ғ.д. Сағатулла Қарынбаев Бүкіләлемдік дәстүрлі емес халық медицинасының І-конгресін өткізді. Конгрестің қаулылары мен шешімдері әлем елінде дәстүрлі емес халық медицинасының қалыптасуына жол ашты.

1991 жылдың соңында арнайы тіркеуден өткен Қазақстан халық емшілері қауымдастығы, бірнеше мыңдаған емшілерді бір ортаға топтастырып әрі білімдерін көтеруге ықпал етіп және бойларындағы жеке қасиеттеріне ғылыми негізде зерттеп келеді.

Қауымдастық Республикалық халық медицина орталығымен бірлесе отырып қызметтерін жалғастыруда. Ғылыми-танымдық мақалаларды жариялап және халық емшілігі саласында бірнеше кітаптар шығарылды. «Шипагерлік баян» атты газеті қызмет етуде. Емшілердің ерекшеліктерін анықтауда ғылыми лабораториялар және ғылыми кеңестер жұмыс істеуде.

1990 жылдан бастап халық емшілері бірнеше халықаралық конгрестерге, форумдарға және конференцияларға қатысып, өздерінің теориялық және практикалық білімдерін дамытуда. Медициналық арнайы оқу-құралдарында тарихы жазылмаған халық медицинасының тарихын қалыптастыру оңай болмады. Қазақтың дәстүрлі халық медицинасының тарихын қалыптастыру оңай болмады. Қазақтың дәстүрлі халық медицинасының ХV ғасырда негізі қаланды.

Дегенмен емшілерге мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан ерекше мән берілгенмен, шын мәнінде басқа мемлекеттердегі игілікті ғылыми жұмыстардың нәтижесімен салыстыруға келмейді.

ХХІ ғасыр парапсихология ғылымы ғасыры. Әлемдегі көп елдерде тылсым күштің ғарыштың, табиғаттың және адам бойындағы құпияларды зерттейтін арнайы мемлекет қамқорлығындағы ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелері жұмыс істеуде. Қазақстанда да осындай ғылыми-зерттеу ұйымдарының қажеттігін үкімет басшылары еске алғаны жөн.

Сондықтан, өтіп жатқан халықаралық конгрес әлемдегі барлық тылсым күш иелері мен ғалымдарды біріктіріп, өздерінің ғылыми-теориялық және практикалық тұжырымдарын байытуға және біріктіруге мүмкіндік жасайтынына зор сенім білдіремін.

Ресейдің Қазақстандағы жылына байланысты, өтіп жатқан халықаралық конгрестің қаулылары мен шешімдері әлем елдерінің және Қазақстанның халық медицинасының дамуына өз үлесін қосарына сенімім мол.

Конгресс делегаттарына дендеріне саулық, сапарларына сәттілік және қызметтеріне табыс тілеймін!

Мейірманды тыңдағандарыңызға көп рахмет.

 

 

 

Қазақстан Республикасы «Дәстүрлі емес халық медицинасының» ІI Халықаралық конгресінде қауымдастықтың президенті, академик Зядан қажы Қожалымовтың баяндамасы

(Алматы қаласы, 24.09.2005 ж.)

 

Қадірменді конгреске қатысушылар!

Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін, көне дәуірден бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттардың тектік киелі қасиеттеріне ие ұрпақтарын бір ортаға жинауға және олардың ерекше құпиялары жөнінде ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызды. Ертеден замандарда ашық та, әрі жабық түрде сырқат жандарға өз көмектерін көрсетіп келген емшілер, бақсылар, балгерлер, тәуіптер, көріпкелдер, болжампаздар, жауырыншы, жұлдызшы, сынықшы, діни білімі барлар мен шөп дәрімен емдеушілер тобы өз мүмкіндіктеріне ие болып абыроймен қызметтерін атқаруда.

Бүгінде қазақ елінің емшілерімен басқа да қасиетке ие киелілері өздерінің бойларындағы таза қасиеттерін тек қана сырқат жандардың денсаулығының жақсаруына ғылыми негізде қызмет көрсете бастады. Қауымдастықтың мүшелері мен емшілері 1991 жылдан бері оннан аса халықаралық форумдар мен конгрестерге қатысып, өздерінің білімділігін, тәжірибелігін және мәдени емдеу әдіс-тәсілінде жақсы нәтижелерге жетті. Әртүрлі замандарда заңның қаталдығына қарамастан өркендеп келе жатқан дәстүрлі емес халық медицинасы, бүгінде ғылыми халықтық медицинаға айналуда. Қазақ даласында емшілік өнеріне ертеден-ақ ұлы ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, т.б. өз еңбектерінде емшілік саласындағы этникалық ұлттық ерекшеліктерді талдап жазып өздерінің медициналық энциклопедиялық еңбектерін қалдырды.

XV ғасырдың дала ғұламасы, ғалым, ұлы шипагер Ө.Тілеуқабылұлының медициналық әрі гуманитарлық ғылымдардың басын қосқан «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық еңбегі қазақтың дәстүрлі емес халық медицинасының негізін ғылыми медицинаға айналдырғандығын бүгінде көптеген мемлекеттердің ғалымдары мен зерттеушілері өздерінің оң бағаларын беруде.

XVII-XVIII ғасырда орыс офицері, географ Н.П.Рычков, дәрігер С. Большой, XIX ғасырда генерал-майор В.Б.Броневский, саяхатшы А.И.Левшин, штабс-лекарь С.А.Яроцкий, әскери дәрігер А.Ягмин және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов т.б. зерттеушілер, қазақ халқының емшілігі жөнінде жазба деректерін қалдырды.

Қазақтың оқымысты ғалымы Әміре Айбақын XIX ғасырдың аяғында қымыздың туберкулезге емдік қасиетін анықтады. XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген әскери-дәрігер емші Құртқа баба (1770-1906 жж.) халықтық дәстүрлі емес медицинасынын дамытып, оның ғылыми медицинамен арақатынасын жақындатты.

XX ғасырда дәрігер-жазушы З.Шашкин қымыздың қасиетін зерттей түсті. Ғалым жазушы Естөре Оразақов, шөп дәрімен емдеуші ғалымдар Қожабеков, Сәлкен Суханбердин, т.б. ғалымдар дәстүрлі емес халық медицинасының дамуына жол ашып, оның өркендеуіне үлестерін қосты.

XX ғасырдың 60 жылдардың басында Алматы қаласында сол кездегі Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі м.ғ.д., профессор Сағиғатулла Қарынбаев Бүкіләлемдік дәстүрлі емес халық медицнасының I-конгресін өткізді.

Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласында дәстүрлі емес (1961) халық медицинасы мен ғылыми медицинаның (1978) I-Халықаралық конгрестері  өткенін ескерсек, Алматы қаласы әлемде осы екі саланың «Алтын ордасына» айналғаны бізді қуантады. Қазақ елінде халықтық және ғылыми медицина туралы қабылданған қаулылыар әлемдік медицинаның дамуына негіз болды.

1991 жылдың желтоқсанында құрылған ҚХЕҚ бүгінде өз құрамында 25 облыстық және қалалық филиалдары жұмыс істеуде. Қауымдастықта халықаралық, Ресей және Қазақстанның қоғамдық академиясының 13 академигі, 58 ҚР «Құрметті халық емшісі» 9 «Құрметті халық емшісі», 9 «Шығыс медицинасының магистрі», 7 «Әлемдік рухани емші», 23 «III мыңжылдықтың үздік емшісі» 125 ҚХЕҚ «Құрметті мүшесі» және 200-ден астам көптеген медальдар мен құрмет грамотасымен марапатталған емшілер өз қызметтерін абыроймен атқаруда.

Қауымдастықтың халық емшілерінің білімін көтеру мен жетілдіру көп салалы мамандық мектебі мен «Шипагерлік баян» газеті және «Шалкөде» баспасы өз қызметтерін жалғастыруда.

Қауымдастықтың ғылыми жұмыстары көп салалы ғылымдармен бірлесіп емшілердің тектік қасиетінің 30-дан астам түрін сырқатты анықтаудың 40-тан аса түрін және емдеу әдіс-тәсілінің 40-қа жуық түрін анықтап ғылыми тұжырымдар жасап жүзеге асыруда. Халық емшілігі құпиялары жөнінде 10-нан астам (150 баспа табақ) кітаптар шығарылды. 400-ге жуық ғылыми танымдық және рухани тәрбиелік мақалалар баспасөзде  жарияланды. Теледидар мен радио тораптарында 450-ден аса сұхбаттар өткізілді. Қауымдастықтың емшілері 2004 жылдың қыркүйек айының 16-18 жұлдызында Алматыда өткен Халық медицинасының конгресіне ұйымшылықпен қатысып, қауымдастықтың абыройын арттыра білді. Бүгінде қауымдастық өз қызметін ҚР денсаулық сақтау министрлігі берген лицензия арқылы жүзеге асыруда.

Дегенмен емшілерге мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан ерекше мән берілгенмен, шын мәнінде игілікті ғылыми жұмыстардың жүзеге асуына тұрақты мекенжайдың жоқтығы кері әсерін тигізуде.

XXI ғасыр парапсихология ғылымы ғасыры. Әлемдегі көп елдерде тылсым күштің, ғарыштың, табиғаттың және адам бойындағы құпияларды зерттейтін парапсихология ғылымы бойынша арнайы мемлекет қамқорлығындағы ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелері жұмыс істеуде. Қазақстанда осындай ғылыми-зерттеу ұйымдарының қажеттілігін үкімет басшылары еске алғаны жөн. Сондықтан, өтіп жатқан халықаралық конгресс әлемдегі барлық тылсым күш иелері мен ғалымдарды біріктіріп, өздерінің ғылыми-теориялық және практикалық тұжырымдарын байытуға және біріктіруге  мүмкіндік жасайтынына зор сенім білдіремін.

Конгреске қатысушыларға дендеріне саулық, сапарларына сәттілік және қызметтеріне табыс тілеймін!

Мейірманды тыңдағандарыңызға көп рахмет!

 

Қазақстан Республикасы «Халық медицинасындағы Бақсылық өнері» атты

ІІІ - Халықаралық форумында қауымдастықтың президенті, академик Зядан қажы Қожалымовтың Баяндамасы

(Алматы қаласы, 22.07.2006 ж.)

 

Елімізде ғылыми бағытта әр түрлі тәсілдегі халықтық емдеу әдістерінің дамуына жаңа жол ашылды.

Қазақстан Республикасының халық медицинасының бір саласы бақсылық өнері ертеден бүгінгі ғылыми, діни және жеке теріс көзқарастардың қарсы әрекеттеріне қарамастан, ол адамзаттың барлық өмірінде өзінің қызметін жалғастыруда.

Бақсы – жоғары сезімталдыққа ие ғарыштық құпия күштермен тікелей байланысы бар көріпкелдік, жұлдызнамалық, телепатиялық, болжампаздық және ақындық қасиеттерімен бірге, сынықшылық, композиторлық әрі орындаушылық ерекшелікке ие тұлға.

Бақсылық тарихы бақсылардың атасы жоғары дарынды және көптеген құпиялық құбылыстардың иесі, VIII ғасырда өмір сүрген Қорқыт атадан басталады.

Қорқыт ата – бақсылықтың құпия құбылыстарының негізін қалаушы әрі дәлелдеуші.

Бақсы – өз уағында құрметті, ақылды және сырқат жандарды ауруынан құтқарушы ретінде бағаланды. Адамзат өркендеу кезеңдері бақсыларды өзінің ортасынан шеттетіп қана қалмастан, оларға билеушілер тарапынан қатал жазалар қолданылып, ұрпақтарына дейін жойып жіберді және ашық түрде бақсылар қасиетіне сенбеу туралы халыққа қатал ескертулер таратылды.

Бақсылар – өзінің емдік сеанстарында қобыз, домбыра және тағы басқа музыкалық құралдарды пайдаланады. Сондай-ақ, өзінің жеке мақсаттарына жету үшін әрі сырқат жанның денесіндегі ауруының “Зұлым рухтарын” шығаруға асатаяқ, қамшы, пышақ, қанжар, темір, т.б. құралдарды пайдаланады. Бақсылар “Зұлым рухтар” қатарына албасты, көңаяқ, жезтырнақ, сөрел, орман перісі, жын және шайтандарды ауруды туғызушы ретінде санаған. Бұларды сырқат иесінің денесінен қуып шығу үшін зікір салып, Алладан көмек сұраған.

Бақсылардың өзіндік әуені, үндік ырғағы мен сазы болады. Олар кейде түсініксіз сарындар арқылы әндете кетеді. 

Қазақтың бақсылық өнерін зерделеу XVII ғасырдан басталады. Қазақтың ғалым-жазушылары Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамбетұлы, Ә.Қоңыратбаев және орыс ғалымдары бақсылық өнері жөнінде жазба деректер қалдырды. Музыка зерттеушісі Б.Г.Ерзакович бақсы әні сарынын нотаға түсірді. Тарихта аттары аталған “Ұлы бақсы” – Қара бақсы (VI-VII), Тіней бақсы, Асфандияр бақсы, Ізтілеу бақсы, Дархан бақсы, Әбу бақсы, Әжібай бақсы, Кенжебай бақсы, Дәулет бақсы, Омар бақсы, Ноғайбай бақсы, Сыламбек бақсы, Шақар бақсы, Әукен бақсы, Бекберген бақсы, Малбике бақсы, Салтық бақсы, Қара қыпшақ Қобыланды бақсы (батыр емес), Ырғызбай бақсы, Жамансарт бақсы, Берікбол бақсы, Арғын Досмырза бақсы және “Бақсылардың бас бақсысы” Қойлыбай бақсы бақсылық өнерінің қайта келмес зор тұлғаларына айналды. Бүгінде, қауымдастықпен тікелей байланыста болған Нарынқолдықтар Тілеген бақсы, Қырғызбай бақсы, Қали молда бақсы (марқұмдар) және Саржаздық Машуровтар - Оразақын бақсы, Сатқынбай бақсы, Алматылық Айтқұрман бақсы, Несіпкүл бақсы, Мұрат бақсы, Нұрбақыт бақсы, Астаналық Қантай бақсы, Талдықорғандық Құмар бақсы, Павлодарлық Қуат бақсы, ОҚО-дық Қатша бақсы, Ғазиза бақсы, Қарашаш бақсы, Қарағандылық Бекмұрат бақсы т.б. бақсылардың жеке шеберлік сеанстарын халық біледі.

Әлемде көп жүйелі “Бақсылық өнерінің” жеке керемет құбылыстарының құпиясы әлі де толық ашылмай келеді.

Біз өз бағытымыздың негізгі мақсаттары бойынша дарынды адамдардың ішіндегі бақсылықтың белгісіз құпиялық құбылыстарын зерттеуге міндеттіміз. 

Осы форум жоғарғы сезімталдық дарынға ие адамдардың басын біріктіріп, әр елдегі ғалымдар мен емші-бақсылардың құпия ілімін ғылыми теориялық және тәжірибелік анықтамаларға жеткізуге ықпал ететініне сенім білдіремін.

Біз форумның қаулылары мен материалдары әлем елідері мен Қазақстанда халық медицинасының “Бақсылық өнеріне” жаңа жол ашатынына сенім артамыз.

Форумға қатысушыларға дендеріне саулық, қызметтеріне табыс тілеймін.

Көп рахмет!

 

Доклад президента АНЦК, Академик

З. Кожалымова на I-Международном форуме

Искусство Баксы в народной медицине РК

 

В стране открыть новые пути для развития по научным направлениям различных народных лечебных способности. В народный медицины Республики Казахстан в том, числе «Искусство баксы» не смотря некоторых научных, духовных и личных взгляды оно продолжает свои тайные способности по всем человеческим жизни.

Баксы – это высокий одаренный люди имеющееся контакт с космическим силой и обладающие ясновидением, астрологические, телепатические, предсказывающие, гадающие и поэтические способности а также, умеющие костаправтические, композиторические и исполнительнические особенности. Баксы – целитель и травник.

В истории Баксы начинается с прожившего VIII века великого одаренного человека который имеющий и обладающий многие способности Коркыт ата. Коркыт ата – главный создатель и доказывающий тайны явление Баксы.

Баксы – своевременно был самым уважаемым, умным и спасителем жизни от болезни своего рода и народа. В связи вековой изменению и развитие человеческое жизни отстранили Баксы от среды  и наказывали, уничтожали даже их  поколении и откровенно информировали не доверья  их одаренности.

Баксы – во время исполнения лечебного сеанса играет на  музыкальных инструментах кобуз, домбра и другие. А также, дополнительно использует для достижение своего целя и уничтожение «Злые духи» от тело больного человека Асатаяк, камшы, нож, канжар, железы и другие предметы.

Исследования «Искусство баксы» в народной медицине казахского народа начинается с начала XVII века. Казахский ученые Чокан Валиханов, А.Маргулан, М.Ауэзов, С.Муканов, А.Диваев, К.Жубанов, С.Сейфуллин, А.Байтурсынов, М.Жумабаев, Х.Досмухамбетулы, А.Коныратбаев и русские ученые вели обследование и записи про Баксы.Музыковед Б.Г.Ерзакович своевременно расшифровал на ноту музыку песни Баксы. Известные казахские Баксы Тиней баксы, Асфандияр баксы, Абу баксы, Дархан баксы, Изтилеу баксы, Ажибай баксы, Кенжебай баксы, Даулет баксы, Омар баксы, Ногайбай баксы, Сыламбек баксы, Шакар баксы, Бекберген баксы, Малбике баксы, Салтык баксы,  Кара кыпшак Кобыланды баксы (не батыр Кобыланды), Ыргызбай баксы, Жамансарт баксы, Берикбол баксы, Аргын Досмырза баксы и великий баксы Койлыбай баксы оставили в истории Баксы величащееся положительные магические своих тайных явлении. Мы в этом форуме увидим мастерские сеансы Баксы ассоциации Саткынбай баксы, Айткурман баксы, Кантай баксы, Куат баксы, Мурат баксы, Хатша баксы, Несіпкүл баксы, Қарашаш баксы, Ғазиза бақсы, Нурбакыт баксы и другие.

Имеющееся одаренности много векторные и направленности «Искусство баксы» до сих пор неоткрыл личные тайности в мире. Мы по своей линии обязаны изучать и оценить космические и человеческие одаренное тайности  в том, числе неизвестные явление Баксы.

Мы считаем, что настоящий форум откроет новые направление для объединению высоко чувствительных одаренных людей и прогрессивных сил общества, обмену знаниями между учеными и целителями - баксы различных стран а так же, объединению научно- теоретических и практических исследований «Искусство баксы» в народный медицине.

Мы считаем, что материалы и постановления данного Форума откроют новые пути для изучение и обследование тайны явлении баксы в народный медицины Мира и Казахстана.

Желаю всем участникам Форума отличного здоровья и успехов в деятельности.

Спасибо за внимание!

 

«Қазақстан мен Орталық Азиядағы халық медицинасының өркендеуі» атты

IV-Халықаралық конгресінде қауымдастықтың президенті, академик Зядан қажы

Қожалымовтың БАЯНДАМАСЫ

(Шымкент қаласы, 26.07.2007 ж.)

 

Құрметті конгреске қатысушылар! Қадірменді меймандар!

Қазақстан мен Орталық Азиядағы халық медицинасының өркендеуіне мән берсек, олардың бәрі бір деңгейде дамымағандығы белгілі. Кеңес заманындағы тарихи мұрағаттарды ақтарғанда қазақ халқының халық медицинасы жөнінде ешқандай маңызды мәлімет кездеспегеніне қарамастан, бүгінде Елбасының халық емшілеріне рахымды кеңшілігінің нәтижесінде олардың бойларындағы тылсым құпия сырларын ашу мен зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады.

Ғасырлар бойы ел арасында ашық та, әрі жабық түрде сырқат жандарға өз көмектерін көрсетіп келген емшілер, бақсылар, балгерлер, тәуіптер, көріпкелдер, болжампаздар, жауырыншы, жұлдызшы, тамыршы, сынықшы, діни білімі барлар мен шөп дәрімен емдеушілер тобы өз мүмкіндіктеріне ие болып абыроймен қызметтерін атқаруда. Сондықтан, ерте заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттардың ата-бабаларының тектік киелі қасиеттері қонған ұрпақтарын бір ортаға жинауға және олардың ерекше тылсым құпиялары жөнінде ғылыми жағынан ғалымдарымыздың зерттеп өз тұжырымдарын беруіне мүмкіндік туды.

Қауымдастық 2004-2006 жылдары Алматы қаласында /16-18.09. 2004, 24-26.09. 2005 және 22-24. 07. 2006/  ҚР халық медицинасының “ Өткені, бүгіні, болашағы”, «Дәстүрлі емес халық медицинасы», «Бақсылық өнері» атты Халықаралық конгрестерін өткізіп, жақсы нәтижелерге жеткендігін конгреске қатысушылар алдында қуанышпен айта аламыз. Орталық Азия халықтарынан көптеген ғылымдардың ғұламалары шыққан. Соның ішінде медицина саласы бойынша шыққан ғұлама ғалым Ибн Синаның (980-1037жж.) «Медицина ғылымының заңдары» атты дәрігерлік әрі емдік, денсаулық сақтау еңбегін бүкіл әлем халқы құрметпен қабылдаған. Ал, аспан әлемінің ғылымын зерттеген ғалым Ұлықбектің еңбегі астраномия ғылымына алғаш жол ашты.

Қазақ даласында емшілік өнерін зерттеумен айналысқан, ұлы ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Құртқа тәуіп, т.б. өз еңбектерінде медициналық-емшілік саласындағы этникалық ұлттық ерекшеліктерді талдап жазып, өздерінің медициналық энциклопедиялық еңбектерін қалдырды. Әртүрлі замандарда заңның қаталдығына қарамастан, өркендеп келе жатқан дәстүрлі емес халық медицинасы бүгінде нағыз ғылыми халықтық медицинаға айналуда. XV ғасырдың дала ғұламасы, ғалым-шипагер Ө. Тілеуқабылұлының медициналық әрі гуманитарлық ғылымдардың басын қосқан “Шипагерлік баян” атты энциклопедиялық еңбегі, қазақтың дәстүрлі емес халық медицинасының негізін ғылыми медицинаға айналдырғандығын бүгінде көптеген мемлекеттердің ғалымдары мен зерттеушілері өздерінің оң бағаларын беруде.

XVII-XVIII ғасырда орыс офицері, географ Н.П.Рычков, дәрігер С.Большой, ХІХ ғасырда генерал-майор В.Б.Броневский, саяхатшы А.И.Левшин, штабс-лекарь С.А.Яроцкий, әскери дәрігер А.Ягмин және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов т.б. зерттеушілер, қазақ халқының емшілігі жөнінде жазба деректерін қалдырды.

Қазақтың оқымысты ғалымы Әміре Айтбақын ХІХ ғасырдың аяғында тағамдық емдік ерекшеліктеріне көңіл бөліп, қымыздың туберкулезге емдік қасиетін  анықтады.

XVIII-ХІХ ғасырда өмір сүрген /136 жас жасаған/ әскери дәрігер – емші Құртқа тәуіп (1770 – 1906 ж.ж.) халықтық дәстүрлі емес медицинасы негізін байытып, оның ғылыми медицинамен арақатынасын жақындатты.

ХХ ғасырда дәрігер-жазушы З.Шашкин қымыздың емдік қасиетін зерттей түсті. Ғалым-жазушы Естөре Оразақов, шөп дәрімен емдеуші  ғалымдар Қожабеков, Сәлкен Суханбердин т.б. ғалымдар дәстүрлі емес халық медицинасының дамуына жол ашып, оның өркендеуіне үлестерін қосқан еді. ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында Алматы қаласында сол кездегі Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі, м.ғ.д., профессор Сағиғатулла Қарынбаев Бүкіләлемдік дәстүрлі емес халық медицинасының I-конгресін өткізді. Конгрестің хаттамалары мен шешімдері әлем елдерінде дәстүрлі емес халық медицинасының қалыптасуына жол ашты.

Ғалым-емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” еңбегін қазақ ғалымдары ҚазҰУ-нің профессорлары Қ. Жарықбаев, Ж.Молдабеков, ҚазҰМУ-нің профессорлары Т.Момынов, Ә.Нұрмұханбетұлы, А.Рақышев, Ш.Абдуллаев, Ә.Есенқұлов, А.Жақанов, Керімбектің Ермаханы, доцент Ә.Өмешұлы. Қаз.Гумиль.ҰУ-ің профессорлары М.Жолдасбеков, Д.Мәсімханов, ШМУ-дің профессоры Т.Әлсатов және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халық медицинасы орталығының тұңғыш бас дәрігері, доцент Т.Төлендиев, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, ғалым Зядан Қожалымов т.б қазақ ғалымдары зерттеп, зерделеп жеке ғылыми тұжырымдарын өз еңбектерінде жазып және баспасөз беттерінде жариялауда.

1991 жылдың желтоқсанында құрылған ҚХЕҚ бүгінде өз құрамында 32 облыстық және қалалық филиалдары жұмыс істеуде. Қауымдастықта Халықаралық, Ресей және Қазақстанның қоғамдық академияларының 42 академигі, 44 ҚР “Құрметті халық емшісі”, 13 “Шығыс медицинасының магистрі”, 33 Ресей мен Қазақстанның халық медицинасы мен ғарыштыққуат және Хиллер магистрі, 20 “Әлемдік және Қазақстанның рухани емшісі”, 25 “ІІІ-мыңжылдықтың үздік емшісі”, 139 ҚХЕҚ “Құрметті мүшесі” және 240-тан аса көптеген медальдар мен құрмет грамотасымен марапатталғандар өз қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

Қауымдастықтың  халық емшілерінің білімін көтеру мен жетілдіру жөніндегі көп салалы мамандық мектебі өз жұмысын жалғастыруда. “Шипагерлік баян” газеті халық медицинасы, дін, халық емі, рухани тәрбие саласындағы мақалалары арқылы оқырмандардан жақсы бағасын алуда.

Қауымдастықтың жанындағы ғылыми кеңес дәстүрлі емес халық медицинасының нағыз ғылыми негізде жүйеге түсуіне жақсы ықпал етуде. Халық медицинасының тарихы жөнінде 220 баспа табақтай, жиырмадан аса кітаптар қауымдастықтың «Шалкөде» баспасынан басылып шықты. Көне халықтық дәстүрлі емес медицинаның өзіндік ерекшеліктері жүйеленіп оны ғылыми негізде сараптауға әрі пайдалануға жұмыс жүргізілуде.

Қауымдастық Төралқасының іс-жоспарлары бойынша игілікті атқарылған істердің көптігіне қарамастан, әлі де халық емшілігінің ашылмаған сырларын ғылыми негізде дамытуда, емшілік психологиясы мен философиясын өркендетуде қауымдастықтың ғалымдары киелі, тектік қасиеттің “өшкен отын жандырып, өлген мұрасын тірілтуде» әлі де талай жақсы еңбектері мен жеке үлестерін қосатынына кәміл сенуге болады.

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Жарғылық баптарына сәйкес тылсым құпия сырларын жүйелі зерттеулер жалғаса бермек. Бұл конгресс жоғары сезімталдық құпиялық дарынға ие емшілер мен халық медицинасын зерттеуші Қазақстан мен шет ел ғалымдарының өзара қатынасын жақсартып оның ғылыми теориялық және тәжірибелік жағынан дамуына зор пайдасы боларына сенім артамын. Қазақстанда өткізіліп отырған «Орталық Азия мен Қазақстандағы халық медицинасының өркендеуі» атты конгресі осы аймақтағы дарындылардың ынтымақтасып, бірлесіп, өзара түсінісіп, жақсы қатынастар орнататындықтарына сенемін.

Конгреске қатысушыларға сапарларыңызға сәттілік, дендеріңізге саулық, ниеттеріңізге адалдық тілеймін!

Көп рахмет!

 

 

 

 1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

в начало