өмірімнің шежіресі

13

 главная                                        вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

 

«РУХАНИ ЖӘНЕ МУЗЫКАЛЫҚ ШИПАГЕРЛІК»

 атты VII-Халықаралық конгресінде ұйымдастыру комитетінің төрағасы, қауымдастықтың президенті, академик Зядан Қожалымовтың

БАЯНДАМАСЫ

(Астана, 24.07.2010 ж.)

 

Құрметті конгреске қатысушылар!

Қадірменді меймандар! 

Бүгінде әлемдік ғылыми медицинаның бір саласы дәстүрлі халық медицинасының емдік әдіс-тәсілдерінің ең пайдалы және шипалылығы жоғары түрлері кең көлемде жалпы емдік жүйеге енгізілуде. Осы саланың бір тармағына бүгінгі конгрестің негізгі тақырыбы «Рухани және музыкалық шипагерлік» те жатады. Адамның рухани танымы мен сезімін оятуда, Жаратушыға деген  иман келтіруін тұрақтандыру мен дене сырқатына шипалық ем жасауда рухани – дұғалық шипаның маңызы арта бастады. Атеистік сенімнің жойылуы әр түрлі діндегі адамдардың Құдайға сенімін, олардың сырқаттарын жоюға арналған діни дұғалық емге деген талаптарын арттырып, рухани дұғалық шипа саласы қызметін дамытуда. Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.ғ.с.)  хадистерінде  сырқатқа шипа сенім арқылы Алладан  болатынын айтқан. Бұл рухани шипагерліктің таза сенім, өзін-өзі иландыру арқылы жүзеге асатын шипалық ем екенін айқындайды. Адамның сенімі мен танымының жақсы нәтижелері оның санасына ғана әсер етіп қалмастан, ішкі рухани сезімінде зор өзгерісті тудыра  алады. Рухани шипагерліктің негізі осы тану мен сену және сезу мен қабылдау жүйесі бойынша орындалатын, өзіңді-өзіңе иландыру арқылы ойша іске асырылатын, сананы дамыта отырып, денсаулықты жақсартудың шипалық жолы. Рухани шипагерлік жүйесіне Құран дұғаларымен емдеу, медитациялық әдіс-тәсілді пайдалану, өзін-өзі иландыру және жоғарғы Жаратушыдан көмек сұрау байланысы арқылы т.б. әдіс-тәсілдерді жатқызуға болады. Мәскеуде шыққан Халық медицинасының толық энциклопедиясында: «Дұғаның маңызы зор. Ол адамның рухын өмірдің ең биік қайнар көзімен байланыс жасауға әсер етеді. Дұғаның ең қажеттілігі сол, ол Жоғарғы жаратушымен оның арасын жақындатады. Дұға жолы өте жауапты да...», - деген анықтама беріледі. Бұл анықтамада сенім мен сендірудің немесе шипагер мен емделушінің ара қатынасындағы сенімділік ғана рухани емнің нәтижесі екенін көрсетеді. Қасиетті Құран дұғаларын оқып сырқат адамның денесіне дем салғанда немесе белгілі заттарды дұға күшімен магниттеп пайдалануда дұғаның оң қуаттық әсерлік күшінің барлығы сезіледі де, дененің сырқат мүшесінің оңалуға қарай көрініс беретіндігі бүгінде халықтық және ғылыми шипагерлік саласында нақты нәтижесін көрсетуде, Құран дұғаларын оқығанда оның үндік ырғағына, естілуінің жіңішке, жоғары немесе бір қалыптылығына қарай пайда болатын оң қуаттық өрістің аумақтық әсерлік күші де әр түрлі болады. Құран дұғаларын дауыстап оқығанда  дыбыс үнінің жоғары тондылығы мен жүйкеге жақсы жұғымды әсерінен, жүйкеде тебіреністі ырғақты жүйкелік ауытқулар әсерінен қозғалыстық өзгерістер болатыны, денеде сергектік сезіліп,  сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, ұйқысы жақсарып, асқа деген тәбеті артатыны анықталғаны белгілі болған. Шипагерлердің биоқуаттық өрісінің өлшемдері де әр түрлі болады.

Мәселе, дұғаны оқып шипасын пайдаланумен қатар, оның емдік кілтінің пайдалану негізін бұрынғы діни ғұламалар білген. Осы мақсатта Құран дұғаларының емдік шипалық қасиетін арнайы сандық құпиясы бойынша пайдаланатын рухани шипагерлік жүйесі де іске аса бастады. Барлық әліпбидің әріптері белгілі бір қуатты бойына жинақтаған. Бұл Жаратушыға ғана аян. Бұл өте күрделі әрі жауапты емдік рухани шипалыққа жатады. Сандардың жұмбақ мағынасы  да бір Аллаға ғана белгілі. Бұл жүйені «АБЖАД» немесе барлық ілім кілті жүйесі дейді. Қазақ елінде алғаш «Абжад» ілімін зерттеп арнайы «Абай және әл-Фараби» кітабын жазған шығыстанушы ғалым, профессор Ақжан Машанов болатын.

 А.Машанов өз уағында «Абжад» ілімін меңгерген діни маман жоқтығын айтқан-ды. Дегенмен, бұл ілімді пайдалануда діни сауаттылық қажет болғандықтан күрделі әрі жауапты.

Шипагерлердің діни сауаттары мен шипалық емдік стилдерінің білімділігіне қарай, жеке шипагерлер емдерінің емдік әсері қысқа, орташа немесе ұзақтау болып сырқатқа әсер етеді. Діни жолмен дұғалық шипалықты тәжірибеден өткізген нәтижелерге  сүйенсек, биоқуаттық өрісі өте күшті шипагерлердің алғашқы сеансында сырқаттың кері қайтуына әсері белгілі болды. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы орталығында рухани шипагерлік саласының ғылыми негізі зерттеліп, ғалымдардың пікірлері негізінде емдік жүйеге енгізілді. Ал, «Рухани емшілік ғаламаты» шипалық кітабы (авт. З.Қ., Алматы 2006) осы саланы өркендетудің алғашқы негізгі оқулығына айналды.

Рухани шипагерліктің әр түрлілігіне қарамастан, оның адам денсаулығын қорғауға, сырқатын емдеп жазуға пайдасы зор екендігін және соның ішінде сөз терапиясының өте маңыздылығы алғашқы емдік жүйенің басталуына пайдалы әсері мен болашағының барына күмәндануға болмайды. Рухани шипагерлік енді ғана қанатын жая бастады, өрісі кеңеюде, алда берері де мол боларына сеніммен қарайық!

Халық шипагерлігінде сырқатты түріне қарай оны емдеп жазуда  музыка мен ән-күйдің көмегін пайдалану тәсілдері ертеден қалыптасқаны белгілі. Ата-бабаларымыз ертеден-ақ музыка өнерінің  тозған, шаршаған жүйке талшықтарына қозғау салып, жан бітіретін күшке ие екендігін білген. Бұл әдісті одан ары дамыту жолдары бүгінде көптеген елдер мен қазақ елінде де ғалым дәрігерлер мен шипагерлер тарапынан қолданысқа еніп, оң нәтижесін беруде. Кез-келген адамның көңіл-күйін бір қалыпты ұстауына дыбыстық үн әсері психологиялық жақтан ауытқуға ұшырай бастаған жүйке-жұлындарының бір қалыпқа келуіне, тербелістік үндік толқындардың тигізер емдік шипасын осы заманғы медицинада пайдалануда. Музыка мен ән-күй құрамында химиялық уы болмайтын, адамның тәнін уламайтын, жанына рахат сезімін тудыратын, психологиялық әсері күшті таза мөлдір дәрі екенін, мен өзімнің жиырма жылға жуық шипагерлік қызметімде тәжірибеден өткізіп, оң әсерін анықтай алдым. Мұндай анықтамаларды шипагерге емделушілердің өздері бергендігін, шипагердің пікір мен ұсыныс журналдарына қалдырған ықыласты пікірлерінен байқауға болады. Көптеген сырқат адамдар өздерінің сырқаттарынан музыка мен ән-күйдің әсерінен кейін оңала бастағанын және көңіл-күйлерінің  жақсара бастағанын сезген. Қытай, Үнді, Египет, Греция, Франция,  т.б. елдердің дәрігерлері мен емшілері, философтары мен музыканттары музыка мен биді сырқатты емдеуге пайдаланған. Сиқырлы қобыз сарыны, күмбірлеген домбыра үні, сызыла шыққан сыбызғы үні т.б. аспаптарда ойналатын музыкалық туындылардың адам организміне әсер етуі де әр түрлі болғанымен, жалпы психологиялық емдік сипаттарында емдік шипалық қасиеттері барын аңғаруға болады. Мәселен, ежелгі грек философы Пифагор музыканың адам ағзасына, көңіл-күйіне қалай әсер ететіні туралы ғылыми анықтама берген. Бүгінде адам мұңайғанда, қайғырғанда, қажығанда ән мен күй оның ауыр жағдайынан шығуына немесе ауытқыған қуатын бір қалыпты жағдайға келуіне көмектесетінін тәжірибен көріп жүрміз. Әлемдегі кейбір білімді адамдар мен дәрігерлер де музыканың үнімен көп нәрселердің шешімін тапқаны жөнінде баспасөзде жазылып келеді. Пифагор, Гомер мен Госиоданың жырларын адамның жан-дүниесін емдеуге қолданған.  Кез келген ән мен күйдің өзіндік ерекше мәні бар ырғағы болғандықтан, оның мәнділігі оны халыққа жеткізетін әнші мен күйшінің орындау қабілетіне байланысты әсері де әр түрлі болады. Жеке дыбыстық қарыптарды да мәнерлеп оқығанда  әр түрлі ауруларға шипасы бары іс жүзінде тәжірибеден өткізіліп келеді. Дыбыстың шипалық емдік әсері оның негізгі принциптері резонансына, ритміне, үндік мелодиясына, гармониясына, дыбыстың  ауқымдығына, тембріне, ағыны мен толқынды тиянақтылығына және дыбыстың қуаттылығына байланысты екені зерттеушілер тарапынан ғылыми түрде зерттеліп, тұжырымдамалар жасалуда. Адамның психологиясына тербелістік жүйе бойынша өте нәзіктікпен әсер етіп, тұйықтықтан еркін шығаратын музыкалық толқынның үндік емдік сипаты өркендеп келеді. Бірақ, әр адамның өзіндік жеке психологиясына, сырқатына, әлеуметтік жағдайына және қоғамдық ортасына қарай әр түрлі музыканың әсері де өзгеше болатыны анықталуда. Мәселен: біреулердің жүйкесін күй, ән немесе эстрада әндері қозғаса, ал симфония мен баяу әндер көңілді жайландырады немесе, керісінше, әсер ететінін науқастардың өздері байқаған. Жан-дүниені тербейтін өте әсерлі тербелістік ұнамды музыка ғарыштық жүйемен үндесе отырып, адамның және жануарлар мен тірі организмдердің де жүйелі дамуына әсері барын халық та және ғалымдар да ертеден бақылап біліп отырған.  

Музыка дыбысы арқылы жемістердің, көкөністердің тез өскені, пісу уақыты қысқарып, өнімі отыз пайызға артқаны әсіресе классикалық әуендердің жағымды әсерінің күштілігі байқалған. Музыкалық дыбыстың кері әсерінен жаңбыр жауатынын Қытайдың бір таулы аймағында анықтаған. Қазақ елінде алғаш өлеңмен емдеу ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдардың басында басталды.

Дегенмен, адамның психологиясына тербелістік жүйе бойынша  өте нәзіктікпен әсер етіп, тұйықтықтан еркін шығаратын музыкалық толқынның үндік емдік сипаты өркендей бастады. Исламда да музыканың өте жағымды, адамға қуат беріп көңілін көтеретіндей әсерлі, үні нәзік әндеріне пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тыйым салмағаны, қайта қуаттағаны айтылады. Осыған байланысты әр отбасында жеке жинақтағы  музыкалық шипалық ән мен күйлердің  болуы, дамып келе жатуы, қоғамның талабы мен жетістіктеріндегі адамның салауатты өмір сүрудегі басты қағидаларының бір саласының өркендей бастағанын аңғартады.

Құрметті конгреске қатысушылар!

Рухани және музыкалық шипагерліктің  бұдан былай өрісі кеңейіп, өркендей түсуіне сіздерде жеке үлестерін қосады деген сенімімді білдіремін. Ризалық рахметімді білдіремін.

 

конгреске арнау

 

Авторы:                  Қазақстан Журналистер Одағының 

                                  мүшесі, ақын Зядан Қожалымов

 

Самалы Сарыарқаның сағымданды,

Талайдың осы жерде бағы жанды.

Елімнің ұрпағының басын қосып,

Қазақтың ұлылары туын тікті!

Топырағы қасиетті менің далам,

Аты өзгерген Астана асыл қалам.

Бұл дағы белгісі ғой елдігімнің,

Қауымға Астаналық берем сәлем!

Бүгінде баянды ұлтқа айналдық,

Қасиетті, киелі жерге айналдық.

Әлемдегі діндерді біріктірген,

Құдайдың сүйікті құлы атандық.

Еуроодағы қауіпсіздігі мен ынтымағын,

Төріндегі басқаратын елі болдық.

Нұрекеңнің еңбегін әлем танып,

Нұрланған күн сәулелі елге айналдық.

Әлемде сұлулығы кескіндеген,

Астана мақтанады көркіменен.

Он жылдық тарихын атап өткен,

Бас қалам Астанама қош келдіңдер!

Қауымын Зядан қажы бастап келді,

Үмітін еліміздің ақтап берді.

Тылсымын бабалардың сырын ашып,

Халқымның құдіретін әлем білді.

Әрленіп гүлге оранды біздің дала,

Астанам әлем білген әсем қала.

Он тоғыз жыл өмірлі қауымдастық,

Көрінген ғаламтордан жеке дара.

Елемеді елімнің өнерлі үміттерін,

Ұқпады өсиеттің біліп тегін.

Киесіз, қасиетсіз ұлт десе де,

Мықтының бұзып өттік бөгеттерін.

Тәуелсіз дәстүрлі ел, сырын жиды,

Өскен соң адами рух болып құнды.

Өнері, ата-баба емшілікке,

Заманның өркендетер күні туды.

Шашуын жақсылықтың ақтарамыз.

Басшыңыз Зядан қажыны жақтағансыз.

Емшілер ұжымынан бірінші боп,

Елбасы «Алғыс хатын» біз алғанбыз.

Конгресс Алматыда бастау алды,

Киелі рух шаңырағы аспандады.

Қуанышпен бас қосып жетінші рет,

Шаттықпен Астанада басталғаны.

Интернетте үш тілде тарихы тұр,

«Шипагерлік газеті» ол дағы нұр.

Жоғалған өнер де гүлденді ғой,

Астананы бөлесін шапағат нұр!

Қазақта Өтейбойдақ дертті қуған,

Ибн Сина іліміндей сертті болған.

Ванга мен Нострадамустай даламызда,

Майқы би, пір Бекеттей ұлы болған.

Көріпкел мен болжампаздық қасиетін,

Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім дәлелдеген.

Қорқыт пен Қойлыбайдай бақсыларды,

Әлемде мұсылманның көбі білген.

Ежелден құпияны тектен білдік,

Тылсымның сырларына жаңа үңілдік.

Шайтанның жолдарынан сақтандырып,

Емшіні адалдыққа серттендірдік.

Осындай білім негіз үлгі етілген,

Бұдан бұрын алты рет жиын өткен.

Рухани, музыкалық шипагерлік,

Тақырып, конгрестің бекітілген.

Алланың орындалып аманаты,

Талқандалды талайдың қамалдары.

Қауымға қарсылас та аз болған жоқ,

Шықпады ұжымның да жаман аты.

Өтсе де қанша ғасыр қырғын сүргін,

Халқымның тарихына мойын бұрғын.

Ежелден қазақ жері киелі аймақ,

Дәстүрін ата-баба сақтап келген.

Ғарышқа ғылым жетіп теңелгенде,

Тәңірдің ауыр жүгін көтергенде,

Он сегіз кітап жазған Зиядан басшы,

Жасаған жоқтан барды көрегенге.

Қауымда, көп еңбекпен тер төккелі,

Ағымға қарсы жүзді, селт етпеді.

Ақ жүрек, адал ниет емшілердің,

Тарихта жарқырасын еңбектері.

Тізіліп жыр маржаны төгілгелі,

Халықтың өркендеді емшілігі.

Көрмесін көреалмаса табысымды,

Күңкілді «күндестердің» күндестігі.

Емшіге бата жауған заман болсын,

Бір Алла төбемізден пана болсын.

Тағы да амандықпен бас қосайық,

Барлығы тілектестің аман болсын.

Әлемнің түкпірінен келді мейман,

Емшілер Астаналық құшақ жайған.

Қабылкарым, Күлай қажы, Шарбан қызға,

Нұр жаусын, шапағатты бір Алладан!

Несібе, ризығы бір Алладан,

Арнаудың Зядан ақын жырын жазған.

Көпшілік аз да болса көптей көргін,

Алтайың ән әуезді жыр толғаған.

Жаратқан сақтағайсың жамандықтан,

Өткенді жинақтайық аманаттан.

Келер жыл жүздесейік амандықта,

Еліңе сәлем айт, жамағаттан!

Қонақпыз, пендесіміз бұл жалғанның,

Оңынан жазылғандай парақтарың.

Осыған қанағатпен риза дейік,

Нұр жаусын еліме Жаратқанның!

Астана қаласы, 24.07.2010 ж.

«Халық емшілігінің өркендеуі және пайдалану жолдары» атты республикалық форумында Ұйымдастыру комитетінің Төрағасы, академик Зядан қажы Қожалымовтың БАЯНДАМАСЫ

(Шымкент қ., 13.07.2012 ж.)

 

ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ – ХАЛЫҚТЫҚ ӨНЕР

 

Қадірменді меймандар!

Форумды ұйымдастыру комитеті осыған дейін оннан аса халықаралық конгресстер мен форумдарды ғылыми теориялық-тәжірибелік бағдарламасы бойынша нәтижелі өткізді. Шипагерлік дәстүрі әр ұлттың этникалық ерекшелігіне қарай қалыптасты, дамыды, жүйеленді және өркендеу жолдарынан өтуде. Адамдардың жаны мен тәнінің саулығы оның ең қажеттісі. Қазақ халқының мәдени мұрасының бір саласына жататын халықтық емшіліктің тарихы ұлттық үрдіспен бірге пайда болды. Ерте заманнан бері тәуіп, бақсы, балгер, көріпкелдер мен болжампаздардың өзінің өмір сүрген ортасындағы сырқат жандарға көмектері болды және түпкілікті жалғасты да.  Бүгінде құрылғанына 21 жылға жуықтаған Қазақстан халық емшілері қауымдастығы өзінің өткен қиын да күрделі кезеңдерінде халық емшілігінің құқын қорғап ғана қалмастан, өзінің Жарғысының баптарына сәйкес мақсаттары мен міндеттерін орындауда ғылыми бағытты да басшылыққа алды. Халық емшілерінің еңбегін өздерінің жеке пайдасына жүзеге асырып жатқандар қауымдастықтың қызметіне әлі де қарсылық көрсеткеніне қарамастан, қауымның басшылары мен мүшелері негізгі мақсаттарын көп салалы ғалымдармен бірлесе, ақылдаса отырып, жоспарларын іске асыруда.  Қилы-қилы замандардың оны жоюға дейін барған әрекеттеріне қарамастан бірге жасасып келген халықтық шипагерліктің өрісі кеңейе бастады. Қазақтың емшілігі жүйесі ертеден-ақ шығыстық халық медицинасымен үндес, ұқсастығы мен үйлесімі жағынан тығыз байланысты және тамыры  да терең болды. Бүгінде қазақтың ғылымынан өзіндік орнын тапқан құнды еңбектің бірегейі ХV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі ұлт ғылымының мақтанышына айналды. Шипагер құнды зерттеулері мен тұжырымдары нәтижесінде қарапайым халықтық шипагерліктің дәрежесін дамыта отырып, осы заманғы ғылыми медицинаның негізін қалады. Осындай өте маңызды еңбектің халқымен бес ғасырдан асқанда қауышуы, қазақтың ілімі мен ғылымының ертеден-ақ негізі барын дәлелдеді. Қысқасы шипагер еңбегі  ілімсіз, тарихсыз қазақ халқын ғылымды, білімді халық екеніне жол ашты. Кейбіреулердің еліміздің тәуелсіздігіне дейін «Қазақтың халықтық шипагерлік өнері болмады» – деген кертартпа әрекеттеріне Ұлы шипагердің «Шипагерлік баяны» жүректеріне оқтай қадалды. Қауымдастық тарапынан ұлы шипагердің еңбегінің ғылыми жағынан философиялық және психологиялық бағытта зерттелуі өз нәтижесін берді. Емшілердің рухани және шипагерлік саладағы білімдерінің дамуына ғалым шипагер Тілеуқабыл Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» еңбегінің маңызы өте зор болды.

Қазақтың халықтық қарапайым емдік жүйесінің түрі көп болғанымен, оны ғылыми айналымға енгізіп зерттеп-зерделеуге ел тәуелсіздігіне дейін шектеу қойды, атын да ататпады. Ал басқа аз санды ұлттардың халықтық емшілігі Кеңес заманының медициналық оқулықтары мен  ғылыми еңбектерінде аз да болса аталынды. Үстем империяның ықпалынан қазақ халқы киесіз, дарынсыз өзіндік халықтық емдік тәсілдері жоқ ұлт ретінде тарихта көрсетілді. Ел тәуелсіздігінен кейін киелі құпиялы тылсым күштер де киелі тектік қасиеттің иелерін тапты. Алғаш жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған емші, бақсы-балгер, көріпкел т.б. санына жету қиын болды (қазірде солай).           

Осыдан жиырма бір жыл бұрын құрылған республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» өз қандастарымыздың төбесінен  жай түскендей болды. Қауымдастықты жоюда республикалық жеті министрлік пен комиттеттердің мамандары жанын сала кірісті. Қауымдастықтың екі рет қызметін тоқтаттырды. Қысқасы, ұйымдастырушы сол кездегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылары болса ал, орындаушы ҚР Әділет министрлігі қызметкерлері еді. Сондай-ақ, басқа заң, бақылау  т.б. жүйе қызметкерлері де түнде ұйқы, күндіз тыныштық бермеді. Қауымдастық басшылары мен мүше емшілері және қауымдастықтың өзі де  материалды, моральдық және психологиялық зардаптарға аямай ұшырады. Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құрған күннен бастап-ақ, оның қызметін алға жылжытпауға немесе жойып жіберуге әрекет етуде жеті мемлекеттік жүйенің бірігуі, қауымдастықтың басшылары мен адал мүшелерінің қуаты мен бірлігін әлсірете алмады. Қанатымыз қатайып, ойлау қабілетіміз бен қорғану  арта түсті. Халық емшілері мен оның басшыларына сенуге болмайды, дендері сау емес, қолдарынан ғылыми шығармалар жазбақ түгілі, жөнді мақала да жаза алмайды дегендерге, басқа қырымыздан көрінуге әрекет еттік. Қазақтың халықтық медицинасын ғылыми жүйеге енгізу мен әлемге таныстырудағы еңбектеріміз өз нәтижесін берді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған қауымдастықтың ғалымдарының еңбектері қауымдастықтың жеке сайтында өз оқырмандарын табуда. «Жалғыздың жары – Құдай» – демекші, қолға қалам алып баспасөз беттерінде тек қана жеке ой толғамындағы таза танымдық мақалаларды жазуды тоқтатпадық. Күрес әлі жалғасуда. Кіммен десеңіз-қандас қаракөздермен. Алғашқы қарсылық ұйымдастырған шенеуніктер бұл күнде баяғы жылы орындарынан кеткен. Қиын кезеңде өзінің киелі шаңырағының ордасына түкірген, қауымдастықты таратуға кіріскен топқа  қосылған, киелі орданың «сатқын» мүшелері мен емшілері де  аз болмады.  Мәдениеттілік пен адамгершіліктен және имандылықтан жұрдай емшісымақтар ұятты қойып, өздерін «Сары, ақ, көк, қара, тақиялы  әулиелер», «Алып апа, ана, әулие ана» және «Жаратушы мен пайғамбарлар», «Пархат ата», «Ақ ана»,   «Аққулар», «Ата жолы»,    «Ордалар» т.б. жалған атаққұмарларды  бүгінде арнайы сыйлық жариялап іздесең де таппайсың. Бұлар жөнінде өз уақытында баспасөзде әртүрлі тақырыпта құнды мақалалар қауымдастық басшылары тарапынан жазылды. «Жүздің жүйрігі мен мыңның тұлпары» – деген халықтық қанатты сөздің шындығы емшілердің сапалық құрамының ерікті түрде өздігінен іріктелуіне әкелді. Бүгінде «жасампаз емшісымақтар» өмірде бар болғанымен енді халық та оларды қажет етпейді. Осыларды  мадақтап асқақтатқан үгітші орны «Республикалық халық медицинасы Орталығы» мен осы Орталықтың сенімді көмекші  ұйымы «Кәсіби халық емшілері қауымдастығы» – өздерінің қызметтерін неге тоқтатқаны белгісіз. Өздерін емшілерге «мәңгілік құтқарушы, жарылқаушы» атаған бұл екі ұйымның  шаңырақтары қысымсыз-ақ ортаға түсті. Алғашқы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында емшісымақтарды үгіттегендер, бүгінде бұл пиғылдарынан қайтқан сияқты. Ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады» – демекші, бізді көреалмай күндес болғандардың қарғысынан Жаратушымыз бізді қорғады.

Бүгінде халықтық шипагерліктің өркендеуіне және оның ғылыми жүйеге енуіне ұдайы көмектерін аямаған философия ғылымдарының докторы, профессор Молдабеков Жақан, медицина ғылымдарының докторлары, профессорлар Керімбектің Ермаханы, Жақанов Амангелді, Жасан Зекей Бекен Тұрсын(марқұм), пс.ғыл.докторы, профессор Жарықбаев Құбығұл, профессорлар Мекемтас Мырзахмет, Құрбанқожа Сансызбай, Құлсариева Айтолқын т.б. отандық ғалымдардың көмектеріне шексіз ризалығымызды білдіреміз. Халықтық шипагерліктің сырқаттың себептерін білу, анықтау және емдеу тәсілдерінің жүйелік бағыттары анықталып, жүйеленді. Әрбір емші мәдениеттілік, имандылық, білімділік және қайырымдылық жүйесінде мейірмандылықпен сырқат жандарға көмектерін көрсетуде. Емшілердің сапалық құрамы жақсарып келеді. Білімділіктері артуда. Халықтық емшіліктің өткен дәуірі мен бүгінге дейінгі өркендеуі мен даму жолдары зерттеліп, тұжырымдар жасалып оқулықтар және ғылыми еңбектер көпшілік оқырман қауымға ұсынылды. Көп жылдан бері өткізілір келе жатқан ғылыми-тәжірибелік конгресстер мен форумдардың емшілер үшін өздерінің білімін, бірлігін, байланысын және арақатынасын жақсартуға ықпалы зор болды. Бүгінгі форумның негізгі мақсаты халық шипагерлігінің өткен уақыттардағы атқарған қызметтердің нәтижесін баяндап ғана қалмастан, мол тәжірибені пайдалану жолдарын анықтап, ары қарай дамытуға ықпал ету. Мол тәжірибесі бар емшілер қауымы заман талабына сай ғылымның дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндіктері бар екендіктерін атап өтуге болады. Қауымдастықтың қызметі сөз жүзінде емес, іс жүзінде баспасөз беттерінде, ғаламторда, телеарналар мен радиотораптарында ұдайы хабарлануда.

Қадірменді форумға қатысушы мырзалар мен ханымдар!

Ашық демократиялық принцип жүйесінде өз қызметін жалғастыратын қауымдастықты қазақ және орыс, ағылшын тілінде интернеттен әлем еліндегі көптеген оқырмандары таныды. Электронды поштаға түсіп жатқан ізгі тілектергетолы хаттары көбеюде. Қауымдастықтың төл газеті “Шипагерлік баян” мен “Шалкөде” баспасы өз оқырмандары үшін нәтижелі қызметін көрсетуде. Қауымдастықтың мүшелері моральдық, психологиялық жақтан жетіле бастады. Емшілердің емдеу жүйесінің сапасы жақсарып және емдеу әдіс-тәсілдері жетілдірілді. Жыл сайынғы үлкен жиналыстардың берері мол, пайдасы зор екендігін өздеріңіз көріп отырсыздар. Ата-бабадан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан киелі қасиетті ешкім жоя алмайды. Ұлы қасиетті дамыту, қорғау және қолдау емшілердің парызы. Бірлігі бар ұйым мәңгілік екендігін ескерген емшілер қауымы өзінің киелі шаңырағын қорғап, қызметін қолдап және бағытына ілессе ғана киелі шаңырақтың оты өшпейтініне сенімдімін.

Сіздердің басқосуларыңызға мүмкіндік жасаған оңтүстіктің басшыларына, халқына және қызметтерін аямаған емшілерге ризашылығымызды білдіреміз. Сапарларыңызға сәттілік, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізде жетістік мол болсын.

Тыңдағандарыңызға көп рахмет!

 

 

 

 

форумға АРНАУ

 

Авторы:                  Қазақстан Журналистер Одағының 

                                  мүшесі, ақын Зядан Қожалымов

 

Қайта оралды оңтүстіктің  жеріне,        

Келді емшілер сәлем беріп еліне.   

Қасиетті бабалардың мекені,   

Түркістаның әйгілі ғой әлемге.    

Екінші рет Шымкентте бас қосқан,  

Ниеттерің қандай жақсы топтасқан.  

Құтты болсын форумдарың емшілер,  

Ілгерідегі жиындарыңмен жалғасқан.

Арқалаған ауыр жүгін Алланың,   

Теріп жүрген несібесін жалғанның.

Киелі жер, қасиетті Шым елі,

Сәлем береді емші деген зор қауым! 

Жиырма жылдық қасірттен өткенде,

Емшіліктің тағдырында шешкенде.     

Құтты болсын айтамыз бәріңізге,

Жиырма бірінші жылыңа жеткеніңе.

Ертедегі бабалар сыйға тартқан,

Қасиетті ғой менің ұлы далам!

Таныды бүкіл әлем біздің елді,

Данышпан мен даналар ізі қалған!

Елбасы бабалар рухын құрметтеуде,                 

Емшілердің қорғалуда шипалығы.                

Бұрынғы ұмыттырған ауыр күнді,

Нұры жаусын Алланың Нұрекеңе!

Ширек ғасыр жүгі оңай болмады,   

Қара күштер тобыменен торлады.    

Қуанышы мен қасіреті бірдей боп,  

Емшілерде тылсым күшін қорғады.                              

Қанша мықты болса-дағы жауларың,  

Күресуден жалықпадың, таймадың. 

Жасадыңдар тарихыңды нақтылап,

Ата жауы дұшпаныңды да талдырдың.   

Алматыдан бастаған жиындарың.  

Жалғасты Шымкент, Түркістан, Тараз, 

Астана, Алматы, Шымкент қаласында.

Қамтылмаған тақырып қалмаған-ды,         

Шипагерлік ғылымы саласында.

Тоғыз жылда тоғыз жиын өткізген,  

Ғаламшармен ілімдерін жеткізген.                 

Өткені мен бүгінінде түгендеп,    

Жанашыр ғалымдарда көбейген.   

Білгендейсің досыңменен қасыңды,   

Тегі таза ғалымдардай досыңды.            

Халық емі өркендеуде бүгінде,   

Емшілікте ғылымға да қосылды.  

Ұлы емшісі қазақтың Өтейбойдақ,  

Ілімі мен білімі әлемге айғақ.    

Басшыңыз Зяданның зерттеуінде,      

Атанды ғылымда екінші Ибн Сина.  

Емшіліктің саласының ғылымында,   

Басшыңның есімі де ғылымға қосылуда.  

Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы, 

Денсаулық ұйымыда еңбегін бағалауда.  

Бөлінуге де болмайды, жауың жейді,      

Қорқыт Ата, Пір Бекет, Қойлыбай бақсы,   

Ибн Сина, Құртқа баб, Әль-Фараби,

Майқы би мен Мөңке би, Баласағүн                   

Машһұр Жүсіп, Шәкәрім басқалары,            

Емшілік ғылымында да зерделенді.               

Болды ғой ғылымда да қиын өткелдерің,    

Ғалымдармен бірлесе ғылымға жеткендерің,

Молдабеков Жақан, Керімбектің Ермаханы, 

Жарықбаев  Құбығұл, Жақанов Амангелді,

Бекен Тұрсын, Айтолқын Құлсариева,  

Мекемтас Мырзахмет, Жасан Зекей,  

Құрбанқожа Сансызбайлар көмегі ғой,

Аллаға шүкір дегін! Шүкір дегін! Шүкір дегін!

Елбасы Алғыс хатынан қуаттанған,  

Нәтижең көрінуде ғаламтордан. 

«Шипагерлік баяның» ұраның боп,  

Жетістігіңді жеткізіп ел шарлаған.

Ұйымға жасалған заңсыз қысым,

Ол жақсылық түсінсең оны да ұғын.

Өлген мұра тіріліп оты жанса,

Жауларымыз түсінді, соны білгін.

Бәрінде айтқан жақсы білгендіктен,  

Көрінуде емшілерде көрегендікпен.  

Ұзақ жылғы қасіретті артқа тастап,   

Жүздің жүйрігісіңдер озып келген

Бабалардың киелі жолыменен,     

Үлкен кіші бәрінің жөнін білген.   

Ертедегі бақсы, емші даналардай,  

Емшілерде танылуда емдерімен.

Шипагер Өтейбойдақ бастап берген,  

Емшілерге аманатын тастап кеткен.

Шипагерлік мұрасын сақтаңыздар,    

Дана сөз айтылмаған тектен-тектен.   

Жан-жақтан жиылған көптеп мейман,  

Елімізбен, жеріміз де болсын аман.                 

Қабыл ал аз болса да арнауында, 

Басшыңыз Зядан қажы сөзін жазған.

Елімізде атағы бар жыраушыңыз,      

Сыпатайдың Жақыбы жыр толғаған.

Бір Алла сақтасын жамандықтан, 

Кездестірсін осындай қуанышпен.

Тілектері көпшілік қабыл болып,   

Көрісейік келер жолы амандықпен!

     Шымкент  қаласы, 13.07.2012 ж.      

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

в начало