өмірімнің шежіресі

3

 главная                                        вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

 

Қилы-қилы кезеңдерде табандылықпен, ерен еңбегімен байқалып, шыңдалған талай бөлімше басшылары шықты. Олар өздерін ақылды ұйымдастырушы, таза ақ жолдағылар екенін таныта білді. Әсіресе, рухани-сауықтыру жұмыстарын халқына арнауда қауымның Жарғылық бағытын бұлжытпай орындап шығуға белсене араласты.

Бүгінде қауымдастықтың мақтан етерлік бөлімше директорлары: Жолдасов Құдайберді (Жамбыл), Өмірбекова Бәтігүл (Қарағанды-Жезқазған), Құттыбаева Қализа қажы (Ақтөбе), Ермұханова Гүлпара (Атырау), Бақтыбаева Майдан қажы (Астана), Добалов Мұсақұл (Ақмола), Ахметов Нұрбақыт (Алматы облысы), Серікбаева Айжамал (Қызылорда), Кәкенов Серікбай (Солтүстік Қазақстан), Нұрғожин Жолтай (Арқалық), Мырзагелдиев Ермек (Алматы), Бәйсейтов Батырбек (Оңтүстік Қазақстан) және Жәкиева Әмина (Батыс Қазақстан, Ақсай қаласы) қауымдастықтың негізін қалауға жалықпай, шаршамай өз үлестерін қосып келе жатқан, иманжүзді ұйымдастырушы әрі рухани сауықтырушылар екенін дәлелдей білді.

Ақтөбе облыстық филиалының директоры Құттыбаева Қализа қажы мен Астана қалалық филиалының директоры Майдан қажы екі реттен қажылық сапарға барып келді. Ақтөбелік Қализа қажы өзінің облысында халқына көп жылдан бері имандылық саласында игілікті істер атқарып келеді. «Сұлу салған сергелдең» атты кітаптың (авторы Н.Дияров, Ақтөбе, 1996) негізгі кейіпкері болып, ғарыштық құпия сырларын және Алланың құдіреттілігін халқына таныта білді. Ақтөбе өңірінде Қализа қажы бармаған, онда имандылық тақырыбында халықпен кездесулер өткізбеген елді мекендер саусақпен санарлық. Қализа қажы әр уақытта басына ауыртпашылық түсіп, өзінен көмек сұрағандарға ақылшы, демеуші, бойындағы имандылықтың қуатын, шапағат нұрын оның бойына дарытушы. Сондықтан болар Қализа қажыға үлкен-кішілі адамдар құрметпен қарайды. Қализа қажы отбасы жағдайына қарамай, ұдайы ел ішінде болып тұрады. Өзінің теориялық және тәжірибелік ілімін шыңдай түсуде ол ұдайы ізденіс үстінде. Екі жоғары білімді дипломға қоса, Шымкенттегі ислам институтынан білім алуда. Ақтөбе облыстық әйелдер қоғамының төрайымы қызметін абыроймен атқаруда. Шеберлік пен іскерлік осылай қалыптаса беретінін, әр адамның жеке ізденісі арқылы болатынын Қализа қажы дәлелдеп беруде.

Атыраудағы облыстық денсаулық басқармасының азулы басшыларынан осы облыстағы қауымдастық филиалының тұңғыш және бүгінгі күнгі директоры Ермұханова Гүлпараға қарсы айла-шарғылар аз жасалған жоқ. Ұйымды түп-тамырымен жойып, оны жапқызып тастауға әрекет еткендерге, Гүлпара жеке ақыл-парасаты арқылы байсалдылық көрсетті. Табандылықпен филиал қызметін дамыта берді. Гүлпараның үндемейтін мінезі, оны пиғылы жамандардан аман сақтап, бөлімшесінің қызметін ілгері бастыруына зор әсер етті. Жаңа XXI ғасырда Гүлпара Атырау қаласының дәл ортасынан ауданы төрт жүз шаршы метр мекенжайды, бөлімшенің әкімшілік әрі рухани-сауықтыру орталығы үшін, өз қаражаты және демеушілері көмегімен жеке қожалығы иелігіне алып, қызметін жалғастыруда. Бұл филиал республикадағы жалғыз өз мекенжайы бар ұйым. «Ұйымдастыра білген ұтады», «Үндемеген үйдей пәледен құтылады», – дегеннің шындық екенін Гүлпара Ермұханова дәлелдеп берді. Қауымдастықтың Атырау бөлімшесі ашылғалы ұдайы көмегін жасап, қамқоршы әрі демеуші болып келе жатқан Қадірғали Тәнкиевке, жақсылығы Алладан қайтсын, бала-шағасының қызығын көрсін, деген тілек айтқымыз келеді қауымдастық Төралқасы атынан.

Қауымдастық құрылғалы оның басшылары мен емшілері үш рет ірі халықаралық форумдар мен әлемдік конгрестерге қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қазақ елінің көп ұлтты қасиет дарыған емшілері әлемнің алпысқа жуық елінің әр саладағы мамандары мен емшілеріне өздерінің қуат-күшін танытып, әрі мойындата білді.

Мұндай жетістіктерге әсіресе 1991 жылы 26-29 қыркүйекте Алматыда өткен халықаралық «Үшінші мыңжылдық» форумы мен 1992 жылы 18-21 қазанда тағы да Алматыда өткен бүкіләлемдік «Рухани бірлік және келісім» конгресі және 1993 жылы 2-9 қазан аралығында Қырымның Гурзув қаласында өткен бүкіләлемдік «Дәстүрлі емес халық медицинасының» біріші конгресінде анық байқалды.

Гурзув қаласындағы конгресте қауымдастықтың президенті З.Қожалымов: «Қазақ халық емінің шығармашылық мұрасы мен шипалы әсері»  деген тақырыпта ғылыми баяндама жасады. Бұл баяндама конгрестің ғылыми еңбектерінің жинақтарына енді. Әлемнің бірнеше елі қазақ елінің дарынды емшілері жөнінде білді, таныды, әлемдік дәрежедегі деңгейге ие халық емінің өзгеше ерекшеліктері халық емшілігі тарихынан орын алды. Кеңес дәуіріндегі медициналық арнайы орта немесе жоғары оқу орындарының оқулықтарында, қазақтың халық емі жөнінде ештеңе айтылмайды. Бүгінде қазақ елінің киелі жерінде өмір сүріп жатқан ұлттардың дарынды да, киелі ғаламат өнер иелері, жергілікті халықтың өздеріндей ерекше қасиетке ие табиғи дарындыларымен бірлесіп, халық емінің құдіретін әлем елі алдында асқақтатып тұр. Уақыт тез зымырап өтуде. Бұл ұйым бір жыл өмір сүрмейтін болды-ау деген, жанашырлар арманы шөл даладағы сағымдай мұнарланып алыста қалды.  Жаратушымыз бар кесір-кесапаттан қорғап қалды. Халық тілегі оң болды. Киелі орданы шырмауықтай шырмалған тордан шығарып, оның бақытты күндерін қайта гүлдендіруге еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен қызметкерлері сүбелі үлестерін қосты. Бір бөлмеде бір журналист қауымдастықты құлатуға тырмысып жатқанда, көрші бөлмеде «Зәке, қорықпа? Біз бармыз» деген иманжүзді журналистер шынында да әлсіреген ұйымды шыңырау құздан алып шықты.

Нури Муфтақтың «Халық емшілігінің қасіреті» («Егемен Қазақстан», 27.03.1992), «Күн астындағы орын» («Егемен Қазақстан», 06.06.1992), О.Құлымбетовтың «Халықтың қамын ойлаған» («Оңтүстік Қазақстан» газеті, 11.04.1992), Қуаныш Сихымбаевтың «Адалдық – ардың айнасы» («Сарыарқа» газеті, Жезқазған, 29.12.1992), Тұрсын Бекеновтың «Халық емшілігінің тағдыры» («Жас Алаш» газеті, 26.01.1993), «Қырымда өткен конгресс» («Ауыл» газеті, Т4 20.01.1994), «Халық емі – ел игілігі» («Заман Қазақстан», 18.06.1993), «Қауымдастықтың қадамы» («Өркен», 19.06.1993), Бақтыбай Айнабековтың «31 жыл көмілген бұлақ» («Халық емі», 05.1993), Жұмахан Мәйітжанұлының «Дертке дауа, жанға шипа» («Жерұйық» газеті, Талдықорған, 12.09.1992), Үмбет Әбназаровтың «Конгрес кезіндегі сұхбат» («Астана даусы», 04.10.1992), Бақыт Досымовтың (марқұм) «Емшілік дейтін бір өнер» («Азия», 18.09.1993), Мұрат Нұрмұқановтың «Көптің қамын ойлаған» («Солтүстік Қазақстан» газеті, 04.09.1994), Кенжеғали Қошым-Ноғайдың «Ұлы емшінің жолын қуғандар» («Ауыл» газеті, 24.-30.09.1993), Айнаш Мәукенқызының «Жан-жақты қолдау керек» («Алматы ақшамы», 03.01.1994), Мұрат Күлімбектің «Дала ойшылдары денсаулық хақында» («Халық емі» газеті, 8.1993), Мағзұмбек Машайықұлының «Табиғи дарын» («Ұлытау» газеті, Жезқазған, 06.06.1995), Ермахан Керімбектің «Заманға маман сәйкессе» («Денсаулық» журналы, №5, 1996), «Халық емінің келешегін ойлайық» (Ақшам, 04.1996), Қ.Ибатуллиннің «Халық емшілерінің құрылтайы» («Атырау» газеті, 23.06.1992), Лесбек Тұрсынбекұлының «Шын емші ауру қоспайды»-сұхбат З.Қ. («Ақ жол» газеті, Жамбыл облысы, 11.08.1992), Жанболат Сәрсенбайдың «Халық емі халыққа қажет», «Емшілер салған сара жол» («Шапағат-Нұр»), «Емшілер» («Жас Алаш»), Әнуар Сауатұлының «Емшіліктің ертеңіне бағдар» («Алматы ақшамы», 18.10.1991), Б.Жасқалиеваның «Аруақ қонған әулет» («Орал өңірі», 31.11.1992), Мұқадес Есламғалиевтің «Емшілер – ел кетігінде» («Денсаулық», 3-4. 1992) және басқада көптеген басылымдардың бетіндегі қауымдастықтың жұмысы мен болашағы жөніндегі жазған журналистер мақалалары оның қызметінің кедергілерден жасқанбай жалғаса беруіне жол аша түсті.

Қауымдастықтың тұңғыш ұйымдастырушысы әрі басшысы З.Қожалымовтың «Ассоциация – ізгілік отауы» («Халық емі» газеті, тамыз №1, 1992), «Жақсылық ойлаған жардан құламайды» («Денсаулық», 5-6, 1994, 25-26 б.), «Жалған әулиелер жарға жықпасын» («Заң» газеті, 11-17, 03.1995), «Алла тағаланы ойыншық еткісі келген оңбайды» («Заң», 24.07.1996), «Арымыздың тазалығы – ата-баба мұрасы үшін» («Жас Алаш» газеті, 24.12.1994), «Халық емі – халқымның құдіреті» («Жетісу» газеті, 11.01.1995), «Құдайсызға – Құдайдың жазасы бар» («Жетісу» газеті, 13.03.1999), «Жасанды ақылгөйліктен сақтасын» («Алматы ақшамы» газеті, 31.07.1996), «Қасиетті Құран аяттарының құпиясы», («Алматы ақшамы» газеті, 25.07.1996), «Әулиемін деп жүрген әуейі әйелдер» («Ақ босаға» газеті, 4.1997), «Ақылдан кенде емеспіз, ешкімнен кем де емеспіз» («Түркістан» газеті, 07.12.1994), «Имандылық таразысы» («Семей таңы» газеті, 29.10.1996), «Халық даналығы асылын тану» («Торғай таңы» газеті, 28.05.1997), «Қамаудан шыққан қауым» («Көкшетау» газеті, 16.01.1997), «Асқақтасаң бір күні асыларсың» («Солтүстік Қазақстан» газеті, 16.08.1996), «Киелі рухты қайырымды орда» («Каспий таңы», Атырау қаласы, 27.03.1997), «Шыңдықтың шыққан шыңы» («Сыр бойы» газеті, 16.07.1997), «Дәрігерлікті қалқан қып, салықтан жалтарып жүрген» («Қылмыс пен жаза» газеті, 7-8.13.03.1998), «Қажылықты саудағы салмайық» («Алматы ақшамы», 18.02.2000), «Қасқырда қас қылмайды қандасына» («Астана ақшамы», 02.03.2000), «Құдай – атаққұмарлардан сақтасын» («Шапағат-Нұр» журналы, 5.1998), «Қолыңда Құраны, аузында иманы» («Ақиқат» журналы, №4, 1999, 24-27 б.б.) т.б. қырыққа жуық басылымдарда жарияланған жүзге жуық танымдық, сын ескертпелік, зерттеу мақалалары оқырмандарының ойынан шығып қоймай,  қауымдастықтың шындық пен ізгілік жолындағы қызметінің күшті құралына айналды.  

  Қауымдастық жөніндегі баспасөзде жарық көрген журналистер мен жанашырлардың көрегендік ой-толғаулары мен мақалалары оның жеке мүшелерін мемлекеттік, қоғамдық, жеке ұйымдармен және халықпен етене жақындастыра түсті. Қауымдастықтың қызметінің тоқтаусыз қадам басуына зор ықпал етті. Әсіресе, «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Заң», «Халық кеңесі», «Алматы ақшамы», «Азия», «Шалқар», «Заман Қазақстан», «Ақ босаға», «Астана ақшамы», «Жетісу», «Түркістан», «Қазақ үні», «Қылмыс пен жаза», «Преступление и наказание», «Астана дауысы», «Жерұйық», «Семей таңы», «Сарыарқа» (Семей аймақтық), «Орталық Қазақстан», «Торғай таңы», «Көкшетау», «Сары-арқа» (Жезқазған), «Солтүстік Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Ақ жол», «Атырау», «Халық емі», «Сыр бойы», «Целиноград-Ақмола» сияқты республикалық және облыстық газеттер редакциясы мен қалалық «Шымкент келбеті», «Апта» (Жезқазған), «Каспий таңы» (Атырау), «Шипагер» (Қарағанды), «Ақ жол» (Байқоңыр) сондай-ақ, аудандық «Ұлытау», «Шұғыла-радуга» (Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы) газеттері редакциялары ұжымдарының қауымдастық пен оның жеке мүшелеріне жақсылықтарына, демеушіліктеріне зор ризамыз. Алла тағаладан олардың ұжымдарына жақсылық көбейе берсін деп тілейміз.

Республикалық және облыстық телеарналар мен радиотораптарының ұжымдары да қаумдастықтың қызметін насихаттау мен оның құқығын қорғауда баспасөз саласынан қалыспады. Журналистер қауымның басшылары мен мүшелерін ашық түрде еркін дидарласуға шақырып, көкейкесті мәселелер төңірегінде әңгіме, лекциялар, емдік-имандылық сұхбаттар, тәрбиелік және ғылыми танымдық тақырыптарда бес жүзге жуық сұхбаттар өткізді. Демократиялық қоғамның адал еңбектерін халыққа айнадай жарқыратқан да осы бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері болды.

Қауымдастықтың президенті З.Қожалымов пен журналистердің:  «Ғарыштық құпия», «Жалған емшілік», «Алдап-арбаудың да жөні бар», «Ғасыр дерті», «Жастар тәрбиесі», «Діни көзқарастар», «Емшілік және имандылық», «Ел болашағы», «Шипагерлік сабақтар», «Дертке дауа, жанға шипа», «Тылсым құпия құдіреті», «XV ғасырдың ұлы ойшылы, қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы» т.б. тақырыптардағы сұхбаттары оң нәтижесін беріп, қоғамдық идеологиялық даму заңдылығына, жеке адамның танымына шындықтың кілтін ашып берді.

Республикалық радиотораптарындағы журналистер Төртқара Төлеу қажы Қосанов, Бақыт Досымов (марқұм), Үмбет Әбназаров, Әбекова Ажар, Әшірхан қажы Телғозиев, телеарналардағы журналистер Құдайберген Қазбеков, Ұлбосын Айтөленова, Айгүл Тұрсынбекова және облыстық теледидар журналистері Қабылов Берден (Ақмола-Ақшам), Толымбек Әбдірайымов (Бұрынғы Көкшетау), Жантеміров Амандық (Солтүстік Қазақстан) және «Азаттық радиосы» Алматы бөлімшесінің меңгерушісі, журналист Саясат Бейісбаев т.б. көмектескен, тілектес болған қаламгерлерге дендеріне саулық, отбастарына амандық, жеке қызметтеріне табысқа жетуіне қауымдастықтың төралқасы ізгі тілігін білдіреді. Жақсылықтары Алладан қайтсын.

Қауымдастықтың он жылдық тарихы мен шежіресі жіпке тізген моншақтай тізіліп, жоғары көтерілуде. Жоқтан бар ету Құдайдың ғана қолынан келген. Ал адам үшін барды ұқсатудың өзі қиын. Танымы мен психологиясы бөлек-бөлек әр ұлттың бойына емшілік қасиеті қонған адамдарды ымыраға келтіріп, тәрбиелеп, саралап, білім беру ісі де қалпақпен ұрып ала қоятын оңай шаруа емес. Бұған көну әркімнің қолынан келмесі анық. Қауымдастықтың басышылары мен ақ жарқын рухани сауатты мүшелері осы қиын жолда Алланың сынағынан өтіп келеді.

«Жаным – арымның садақасы» дегендей, өмірде қиын жағдайдарға ұшырағандарға қол ұшының көмегін беріп ғана қоймай, өз ісіне жан-тәнімен беріліп, адал еңбек ету жолын таңдап алғандар қатары көбеюде.

Бұл – Алланы таныған, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті қауымдастық мүшелерінің күнделікті инабатты ісіне айналды.

***

Қауымдастықтың мүшелерінің діни, рухани-ағарту саласындағы білімдерін жетілдіру мен көтеруде қауымдастық жанындағы білім беру мектебі толық қанағаттандыра алмасы анық. Сондықтан да, қауымдастық алғашқы құрылған уақытынан бастап, республикалық семинарлар (Шымкент, 7-9 мамыр 1992. Атырау, 22-23 қыркүйек. Алматы, 14 қараша 1992. Алматы 25 наурыз 1994, Түркістан, 30 маусым 1994) және облыстық филиалдарда 1992, 1993, 1997, 2001 жылдары қауымдастық басшылығымен семинарлар өткізілді. Мүшелердің жергілікті діни, ағарту, қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен тығыз қарым-қатынаста болуына тәрбиелік, тәлімдік нұсқаулар берілді. Мүшелердің жартысына жуығы діни сауаттарын ашу және жетілдіру мақсатында мешіттер мен медреселерде өздіктерінен білім алуда. Мүшелердің құрамына қарай елді мекендерде имандылықтың рухани ордалары көбейіп келеді. Қауымдастықтың Төралқасының мүшесі, Алматы қалалық бөлімшесі директоры, рухани-сауықтырушы Ермек Мырзагелдиев басқарған орталық ұлағатты тәрбиелік рухани ордаға айналуда.

Қоғамның және оның мүшелерінің бастарына төнген «қара күштердің» азапты күндері көрген елестей артта қалды. Енді міне қауымдастық пен мүшелерінің тұлғалық тарихын жасауға, жазуға Жаратушымыз күш-қуат берді. Қиындықсыз жеңіс болмасына көзіміз жетті. Санамыз сілкінді. Өз жолымыздың таза, шындық жолы екеніне көпшілікті ұғындыруға шамамыз келді. Білдік, таныдық. Қуандық. Құдай басқа салғанның бәріне көніп, шыдадық, сабырлық танытып, төтеп бергенімізге тәубе дедік. Тарихты жасыру мүмкін емес. Оны қанша көлегейлеп көмескілегенмен, бәрібір өмірдің ақиқаты аңдыздап алдыңнан шығады. Тіпті, ол халық пен қауымдастық мүшелері алдында да адамгершілікке жатпайтын қылық болмақ. Жан-жақты жоспарланып, іске асырылған психологиялық соққыдан ес жию, оны түсіну мен дұрыс жолды таңдап өз жолыңды табу оңай шаруа емес. Алғашқы кездегі халықтың діни-рухани тұрғыда әлсіздіктерін пайдаланып, талай жасанды атаққұмарлардың қарапайым халық өкілдерін өз торларына түсіргені мәлім. Бұл сияқты қорғаушысы, қолдаушысы, арнайы үгітшісі мен хатшысы барлармен де күш сынаса білдік. Олардың кінәларын өз уағында бұқаралық ақпарат құралдарында әшкереледік. Бұл сынақ – түсіне білгендерге, тірлігінде алған соққы емес, ақтау еді. Мұндай сындарымызды түсінгендер табылып жатса, оларды нағыз адамгершілік иесі бағалаймыз және жақсылықтары молынан болсын деген ниеттеміз.   

Халқымызды танитын немесе енді тани бастаған шетелдік ғалымдары мен киелі қасиет иелері қауымдастықты және оның жекелеген білімді, дарынды мүшелерін жылы қабылдап, олардың ізгілік шуағына тұнған қасиеттеріне ыстық лебіз білдіріп, құрмет көрсетті. Ал өзіміздің сенген серкелеріміз аттары жоғарыда аталғандар қауымдастықты түп-тамырымен жоюға әрекеттенгені өкінішті-ақ еді. Қауымдастыққа өмірі орнына келмес, өтелмес миллиондаған теңгелік зияндар әкелуі сорақылық демей, не дейміз? Моральдық, материалдық шығындар шаш етектен асты. Жекеленген мүшелерге психологиялық соққы беріліп, жаншу, қорлау, көндіру мен иландыру әрекеттері жасалды. Құдай басқа салғанға ұйым болып көнбеске амал бар ма еді? Халық кімнің-кім екеніне, олардың тірлігінде өздерін-өздері әшкерелеп ұятқа ұшырағандарын көріп, «аққа күйе жұқпайтынына» көздері жетті. Асқақтағандардың аяқтары қалтырай бастады. Біз өзімізге өлім, қорлық, жамандық тілегендерге (Ә.Е және Е.А) Алладан жақсылық тіледік. Бастарының амандығын сұрадық. Ешкімнің ырыздығы мен несібесіне қол сұқпадық. Халқымыздың «біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле» дегені шын екенін білдік. Қауымдастықты құртам, жоям, жабам, таратам, т.б. дегендер бірнеше рет өз құрылымдарына өзгерістер жасады. Көне қарсыластардың қарасы азая бастады.

Қауымдастықтың білімді мамандары мен мүшелері тылсым күш сырларына ғылыми талдау мен зерттеулер жүргізе бастады. Жеке мүшелерінің тектік ерекшелігіне, қабілетіне, сауықтырудағы әдіс-тәсілдеріне ерекше анықтамалар, тұжырымдар жасалуда. Тылсым қасиеттері мен қуаты бақылауға алынуда. Мұндай тұжырым жасау көрші Ресей мен Украинада көптен дамып келеді. Бірақ қауымдастықтың ғалымдары қазақ елінің өзіндік ерекшеліктері бойынша, салыстырмалы түрде зерттеулер жүргізуде. XV ғасырдың ғұлама ғалымы, қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық алып кітабының қолымызға тиюі қауымдастықтың ғылыми жұмысына жол ашып берді («Жалын», 1996).

Қауымдастықтың ұжымы біреулердің ізін қуып, оған кінә тағып, арнайы құжаттар жинап, олардан өш алушылар емес. Қауым мүшелері өмірден ерте кеткен ата-бабаларымыздан дарыған қасиеттерін, құпияларын таза ниетпен жалғастырушылар. Әрбір  киелі азаматтың бойындағы құпия қасиетін өзінің басының амандығына, халқының және мемлекетінің игілігіне жұмсауына, осы күрделі де терең мағыналы іс бойынша үздіксіз ақыл-кеңес беруді жалғастыру қауымдастық пен оның мүшелерінің төл парызы. Халқымыздың ғасырлар бойы орындалмаған армандарының бірі қанмен келетін тектік қасиетті зерттеп-талдау, қағаз бетіне түсіру, қасиет қонған адамдарды бір ортаға біріктіру еді. Бұл да орындалды. Қауымдастықты танымайтындар таныды. Білмейтіндер білді. Түсінбейтіндер түсінді. Менсінбегендер енді аяғын аңдып, ақырын басатын болды. Ата-бабаның киелі өнері бұрын қыспаққа алынып келсе, енді оны ғылыми және этникалық ұлттық тұрғыда тануға, зерттеуге жол ашылды. Бұл ел тәуелсіздігінің киелілерге әкелген алғашқы сыйы еді. Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жұртшылық, әсіресе қасиетке бөленгендердің өздері тіршіліктің құпиясын зерттейтін, дамытатын қауымдастықтың құрылуы, рухани сауықтыру ісіне даңғыл жол ашты. Қайырымды да, киелі орда арамдық шырмауындағы торлардан сытылып шықты. Оның қызметін әлі асқақтатар және көмек етер халқы қауымнан көп жақсылық күтуде. Алла тағала өзінің сынағынан сүрінбей өткен пенделеріне берер сыйы мол болса, сол жақсылық алдымен халқымызға келсін. Қауым мүшелері ізгі армандарына жетсін.

Киелі қасиет – ол Алла сыйлаған, дарытқан жеке адам бойындағы нұры. Ол халықтың тектік өнері. Ол халықтың рухани өрісінің жеткен биігі. Тылсым күш құдіретін халықтан хан да, қара да немесе билеуші топтар да тартып алып, иелене алмайды. Бұл – Жаратушының өз сыйы, әрі құпиясы. Адам баласына қиындықсыз, күрессіз, жеңіс пен бақыт жоқ. Ол ізденіс пен шыдам, байыптылық пен парасаттылық арқылы келеді. Көлденең тұрған шырмауық торлар ол тағдыр сынағы. Адам баласының тағдыры Алланың еркінде. Біреудің қол баласы боп одан жәрдем тілегенше, Алланың жарлықтарына үміт арту, одан жақсы амалдарының жемісін іздеу бірден-бір айқын жол және адамгершіліктің ең биік сатысы болмақ. Еліміздің тәуелсіздігімен құрдас Қазақстан халық емшілері қауымдастығы әлі талай биік белестерден өтетінін сезеді. Мемлекетіміздің халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен дамыту бағдарламаларына ұжым мүшелері өз үлестерін үздіксіз қосатын болады. Қазақстан Республикасының заңдары мен өз Жарғысының баптарын өз қызметінде басшылыққа алған Қазақстан халық емшілері қауымдастығы жаңа XXI ғасырды жақсылықпен бастап, өзінің шуақты шапағатын халқына арнай береді. Қауымдастықтың мүшелері өз қуаныштарын халқымен бірге өткізіп, тылсым күш құдіретінің құпияларын шешуде, оның абыройын әлемдік деңгейде көрсетуге ынта-жігерлерімен бар күшін салып бірлесе еңбек ете бермек.

Алланың шапағатты рахымы қазақ еліне нұрын шашуда. Қазақ елінің халықтарының имандылығы мен рухани парасаттылығын әлем халқы алдында асқақтар күн де алыс емес.

Ел тәуелсіздігінің замандасы Қазақстан халық емшілері қауымдастығына он жыл толып отыр. Бұл торқалы той бізге және жанашыр барша жұртшылық мерекесі. Қауымдастықтың ауыр күндерінде оның болашағы үшін адал жүректерімен үлес қосқан барша мүшелеріне, жанашыр азаматтарға және елімізге Алланың шапағатты нұры жаусын! Елімізде жақсылықтар молынан бола берсін!

Тыңдағандарыңызға көп рахмет!  

 

 

 

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 15 жылдығына арналған қауымдастықтың кезекті XV-Құрылтайындағы қауымдастықтың президенті, академик Зядан қажы Қожалымовтың БАЯНДАМАСЫ

(Алматы, 22.12.2006 ж.)

 

ХАЛЫҚ ЕМШІЛІГІНІҢ БОЛАШАҒЫ

 

Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін ерекше киелі қасиетке ие емші, бақсы, көріпкел, болжаушы, тамыршы, сынықшы, жұлдызшы, жауырыншы, балшы, рухани емші т.б. дарындыларды бір қауымдастыққа біріктіріп, олардың халыққа қызмет атқаруына, бойларындағы тылсым құпия сырлары мен емдік әдіс-тәсілдеріне ғылыми тұрғыдан тұжырым жасауға мүмкіндік туды. 

Бүгінде қазақ елінің көп ұлтты емшілерінің абыройлары, теориялық білімділігі, тәжірибелік ізденісі, мәдениетінің жоғарылығы және шеберліктері әлемнің көптеген елдерінің ғалымдарын, зерттеушілерін, ерекше киелі қасиет иелерін мойын­датуда. Бұрын емшілеріміз басқа елдердің ғалым мамандары емшілік саласындағы өткізген конгресс және форумдарына қызығушылық білдірсе, кейінгі 2004-2006 жылдардағы Қазақстан халық емшілері қауымдастығы ұйымдастырған халық емшілігі саласының үш конгресі мен форумы (Алматы, 16-18.09.2004, 24-26.09.2005 және 22-24.07.2006) емшілердің мәртебесін асқақтатып қана қоймай, әлемнің бірнеше елінен келген қатысушылардың қазақ халық емшілігінің өткені, бүгіні, болашағы туралы толық мәлімет алуын қамтамасыз етті. Халық емшілігінің өзіндік жеке тарихын қалпына келтіруде қауымдастық өте күрделі ауыр жолдардан өтті. Шындық пен табандылықтың, адамгершілік пен имандылықтың, қайырымдылық пен кешірімділіктің, ұстанымдылық пен сенімнің, талғам мен бағалаудың, білімділік пен ізденістің нәтижесі «Оты сөнген, жоғалған киелі өнерді» қалпына келтіруде ұзақ жылғы қажырлы еңбек өз жемісін берді. Әр емшінің тағдыры Алла тағаланың тағдырнамасында жазылғандығы бүгінде шындыққа айналды. Кешегі Кеңестік идеология заманында адамдардың азаматтық санатында мүшкіл, сенімсіз әрі арнайы бақылау орындарының бақылауына алынған киелі рухтылар бүгінде, Елбасының қамқорлығы нәтижесінде абыройлары көтеріліп, өз бойларындағы  шипалық қасиеттерін сырқат жандардың денсаулығын жақсартуға арнап, олардың алғысына бөленуде. Қауымдастықтың алғашқы қадамы да оңай қалыптасқан жоқ. Бүгінгі жағдайы ешқандай демеушісіз, мемлекеттің көмегінсіз, тек қана өзінің жеке мүшелері мен емшілерінің саналы түрдегі демеуі және қолдауымен дамып, өзінің Жарғылық мақсаттары және міндеттерін жүзеге асыруда. Сондықтан да қауымдастық өз құрамына ұлты, жынысы, білімі, психологиясы, танымы, қасиеті әр түрлі адамдарды ерікті түрде біріктіріп, халыққа рухани тәрбиелік бағыт беруге аянбай ат салысуда. Қысқасы қиналғанға – қамқор, әлсіздерге – қуат, жолдан адасқандарға – ақ жол, діннен безгендерге – имандылық бағытың нұсқауда, қисайғанға – сүйеу, құлап бара жатқанға – тіреу болумен қауымдастықтың ұжымы оларға қорған да, ақылшы да, жолбасшы да әрі сенімді қолдаушы бола білді.

Қауымдастық қызметін тоқтатуға, таратуға және ұжым мүшелері мен емшілері арасында жік салушыларға оның басшылары мен мүшелері парасаттылықпен қарап, қауымдастық пен жеке мүше-емшілерге келтірген моральдық, психологиялық және материалдық зиянды әркеттеріне сабырлылық сақтап, мойымай төзе білді. Ақыры оларды бүгінде өздерінің білім-қабілетіне, шипа-дәруіне мойындатты.

Алғашқы қауымдастықты ұйымдастыруда, қызметінің алға басуына үлестерін қосқан 1-вице-президенті, м.ғ.д., профессор Әлихан Ризаұлы Шокин (марқұм), вице-президенті журналист Бақтыбай Айнабеков, бас директоры м.ғ.к., доцент Бекенов Тұрсын Балғымбекұлы (зейнеткер) және ғылыми хатшы м.ғ.д., профессор Елтай Заркешов Ғакипұлының қосқан үлестері мен адамгершілік қадамдарына Төралқа ризалығын білдіреді. Қауымдастық алғаш 1992 жылдың ақпан айынан бастап өзінің  халық емшілерінің білімін жетілдіру мен көтеру мектебінен мыңнан аса емшілерді оқытып, олардың құқылық емдік сауықтыру қызметтеріне мүмкіндік туғызды. Бір жылда қауымдастықтың 16 облыстық және қалалық (Алматы) филиалдары ашылып, бәрі жергілікті облыстық Әділет басқармаларынан тіркеуден өтіп, қызметтерін бастады.

Дегенмен, қауымдастықтың басшысына ешқандай ескертусіз қызметін 3 айға тоқтату жөнінде ҚР Әділет министірлігінің шешімі (№10-22-261, 15.12.1992) қауымдастықтың қызметін ұнатпайтын арнайы министрліктер мен комитеттердің талабы бойынша шығарылды. Қауымдастықтың барлық филиалдары жабылды. Қайта тіркеу басталды. Қауымдастыққа материалдық және моральдық  шығындар келтіріліп, әр тараптан емшілерге психологиялық қысымдар көбейгеніне қарамастан, қауымдастық басшылары өз ұйымын қайтадан қалпына келтіруде табандылық, сабырлылық, ақылдылық, білімділік, ұстамдылық, түсіністік таныта білді. Осының нәтижесінде қауымдастық өзіне қазылған орлардан аман өтіп, бүгінде нағыз рухани-сауықтыру мен ғылыми танымдық киелі шаңыраққа айналды.

Бүгінде қауымдастықтың 5000-ға жуық емші және мүшелерінің басын біріктірген 30 филиалы (10 облыстық, 20 қалалық) өздерінің Жарғылық және Ережелік мақсаттары мен міндеттерін абыроймен атқаруда. Қауымдастықтың қызметін үгіттеуде баспасөз беттерінде 500-ден аса авторлық сұхбаттар мен мақалалар жарияланса, телеарналар мен радиотораптарында ұдайы  сұхбаттар, емдік шаралар жалғастырылуда. Қауымдастық қызметін қорғап әрі өркендеуіне әсіресе, «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Заң», «Халық кеңесі», «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Аргументы и факты Казахстана», «Алматы ақшамы», «Азия», «Шалқар», «Заман-Қазақстан», «Ақ босаға», «Астана Ақшамы», «Жетісу», «Түркістан», «Қазақ үні», «Қылмыс пен жаза», «Преступление и наказание», «Астана дауысы», «Жерұйық», «Семей таңы», «Сарыарқа», (Семей аймақтық) «Орталық Қазақстан», «Торғай таңы», «Көкшетау», «Сарыарқа» (Жезқазған), «Солтүстік Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Ақ жол», «Атырау», «Халық емі», «Шипагерлік баян», «Сыр бойы», «Орал өңірі», «Целиноград-Ақмола», «Страна и Мир», «Ақбаян», «Тамаша», «Ислам және өркениет»  сияқты республикалық және облыстық газеттер редакциясы мен қалалық  «Шымкент келбеті», «Апта» (Жезқазған), «Каспий таңы» (Атырау), «Шипагер» (Қарағанды), «Ақ жол» (Байқоңыр) сондай-ақ, аудандық «Ұлытау», «Шұғыла-радуга» (Жамбыл облысы, Жамбыл ауд.), «Хантәңірі» (Алматы облысы) газеттерінің редакциялары, республикалық журналдар «Денсаулық», «Шапағат-Нұр», «Ақиқат», «Омулет», «Отбасы және денсаулық», «Атамекен-Ай» т.б. редакциясы  ұжымдарының және республикалық радиоторабының журналистері Қосанов Төлеу қажы, Досымов Бақыт (марқұм), Әбназаров Үмбет, Әбекова Ажар, Телғозиев Әшірхан қажы, теледидар журналистері Қазбеков Құдайберген, АйтөленоваҰ¦лболсын, Тұрсынбекова Айгүл және облыстық теледидар журналистері Қабылов Берден (Ақмола-Ақшам), Әбдырайымов Толымбек (Көкшетау), Жантеміров Амандық (Солтүстік Қазақстан), Тоқпанов Жаңабек (Рахат ТВ) және «Азаттық» радиосы Алматы бөлімшесінің меңгерушісі, журналист Саясат Бейісбаев т.б. белсене көмектесіп, тілектес болған барша қаламгерлердің еңбегіне қауымдастық Төралқасы алғысын білдіреді.

Қауымдастық 15 жылдық тарихында кездескен қайшылықтар мен қиыншылықтарға қарамастан, ата-бабаның киелі тектік қасиетінің иегерлерінің нағыз қорғаушысы екенін өзін сынаушылары мен жақтаушыларына танытты әрі мойындатты. Жоқтан бар ету Құдайдың ғана қолынан келеді, ал адам үшін барды ұқсатудың өзі де күрделі сынақ. Сондықтан да танымы мен психологиясы жақын келмейтін әр ұлттың киелі, арқалы өкілдерін біріктіріп ымыраға келтіру, тәрбиелеу, саралау, білім беру және болашағына бағыт беру де оңай шаруа еместігі шындық. Қауымдастық Төралқасы мен емші-мүшелері өз тағдырларының бақытты жолын ынтымақ пен бірліктің, білімділіктің, парасаттылықтың, имандылықтың өлшемі негізінде таңдай білді.

Ерен еңбектерімен қауымдастық пен халқының құрметіне бөленген, халқына сыйлы, ақпейілді, иманжүзді, адал парасатты және шапағатты емдік нұрын шашқан емші-мүшелердің саны көбеюде. Олардың алдыңғы қатарында: Қожалымова Түймекүл, Рыбин Сергей, Ермаханова Қуанышкүл, Құрманалиева Қарлығаш, Файзуллаева Қызтумас, Кадыракунова Бурул, Алимжанов Серік, Энгельгардт Валентина, Калықов Серғазы, Погорелов Александр, Сағатбекова Майра, Мусаева Тамара, Первухин Борис, Коваленко Владимир, Мажкенова Бақытгүл, Ли Элла, Цой Лариса, Кандаурова Наталья, Ақжолова Гүлстан, Сембаев Айтқұрман, Середина Лариса, Хаджиева Шолпан, Тажибаева Өтегүл т.б. (Алматы), Кенжебайқызы Дәмеш қажы, Мұстапа Күләй қажы, Ибраева Күмісжан, Жарбосынова Лайлаш, Әбуқызы Қантай, Боданова Зауре, Жамалиева Күміс-ай, Омарова Несіпгүл, Бегалиева Рысалды (Астана), Сатыбалдинов Нураддин, Тырнахан Кабира, Нұржаубаев Төремұрат, Митербаева Айман, Ахмедова Лилия, Жетісбаева Батима, Сайдинов Анвар, Бахтиярова Нажия, Келдібекова Гүлшат, Еркінхан Кумари, Серік Зекейұлы, Байқуанышев Берік, Қызайбаев Жұмаш (Алматы облысы), Жандоңғарова Нағипа қажы, Қалмағанбетова Маргарита қажы, Құттыбаева Қализа қажы, Бөлебаева Бибігүл қажы, Әділбаев Ғани, Мамаев Серболат (Ақтөбе), Бесембаев Құмарбек, Қуанова Ақтиме, Поздняк Людмила (Атырау облысы), Иманжанова Күлжаухан, Құсайынова Зәмзә, Цыцелский Александр (Ақмола), Жолдасов Құдайберді, Қапышева Зұлғиза, Әмірова Нұргүл, Таранова Нина, Әзиза Сейдоллақызы, Құрманалиев Меделхан, Қалдыбаев Серік, Адырбеков Жарқынбек (Жамбыл облысы), Бажанова Людмила, Андросова Людмила, Сихымбаев Қуаныш, Васильев Юрий, Аяшов Бақберген, Ақпанбекова Айткүл (Қарағанды облысы), Жалмаханова Сағира, Жалмаханов Жали, Қоңырбай Ұлзия, Серікбаева Айжамал, (Қызылорда), Салназарова Ағзыя, Елдібаева Меруерт, Суясинова Несібелі (Маңғыстау, Ақтау), Анарбаев Талғат, Тәжібаева Ғазиза, Байділдаева Ұлболсын, Исаева Нұргүл, Қожағұлова Варшава, Қонысбаева Хатча, Таджиметов Хайрулла, Қасымова Шарипа, Бекетаева Калибибі (ОҚО), Сапарбекқызы Рымтай қажы, Орынбеков Қуат, Косьян Надежда (Павлодар), Сәрсекеева Аян (СҚО), Қорғанбаева Майра, Сейсенова Қадірсіз қажы, Әділбеков Серік (ШҚО) т.б бүгінде қауымдастықтың құрметті мүшелері әрі сенімді шипагерлеріне айналды.      

Қауымдастықтың негізгі қызметін жүйелі түрде жүзеге асыратын оның облыстық және қалалық филиалдары. Филиал директорларының басқару, ұйымдастыру жұмысының сапалы, нәтижелі болуы өз қолдарында. Білімді, қабілетті, иманды мүшелерді қатарына тартқанда ғана филиалдың айнадай жарқырап жақсы жетістіктерімен көрінері анық. Бүгінде осындай ірі басшыға айналған филиал директорлары қатарына облыстық: Тебекұлы Есдаулет (Алматы облысы), Ермұханова Гүлпара (Атырау облысы), Нисамбаева Багиткуль (Қостанай облысы), Никульшин Сергей (Қарағанды облысы), Ахметова Бахыт (Ақмола облысы), Қорғанбаева Майра қажы (ШҚО), Анарбаев Талғат (ОҚО)  және қалалық: Қасымова Раушан (Астана), Бұзауова Алтынай (Жезқазған),  Тәжібаева Ғазиза (Жетісай, ОҚО), Бесембаев Құмарбек (Құлсары, Атырау), Шумская Людмила (Көкшетау), Каюмова Гаућар (Түркістан), Нұрғожин Жолтай (Арқалық), т.б. іскерлік шеберліктерінен мол үміт күтуге болады. Дегенмен, «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» – дегендей, филиал қызметінің алға жылжуына кедергі келтіріп, өз жауапкершіліктерін жете түсінбей жүрген облыс директорлары Қазиева Қойсын (БҚО), Жармұханова Айжамал (Ақтөбе) және қалалық Жакиева Әмина (Ақсай, БҚО), Манапова Құттықыз (Шымкент), Саденов Серікбек (Балқаш), Ерманова Ләззат (Байқоңыр) бұдан былай өз қызметтерінен нәтиже шығарады деген үміттеміз. Облыс филиалдарын он жылдан аса басқарған Жолдасов Құдайберді (Жамбыл) мен Есенова Күнқияш (Қызылорда) ұйымдастырудағы жіберген ірі қателіктерінен мүшелермен ара-қатынасы әлсіреген. Екеуінің осы қателіктеріне әділ баға берген қауымдастықтың кезектен тыс VІ-Құрылтайының делегаттары аталған Жамбыл және Қызылорда облыстық филиалдарының қызметін тоқтатуға шешім қабылдады. Аталған облыстардың Әділет басқармалары бұл Құрылтай шешімін бекітті.

Қауымдастықтың мүше-емшілерінің ішінде өздерінің жеке басының пайдасын ойлап, сырқат жандарды арбап-алдаумен молаларға зиярат еткізумен әрі қауымдастықтың Төралқасы мен басшыларын алдап жүргендердің ішінде Ақмола облысының Шортан қаласының тұрғыны Ибраева Күнслу мен оның сүйікті шәкірті теміртаулық (Қарағанды облысы) Есмұрзаев Алтынбек т.б. атауға болады.

Қауымдастықтың қызметін жақсартуда оның мүше-емші­­лерінің сандық емес, сапалық жағына мән беруге баса назар аударылды. Сондықтан да мүшелердің тәртібіне қарай қауымдастықтың Жарғысы негізінде қайта тіркелуде. Қауым­дастық пен емделуші халықты да және жергілікті заң мен салық орындарын алдап, өз бас пайдаларының мүддесіне қызмет істеп жүрген мүше-емшілер де баршылық. Олардың кейбіреулері Калитов Қуаныш (Алматы) сияқтылар бүгінде заң орындарының алдында жауап берсе, Ақшолақова Дүйсенкүл (Жезқазған), Мадиярова Сәуле (Тараз), Муапых Асқарбек (Ақтөбе), Подлесная Ольга (Алматы), Еспембетова Сайраш (Алматы), Фник Ю.А. (Алматы), Такенова Асия мен  Нұрғалиева Римма (Ақтау) т.б. психологиялық жағынан алдау мен арбаудың жолындағы емшілер екендігін өздері-ақ әшкерледі. Мұндай емшілерге бұдан былай қауымдастық қатарынан лайықты орын жоқтығы тиісті орындарға хабарланды.

Қауымдастықтың жиырмадан аса мүше-емшілері қасиетті Меккеге барып қажылық парыздарын абыроймен өтеп келіп, өздерінің діни тәрбиелік үгіт-насихаттарын көпшілік арасында жалғастыруда. Мұстапа Күләй қажы, Кенжебайқызы Дәмеш қажы (Астана), Құттыбаева Қализа қажы, Жандоңғарова Нағипа қажы,  Қалмағанбетова Маргарита қажы, Бөлебаева Бибігүл қажы (Ақтөбе), Сапарбекқызы Рымтай қажы (Павлодар), Қорғанбаева Майра қажы, Сейсенова Қадірсіз қажы (ШҚО), Ибраимов Адамбай қажы (Талдықорған), Мұсабаев Нұрсан қажы (Алматы обл. Ұшарал қаласы) т.б. бүгінде рухани тәрбиелік орталықтың білімді басшыларына айналды. Үш жүзден аса мүшелеріміз бір және екі жылдық діни медресенің курстарын бітіріп, өз білімдерін ізгілік жолына ықылас білдірушілерге үйретуде.

Қауымдастықтың президенті, академик Зядан қажы Қожалымов мырзаның басқаруында халық емшілерінің қызметін жақсарту мақсатында «Қазақстан Республикасының халық емшілерінің қоры» қоғамдық қоры (2005) мен емшілік қызметін ғылыми тұрғыда зерттеу мен дамыту үшін оның «Халық медицинасы және ғарыштық қуат» Академиясы құрылды (2006).

Халық емшілерінің емшілік қасиетінің негізін ғылыми анық­тамаларымен тарихта қалдырған XV ғасырдың ғұла­масы, ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының туған жері Шалкөденің Айғайтасының Қарааршасы қыратына (қазіргі Райымбек, бұрынғы Нарынқол ауданы, Алматы облысы) қауым­дастық басшысы З. Қожалымов мырзаның ұйымдастыруымен арнайы құлпытас қойылды (23.07.2002).

Бүгінде елді мекендерде өздерінің ерікті қалаулары бойынша Алланың үйі мешіт құрылыстарын бастағандар мен аяқтағандар да қауымдастықтың құрметті мүшелеріне айналып, намазхан мұсылмандардың алғысына бөленуде. Қауымдастықтың емші­лерінің діни білімін жетілдіру мен рухани тәрбиелік қыз­метін жақсартуда Түркиядан арнайы шақырылған қауымдас­тықтың мүшесі, рухани-шипагер Шыңғыс қажы Зухабатыр (Чолпан Женгизхан) өз үлесін қосуда.

Қауымдастықтың 1-вице президенті Мырзагелдиев Ермек мырза Алматы облысы, Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылында 500 намазхандық екі қабат мешіт құрылысын сапалы аяқтап, осы жылдың 27 қазанында салтанатты түрде мешіт кілтін аудандық әкімдікке табыс етті. Төралқа Ермек мырзаның халқының алғысына, ата-баба аруағының ризалығына және Алла тағаланың рахымына бөленуіне тілектестік білдіреді. Қауымдастықтың мүшесі халық емшісі Жалмаханова Сағира ханым Байқоңыр қалалық әкімшілігінен 500 намазхандық  мешіт салу үшін 1996 жылы жер алып, оның құрылысын жартылай аяқтап келеді. Сағираның игілікті ісі туралы «Қазақ әдебиеті» газеті (20.01.2001), «Егемен Қазақстан» газетінде «Байқоңырда мешіт тұрғызылуда» (27.06. 2001) т.б. басылымдарда авторлар мақалалары жарияланып, ізгі тілектерін білдірді.  

Қазақ топырағынан жаралған ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни т.б. ұлы ғұламалар еңбектерінде де халық емшілігінің өзіндік ерекшеліктері мен болашағы жөнінде анықтамалар беріледі.

Қазақ халық емшілігінің алғашқы ғылыми негізін қалаған XV ғасырдың дала жаһангері, ғұлама ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1485) өзінің «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегінің құндылығына бүгінде қазақ елі ғалымдары ғана емес, әлемнің медицина және гуманитарлық ғылымдарының ғалымдары мен зерттеушілері де жоғары баға беруде. Қауымдастықтың президенті, академик З. Қожалымов 1996 жылдан бастап ғалым-шипагердің «Шипагерлік баян» атты еңбегін  ғылыми тұрғыда зерттеп, қырықтан аса ғылыми танымдық мақалаларын ғылыми журналдарда, кітаптарда және газеттерде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таныстырып келеді. 

XVII-XVIII ғасырда орыс офицері, географ Н. П. Рыжков, дәрігер С. Большой, XIX ғасырда генерал-мойор В.Б. Броневский, әскери дәрігер А. Ягмин және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов т.б. зерттеп, халық емшілігі туралы мол жазба деректерін қалдырды.

Қазақтың оқымысты ғалымы Әміре Айбақын XIX ғасырдың соңында қымыздың туберкулезге емдік қасиетін анықтады.

XVII-XIX ғасырда өмір сүрген әскери дәрігер-емші Құртқа баб (1770-1906) халықтық дәстүрлі емес медицинаның негізін байытып, оның ғылыми медицинамен арақатынасын жақындатты.

XX ғасырда дәрігер-жазушы З. Шашкин қымыздың емдік қасиетін өзіндік зерттеулерімен байыта түсті. Ғалым-жазушы Естөре Оразақов, шөп дәрімен емдеуші ғалымдар М. Қожабеков, Сәлкен Суханбердин т.б. ғалымдар дәстүрлі емес халық медицинасының дамуына үлестерін қосты.

XX ғасырдың 60-жылдарының басында Алматы қаласында сол кездегі Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі, м,ғ.д., профессор Сағиғатулла Қарынбаев «Бүкіләлемдік дәстүрлі емес халық медицинасының І-Конгресін» (1961) өткізді. Конгрестің қаулылары мен шешімдері негізінде әлем елінде дәстүрлі емес халық медицинасының қалыптасуына жол ашылды.

Алматы қаласында дәстүрлі емес (1961) халық медицинасы мен ғылыми медицинаның (1978) І-Халықаралық конгрестері  өткенін ескерсек, Алматы қаласы әлемде осы екі сала бойынша шипагерлікте «Алтын ордаға» айналды. Қазақ елінде халықтық және ғылыми медицина туралы қабылданған қаулы-қарарлар әлемдік медицинадағы кейбір мәселелердің батыл қозғалуына себеп болды.

Қауымдастықтың жеке ғалымдары тарапынан академик З. Қожалымов мырзаның жетекшілігінде әрбір емшіге жеке анкеталар толтырылып, олардың:

1. Тектік ата-тегі бойынша 30-дан аса: (қажының, молданың, бақсының, балгердің, тәуіптің, көріпкелдің, болжаушының, құма­лақ­шының, сынықшының, дәрі жасаушының, аяншының, жауырыншының, жұлдызшының, кітап ашушының, діни емшінің, уқалаушының, жан-жануардың мүшесі дәрілері арқылы емдеушінің, металл-металлиодтен дәрі жасаушының, дуаханның, сиқыршының, орнынан қозғалған ағзаларды орнына қоюшының, ғаламаттар жасаушының, құпия тілде сөйлеушінің, құпиялы жазу, сызу, ән жазушының т.б.);

2. Сырқатты анықтау әдіс-тәсілдері бойынша 30-ға жуық: Тамыр ұстау арқылы, адамның көзіне, сыртқы пішініне, сөзіне, өңіне, қимыл мен жүрісіне, алақанына, тырнағына, суретіне, жазуына қарап және болжампаздықпен, көріпкелдікпен, Құран кітабын ашу арқылы, жауырынға қарап анықтау, таспих тарту арқылы, белгісіз жазу арқылы, су мен айнаға қарау арқылы, белгісіз дыбыс арқылы, сезім арқылы, арнайы құрал көмегімен, адам бейнесін елестету арқылы, мінез-құлқына қарап, сезімталдығына, мүше кемістігіне, ұйқысына, тәбетіне, көлікке отырысына, ойлауына т.б. ерекшелігіне қарап;

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

в начало