өмірімнің шежіресі 25 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | ||
Ынтымағы мен бірлігі берік ҚАУЫМДАСТЫҚ Өткен жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдарының басында көршілес Одақтық мемлекеттерде етене құрыла бастаған халық емшілерінің қауымдастығының Қазақстанда да құру мәселесін ғалымдар, ақпарат және баспасөз мамандары мен халық емшілері өкілдері де қуаттап өзінің ұйымдастыру комитетін (30.09.1991) құрғанда, оған қарсы болғандар да аз болмады. Алғашқы Республикалық халық емшілерінің қауымдастығын құру жөніндегі Қаулының да әлде біреулердің тапсырмасымен себепсіз жоқ болуы оның қызметін тоқтата алмады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы (З.Қ) мен медицина ғылымдарының докторы, профессор Алихан Чокиннің және медицина ғылымдарының кандидаты Тұрсын Бекеновтың ақылдаса бірігуі қайтадан ұйымдастыру комитетінің жұмысының басталуына негіз болды. Айғайшылардың (әсіресе ҚР Денсаулық министрлігіндегі шенеуніктер) емшілер құрылтайын өткіздірмеу жөніндегі ықпалы оның ізгі мақсаттарын тоқтата алмады. 1991-жылдың 22-желтоқсаны емшілер қауымдастығының құрылған күні болып тарих бетіне жазылды. Содан бері жиырма жылға жуық уақыт өтіпті. Қауымдастықтың қызметін аты аталған ұйымның ұйымдастыруымен екі рет (12.06.1991, 15.12.1991) тоқтаттыру жөніндегі ұсыныстарын орындай алмады. Осы мәселе жөніндегі белді ұйымдастырушы бүгінде аты өшкен, сол кездегі Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» басшылары негізгі қауымдастықты жою жөніндегі басты тұлғаға айналды. Мемлекетіміздің барлығы жеті министрлік пен комитет және банк жүйесі қауымдастықтың қызметінің тоқтауына ықпал етіп қалмастан, қауымдастық пен оның мүшелеріне моральдық, психологиялық және материалдық жағынан жасаған қысымдары қауымдастық тарихының беттерінде айнадай жарқырап тұр. Жылдар жылжып келеді. Дегенмен, өткендегі шортандар жоқ болғанымен олардың шабақтары әлі де көреалмастықтың пиғылын көрсетіп, өздерін емшілерді «Жарылқаушымыз» деген әрекетін әлі де жалғастырып келеді. «Аңқау елге – арамза молда» – дегендей, жиырма жылға жуық жеті мыңнан астам «Кәсіби халық емшілерін» құлдық пен күндікке ұстаған, моральдық және психологиялық қысым жасаған жоғарыдағы аты аталған орталықтың басшылары қауымдастықтың вице-президенті А.Бодровты қысыммен, қауымдастықтың келісімінсіз өздеріне жұмысқа алып ақыры оның өліміне де себепкер болғанын бүгінде заң орындары ғана емес, оқырман қауым да біледі. Адамгершіліктің парасаттылығын түсінгендер өзінің замандастарына әрқашанда жақсылық жасауға ниет етіп тұрады. «Қасқырда баласына қас қылмайды» – деген халық даналығын түсінбеген қандастарымызға «сендер сөздеріңмен емес жетістіктеріңді нақты мәліметтермен көрсетіңдер» демекпіз. Қауымдастық басшысын сиқырлау мен дуалау арқылы (07-08.05.1992. т.б.) оның адамдық тұлғасын өзгертеміз деп, Қазақстандағы сиқыршылар мен дуақандарды жинаған жоғарыдағы аты аталған ұйымның басшылары өз мақсаттарына жете алмады. Бірақ, олар сенген Алматылық, тараздық, шымкенттік және т.б. орындардың сиқыршылары мен дуақандарының бүгінде өмірде жоқтығы аянышты-ақ?! Міне, халқымыздың «Біреуге ор қазба – өзің түсесің», – деген өсиеті осының дәлелі. Қазақстанда қаптаған «Сары, ақ, көк, қара» атты әулиелер мен «Алып ана, Үлкен апа» т.б. жанама аттары барлар қауымдастық тарапынан үлкен сыңдарға ұшырауын алғаш түсінбегендер, бүгінде толық түсінгендей болды. Бұл «Данышпандарды» бүгінде іздесең де таппайсың? Міне біздің шындық. Көреалмастар сендердің ойларыңның неге жүзеге аспағандығын білесіңдер ме? Шындық пен әділеттілік әрқашанда өзінің жемісінің бақытына жетеді. Арамдық, көреалмастық, өсек-аяң тазалардың қызметіне әсер ете де алмайды. Сондықтан да ақырыңдап аяңдай жүріп, басқалардың анау-мынау сөзіне мән бермеген қауымдастықтың көші міне, жиырма жылға да таяды. Емшілердің ең үлкен қуанышы сонау XV-ғасырдағы қазақ даласының жаһангері, ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабаларының «Шипагерлік баян» еңбегімен етене танысып, оны өздерінің өмірлік төл құралына айналдыруы және бабаның ғылымда екінші Ибн Сина атануы олардың күш жігеріне қуат бергендей болды. Жақсылық дегеніміз – ол қиыншылық пен таза күрестің жемісі. Қауымдастық жиырма жылдық тарихында өзінің қаражаттық қиыншылықтарына қарамастан екі рет он және он бес жылдық торқалы тойын атап өтті. Он реттен асық Халықаралық және республикалық конгрестер мен форумдарды өткізіп, қазақ халқының халық медицинасының барлық тақырыптарын қамтып қана қалмастан, өзінің мүшелерінің білімін жетілдіруге, тәжірибелерін арттыруға, бір-бірімен танысып өзара ынтымақтарын жақсартуға, шеберліктерін дамытуға және шет мемлекеттерге де білімділіктеріменен танылуына зор әсері болды. Қысқасы емшілердің мәдениеттілігі, білімділігі, қайырымдылығы, имандылығы мен инабаттылығы артып келеді. Бүгінде қауымдастықтың мүшелері кімнің киелі қасиеттің жаулары және кімнің оның қорғаушысы әрі дамытушысы екендеріне толық түсіністікпен баға беру дәрежесіне жетті. Қауымдастық бүгінде көп салалы ғылымдар саласының кандидат, доктор, профессорлерімен бірлесе халықтық шипагерлікті зерттеп өркендетудің ғылыми ордасына айналды. Иа, қауымдастықтың мүшелерінің бірлігінің жемісі осыған дәлел. Қауымдастықтың өткен өмір жолын зерделей келе, осы бір уақыттағы жеткен жетістіктері мен басқалардан көрген қысымдық қиыншылықтарын салыстырсақ, әрине қауымдастықтың жақсылығы жағының таразының басын басып тұрғандығы жанашырлары мен оқырмандарға анық байқалады. Қауымдастықтың негізгі тіректері болатын оның мүшелері мен емшілері және жанашырлары өздерінің киелі шаңырағының Жарғылық қызметіндегі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырылуына әрқашанда табандылықпен қорғап, киелі қасиеттің тылсым күштерінің өркендеуіне және мәңгілік тарихының жасалуына өз үлестерін қосып келеді. Иншалла, қауымдастық үшін ұзақ ғұмыр, мүшелеріне бақытты өмір болсың. Еліміз аман, халқымыздың имандылығы арта берсің. Емшілердің қауымдастығының алдағы торқалы мерекесінің тойы құтты болсын! «Шипагерлік баян» газеті, № 6, 2011 ж. ҚЫЗМЕТІМІЗ БЕН МАҚСАТЫМЫЗ АДАЛДЫҚ ЖОЛЫНДА Қазақ халқының терең тарихи кезеңдеріне үңілсек, ұлттық дәстүрлерінің сақталғанынан жоғалғандары әлдеқайда көбірек десек шындыққа жанасатыны анық. Адамзат баласының алғашқы дәуірінде оларды бір ортаға топтастыруда, сөйлеу мен арақатынас байланысын жасатуда, тәңірдің ғаламаттық құдіреттерін танытуда, адамзат ұрпағының денсаулығына көмек етіп ірі тұлғалы ұрпақтар қалыптасуына, өмір тіршілігінің мәдени тұрғыда қалыптасуына, тәртіптік режимдерді орнатуда және алғашқы тұрпайы адамзаттық қоғамның қалыптасуына тылсым құпия сырлары мен ғарыштық байланысқа ие бақсылар мен балгерлердің жекелей үлестері болғандығын әлдебіреулер мойындамағанымен, тарих шындығы мойындата алады. Қазақ халқы ішінен жоғары сезімталдық қасиет пен көріпкелдік, жұлдызнамалық, емшілік пен бақсылық, сынықшылық, тамыршы тағы басқа қасиетке ие киелі жандар болғаны өмір шындығы. Осылардың ішінен аттары ел тарихында аталған және аталмағандары да баршылық. Бүгінде ел тарихының ортасынан өзіндік орнын тапқан шипагерлер де табылуда. Солардың ірі тұлғасына жататын даланың жаһангер ғұлама шипагері, ХV ғасырдың төл перзенті, Жетісу өлкесінің Шалкөдесінің тумасы, «Шипагерлік баян» атты ғылыми медициналық энциклопедиялық еңбек жазған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы болатын. Ғалым шипагердің бұл еңбегі көрші Қытай елінің мемлекеттік сыйлығын алса (1997ж) ал, өз еліміздегі көп салалы ғалымдардың зерттеуінде ел ғылымының мақтанышына айналды. Қауымдастықтың басшысы Өтейбойдақтанушы ғалым З.Қожалымовтың көп жылғы зерттеуі бойынша баба еңбегі толық ғылыми айналымға еніп қана қоймастан, шетел және қазақ ғалымдарының баға беруімен бабаның екінші Ибн Сина атануы да ел мақтанышы. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуы өткен жылы шетел және Қазақстан ғалымдары мен Қауымдастықтың мүшелерінің қатысуымен аталып өтті. Қауымдастықтың жиырма жылдық тарихына арналған тарихи альбом кітабы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баспадан жарық көрді (авторы З.Қожалымов). Халықтық емшіліктің өшкен оты қайта жанды. Жоғалған дәстүрлі мұралары, тарихы қалпына келді. Қауымдастықты алғаш құрған жылдары бұл қауымдастықты екі айда өмір сүргізбейміз дегендер мен көре алмайтын күндестердің армандары орындалмады. Қауымдастықтың басшылары мен оның адал мүшелернің табандылығы, білімділігі, адами қасиеттерінің арқасында қауымдастықты екі рет жабуға әрекет еткендерге мәдениеттілік пен байсалдылық көрсетуі оң нәтижесін берді. Бүгінде Қауымдастықтың басшысы, ғалым және мүшелері тарабынан халық емшілігінің қырлары мен сырлары жөнінде баспадан қырықтан аса еңбек жарық көрді. Қауымдастықтың «Шипагерлік баян» газеті оқырмандардың сүйікті құралына айналды. Алты жылдан бері әлем елдеріндегі халық медицинасы саласындағы ғалымдары мен емшілері қауымдастықтың интернет сайты арқылы оның қызметімен, жазылған ғылыми еңбектерімен және алдыңғы қатарлы емшілермен танысып әрі байланыс жасап келеді. Бір қуанарлығы интернет сайт арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Денсаулық сақтау департаментінің халық медицинасы бойынша қоры тізіміне ғалым З.Қожалымовтың орыс және ағылшын тілдеріндегі үш кітабының ілінуі қазақ ғылымы мен қауымдастықтың және емшілер үшін зор мақтаныш. Бақыт дегеніміз ол қиналып жығыла және сүріне жүріп, жоқшылықтың зардаптарында көріп және қарсыластарымен жағаласа жүріп жеткен жетістіктің жемісі болмақ. Қауымдастықтың басшылары мен мүшелері де осы жолдан сүрінбей өтті. Өз мақсаттарына жетті. Қиыншылықтар мен көлденең қойған торлардан өтудің мәдениетті түрдегі шебер жолдарын ойлап тапты. Қысқасы дос қуанды, қарсыластар күйінуде. Бір өкініштісі өткен жылы қауымдастықтың вице-президенті Александр Бодровтың осы қауымдастықты құрылғаны бері құлатуға әрекет еткен бұрынғы «Республикалық халық медицинасы орталығының» ал, бүгінде жеке емшілік мекемесі басшысының орынбасары Ниезов Әнуардың Өзбекстандық жерлес бандит емшілерінің қолынан қаза болуы, қауымдастықтың қызметіне әсері де болғанын ашық айтамыз. Бүгінде КТК каналы бандит емшілердің құжаттарын өз экранынан тұрақты көрсетуде. Халықтық «Мәдени мұраның» бір саласы халық емшілігі ол мәңгі жасайды. Бұл жүйені ешкімде жоя алмайды. Өйткені бұл өмір шындығы, тарихтың дәлелдігі. Емші әлдебіреулердің қаражат тауып беретін тірі тауары болмауын құптаймыз. Емші еркіндікте өзінің мәдениеті мен білімділігі нәтижесінде халықтың денсаулығын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Тәуелсіз елдің емшілері әлдебіреулерге тәуменді болмауы керек. Кешегі республикалық халық медицинасы орталығының жеті мыңнан аса «Кәсіби емшілердің» бүгінде азда болса көрінбеуі, өзінің ұйымын тастап кетуін біз олардың бодандықтан, құлдық пен күңдіктен айырылуына бастаған әрекеті деп бағалаймыз. Емшілердің халін тек қана оның қасиетін танитын, бойында тектік киелі қасиеті бар басшы мен емшілер қауымдастығы ғана түсінеді. Қауымдастықтың жиырма жылдық тарихында қауымдастықтың ұйымдастыруымен оннан аса халықаралық және республикалық конгрестер мен форумдар және конференциялардың өткізілуі емшілердің бірлігін арттырды, білімін көтерулеріне мүмкіндек жасалынды, отандық және шетелдік ғалымдардың қазақтың халық медицинасына деген ғылыми көзқарастарын жақсарта түсті. Бүгінде емшіліктің ғылыми негізін зерттеуде «Халық медицинасы мен ғарыштық қуат» академиясының рөлі арта түсуде. Көптеген саланың ғалымдары осы академияның бағыттық бағдарламасы негізінде халықтық емшіліктің өткені, бүгіні және болашағы жөнінде ізгілікті еңбектердің негізін қалауда. Көш жүре түзеледі, қауымдастықтың мүшелері мен емшілері өзінің сүйікті қауымдастығының қызметін үздіксіз дамыта отырып, алға бастырады. Жеке қызметтерін халқына адалдықпен арнап алғыстарына бөлене бермек. «Шипагерлік баян» газеті, № 1, 2012 ж. Тектік киелі қасиет – ол мәңгі тірі Қазақ халқының мәдени мұрасының бір саласына жататын халықтық емшіліктің тарихы ұлттық үрдіспен бірге пайда болып, қилы-қилы замандардың оны жоюға дейін барған әрекеттеріне қарамастан бірге жасасып келеді. Қазақтың емшілік жүйесі ертеден-ақ шығыстық халық медицинасымен үндес, ұқсастығы мен үйлесімі жағынан тығыз байланысты және тамыры да терең болды. Бүгінде қазақтың ғылымынан өзіндік орнын тапқан құнды еңбектің бірегейінің-бірегейі ХV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі ұлт ғылымының мақтанышына айналды. Шипагер құнды зерттеулері мен тұжырымдары осы заманғы ғылыми медицинаның негізін қалады. Осындай өте маңызды еңбектің халқымен бес ғасырдан асқанда қауышуы, қазақ ілімі мен ғылымының ертеден-ақ негізі барын айқындай түсті. Кейбіреулердің еліміздің тәуелсіздігіне дейін «Қазақтың халықтық шипагерлік өнері болмады» – деген кертартпа әрекеттеріне шипагердің «Шипагерлік баяны» жүректеріне оқтай қадалды. Үстем империяның ықпалынан Кеңес заманында қазақ халқы киесіз, дарынсыз өзіндік халықтық емдік тәсілдері жоқ ұлт ретінде тарихта көрсетілді. Ел тәуелсіздігінен кейін киелі құпиялы тылсым күштер иелерін тапты. Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған емші, бақсы-балгер, көріпкел т.б.-лар санына жету қиын болды (қазірде солай). Осыдан жиырма жыл бұрын құрған Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» өз қандастарымыздың төбесінен жәй түскендей етті. Қауымдастықты жоюда республикалық жеті министрлік пен комиттеттердің мамандары жанын сала кірісті. Қауымдастықтың екі рет қызметін тоқтаттырды. Қысқасы, ұйымдастырушы сол кездегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылары болса ал, орындаушы болса ҚР Әділет министрлігі қызметкерлері еді. Осындай тексерулер қауымдастық басшылары мен мүше-емшілері және қауымдастық та материалды, моралды, психологиялық және қаражаттық зардаптарға аямай ұшырады. Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құрған күннен бастап-ақ, оның қызметін алға жылжытпауға немесе жойып жіберуге әрекет етуде жеті мемлекеттік жүйенің бірігуі, қауымдастықтың басшылары мен адал мүшелерінің қуаты мен бірлігін әлсірете алмады. Қанатымыз қатая түсті. Халық емшілері мен оның басшыларына сенуге болмайды, дендері сау емес, қолдарынан ғылыми шығармалар жазбақ түгілі, жөнді мақала да жаза алмайды дегендерге, басқа қырымыздан көрінуге әрекет еттік. «Жалғыздың жары – Құдай» – демекші, қолға қалам алып баспасөз беттерінде ой толғамындағы мақалаларымды жазуды тоқтатпадым. Күрес әлі жалғасуда. Кіммен десеңіз – қандас қаракөздермен. Алғашқы қарсылық ұйымдастырған шенеуніктер бұл күнде баяғы жылы орындарынан кеткен. Қиын кезеңде Қауымдастықты таратуға кіріскен топқа қосылған, киелі орданың «Сатқын» мүшелері де аз болмады. Мәдениеттілік пен адамгершіліктен және имандылықтан жұрдай емшісымақтар ұятты қойып, өздерін «Сары, ақ, көк, қара, тақиялы әулиелер», «Алып апа, ана, әулие ана» және «Жаратушы мен пайғамбарлар» мен «Пархат ата», «Ақ анашылар», «Аққуар», «Ата жолы», «Ордалар» т.б. жалған атаққұмарларды бүгінде арнайы сыйлық жариялап іздесең де таппайсың. Бұлар жөніндегі өз уағында баспасөзде де әртүрлі тақырыпта құнды мақалалар жаздым да. «Жүздің жүйрігі мен мыңнің тұлпары» – деген халықтық қанатты сөздің маңызы да айқындалуда. Бүгінде «жасампаз емшісымақтар» өмірде бар болғанымен енді халықта оларды қажет етпейді. Осыларды мадақтап асқақтатқан үгітші орны «Республикалық халық медицинасы Орталығы» мен осы Орталықтың сенімді көмекші ұйымы «Кәсіби халық емшілері қауымдастығы да» – өздерінің қызметтерін неге тоқтатқаны да белгісіз. Алғашқы кезде баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарында емшісымақтарды үгіттегендер де, бүгінде бұл пиғылдарынан қайтқан сияқты. Ұлы шипагер Өтейбойақ Тілеуқабылұлы: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады» – демекші, бізді көреалмай күндес болғандардың қарғысынан Жаратушымыз бізді қорғады. Аманаттың жүгі ауыр әрі қарызың сияқты сезіледі. Бұл бас мақала менің әруақ аманатын орындау мен оқырмандар алдындағы парыздық есебіміздің жиырма жылынан асық қызметіміздің нәтижесі болмақ. Ойлана келе жиырма жылдық жазғанымды, ойыма түйгенімді, көріп-білгенімді сұрыптап жеке ойымды баяндауға ниет еттім. Киелі қасиет – ол Алла Тағала сыйлаған, дарытқан жеке адам бойындағы нұры. Ол халықтың тектік киелі өнері. Ол халықтың рухани үрдісінің жеткен биігі. Тылсым күш құдіретін дарынды киелілерден хан да, қара да немесе билеуші топтар да тартып алып, иелене алмайды. Бұл – Жаратушының дарындыға сыйы әрі тылсым күш құпиясы. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы – қазақ елінің тарихында дарынды, киелі құпиялы тылсым күш иелерінің басын қосқан, тылсым сырлары мен халық емшілігін тұңғыш ғылыми айналымға енгізген бәйтерегі. Қауымдастық – емшілер арасындағы ақылы жетпегендерге – ақыл, қиналғанға – қамқор, қуат, жарқын жол, имандылық шуағына үйретуде оларға сүйеу және тіреу бола білді. Қолдан жасанды емші жасалмайды. Дарындылар ғана тарихта қалады. Тектік киелі қасиетті ешкім де жоя алмайды. Ол тарихи шындық. Сондықтан да тектік киелі қасиет ол мәңгі өмір сүреді. Оны ешкім де тоқтата алмайды. «Шипагерлік баян» газеті, № 7, 2012 ж.
Күн астында “күнбағыс” сияқты күн көрген “ұры” емшілер Бүгінде халық емшілерінің арасында медициналық білім алмаса да “дәрігер” және “ғылым кандидаты” атақтарын иеленіп жүргендер баршылық. Кейінгі кезде мұндай емшілер өздерін ашықтан-ашық “жоғары білімді медицина саласының дәрігерімін” және “ғылым кандидатымын” деген хабарламаларды да таратудан жалығар емес. Солардың шортандары мен серкелерінің теріс әрекетін көрсету адал ниетті, ақ халатты дәрігерлер мен иман жүзді емшілердің заң алдындағы адалдығы деп білеміз. 1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан 1990 жылы құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» жанынан ҚР «кәсіби халық емшілері ассоциациясы» 1992 жылдың маусым айында құрылып, оған Әділхан Ерманов деген емшіні президент етіп сайлаған-ды. Бұл қауымдастықты да 18 жылдан кейін Ә.Ерманов жауып тастады. Жоғарыдағы аталған Орталық пен Ассоциация басшыларының мақсаты халық емшілерін бір ортаға жию және осы саладағы құрылған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» РҚБ жою болатын. Осы аталған екі ұйымға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан материалдық және моральдық көмек көрсетілсе де халық емшілері үшін ешқандай ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және емшілік саласы бойынша кітаптар мен газет шығару болмады, ақыры өздерін өздері жапты (2010 ж.). Не үшін? Белгісіз. Әділхан Ерманов мырза 1946 жылы туған. Мамандығы мәдениет қызметкері. Жамбыл облысындағы бұрынғы мәдениет техникумын бітірген. Бір қызығы өзі оқымаған Ақтөбедегі медициналық академиясының (институт) дәрігерлік дипломын алғаны жөнінде өз үйінде 2002 жылдың қыркүйек айында маған, Республикалық халық медицинасы Орталығы Бас директоры Шинтаев Шакенге және көптеген емшілерге көрсетіп мақтанды. Емшілер көрімдігін де беріп жатты. Ә.Ерманов Ш.Шинтаевқа бағынышты болғандықтан мен Ш.Шинтаевқа: “Естіген дәрігерлер мен емшілерден ұят болады, біз масқара боламыз, айтыңыз, Ә.Ермановтың медициналық дипломын жойыңыз”, – дедім. Талап орындалмады. Содан бері 10 (он) жылдан асты. Ә.Ерманов болса Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау қызметінің үздігі» деген атақты да алып үлгерді. Оның Ақтөбе қаласындағы жарнамасында былай жазылған: «Приглашаем Вас 11.02.2004 года к 10 часам в офис Директора Актюбинского филиала на встречу с Президентом Ассоциации профессиональных народных цели-телей Республики Казахстан гос-подином Ермановым А. Для справки: Ассоциации професиональных народных целителей Республики казахстан в этом году исполняется 12 лет с момента её создания и всё это время её бессменным Президентом является господин Ерманов А., врач по образованию, Отличник здоравоохранения РК, 27 лет практикующий больных. Господин Ерманов А. Прибыл с целью проведения обучающих курсов будущих целителей, обладающих уникальным «божьим даром», с целью их дальнейшей опробации в клиниках области. Адрес офиса: улица Киселева 24, кабинет биоэнерготерапевта «БАПАН» Директор Актюбинского филиала АПНЦ Альмухамбетова К.Б» (Хабарлама сақтаулы). Ә.Ерманов мырза бұрынғы «кәсіби халық емшілері ассоциациясын» жапқаннан кейін, енді 2012 жылдың 21-желтоқсанында «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бір-лестігінің филиалы «Халық емшілері – Народных целителей» Ассоциациясын құрған. Ат-алған «Халық емшілері Ассо-циацияның» Республикалық I-конференциясын 2013 жылдың 12-13 наурызында Түркістан қаласында өткізбек. Бұған дейін құрылғанына 21 жылдан асқан «Қазақстан халық емшілері Қауымдастығы» РҚБ Ассоциацияның атын жамылып бұлардың өмірді қайта бастағаны заң талабына сай келе ме? Ә.Ерманов мырза бірнеше мыңдаған емшілерді бұған дейін ойыншық етіп, өздерінің тірі тауарына айналдырғандары аз болғандай, енді «жалған дәрігер» не тындырмақ? Ол өзіне көмектескен Е.Әбілқасымов пен Ш.Шинтаевке де сатқындық жасағанын білеміз. «Жалған дәрігер» Ә.Ермановтың бастығы «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Садыкова Айжан ханым, өзі басқаратын РҚБ «Ұлттық Медициналық Ассоциациясының» Жарғысына оның құрамында филиалы «Халық емшілері Ассоциациясын» құру жөнінде ҚР Әділет министрлігінен өзгеріс ендіріп тіркеткені заңдастырылған ба, бұл жағы түсініксіз. Дегенмен, А.Садыкова ханым өзінің басқаратын Ассоциациясының құрамында ашқан филиалы «Халық емшілері Ассоциациясымен» аттас заңды тұлға 21 жылдан астам уақыт қызметін жалғастырып келе жатқан «Қазақстан халық емшілері Ассоциациясы» РҚБ барын неге ескермеген? Бұл біздің құқымызды таптау. Қысқасы А.Садыкова ханым “жалған дәрігер” Ә.Ермановтың алдауына түскен. Қауымдастықтың Төралқасы Әділхан Ермановтың заңсыз алған Ақтөбе медициналық академиясының (институты) дәрігерлік дипломының күшін жойғызуды, «ҚР Денсаулық сақтау қызметінің үздігі» атағынан айыруды және «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» РҚБ филиалы «Халық емшілері Ассоциациясының» бұған дейінгі құрылған «Қазақстан халық емшілері Ассоциациясының» РҚБ атын келісімінсіз алуының заңдылығын тексертуді заң орындары мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен талап етуде. 2. Халық емшілері арасында ешқандай жоғары білімі туралы дипломы жоқ, бірақ жоғары білімді дәрігерлік дипломды және «медицина ғылымдарының кандидаты» атағын сатып алған Алматылық бұрынғы РХМО (директоры Ш.Шинтаев) Тохтахунов Абдрахман (1956 жылы туған, білімі орта, мамандығы жүргізуші, мекен жайы: Ақан сері к-і, 147 үй. ) деген халық емшісі 2003 жылдың ақпан айынан бері “медицина ғылымдарының кандидатымын” деп өзін баспасөз беттерінде, теледидарларда және жарнамаларда тұрақты хабарлап келеді. Бұл азаматтың жат қылығын медицинаның заңын таптау екендігін ескертіп сол кездегі бастығы Ш.Шинтаевке ескерткенмін. Бәрі өзгеріссіз қалды. Ал, мен А.Тохтахуновты өзіме шақырып ескерткенімде: «Ақшаң болса бәрін сатып аласың», – деді. Бұдан кейін А.Тохтахуновтың 1987 жылы 25 шілдеде АН № 654982 дипломы берілгені рас па деп сол кездегі ҚазақҰМУ ректоры Т.А.Муминовке хат жаздық. А.Т.Муминов мырзадан: “А.Тохтахуновтың КазҰМУ оқымағандығы және АН № 654982 дипломы берілмегендігі жөнінде (ФБ 19 №17-1-13)” хат келді. Және «медицина ғылымдарының кандидаты» атағын алғаны жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары аттес-тациялық комитетінің Төрағасы А.Құсайыновқа хат жаздық. А.Құсайыновтан азамат А.Тохтахуновқа «медицина ғылымдарының кандидаты» атағы берілген жоқ деген жауап келді (12.02.04. №В-61-59/13-0070). Емшілік мәдениетін көтеріп, білімін арттырып және оларды адалдық пен имандылықтың жолына тәрбиелеу қажет. Бірақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халық емшілігі саласына жауапты шенеуніктерінің ширек ғасырға жуық аралықта емшілерге бірде бір жақсылықтың нәтижесін көрсетпеуі, күн астындағы “күнбағыс” сияқты “ұры” емшілердің қатарының көбеюіне себеп болып, ұлттық емшіліктің абыройын айрандай төгуде. Киелі тектік қасиет – ол емшіге Алланың берген сыйы және ешкім де оны жоя алмайды «Шипагерлік баян» газеті, № 3, 2013 ж. халық емшілерінің құқылық тәуелсіздігі Халық емшілерінің ширек ғасырға жуық құқыларының арнайы тапталуы халық медицинасының тез өркендеуіне кедергі болғандығын жасыра алмаймыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан ашылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» жиырма жылдан аса емшілер қауымын әлдебіреулерінің қалтасын толтыратын майлы жілікке айналдырып, әйтеуір лицензия, сертификат деген сендердің қасиеттеріңді куәландырады дегеннен аспай келді. Ұлттардың тектік қасиеттерін жалғастырған өзіндік мәнін жоймаған болжаушы, көріпкел, жұлдызшы, емші, құмалақшы, жауырыншы, сынықшы, балгер мен бақсы т.б. ерекше тылсым құпия иелері мәдениетті темір тордың қоршауында болды. Міне осындай мәдениетсіз, білімсіз және жалғанды жалпағынан басқан емшісымақтар мен олардың Денсаулық сақтау министрлігіндегі көкелері халықтық емшіліктің абыройын айрандай төгіп, жермен жексен етті. Қысқасы емшілердің киесінің иесі кетті. «Қудың құйрығы бір тұтам» – дегендей, ақыры емшілер қауымы ҚР Заңымен бостандықтың тәуелсіздігін алды. Ертеде халық емшілері бақылауда болмады, тәуелсіз еңбектенді. Қазақтың емшілері ертеде табиғаттың құбылыстық өзгерістерінің адам денсаулығына өзгеріс әкелетініне ерекше бақылау жасай білді. Жылдың төрт мезгілдік өзгерістерін, жыл он екі айдың құбылымдық әрекеттерін, аспан әлеміндегі жұлдыздық айналымды нақты болжай білуінің шеберлігінің нәтижесінде денсаулыққа зиянды жақтарын бақылады, халыққа ескертті, сырқатты емдеп жазу жолдарын қарастырды. Ертедегі шипагерлер сырқат адамның ауруының пайда болу себептері мен сыртқы түрін анықтау, шипалық ем қолдану әдіс-тәсілдерін өте жауапкершілікпен пайдаланды. Ал, Кеңес заманында тарихы жазылмаған халық шипагерлігі күрделі зерделеу мен зерттеуді асыға күтті. Халық емшілігінің өрлеу кезеңдері жазба деректердің жоқтығынан әлі зерттеліп біткен жоқ. Өйткені, шипагерлік көне дәуірден ғасырлар бойы жоғалмай келе жатқан халық мұрасы. Халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейін өмірі де, болашағы да болмасы анық. Қазіргі медицинаның негізі мен ірге тасын қалаған сол халық емі, яғни халықтық шипагерлік дәстүрі екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Адамзат тарихының эволюциялық өзгерістері мен ғылымның дамуы, халықтық шипагерліктің емдік әдіс-тәсілдерінің ғылыми жолмен дамуына күшті әсері болды. Халықтық шипагерлік өнерінің тез әрі ғылыми тұрғы дан дамуына, Орта Азия мен қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалымдардың соның ішінде ХV ғасырда даланың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жеке зертханалық ілімдік ғылыми тұжырымдамалары арқылы жүзеге асты. Халық емшілігі медицинаның атасы екендігі жөнінде ресейлік Академик Б.В.Петровскийдің:«Шығыс медицинасының тарихы Тибет, Монголия, Индия, Қытай, Жапонияда осыдан мыңдаған жыл бұрын дамыды. Емдеу әдіс-тәсілдері болды. Бұл осы заманғы медицинаның дамуына өте қажет», – деп тұжырымдайды. Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Орта Азиялық және қазақ жерінің ғұламаларының емдеу тәсілі мен медицина саласы бойынша жазылған еңбектерін одан ары қарай жалғастырушы, дамытушы, халықтың игілігіне пайдалануда өзінің жеке талғамдық-танымдық қабілетін жүзеге асырушы болды. Ғұлама шипагердің «Шипагерлік баян» атты еңбегі кіріспе және «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдалғы» атты үш бөліміндегі дәлелдемелер осы заманғы медицинамен үндесіп, бірлесіп, араласып жатқан сипатта екенін мамандар бірауыздан растауда. Одан емделу дәстүріндегі медицина ғылымы тұрғысында да сабақтастық анықталды. Өзіндік терең философиялық танымы мол ғұлама шипагер Өтейбойдақ баба адам бойындағы қанды: «арам қан», «адал қан», «құтырған қан», «қанды ірің» – деп төрт топқа бөлген болжамдық ойының, грек ғұламасы Гиппократтың адамның организміндегі төрт шырын анықтамасы болжамымен сәйкес, үндес келетінін сипаттады. Сондықтан да, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі қазақ ғылымында энциклопедиялық медициналық жаңа жүйелік бағыттың ашылуына өте пайдалы ықпал ете алады. Бұл еңбектің ғылымдағы құндылығын бізден бұрын зерттеп, әділ ғылыми бағасын берген көрші Шығыс еліндегі қандастарымыздың еңбектері және «Шипагерлік баянның» Қытай мемлекетінің жоғары мемлекеттік сыйлығына ие болуы, қазақтың халықтық шипагерлік мәдени дәстүрінің осыдан бес жарым ғасыр бұрын, іліми негізі толық қалануын білдіреді. Ұлттық шипагерліктің мәртебесінің ғылымда жоғарылауы, ғұлама шипагердің терең ойлылығын, ұлттық шипагерліктің мәдениетін өркендеткен қарапайым халық емін, осы заманғы ғылыми медицинаның негізіне дейін жеткізгендігін бүгінде медицина саласының ғалымдары қуаттап, өз пікірлерін білдіруде. 2012 жылдың 10-шілдесінде өзгерістер мен толықтырулар негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының Заңымен (8-тармақтың 8-тармақшасы) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдары мен қосалқы ұйымдардан емшілерге емші сертификатын беру өкілеттілігі алынып тасталды. Кеште болса емшілер жоғарыдағы шонжарлардың торларынан құтылды, құлдықтың бодандығынан шықты. Емшілік ғылымына «Кәсіби емшілердің» көкелері тарапынан жаңалықтар енбеді, шонжарлар үнсіз қалды. Бұл біздің аталған министрліктегі шенеуніктермен айтысқан 21 (жиырма бір) жылдық шындық жолындағы айтыс пен күресіміздің таза жеңісі еді. Әр нәрсенің негізі ғылыми негізге сүйенеді. Мәңгілік өмір жоқ. Өміріміз айтысқа, өсек-аяңға толы. О дүниеге кеткенде де артымыздан піші-пішілер келіп жатар. Мұны өз уақытында сезе жатармыз. Сондықтан емшілер өткен өміріндегі қаталдықтардан сабақ алып, бұдан былай өздерінің де және қауымдастығының да бостандықтарын құрметтегені жөн. Халық емшілерінің бостандығы мәңгі болғай! «Шипагерлік баян» газеті, № 9, 2013 ж.
Қауымдастық ғылым ордасына айналды 2014 жыл “Қазақстан халық емшілері қауымдастығы” мен оның емшілерінің және жақтаушы ғалымдары мен жанашырларының ерекше құнды әрі бақытты жылы болды деуге толық негіз бар. Бұл жыл бұдан бұрында және бүгінде емшілерді сауатсыз, білімсіз дегендердің көмейіне көлденең зат қойса, елемейтіндерге еңселерің қайта көтеріп бір уақыт ойлануларына тура келді. Қазақ халқының халықтық емшілік саласының тарихы Кеңес заманының қатал солақай саясаты кезіңде ешқандай ғылыми айналымдарға енбеді, арнайы оқулықтарда жазылмады және қазақ халқын киесіз, дарынсыз, тылсым дүние құпияларынан хабарсыз ұлт ретінде көрсете келіп оның тектік киелі қасиетін жоюға әрекет еткені барша қауымға мәлім. Кеңес заманындағы қазақтың медицина ғылымдарының докторы, профессорлар Сағидолла Қарынбаев пен Естөре Оразақов т.б. халықтық емшіліктің шын жанашырлары болса да, оны кері саясаттың әсерінен ғылыми айналымға ендіре алмағандарына өкініп, кейінгі ұрпаққа аманат сөздерін мәнерімен қалдырған-ды. Сол кездегі ҚазССР Денсаулық сақтау министрі профессор С.Қарынбаев 1962 жылы осы Алматы қаласында әлемде тұңғыш рет халықаралық “Дәстүрлі емес халық медицинасының” конгресін өткізгені бүкіл әлемге мәлім болып, осы конгрестің қаулысы негізінде әлемдік халықтық дәстүрлі емес медицинаның негізі қаланып, ол бүгінде дәстүрлі халық медицинасына айналды. Бұған қуанудың орнына сол кездегі кеңестік тыңшылар бұл құжатты жойып жіберген. Бұл жөнінде денсаулық саласындағы басшылар білсе де білмегендей болып келеді. Бүгінде профессор С.Қарынбаевты әлемнің халық медицинасы саласы мамандары туған әкесіндей құрметтесе, осы конгрестің 50 жылдығы Индияның Дели қаласында аталып өтті. Шаң басқан архивтерден профессор С.Қарынбаевтың еңбегінің түп нұсқасы табыла қоймас. Десе де, орнында бар оңалар дегендей осы ғалымдардың арманы жарты ғасырдан кейін өз отаны қазақ елінде оның “Қазақстан халық емшілері қауымдастығында” ғылыми негізі қаланғанын марқұмдар көзімен көрмесе де, құлағымен естімесе де рухтары сезіп рахаттанып жатқан шығар. Қауымдастықтың ғалымдарының халықтық шипагерлік саласындағы еңбектері бүгінде ғалымдар мен қарапайым оқырмандарының іздеп жүріп оқитын негізгі оқу құралына айналды. Философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ-нің профессоры Жақан Молдабековтың басшылығында осы қауымдастықтың президенті, мәдениеттанушы ғалым, өтейбойдақтанушы ғалым З.Қожалымовтың ғылыми зерттеулері халықтық шипагерліктің б.д.д. және осы заманғы тарихының ғылыми негізі мен XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты медициналық энциклопедиялық еңбегінің толық ғылыми айналымға енуі, жақында Алматы қаласында ҚР Ғылым Академиясының “Ғылым ордасында” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының өткізілуіне негіз болды. Әлдебіреулердің “сауатсыз емші” деп санағандары сауатты ғалымға айналды. Қауымдастықтың құрамында ерікті түрде тұрақты ғылыми жұмыспен айналысатын м.ғ.д., профессор Керімбектің Ермаханы, ф.ғ.д., ҚазҰУ-нің профессоры Әнуар Тарақов, жазушы-профессор Ораз Қауғабай, м.ғ.д., профессор Жақанов Амангелді, п.ғ.к., профессор Сансызбай Құрбанқожа, м.ғ.д., профессор Жасан Зекейұлы, з.ғ.д., профессор Жапар Әлдибеков т.б. отандық және шетелдік ғалымдар да көбеюде. Сондай-ақ республикалық таралымдағы “Егемен Қазақстан”, “Жас Алаш”, “Қазақстан-ZAMAN”, “Алматы ақшамы”, “Айқын”, “Время”, “Тамаша”, “Ақбаян”, “Алтын босаға”, “Әйел денсаулығы” т.б. газет редакцияларына және “Қазақстан”, СТВ, 31 канал, 7 канал т.б. телеарналар ұжымдарына қауымдастықтың ғылыми қызметінің жетістіктерін насихаттағандары үшін алғысымызды білдіреміз. XXI ғасырдың ғылымы “Тылсым құпия сырлары” көшбасшысы болғандықтан, осы ғылымдағы қауымдастық ғалымдарының ғылыми еңбектері өркендей берсін! «Шипагерлік баян» газеті, № 9, 2014 ж.
Емшілердің құқы қорғалады Ұлтымыздың тектік мәдени мұрасының бір саласы – емшілік өнері адамзаттың алғашқы дәуірінен бастап-ақ пайда болған. Өзінің адамзатқа емдік көмек көрсету жүйесін бүгінге дейін жалғастыруда. Алғашқы тұрпайы қарапайым халықтық емі дәстүрлі емес емге, одан дәстүрліге және дами келе халықтық медицинаға айналып, осының негізінде ғылыми медицинаның түп-тамыры қаланғанына XV ғасырдағы ғұлама ғалым, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты медициналық-энциклопедиялық құнды еңбегі куә. Бүгінде ұлы ғұлама дарынды шипагер, ғалымдардың бағалауы бойынша әлемнің екінші ибн Синасы атанды. Кеңестік дәуірде қазақтың халық емшілігі жөнінде арнайы медициналық оқулықтар жазылмады және айтуға тыйым салынды. Дарынды киелілердің ұрпақтары емші, балшы, көріпкел, болжаушы, жұлдызшы, бақсы т.б. діни адамдар да қудалауға ұшырады, жер аударылды, түрмелерге қамалды т.б. ауыр жазаларға тартылғаны тарихымыздан белгілі. Тіпті XIII ғасырда Өзбек хан жоғарыдағы киелілерді тірідей жерге көмген. Аллаға шүкіршілік, еліміздің тәуелсіздігінен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен көзқарасының оң нәтижесінде қазақ елінің емшілерінің білімі, мәдениеті, рухани тазалығы да артып, шипагерлік өнерін дамытуға жол ашылды. Дегенмен, “Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді” – дегендей, емшілердің арасында жылпостар мен сауатсыздар және арам ниеттілердің барын жасыра алмаймыз. Ширек ғасырдан астам уақытта емшілердің қатары сұрыпталып, таза тектік қасиетке иелері “Мыңның тұлпары мен жүздің жүйрігі” болып іріктелуде. Абай атамыз: “Қазақтың жауы – қазақ” – деп дұрыс айтса керек. Өйткені, бүгінде телеарналарда емшілік саласы жөнінде арнайы хабарламаларға имамдарды да қатыстырады. Жалпы имамдар өздерінің ортасындағы имансыздарын жасырып, емшілерді ғана емес, оның басшыларын да жын-шайтанмен байланысқан деген өздерінің жеке ой-пікірлерін қоғамдық пікірге айналдыруда. Бір-екілі емшілердің кемшілігі үшін, бүкіл емшілерді қаралауға бола ма? Біз де имамдардың қызметіндегі кемшіліктерін білетіндіктен, өрескел әрекеттерін баспасөзде жариялаймыз. Басқа мемлекеттерде емшілікті ғылымға айналдырып, бұл тектік саланың тылсым түрлерін зерттеу үшін арнайы орталықтар құруда. Біздің елде бұл жұмыс тек “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” мамандары тарапынан ғана жүзеге асуда. Ал басқа қолдаушысы мен қорғаушысы барлар емшілік саласында бірде-бір еңбек жазып, өзінің қарамағындағы емшілерін тарихта қалдырмауы қалай?! Дегенменде, ширек ғасырдан аса емшілерді ойыншық еткен кейбір теле жүргізушілер мен имамдардың бұдан былай емші қауымын жамандауына жол бермейміз. Әр нәрсенің шегі мен кешірімі болады. Шексіз кеткендердің әрекеттеріне біз ширек ғасырдан аса шыдадық. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әр түрлі қаһарына емшілер мен оның ұйымы ширек ғасыр заңсыз ұшырады, емшілердің құқы тапталды, қоғамдық ұйымның қызметін заңсыз деді. Қоғамдық ұйым мен оның басшысының көзін жоюда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы жауапты қызметкерлері неше түрлі айла-тәсілдерді ойлап тауып әрекет еткенімен, ақыры өздері ұятты болды. Осы министрліктің тірегі болған “Республикалық халық медицинасы Орталығы” жиырма жылға жетпей аяқ астынан жабылды. Неге? Себебі Алматы қаласы Бостандық аудандық салық комитетінің тексеруі бойынша, Орталықтың мемлекетке 41 млн. (қырық бір) теңге салық төлемегені анықталды. Растайтын құжат та қолымызда. Осы салық мемлекетке әлі күнге төленген жоқ. Орталықты 2009 жылдары әлде біреулермен келісім арқылы басшысы Ш.Шинтаев жауып тастаған. Салық комитетіндегілер қалай жапты екен? Өзбекстан азаматы, арнайы контрразведканың подполковнигі он бес жылдан аса Ш.Шинтаевтың орынбасары болған Әнуар Ниезов өзбекстаннан бандиттерді жинап емші жасады. Жоғарыдағы арам ойларын жүзеге асыру үшін қауымдастықтың вице-президенттері А.Бодров пен Е.Мырзагельдиевті қауымдастықтың Төралқасының келісімінсіз Ш.Шинтаев жанына алып, ақыры тапсырманы орындата алмағандығы үшін, А.Ниезовтың басшылығында өзбекстандық бандиттер арқылы екі азаматты да о дүниеге аттандырды. Мұны халық пен халық емшілері білуге міндетті. Осы ұйымның есебіндегі жиырма мыңнан аса халық емшісінің бұл күнде қайда екенін бір Алладан басқа ешкім білмейді. Бұл қалай? Халқымыздың: “Есектің еңбегі адал – сүті арам”, – деген даналық сөзі өзі дәлелдеп тұрғандай. Дәрігерлер мен емшілердің бірлесіп жұмыс істеуі үшін әлі жарты ғасырдан аса уақыт керек. Мұның көптеген себептері бар. Өйткені, ғылымға жаңа қосылған халықтық медицина түп-тамырымен зерттеліп, емшілерді басқаратын қоғамдық ұйымдар мен арнайы мекемелер ауқымын кеңге жайып келеді. Сондықтан емшілердің құқығы ҚР Заңдарына сәйкес қорғалады. ҚР 10 шілде 2012 жылғы қабылданған заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі 8 тармақтың 8 тармақшасында емшілерге сертификат беру мен оның қызметін бақылаудағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен оның мекемелерінің құқылығы алынып тасталғаны жөнінде министрліктен бізге хат жолданған (№ 3Т-347, 01.03.2013 Д.Есімов). Сондықтан емшілерге демократиялық негізде еркін қызмет жасауларына толықтай жағдай жасалған. Соны негізге алсақ, “Қазақстан халық емшілері қауымдастығы” Төралқасы емшілердің құқын қорғауда көш бастап келеді. «Шипагерлік баян» газеті, № 4, 2015 ж.
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | ||