өмірімнің шежіресі 31 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | ||
Емшілерді шырайлы Шымкент күтеді Халқымыздың мәдени мұрасының шипагерлік өнері халыққа рухани сауықтыру қызметін көрсетуде, өзінің жиырма жылдан аса қызметінде жақсы көрсеткіштерге жетті десек артық болмайды. Халық емшілері шипагерлік өнердің негізін қалаушы иегері және дамытушысы болғандықтан, емшілерге де қойылатын талаптар жоғары болғаны дұрыс. Осы талаптардан жақсы нәтижелерімен үздіксіз қызметтерінің нәтижесінде емделушілер алдында алғысқа бөленгендер де баршылық. Дегенмен: “Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде” – демекші халықтық емшіліктің атағына кір келтіріп жатқандар да жетерлік. Оңтүстік өңірі біздің республиканың азаматтары мен азаматшаларын мақтанатын киелі қасиетті орны ғана емес, басқа да шет елдердің азаматтарын өзіне магнитше тартатын қасиетті мекен. Осы мекенде туып өскендердің ішінде мәдениетті, білімді, иман жүзді, қайырымды және ем-домы шипалы емшілер де баршылық. Емшілер үшін оңтүстік өңіріне барып, қасиетті жерлер мен киелі бабалар кесенелеріне зиярат ету тұрақты кәсіптеріне айналған. Мұның себебі қасиетті жерлер мен киелі бабалар жерленген кесенелер маңында ерекше толқынды әрі қуатты биоэнергетикалық өрістің тығыздығы мен молдығынан зиярат етушілердің денесіндегі ауытқыған биоэнергетикалық тепе-теңдікті қалпына келтіріп, олардың денсаулығының жақсаруына зор маңызы бары да ғылыми негізде тұжырымдалған. Сондықтан зиярат етушілер алдын ала ислам қағидалары негізінде үлкен дайындықтан өтсе, Жаратушымыз олардың тілектерін қабыл етуі мүмкін. Бұл жағдай әрбір жеке зиярат етушінің тікелей өзінің танымдық сезіміне тәуелді екендігін білген де артықтық етпейді. Кез келген аймақ өздерінің экономикалық, рухани байлығы, ұлттық салт-дәстүр және әдеп-ғұрпы мен киелі жерлері және киелі бабалары арқылы мақтанады. Осындай көрсеткіштерге ие аймақ оңтүстік өңірі десек артық болмайды. Бұл өңірдегі бабтардың бабы Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи, Жылаған ата, Қара бура, Шашты Әзиз, Бәйдібек баба, Домалақ ана (Нурила ана) т.б. бабалар кесенелері мен Ақтасты сияқты қасиетті жерлер де жетерлік. Халқының мейманқостығы мен мейірмандылығының жоғары екендігі емшілер қауымына бұрыннан таныс. Бұл өңірдің азаматтары басқа өңірдегілер сияқты (Ақтөбе) өздерінің киелі ата-бабаларының рухын сыйламайтындардан емес, қайта жаңғыртып, жоғын толықтырып отырады. Жоғарыдағы киелі бабалар кесенесі де сол аймақтағы атқа мінер азаматтар мен ұлтжандылардың біріге атқарған игілікті істерінің нәтижесі. Бүкіл түрік әлемінің киелі астанасы аталатын қасиетті Түркістан қаласы бүгінде өзінің көркемдігімен және киелілігімен бүкіл әлемге белгілі мекен. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы өзінің іс жоспары бойынша Шымкент қаласында (2007ж) және Түркістан қаласында (2008ж) “Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі” және “Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары” атты халықаралық конгресі мен форумын жоғары дәрежеде өткізген. Бұған жергілікті әкімшілік пен басқа да ұйымдардың көмегі болғандығын атаған да дұрыс. Жылдар жылжып, уақыттың зымырап өтуіне қарай жыл сайын арнайы ұйымдастырылған қауымдастық емшілерінің (мүшелерінің) ірі басқосу жиналысын өткізу, қауымдастықтың Жарғысы талаптарына сай келеді. Көрген де арманда, көрмеген де арманда демекші шырайлы Шымкенттің көркем жерлерін аралаумен және қасиетті мекендер мен кесенелерге зиярат ету емшілер үшін пайдасы жоғары болмақ. Кең пейілді, иман жүзді жандардың мекеніне келуге әрбір жеке емші де асығу керек. Мен өзімнің замандастарым мен емшілерді өздерінің арнайы басқосуын өткізуге, шырайлы Шымкент шаһары мен емшілері сіздерді күтеді демекпін. «Шипагерлік баян» газеті, №5, 2012.
ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ТҮЙІНДІ ОЙЛАРЫ Жетем бе, жетпеймін бе арманыма, Ойымның шығар мақсат заңғарына. Иман жүзді адамдар көбейсе екен, Сыйынған бір Аллаға, аруағына. (10.1992.) *** Адам баласына қиындықсыз, күрессіз, жеңіс пен бақыт жоқ. Ол ізденіс пен шыдам, байыптылық пен парасаттылық арқылы келеді. *** Көлденең тұрған шырмауық торлар – ол тағдыр сынағы. Адам баласының тағдыры Жаратушының еркінде. *** Біреудің қолбаласы болып одан жәрдем тілегенше, Алланың жарлықтарына үміт арту, одан жақсы амалдарының жемісін іздеу бірден-бір айқын жол және адамгершіліктің ең биік сатысы. *** Киелі қасиет – ол Алла Тағала сыйлаған, дарытқан жеке адам бойындағы нұры. Ол халықтың тектік өнері. Ол халықтың рухани өрісінің жеткен биігі. *** Тылсым күш құдіретін дарынды киелілерден хан да, қара да немесе билеуші топтар да тартып алып, иелене алмайды. Бұл – Жаратушының дарындыға сыйы, әрі тылсым құпиясы. *** Қазақстан халық емшілері қауымдастығы – қазақ елінің тарихында дарынды, киелі құпиялы тылсым күш иелерінің басын қосқан, тылсым сырлары мен халық емшілігін тұңғыш ғылыми айналымға енгізген бәйтерегі. *** Қазақстан халық емшілері қауымдастығы – емшілері арасындағы ақылы жетпегендерге – ақыл, қиналғанға – қамқор, әлсірегендерге – қуат, жолдан адасқандарға – жарқын жол, діннен безгендерге – имандылық шуағын үйретуде, қисайғанға – сүйеу, құлап бара жатқанға – тіреу болды. *** Қауымдастықтың алғашқы кезеңінде осы қауымдастық арқылы атақ, абыройға ие болған мүшелері мен емшілері арасында қарсы күштерге қосылып, сатқындық жасаған жалданбалы жалған атақтар иелері «әулиелер», «аналар», «пайғамбарлар» аз болмады. 20 жыл өткенде олар өз аттарын тарихтан өшірді. *** Халық емшілігі – халықтық тектік мұра. *** Емшілер – біреулерді қасиеті арқылы байытатын «құлдар» мен «күңдер» емес. *** Мен өткен заманда емші, балгер-бақсыларды, көріпкелдер мен болжампаздарды «есі ауысқандар» қатарына қосқан жандарды – бүгінде емшілерді бизнес көзіне айналдырғандарына таң қаламын. *** Емші – мәдениетті, сауатты, иманды және қайырымды болу керек. *** Шипагерлік те – мәдени мұраның бір саласы. *** Алла тағаланың шапағат рақымы – қазақ еліне нұрын шашуда. Қазақ елінің халықтарының имандылығы мен рухани парасаттлығын әлем халқы алдында асқақтатар күнде алыс емес. *** Жақсылық ойлаған – жардан құламайды. *** Жалған әулиелер өмірі – қысқа болады. *** Бөлінгенді бөрі жейді. *** Жаратушы атаққұмарлардан сақтасын. *** Құдайсызға құдайдың да жазасы болады. *** Қасқыр да қас қылмайды қандасына *** Қазақ ақылдан кенде емес, ешкімнен кем де емес. *** Жалғандықтың жолы қысқа болады. *** Жасандылық – жазылмайтын жараның түрі. *** Ұрлықтың бір түрі – «Жиендік». *** Емшілік өнері – біреулердің тірі тауары емес. *** Емшілік жүйесінің басшылары мен білімділерін жоюға әрекет еткен «бандиттік» топ ұйымдастырғандар Алладан жазаларын алары анық. *** Емшінің еңбегіне белгіленген – Жаратушыдан баға жоқ. *** Күн астындағы «күнбағыс» сияқты күн көрген «ұры» емшілерден сақтанайық. *** Мал аласы сыртта болса, адамдікі ішінде, Көріп тұрам жауларымды ұйықтағанда, түсімде. Ақ жолымда жүре берем, адалдықты ұстанып, Алғыс болып алдан шығар қайырымды ісім де. *** Болғанымды, толғанымды, көре алмаса не етпекпін. Дұшпанымды адам етіп, мақсатыма жетпекпін. *** Арамдықпен түсірем деп торына, Тұзақ қойдың, тобырынмен жолыма. Қалыңына сен табынсаң қалтаңның, Мен табындым Құдайдың ақ жолына. *** Бір Алла ғой сезім беріп, жүрегіммен сезгенім, Ерекшелік қасиет бар, жылы жүзді пендемін. Адасқанды ақ жолға сап, ізгілікпен асықпай, Жамандықтан, арамдықтан тазалаумен келемін. *** Имандылық ордасы да менің елім болады, Бақыт құсы келіп саған мәңгілікке қонады. Ырысың мен ырыздығыңның несібесі алдында, Жаратушың бір өзіңді қорғауына алады (1999 ж.). *** Адал болсаң, алдағы жолың да ашық және жүзін де жарқын болады. *** Қысқа ғұмырда жыландай арбасқаннан, сыйласқан артық. *** Арамдықпен алысқанша, адалдықтың жолына түс. *** Арманына жеткендерді көрмедім, Биігімді ала білсем арманыма жеткенім. *** Мансапқа да, байлыққа да, дүниеге де қызықпадым. *** Көреалмайтындарға, қарсыластарға басымды имедеім. Адалдық үшін қасқайып қарсы тұра білдім. Мұның оң нәтижесіне жеттім. Оған тарих куә. *** Досым аз, дұшпаным да көп, Мыңдармен жалғыз алыстым. *** Басыңа ауыртпашылық түскенде қайғырма, қуан ол – Жаратушының саған сынағы. *** Дұшпанымды да дос еттім, Ескермедім қылықтарың пенденің. *** Ұстазсыз ұстаз болдым емшілерге, Жақпадым көреалмайтын көршілерге. *** Күндемегін ей досым, күндемегін, Күндесең де іштен тың, үндемегін. Іште сақта сырыңды, аша берме, Жүрген жоқсың қасымда күнде менің. *** Жаратқан тәңірімнің күштілігі, Ғарыштағы көрінді шың биігі. Аманаты сызылған адамзаттың, Аруақтың колында жүр күнделігі. *** Көрсетті тауларымды асатұғын, Жауларымды кеудемнен басатұғын. Ешкім де, маған мұңып жатканы жоқ, Сен емес, пенде деді жаситұғын. *** Жалғанды жалпағынан басқандарды, Көрсетті кеудемсіп, асқандарды. Өтуде бұл тірлікте бастан бәрі, Байлықтан басы айналып тасқандарды. *** Алланың сынағынан өтіп жүрмін, Кейде мен кеңістікқе кетіп жүрмін. Сен қашан жай табасың рухым деп, Деген сөзін әруақтардың естіп жүрмін. *** Оттай болып, бұл өмірде күйеміз, Нардай болып, тоқтамай да желеміз. Өкінішің де, кетпесің жүрегіңде, Жазмышына Жаратушының көнеміз. *** Емшілікке ширек ғасыр өмірімзі арнадым, Адалдықты сақтадым, бағытымнан таймадым. Тәңірімнің тағдырының сынағында келемін, Сеземін, ауыр жүкті көтермесін басқанын. 1. ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША КАНДИДАТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕЛЕРІН АЛУ ҮШІН ЖАРЫҚ КӨРГЕН ҒЫЛЫМИ МОНОГРАФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТІЗІМІ А. Философия ғылымы бойынша 1. Шипагерлік //Ақиқат. – 2007. - № 12. 50-53 бб. 2. Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі //Халық медицинасы: Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдары. - Шымкент, 2007. – 22-24 бб. 3. Наследие великого целителя О.Тлеукабылулы //Халық медицинасы: Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдар. –Шымкент, 2007. 25-41 стр. 4. «Шипагерлік баянның» ғылыми ерекшеліктері //Ізденіс - Поиск. - 2008. - № 1. 96-101 бб. 5. Халықтық шипагерліктің болашағы //Қазақстан жоғарғы мектебі. - 2008. - №1. 205-210 бб. 6. Шипагерлік емдіктің халықтық сипаты //Ізденіс - Поиск. - 2008. - №1 (1). 135-140 бб. 7. Қазақ шипагерлігінің негізін қалаушы //ҚазҰУ Хабаршысы. - 2008. - №1(30). 160-164 бб. 8. Көріпкелдік пен болжампаздықтың сыры //Дарынды бабалар құпиялары: Республикалық ғылыми-тәжірибелік форум материалдары. – Түркістан, 2008. 21-25 бб. 9. Қазақтың болжампазы Мөңке би //Дарынды бабалар құпиялары: Республикалық ғылыми-тәжірибелік форум материалдары. – Түркістан, 2008. 25-27 бб. 10. Адам биоөрісінің қуаттарының маңызы //ҚазҰУ Хабаршысы. - 2008. - №2(31). 58-61 бб. 11. Рухани шипагерліктің емінің сипаты //ҚазҰУ Хабаршысы. - 2008. -№2(31). 67-70 бб. 12. Бақсылық өнері //Халық медицинасындағы бақсылық өнері: Халықаралық форумның теориялық - тәжірибелік материалдары. – Алматы: Шалкөде.-2006. 21-22 бб. 13. Бақсы (Шаман) //Халық медицинасындағы бақсылық өнері: Халықаралық форумның теориялық-тәжірибелік материалдары. – Алматы: Шалкөде.- 2006. 22-42 бб. 14. Дәстүрлі емес халық медицинасының болашағы //Халық медицинасы: Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдары. - Алматы: Шалкөде.-2005. 19-21 бб. 15. Қазақтың халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы //Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдары. – Алматы: Нұрлы Әлем.- 2004. 3-5 бб. 16. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1483 ж.ж.) жан қуаттары туралы //Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдары. –Алматы, 2004. 13-15 бб. 17. Киелі шаңырақ (Светой шанырак - Шипагерліктің мәдениеті мен емдік сипаттары). - Алматы: Шалкөде, 2006. 410 б. 18. Тылсым дүниенің құпия емдері. – Алматы: Шалкөде, 2006. 208 б. 19. Рухани емшілік ғаламаттары. – Алматы: Шалкөде, 2006. 189 б. 20. Шапағатты рух ордасы (Шипагерлік тарихы). - Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. 318 б. 21. Мәңгілік құпия шежіресі (Шипагерлік салалары мен тылсым дүние). - Алматы: Сөздік- Словарь, 2001. 446 б. 22. Халық емі – халық үшін //Шипагер. - 1994. 22 сәуір. 23. Емшілер – ел кетігінде //Денсаулық. - 1994. №3-4. 20-21бб. 24. «Шипагерлік баян» шерткен сыр //Шалқар. - 1996. - 15 қараша. 25. Шипагер ғұламаның ғибратты мұрасы //Алматы Ақшамы. - 1996. 20 мамыр. 26. Қасиетті Құран аяттарының құпиясы //Алматы Ақшамы. - 1998. - 25 наурыз. 27. Шапағатын әлемге шашқан шипагер //Жетісу. - 1997. - 23 шілде. 28. «Шипагерлік баян» құпиясы енді ашылмақ //Жетісу. - 1998. - 22 желтоқсан. 29. «Шипагерлік баян» //Семей таңы. -1996. - 30 шілде. 30. Бес ғасыр өткен соң //Сары Арқа. - 1998. - 12 наурыз. 31. Шипалық қасиеті бар ән //Шымкент келбеті. - 1996. - 21 маусым. 32. Құпия кітап сыры //Жас Алаш. - 1996. - 28 желтоқсан. 33. Жұлдызы қайта жанған «Шипагерлік баян» //Заң. - 1998. - 28 қазан. 34. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) «Шипагерлік баянның» әлемдік ғылымда алатын орны //ТМД елдеріндегі этнопедагогика мен этнопсихологияның қазіргі жай жоспары: Халықаралық конференциясының материалдары. - Алматы: ТОО «Эвро», 1998. 159-164 бб. 35. Ө.Тілеуқабылұлы - жан қуаттары туралы //Т.Тәжібаев оқулықтарының материалдары. - Алматы: ТОО «Эвро», 2001. -Т1. 33-35 бб. 36. Ө. Тілеуқабылұлы және медициналық мәселелері //Медицина білімі - мемлекеттік тіл аясында. - Алматы: ҚазМҰУ, 2000. 112-116 бб. 37. Духовное целительство //«Рухани және музыкалық шипагерлік» атты VII – халықаралық конгресінің ғылыми-теориялық материалдары. – Алматы: Шалкөде, 2010. 285 бет. 38. Целебные свойства музыкального лечения //«Рухани және музыкалық шипагерлік» атты VII – халықаралық конгресінің ғылыми-теориялық материалдары. – Алматы: Шалкөде, 2010. 285 бет. 39. Ғаламның жұмбақ сырлары. – Алматы: Шалкөде, 2010. 749б. 40. Шипагерлік дәстүрі және философиясы. – Алматы: Шалкөде, 2010. 223 б. 41. Целительская традиция и философия. – Алматы: Шалкөде, 2010. 209 стр. 42. Халықтық шипагерліктің бәйтерегі. – Алматы: Шалкөде, 2011. – 426 бет. 43. Денсаулықты жақсарту тәсілдерің жолдары. – Алматы: Шалкөде, 2011. – 229 бет. Б. Психология ғылымы бойынша 44. «Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянындағы» кейбір қазақы психологиялық ұғымдар». «Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының объекті проблемалары». II том. /IX шығуы/. – Алматы: «Қазақ университеті», 2000. 23-27-беттер. 45. «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1485 ж.ж.) және парапсихология мәселелері». Осында 1 том. - Алматы: «ҚазМҰУ», 2000. 213-214-беттер. 46. «Ө.Тілеуқабылұлы (1388-1485 ж.ж.) жеке тұлғаны қалыптастыру туралы». «ҚР білім жүйесін реформалау жағдайындағы этнопедагогика мәселесі». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалы. Жетісай қаласы: 2000. 95-96- беттер. 47. «Ортағасырлық қазақ ғұламаларының психологиялық идеялары» /Ө.Тілеуқабылұлы, М.Х.Дулати/. «Психология – педагогика ғылымдары» сериясы АлМУ, - Алматы: «Хабаршы-Вестник», №1, 2001. 67-72-беттер. 48. «Ө.Тілеуқабылұлы (1388-1485 ж.ж.) және медициналық психология мәселелері». - Алматы: «ҚазМҰУ-не 70 жыл» сериясы, 2001. 112-116-беттер. 2. ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ БАСПАСӨЗДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН МАҚАЛАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ А. ГАЗЕТТЕР 1. «Халық емі» 1. «Ассоциация – ізгілік отауы». №1, тамыз 1992. 2. «Алматы ақшамы» 2. «Емшіліктің ертеңіне бағдар». 18.10.1991ж. 3. «Шырмауықтың торынан шыққан қауым». 18.12.1995. 4. «Шипагер ғұламаның ғибратты мұрасы». 20.05.1996. 5. «Жасанды ақылгөйліктен сақтасын». 31.07.1996. 6. «Киелі рухты – қасиетті орда». 18.12.1996. 7. «Тиіспеңдер, Төле би әруағына». 20.01.1997. 8. «Қасиетті Құран аяттарының құпиясы». 25.03.1998. 9. «Әр нәрсенің орны бар». 27.07.1998. 10. «Қанаты қатайған қауым». 21.12.1998. 11. «Қажылықты саудаға салмайық». 18.02.2000. 12. «Қарт профессорлың тартымды лекциясы». 31.03.2001. 13. «Қазақтың жантану ғылымының болашағы бар». 09.06.2001. 14. «Шипагерлік те дәстүрлі ұлттық мәдениеттанудың саласына жатады». 2011.- №85(4487), 23 шілде. 3. «Жас Алаш» 15. «Арымыздың тазалығы – ата-баба мұрасы үшін». 24.12.1994. 16. «Құдірет», /Тылсым дүние ән сазымен/. 21.02.1995. 17. «Құпия кітап сыры» / «Шипагерлік баян туралы». 28.12.1996. 4. «Заң» 18. «Жалған әулиелер жарға жықпасын». №10.11-17.03.1995. 19. «Алла тағаланы ойыншық еткісі келген оңбайды». 24.07.1996. 20.«Аруаққа тіл тигізу азғандық емес пе?». 29.01.1997. 21.«Жұлдызы қайта жанған «Шипагерлік баян»». 28.10.1998. 22. «Соңында «Шипагерлік баян» қалған». №194(1617), 23 желтоқсан 2009. 5. «Түркістан» 23. «Ақылдан кенде емеспіз, ешкімнен кем де емеспіз». 07.06.1995. 6. «Халық кеңесі» 24. «Емшілер қамқорлыққа зәру». 23.09.1993. 7. «Ақ босаға» 25. «Әулиемін» деп жүрген әуейі әйелдер. №4, көкек, 1997. 8. «Шалқар» 26. «Шипагерлік баян» шерткен сыр. 15.XI.1996. 9. «Қазақ үні» 27. «Ғұлама шипагердің ғибраты». №12, желтоқсан 1998. 10. «Қазақ әдебиеті» 28. «Халық емінің жаңа қыры». 19.11.2004. 11. «Қазақстан – Zaman» 89. 2008 - 2010 жылдары (60-қа жуық) мақалалар. 90. «Өтейбойдақ – екінші ибн Сина». 13 тамыз, 2009 ж. 91. «Өтейбойдақ Қазақ хандығының алғашқы бас шипагері». // Қазақстан-Zaman.- 10.02.2011.-№06 (826). 12. «Қылмыс пен жаза» – «Приступление и наказание» 92. «Дәрігерлікті қалқан қып, салықтан жалтарып жүрген». №7-8, 13.03.1999. 13. «Страна и мир» 93. «Интервью с президентом ассоциации». // Страна и мир. №32., 18.08.2006. 14. «Мегаполис» 94. «Целитель – целителю рознь». // Интервью. Журналист Анастасия Цирулик. Мегаполис.- 2009.- №30(442), понедельник, 10 август. 15. «Абыз» 95. «Қазақтың ән-күйі де «емші»». // Абыз.- 2011.- №5 (6) мамыр. 16. «Тамаша» және «Ақбаян» 96. «Алланың тура жолымен жүрген адаспайды». / Сұхбаттасқан: Ж. Сәрсенбай // Тамаша. – 04-17.12.2001. 97. «Аруақ аманатын арқалаған азамат». // Тамаша.-2004. №13-14 (155) шілдеден 2016 жылдың маусым айына дейін қосымшасы «Ақбаян» газеті екеуінде (65-дей) мақалалары жарыққа шықты. 17. «Жетісу» 142. «Халық емі халқымның құдіреті». 11.01.1995. 143. «Шапағатын әлемге шашқан шипагер». 23.07.1997. 144. «Шипагерлік баян» құпиясы енді ашылмақ. 22.12.1998. 145. «Құдайсызға» – құдайдың жазасы бар. 13.03.1999. 146. «Халық емінің қадірін қашырмайық» 17.01.2004. 18. «Жерұйық» 147. «Дертке дауа – жанға шипа». 12.XI.1992. 148. «Жалған әулиелер жарға жықпасын». 06.02.1996. 19. «Семей таңы» 149. «Имандылық таразысы». 29.X.1996. 150. «Шипагерлік баян». 30.07.1998. 20. «Сары Арқа» /Семей аймақтық/ 151. «Бес ғасыр өткен соң». 12.03.1998. 21. «Орталық Қазақстан» 152. «Жалған әулиелер жарға жықпасын». 06.01.1996. 22. «Торғай таңы» 153. «Ақылдан кенде емеспіз». 21.02.1996. 154. «Шипагерлік баян» сыры. 05.04.1997. 155. «Жалған әулиелер». 21.01.1996. 156. «Халық даналығы – асылын тану». 23. «Көкшетау» 157. «Жалған әулиеден сақтан». 11.07.1995. 158. «Қамаудан шыққан қауым». 16.01.1997. 159. «Ұлттық идеология болмайынша, іс оңға баспайды». 06.02.1997. 160. «Алланы ойыншық еткен оңбайды». 21.XI.1996. 161. «Рухани санамыз азбасын». 20.03.1997. 24. «Солтүстік Қазақстан» 162. «Көптің қамын ойлаймын». 24.IX.1994. 163. «Асқақтасаң бір күні – асыларсың». 16.08.1996. 164. «Шипагер ғұламаның ғибратты мұрасы». 15.XI.1996. 165. «Бөлінгенді бөрі жейді». 03.12.1997. 166. «Жалған әулиелер әлегі». 18.08.1995. 167. «Қажылықты саудаға салма». 24.02.2000. 25. «Сарыарқа» /Жезқазған/ 168. «Адалдық ардың айнасы». 28.12.1992. 169. «Мақсат тән мен жанды сауықтыру». 28.07.1994. 170. «Жалған әулиелер көбейіп барады». 03.IX.1996. 171. «Шипагер ғұлама мұрасы». 18.IX.1996. 172. «Имандылық – рухани байлық». 12.08.1997. 173. «Рухани сауықтыру – өмір талабы». 12.07.2001. 26. «Оңтүстік Қазақстан» 174. «Халық қамын ойлаймын». 11.04.1992. 27. «Атырау» 175. «Шапағат шашқан шаңырақ». 26.07.1992. 176. «Жалған әулиелер жарға жықпасын». 18.01.1997. 28. «Астана даусы» /Алматы/ 177. «Духовное согласие – наше достояние». 31.X.1992. 29. «Сыр бойы» 178. «Шындықтың шыққан шыңы». 25.07.1997. 30. «Ақ жол» 179. «Шын емші ауру қоспайды». 11.08.1992. 180. «Ел игілігі үшін қызмет етеміз». 30.07.1994. 31. «Астана Ақшамы» 181. «Қасқырда қас қылмайды қандасына». 02.03.2000. 32. «Шымкент келбеті» 182. «Шипалық қасиеті бар ән». 21.06.1996. 33. «Каспи таңы» /Атырау қалалық/ 183. «Киелі рухты орда». 27.06.1996. 34. «Шипагер» /Қарағанды/ 184. «Халық емі – халық үшін». 22.04.1994. 33. «Ақ жол» /Байқоныр қаласы/ 185. «Емдеріңіз шипалы болсын». 27.12.1996. 186. «Шырмауықтан шыққан қауым». 08.01.1997. 187.«Қазақ сахарасының – ұлы шипагері». 09.04.1997. 188. «Жалғанды жалпағынан басқандар». 16.06.1997. 34. «Ұлытау» /Жезқазған/ 189. «Табиғи дарын» сырлары. 16.08.1994. 35. «Шұғыла-радуга» /Жамбыл облысы/ 190. «Әке ұл емес, халықтың ұлы бол». 02.07.1994. 36. «Президент және Халық» 191. «Шипагерлік баян» неге бағаланбайды? 11.12.2009. 37. «Жәрдем» 207. «Халық медицинасының құпиялары» (емшілік, болжампаздық, құмалақшылық, телепатиялық, т.б.) №1-10, 2008-2009 жж. 16 мақала. 38. «Шипагерлік баян» 375. Осы газетте жарияланған 2002-жылдың мамыр айынан 2016 жылдың маусым айына дейін шыққан мақалаларының саны барлығы – 238 мақала. 39. «Алтын босаға» /Шымкент/ 391. «Шипа болар дұғаларды білесіз бе?» және «Денсаулықты жақсарту жолдары» 16.04.2012-01.08.2016 ж. аралығына дейін 30 мақала. 40. «Әйел денсаулығы» 394. «Отбасын құруға кедергі келтіру мақсатындағы сиқырдан емдеу», «Бойды өсіру», «Ауланы, пәтерді және үйді тазартудың амалдары». 2011 ж. №10. 396. «Қант диабетіне қарсы емдік дұға», «Араққұмар адамды шөп дәрімен емдеуге бола ма?». 2012 жылғы №15. 399. «Ұшықтан құтылғым келеді», «Көзден аққан жасты тыюға не көмектеседі?», «Есте сақтау қабілетті жақсарту». 2012 ж. №16. 402. «Тіс ауруын емдейтін емдік сүрелер», «Қарыздан құтылудың жолы бар ма?», «Қиындықтардан қалай құтылуға болады?». 2012 ж. №17. 404. «Бедеуліктен Құран сүрелерімен діни жолмен емделуге болады ма?», «Ақыл естің адасуынан құтқаратын емдік дұғалар». 2012 ж. №23. Б. ЖУРНАЛДАР 41. «Денсаулық» 405. «Емшілер – ел кетігінде». /сұхбат/, 20-21-б. №3-4, 1994. 406. «Жақсылық ойлаған жардан құламайды». 25-26-б. № 5-6, 1994. 42. «Шапағат-нұр» 407. «Құдай атаққұмарлардан сақтасын». 20-21-б. №5, 1998. 43. «Ақиқат» 408. «Қолында Құраны, аузында иманы». 24-27-б. №4, 1999. 44. «Амулет» 409. «Лучший целитель III тысячелетия». № 7-8, июль-август, 2004. 45. «Жас-Ай» 410. 2007 жылдан халық емшілігі туралы 8 мақалалары жарық көрді. 46. «Қазанат» 411. «Өтейбойдақтың мұрагері, халық емінің қара нары» /сұхбат/ №3.2012. 47. «Алтын босаға» KZ. 412. «Балшықтың емдік қасиеттері» №3, 2013. 413. «Құран дұғаларының емдік қасиеттері» №7, 2013. 414. «Дуадан қалай құтылуға болады?» №8, 2013. 415. «Денсаулықты жақсарту жолдары» №9, 2013. 48. «Жұлдыздар отбасы» 416. «Әлмерек бабаның құпия қасиеттері» №2, 2013. 49. Материалы I Всемирный конгресс «Нетрадиционной медицины», Крым, Гурзув, с 2/X-9/X-1993. 417. «Роль творческого наследия казахской народной медицины в естественном целительстве». 50. Зядан Қожалымовтың психология ғылымы бойынша ғылыми басылымдарда жарық көрген еңбектерінің тізімі: 418.1 «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485 ж.ж.) «Шипагерлік баянның» әлемдік ғылымда алатын орны». «ТМД елдеріндегі этнопедагогика мен этнопсихологияның қазіргі жай жоспары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. - Алматы: ТОО «Эвро», 1998. 159-164-беттер. 418.2 «Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянындағы» кейбір қазақы психологиялық ұғымдар». «Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының объекті проблемалары». II том. /IX шығуы/. – Алматы: «Қазақ университеті», 2000. 23-27-беттер. 418.3 «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1485 ж.ж.) және парапсихология мәселелері». Осында 1 том. - Алматы: «ҚазМҰУ», 2000. 213-214-беттер. 419.4 «Ө.Тілеуқабылұлы (1388-1485 жж.) жеке тұлғаны қалыптастыру туралы». «ҚР білім жүйесін реформалау жағдайындағы этнопедагогика мәселесі». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалы. Жетісай қаласы: 2000. 95-96- беттер. 418.5 «Ө.Тілеуқабылұлы (1388-1485 ж.ж.) жан куаттар туралы». I-Т.Тәжібаев оқуларының материалдары. /X шығуы/. - Алматы: 2001. 33-35-беттер. 418.6 «Ортағасырлық қазақ ғұламаларының психологиялық идеялары» /Ө.Тілеуқабылұлы, М.Х.Дулати/. «Психология – педагогика ғылымдары» сериясы АлМУ, - Алматы: «Хабаршы-Вестник», №1, 2001. 67-72-беттер. 418.7 «Ө.Тілеуқабылұлы (1388-1483 ж.ж.) және медициналық психология мәселелері». - Алматы: «ҚазМҰУ-не 70 жыл» сериясы, 2001. 112-116-беттер. 51. Зядан Қожалымовтың философия ғылымы бойынша ғылыми басылымдарда жарық көрген еңбектерінің тізімі 419.1 Шипагерлік //Ақиқат. – 2007. - № 12. 50-53 бб. Наследие великого целителя О.Тлеукабылулы //Халық медицинасы: Халықаралық конгрестің ғылыми теориялық-тәжірибелік материалдар. –Шымкент, 2007. 25-41 стр. 419.2 «Шипагерлік баянның» ғылыми ерекшеліктері //Ізденіс - Поиск. - 2008. - № 1. 96-101 бб. 419.3 Халықтық шипагерліктің болашағы //Қазақстан жоғарғы мектебі. - 2008. - №1. 205-210 бб. 419.4 Шипагерлік емдіктің халықтық сипаты //Ізденіс - Поиск. - 2008. - №1 (1). 135-140 бб. 419.5 Қазақ шипагерлігінің негізін қалаушы //ҚазҰУ Хабаршысы. - 2008. - №1(30). 160-164 бб. 419. 6 Адам биоөрісінің қуаттарының маңызы //ҚазҰУ Хабаршысы. - 2008. - №2(31). 58-61 бб. 419.7 Рухани шипагерліктің емінің сипаты //ҚазҰУ Хабаршысы. - 2008. -№2(31). 67-70 бб. 419.8 Ө.Тілеуқабылұлы және медициналық мәселелері //Медицина білімі - мемлекеттік тіл аясында. - Алматы: ҚазММУ, 2000. 112-116 бб. | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | ||