өмірімнің шежіресі 15 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | ||
ҚОЖАЛЫМОВ ЗИЯДАН ҚАЖЫ АҒАҒА Авторы – ақын Сейітқұл Жұманов Орындаған: жырау Айткәрім Бауыржан Бисмилла сөз басы бір Алла деп, Қорғаным қасиетті құранда көп. Ғылым менен өнерде жарқыраған, Зядан қажы ағама бақ қонсын кеп. Жақсыға Алла өзі жар болады, Жаманға дүние де тар болады. Тарихта аты қалған ұлдарына, Толғаудың мәні де зор болады. Жақсылығын жұртынан жасырмаған, Бір рахат күй кешетін қасында адам. Зядан қажы ағамыз сондай жан ғой, Құпиялы сыры әлі ашылмаған. Ақтарайын тарихты тереңінен, Өткен күннің алайын дерегінен. Зядан қажы ағама Алламыздан, Көп қасиет бойына келе білген. Тірлігінде білінбес жан қадірі, Әр адамның әр қилы бар тағдыры. Зядан қажы ағамның туған жері, Сұлу Текес баурайы, Хан-Тәңірдің. Әр қадамын байыппен анық басқан, Арманына жеткен жан жалықпастан. Тау қыраны талабы орындалып, Ғылымға да жаңалық алып қосқан. Бұл күні 70 жасқа толған аға, Әрқашан жетелеген алға дара. Екі жаста әкеден жетім қалып, Әулетінің жалғызы болған аға. Аналар ғой дүниеде асыл адам. Өзипа анаңыз өсірген, жасымаған. “Ақ апасы” атанып үлкен елдің, Немересін де иіскеп, рахат тапқан. Айта берсем тарих қой өткеніңіз, Асылдардың сынығы,текті едіңіз. Нарынқолдың нар тұлғасы 70 жасқа, Құтты болсын жеміспен жеткеніңіз. Жан бар ма құдай жолын аңсамаған, Еңбегіңе дән риза қаншама адам. Зиядан қажы ағамыз ғылымда да, Ізденуден, зерттеуден шаршамаған. Көп қасиет бойына жиып берген, Арқалаған алғысын сүйікті елден. Емшілерге сара жол салып беріп, Қажы ағамыз көрінген биіктерден. Шыншылдыққа ұдайы құмар жаны, Алға қарап жетелеп тұр арманы. Емшілердің рухани жан байлығы, «Шипагерлік баянды» шығарғаны. Емші, ғалым, жазушы, ақын аға, Өнерге өлмейтұғын жақын аға. Өтейбойдақ бабаны тірілткендей, Сөйлеттіңіз әкеліп сахнаға. Ойы терең, сөзі нық, адал адам, Қаншама шет елдерді аралаған. Жемісті еңбегінің арқасында, Елі-жұрты құрметпен, бағалаған. Сөзіме әр-бір айтқан мән беріңіз, Сіздей жанды ұмытпас мәңгі еліңіз. Шет елдер сахнасында орындалды, Жанға шипа беретін әндеріңіз. Ежелден ақыл жастан-асыл тастан, Айтайын өз ойымды жасырмастан. Зядан қажы ағамыз алғашқы рет, 23 жыл шипагер ілімі көзін ашқан. Алланың құдіретіне таң қаламыз, Әр адамнан әр қасиет аңғарамыз. Алланың қасиетін терең ұқсаң, Адаспайтын мәңгілік жол табамыз. Жақсылық болса егер жинағаның, Бұл дүниеда бар байлық, иман, арың. Алланың қасиетіне мойын бұрып, Жақсы ғой тура жүріп, сыйлағаның, Түймекүлдей көрікті жан-жарыңыз, Алла қосып бір болған жолдарыңыз. Төрт қызбен, екі ұлдан, ұрпақ тарап, Барлығы болды-ау сіздің қорғаныңыз. Өмірде көп қой сіздің көргеніңіз, Адалдықтан салдыңыз елге бір із. Қаншама қиындықты жеңіп-өтіп, Түн ұйқыны төрт бөліп, терледіңіз. Аллаға шүкіршілік бұл күндері, Нәтижесін берді ғой еңбегіңіз. Құтты болсын қажы аға мәртебелі, «Қазақстан даңқы» атты орденіңіз. Ақ көңіл адал жанның бірі едіңіз, Көбейсін сүйеніш пен тірегіңіз. Зиядан қажы ағама өмір тілеп, Жетпістен аға жүзге сіз келіңіз. Иманым – жиғаным деп ұрандаған, Қолына қасиетті құранды алған. Зядан қажы ағаға шын тілейміз, Ел болып, халық болып бір Алладан! Алматы қаласы, 02.08.2014 ж. “Қазақстанның солтүстік аймағындағы халық емшілігінің өркендеуі” атты республикалық конференциясында ұйымдастыру комитетінің төрағасы, қауымдастықтың президенті, профессор, академик Зядан Қожалымовтың БАЯНДАМАСЫ (Қостанай қаласы, 25 шілде 2015 жыл) ХАЛЫҚТЫҚ ШИПАГЕРЛІКТІҢ ӨРКЕНДЕУ ЖОЛДАРЫ Құрметті конференцияға қатысушы мырзалар мен ханымдар! Қадірменді меймандар! Сіздер мен біздер бұған дейін халық емшілігі туралы ғылыми теориялық-тәжірибелік халықаралық конгрестері мен форумдары және конференцияларын өткізіп мол тәжірибе жинақтадық. Соның нәтижесінде Қазақстанның Солтүстік аймағындағы халық емшілігінің тарихын зерттеумен оны дамыту ниетінде және жалпы республикалық «Халық емшілігінің энциклопедиясын» шығару мақсатында республикалық конференциясын Қостанай қаласында өткізу үшін 14-ші рет бас қосудамыз. Сонау XIII ғасырда Өзбек хан халық емшілері, бақсылары т.б. тылсым күш иелерін тірідей жерге жерлегені тарихтан белгілі. Қазақ халқының мәдени мұрасының бір саласына жататын халықтық емшіліктің тарихы ұлттық үрдіспен бірге пайда болып, қилы-қилы замандардың оны жоюға дейін барған әрекеттеріне қарамастан бірге жасасып келеді. Қазақтың емшілік жүйесі ертеден-ақ шығыстық халық медицинасымен үндес, ұқсастығы мен үйлесімі жағынан тығыз байланысты және тамыры да терең болды. Бүгінде қазақтың ғылымынан өзіндік орнын тапқан ХV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі ұлт ғылымының мақтанышына айналды. Шипагердің құнды зерттеулері мен тұжырымдары осы заманғы ғылыми медицинаның негізін қалады. Осындай өте маңызды еңбектің халқымен бес ғасырдан асқанда қауышуы, қазақ ілімі мен ғылымының ертеден-ақ негізі барын дәлелдеді. Кейбіреулердің еліміздің тәуелсіздігіне дейін «Қазақтың халықтық шипагерлік өнері болмады» – деген кертартпа әрекеттеріне шипагердің «Шипагерлік баяны» жүректеріне оқтай қадалып, терең ой салды. Кеңес үкіметі заманында қазақ халқы киесіз, дарынсыз өзіндік халықтық емдік тәсілдері жоқ ұлт ретінде тарихта көрсетілді. Ел тәуелсіздігінен кейін киелі құпиялы тылсым күштер иелерін тапты. Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған емші, бақсы-балгер, көріпкел, жұлдызшы, болжаушы т.б. санына жету қиын болды (қазірде солай). Осыдан жиырма төрт жыл бұрын ҚР Әділет министрлігінен тіркеуден өтіп, өз қызметін бастаған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылуы өз қандастарымыздың төбесінен жай түскендей етті. Қауымдастықты жоюға топ құрған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылары мен оның сыбайластары болды. Республикалық жеті министрлік пен комиттеттердің мамандары қауымдастықтың қызметін тоқтатуға жанын сала кірісті. Қауымдастықтың екі рет қызметін тоқтаттырды. Осыдан кейінгі заңсыз тексерулерден кейін қауымдастық басшылары мен мүше-емшілері және қауымдастық материалдық, моральдық және психологиялық зардаптарға аямай ұшырады. Қарсы күштердің әрекеттері қауымдастықтың басшылары мен адал мүшелерінің қуаты мен бірлігін әлсірете алмады. Қайта халықтық емшіліктің тарихы мен өркендеу жолдарын қалың бұқара арасында үгіттей түсті. Рухани сауықтыру қызметін жақсартуда жақсы нәтижеге жетті. Құрылғалы бері Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Орал, Астана, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Семей, Талдықорған, Ақтау қалаларында әртүрлі басқосуларда бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар беріліп, ғылыми теориялық-тәжірибелік жиындар өткізілді. Биылғы 2015 жылы атап айтқанда, 25-26 шілдеде Қостанай қаласында халық емшілерінің республикалық конференциясын өткізу алғашқы жиындардың жалғасы болмақ. Мемлекетіміздің «Мәдени мұра» бағдарламасының бір саласы халық емшілігінің республикалық конференция жиналысын өткізуге көмек көрсеткен Қостанай облыстық және қалалық әкімшілік басшыларына, Қостанай қалалық Нұр-Отан партиясының басшылығына және депутаттарға қауымдастықтың Төралқасы атынан алғысымызды білдіреміз. Қанатымыз қатая түсті. Халық емшілері мен оның басшыларына сенуге болмайды, дендері сау емес, қолдарынан ғылыми шығармалар жазбақ түгілі, жөнді мақала да жаза алмайды дегендерге, басқа қырымыздан көрінуге әрекет еттік. Халықтық шипагерліктің «жоғалған мұрасын» қалпына келтірумен оның өшкен отын қайта жандыруда қолға қалам алып баспасөз беттерінде мақалаларымызды жазуды және телеарналар мен радиотораптарында сұхбаттарымызды тоқтатпадық. Бүгінде қауымдастық өзінің қатарына халықтық шипагерлікті зерттеуге ниеттері бар медицина, философия, психология, педагогика, биология, физика, этнография, тарих, астрология, уфология, парапсихология, әдебиет, өнер т.б. еліміздегі әр саланы зерттеуші ғалымдарға бірігіп, зерттеулерін жүргізуге ықпал етіп отыр. Бүгінде қауымдастық ғылыми ортаға айналып ғана қалмастан, бұрын тарихта жазылмаған халық емшілігін ғылыми айналымға енгізді. Мәдениеттілік пен адамгершіліктен және имандылықтан жұрдай емшісымақтар ұятты қойып, өздерін «Сары, ақ, көк, қара, тақиялы әулиелер», «Алып апа, ана, әулие ана», Пархат ата», «Ақ анашылар», «Аққулар», «Ата жолы», «Ордалар» және «Жаратушы мен пайғамбарлар» санаған т.б. жалған атаққұмарлардың теріс әрекеттеріне қауымдастық тарапынан өз уағында тойтарыс берілді, қызметіміз әлі жалғаса бермек. Бұлар жөнінде өз уағында баспасөзде әртүрлі тақырыпта құнды мақалалар жазылды. «Жүздің жүйрігі мен мыңнің тұлпары» – деген халқымыздың қанатты сөзінің шындығы дәлел. Бүгінде «жасампаз емшісымақтар» өмірде бар болғанымен енді халық та оларды қажет етпейді. Халық емшілеріне жиырма жылға жуық өктемдік жасаған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» өздерінің қызметтерін 2009 жылдан бастап неге тоқтатқаны белгісіз? Бұл орталықтан тіркеу мен тексеруден өткен жиырма мыңнан аса халық емшілерінің қайда жүргені белгісіз? XV ғасырдың ұлы шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады» – демекші, қауымдастықтың мамандарының қызметін көреалмай күндес болғандардың қарғысынан Жаратушымыз бізді қорғады. Аманаттың жүгі бізге қарыз сияқты сезілді және ауыр болды. Қауымдастық ұжымы бұл қиыншылықтан аман шығып, өздерін халықтық шипагерліктің нағыз мұрагерлері екенін дәлелдей алды. Бұған қауымдастықтың бүгінгі жетістіктері дәлел. Мәселен, Қауымдастықтың ұжымы қызметтеріндегі жетістігі үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан «Алғыс хатын» алды (2005). Құрылғанына 24 жыл толған қоғамдық бірлестіктің атқарған еңбегі ұшан-теңіз. “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” РҚБ (Республикалық мәртебе) 2013 жылы қызметіндегі ерекше табыстары үшін Мемлекеттік статистиканың ресми деректері негізінде ғана, Қазақстан экономикасының нағыз көшбасшыларын анықтайтын кешенді рейтингтік бағдарлама “Ұлттық бизнес-рейтингінің”, “Ғылыми-ақпараттық статистикалық зерттеулер орталығы” және “Ұлттық бизнес-рейтингтер Халықаралық рейтинг одағының” (Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусь) «Сала көшбасшысы 2013» атағына ие болып, арнайы алтынмен қапталған «Сала көшбасшысы» қабырға медалімен және «Сала көшбасшысы 2013» Ұлттық Сертификатымен марапатталды. Қауымдастық басшысы мен емшілері жоғары мемлекеттік ордендер мен медальдарға ие болып, арнайы сертификаттармен марапатталды. Киелі қасиет – ол Алла тағала сыйлаған, дарытқан жеке адам бойындағы нұры. Ол халықтың тектік киелі өнері. Ол халықтың рухани үрдісінің жеткен биігі. Тылсым күш құдіретін дарынды киелілерден хан да, қара да немесе билеуші топтар да тартып алып, иелене алмайды. Бұл – Жаратушының дарындыға сыйы әрі тылсым күш құпиясы. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы – қазақ елінің тарихында дарынды, киелі құпиялы тылсым күш иелерінің басын қосқан, тылсым сырлары мен халық емшілігін тұңғыш ғылыми айналымға енгізген бәйтерегі. Қауымдастық – емшілер арасындағы ақылы жетпегендерге – ақыл, қиналғанға – қамқор, қуат, жарқын жол, имандылық шуағына үйретуде оларға сүйеу және тіреу бола білді. Қолдан жасанды емші жасалмайды. Дарындылар ғана тарихта қалады. Тектік киелі қасиетті ешкім де жоя алмайды. Ол тарихи шындық. Сондықтан да тектік киелі қасиет ол мәңгі өмір сүреді. Оны ешкім де тоқтата алмайды. Бүгінде бүкіл әлем елінде тылсым күші құпиясы сырларын зерттеуде арнайы ғылыми зерттеу институттары, мекемелері және қоғамдық бірлестіктер жұмыс істеп, өз елінің және өз ұлтының дарындыларының қасиетін әлемге үгіттеп ғылыми еңбектерін баспадан шығаруда. Біз де құр алақан емеспіз. Қауымдастықтың құрамындағы зерттеуші ғалымдардың «Шалкөде» баспасы мен тағы басқа баспалардан 40-тан аса ғылыми-монографиялық еңбектері жарық көрді. Бұл ғылыми еңбектер зерттеушілер мен оқырмандардың іздеп жүріп оқитын нағыз пайдалы құралына айналды. Қауымдастықтың «Шипагерлік баян» газеті рухани-сауықтыру, емдік, мәдени тәрбиелік жағынан және тылсым құпия сырлары туралы қызықты ақпарат беріп, оқырмандардың зор ықыластарына бөленуде. 2006 жылдан бастап қауымдастықтың жеке сайты тұрақты жұмыс істеп келеді (anck.kz). Адамзат тарихының эволюциялық өзгерістері мен ғылымның дамуы, халықтық шипагерліктің емдік әдіс-тәсілдерінің ғылыми жолмен дамуына күшті әсері болды. Халықтық шипагерлік өнерінің тез әрі ғылыми тұрғыдан дамуына, Орта Азия мен қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалымдардың соның ішінде ХV ғасырдағы даланың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жеке зертханалық ілімдік ғылыми “Шипагерлік баян” атты еңбегінің зор әсері болды. Халық емшілігі медицинаның атасы екендігі жөнінде ресейлік Академик Б.В.Петровскийдің:«Шығыс медицинасының тарихы Тибет, Монголия, Индия, Қытай, Жапонияда осыдан мыңдаған жыл бұрын дамыды. Өзіндік жеке емдеу әдіс-тәсілдері болды. Бұл осы заманғы медицинаның дамуына өте қажет», – деп тұжырымдайды. Қазақтың қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Орта Азиялық және қазақ жерінің ғұламаларының емдеу тәсілі мен медицина саласы бойынша жазылған еңбектерін одан ары қарай жалғастырушы, дамытушы, халықтың игілігіне пайдаланушы, өзінің жеке талғамдық-танымдық қабілетін жүзеге асырушы болды. Ғұлама шипагердің «Шипагерлік баян» атты еңбегі кіріспе және «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдалғы» атты үш бөліміндегі дәлелдемелер осы заманғы медицинамен үндесіп, бірлесіп, араласып жатқан сипатта екенін мамандар бірауыздан растауда. Еңбектегі сырқатты емдеу дәстүрлерінде оның медицина ғылымы тұрғысында да сабақтастығы анықталды. Өзіндік терең философиялық танымы мол ғұлама шипагер Өтейбойдақ баба адам бойындағы қанды: «арам қан», «адал қан», «құтырған қан», «қанды ірің» – деп төрт топқа бөлген болжамдық ойының, грек ғұламасы Гиппократтың адамның организміндегі төрт шырын анықтамасы болжамымен сәйкес, үндес келетінін сипаттады. Бұл осыдан бес жарым ғасыр бұрынғы қазақ даласының ғұлама емшісінің тұжырымдамасы, бүгінгі ғылым мен техника дамыған замандағы халық емшілерінің ілімін дамытуда құндылығын жоймай, өндірісте қолданыла бермек. 2012 жылдың 10-шілдесінде өзгерістер мен толықтырулар негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының Заңымен (8-тармақтың 8-тармақшасы) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдары мен қосалқы ұйымдардан емшілерге емші сертификатын беру өкілеттілігі алынып тасталды. Кеште болса емшілер жоғарыдағы шонжарлардың торларынан құтылды, құлдықтың бодандығынан шықты. Емшілік ғылымына «Кәсіби емшілердің» көкелері тарапынан жаңалықтар енбеді, шонжарлар үнсіз қалды. Әр нәрсе ғылыми негізге сүйенеді. Мәңгілік өмір жоқ. Өміріміз айтысқа, қарсылықтарға толы. Бүгінде құрамына алты мыңнан аса мүшесі бар қауымдастықтың құрамында 14 облыстық және 2 қалалық филиалындағы емшілері рухани сауықтыру саласында нәтижелі еңбектеніп, емделушілердің ықыласына бөленуде. Қауымдастықтың жанындағы емшілер мектебінен екі жарым мыңнан аса халық емшілері білімін көтеріп және тәжірибелік байқаулардан өтті. Шетелдерде де емдік сеанстарын өткізіп, жақсы нәтижелерге жетті. Халықтық емдік әдіс-тәсілдердің қырықтан аса түрі анықталып, өндірістік қызметке енгізілді. Кеңес заманында тарихы жазылмаған халық шипагерлігі күрделі зерделеу мен зерттеуді асыға күтуде. Халық емшілігінің өрлеу кезеңдері жазба деректердің жоқтығынан әлі зерттеліп біткен жоқ. Өйткені, шипагерлік өнері көне дәуірден ғасырлар бойы жоғалмай келе жатқан халық мұрасы. Халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейін өмірі де, болашағы да болмасы анық. Қазіргі медицинаның негізі мен ірге тасын қалаған сол халық емі, яғни халықтық шипагерлік дәстүрі екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Кез келген мемлекет басқа ғылымдардан бөле жармай, халықтық шипагерліктің болашағына мән беріп, оның өркендеуіне ықпал еткені дұрыс болмақ. Тыңдаған ықыластарыңызға көп рахмет! конференцияға арнау Авторы: Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Зядан Қожалымов Биссмилла деп сөзімізді бастайық, Ата-баба адалдығынан аспайық. Құдіретін бір Алланың мойындап, Тылсым сырын бірігіп біз ашайық! Алматы да басталған жиындарың, Қостанайдың төрінен орын алды. Ширек ғасырлық емшілер ұжымын, Басшысы Зядан қажы бастап келді. Еліміздің дархан жатқан даласын, Төрт жағынан төрт облыс қоршаған, Қостанайлық ақ пейілді ағайын, Қабыл алғын, емші қауым сәлемін! Тәуелсіз елімнің еңсесі де биіктеді, Әлем елі қазақ елін танып білді. Нұрекеңнің «Нұрлы жолы» құт боп, Емшіге де тарихтан орын берді. Тәуелсіз Қазақ елі туы астында, Жоғалған дәстүрлер де оралуда. «Мәдени мұраның» бір саласы, Емшілік те әлем еліне танылуда. Қиын-қиын кездерде болды қауым, Ширек ғасырға жеттік жолын тауып. Қарсылас күндестер де аз болмады, Бұл тарихта жазылды нағыз анық. Елбасының «Алғыс хаты» күш берді, Ұмыт болды ауыр күндер кешегі. Ордендер мен Медалдарға ие боп, Шипагерлердің еңбегі де еленді, Ашылды тарихтың да талай беті, Біз білмейтін тылсымның өзектері. Зерттедік, дәлелдедік алға бастық, Қауымдастық ғылыми орта елімдегі. Жыр маржанын төгейін, айтайын мен, Бабаларым алдағыны болжай білген. Төрт мың жылды болжаған ілгеріде, Ғарышпен байланысқан Майқы бабам! Марал Ишан, МашҺүр Жүсіп, Шәкәрім де, Көріпкел, болжампаздықпен дараланды. Абылайханның «арман түсін» болжаған, Бұл күнде кім білмейді, батыр Өтегенді. ХV ғасырдың шипагер - ғалым, ғұламасы, Жетісулық Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еді. «Шипагерлік баяны» құнды болып, Әлемде екінші Ибн Сина атанды енді. Көре алмаса, көрмесін қарсыласым, Біз сияқты ғылымға жақындасын Арбағаннан не пайда, жалғандықпен, Адамдарды алдағаннан не табасың. Тәңірдің ауыр жүгін көтергенде, Тылсымның құпиясын зерттегенде, Ғалым Зядан қажы Қожалымов. Алланың ақиқатын нақ түсінгенге, Халқымның тарихына мойын бұрғын. Қанша ғасыр болса да қырғын сүргін, Қазақтың жері ежелден киелі аймақ. Дәстүрін ата-баба ұдайы сақтап келген. Емшілердің еңбегі еш кетпеген, Бірге түлеп келеді халқыменен. Халықаралық рейтінгінің ұтысы, «Алтын медалінде»» жеке иеленген. «Шипа баян» газеті үн қағазың, Рухани саулықты баяндайды. Қауымның қызметі өрге басып, Үш тілде интернетте жарқырадың. Солтүстіктің аймағы арман далам, Керемет сұлулығыңа қайран қалам. Жазушы, ақын және батырларды, Жаратқан топырағыңа басымды ием! Қадамы емшілердің құтты болсын, Аймағы Қостанайдың нұрға толсын. Жиынға көмектескен азаматтарға, Алланың рахымы шексіз болсын! Біз мейманқос қазақтың баласымыз, Ешкіммен болған емес таласымыз. ЗИЯДАН ақын жолдады өз арнауын, Толғаған Қостанайлық НҰРСҰЛТАН жырауыңыз! Сапарлар сәтті болсын барлығыңа, Кездесейік тағы да амандықта. Қостанайлық ағайындарға көп рахмет, Тәубе дейік, рахымына бір Аллаға! Қостанай қаласы, 25.07.2015 ж.
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | ||