өмірімнің шежіресі

17

 главная                                        вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

 

фотоКүнқияш Есенова

ҚХЕҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры

Қызылорда қаласы

 

ҚХЕҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директорымын. Қызылорда облысында 1992 жылдан бастап осы аталған ұйымды басқарып келемін. Біздің облысымызда ең бірінші 1992 жылы 64 мүше болған. Қазір енді оның арасында кетіп қалғаны бар қызметін жалғастырып жатқаны бар 30-дай адам бар. Олардың ішінде шөппен емдейтіндері де сынықшыларда және осы мұсылманша дұғамен емдейтіндер де, биоэнерготерапевттерде қолды тигізіп, қолды тигізбей емдейтіндер емшілер де табылады. Сондықтан олардың емдерін дәріптеп жүрген, осы Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті ғалым Зядан Қожалымов ағамыз. Осы орайда бұл кісінің еңбегін атап кетпеуге болмайды. Осы кісінің осы саладағы ғылыми еңбектеріне арналған конференциясы жүріп жатыр. Конференция өте ұтымды, әрі тартымды өтіп жатыр. Әр саланың ғалымдарының өзі осы кісінің халық емшілігіне сіңірген еңбегін мойындап жақсы баға беруде. Біз бұған өте қуанамыз. Алла тағаланың ағамызға берері мол болсын.

 

 

 

 

фотоЗүрихан Баймолла

Дәрігер-емші 

Алматы облысы,

Жетіген ауылы

Осы жерге көрші Қытай елінен келгеннен кейін, мен ағамыз Зядан Қожалымов басшылығындағы Қазақстан халық емшілері қауымдастығына келіп қызмет істедім. Қытайда да көптеген адамдарды емдегем дауалағам. Мысалы алапес, теміреткі, тауықкөз соқыр, зоб, грыжа, анемия, құяң деген ауруларды гайморит әйелдердің бала көтермегені, ерлердің қара қапталы, осы секілді ауруларға көптеп көмек жасап жатырмыз. Мысалы менің қолымнан қазір ем алып кетіп бала көтеріп кеткен әйелдердің өзі 200-ден асты.

Бұл бірінші Алланың қуаты, екінші елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың, үшінші Зядан Қожалымовтың басшылығымен іске асып жатыр. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті Зядан Қожалымовқа рахметімді айтамын. Ғұмыр жасы ұзақ болсын.

 

 

фотоДауыл Зүрихан

Сылап-сипаушы

Алматы облысы,

Жетіген ауылы

Біз осы Қазақстанға келгелі басшымыз Зядан Қожалымовтың көмегіменен халыққа танылып, шығыс медицинасын халыққа жеткізу үстіндеміз. Халық та қазір шығыс медицинасын жақсы қолдап қаралатындар да көбейді. Менің әкем Зүрихан Баймолла және інім Дүлдүл үшеуіміз жанұялы, бірігіп ем жасаймыз. Жақында басшымыз Зядан Қожалымовтың қолдауымен әкемнің кітабы шықты. Бізді халыққа танытқан Зядан ағаға алғысымызды білдіреміз.

Жұлдыз Байнолла: Сөзі өткір, жанары жалынға толы Зядан қажы қалың халықты аурудан өзі айықтырып ғана қоймай, бойындағы қабілеті бар халықтың денсаулығын жақсартуға үлес қосуға асығып жүрген емшілердің де жолын ашып, ағалық қамқорлық танытуы мақтауға тұрарлық және тұлғаға лайықты азаматтылық.

 

 

 

фотоАсқар Түсіпбаев

Халық емшісі

Астана қаласы

2003 жылдан бастап осы емшілер қауымдастығында халыққа қызмет көрсетіп келе жатырмыз. Өзім Астана қаласынан келгенмін. Астана қаласында халыққа қызмет етіп жұмыс жасап жатырмыз. Ал енді ғылыми конференциясын өткізіп жатқан, өзіміздің осы емшілер қауымдастықтың президенті Зядан ағамызға үлкен жақсылықтар айтамын. Бұл кісінің халыққа сіңірген еңбегі өте зор. Бүкіл алты алаштың қазағының басын қосып, жоқтан бар жасап, адасып жүрген қаншама емшілер, тәуіптер, құмалақшылар, бақсылардың бастарын қосып, осындай үлкен жиын өткізіп, мемлекеттік дәрежеде құжаттандырып, халыққа үлкен зор іс істеп жатқанына ол кісіге зор алғысымда айтамын. Бүгінде бұл ағамыз басқарған қауымдастықты шетелдер де танып, ағамыздың еңбектері де өзімізден тысқары елдерге таныла бастады. Мен Зядан қажы ағамызды торқалы тойымен құттықтап, шығармашылығына табыс, деніне саулық, отбасына амандық тілеп, біздің көшбасшымыз бола беруіне тілектеспін.

 

 

фотоХалтурсын Парманов

                                    Дәрігер Алматы облысы

Қаскелең қаласы

Зядан ағаны қазіргі заманауи медицина мен халық медицинасы екеуінің арасындағы дәнекері деп ойлаймын. Өйткені, қазір біздің қатарымызда халық емшілері ғана емес, дәрегерлер де көп. Зядан қажының 1991 жылдан бастап осы кезге дейін еткен қызметі өте көп.

Енді өзімнің негізгі салам невроптолог. Негізінде терапиялық неврологиялық ауруларды емдеймін. Алтын ине дейді. Алтын ине деген иглотерапия. Сонымен емдеймін. Ал күніне келетін адамдар санын есептегенде жылына бірнеше мың адам келеді. Зядан аға өте құрметті адам. Адамгершілігі зор. Зядан ағаға ұзақ ғұмыр, зор бақыт тілеймін.

 

 

 

фотоБекмағанбетов Қозы

Халық емшісі

Петропавл

Мен Петропавл қаласынан келдім. Конференцияға келдім. Зядан ағамыз 70 жасқа толып жатыр. Тілейтінім денсаулық және бақытты болсын ағамыз. Жақсылықпен болсын. Мынау біздің ассоциацияның жұмысы жүре берсін. Қуаныш, жақсылық ғана болсын. Өзім халық емшілігімен айналысқаныма төрт жыл болды. Жұмыс істеп жатырмын. Алла тағала қауымдастығымыздың ұжымына жақсылық сыйлап, халыққа адал қызмет етуге күш-қуат пен қайрат берсін.

 

 

 

 

 

фотоСейтбаттал қажы

Дәрігер

Алматы облысы

Жалғамыс ауылы

 

1969 жылдан бастап осы кәсіппен шұғылдандым. Шығыс пен батыс екі медицинасында бітірдім. Мен ғылыми адаммын. Профессормын. Қызмет істегеніме 44 жыл болды. Емдік нәрсемен Қытайда Жун Ши дейді екеуін бірдей жалғастырған институтты бітіргенмін. Енді ислам жолында Шынжаң ислам институтын бітірдім.

2005 жылы осы жерге келіп, осы Зядан қажы басқаратын қауымыға кіріп содан бері жұмыс атқарып жатырмын. Бұл жерге келгендегі мақсатым, өз отаныма, еліме, жеріме бала-шағаларымды жеткізейін және халқыма осы білген өнерімді үйретейіп емдейін деп келдім. 72 безгек 62 тамыр бойынша емдейміз. Басшымыз Зядан Қожалымов мақтауға тиісті адам екен. Өйткені, өзі менімен шамалас құрдас кісі екен. Сондай болса да еңбек етуден әлі жалыққан жоқ. Халық үшін, отаны үшін қызмет істеп жатыр бірінші Аллаға, екінші халқына. Осы еңбегі барған сайын арта берсін. Дені сау болсын. Бала-шағасы аман болсын.

 

Жұлдыз Байнолла: Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген. Атақ, мансап, абыройға өмір бойы үздіксіз ізденіп, үзіліссіз еңбек етуінің арқасында жеткен Зядан ағамыз биыл 70 жасқа толып отыр. Еңбектен рахат тапқан, ұлы ғалым қоғамға пайдалы ғылыми зерттеулерді жеткізіп, адам денсаулығын қалпына келтіруге байланысты, халық медицинасы жайлы көпшілікке өте қажетті 25-тен астам кітап жазған. 7 ғылыми-монографиялық еңбек және 50 газет пен 10-нан аса журналдарда 500-ден аса танымдық, тәрбиелік, ғылыми мақалалары жарияланған.

 

 

фотоМырзабек Қабылов

Сынықшы

Астана қаласы

Өзім сынықшымын. Желтоқсанның ардагерімін. 1993 жылдан бері осы ата-бабадан дарыған сынықшылықты ұстап келе жатырмын. Қасиет өзі “сегіз қырлы бір сырлы болады” деген рас екен. Өзім 1973 жылғы Қазақстанның күрестен жеңімпазымын. Палуандық қасиетіміз де бар. Екі тілді ақынмын. Орыс және қазақ тілінде өлең жазамын. Ағамыз Зядан қажыға қазақ тілінде арнау жазып келіп отырмын. Өзім негізі Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының, Белқарағай ауылының тумасымын. 10 жылдай бойы Астанада тұрамын. Сол жерде осы сынықшылық парызымды атқарып, халыққа көмек көрсетіп жатырмын. Осы ғылыми конференцияға шақырумен келдім. Ғалым, ақын-сазгер Зядан ағамызға арналып, бүгін халықаралық конференция өтіп жатыр. Конференцияның маңызы зор. Себебі шипагер Өтейбойдақ бабамыздың атының жаңғыруына Зядан ағаның еңбегі мол. Мен өзім Өтейбойдақ атаны жас кезімде білген емеспін. Осы Қожалымов ағамыздың еңбектерін оқып, Өтейбойдақ атамыз қандай құнды еңбек қалдырғанын білдім. Енді Зядан ағамыз 70-ке толып отыр. Сол кісіге денсаулық, бақыт тілеймін.

 

 

фотоБерік Қабенұлы

Дәрігер

Алматы қаласы

ҚХР Құлжа қаласынан келдім. Қазір осы Алматыға келгелі 5 жылдың айналасы болды. Осы Зядан ағамыздың қол астында жұмыс істейміз. Енді бүгін Зядан ағамыздың 70 жасқа толған 70 жастық тойымен және де біздің қауымдастықтың емшілерің мерекесімен құттықтаймын. Зядан ағамызға үлкен зор денсаулық, қажымас қайрат және бұдан кейін де денсаулықтары мықты, өнердегі орны үстем бола берулеріңе тілектестік білдіремін.

 

Жұлдыз Байнолла: Зядан қажы Қожалымов 1944 жылы шілденің 1-жұлдызында Хан тәңірінің Текесінде дүниеге келген. 1963 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданының Абай атындағы 11 жылдық мектебін бітірген. Кейін қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтында оқып, инженер-электрик мамандығын алған. Ал 1991 жылдың 22 желтоқсанынан бастап өзі құрған «Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының» президенті, академик, профессор, мәдениеттанушы және өтейбойдақтанушы ғалым. Философ, психолог. Дінтанушы. Шежіреші. Ақын-сазгер. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. Халықаралық ұлттық бизнес-рейтинг комитетінің ұсынысымен «Қазақстан данқы» орденімен және «Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін» медалімен марапатталған. Алматы облысы, Райымбек ауданының құрметті азаматы. Халық медицинасы саласы бойынша халықаралық Ресей және республикалық осы саланың ұйымдарының мақтау қағаздарымен медалдарымен марапатталған. Әлем емшісі. Парапсихолог.

 

 

 

фотоТұрсынғазы Тұрақын

Дәрігер-емші

Ақтөбе қаласы

 Ақтөбе қаласынан келіп отырмын. Негізі Қытай-шығыс Тибет медицинасының  маманымын. 2009 жылдан бері Зядан ағамыздың кітаптарын оқып келе жатырмын. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы көптеген кітаптарын оқып, Зядан ағамызбен сол арқылы танысып, жақында осы емшілер қауымдастығына мүше болып кірдім. Бүгін мерейтойына келіп отырмыз. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының емшілеріне және осы саладағы азаматтарға зор денсаулық, ашық аспан тілеймін.

 

 

 

 

 

фотоМұздыбаева Айсара

Халық емшісі

Астана қаласы

16 жылдан бері Астана қаласында өзіміздің халықпен және қоғамда қызмет істейтін адамдармен тығыз байланыстамын. Академик Зядан Қожалымов ағайдың бастауымен осы халық емшілері қауымдастығының мүшесімін. Ағайдың әрдайым осы емшілерге беріп жатқан кітабын оқып білімімізді дамытып отырамыз. Мәдениеттілігіміз, имандылығымыз, сауаттылығымыз және емшілердің бір-біріне деген туысқандық жақындығымыз ағамыздың еңбектері мен өткізген жиналыстарының жақсылығы деуге толық негіз бар. Біздің ағамыз халық медицинасы саласының білгір, танымал және үлкен ғалымы екендігі бүгінгі ағамызға арналған ғылыми конференцияда, көп салалы ғылымдардың профессор ғалымдары ерекше атап өткендігі, бізді зор қуанышқа бөледі. Ағайдың ғұмыры ұзақ, ғылымдағы еңбегі молайып жарқырай берсін.

 

Жұлдыз Байнолла: “Қазақта жігітке жеті өнерде аз” деген. Сегіз қырлы, бір сырлы Зядан Қожалымовтың тағы да атақ марапаттары өте көп. Ол қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының президенті, Қазақстан Журналистер және Психолгтар одақтарының мүшесі. Қзазақстан Республикасы халық медицинасы және космоэнергетика академиясының президенті-академигі, халықаралық дәстүрлі және халық медицинасы мамандары психологтар мен емшілер қауымдастығының президенті, халықаралық «Экология» академиясының және Әлемдегі рухани және халық емшілерінің академиясының академигі. «Жас-ай» Шығыс-Тибет медицинасы журналының редколлегия мүшесі. Әлемдік емші. Халықаралық дәрежедегі парапсихолог. «Шипагерлік баян» газетінің ақылдастар алқасының Төрағасы, Бас редакторы.

 

 

фотоӘсия Ибрагимова

Сүлікпен емдеуші

ШҚО, Шемонаиха қаласы

 

Республикамыздың Шемонаиха қаласында ем жасаймын. Ем жасағаныма көп жыл болды. Осы конференцияға Зядан ағамызды құттықтауға келіп отырмыз. Өте құрметтейміз. Жаны жаз, көңілі көктемдей өте жарқын кісі. Кітаптарында Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ бабамыз және халық медицинасының қыры мен сырлары туралы көп мәліметтер бар. Бұл кісінің кітаптары көп. Бәрінде оқимыз. Иншалла, Алла тағала ағамызға қуат беріп, отбасына жақсылық сыйласын.

 

 

 

 

 

фотоҚұрманғали Қадырхан

Тибет медицинасының дәрігері

Алматы облысы

Бүгінгі күндерде мен осы мемлекеттік халықаралық деңгейдегі жиналысқа қатынасып отырғаныма өте қуаныштымын. Сонымен бірге Зядан ағаның 70 жылдығы құтты болсын. Мақсатым бұдан кейінде  осы кісілердің арқасында дәрігерлік білімімді кеңейтіп, үздіксіз еңбек етіп, медицина саласына жақсылап тұрып үлес қосқым келеді. Өзімнің қазақ елім, жұртым үшін, аз да болса солардың денсаулығы үшін қызмет еткім келеді.     Ағамыз басқаратын қауымдастықтың қызметінің өркендеуіне өз бойымдағы білімімді қосамын. Ағамызға ұзақ ғұмыр тілеймін.

 

 

 

фотоСәуле Алтынбаева

Психолог-емші

Алматы қаласы

Еліміздің елдігін, жеріміздің кеңдігін дүниежүзіне паш еткен тәуелсіздік кезімен құрдас, осы қауымдастықты ашқан басшы Зядан ағамыз. Бүгін ол кісінің 70-ке келіп жатқан үлкен мерейтойы. Сонымен қоса ол кісінің еңбектеріне арналған ғылыми конференцияға қатысып отырмыз. Ал енді сіздің сұрағыңызға жауап беретін болсақ, жалпы қазіргі таңда халықты сауықтыру барысында дәстүрлі медицина мен  халық емшілігін бір-бірімен біріктіре отырып емдеген үлкен нәтиже бермек. Сондықтан, бұл жөніненде Зядан қажы Қожалымов ағамыздың еңбегі орасан зор. Себебі, қазіргі кездердегі әсіресе жеке адамдардың күйзеліске ұшырауы, жан ауырғандықтан тән ауруын медицина емдегенменен, адамның жанын емдеу қажет болады. Халық медицинасы мен дәстүрлі медицина қабат келген жағдайда адамның молынан, барлық жағынан сауығып кетуге мүмкіндік туады. Сондықтан бүгінгі ғылыми конференцияның ағамыздың еңбегіне арналуы қауымдастық ұжымының қуанышы. Ағамызға ұзақ ғұмыр тілеймін.

 

 

фотоЖаңабай Отарбай

                                               Тәуіп

Манғыстау облысы

 

Манғыстаудан келдім. Зядан ағамыз қажы кісі. Біз де енді қажы болып келдік. Ағаның 70 жасқа толуы оң болсын. Алып бара жатқан жұмыстары табысты болсын. Семьясы бала-шағасы аман болсын. Келген жамағаттында барлығынына денсаулық тілеймін. Жұртымызға аманшылық болсын.

 

 

 

 

 

фотоЖетпісбаева Батима

Халық емшісі

Алматы облысы

Ұзынағаш ауылы

 

Зядан қажы ағамыздың 90-жылдан бастап жетегінде келе жатырмыз. Сол кісінің шәкіртімін. Бір жағы өте үлкен жақын нағашысы болып келемін. Әкемнің жалғыз қарындасының жалғыз баласы. Өмірден аялап қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ағамызды дүниеге әкеп, арқалап аштық демей, тоқтық демей бұл дүниеде ағамызды осыншалық жақсылық ниетте жеткізген апама өте ризамын. Әпкеміз бұл ағаны дүниеге әкелгенде қиналып әкелді. Ол қиыншылықтардың бәрі артта қалды. Зядан ағамыз өсті, өнді, немерелі, шөберелі болды. Ағамның осындай қанаты самғай беруіне мен де ризамын. Ағаның қанатының астында шәкірт болып жетектеліп жүргеніме өзім ризамын. Ағамыз аман болсын. Бақытты болсын ,тағы да халқына қалаулы, еліне елеулі ары қарай 70 жастан ары тағы да жасай берсін. Бұйырған жасын жасасын. Аллаға мың да ризамын. Түймекүл апамызға үйленгенде мен өте қуандым. Өйткені, ол кісі киелі Түркістаннан шыққан ұрпақ.

13 жастағы қыз не біледі қойшы деп жүргенде, ағайымыз біздің көзімізді ашты. Осыншалық халге жеткізді. Сол үшін мен ағаға мыңда бір ризамын. Ата-бабамның аруағы риза болсын. Өтейбойдақ атамыздың да рухы риза болсын. Өмір бақи шипагерлікпен айналысқан кісі. Бұл кісінің көп тарихтарын әкем марқұм айтып отыратын. Өтейбойдақ ата өмірі үйленбеген. Өзі сол ілім қуып, білім қуып, білімнің арқасында ары қарай шипагерлікпен кеткен кісі дейтін. Ол кісіні жарыққа шығарған ағаға мың да бір ризамын. Алла тағала ағаға күш-қуат берсін. Халқымыз аман болсын. Қауымдастықта жүрген емші інілерім, сіңілерім, апаларым аман болсын. Бәрімізде бір қауымда ары қарай жалғаса берейік. Сіздерге де рахмет. 

 

 

фотоАлмабаева Үрбігүл

Халық емшісі

Кентау қаласы

Кентау қаласынан келдім. Зядан ағамен 2006 жылдан таныспын. Ғалым ретінде танимын, еңбектерімен таныспын. Ғалым әрі емші. Ол кісіні мен өте жақсы сыйлаймын. Ол кісі біздің халық емшілерінің еңбегін бағалағанына әлем біледі. Біз ағамыздың ғылымдағы жетістігіне мақтанамыз. Ағамыздан әлі де ғылымға және өнерге берері молдығына сенеміз. Бізге өте дарынды, білімді, мәдениетті, білгір ұйымдастырушы ағамызды сыйлаған Алла тағалаға рахметімді айтамын. Осы конференцияға қатысқан ғалымдар мен меймандарға, емшілерге қадамдарыңыз құтты болсын, ағамыздың өмірі ғұмырлы болсын деген ізгі тілегімді білдіремін. 

 

СТВ телеарнасы

Алматы, 02.08.2014

 

 

 

 

«Жекпе-жек» бағдарламасы

“Хабар” телеарнасының «Жекпе-жек» ток шоуын жүргізуші Ринат Думанұлы

 

Жүргізуші: Биыл қазақтың халық медицинасына 25 жыл. Ем-домның бұл түрі Қазақстанда ғана емес күллі шығыс елдерінде қанатын кеңге жайған. Азия мемлекеттерінде оны халықтың 70% пайдаланады.  Ол тіпті ресми медицинаның құрамдас бөлігіне айналған. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше халық медицинасына деген сұраныс Еуропа елдерінде де артып отыр. Әлемде оны қолданатындар 60-65% шамасында деген ақпарат бар. Көпшілік дәстүрлі шипагерлікті экологиялық таза технология, таза өнім, қауіпсіз дәрі-дәрмек деп біледі. Алайда бүгінгі қоғам осы бір ерекше дарын иелеріне үміттене де, күдіктене де қарайды. Әсіресе, кәсіби медицина мамандары арасында мұндай жандарға деген көзқарас әртүрлі. Сәйкесінше емшілер де дәрігерлердің емдеу тәсілдерімен келісе қоймайды. Бүгінгі жекпе-жек осы мәселеге арналады. Экранға назар аударайық.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Жалпы адамның денсаулығында күнделікті кездесетін бедеулік саласында көптеген аурулар көп жылдар бойы халық емшілеріне барып, көптеген жылдарын жоғалтып жатады. Сол халық емшілігі қандай жағдайда көмектеседі. Қандай жағдайда оның зиянды тұстары болуы мүмкін. Соны бүгін талқылау үшін мен осы «Жекпе-жек» хабарына Қожалымов Зядан қажыны шақырып отырмын.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Бисмилляхир рахманир-рахим. Бүгінгі күні халық емшілерінің қызмет саласындағы кейбір кемшіліктері жөнінде биология маманы Салтанат Байқошқарова мені жекпе-жекке шақырған екен. Жекпе-жекке шығуға дайынмын.

Жүргізуші: Бүгін жекпе-жекке шығатындар Салтанат Байқошқарова дәрігер, биология ғылымдарының докторы. Зядан Қожалымов «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы. Жекпе-жекке қош келіпсіздер.  Салтанат ханым осы халық емшілері қауымдастығының басшысы Зядан мырзаны «Жекпе-жектің» алаңына неге шақырдыңыз. Халық медицинасының өкілдері дәстүрлі медицинаның өкілдерін сынап жатады. Дәстүрлі медицинаның өкілдері, дәрігерлер халық емшілерін сынап жатады. Бұл екеуі өмір бақи келе жатқан бәсеке, жекпе-жек десек те болады. Неліктен олай және қандай дәлел-дәйектеріңіз бар. Сізді тыңдасақ.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Жалпы медицина ғылымдық медицина. Ол дүниежүзінде дәлелденген медицина деген түсінік бар. Ғылыми дәлелі бар медицина деп біздің саламызды айтуға болады. Ал халық емшілері кімнің қолында, ол адамның қандай білімі бар соған байланысты. Мысалы бедеулік саласында бірталай адамдар келген кезде зиянды жақтарың да көріп жатамыз. Улы заттармен емдеу кездескен, соның нәтижесінде біз әйелден сапалы ұрық ала алмаймыз. Ауылда тіптен адамның ақылына қонбайтын әдістерді қолданатын апалар бар. Оның жақсы және жағымсыз жағы бар. Осыны анықтау үшін осы бағдарламаға келіп отырмын.

Жүргізуші: Кейде онкологиялық ауруларды да емдейтіндер бар дегенді құлағымыз шалып қалып жүр.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Астана қаласының онкологиялық орталығының Бас дәрігері отыр. Ол кісі де айтып өтеді. Негізі ең қиын мәселе бұл онкология, туберкулез осы мәселелерді талай естіп жатамыз. Халық емшілеріне барып, асқындырып алып уақытты жоғалтып, ең соңғы сатысында медицина да көмектесе алмай жатқан жағдайлар болып жатыр. Сондықтан халық емшілері ондай үлкен жауапкершілікті алуға болмайды. Тағдырмен ойнауға болмайды. Ол үшін қазіргі неше түрлі жоғарғы технологиялардың көмегімен арнайы тексерулерден, өту керек. Осындай аса қауіпті ауруларды Қытайда оқып келген бауырлар емдеп жүо. Оның дәрігерлік білімі болып, сауатты болуы мүмкін. Бізде халық емшілігі деп барлығы жаппай соған бет алатын көпшілік бар. Барлығына бірдей сене беруіне болмайды. Шыныменде аса дарынды қасиеті барлары бар шығар.

Жүргізуші: Ол қандай ем, тәуіп көзі, аруақтармен байланысқа түсіп жатырмыз дейді. Фотомен, телефонмен емдейтіндер бар. Ондайларға берілмейді. Не дейсіз қарсыласыңыз біраз нәрсенің шетін шығарды. Келісесіз бе жоқ па? Нақты дәлелді жауап күтеміз.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Медиктер өкпелесе ҚазССР-нің министрі Сағидолла Қарынбаев ағамызға өкпелесін. Өйткені, 1962 жылы министр болып тұрғанда дүниежүзінде дәстүрлі емес халық медицинасының I конгресін өткізген. Сол кісі бүкіл дүниежүзілік дәстүрлі емес халық медицинасына жол салды. Сол дәстүрлі халық медицинасы осы заманғы медицинаға келіп тоғысты.

Жүргізуші: Оппонентініз айтып тұр сізде ғылыми негіз жоқ деп. Гигиена жоқ деп жатыр.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Мен прокурор емеспін тергеуші бар зардаптанушы бар. Зардаптанушы арыз жазсын. Тергеуші анықтасын. Сот шешімін шығарсын. Екінші медицина ғылымдарының докторы, профессор Естөре Оразақов деген кісі болған. Ұлы Отан соғысы кезінде мынау Алатаудың бөктерінде әскерлерді жабайы халықтық жүйемен емдеген. Сол кісінің «Қазақ халық медицинасы» деген кітапшасында: «Шіркін дүние-ай, мына солақай саясаттан ғылыми негізін қалай алмады ғой», – деген арманы жазылған. Кеңес заманында кез келген медицинаның төменгі институттарынан алып қараңызшы. Мына 2 млн. халқы бар қырғыздың халық емшілігі бар. Түркмендікі бар. Неге қазақтікі жоқ. Мен 14 ғасырдан бері мұрағаттарды тексергенде кездеспейді. Менің зерттеулерім бойынша халық емшілігінің б.д.д. және бүгінге дейінгі тарихы оның емдік жүйесі ғылыми-монографиялық еңбектерімде жазылды. Әр салалы ғалымдардың пікірлері негізінде бүгінгі күні қазақтың халық емшілігі әлемдік ғылымға қосылды. Халық медицинасының негізін қалаған соның үш шыңын, 12 кезеңін, 6 сатысын жасаған XV ғасырдың дала ғұламасы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Сол кісінің еңбегі қазір бүкіл оқулыққа еніп кетті. Ол кісінің еңбегін зерттей отырып, ҚазҰУ-нің философия және психология кафедрасымен ондаған жылдар бойы тексеріп, міне ғылыми еңбек жаздым. Ол «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» деген ғылыми еңбек. Бұл еңбек университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген. Сондықтан халық медицинасында ғылым жоқ дегендерің ұят болады. Соның көшін бастап отырған менмін. 26 кітап жаздым. Менің еңбектерім халықтың іздеп жүріп оқитын кітаптарына айналды. Ұйымда 5000 астам мүше бар. Денсаулық сақтау министрлігі жанынан 1990 жылы халық медицинасы орталығын ашқанын білесіздер. Неше түрлі саладағы мамандар басқарды. 20 жылдай басқарып келді де аяқ астынан таратты. 20 жыл 26 мың емшіні құлдық пен күндікте ұстады. Тапқанын қалтаға салды. Олар далада қаңғырып қалды. Мен басқарып отырған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» РҚБ құрылғанына 24 жыл болды.

Жүргізуші: Аға дәстүрлі медицина өкілдері мен халық медицина өкілдерінің арасында не бар. Көреалмаушылық, бақталастық.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Тоқал мен бәйбіше арасындағы айтыс бар.

Жүргізуші: Кім тоқал, кім бәйбіше өзі?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Бұлар емшілерді тоқал жасағысы келеді. Бірақ емшілер негізінде медицинаның әкесі, шешесі. Сондықтан біз ымыралықпен басқарамыз. Кеңес өкіметінің соңғы Денсаулық сақтау министрі Б.В.Петровский деген кісіге кеңес өкіметі уағындағы халық медицинасының әкесі атанған Я.Гальперин: “Осы халық медицинасынан біз ғылыми атақ қорғайық”, – деп айтқан екен. М.ғ.д., академик Б.В. Петровский: “Мен өлгеннен кейін 100 жылдан кейін қорғаңдар”, – деген. М.ғ.д., академик Шазовты білесіз ғой Кеңес одағының орталық партия комитетінің партбюросының өлгендерінің барлығының жаназасын шығарған. Сол Шазов мені жерлеп келгеннен кейін жазыңдар деген. Ендеше, орыстың ұлы ғұламалары осылай айтып мойындатып кеткен. Ал бізде не екенін халық өзі бағалайды.

Жүргізуші: Не дейсіз? Ғылым бар дейді.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Сіздің айтуынызша бүкіл халық медицинасының барлығы жүз пайыз керемет барлық ауруға көмектесе алады деп тұрсыз ба?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Барлық емшіге жауап бермеймін. Мен өзімнің қауымдастығымды айтамын. Жұқпалы аурулар, обыр, асқынған жүрек аурулары, ота қажет ететін аурулар, тері аурулары, ішімдікке салыну, жүйке аурулары, нашақорлар бар, небір сал аурулары бар осыларды емдейміз. Ине мәселесі бойынша бізде ешкім ине салып жатқан жоқ. Бірақ менде білемін. Қоғамдық ұйымның Жарғылық негізінде істейтін ғана жұмысы бар. Ары қарай бақылаушы органдар бақыласын. Алматыда 1200 адам тіркелсе бүгін байланыстағысы 10-15-ақ. 20 жылдай халық емшілерін халық медицина орталығында сынақтан өткізіп, лицензия берді. Осы лицензияға Қазақстан Республикасының заңдары негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 2012 жылы 10 шілдеде Денсаулық сақтау заңының 54 бабының 4 тармағына өзгеріс енгізілді. Алты ай медициналық мекемелерден емшілер тексеруден өту керек еді. Бұл қағида алынып тасталынды. Содан бері әрбір  ұйым өз емшісіне жауап береді.

Жүргізуші: Не дейсіз? Бұл кісінің сөзіне қарасақ бәрі жақсы.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Егер салыстырмалы түрде қарасаңыз жиырма жыл бұрын бұл нәрсеге түгелдей рұқсат берілген болса, қазіргі кезде соңғы заңда шектемелер енгізілген. Ол бекерден-бекер емес. Өйткені, зиянды жақтарын анықтағаннан кейін заңға өзгерістер енгізілген. Жалпы ғылыми медицина мен халық медицинасын салыстырсаң әрине бірінші орында ғылымдық жалпы медицина тұрады. Өйткені, күрделі ота жасауға үлкен технологиялар ғана көмектеседі. Халық емшісінің өзі ауырып қалса, жедел жәрдем шақырады. Халық медицинасын мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Бірақ әлі келетін және келмейтін жерін білу керек. Ол көре алмауда емес. Осы жерде Гаухар деген кісі кездесіп айтып жатыр. Бір әйелді жіберіп едік сіздерден үш егіз тапты. Яғни ол кісі біраз емдеп көрді. Психологиялық тұрғыдан әйелге күш беріп болатын шығар деп болмағаннан кейін негізгі медицинаға жіберді. Бізден болды соған бірге қуанып жатырмыз.

Жүргізуші: Біздің қоғамда не демесек те халық медицинасына деген сұраныс бар. Азаматтар барып жатыр. Оның басты себебі неде? Ол өсіп келе жатыр ма, азайып келе жатыр ма? Ғылыми медицинаға деген сенім кішкене төмендеп бара жатқан шығар?

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Мен ойлаймын халықтың санасына байланысты. Негізі сауатты адамдар ғылыми медицинаға барады. Бір-ақ нәрсе бұл жерде анық. Негізгі жалпы медицина бәрібір жоғары тұрады. Өйткені ол қолынан келері көп. Құрал-саймандар бар оны ешкімде ешқашан да жоққа шығара алмайды.

Жүргізуші: Зядан мырза келісесіз? Скальпельге қарсы қамшыны, лазерлік технологияға қарсы адыраспанды қоя аламыз ба?

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: XV ғасырдың ғұлама шипагер ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ауру неден болады. Қайғы-қасіреттен, жоқшылықтан, көреалмаушылықтан, адамның денесіндегі қуаттың ауытқуынан т.б. себептерді атайды. Адамның қуаты ауытқыған кезде тепе-теңдік ауытқығанда белгілі мүшелері бұзылады. Бүгінгі заманмен айтсақ, діни тұрғысында сиқырдан, дуадан қазақи түрде айтсақ, көз бен тілден болады дейді. Өйткені, олар адамның денесінің тепе-теңдігін ауытқытып жібереді.

Жүргізуші: Қарсыласыңыз айтып жатыр дәстүрлі медицинада ғылыми негіз бар. Жаңа технология қолданамыз деп. Ал халық емшілері сондай дүниені қаншалықты қолданады. Халық емшілерінің шамамен қаншасының кәсіби медициналық білімі бар.

Зядан Қожалымов, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» төрағасы: Менің қарамағымдағы адамдардың барлығы жылдап оқиды. Өзіміздің мектебіміз бар. Менен оқиды және халық медицинасының басқа да салаларын оқытатын мамандарымыз бар. Менің білімім психология, философия, дін ілімі және әдебиеттен де инженерлік те толып жатыр. Менің тогым көп өйткені мыңдаған кВ-қа қосып жіберсем жаман болады. Егер мен медицина қызметкерлерінің кінәсін айтатын болсам, қазір ол ынғайсыз болар еді. Денсаулық министрлігінің фармацевтикалық және медициналық қызметті басқару арнайы Департаменті бар еді ғой. Қоғамдық ұйымдардың қызметіне жауап беретін. Солар келу керек еді. Лицензия таратқан солар. Жаңағы жиырма жыл күңдік пен құлдықта ұстап емшілерді опасыздыққа тәрбиелеген де солар. Емшілер бүкіл жиырма жылдық табысынан айрылып, кейбіреулері масқара болып, тарихта қалмаса әрине теріс әрекетке барады. Біздікі бизнес емес. Менің анықтауым бойынша таза емші бар 10 пайызға жетпейді, жасандысы бар, аурулары бар және жалғандары бар. Бүгінгі күнде не істеп жатыр соған бейімделген. Арнайы бақылаудан өткен емдегеннің өзі сөз терапиясы ғой. Сөзімен сізді де мені де жаулап алады.

Салтанат Байқошқарова, дәрігер, биология ғылымдарының докторы: Сөз терапиясы халық емшілерінде мықты қойылған. Өзі сеніп тұрғаннан кейін ол адамды сендіру жеңіл ғой. Ал біздің дәрігерлерде ол жетіспейді. Адамды сөзбен, дәрімен және отамен емдейді. Бұл жерде дәрігерлер мен емшілерді емес халық медицинасы мен негізгі медицинаны салыстыру деп қарау керек. Өйткені адамның ішінде аласы да құласы да бар.

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

в начало