өмірімнің шежіресі

23

 главная                                        вернуться 

 1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

 

ЗА ЩИТОМ ГУМАНИЗМА СКРЫВАЯСЬ ОТ НАЛОГОВ

 

«Центр народной медицины» укрыл от уплаты в бюджет 26 миллионов 495 тысяч 170 тенге налогов.

Главным врачом «Центра народной медицины» Ерасыл Абылкасымов стал в 1991 году. Он не скрывал, что за короткий период станет миллионером.

В газете «Казахстанская правда» в статье «Будет ли у Казахстана свой Федоров?» (11.04.1992 г.) он нанес моральный ущерб благотворительным организациям. Зарегистрированное Минюстом юридическое лицо он объявил незаконным, мотивируя только тем, что ему не нравится его Устав.

Через своих людей в бывшем Министерстве здравоохранения и в Верховном Совете в «Закон об охране здоровья граждан Казахстана» он протолкнул скрытно статью о 2-месячном испытательном сроке народных целителей. Первым делом он нанес удар по вновь организованной «Ассоциации народных целителей Казахстана», в результате чего она была закрыта. Однако при этом Абылкасымов Е. действовал за спинами своих сподвижников. Все все прекрасно понимали, но ничего сделать не могли. Мы понесли материальный и моральный ущерб в десятки миллионов тенге, хотя Ассоциация была зарегистрирована вновь и мы продолжаем действовать поныне. Е.Абылкасымов после этого развил кипучую деятельность, любой, кто себя называл целителем, получал удостоверение «профессионального народного целителя» сроком на два года. Всего за 1991-1998 годы было зарегистрировано около 3500 целителей, из них более 1000 стали «профессиональными народными целителями». Короче, не зависимо от наличия образования, практики лечения, либо помогая на стройке, они сомнительными способами получали статус «профессионала», тем самым компрометировали духовное исцеление.

Тем не менее с 1992 года у Ерасыла в 18-19 городах республики действуют филиалы. За один сеанс лечения установлена ставка 500 тенге и выше. Гадание на бобах и выдача амулетов (тумары) и того дороже (из газеты «Жас Алаш» 21.08.1997 г.). Не понятно, откуда взяты такие расценки. Исходя из них, в среднем по центру и его филиалам, а также народные «профессиональные народные целители» платят «Центру народной медицины» всего за год по 50000 (пятьдесят тысяч) тенге. Если это число помножить на число «профессионалов», получаются десятки миллионов. Исходя из этого, поступления в центр за двухмесячные испытания, от школы целителей, дополнительных проверок, от конференций, выдачи лицензий и т.д. составляют в год 55-65 миллионов тенге. Хотя деньги поступают, но их, вероятно, не приходуют.

Не довольствуясь этим, господин Абылкасымов Е. продолжал борьбу с неугодными ему обществами с помощью своей «правой руки» – председателя Ассоциации «профессиональных народных целителей» целителя Адилхана Ерманова.

Ко всем, кто имел дар целительства, в дом входили группы «профи» во главе с А.Ермановым и требовали штрафы. На руках у них были письма за подписью Е.Абылкасымова с угрозой о привлечении к уголовной ответственности согласно старому уголовному кодексу КазССР по статье № 209. Безграмотные «лекари» попадали массово в капкан Ерасыла. Кто не проходил экзамены – «психи», а кто проходил – «деловые профессионалы», так назвал их в интервью Е.Абылкасымов в газете «Қазақ елі» № 21 за 22-28.05.1998 г. Как это понять? Это же нанесение морального ущерба целителям!

Свое 50-летие Ерасыл Абылкасымов и Адылхан Ерманов провели в ресторане по ул.Байзакова в г.Алматы. Расходы пиршества Е.Абылкасымов покрыл за счет денег, полученных от издания книжки «Сто народных целителей Казахстана», выпущенной в издательстве «Атамура» тиражом 250 000 на русском и казахском языках, которую реализовали по цене 100 тенге через народных целителей по 50-70 штук, выручка составила 18-20 миллионов тенге.

Спрашивается, куда девались народные деньги?

Господин Абылкасымов остался недоволен этим кушем и пригласил журналистов газеты «Қазақ елі», заявив о том, что подпишется на газету в обмен на его интервью. Видимо, не довольствуясь тенге, главный врач с зарубежных собратьев предпочитал оплату в долларах. В интервью «Лечись у народных целителей» («Казак елі» № 21 от 22-28.05.1998 г.) корреспондент задает вопрос Е.Абылкасымову:

Вопрос: Целители, имеющие специальные документы, платят вам налоги?

Ответ Абылкасымова: Это неправда. Нам налоги не платят, но задания доводим. По трудовому договору ежемесячно платят нам сельские целители 3000 тенге, городские 5000 тенге, а целители центра 25000 тенге.

Видимо, эти задания вам преподнесли как налоги. По закону налог целители платят в местные налоговые инспекции, либо покупают патенты.

С 1991 года ни один целитель не платил налоги от доходов в местные бюджеты, их с этим не знакомили, хотя это их обязанность. Непонятно, по каким законам живет главный врач центра господин Е.Абылкасымов, если по трудовому договору «снимает навар» с целителей, и при этом не отвечает за нарушенные права целителей.

Все, кто прочитал это интервью, раздумывали почти полгода, откуда такое количество денег?

В связи с этим после проверки налоговой инспекцией Бостандыкского района г.Алматы «Центра народной медицины» (позже труднопонятное название «Республиканский научно-практический центр восточной и современной медицины») по платежам в бюджет за 1995-1998 годы 29 декабря 1998 года установило сокрытие налогов от уплаты в бюджет Центром в сумме 26 495 170 тенге (двадцать шесть миллионов четыреста девяносто пять тысяч сто семьдесят), о чем составлен акт, и Е.Абылкасымов подписался...

Начиная с 1999 года, главный врач занялся идеей перерегистрации центра в ТОО. Для уплаты налогов Е.Абылкасымов под угрозой «сравняю с землей» своим «профи» установил дань. Где хочешь найди! Все прошлые платежи не в счет. Не выдержав такой прессинг, целитель-травник Сейтказы Калиев попал в больницу с сердечным приступом, много других пострадавших. В это же время дружок Е.Абылкасымова А.Ерманов за январь-февраль, находясь на родине в Кзыл-Орде, выдал 25 удостоверений и умыкнул из областного бюджета кругленькую сумму с помощью своего дружка Е.Абылкасымова.

Вот так! Одного проверяют, другой раздает при этом удостоверения неграмотным лекарям, обманывая народ...

На местах акимы должны обеспечить выплаты налогов совместно с работниками налоговых служб, это требование закона.

Нарушения законов о финансах в центре находится на контроле в Миндоходах РК и КНБ РК. Следовало бы провести их департаментам и комитетам проверки в филиалах центра.

Верим, что будет дана обьективная оценка Генпрокуратурой чрезвычайным действиям руководства центра «народной медицины» по обиранию собственного народа и укрытию налогов от государства.

Зядан КОЖАЛЫМОВ, президент Ассоциации народных целителей Казахстана, полноправный член пяти ассоциаций народных целителей других стран.

ОТ РЕДАКЦИИ: В газету автором предоставлены все подтвердающие документы.

Газета «Преступление и наказание» от 13.03.1999 года,

стр.11.   (Перевод с казахского)

Газета «Русский Вестник», № 44, 22.11.2001

 

ЖАЛҒАНДЫҚТЫҢ ЖОЛЫ ҚЫСҚА

 

Халқымыздың қанымен жалғасып келе жатқан тектік қасиеттің емшілік саласы бүгінде қалың жұртшылықтан өз бағасын ала бастады. Қазақ елінің жекеленген халық емшілерінің ерекше құдіретін өз еліміз де ғана емес, шет елдегі ғалым зерттеуші және емші-көріпкелдер де мойындауда. ҚХЕҚ өткен жылғы қыркүйек айының 16-18 жұлдызында Алматыда «Қазақстан Республикасы халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» атты I-Халықаралық конгрестің өтуін ұйымдастырып, өзінің толық қызметін көрсетіп, емшілер ризашылығына бөленді. Халық емшілігінің сонау XV ғасырда-ақ ғылыми негізін қалаған ұлы ғұлама, дала ойшылы, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы екені ғылыми жолмен дәлелденіп, конгресс делегаттарын мойындатты.

Бүкіл әлемде алғаш халық медицинасының ғылыми әрі танымдық еңбегі қазақ елі топырағында жазылуы, бүгінгі кейбіреулердің біздің халқымыз туралы «сауатсыз, ілім болмаған» деген сандырақтарын жоққа шығарды. Ұлы ғұлама Өтейбойдақ ілімін жалғастырып әрі дамытқан XIX ғасырда дәрігер-емші Құртқа баб болды. Қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов та бұл іске өзінің мол үлесін қосты. XX ғасырда жағдайдың ауырлығына қарамастан дәрігер-жазушы Естөре Оразақов, шөп дәрігері М.Қожабеков, ғалым С.Суханбердин және бұрынғы КазССР Денсаулық сақтау министрі С.Қарынбаев т.б. қазақ халқының дәстүрлі емес халық медицинасының абыройын ғылыми және тәжірибелік салада дамыта отырып, әлемдік дәрежеде өз орнын алуы үшін еңбектенді. Ел тәуелсіздігінен кейін халық емшілеріне еркіндік берілді. Осы рақымдылықты абыроймен атқарып, халыққа шипагерлік емін көрсетіп жатқан халық емшілері де баршылық. Дегенмен пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқандай, «жасанды пайғамбарлар», «әулиелер», «аналар» т.б. атаққұмарлар емшілер арасында пайда болғанын бәріміз білеміз.

Бүгінде Алланың елшісі болған «Ақ Бекет әулие», «Сары әулие» – (Марат Есебаев), «Ақ әулие» (Серік Жұмахметов, Кентау), «Көк тақиялы әулие» – (Алтай Сүлейменов, Жамбыл, Отар стансасы), әйелдерден шыққан «Райхан әулие» – (Райхан Әуелбекова, Жезқазған қаласы), «Ақ әулие» – (Мәрия Бөребаева, Шымкент), «Қара әулие» (Лиза Бекқожина, Ақтөбе, Қандыағаш), «Сейітжан әулие» (Қарағанды) және ақтөбелік «Ғарышкер» 33 қабат аспанға ұшқан «Үлкен апа» – (Зура Әлімжанова), «Алып апа», Ферғаналық София емшіге ұқсаған «аруақпен емдеушімін» деушілер т.б. жанама атағы барларды бүгінде іздесең де таппайсың. Олар өздерін кім екендіктерін қоғам және халық алдында дәлелдегендей. Десе де, әлі де өзін Жаратушы ием етіп үгіттеп келе жатқан Алматы облысы, Шонжы елді мекенінің тұрғыны, кешегі жүргізуші, бүгінгі зейнеткер жасындағы «Фархат ата» атанған емшінің «Бүкіл адамзат баласы екі жарым миллиард жыл бұрын менің әйелім Нинадан жаралған», - деп 10 жылға жуық халықтың басын айналдыруына тосқауыл қоюды бақылаушы заң орындары қашан орындары белгісіз.  Бүгінде «Фархат ата» емдеу орындары ешқандай лицензияланбаған. Ешқайда есепте жоқ. Оның ордалары Қазақстаннан тыс елдерде де ашылған. Оның негізі идеясы – экстремистік діни ағым бағдарламасымен адамның ойлау жүйесін дуалау, сиқырлау және өзгерту екені белгілі болғанын халық білген жөн. Өйткені «Фархат ата» – емдеу орталықтарында емделушілері мен шәкірттерін психологиялық ауытқушылықпен өлімге де соқтырып жатқаны жөнінде баспасөзде көптеп жазыла бастады.

Қараңыз: /«Время» газеті, 23.12.2004 ж. авт. Стас Киселев, Қостанай қаласы/.

Бүгінде республика аймағында өзін жасанды «Ақ ұл» деп атап жүрген Қыдырәлі Мамбетұлы Тарыбаевтың /Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл музейі/ заңсыз ашылған ордалары жөнінде көптеген қарсы пікірлер де баспасөз бетінде жариялануда.

Халық емінің қадірін көтеріп, киелі қасиеттің берерін молайту үшін жалпы жасаңды атақ құмарлар мен жалған емшілерге, жалданбалы дінбұзарларға тосқауыл қою қажеттігі – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болуға тиіс. Тізе берсе таусылмас бұл жалған емшісымақтар «Өтірік өрге баспайтынын» білмей ме? Мәселен, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өзін жоғарғы медициналық білімі бар, тіпті сол саладан ғылым кандидатпын деп орынсыз жарнамалатқан бар болғаны орта білімі ғана бар Алматылық Әбдірахман Тохтахуновты алайық. Біз қауымдастық арқылы тиісті орындардан анықтағанымызда (Алматы Мемлекеттік Ұлттық университеті, ЖАК) бұл құжаттардың жалған, сатып алынғандығы белгілі болды. Сөз реті келгенде айта кетейік, мұндай әрекеттер ҚР Қылмыстық Кодекстің 177 бабымен алаяқтық деп танылып, тиісті жазаға тартылады. Бұндайларға қайталап айтарымыз, «Жыртқыш құстың самғауы аспанда болғанмен, тұзағы – жерде». Сондықтан «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам». Міне, осындай жалған емшілер ұлттық, тектік қасиетімізге, ҚХЕҚ-ның қауымына, үздік емшілер атына кір келтіреді. Ал ондайларға біздің қатарымызда орын жоқ. Сол себепті емделушілер емшіден оның ҚХЕҚ-ға мүшелігін, лицензиясын сұрап білген соң ғана қаралуы керек екенін еске саламыз.

«Шипагерлік баян» газеті, № 2, 2005 ж.

АҚЫЛДАН КЕНДЕ ЕМЕСПІЗ,

ЕШКІМНЕН КЕМ ДЕ ЕМЕСПІЗ

 

Алла тағала молынан берген туған жерімізде ту тігіп отырған қалың қазақ халқының бүгінгі өмірі мен ертеңгі болашағы жайында толғанар болсақ, талай мәселенің басын шалуға тура келеді. Бұл орайда айтқымыз келетіні – тәуелсіздігіміз, табан тірер рухани тәрбиелік байлығымыз төңірегіндегі түйінді мәселелер. Әсіресе рухани өмірдегі, өкінішті жәйттер, тіпті идеологиялық бағдарлама әлі күнге бір байлам таппағаны қатты қынжылтады. Басқаларға таңырқағанша, өзімізге-өзіміз еліктеп, білгенімізді ежіктеп, артта қалған салт-дәстүрімізді, тіл мен дінімізді, тылсым құпиялы сырларымызды дамытсақ, бүгінгідей алмағайып кезеңде үлкен сүйеніш болары анық.

Халықаралық «Түркістан» газеті арқылы өткен ғасырдың ақырында мәлім болған, халқымыздың ілімінің іргесін қалаған – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы мәлімет арқылы, шипагердің сонау 1467 жылдан бастап сегіз жыл бойы «Шипагерлік баян» атты бес мың беттік еңбегін жазғанын білдік, қуандық бүгінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп шет елдердің ғалымдары да біле бастады. Шипагердің біздің бабамыз екенін, өзіміздің одан тараған ұрпақ екенімізді қалайша мақтан етпейік. Егерде ертеде білімнің бастау бұлақтары Шығыс елдерінде кеңінен көрінгенін ескерсек, бүгінгі дамыған елдердегі небір ғажайыптар сырын ашқан ғұламалар мен болжағыштар, есепшілер кереметіне тосырқай қараудың жөні жоқ. Бұл көзқарас бізге дейін де аса көрнекті қазақ ғалымдары Шоқан Уәлихановтың, Мұхтар Әуезовтың, Әлкей Марғұланның және басқалардың еңбектерінде айтылғанын есте ұстаған жөн. Мәселен, аты аңыз бен жырға айналған Қойлыбай бақсы мен т.б. киелі бабаларымыздың бір өзі неше қилы жұмбақ сырлы ғажайыптар жасағаны тарихтан белгілі. Халқымыздан шыққан осылардай дәрігерлік, ғалымдық әрі ерекше әулиелік қасиет дарыған бабаларымыз болғанын әбден мойындар да, тәубемізге де келетін уақыт жетті. Ендеше «Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмайды», – демекші, бүгінде халықтың ықыласын аударып, көптеген емшілерге қорған болып алғысын алып отырған емшілердің арнаулы қоғамы да он жеті жылдан бері халықтық шипагерліктің өркендеуіне үлесін қосып келеді. Бұл емшілер қауымдастығының атқарған қызметтерінің  жетістіктерін көптеген шет елдің ғалымдары мен емшілерінің танып білуі ата-бабалардан жалғасқан тектік киелі қасиеттің өшкен отының қайта жанып және жоғалғанының қайта оралуының белгісі болмақ.

Рас, ел ішінде өз аттарын шығару үшін өзін-өзі «көріпкел», «әулие» жариялап жүргендер де аз емес. Мұндайларды біздің дініміздің жаулары да пайдалануға тырысатыны байқалатыны олардың іс-әрекетінен бой көрсетіп қалады. Бұларға тоқтау салатын уақыт өтіп барады. Алла тағаладан көмек сұраудың орнына керісінше аталар рухынан көмек сұраушылар қатары көбейіп, кезбелердің бірнеше мыңының адам сенгісіз “Аққулық” әрекеттеріне бақылаушы мемлекеттік орындардың немқұрайлы қарауы ақыры адамдардың азуымен болашақ ұрпақтың тағдырының жолдарының жабылуына апармасына кім кепілдік береді. Көсегеміз көгерсін, мемлекетіміздің босағасы берік, керегесі мықты болсын десек, енді әрқилы сәуегейлер мен жалған «әулиелерге», жалған атақ құмарларға, әр түрлі бөгде діндер үгітшілеріне тыйым салатын уақыт жетті. Өсер елдің ұрпағын жын-шайтанның ойнағынан және әр түрлі алдау мен арбаудан қорғалғаны, ел амандығы мен халықтар бірлігінің бүтіндігінің өркендеуінде зор маңызы бары анық.

Халқымыздың қанмен бірге, атадан балаға ауысып келе жатқан тектік қасиетті сақтайық. Өз дәстүріміз, өз дініміз бен тіліміз тұрғанда бөгде біреулердің ықпалына түспеудің, рухани кіріптар болмаудың қамын ойлайық. 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының басшылығында 2004-2007 жылдар аралығындағы (Алматы, Шымкент) әр түрлі тақырыпта ҚР халық медицинасының өркендеуі туралы өткізілген конгрестер мен форумдардың бағдарламаларының ғылыми жаңалықтары мен жетістіктері, емшілердің білімділігі мен іскерлігі, зерттеуші ғалымдардың тылсым құпия сырлары саласындағы зерделі ғылыми мақалалары мен еңбектерінің басқа шет елдерден қатысқан ғалым және емшілерінің тарапынан жоғары бағалануы, қазақ елінде халық шипагерлігінің қанатының қатайып, өрісінің кеңіп, ал болашағына кең жол ашылғандығын айқындайды. Қазақ халқының өз ішінде өте жоғары киелі қасиеттер мен құпия сырларының шеберлерінің болғандығы тарихтан мәлім. Бүгінде тарихта бұрын аттары аталғандардың да және жаңадан атала бастағандардың да еңбектері зерделеніп зерттеліп, ғылыми қазынаға айнала бастады.

Тәуелсіз елдің ұрпақтары өздерінің жеке тәуелсіздігін қорғап әрі дамыта отырып, ақылдан кенде емес және ешкімнен кем де емес кеудесі биік ірі тұлға екендігін біліп ұлт мақтанышына айналуы оның имандылығы мен парасаттылығының  тазалығын айқындайды.

«Шипагерлік баян» газеті, № 4, 2008 ж.

 

КИЕЛІ БАБАЛАР РУХЫНЫҢ

ҚАРҒЫСЫНА ҚАЛМАЙЫҚ?!

 

Аллаға шүкіршілік, бүгінде ұлтымыздың барлық үлкен-кіші азаматтары жасына, жынысына, біліміне, дәрежесіне, ғылыми атағына т.б. ерекшеліктеріне қарамастан ислам дінінің шариғат заңдарын құрметтей бастады. Сабырлық пен тәубесіне келуде ірі мәдени ортаны қалыптастыруда діни сенімнің пайдасының молдығы анық айқындалуда. Бұрын тарихта аттары аталмаған, ерекше тылсым құпия сырларының неше алуан ғаламаттарын меңгерген әрі дәлелдеген киелі рухты бабалардың да есімдері аталып, еңбектері зерттелумен ұлт тарихының ортасынан орын алып ұлттық мақтанышқа айналуда. Халқымыздың азаттығы үшін күрескен дана, кемеңгер, ғұлама, батыр бабаларымыздың ішінде ерекше киелі қасиеттері барлары көптеп саналады. Бірақ, бұл бабалардың бір бойында адамгершіліктің көптеген ұлы қасиеті болғаны тарихтан мәлім. Дегенмен, олардың ақындығы, шешендігі, көсемдігі, батылдығы мен батырлығы жөнінде азды-көпті зерттеулер болғанымен олардың кейбіреулерінің тылсым құпия сырларының шеберлері екендігі жөнінде, қажетті толық танымдық материалдардың жетіспеуінен әлі зерделеп зерттеу толық басталған жоқ. Егер қазақ халқының тарихына зер салатын болсақ осы заманның басында өмір сүрген Майқы би болашақтың төрт мың жылын болжап, бүгінде аты әлемге әйгілі француздың дәрігер-болжаушысы М.Нострадамус болжауынан ары екі жүз қырық жылды асырып болжап айтқан. Әйгілі Асан Қайғы бабамыз өмірінің соңында алтын орда орнына пайда болған хандардың жойылатыны жөнінде айтқаны дәл келген. Ол қазақ даласын желмаямен желіп жүріп, айтқан көрегендігі мен болжампаздығы ерекше ғылыми зерттеулерге жол ашады. Ұлы жүз ұрпағы Өтеген батыр Абылай хан түсін дәл жорыса, Әлмерек абыз өзінің ұрпағының болашағы жөнінде айтқандары шындыққа айналды. Пір Бекет бабаның көрегендігіне де таңғалмасқа шара жоқ. Қазақтың Бұхар жырау, Қашаған, Қабан жырау, т.б. ақындарының жыр-толғауларында болжампаздықтың ерекшелігі байқалады. Өткен айдың ортасында туғанына 150 жылдығы Павлодар мен Баянауылда республика көлемінде ерекше аталып өткен ғұлама ғалым, ақын, жазушы және көріпкел-болжампаз Мәшһүр Жүсіп Көпеевте өзінің қолжазбасында: «Ораздының баласы – он бесінде бас болар... Кембағал байғұс баласы, жиырма бесте жас болар...», – деген болжамы да өмір шындығына ұласады. Мәшһүр Жүсіп Көпеев бабаның көрегенділігі ол көзінің тірісінде қайтыс болардан бір жыл бұрын асын берген, бір жылдан кейін о дүниеге қайтатыны жөнінде айтқаны да дәл келген. Ал, XVII ғасырда Ақтөбе өңірінде дүниеге келген елінің биі, шешені, көсемі және болжампазы Мөңке би Тілеуұлының атағы алты алашқа әйгілі болған. Мөңке бидің тылсым құпия сырлары жөнінде ғалымдар, ақындар, жазушылар А.Жұбанов, С.Негимов, Ә.Кекілбаев, А.Байтұрсынов, М.Ж.Көпеев, Б.Омаров, Ш.Мұртаза, Н.Байғанин, т.б. еңбектерінде және Ақтөбелік газеттер «Шалқар», «Ақтөбе» және республикалық «Ана тілі» газеттерінде көптен жазылып келеді. Кейінгі кезде Мөңке би туралы үш-төрт кітап та баспадан шықты. Осындай халқы таныған киелі рухты бабалардың ерекше тылсым құпияларын халқы танып, кешегі табынып таңғалып келген М. Нострадамус пен Болгариялық Ванга әжейдің қасиеттерінен де кем емес, бабалардың ұрпағы екендігімізді ғылыми негізде дәлелдей отырып, олардың тылсым құпиялы ерекшеліктерін танитын уақыт жеткен сияқты. Иә, өз бабаларының осындай қасиеттеріне бас иіп, мақтаныш етіп зерттеушілерге ризалығын білдіріп жатқан ұрпақтары да аз емес. Олардың қатарына Оңтүстік, Түркістан, Тараз, Павлодар аймағының әкім-қараларын атауға болады. Соның дәлелі Павлодар облыстық және Баянауыл әкімшілігінің басшыларының қауымдастықтың басшысын арнайы Мәшһүр аталарының мерей тойына құрметті қонақ етіп шақыруы да, бабаның тылсым құпиясын зерттеудегі еңбегімізді бағалағандық деп түсінеміз. Шілде айында ақырында Ақтөбеде жоспарланып, бес айға жуық дайындалған «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары құпиялары» атты республикалық форумның өткізілмеу себебі, Ақтөбе облыстық әкімінің орынбасары Жеткерген Оралмахамбетовтың көшедегі емші мен қараның сөзіне еріп, Бас әкімге жасаған жалған ақпаратымен тоқтатылғанымен /мамыр айында хат арқылы келісілген/, Түркістандық әкімдер екі сағатта келісімін беріп, форумның өз уағында жоспарлы бағдарламасы бойынша өтуіне жағдай жасады. Форум нәтижелі өтті. Қатысушылар риза болды. Бірақ, Ақтөбелік әкім-қараларға деген реніш форумға қатысушылар мен қауымдастықтың тарихында мәңгілік «қара дақ» болып қалды. Өзінің туған бабасы санайтын Мөңке бидің «Ежірей ұрпақтары» енді өз халқының алдында арсыздығы мен қоғамдық ұйымға жасаған қиянатын біз кешіргенмен, Мөңке бидің рухы кешірмесі анық. Бүгінде Мөңке би рухы бізге аян беруде. Мөңке бидің аяндарын газеттің келесі сандарында оқырманға таныстырамыз. Жеткергендей жетесіздерге Мөңке бидің рухын ұрандап барғандарға жасаған қиянатын Алла Тағала да кешірмес. Сөз соңында, Түркістандықтардың төңірегіне жиналайық, Павлодар мен Баянауылдықтардан үлгі алайық. Өз атасы Мөңке бидің рухының киелі қасиетін сыйламаған Ақтөбелік әкім-қаралардан жиренейік. Алла Тағала өз бағасын берсін!

«Шипагерлік баян» газеті, № 9, 2008 ж.

 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТЫН  ЖАМЫЛҒАН “ҰРЫ” ҰЙЫМ ПАЙДА БОЛДЫ

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының бұрынғы мүшесі Бақкелдиев Базарбек Ташмұхамедұлының 2007 жылдың 26-қыркүйегінде «Қазақстан Республикасы халық емшілері» қоғамдық бірлестігі деген атпен ұйымды Алматы қалалық Әділет Департаментінен тіркеуден өткізіп (ҚБ №87961 1910), он жеті жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қауымдастықтың заңды тұлғалық атын пайдаланған. Қауымдастыққа моральдық-материалдық жақтан зиян келтіріп, өзі мүше болған ұйымның үстінен “ұрлықпен” үй тігуге қалалық Әділет Басқармасындағы тіркеуші маманы көмектескен.

Қазақстан Республикасының заң талаптарына қайшы келетін бұл жағдайды ҚХЕҚ-ның президенті, Зиядан қажы Қожалымов мырза заңсыз тіркелген ұйым басшысы Бақкелдиев Базарбекке алдын-ала ескерткен. Қауымдастыққа келетін моральдық, психологиялық, материалдық зор шығын жөнінде де түсіндірген. Бірақ, тоқмейілсінген Б.Бақкелдиев өзім білетіндігіне салынып, заңмен шешуге жетеледі. Ал Әділет Министрлігінің арнайы комиссиясы Алматы қалалық Департаментінің тіркеу басқармасы қызметін тексеру кезінде бұл қателікті тауып, Б. Бақкелдиевке ескертіп ұйымның атын өзгертуді тапсырса да, қалалық Департаментінің жауапты қызметкерінің қызметіне жауапкерсіздігінен комиссия талабы әлі орындалмаған. Бұл жерде, бар заңды ұйымды қайтадан екінші рет тіркеуден өткізген Алматы қаласы Әділет Департаментінің қызметкерлерінің де сауатсыздығы айқын көрініп тұр /компьютерде бар ғой/. Төменде Алматы қалалық Әділет Басқармасының бастығының орынбасары А. Искакованың ҚХЕҚ-ның президенті З.Қожалымовтың хатына жазылған жауап хатты оқырман назарына ұсынамыз: “Қазақстан халық емшілері қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің /республикалық статус/ президенті, академик Қожалымов Зиядан қажыға

Сіздің Алматы қаласының Әділет Департаменті 2008 жылғы қыркүйек айының 08 жұлдызында № 01-01-08 шығыс нөмірімен талап тілегіңізді мұқият қарап төмендегіні хабарлаймыз:

Алматы қаласы Әділет департаменті заңды тұлғалардың біріңғай мемлекеттік регистрі және электрондық банкінің мағлұматтары бойынша – «Қазақстан Республикасының  халық емшілері» қоғамдық бірлестігі 2007 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызында № 87961 1910 ҚБ мемлекеттік тіркеуден өткен.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің коммисиясымен жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасының халық емшілері» қоғамдық бірлестігінің тіркеу кезінде кемшіліктер болғаны анықталды, аталған заңды тұлға атауына «Қазақстан Республикасы» деген сөздер қолданылған, ол Республикалық статусы бар, қоғамдық бірлестіктерге тән атау, заңды тұлғаның жергілікті статуспен, мемлекеттік тіркеуден өткен, өз қызметін Алматы қаласы аумағында жүзеге асыруға құқылы.

Осы себептерге байланысты, Алматы қаласы Әділет департаменті №87961-1910- ҚБ тіркелген қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақкелдиев Базарбек Ташмұханбетұлы атына қоғамдық бірлестіктің атауын өзгертіп, оның атауынан «Қазақстан Республикасы» деген сөздер алынып тастап, әділет департаментінен қайта тіркеуден өтуі қажет екендігі ескертіліп, 2008 жылдың 12.09 № 4044 шығыс хаты жолданды.

Аталған қоғамдық бірлестігінің өз ықтиярымен атауын өзгертіп, қайта тіркеуден өтпеген жағдайда, өз мүдделеріңізді құқық қорғау орындарына шағымдану арқылы қорғауға болатынын ескертеміз.

Әділет Департаменті бастығы орынбасары А. Искакова

«Шипагерлік баян» газеті, № 11, 2008 ж.

 

ЖАҚСЫЛЫҚҚА – КӨРЕ АЛМАСТЫҚ ЖАСАУ

НАДАНДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

 

Әр жылдың  беретін, сыйға тартатын жақсылығы болады. Осындай қуанышты жағдайлардан қауымдастықтың мүше-емшілері де өз үлесіне ие болды десек, артық айтқандық болмас. Тышқан жылында аяқтарын тездетіп нық басқан емшілер де өздерінің ырызғыларын тере жүріп, халықтың денсаулығын жақсартуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына жекелей үлестерін қосты. Қызметтерінде жақсы табыстарға қолдары жетіп, емделушілердің алғысына да бөленуде. Дегенмен, емші-қауымның өмірінде күнде өзгеріске толы сын мен сынақ қатар жүріп келеді. Олардың шипалы алақаны мен дұғалық емінің қонымды болуының әртүрлі болуына байланысты, теріс пікірлердің де кездесіп жататынында бір шындықтың көрінісі барын аңғартады. Егер де емші жөніндегі ХV ғасырдың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының пікіріне жүгінсек: емші мәдениетті, сауатты, білімді, мейірбанды болу керек. Осы талапты орындай алмағандар тарапынан кемшіліктер  кездесетінін мойындаған жөн. Халық шипагерлігі әр халықтың қанымен аралас ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тектік құпиялы қасиет. Бұл тылсым сырды емші бойынан ханда, қарада, құдіретті қарулы күш иесі де ала алмайды. Бұл қасиетті мәңгілікке апару, мәдениетті дамыту мен абыройын асқақтату жеке емшінің ары мен ұятына және иманы мен сабырлылығына тәуелді. Бұл да емшінің парасаттылығын білдіреді. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғанына өзінің он жеті жылдан аса мерзімінде, халықтың шипагерлік өнерінің мұрагерлері емшілерді бүгінде жекеменшігіне айналдырғандар мен оның сыбайлас жақтастары және қорғаушылары тарапынан өсек-аяңымен көлденең кедергілерін әлі де тоқтатар емес.

Бүгінде екі жылдан бері қауымдастықтың аты мен қызметі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өзінің жеке интернет сайтынан әлемге танылған қауымдастықты тарады, заңсыз дегендей, тағы басқа да арсыз сөздер таратуда. Бұл да Алланың сынағының бір көрінісі  шығар тәубе деп, қауымдастықтың мүшелері өз қызметін абыроймен жалғастыруда. Бұның да себеп салдары бар болғандықтан халықты жалғандыққа баулып, Алла Тағалаға серік қосып, өлген аталары аруағынан бата алып берушілердің надандық қылықтарына қарсы қауымдастық атынан айтылған сындар әлдебіреулерге ұнамағанымен, шындықтың толық дәлелденері  анық деп қорытынды жасай аламыз. Алайда, «іштен шыққан жау жаман» демекші, бұл жаулықтың басы осыдан он бес жыл бұрын басталып олардың үні өшкенде, енді кешегі маскүнем күшіктерде емшілікке қолы жеткенде шәуілдей бастады. Олардың аузын ашуына кейбір заңды шығарушы, қорғаушы, бақылаушы, орындаушы орындарының қызметкерлері өзі іске асырып отырса оған таңғалмайық. Осыдан он  жеті  жылдай бұрында осы заңгер ұйым өзі қауымдастықты тіркеп, өзі сыбайластарына көмектесіп қауымдастықты жоюға әрекет еткенде де масқара болған. Әділет министрлігінің сайтында он алты жылдан бері тіркеуде тұрған, осы қауымдастықтың атын, осы министрліктің Алматы қалалық департаменті өзінің адал жарын алдап жазықсыз жесір, ал үш баласын тірідей жетім қалдырған, сырқат жандардың басын айналдырып әулиелер моласына тәу еттіріп пайда тауып жүрген, жеке басының қасиеті ғылыми тұрғыда дәлелденбеген Бақкелдиев Базарбекке сыйға тартуына таңғалмайық. Б.Бақкелдиев  жиырма жылдан аса бірге тұрған отбасына сатқындық еткенін ескерсек, оның ары мен ұятының өлшеміне таңғалмайық. Өйткені заң шығарушылар өздері заңды бұзушылар екені олардың  қауымдастықтың Төралқасына жазған жауап хатында анық байқалды. Өте күлкілі. Ұятты да. «Шымкенттен – бәрі шығады» демекші, бармақ басты, көз қысты танысың болса, ҚР Әділет министрлігінің Алматы қалалық әділет департаментінің тіркеу бөліміндегі кейбір жауапты қызметкерлерімен оның қолдаушы басшылары  бәрінде істейтініне таңғалмаңыз. Сонда мемлекеттің заңын қорғаған Алматы қалалық әділет департаментінің қызметкерлерінің сыйқы осылай болса,  басқаға өкпелемейік ағайын?.  Иттердің саны көбейіп үрген сайын, қауымдастық керуені алға жылжуда. Қауымдастық тарапынан 2004 жылдан бері бес рет әр түрлі тақырыптарда халық емшілігі туралы халықаралық конгрестер мен форумдар өткізілсе, оның да нәтижесі де көрініс беруде. Ғылыми танымдық жинақтар жыл сайын шығарылуда. Аллаға шүкіршілік, сенім бар жерде қауымдастықтың қызметі де халық шипагерлігін ғылыми жүйеге келтіруде табысты болуда. Көптеген ғылымдардың ғалымдары мен зерттеушілері қауымдастықтың емшілерінің қызметі мен тылсым сырларын зерттеуді бастады. Бұл да қауымдастықтың қызметінің жетістігінің бір саласы болмақ. «Шипагерлік баян» газетінің қызметі де рухани танымдық, сауықтыру мен имандылық саласында жалғасуда. Бүгінде газет халықтың іздеп оқитын басылымына айналды. Қауымдастықтың «Шалкөде» баспасынан жыл сайын өзінің мүшелері мен мамандарының бірнеше кітабы баспадан басылып шығып, өз оқырмандарын табуда. Қауымдастықтың  қызметі мен жүзден аса емшілерінің жетістіктері екі жылдан бері интернет арқылы таратылуда. Емшілердің шет елдермен байланысы нығайып, оларды өз елдеріне ем жасауға шақыруда. Осындай жетістікке жеткен қауымдастықты жоғарыдағы көреалмастардың  аузы қалай жамандауға барғанына таңғаласың?! Оларда бекер ұраншыл болғанша, біз сияқты халық пен қоғам алдында есеп  беріп тұрса дұрыс болар еді. Олардың қолдаушысы, қорғаушысы, тіреніші мен мекен-жайы болғанымен, интернеті, газеті, баспасы бар ма, қайырымды қызметі өтелуде ме, Қазақстан мен шет елдердің ғалымдары мен емшілерінің басын қосып өткізген халықаралық конгрес пен форумдары  болды ма? Ғылыми жұмыспен шұғылданды ма? Міне осыны айтса екен, шіркіндер! Амал қанша, бейшаралардың түгі жоқ болса несін айтсын! Қауымдастық өз құрамының санына емес, сапасына көшуде. Арам ниетті, халық пен қоғамды алдаушыларын құрамынан шығаруда. Филиалдары басшыларының білімін жетілдіруге, қабілетіне қарай тағайындау іске асырылуда. Ақпарат құралдары мен телерадио тораптарында ұдайы халық шипагерлігі мен діни үгіт насихаттар тұрақты беріліп келеді. Емшіге жаны ашитын да, құқын қорғайтын да, бойындағы тылсым қасиеті мен тылсым сырларын тарихқа қалдыратын да, болашақта ұрпағының алдында адал болып мәңгілікке тарихта қалуына да, сүйеніш те, тіреніш те, жолын бастаушы да осы Қазақстан халық емшілері қауымдастығы республикалық бірлестігі деп толық айтуға құқылық толық негіз бар. Әлдебіреулердің  қос діңгекті қосу теориясының(ғылыми медицина мен халық емшілігі) орындалуы үшін әлі кем дегенде жарты ғасыр уақыт қажет керек екендігін ғылыми түрде дәлелдеу қиын да емес. Біз бір діңгекті жүйе үшін қызметімізді жалғастыра бермекпіз. Күрессіз жеңіс те, бақыт та жоғын да қауымдастықтың ұжымы жақсы біледі. Қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелерін, барлық емшілер мен жанашырларын жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, отбастарына амандық, дендеріне саулық тілейді. Жаңа жыл баршамызға табысты жыл болсын. Әумин!

«Шипагерлік баян» газеті, №1, 2009 ж.

 

 

 

 1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

в начало