өмірімнің шежіресі

4

 главная                                        вернуться 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

 

3. Сырқатты емдеу әдіс-тәсілдері бойынша 40-қа жуық: биоқуатпен, жақыннан және алыстан әсер етумен, дұға оқып дем салумен, дұғалық ішірткі берумен, сөз, ән-күй, терме  әсерімен, қимыл, жүгіру, баяу және тез жүрумен, арнайы құрал-сайман көмегімен (қамшы, пышақ, таяқ т.б.), қобыз сарынымен, заттарды магниттеп ұсыну  арқылы, дәрілік шөптен, металл-металоидтен және жануарлар мен жәндіктердің мүшелерінен жасалған дәрі-дәрмекпен, уқалау, үзу, сылап-сипау және нүктелі әсер әдістерімен, бұлау, терлету, күн сәулесі көмегі, таза ауа көмегі, шипалық ағаштар көмегі, табиғаттың көркем жерлеріне демалдырумен (көл, су жағасы, орман т.б.), құмға ораумен, емдік балшықтар көмегімен, малдың терісіне түсіру арқылы, хат арқылы, сурет арқылы, байланыс құрал көмегімен (телефон), аралық әсерімен, көз қуатымен, тамырға биоқуатпен әсер ету арқылы, қан алу арқылы, зікір әсерімен, сүлік салу, ұшықтаумен, қорықтық құюмен, аластау әдісімен, аштаумен, сырқатты көшіру тәсілімен (иландыру), тіс құртын шақырумен, әр түрлі тағамдық рецептермен, киелі және қасиетті жерлерді аралату арқылы, дін жолына түсіру арқылы, тағамдық айран, шұбат, қымыз т.б. мал өнімдері көмегімен, моншаға және суық суға түсіру әдісімен, гимнастикалық және йога тәсілімен, телерадио сеансы арқылы, минералды балшық пен судың көмегімен т.б. емдеу әдіс-тәсілдері анықталды.

Ғылыми тәжірибе қауымдастықтың есебіндегі емшілердің 500-ге жуығына арнайы бақылау жүргізілді. Оның сыртында емшілердің білімділігіне, таза қасиетіне, емінің шипалығына, мінез-құлқына, адамгершілігіне, имандылығына және қайырымдылықтарына қарай әр облыстың көлеміндегі емшілердің жалпы пайдалы коэфиценттік пайыздары анықталып таза, шала, жалған және ауру емшілерге өзіндік жеке қорытынды жасалды. Дегенмен, таза ниетті емшілердің пайыздық көрсеткіші 25-30 пайыздан аспайды. Қалғандары қайта тәрбиелеуді күтуде. 

Бүгінде қазақ халық емшілігінің алтын қорына айналған XV ғасырдың ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегін және халық емшілігін медициналық, философиялық, психологиялық тұрғыдан ғылыми зерттеуде ҚазҰУ-нің профессорлары С. Ғаббасов, Ж. Молдабеков, Қ. Жарықбаев, ҚазМ¦У-нің профессорлары Т. Момынов, Ә. Нұрмұханбетұлы, Ә. Рақышев, Ш. Абдуллаев, А. Жақанов, Е. Керімбек, доценттер Т. Бекенов, Ә. Өмешұлы, Т. Төлендиев, академиктер Ш. Сарыбаев, Т. Шорманов,  Еуразия ҰУ-нің профессоры М. Жолдасбеков, доцент Д. Мәсімхан және ШМУ-ң профессоры Т. Әлсатов, ҚХЕҚ президенті, академик З. Қожалымов т.б. ғалымдардың  танымдық еңбектері халық емшілігінің өркендеуіне негіз болуда.

Еліміздің тәуелсіздігінің жемісі халық емшілерінің қасиеттерін ашуға, жеке құдіреттерін дәлелдеуге, халықтың денсаулығын жақсарту мен имандылығын арттыруға арнауына, экологиялық ахуалдың жақсаруына көмектесуіне, сыртқы тылсымдық құпиялы қаракүштерге қорғанысқа шығып тойтарыс беруіне және киелі қасиеттің әр саласы бойынша әлемдік дәрежеде дәлелдеулеріне, танытуына әрі мойындатуына мүмкіндік туғызды.

Киелі қасиет – ол Алла Тағалланың өзі сүйген, қалаған пендесіне дарытқан құпиялы тылсым күштің нұры. Сондықтан да ол – атадан балаға жалғасып келе жатқан киелі тектік халықтық өнер. Ол –  Бұл Жаратушы иеміздің жеке адамға дарытқан құдіретті сыйы, өз құпиясы әрі құдіретті қасиеті. Киелі қасиет ол пайда табудың, басқаларды қорқытудың, алдап-арбаудың және ар-намысқа зиян келтірудің құралы емес. Киелі қасиеттің  өлшемі жоқ. Олшексіз құдірет иесі. Тылсым құпиялы киелі қасиетті оның жеке иесінен ешқандай билеушілер жеке иелігіне пайдалана алмайтын тылсым дүние.

Бүгінгі таңда құрылғанына 15 жыл толған Қауымдастықтың мүше-емшілеріне, тілектес ғалымдарға, жанашырларға және халқымызға қауымдастық Төралқасының атынан рахмет айтамыз. Сөнген шипагерлік-емдік мұраның отының мәңгілік жануына, жоғалған тектік қасиеттердің орнына келтіруіне және гүлденген ел болуымызды  Алла Тағала нәсіп етсін!

 

 

 

 

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 20 жылдығына арналған қауымдастықтың кезекті XVI-Құрылтайындағы қауымдастықтың президенті, академик Зядан қажы Қожалымовтың

БАЯНДАМАСЫ

(Алматы, 23.07.2011 ж.)

 

Құрметті Құрылтай делегаттары! 

Қадірменді меймандар!

Қазақ еліндегі ұлттардың халықтық шипагерлік өнерімен оның тарихын зерттеп ғылыми айналымға енгізу, ел тәуелсіздігінен кейін ғана мүмкіндік болғаны өмір шындығы. Ұлттық «Мәдени мұра» бағдарламасының бір саласына жататын құпиялары әлі толықтай ашылмаған, тылсым күштердің киелі тектік шипагерлік, бақсылық, болжампаздық, жұлдызнамалық т.б. өнер иелерінен адамзат тарихының алғашқы қоғамдасуына, мәдениетінің қалыптасуына, рухани танымына, ілімінің негізі қалануына ықпалы болмады деп ешкімде айта алмайды. Бұл тарихтың ғылыми шындығы. Сондықтан да халықтық шипагерлікте дәстүрлі ұлттық мәдениетанудың саласына жатады деуге енді толық негіз барлығы тұжырымдалуда. Бүгінде қазақ мемлекетінің әділ саясаты, Конститутциясы мен заңдары халықтық емшілік жүйесіне толық зерттеулер мен ғылыми анықтамалық тұжырымдамалар жасауға айқын мүмкіндіктер беруде. ҚазҰУ-нің  философия және психология кафедрасы ғалымдарының басшылығында (филос.ғ.д., проф. Ж. Молдабеков,  п.ғ.д., проф. Қ. Жарықбаев) және ғылыми Кеңесінің 29.12.2008 №4 Хаттамасының шешімі бойынша халықтық шипагерліктің өткеніне, бүгініне және XV ғасырдың ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегіне зерттеулер жүргіздік. Осы жетістік бойынша «Шипагерлік дәстүрі және философиясы – Целительская традиция и философия» атты ғылыми монографиялық оқулық еңбегі баспадан шықты (авт. З.Қ. 2009, 2010). Бұл зерттеумен халықтық шипагерлік тұңғыш рет ғылыми айналымға енді. Өз елімізде толық таныла қоймаған 500 жылдан асық тарихы бар «Шипагерлік баян» атты еңбегін жазған ғұлама шипагер Ө. Тілеуқабылұлын ғалымдарымыздың «Екінші ибн Сина» атауы да, қазақ ғылымының жетістігі және емшілердің мақтанышы дей аламыз. Бүгінде халықтық шипагерлік саласына да көңіл бөлген, өздерінің құнды ойлары мен тұжырымдамалары арқылы оның болашағы барына атсалысқан отандық ғалымдарымыз: гуманитарлы ғылымдары профессорлары  Ж.Молдабеков, Қ.Жарықбаев, Т.Әлсатов, Д.Мәсімқан, М.Жолдасбеков, С.Құрбанқожа және медицина ғылымының ғалым-профессорлары Керімбектің Ермаханы, А.Жақанов, Е.Абылқасымов, А.Алдашев, А.Әлімханов, Т.Момынов Ә.Нұрмұхамбетұлы, Т.Шорманов, А.Рақышев, Ә.Есенқұлов, Ш.Әбдуллаев, доценттер Т.Бекен, Т.Төлендиев, Т.Төреқұлов, Ә.Өмешұлы және зерттеуші ғалымдар З.Қожалымов, Ө.Әбдіраман, т. б. зерттеушілер мен ғалымдарда жеке үлестерін қосуда.

Кеңес заманында жағдайдың ауырлығына, заңның қаталдығына қарамастан ұлттық дәстүрлі емес емшілік жүйесін қайта оятып, өркендету  мақсатында еңбектерін жазған медик ғалымдар: Е.Оразақов, С.Қарынбаев, С.Суханбердин, М.Қожабеков, З.Шашкин және Ә.Айбақын т.б. еңбектерін бағалап, оларға құрметпен қарау керек. Өткен XX ғасырдың алпысыншы  жылдарының басында сол кездегі ҚазССР Денсаулық министрі м.ғ.д., профессор Сағидолла Қарынбаев Алматы қаласында тұңғыш рет Әлемдік дәстүрлі емес халық медицинасының I – Халықаралық форумын өткізіпті. Ал, біздегілер ол құжатты жойған сияқты, ол жөнінде ештеңе де айтылмағанымен, әлемдік дәстүрлі емес халық медицинасына тұңғыш жол салған ғалым қазақтың атын мақтан етіп, осы саланың әкесі деп таниды. Бұндай құжаттарды құрту жағдайы алғаш осы қауымдастықта да болған. Осындай арампиғылдарға қарамастан ұлтымыздың шипагерлік саласының  өткені мен бүгінгі мәдени құндылықтарын жинақтап зерделеп-зерттеп алғашқы қалпына келтіру және оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға негізін жасауға ықпал ету, біздің басты міндетіміз болу керек.  

Құрметті Құрылтай делагаттары!

XIII ғасырда Өзбек хан тірідей жер қойнына көмгізген, ал орыс патшалығы заманында есіауысқандар ауруханасына қамалған, жеті атасына дейін арнайы сенімсіз, қауіптілер қатарында тіркелгендердің ұрпақтық жалғасы да сіздер мен біздер боламыз. Денсаулық – зор байлық, адамның бірінші байлығының қайнар көзі. Адамзат ұрпағына тұлғалы,  ойлы және дені сау ұрпақ әкелуі мен өсуіне де, сол заманның шипалы бақсы-балгерлерінің көмегі болғанын біздің қызметімізге қарсылар мойындамаса да, ғылыми жетістік жоқ ете алмайды. Халықтық дәстүрлі емес медицинадан – дәстүрлі медицина, одан осы заманғы ғылыми медицинаның негізі қаланғанын  ғалымдар анықтады. Бүгінде құрылғанына 20 жыл толған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі де Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда өте күрделі кезең мен қарсы күштердің жойқын торларынан аман өтіп, игілікті жетістіктерімен жеке қызметінің көрсеткішін баяндау дәрежесіне жетті.

Қауымдастықтың басшылары мен мүшелерінің бірлігі мен ынтымағы, табандылығы мен кешірімшілдігі және адамгершілігі мен имандылығы қарсыластарының бұл қауымдастықты жарты жылда өмір сүргізбейміз деген арампиғылдарын жүзеге асыртпады. Қауымдастықтың көші алға жылжуын тоқтатпады, негізгі мүдделі жеріне де жетті, ол бұл жүрісін жалғастыра бермек. Әлдебіреулердің қоғамдық ұйымда және оның сауатсыз әрі психологиясы тұрақсыз емшілері нені біледі дегендердің сөзіне намыстанбадық. Қайта жігерімізге – жігер, білімімізге – білім қосып, жанашыр ғалымдармен бірлесе зерттедік. Бүгін қауымдастық ғылыми ортаға айналды. Нағыз ғылыми адамдар екенімізды дәлелдедік. Қауымдастық пен оның мүшелеріне он жылдан аса моралдық, материалдық және психологиялық қысым жасағандарға түсіністікпен қарадық, кек алмадық, арнайы орындарға арызданбадық, рухымызды түсірмедік немесе басқаның «кәсібилік» атағын аңсамадық. Қауымдастық заңсыз, басшысы өмірде жоқ деген көреалмастарға әрекетіміздің жетістігімен жауап бердік. Жаратушы жалғыз, тағдырымыз бір және ұлтаралық дарындылығымызда ортақ идеясын алға қойып, қазақ елінің киелі дарындылары мен шет елдің де дарындыларынан да ерікті түрде қауымдастыққа мүше болғандарды бір ортаға топтастырдық. Қауымдастық мүшелерінің құқын қорғай отырып, олардың білімін көтеру мен жетілдіруде қауымдастық жанындағы халық емшілігі, рухани емшілік, биоэнергетика, космоэнергетика, уқалау т.б. бағытта екі мыңнан аса емшілер оқытылды, қажетті құжаттарын алды. Емшілердің мәдениеті мен рухани тазалығы жақсарып келеді, оқулықпен қамтамасыз еттік. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар – палсафалық бағыты негізінде, қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелерінің сапалық құрамына да зор мән беруде. Қауымдастықтың Жарғысының талаптары мен міндеттемелерін орындамаған, алдампаздық пен арамдық пиғылдарға еніп оны өз баспайдаларына пайдаланған үш жүзден аса мүшесін өз құрамынан шығардық. Төралқа арамниеттілерге ұдайы қатал шара қолдана береді. Бұған дейін қауымдастықтың он және он бес жылдығы да арнайы аталып өтілді. Бес рет кезекті, ал тоғыз рет кезексіз Құрылтайлар өткіздік. Өзінің арнайы демеушілік көздері жоқ, тек қана өзінің белгілі ғана мүшелерінің жарналық  көмегімен өз қызметін жүзеге асыратын қауымдастыққа жеңіл болмады. Қысқасы Жаратушы сынағын қандай қатал белгілесе де, оған адал мүшелері мен қабілетті ұйымдастырушы басшылары қауымдастықтың іргесін шайқалтуға, керегесін құлатуға әрекет еткендерге мүмкіндік бермеді.  Сондықтан да болар қауымдастықтың мүшелерінің халық алдында жүзі жарқын, бұл олардың халықтық шипагерліктің адал мұрагерлері екендігін білдіреді...

Құрметті Құрылтай делагаттары!

Емшілік дәстүр халықымыздың тарихымен тамырлас, тағдырымен түптес «Мәдени мұра» бағдарламасының бір саласы. Қазақтың емдік  шипагерлік әдіс-тәсілінің шығыстық шипагерлікпен үндес және ұқсастығы ертеден жалғасып келеді.

Адамның ауруын өсімдік пен жан-жануарлардың нәрімен емдеу тәсілі ерте дәуірден басталады. Ал бүгінгі рухани ем, биоэнергетикалық және оташылық өткен дәуірлерде-ақ жүзеге асқан және пайдаланылған. Кеңестік сұрқия саясат қожалары қазақ  халқында емшілік өнері болмаған деп, арнайы медициналық оқулықтарда жаздырмады. Бұндай арнайы ойластырылған  сұрқиялық пиғылдарға соққы беруде қауымдастықтың емшілері өздерінің білімділігін көрсете білді. Бүгінде қауымдастықтың емшілері мен ғалымдарының шипагерлік саладағы жазылған отыздан аса еңбектері мен салиқалы мақалалары және сұхбаттарының құндылығы арта бермек. Емшілер теориялық және тәжірибелік ілімдерін жетілдіруде, қауымдастықтың ұйымдастырып және өткізген әртүрлі тақырыптағы оннан аса конгрестері мен форумдардың маңыздылығы өте зор болды. Емшілер шеберлік байқауларда жеке қабілеттерін дамытып қана қалмастан, жеке шеберліктерін байыта түсті. Мол тәжірибелер мен білімділіктің негізін түсінді. Жеке білімдерін арттыру мүмкіндігіне ие болды.

Осындай жетістіктердің нәтижесінде қазақтың емшілік жүйесін шет елдерге де, қауымдастықтың сайты арқылы таныстыра алдық. Бұл жетістігімізді өз еліміздегілер танымай жатқанда, сонау мұхитттың арғы бетіндегі Біріккен Ұлттар ұйымындағы жауапты қызметтегі Канаданың өкілінің біздің сайттағы ғылыми еңбектерімізбен танысып оны жоғары бағалап, өзінің баяндамасына енгізіп, арнайы баяндағанын өзі маған хабарлады. Мені құттықтай келе қауымдастықтың жұмысына табыс тіледі. Алда бірлескен орталық құруға ниеттері барын да жасырмады (25.06.2010 ж. cағ. 20.29.). Өзіміздегі ғалымдарымыз бен көре алмайтын көздер қауымдастықтың ғылыми жетістіктерің танығысы келмей жатқанда, сонау мұхиттың арғы жағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Канаданың ғалымының танығанына шүкіршілік етеміз.

Құрметті Құрылтай делегаттары!

Емшілер емдеу жүйесін жақсартуда да нәтижелі жұмыстар атқаруда. Сырқатты емдеудің дұғамен, биоқуатпен, уқалау, мануалды, ғарыштық, сынық салу т.б. тәсілдерді емшілер пайдаланады. Шет елдік медициналық аппараттармен де емдейтіндер баршылық. Десе де барлық емші медициналық емдеу құралдарын сатып алуға жағдайы да келмейді. Бүгінде медицинаның дамыған уақытында, емшілерде өздерінің емдік жүйесіне қосымша түрде таза өнімдерді ұсынса, ұтпаса ұтылмайтынын іс тәжірибеден өткіздік. Алоэ өнімдері барлық ауруға емдік нәтижесі ғылыми түрде дәлелденген. Бұл өніммен жұмысын атқару барлық емшілерге де ыңғайлы әрі пайдалы екенін анықтадық. Осы жүйемен жұмыс атқарған қауымдастықтың емшілерінің алды Англия, Түркия, Австрия т.б. елдер де өткен форумдарға тегін жолдамамен барып келсе, енді бір айдан соң біразы Америка құрама штатының Астанасы Вашингтонда өтетін форумға қатысады. Айлық табыстары да айтарлықтай. Бүгінде барлық аймақтағы емшілеріміз осы жүйеге енуде. Енді күтуге уақыт жоғын ескеріп, жазылмағандардың алдынғылардың ісін жалғастыруды ұсынамын. Бәріңіз бай болыңыздар.

Емшілер арасында Халықаралық қауымдастық пен халық медицинасының халықаралық, ресей мен қазақстандық академияларының толық мүшелері, әлемдік емші, III мыңжылдықтың емшісі, Қазақстанның халық емшісі, шығыс пен халық және рухани емшілік магистрлері мен қауымдастықтың «Құрметті мүшесі» атағын алғандар да баршылық. 

Қауымдастықтың алғашқы «Халық емі» (1992), ал 2002 жылдан бері шығарылатын «Шипагерлік баян» атты төл газеті де қауымдастықтың қызметі мен халық медицинасын үгіттеуде басты құралға айналды. Алдыңғы қатардағы мәдениетті емшілердің демеушілігімен Қауымдастықтың 20 жылдығына арналған үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» атты тарихи альбом кітабын баспадан шығардық (авт. З.Қ.). Бұл еңбекке қауымдастықтың жұлдыздары саналатын 132 емшісі, 56 алдынғы қатардағы емшілері және 8 шетелдік емшілері енді.

Емшілердің халықтық шипагерлікке қосқан ерекше үлестеріне және Қауымдастықтың Астана қалалық (дир. Қ.Құмаров), Алматы облысы мен қалалық (дир. Ж.Сәрсенбай), Атырау облыстық (дир. Г. Ермуханова), Қарағанды қалалық (дир. Д. Шакиржан),  Қостанай облыстық (дир. Б.Нисамбаева), Құлсары қалалық (дир. Құмарбек қажы Бесембаев) және Шымкент қалалық (дир. Шарипа қажы Қасымова) филиалдарының табысты қызметтеріне Қауымдастықтың Төралқасы рахметін айтады. Қауымдастық қызметінің алғашқы күндерінде-ақ тоқтатуға, жоюға әрекет еткендерге қарсы мақалаларын баспасөз бетінде жариялаған, ғалымдарға және теледидар мен радиоторабынан бізді сөйлетіп халықтық емшілікті жандарын сала қорғаған, көптеген республикалық, облыстық баспасөз, теле-радио жүйесінің тілші және редактор қызметкерлеріне Төралқаның, делагаттардың және өзімнің атымнан адал жүрегіміздің алғысын жолдаймын. Олардың аттары қауымдастықтың тарихына алтын әріппен жазылды. Жақсылықтары Алла Тағаладан қайтсын.

Құрметті Құрылтай делагаттары!

Қауымдастықтың өткен жолдарының жетістігі туралы азда болса баяндадық. Артықшылық пен кемшілік қатар жүреді. Сын болмай, мін түзелмейді. Енді қауымдастықтың жауапты қызметкерлері мен емшілерінің жауапкерсіздігі мен кемшіліктеріне тоқталмақпын. Қауымдастықтың Жарғысының баптарында басқарушы қызметкерлері мен мүшелерінің міндеттері, құқылар мен атқаратын қызметіне жауапкершілігі айқын көрсетілген. Осы заңдылықтарды мойындағысы келмейтін мүшелер қауымдастықтың құқылық құжаттарын пайдалана отырып,  өздерінің киелі шаңырағына екі беттілік (Қызылорда, ШҚО) пен арамдық жасауда. Қауымдастықтың филиалдарына мүшелік жарнасын төлемейтін және екі жақты келісім шартты орындамайтындар да баршылық. Бұндайлар енді өздігінен мүшеліктен кеткені дұрыс болар?! Қауымдастықтың вице-президенті, профессор С. Құрбанқожа мырза өзіне бақылау мен көмектесуге  міндеттеген «Салауат» (дир. Әбсаттар Шалапов) пен т.б. ОҚО филиалдарының қызметінің жақсаруына көмек етпеді. Алғашқының айдауында болды. Ә. Шалапов теріс әрекеттерге барды. «Салауат» филиалы таратылды. Түркістандық филиалдың да жағдайы мәз емес. С.Құрбанқожа мырза Төралқаға арнайы жұмыс жөнінде хабарласқан да емес, жеке жұмысы болмаса... Бұған дейін Ақтөбе облыстық, қалалық және Шалқар қалалық филиалдары, Есік қалалық филиалы, Талдықорған филиалы, Балқаш қалалық филиалы қызметтері тоқтатылған-ды. Не үшін десеңіз, басшыларының өз бас пайдасына филиал қызметін пайдаланғаны және мүшелерін таратып алғаны үшін т.б. Бұл шешімдердің дұрыстығы бүгінде айқындалды. Мүшелердің де ішінде ойран салғысы келетіндер де барын ескерсек, бұндай ойларына мүмкіндік болмайтынын Төралқа ескертеді. Қауымдастықтың филиалдары қызметін жақсарту мақсатында ОҚО филиалдары директорлары кеңесі төрағасы бекітілген-ді (Б.Төребеков. 2007 ж). Ол жұмыс істеудің орнына  қауымдастықты сауын сиырға айналдыру ниетін ұстанды. Нәтижесі болмағандықтан бұндай қызмет түрін Төралқа тоқтатты. 

Қауымдастық әлдебіреулердің жеке басының мүддесі үшін қызмет етпейді, ол киелі шаңырақ, республикалық қоғамдық бірлестік. Ол құрылғалы бері бірнеше мыңдаған емшімін дегендердің сауатын ашты, қисайғанына – сүйеу, құлағандарына – тіреу, рухани саналарын өсіруде – тәрбиелік орта, жолдан адасқандарға – адал тәрбиеші, нұсқаушы болуда. Ата-бабадан бері жалғасып келе жатқан «Тісі шыққан балаға – шайнап берген ас болмайды», – деген философиялық ұғым бар. Қауымдастық құрылғалы 20 жыл ішінде оның басшылары мен мүшелері өздерің қандай маман иелері екендігін көрсетті. Қанаты талмай, игілікті қызмет атқарғандары өзімізбен бірге қауымдастықтың шаңырағың қорғап, оның қызметіне үлесін қосуда. Десе де, ешқандай нәтижесі жоқ, құрамында мүшесінің саны онға жетпейтін тек қана 4-5 мүшесімен байланысы ғана бар филиалдарды атап өткен жөн болар. Мәселен, жанұясы және жаны жақын емшілерімен қауымдастықтың әртүрлі шараларына ұялмастан тегін қатысуға, сый-сияпаттар алуға құныққан және қауымдастықтың есеп шотына ешқандай қаражат аудармайтын, өз қызметіне жауапсыздар Ақмола облыстық филиалы (дир. Ахметова Бақыт), Көкшетау қалалық филиалы (дир. Блинова Алтина), ШҚО филиалы (дир. Қорғанбаева Майра) басшыларына өткен кемшіліктерін қайталамауды қатал ескертемін. Қауым-дастықтың Жарғысының 5.5 пунктіне сәйкес қауымдастық филиалдарының басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрамына енгізілген өзгерісті Құрылтай делегаттары бекітуін сұраймын. Атап айтқанда: ОҚО аймағындағы Жетісай филиалы мен Көкшетау қалалық филиалының қызметін тоқтатуды және қауымдастықтың ОҚО облыстық рухани сауықтыру филиалын ашуды және ШҚО мен Ақмола филиалы басшыларына кемшіліктерін жыл аяғына дейін түзету туралы ескертпені Құрылтай делегаттарының қарауына ұсынамын. Жеке арыздары мен өрескел әрекеттері үшін қауымдастық құрамынан 25 (жиырма бес) мүшесін шығару шешімін бекітуді ұсынамын (тізімі бар). Қауымдастықтың Төралқасы ірі халықаралық және Республикалық оннан аса форумдар, конгрестер және Құрылтайлар өткізді.

Филиал басшылары да және емшілер де іс тәжирибелерін байыта түсті. Сондықтан да бұдан былай келесі жылдан бастап филиал басшылары кезек-кезегімен өздері ұйымдастырып аймақтық, аймақ аралық және республикалық қауымдастықтың емшілерінің конференцияларын өткізулерін міндеттеймін. Қауымдастықтың төл газеті «Шипагерлік баян» газетіне жазылуда өте төмен. Бұл нені білдіреді? Сонда бұл газет нағыз халықтікі болып тұр. Тоқсан пайыздан асық тиражын оқырмандар жаздырып алады. Ал, қауымдастықтың мүшелері газетке жазылу жөніндегі кемшіліктеріңізді бұдан былай Төралқа кешірмейді. Көптеген емшілер жеке табысынан неге мемлекетке салық немесе қауымдастықтың емшілер қорына ерікті жарналарын аудармайтынына таңқаласың. Бастарына ауыр күн туғанда қауымдастықтан көмек сұрайтындарың бұлар білмейтін сияқты. Бұл кемшіліктерді қайталамайды деген ойдамыз.

Құрметті Құрылтай делегаттары!

Қорыта келгенде, шипагерлік ілімі ғылыми негізі XV ғасырда ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы арқылы қаланғаны ғылымда да  дәлелденді. Біздер сол шипагерлік ілімді қайта гүлдендіру мен байытып болашақ ұрпаққа аманат етушілерміз. Сол үшін де еңбектенудеміз. Ата-бабаларымыздың «өшкен оты жанғаны, жоғалған өнерінің орнына келгені» осы уақыт демекпін. Емшілер қауымының еңбектері ақталды, әр емші өз үлесін қосуда. Баяндамадағы айтылған жетістіктеріңізге мақтанбай, аталған кемшіліктерге намыстанбай, парасаттылықпен ұлттық шипагерлікке адалдықпен үлестеріңізді қосатындықтарыңызға қауымдастықтың Төралқасы сенімін білдіреді. 

Ақын М. Мақатаев жырлағандай:

Өкінбе, өкпелеме, бүгінгіге,

Өмір, өмір болмайды, түңілуге,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, хақың бар жүгіруге,

     деген, философиялық талғамы әрбір емшінің жүрегіне орналассын. Бақыт дегеніміз – кез келген қиыншылықты жеңе білудің жеңісінің жемісі. Қауымдастықтың мүшелері Қазақстан Республикасының Конститутциясын басшылыққа алып, оның заңдары негізінде қауымдастықтың Жарғылық мақсаттары мен міндеттерің өте жоғары сапалы түрде атқарады, киелі шаңырақтың мәңгілік болуына жеке үлестерің қосарына Төралқа сенеді.

Еңбектеріңіздің табысты, қызметтеріңіздің мәдениетті, емдеріңіздің шипалы болуына Алла тағаланың шапағатты нұры жаусын!

Тыңдағаңдарыңызға рахмет!

 

 

 

 

қауымдастықтың 20 жылдығына

арналған арнау

 

Арнаудың авторы: Журналистер Одағының мүшесі, ақын Зядан Қожалымов

 

Көңілді мейман менен шипагерім,

Сағынып ел ішінен келгендерім. 

Қазақта тәуелсіздік орнағалы,

Сұрағандар көбейді емші жайын.

Тылсым күш сырлары шеберлері,

Елінің де аталды-ау, кемеңгері,

Халық ішінде аталған киелілер,

Отаны тарихынан орын алды.

Қауымдастықтың мерекесі аталғаны,

Алланың бұлда жақсылық жасағаны.

Құтты болсын торқалы тойларыңыз,

Қауымдастықтың 20 жылы аталғаны.

Емшіні елеусіз адамдардың есебінде, 

Өзбек хан тірідей де көмбеді ме? 

Орыстың патшасы замандарында,

«Есі ауғандар» есебінде кетпедің бе?

Нұрекеңнің нұрлы елі заманында,

Тәубе деңдер бұғанда жеткеніңе.

Ата-баба рухына тағзым еткен,

Елбасын Алланың елге бергеніне.

Біздің елді тәубе де, әлем білді,

Еуро мен Мұсылман елі төрін берді.

Елбасына қуат берсін Жаратушы,

Биік болсын еліңнің мәртебесі

Емшінің толып жатыр ағымдары,

Ұйымың жалғыз әлемге танылғаны.

Абыройларыңды асқақтатты ел ішінде,

Елбасының жолдаған «Алғыс хаты».

Тәуелсіз елімізден теңдік құрдың,

Тылсым құпиясы сырын білдің.

Көре алмайтын күндестер қиялына,

Парасатты мәдениетті қарсы тұрдың.

Зерттелді тылсымның сырлары да,

Еңбегің айналды оқырман жырларына.

Ғарыш, табиғат және адам құпиясы,  

Оқырманның айналды сүйікті құралына.

Халқымды киесіз деген «Ұлыларда»,

Елемеді киелі күш сырларында.

Тәуелсіз ел тұсында сыры ашылды,

Зиядан қажы Қожалымов зерттеуінде.

Өткізген конгрес пен форумдар да,

Ғалымдар ұғынды құпия ғылымында.

Өшкен оты киенің қайта жанды,

Сый болсын о дүниелік бабалар рухына.

Елімде Нострадамус пен Ванга да бар,

Ел тарихы қойнынан шығып жатыр.

Тани білсең бойыңдағы қасиетіңді,

Жаратушы да сәулесін төгіп жатыр.

Шежіресінде халқының жазылмаған, 

Ғұламалар төрінен орын алған.

Жаһангер ғүламалар көшін бастап,

Шипагер Өтейбойдақ дараланған.

Фараби мен Баласағұннан ілімденген,

Өтейбойдақ бабаң бар әлем білген.

Бес жарым ғасыр уақыт өтседағы,

Палсафалық бір сөзі де өзгермеген.

Шипагерлік ежелден дәстүрлі ілім,

Өйткені ол халыққа жақын ұғым.

Медицина ғылымын қалаған Өтейбойдақ,

Екінші Ибн Сина атанды, тәубе дегін.

Қамтылмаған тақырып қалмады ғой,

Жеті рет конгресте аталды ғой.

Майқы би, пір Бекет, Машһүр Жүсіп,

Шәкәрім, Қорқыт Ата, Қойлыбайда,

Тылсым ғылымында да танылды ғой.

Бір қауым осыншалық еңбек етсе,

Алланың ризалығына батқаны да.

Көшіңіз тоқтамады алға жүрді,

Көре алмас бөгделер оғын атқанына.

«Халық емі», «Шипа баян» газетін,

Атанды бұл күндері үн қағазың.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін де,

Тарихыңда көрінуде интернеттен.

Шипалық ауыр жүгін көтердіңдер,

Қателігін басқаның кешірдіңдер.

Емші деген атағың жарқырауда,

Аманатын ата-бабаның өтедіңдер.

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бабалар тілегі орындалуда ұрпағынан.

Туған жердің киесі жатсынбайды,

Абыройға ие болыңдар жан-жағыңнан.

Еңбектері еленді емшінің ел ішінде,

Сын көзбенен қарауда көп ісіңе.

Иманың мен адалдығың алда болсын,

Көпшілік мән береді сенің жүрісіңе.

Көтердіңдер сынақтың ауыр жүгін,

Бұлда сенің білсеңіз адамдығың.

Жиырма жылдай күзетіп қауымыңды,

Мақтан, аңсаған жемісіне жеңісіңнің.

Шашу шаш мерей тойға жеткеніңе,

Бабалар сағынып осыны кетпеді ме?

Бір Алла қорған болсын ұйымыңа,

Кездестірген тағдырдың өткелінде.

Алматы да құрылған қауымдастық,

Мерейтойы көбейсін біз тілейік.

Адал жүрек, ақ жарқын емшілерім,

Қуанышпен амандықта кездесейік.

Еске алғаның жақсы ғой өткеніңді,

Танып білдің өзіңнің өткеліңді.

Зиядан ақын жырларын тарту етті,

Баяндап өткенің мен жеткеніңді.

Алыс, жақын аймақтан келгендерім,

Көтерілсін сендердің көңілдерің.

Жыр маржаны төгілді сендер үшін,

Жеңіл болсын алдағы өмірлерін.

Жаратқан қорғасын жамандықта,

Кездесейік сіздермен амандықта.

Жалғассын сапарларда сәттіліктер,

Жорыйқ тілектерді жақсылыққа.

Алматы қаласы, 23.07.2011

 

халық медицинасы – мәңгілік өнер

 

Қазақтың шипагерлік тарихының тамыры біздің дәуірімізден арырақ басталады. Оның өзіндік ерекшеліктері, ұлттық формасы қалыптасқан. Халықтық шипагерлік өнерінің мәдени емдік сипаттары мен түрлері біздің дәуірімізден бұрын қарапайым түрде пайда болып біртіндеп сатылық жүйеде өркендеп дами бастады. Оның жинақталған жүйесі, тарихи анықтамалық еңбектер болмауынан ғылыми зерттеу мен талдауға енбеді. Дегенмен, халықтық шипагерлік өнері өте қиын кедергіллерге ұшыраса да, шипагерлер ашық та әрі жасырын да шипалық емдерін жалғастыра берді. Осының нәтижесінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына мүмкіндік туғызды. Сондықтан да, халықтық қарапайым шипагерлік өнерінің емдік халықтық сипаты мен оның түрлері алғаш рулық тайпалық сипатта дами бастады. Кейін бірыңғай ұлттық қалыптасу дәуірінен кейін бір ұлттық түрде дамып және өркендеп келеді.  

Халықтық шипагерлік дәстүрлері мен бақсылық өнері жөніндегі алғашқы анықтамаларды, қазақ даласын кезген басқа елдердің саяхатшылары мен зерттеушілері  және қазақ ғалымы Ш.Уәлихановтың  қолжазбаларынан көруге болады. Бұл мәліметтер бүтіндей бір қазақ ұлтының шипагерлік дәстүрі туралы сұраныстарды толық қанағаттандыра алмайды. Қазақтың шипагерлерінің көрегендігі мен білімділігі, жинақтылығы мен іздемпаздығы ұлттың көшпелі өмірімен байланысты болды. Олар табиғаттың құбылыстық өзгеріс-терінің адам денсаулығына өзгеріс әкелетініне ерекше бақылау жасай білді. Жылдық төрт мезгілдік өзгерістерін, жыл он екі айдың құбылымдық  әрекеттерін, аспан әлеміндегі жұлдыздық айналымды нақты болжай білуінің шеберлігінің нәтижесінде денсаулыққа зиянды жақтарын бақылады, халыққа ескертті, сырқатты емдеп жазу жолдарын қарастырды. Бұл жөніндегі нақты мәліметтерді  осы еңбектен  табуға болады.

Қазақтың шипагерлері сырқат адамның ауруының пайда болу себептері мен сыртқы түрін анықтау, шипалық ем қолдану әдіс-тәсілдерінде ұлттық мәдени стилді сақтай отырып, жеке  философиялық ой-толғамдары  арқылы жүзеге  асыруға  әрекет етті. Қазақтың шипагерлік емінің мәдениеті мен дәстүрлерін халқының ұрпағына жеткізу, оның азаматтарының дендері сау  болуына, өсіп- өркендеуіне тигізер пайдасын зерттеу қажеттілігі, ғылымның жаңа бірқырынан танылғандығы – халық шипагерлігі болашағына жаңа жол ашады. Өміршең елдің ұрпағының намысшыл, еңбекқор болуы, оның ұлтының таза болуына зор ықпал етеді. Ал, тарихы жазылмаған халық шипагерлігі де күрделі зерделеу мен зерттеуді асыға күтуде. Халық емшілігінің өрлеу кезеңдері жазба деректердің жоқтығынан әлі зерттеліп біткен жоқ. Қазақтың халық емінің де тамыры көне ден бастау алып, ғасырлар бойы жоғалмай келе жатқан халық мұрасы. Халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейінгі  өмірі  де, болашағы да болмасы анық.  Қазіргі медицинаның негізін қалаған сол халық емі, яғни халықтық шипагерлік дәстүрі екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Адамзат тарихының эволюциялық өзгерістері мен ғылымның дамуы, халықтық шипагерліктің емдік әдіс-тәсілдерінің ғылыми жолмен дамуына әсері күшті болды. Қазақтың шипагерлік өнерінің тез әрі ғылыми тұрғы да дамуына, Орта Азия мен қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалымдар, есімдері бүгінде әлемге белгілі Әбу Нәсір әл-Фараби, әл-Бируни, әл-Разани, әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Жүсіп Баласағұни тағы басқа да ғұламалардың медициналық еңбектері емдіктің халықтық шипагерлік сипатының өркендеуіне және ғылыми ілімдік маңызына жақындауына бағдармалық әсері зор болды. Халық шипагерлігінің өткен дәуірлік тарихындағы қарапайым емдік сипаттары  азайып, біртіндеп дәстүрлі ілімдік ғылыми  бағытта жұмыс істей бастаған кезеңі ХV ғасырда даланың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жеке зертханалық ілімдік  ғылыми тұжырымдамалары  арқылы жүзеге асты.    

 Академик Б. В. Петровскийдің: «Шығыс медицинасының тарихы Тибет, Монголия, Индия, Қытай, Жапонияда осыдан мыңдаған жыл бұрын дамыды. Емдеу әдіс-тәсілдері болды.  Бұл осы заманғы медицинаның дамуына өте қажет», –  деген тұжырымы шипагерліктің тамыры тереңде жатқанынан анықтама береді.

Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы жоғарыда аттары аталған Орта Азиялық және қазақ жерінің ғұламаларының емдеу тәсілі мен медицина саласы бойынша жазылған еңбектерін одан ары қарай жалғастырушы, дамытушы, халықтың игілігіне пайдалануда өзінің жеке талғамдық-танымдық қабілетін жүзеге асырушы болды. Ғұлама шипагердің «Шипагерлік баян» атты еңбегінің жүйелі жазылғандығы мен ұлттық тілдік таным бойынша баяндалып, медицина тілімен нақты анықтама беретіндігін «Кіріспе» және «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдалғы»  атты үш бөліміндегі дәлелдемелер осы заманғы медицинамен үндесіп, бірлесіп, араласып жатқан сипатта екенін мамандар бірауыздан растайды. Одан емделу дәстүріндегі медицина ғылымымен сабақтастығы анықталды. Өзіндік терең философиялық танымы мол ғұлама шипагер Өтейбойдақ адам бойындағы қанды: «арам қан», «адал қан», «құтырған қан», «қанды ірің» – деп төрт топқа бөлгендігі, грек ғұламасы Гиппократтың адамның организміндегі төрт шырын анықтамасымен сәйкес, үндес келетінін аңғартады.

Сондықтан да, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі  қазақ ғылымында энциклопедиялық медициналық жаңа жүйелік бағыттың ашылуына өте пайдалы ықпал ете алады. Бұл еңбектің ғылымдағы құндылығын бізден бұрын зерттеп, әділ ғылыми бағасын берген көрші Шығыс еліндегі қандастарымыздың еңбектері және «Шипагерлік баянның» Қытай мемлекетінің жоғары мемлекеттік сыйлығына ие болуы, қазақтың халықтық шипагерлік мәдени дәстүрінің осыдан бес жарым ғасыр бұрын, іліми негізі толық қаланғанын білдіреді. Ұлттық шипагерліктің мәртебесінің ғылымда жоғарылауы, ғұлама шипагердің терең ойлылығын, ұлттық шипагерліктің мәдениетін тани білген философиялық талғамы молдығын  аңғартады.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы несімен осындай ірі еңбекті жазыпты? Оның ғұламалығы туралы қазақтың медицина ғалымдары не дейді?

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32

в начало