өмірімнің шежіресі 24 | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | ||
ШИПАГЕРЛІК МӘДЕНИЕТІ Кейінгі кезде баспасөз беттерінде халықтық дәстүрлі емес халық медицинасының мұрагерлері әрі дамытушысы халық емшілері жөнінде жақсы да, жаман да және реніш те жазылған мақалалар жиі көрініс беруде. Халықтың арасында бабадан ұрпаққа тектік қасиеті арқылы жалғасып келе жатқан және олардың құпия ілімін жалғастырушы нағыз емшілер барлығына күмән келтіруге болмайды. Бүгінде қазақ елінде қанша мыңдаған емші барын бір Алладан басқа ешкім де білмейді. Осыдан жиырма жыл бұрын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған «Республикалық халық медицинасы орталығы» құзырлы министрліктің заңнамалық бұйрықтарын пайдалана отырып, жеті мыңға жуық емшілерді өздерінің арнайы сынақтарынан өткізгенін білеміз. Осының барлығына қасиетінің жақсы-жаманына қарамастан «Кәсіби халық емшісі» атағын беріп мекен-жайларына халықтың денсаулығы саласында қызмет көрсетуге жіберіп, оларды бірінші сортты емші санатына жатқызып сауатсыздардың мәртебесін асқақтатқаны барша қауымға мәлім. Осы «кәсібилер» күні бүгінге дейін баспасөз беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы «Құтқарушы» есебінде жазбайтын ауруы жоқ деген атпен жарнамаланса, ал бүгін де осы жеті мың емшінің жетпістейі ғана халыққа дұрыс қызмет көрсетуде. Сонда таңқаласың, алты мыңнан аса емші қайда кетті? Бүгінде бұл орталық онға жуық қана емшімен қызмет көрсетуде. Бұл қалай? Кім ұтты? Кім ұтылды? Ойланатын жайт. Мұның басты себебі орталықтың аты алғаш “Халық медицинасы” одан кейін «Шығыстық медицина» одан кейін «Ашық» және «Жабық» қоғамдық бірлестік болып өзгерді. Бұл аз болғандай осыдан жеті-сегіз жыл бұрын жартысы шектеулі жолдастық серіктестікке (ШЖС) - айналды. Ал қалғаны 2007 жылдан бастап ШЖС-ке айналды. Бірақ кейінгісі анау алғашқы (1990) жылғы құжаттарымен қызметтін жалғастыруда. Бұл алдау ма қалай? Бұнысын сауатсыз емшілер қайдан білсін. Оларға бәрі бір болғанымен түбінде бармағын тістері анық. Есеп беретін заңды орындарға ШЖС құжаттары арқылы есеп береді. Ал емшілерге көне құжаттары арқылы қызмет етеді. Осыған сенгендер әлі де торға ілініп өздерін аты өшкен «Кәсіби халық емшісі» санайды. Осындай тәрбиеге душар болған емшілерден қандай мәдениеттілік күтуге болады? Бүгінде емшілерді арнайы алты айлық медициналық сынақтан өткізетін бұл жеке меншік ШЖС орталығы емес, әрбір емшінің өзінің тұрған қаласының және облысының Денсаулық сақтау басқармалары арқылы жүзеге асатындығын білетін уақыт жетпеді ме? Сонда қанша жыл халық емшісі жаны ашымайтындардың “тірі тауары” болып жүре бермек? Осыдан мынандай ой туады. Осы орынның басшысы өткен жылы беделді бір газетте (Егемен Қазақстан) «Қос діңгекті қосамын» - деген уәдесінен айныды ма, бүгінде өздері басқаратын «бір діңгектің» де құлап бара жатқаның сезбейтін сияқты. Одан да әр нәрсені бастап, аяқтап, саралап, бағасын алып барып айтқан дұрыс шығар, бұл да емшілік мәдениетінің көтерілуіне ықпал етіп, бос сөздік пен уәдеден арылтар еді. Ең негізгі өздерін емшінің тірегімін деп есептейтін осындай орындардың жауапкерсіздігінен емшілік мәдениеті төмендеп халықтық сенімнен алшақтап, діни көзқарастарға жат әрекеттерге барып жатқандығын мойындаған жөн. Осы орталықтың жанынан ертеде «Кәсіби халық емшілері қауымдастығы» құрылған-ды. Алғашқы басқарған Әділхан Ерманов мырза он сегіз жылдай “кіші құдай” болғанымен ештеңе істемеді, бос сөзбен сауатсыздарды алдап келді. Ә.Ерманов мырза 2004 жылдың қыркүйек айының соңында өз үйінде мен Ақтөбе медициналық Академиясының емдеу факультетін бітірдім деп оның дәрігер деген дипломын көрсетті. Емшілер болса көрімдігін бере бастады. Сонда мен және Ш.Шынтаев мырза екеуіміз жағамызды ұстадық. Сонда өмірі медициналық оқу орынның табалдырығын аттамаған, бірде-бір дәрінің атын білмейтін азамат қалай дәрігерлік дипломға қолы жетті? Бұған дәлел Ә.Ерманов мырзаның өзінің қауымдастығының Ақтөбедегі филиалының хабарландыруын береміз: «Приглашаем Вас 11.02.2004 года к 10 часам в офис Директора Актюбинского филиала на встречу с Президентом Ассоциации профессиональных народных целителей Республики Казахстан господином Ермановым А. Для справки: Ассоциации профессиональных народных целителей Республики Казахстан в этом году исполняется 12 лет с момента ее создания и все это время ее бессменным Президентом является господин Ерманов А., врач по образованию, Отличник здравоохранения РК, 27 лет практикующий больных. Господин Ерманов А. Прибыл с целью проведения обучающих курсов будущих целителей, обладающих уникальным «божьим даром», с целью их дальнейшей опробации в клиниках области. Адрес офиса: улица Кисилева 24, кабинет биоэнерготерапевта «БАПАН». Директор Актюбинского филиала АПНЦ Альмухамбетова К.Б.». Міне жалған «дәрігер» Ә.Ерманов мырза ақыры өз қауымдастығының емшілерін тастап өзі де кетті. Кейінгі екі жылда бұл қауымдастықты дәрігерсымақ Нұржанов Бауыржан деген басқарады. Басқалардан бұрынғы көкелері ала алмаған өшін осы алып беремін деп, бүкіл республика аймағын аралап ана ағаларының басқа ұйымдарды тарады, олар заңсыз, менікі заңды, мен жарылқаймын деген көне сөздерін қайталап, бұрынғы көкелерінен де озып барады. «Аңқау елге арамза молда» – дегендей аңқау емшілерге ашық түрде ірі бағамен (жақында Қызылорда, Шымкент) жеке «Медицналық лицензия» таратуда. Бауыржан бұған дейін басқа аймақтарды да аралап, өзінің (Жасанды лицензиясын) таратқанын да білеміз. Бұл қалай? Сонда Бауыржан мырза Денсаулық сақтау министрілігінің рөлін атқарып, емшілерді арнайы алты айлық медициналық бақылаудан өткізу заңның аяққа таптағаны ма (ҚР Денсаулық сақтау минстрлігі. бұйрық №532. 10 қараша 2006 ж.). Мұны жергілікті бақылаушы заң, салық орындары неге білмейді? Жалған лицензия алған емшілер енді өз ойларын жүзеге асырарына күмән келтірмеңіз? Тек қана олар жергілікті орынға салық төлер ме екен, кім білсін. Біздікі тек ескерту ғана. Бұндай жағдай осыдан бес-алты жыл бұрын Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары мен кейбір емшілердің ұйымдастыруы арқылы ірі бағаға емшілерге лицензия берілгенін де көргенбіз. Лицензия алған емшілер қарызға белшесінен батып, оның аяғы ірі дау-дамайға барғанын да білеміз. Енді емшілер ойланатын шығар кімнің қолына түсіп жүргендерін. Сорақының сорақысы емшілер арасында А.Ерманов мырза сияқты медициналық дипломдарды оқымай-ақ алғандар да баршылық. Мәселен, Алматылық орта білімі бар, жүргізуші болған Тохтахунов Абдрахман мырза бүгінде шөппен емдейтін танымал емші. Бұл азамат Ә.Ермановтан да озып, 2003 жылы наурыз айында өзін “Медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін” алдым деп, телеарналарда көрсетіліп және баспасөз беттерінде жариялады. Қысқасы, аспаннан бір “Алланың құтқарушысы” түскендей болды. Мәселен, “Отбасы және денсаулық” журналында “Доктор Тохтахунов” (№11.2003. 16-18 бб.) т.б. газеттер беттерінде жасанды “Медицина ғылымдарының кандидатын” бірнеше жыл жарыса жазды. Ал енді бұның жалғандығын мына екі құжаттан білесіздер. 1. “Ассоциация народных целителей Казахстана” Кожалымову Зиядан кажы: - “На Ваш запрос №015-А от 25.12.03 г. Казахский Национальный Медицинский Университете им. С.Д.Асфендиярова сообщает, что ТОХТАХУНОВ АБДРАХМАН в период с 1981 по 1987 г.г. не обучался и диплом АН №654982 рег. №71 от 25.07. 1987 г. не выдавался”. Ректор КазНМУ, профессор Т.А. Муминов (Исп. Шитикова В.С. /3272/ 927-937.) ФБ- 19 №17-1-13 от 07.01. 2004 г. Ректордың қолы қойылған, ҚазҰМУ мөрі басылған). 2. “Қазақстан халық емшілері ассоциациясының” Президенті Зиядан қажы Қожалымовқа (480057. Алматы қаласы, Бұхар жырау көшесі, 73, 38-бөлме): - “Сіздің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №015-А хатыңызға жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: 2000-2003 жылдар кезеңіндегі ЖАК мәліметтерінде медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған А.Ә.Тоқтахунов деген ізденушінің аттестациялық ісі түскендігі және қаралғандығы туралы дерек жоқ. ЖАК тарапынан А. Тоқтахуновқа “медицина ғылымдарының кандидаты” атағы берілген жоқ. Төраға А. Құсайынов (Орындаушы: Ш. Құсайынова, т. 61-81-56. Хат 12.01.04. №В-61-59/13-0070). Міне, көріп отырғандай біз медициналық диплом сатып алғандардың “Шортандарын” ғана көрсеттік. Ал, емшілердің “Шабақтары” ішінде осындай медициналық диплом сатып алғандары да жетерлік. Бұл да емшінің мәдениетсіздігі мен ұятсыздығын көрсетеді. Емшілердің әр түрлі ұйымдарда тіркелуіне байланысты кейбір есепте жоқ емшілер өзінің есебін түгендеп, халықты алдап арам ойларын жүзеге асырып жатқандығын да мойындаған жөн. Осындай алаяқтардың торына түскендерден ренішті хаттардың арнайы орындарға жолдану себебі де, бүгінге дейін емшінің бойындағы тылсым құпия сырларына арнайы ғылыми көзқараспен қарап, бір қоғамдық орталыққа топтастыруға арнайы орындардан ұсыныстар мен мүмкіндіктер жасалмауында. Осының кесірінен кешегі сот үкімімен арнайы жабылған «Фархат ата» және «Аққулар» ұйымдарының халыққа келтірген діни рухани зияндықтары жөнінде бізде өз уағында осындай пікірімізді білдіргенбіз. Шындық өз нәтижесін берді. Біздің алдымызда емшілердің бойындағы кейбір кемшіліктері жөнінде жазылған «Ел ішінде емші жүр» (Жетісу. 30.05.2009 ж.) мақалада емшіге сенуден реніш көп, ал «Ислам және өркениет» газетінде (№12. 21-30.04. 2009 ж.) емшілерді «Аруақтелекомға» теңеп, мазарларға зиярат ететін емшілердің өлі аруаққа табынатыны жөнінде, кейбір ескі мазараттарға пәлен әулие жатыр деп белгі қойып адамдарды табындыратыны, жүрекпен сөйлейтіндері арқылы аталар бата беруде немесе саған реніште деген сияқты адамның миының қызметін торлайтын сиқырлы әрекеттері арқылы өз мақсаттарын жын-шайтандардың көмегімен жүзеге асырып, Алла Тағаланы мойындамайтындары жөнінде де реніштерін білдіреді. Енді «Түркістан» газетіндегі «Емші десе елеңдеп...» мақалада (04.06. 2009 ж.) автор жалғандықпен ақша жасап жүрген кейбір емшілер жөнінде өз ренішін білдіреді. Өзі де емшіге көрініп жалғандығына қайран қалады. Осыларды үгіттеп отырғандар да жоғарыдағы аты аталған ШЖС Халық медицинасы орталығы. Бүгінде адамдарға, қоғамға, сырқат жандарға беретін тәрбиелік деңгейі төмен, сауатсыз тек қана жеке пайдасы үшін, адамдарға молаларды аралататын көптеген аты бар да, мәні жоқ «Ордалардың» қызметіне тоқтау қоятын немесе бір орталықтан бақылайтын уақыты жетпеді ме. Егер бұл үрдіс осылай жалғаса берсе, бүкіл қазақ мола аралағыш атанса, біраз жылдардан кейін ауданаралық «Жүйке ауруханалары» ашылмасына кім кепілдік бере алады? Біздің ғылыми жақтан бақылауымыз бойынша емшісымақтардың тең жартысы жүйке ауруына ұшырағандар, ал 30 пайыздайы жақсы мен жаманның ортасындағылар болса, қалғаны нағыз таза емшілік қасиеті барлар. Дегенмен, бұл қасиет біртіндеп азаюы мүмкін. Себебі, халықтың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» - шығады деген даналық сөзін еске алған жөн сияқты. Мұны неге мемлекеттік бақылаушы орындар ескермей жүр. Алматы ТВ-дан көрсетілген «Қылкөпір» бағдарламасына да ренішін білдіреді. Дегенмен бұл бағдарлама бізде жаңадан басталғандықтан да, көш жүре түзелетіндігіне көңіл бөлген жөн сияқты. Бізде әлі дайындық, білімділік, рухани тазалық пен арнайы дайындау орталығы жоқтығын ескерсек, «Қылкөпірге» қатысушы емшілерге тәуелсіз еліңнің бабаларының киелі қасиетінің тылсым құпияларын аша беруіне тілектеспіз. Қазақ ақылдан кенде емес, ешкімнен кем де емес. Семіргенді қой көтереді. Өткен жылы Тараз қаласында Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 400-ге жуық мүшелері қатысқан кезектен тыс XIII-Құрылтайы өтті. Құрылтайда қауымдастықтың құрамын сандықтан сапалыққа қарай өзгерту қаралды. Қауымдастықтың филиал директорлары мен кейбір мүше емшілерінің тәртібі қаралды. Сегіз қалалық және облыстық бөлімше қызметін (Ақтөбе обл., Ақтөбе қал., Шалқар қал., БҚО Ақсай қал., Қарағанды обл., Балқаш қал., Талдықорған және Есікті қал.) тоқтатуға және елуге жуық мүшесін құрамнан шығаруға қаулы қабылданды. Бұның себебі қауымдастық Жарғысының талаптарын орындамағандығы, қауымдастықпен байланыстарын үзгендігі, мемлекеттік орындарға өз уағында есеп бермегендігі және себепсіз қауымдастық ұйымдастырған шараларға қатыспағандығы, жалған алдампаздықтары себеп болды. Бұлар қауымдастықтың абыройы мен жетістігін жеке мүдделер үшін толық пайдаланып, өздерінің ұшқан ұясына өздері опасыздық жасады. Бұл шешім бүгінде қауымдастықтың интернетінде тұрақты қойылған. Қоғамымызда басқару жүйесінің жақсы жақтары көрініс беруде. Ал, республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» Төралқасы 18 жылдан бері халықтық емшіліктің ғылыми жақтарын зерттеп оны ғылымдық зерттеу жүйесіне қосуға қол жеткізді. Емшілік, рухани емдік, биоқуаттық т.б. салалар бойынша оқулықтар жазылды. Тылсым құпия сырлары туралы еңбектер де жарияланды. Жыл сайын емшілердің білімін, діни рухани жетістігін, өзара қатынасын және басқа да елдердегі осы саланың мамандарымен тығыз байланысын өркендету мақсатында алты рет халықаралық әртүрлі тақырыптағы конгресстер мен форумдар өткізді. Қысқасы, емшілер рухани жағын байытуда толық өздеріне қажетті оқулықтармен қамтамассыз етілген. Арнайы емшілердің білімін, рухани дәрежесін көтеретін мектептер жұмыс істеуде. Халықтан алғыс алған емші ол рухани дәрежесі жоғары және мәдениетті емші. XV ғасырдың ғұлама ғалым емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емшіні шипагер деп атауды ұсынады. Шипагер – сырқат жанның ауруының себебін табады, емдейді, жазады, ажалдан алып қалады деген ойын айта келе, оған жету үшін тұрақты негізгі білім мен рухани білімнің қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі емшінің парасаттылығын арттырып, имандылығын жоғарылатып оның адами тұлғалығын биіктетері анық. Кейбір мәдениетсіз емшілер үшін, бабалар қасиетін жоя алмаймыз. Мәдениетті емшілердің құрамы арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Оған бүгінгі біздің атқарған қызметтеріміз куә. Емшілер мәдениетін көтерейік! «Шипагерлік баян» газеті, №10, 2009 ж. ЖАСАНДЫЛЫҚ ЖАРАСПАС Мемлекеттік басты рухани идеологияның нашарлығынан, кейінгі жылдары сананы салқындатқан құбылыстардың көбейе түскені рас. Бірақ мұнын кейбір сиқырлы түріне мән бергенде және зерттегенде арнайы нақты баға беретін тоқтам жасайтын құқылы ұйымдардың жоқтығы терең ойға қалдырады. «Шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайды» демекші, «Караван» газетіне шыққан «По колдуну психушка плачет» (авт. Анна Рбухина. 07.03.1997 г.) мақаласы көптеген ойда жүрген жеке пікірімізді ашуға жол болғандай. Жылдар жылжыған сайын киелі тұлғалардың жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптағанымен, олардың көбінің қасиеті жалпы таза табиғи емес, тек қана жасанды түрде, өздерінің жеке басының қамына пайдаланып, халықтың қалтасын қағушы алдампаздар екеніне енді көзіміз жеткендей. Бұғанда шүкіршілік дей келе, енді «жасанды әулие», «көріпкел» т.б. пайда болғаны жан ауыртады. Бұл «пенделер» жасарын жасамаса да, халықтан аларын мыңдап еселеп алғанын ұмытты ма, жоқ әлде кеуделерін май басты ма, кім білсін. Суыр сияқты ініне кіргендей, мына аумалы-төкпелі заманда халыққа көмек етуді ұмытқаны қалай?! Соның алғашқысы ана «Караван» газетінде аты айдай айқын көрсетілген біз үшін Марат қажы Есенбаев, ал басқалар үшін «Сары әулие» болса, бұдан кейін де Сыр елі топырағынан жаралған «Қайрат әулие», «Ақ әулие» (Серік Қожахметов), Қармақшының «Қара әулиесі» Құндақбав Жарбосын тағы басқалар бүгінде өз аттарын тарихтан өздері өшіре бастады. Бұл қалай? Бұдан «жасанды әулие тобы» қазақ халқының киелі ата-бабалары қасиетіне қиянат еткенін сезбегенімен, болашақ ұрпақ кешіре қоймас! «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, қасиетті Сыр елінен шыққан «емшісымақ», әйелдер ішінен де «әулиеден» үміткер, о дүниелік атақты аналар атын азан шақырмай айналдырып алған, өздерінің сыбырлаушысы айтқандай: «Фотма ана» – Разия Ерлепесова, – «Домалақ ене» – Раушан Алтынбасова, «Қарашаш ана» – Гүлзира Сыдықованың (бәрі Қармақшыдан) қазір қандай аналық қамқоршы екенін ешкім айта алмайды. Ойланайық ағайын. Бүйтіп «жын-пері» сәлемін ойланбай жеткізгенде кім ұтып, кім ұтыларын енді білген жөн. Бәрі жаман деп әруақты жандардың бәрін жамандауға болмас. Аузында Алласы, жүрегінде иманы бар саналы рухани ағартушы болып жүргендер Жалмағанова Сағира (Байқоңыр), Күнарова Күләйім (Арал), Дәрменова Фатима (Қызылорда), Сақтағанова Мейізкүл (Шиелі) т.с.с. өз елінің ғана емес, көршілестің де құрметіне бөленгендер. Сыр бойы тарихы мол, мәдени орданың негізін қалаған, киелі жер. «Сыр елі – жыр елі» екенін бүгін ғана емес, бірнеше ғасырлар бұрын дәлелдеген, ол дәледер ұлтымыздың тарихында жарқырап тұр. Мемлекет қайраткері де, атақты билер де, батырлар да жырау-шешендер, ақын-жазушы мен әртістердің Сыр елінен көптеп шығуы – қасиетті бабалар әруақтарының демеуі болса, соны түсінген таза ұрпақтарының олардың көненің дәстүрлі мұраларына адалдығынан болса керек. Ал, ата-баба аруағына қиянатты, халқына теріс бағытты, өзін адам еткен ұйымына қайырымсыздық көрсеткен, елебек тұрпат еркетотайлар Достыбаев Еркін (Сырдария), Сағындықова Үрпатима (Қызылорда), Жетіруова Жанымкүл (Төретам), Жалмағамбетова Ләйла, Азаткүл, Қызылкүл (Қазалы) т.б. өзінің кім болып атанғанын ұмытқандай? Тіпті ана заманда (коммунистік) нерв ауруханасынан «рахатын» тапқан Азаткүл Жалмағанбетованың біраз жылдан бері Батыс Қазақстан облысында «бас емші» болуына таң қалмайық? Алғашқы емшілігін «жаңа жанұялық» махаббат жылуына бастаған (өз жарын тастаған) қазалылық Дәмеш Кенжебаеваның бұл күнде бұрынғы «коммерциялық» тұлғадағы көмегін халқына көрсетпеуі қалай? Кейінгі кезде «емшісымақтар», өздерінің жеке кітапшаларын шығара бастады. Өз жары мен сәбиін үш-төрт жылдан бері жазықсыз далада қалдырған, жасы отыздан жаңа асқан алматылық Батагөй емші – «Қасиетті төре» (шын аты Төреғали Батырханов) «Сіз бақытты болыңыз» (Алматы. 1994ж) кітабында бақытсыздыққа жол берсе, ал алматылық Қайырлы Біләлқызы Шалабаева (марқұм), өзінің «Жасағанның жамиғатқа өсиеті» (Алматы 1995ж.) кітабында белгілі қазақ жазушыларының (Ғабит Мүсірепов) о дүниелік қызын (Райханның) тозақтан пейішке шығардым десе (15 бет), алматылық емші Күлтай Әлиеваға арналған қарақалпақстандық жазушы Жұбатқан Мұратбаевтың «Шипагер Күлтай ана» (Нөкіс. 1993ж.) атты кітапшасында, мақауды сөйлетіп, кереңді естіртіп, Ақтаудағы Бекет әулие күмбезін қолын ашып жарқыратып, қолын жұмып қараңғылатып, сыртқа шығып Бекет атамен қол алдырып, тіпті Қытайға барғанда тығулы адамды дәл белгісімен тапты деп талайды таң қалдырғанмен, заман өте көріпкел «ананың» қасиетін дәріптеушілер, ат тізгінін неге тартып доғарғанын енді білу қиын болмас. Бұндай күлкілі кітапшалардың адамның санасының дамуына теріс бағыт беретінін енді түсінген жөн. Қандай еңбегімен алғанын кім білсін, жерлестіктің жебеуі болды ма, біз үшін қарапайым, басқалар үшін «Алып ана» алматылық емші Алтын Сабырғалиева Ұлттық ғылым академиясының «Алтын алқасын» тақты («Егемен Қазақстан» 5.10.1995). Бұл қалай? Өткен жылы Күлтай Әлиева мен Алтын Сабырәлиева екеуі қажылыққа барды. Қажы болды. Қуандық. Қос құрбы мешіттен бір-екі рет көрінді де жоқ болды. Бұларға бұрынғы атақтары артық болса керек?! Бір таңғаларлық жай, осы екеуі де, қажылықтың шариғаттық заңына қайшы түрде салт, жеке барды. Сонда халықты алдағаны былай тұрсын, құдайды да алдағаны ма? Бұндай жайға дін басы муфтиіміз Ратбек қажы (өзі апарған) қалай дер екен?! Ел ішіне атағы шыққан аруақтылардың бүгінгі халі осындай болғанда, басқасын сұрамаған да жөн болар. Дегенмен Сыр елі азаматтары үшін сырттағы бойдақ әйелдерді «ана» дегенмен де (Ж.Мұратбаев пен Б.Айнабаев) жоғарыдағы қос құрбының құрдасы, өз жерлесі, он сегіз баланың анасы, он төрт немеренің әжесі Патиманы ана – «ардақты ана» («Жас Алаш» 10.10.1993 ж.) ал, Патиманың жұбайы Сәбитті ардақты әке, аға дегені адамгершіліктің өлшемінің имандылығы болар! Алла тағала бұл жанұяға тек жақсылық әкелсін. Патимадай адал жүректі аналар көбейе берсін демекпіз. «Малдың аласы сыртында, адам аласы ішінде» дегендей, ала болмай, енді есімізді жиып, бір-бірімізге рухани көмек көрсетіп, әр жанұяың өз отбасынан ана тілін, дінін, дәстүрін мәдениетін дамытатынын түсінген жөн. Бір Алла тағалаға ғана құлшылық етейік (Бақара сүресі, 83 аят). Ағайын жеріміз тозбасын. Адам азбасын. Ал жасандылық жараспас. «Шипагерлік баян» газеті, №11, 2009 ҚАРУЛЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАУЫМДАСТЫҚ Бүгінде қауымдастық деген атпен әртүрлі қызметтік бағыттағы тіркеуден өтіп өздерінің Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырып жатқандары да баршылық. Өзінің бүгінде құрылғанына 18 жыл толып отырған (22.12.1991) Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы да» өз қызметін жүзеге асыруда кездескен көптеген кедергілер мен қиыншылықтардың және қаражат пен мекен-жайдың жоқтығына қарамастан жақсы нәтижелерге жетуде. Ең басты мәселе тылсым құпия сырларының белгісі бар емшілерді өзінің қатарына мүшелікке ғана қабылдап қалмастан, бүгінде олардың құрамының сапалық жағына да көңіл бөлуде. Қызметінің түрін рухани шипагерлікпен жалғастырып оны ғылыми жүйеге қосуда көптеген ғылыми зерттеу және жоғарғы оқу орындары ғалымдарымен бірлесе отырып емшілік тарихының алғашқы және бүгінге дейінгі негізіне мүмкіндік жасады. Осының нәтижесінде бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер мен ғылыми талдамалық мақалалар жазылып, баспасөз беттерінде шықты. 2004-2009 жылдар аралығында Алматы, Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында Халық медицинасының «Өткені, бүгіні, болашағы», «Қазақстан мен Орталық Азияда халық медицинасының өркендеуі», «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары», «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы», т.б. әртүрлі тақырыптағы халық емшілігінің Халықаралық конгрестері мен форумдары өткізіліп, көптеген шет ел ғалымдары мен емшілері қазақтың халық медицинасының тарихымен танысып қана қалмастан, өзара ынтымақтасып осы саланың байланысын жақындастыруға, бірлесіп зерттеуге қол жеткізілді. Конгресс кездерінде қатысушы емшілердің теориялық, тәжірибелік жақтары мен білімдерінің жақсаруына зор мүмкіндік жасалды. Бұрын өз шеберліктерін кең аудиторияда көрерменге көрсетуге ниет еткендер шың мақсаттарына жетіп, өзара тәжірибе алмастырылды. XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі негізінде тұңғыш рет қысқа сахналық көріністің Тараз қаласында көрсетілуі (сценариясын жазған З.Қожалымов) емшілер қауымын ғана қуантып қалмастан, республика көлемінде радио торабы мен телеарналарынан көрсетіліп көпшілік көрерменнің ризалығына бөленді. Қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелері мен емшілерінің қызметіне және қауымдастық қызметін жоққа шығаратын арам пиғылдыларға да оң қабақ танытып «Жақсылыққа – көреалмастық жасау надандықтың белгісі», «Өнегелі іс – оңға бастайды», «Адамгершілік пен имандылық», «Емшілік мәдениеті», «Жауапкершіліктің өлшемі» т.б. тақырыптарда өзінің шынайы сындық мақалаларын жариялап келеді. Қауымдастықтың Төралқасы өзінің филиалдарының директорларының қызметтері мен емшілерінің сапалық тәртібіне адал бағасын беруде. Осы жылы Құрылтай қаулысымен 8 филиалы (Ақтөбе және Қарағанды облыстары мен Ақтөбе, Шалқар, Балқаш, Талдықорған, Есік, Ақсай қалалық) қызметі тоқтатылды және 40-тан аса мүшесі құрамнан шығарылды. Алматы, Атырау, ОҚО, Қостанай облыстық және Астана, Шымкент, Түркістан, Тараз қалалық филиалдарының қызметтерінің жетістігін атап өткен жөн. Қауымдастықтың төл газеті «Шипагерлік баянға» жазылу барлық филиалдар мен жеке емшілерде бірдей емес, өте аз. Бұл ойланатын жағдай. Ашық жариялықты басшылыққа ала отырып қауымдастықтың қызметінің барысы жөнінде газет және жеке интернеттегі сайты арқылы (www.anck.kz.) ай сайын оқырманға таныстырылуда. Халық медицинасының б.д.д. және одан бүгінге дейінгі тарихы ғылыми негізде зерттеліп, ҚазҰУ-нің ғылыми Кеңесінің шешімімен ғылыми айналымға енді («Шипагерлік дәстүрі және философиясы» авт. З.Қ.). Қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелері мен емшілерін төл мерекесімен құттықтайды. Алдағы қауымдастықтың 20 жылдығына табыспен аман-есен жетулеріне ізгі ниетпен тілектестік білдіреді! «Шипагерлік баян» газеті, №12, 2009 ж. ҰРЛЫҚТЫҢ БІР ТҮРІ – «ЖИЕНДІК» Бүгінде Қазақстан халық емшілері қауымдастығының (ҚХЕҚ) жалған жиендері көбейе бастады. Осыдан оншақты жыл бұрын осы ұйымды атын атауға ұялатын еліміздегі осы саланың басқа ұйымдарын басқарғандар енді бүгінде қызметі республикадан да тысқары таныс бола бастаған ҚХЕҚ-ның құжаттары мен Жарғысынан ешқандай өзгеріссіз көшірме жасап, оның негізгі авторы әрі мұрагерінен рұқсатсыз өздерінің Жарғылары мен куәліктерін жасап білімі төмен, ойлау қабілеті нашар, кеше осы ұйымнан адам болып артынан сатқындыққа айналған, бүгінде халықты алдап-арбау арқылы емшісымақ болып жүргендерге таратуда. Жиырма жыл бойы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауы мен қорғауында болған, екі қабатты мекен-жайға орналасқан «Республикалық халық медицинасы орталығы» да (РХМО) өз қызметін тоқтатты. Оның орнында бүгінде педагогикалық колледж студенттері білім алуда. Осы орталық өзінің үстемдік еткен жылдарында аттарын бес рет өзгертті, ақыры тарады. Десе де көне құжаттар әлі күнге дейін аңқау емшілерге таратылуда. Енді осы ұйымның басшылары «Халықтық және рухани емшілік» мекемесін құрыпты. Бұл атау ҚХЕҚ-ның құрылғалы бері Жарғысы арқылы іске асырылып келе жатқан қызметінің өзгеріссіз негізгі түрі. Бұл қалай? Басқа атау құрып қалды ма? Ал, бүгінде «Кәсіби халық емшілері» қауымдастығының (басшысы Бауыржан Нұржанов мырза) өзінің емшілерге таратқан куәлігіндегі терминдік білім беру мамандық түрлерін ҚХЕҚ-ның дипломынан көшіріп алған. Біз бұдан бұрын Б.Нұржанов мырзаның республиканың барлық аймақтарында ірі көлемді қаражатқа емшілерге «Лицензия» таратқаны жөнінде жазғанбыз. Мұндай мәліметтерді біз іздемейміз. Осылардың есебінде болған емшілер арқылы білдік. Олардың айтуынша ҚХЕҚ-ның «Жиендері» айтады екен ҚХЕҚ тарап кеткен, басшысы өмірде жоқ, біз бәрін шешеміз, білеміз», – деп. Сонда жиырма жылда емшілер үшін тырнақтай жақсылық жасай алмаған бұрынғы РХМО-ның басшылары бүгінде өзінің ғаламторы арқылы әлемге әйгілі болып отырған (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) ҚХЕҚ-н қалай жоя алады? Бұл олардың жиырма жылға жуық таусылмай айтылып келе жатқан әндері. Осыны көпшілік білсін деп жазып отырмыз. «Біреуге ор қазғанша, өзіне өмір тіле» - деген аталық даналық сөздің мәнін бұл «Жиендер» қашан түсінер екен. Кейбір ұйымдардың отыратын орыны да жоқ. Оның басшылары көше кезіп немесе өзінің сенімді өкілдерін емшілердің үйлеріне жіберіп нәпақаларын табу жолдарының нағыз шеберлеріне айналған. Сонда біз жеке адамның құқын таптағандығымыз ба немесе қорғағандығымыз ба? Қолдан емші жасауға болмайды. Бүгінде ғылыми зерттеулеріміз бойынша емшілердің 10-15 пайызы ғана осы жолда жүріп, емдік қызметін атқара алатындығы анықталды. Бұл көрсеткіш әлі де азая бермек. Бұған дәлел бұрынғы РХМО-нан тексеруден өткен 3700-дей емшінің бүгінде сол орталықты сақтап қорғап қалуға 15-20-ның қалмауынан-ақ түсінуге болады. ҚХЕҚ құрылғанына 19 жылдай болса да әлі өзінің атауы мен құжаттарына бір әріпке де өзгерткен жоқ. Қаншама қиыншылық жолдардан өтсе де, халықтық шипагерліктің өткені, бүгіні, болашағы туралы көптеген ғылыми танымдық монографиялық еңбектерді ғылымға және халыққа ұсынды. Емшілерді оқытудың рухани және халық медицинасы саласындағы оқулығын баспадан шығарды. Ай сайын «Шипагерлік баян» газеті өз оқырмандарымен жүздесуде. Ал, өз ғаламторы арқылы барлық қызмет түрін таратуда. Ал, жоғарыдағы менің «Жиендерімде» бұл қызмет түрінің біреуі де жоқ. Бұл өмір шындығы. «Жиендер» аман болсын! «Шипагерлік баян» газеті, №5, 2010 ж.
ЕМШІЛІК ӨНЕРІ – БІРЕУЛЕРДІҢ ТІРІ ТАУАРЫ ЕМЕС Жаратушы иеміз өзінің сүйікті құлдарына әртүрлі қасиет пен психологиялық қалыптастықты және имандылықты ана құрсағынан бастап сыйлап, оны өзінің құдіреті арқылы дамытатын сияқты. Бұл қасиеттерді кейде тектік түрінің атадан-балаға немесе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы деген тұжырымның да шындыққа ұласатындығын адамдардың өмірдегі әрекеттерінен байқаудамыз. Киелі қасиет – ол Алла тағала пендесіне сыйлаған, дарытқан жеке адам бойындағы нұры. Ол халықтың тектік өнері. Ол – халықтың рухани өрісінің жеткен биігі. Тылсым күш құдіретін халықтан хан да, қара да немесе билеуші топтарда тартып алып, иелене алмайды. Бұл – Жаратушының өз сыйы әрі құпиясы. Бұл шындық толық айқындалуда. Десе де, халықтық шипагерліктің мұрагерлері емшілерге еліміздің тәуелсіздігінен кейін қана, өзінің бойларындағы құпиялы күштердің ашылуына мүмкіндік жасалды. Бүгінде осы жақсылықтың арқасында «Жауыннан кейінгі саңырауқұлақ» сияқты, емшілердің көбейгені де шындық. Емшілердің бәрі сауатты, мәдениетті және діни ілімді емес екендігін ескерсек, кейбір өрескел әрекеттерге барып жүрген емшілердің кері әрекеттерінен, емшілердің еңбегіне әлі де толық оң баға берілмей келеді. Бірақ, заман мен ғылым бұндай кедергілерге қарамастан емшілік саласының өзіндік ғылыми айналымға енуіне қажеттілігін ескертеді. Бұл ескертпедегі алғаш халықтық емшілікті зерттеп, тұжырымдап ғылыми айналымға енгізуде Қазақстан халық емшілері қауымдастығының басшысы мен ғалымдарының еңбегін атап өткен жөн. Бұл қауымдастықтың жетістігі бірнеше жылдан бері ғаламтор арқылы әлемге танылуда. Бұл да аздық етеді. Бір ғана қауымдастықтың мамандарының ғылыми еңбектері арқылы халықтық емшіліктің барлық саласын зерттеу мүмкін де емес. Бүгінге дейін елімізде үш қауымдастық пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қол астындағы «Республикалық халық медицинасы Орталығы» қызмет атқарды. Ал, екі қауымдастық пен Орталықтың нендей ғылыми жетістіктерге жеткені әлі белгісіз. Құрғақ сөзге шебер бұлар халық емшілерін өздерінің бизнестік таза пайда көзінің тірі тауарына айналдырғандарына да жиырма жылдай болыпты. Сонда жоғарғы бақылаушы орындар тарабынан осыны білмегені қалай? Емшіге қысым жасаумен олардың азаматтық құқығын таптау немесе емшіні теріс әрекеттерге баруына жол ашқандығы айқындалуда. Сонда кім ұтты, кім ұтылды? Қарапайым емделуші халық қалтасынан қағылды. Ал, құтқарушысын байытуға қызмет еткен емшілер бүгінде өз абыройларынан айырылып, көбі бұл кәсібін тастағалы қашан? Сонау 1990-1996 жылдары аттары Қазақстан мен сыртқы елдерге де белгілі болған халық емшілерінің бүгінде аттары аталмауы қалай? Оларды ешкім де білмейді. Жақында телеарна арқылы Болгария мемлекетінде емшілерге салық төлету жөніндегі заңды, халық депутаттары палатасы бекітпеген. Себебі, емшілік қасиеттің барлық емшіде тұрақты сақталмайтындығы немесе оларға қаралып емделушілердің санының тұрақсыздығы болса керек. Бұдан емші мемлекетке салық төлемеу керек деген ұғым тумайды. Емші салық төлеуге міндетті. Емші білімді, мәдениетті, діни сауатты болуы үшін білім алу керек. Бүгінде бұл салаларда білім беретін қысқа мерзімді мектептерде баршылық. Сонымен, өз атын бес рет өзгерткен «Республикалық халық медицинасы Орталығы да» қызметін тоқтатып тарағалы да жарты жылдан асты. Орталықтың есебіндегі төрт мыңға жуық «кәсіби емші де» тарап кетті. Тараған Орталық енді осы айда құрылғанына жиырма жылдығын атамақшы екен. Бұл қалай? Көз бояу ма? Неге тарағанын атамайды? «Аңқау елге арамза молда», – дегендей аңқау емшілер әлі де алдануда. Емшінің еңбегіне Алла тағаладан келген баға жоқ. Емші ауруды емдемейді, ол Жаратушының құдіретімен болатын жақсылық. Емшінің емінің жетістігін емделуші өзі бағалауы тиіс. Заң бойынша қоғамдық ұйымдар, қоғамдық ұйымдарға немесе мемлекеттік ұйымдар қоғамдық ұйымдарға сың айтуға, үстемдік жасауға, жалған ақпараттар таратуға мемлекетіміздің заңдары тиым салған және бақылайды. Қолдан емші жасауға болмайды. Емші біреулердің қол баласы да емес. Адам баласына қиындықсыз, күрессіз, жеңіс пен бақыт жоқ. Ол ізденіс пен шыдам, байыптылық пен парасаттылық арқылы келеді. Көлденең тұрған шырмауық торлар ол тағдыр сынағы. Адам баласының тағдыры Алланың еркінде. «Шипагерлік баян» газеті, №10, 2010 ж. ЕМШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНЫҢ АЗАЮЫ НЕДЕН? Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңынан бастап бұрынғы Одақ аймағында ғана емес, қазақ еліне де «жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай» – халық емшілерінің қатары көбейе бастағаны бәрімізге мәлім. Сол уақыттағы емшілік саласындағы ғылым мен жеке емшілердің түсініктерінің нашарлығынан, әр емшіде болып жатқан құбылыстармен жалған ақпараттарға сенушілік басым болды. Небір ғаламат иелері өмірге келді деп баспасөз бен ақпараттарда жарыса жазылды және хабарланып көрсетілді. Баспасөз беттерінде мұндай құбылыстарға ие емшісымақтар жеті қабат аспан әлеміне де ұшып барып оралды десе, ал кейбіреулері неше түрлі әулиелердің (сары, ақ, қара, көк тақиялы, ана, алып ана, үлкен ана т.б.) аттарын иеленгені былай тұрсын, пайғамбарлардың қатарына өздерін теңеді. Тіпті, қасиетті Түркістан жерінде емшісымақ әйелдер болса өздерінің түсінде Қожа Ахмет Яссауи бабасы қолдарынан ұстап демеп жүргендерінде республиканың бас газеті арқылы жариялатты. Әулиелердің басқан ізіне аунап Алладан емес, жалған әулиелерден көмек сұрағандар аз болған жоқ. Қолдан құдай да жасалынды. Құдайды атақты жазушының Түрік еліне белгілі газеті арқылы жариялау, ұлттық намысты таптап қана қалмастан өмірден өткен бабалардың киелі қасиеттерінің тылсым сырларын жоққа шығарумен бірдей еді. Республиканың телеарналарында арнайы кездесулерде әйел емшілерден бата алу әдетке айналған-ды. Қысқасы, қазақ елінде бата беруге жарайтын ер азаматы жоқтай насихаттаудың ақыры, емшілердің бұрынғы пірлері атанғандардың қасиеттерінің өмірлерінің қысқа екендігі бүгінде толық айқындалды. Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі – дегендей байқамай, зерттемей насихатталғандардың кесірінен халықтың тектік халықтық емшілікке деген сенімі азая бастады. Бүгінде сол уақыттардағы үгіттелген, мақталған құдай да, әулиелер де, үлкен-кіші аналар да іздесең біреуінде таппайсын. Ал құдаймын дегеннің өзі де жер басып жүрген жоқ. Сонда құдайда өле ме екен? Бұған оларды үгіттегендер қашан жауап берер екен. Сөзімізді дәлелдесек, өткен ғасырдың соңында Оңтүстік Қазақстан облысында үш жүзден аса, Қызылордада үш жүзге жуық, Атырауда екі жүздей, Батыс Қазақстан облысында жүз елуден аса, Жамбылда үш жүздей, Алматыда екі жүзден аса ал Талдықорғанда жүз елудей емші болса, ал бүгінде қалғаны жеті-он емшіге жетпейді. Бүгінде қызметі тоқтатылған Республикалық халық медицинасының Орталығында есепте тұрған төрт мыңға жуық кәсіби емшінің де екі-үш ғана пайызы қалған. Бұл қалай? Себебі неде екеніне ешкім мән беріп жатқан жоқ. Асыра мақтампаздық пен мансапқорлық, пайдакүнемдік, сауатсыздық, рухани білімнің таяздығы және алдампаздықтың ақыры емшілердің қатарының азаюына әсер еткендігін мойындаған жөн. Халқымыздың: ат шаппайды, бап шабады – деген философиялық талғамы шындыққа жанасқандай. Емшілік мәдениетінің төмендігі халықтық тектік қасиеттіміздің қадірін әлсіретеді, білімділік қана алға жетелейді. Осы бағытта халыққа шипагерлік қызметін сыйлап келе жатқан халық емшілері қатары әлі де жарыстан қалмай өз үлестерін қосуда. Шипагерлік саласына ғылыми зерттеулердің енді ғана кең құлаш жая бастағанын ескерсек, тек қана аз мөлшердегі емшілер арқылы әлі де тылмыс құпияның ашылмаған сырларын ашуға болатындығы және бұл зерттеулер жалғасқан сайын жаңа ғылыми тақырыптарды туындайтындығы, ғылыми тұжырымдардың сапасының артатындығы айқын болмақ. Бұл жөнінде қауымдастық тарабынан игілікті ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Мәселе емшілердің қатарының азаюында емес, оның сапасының артуында екендігі айқындалуда. «Шипагерлік баян» газеті, №11, 2010 ж. ЕМШІЛІКТЕГІ ЖҮЙЕНІҢ «БАНДИТИЗМІ» немесе Қауымдастықтың вице-президенті А.Бодровты кімдердің адамдары атты? 2011 жылдың 17-ақпаны Қазақстан халық емшілері қауымдастығының соған дейін вице-президенті қызметін атқарған Александр Бодров үшін қаралы күн болды. Оның осы күні өмірі тоқтады. Оны білетін емшілер мен азаматтарға өмірі қабағын шытпаған, жылы шыраймен күлімсіреп жүретін, жүрегінің адал нұрын әрқашанда басқалардың жағдайының жақсаруына арнаған, білімді де білгір өз мамандығының шебері, Қазақстаннан да тысқары таныс болған Александрдың өмірі құпиялы жағдайда қиылады деп ешкімде ойламаған шығар. «Судың да сұрауы бар» – дегендей, бүгінде қызметі мен абыройы Республикадан да тысқары танылған, халықтық шипагерліктің ғылыми орталығына айналған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» беделді вице-президентінің өлімі оның мүшелерінің терең ойланатын және зерттейтін іс-әрекетіне айналды. Қауымдастық Жарғысының баптарында оның кез-келген мүшесінің құқын қорғау және оларға жабылған теріс пиғылдардан алып шығу толық қаралған. Емшілік тектік қасиет оны ешкімде жоя да, бағындыра да алмайтындығы бірнеше ғасырлардан бергі қатал жүйелердің оны жоя алмауы дәлел. Көктемдегі гүлдеген гүлдей жарқырап шыққан неше алуан тылсым құпиясы сырларының иелерін мәпелеп те, қолдап та келгендерден басқа және масқаралап олардың күш-қуатын, ілімі мен білімін жеке бас пайдаларына пайдаланғандар да жиырма жылдан бері өзінің ойына келгендерін істеп келеді. Сонау 1990 жылдын мамыр айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен Алматыда құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» алғаш айдаһардай ақырып, жолбарыстай шақырып өзінің уысына неше мыңдаған емшілерді жиып алып оның ішінен 7000 (жеті мың)-дайына «Құрметті кәсіби халық емшісі» деген атақ беріп, оларды темір торсыз «Мәдени зоопарктің» ішінде ұстап (зоопаркта темір тор бар), рухани және мәдени құқыларын таптап, еркіндігі мен тәуелсіздігін жоя отырып Орталықтың шонжарлары өздерінің жоғарыдағы көкелерінің көмегімен ондағы емшілердің еңбегін пайдаланды. Орталықтағы емшілерді «құлдық пен күңдік» жүйесінде ұстап келді. Өмірі шаңырағы шайқалмады деген Кеңес үкіметі де 70 жылдан кейін қалай шаңырағы кездейсоқ шайқалғаннан кейін, оған бағынышты Республикалар тәуелсіздігін алғаны сияқты бұл, Орталықтың да «кәсіби емшілері» өздерінің құтты мекеннің құрылғанына 20 жылдығына екі-үш ай қалғанда тарап кетті. Бұл қалай? Кез-келген адаммен амандаспайтын, басқаның сәлемін де алмайтын осы бір киелі жандардың не кінәсі бар? Бұған кім кінәлі? Бір жыл уақыт өтсе де жоғарыдағы 7000 кәсібидің өздерінің 20 жылдық өміріне немқұрайды қарауын қалай түсінуге болады? Ойлаймыз, мүмкін олардың осы уақытта ойлау жүйесінің әлсірегені ме немесе зомбиланып дуаланғаны ма? 20 жыл ішінде жоғарыдағы Орталық өз атын «Шығыстық, Ашық, Жабық, Орталық, ШЖС» болып бес рет ауыстырғаннан да еш нәтиже шығара алмады. Бір қызығы осы аталған ұйымның басшысының (Ш.Ш) 2009 жылы қазан айында еліміздің белді газеті «Егемен Қазақстан» газетінде оның «Қос діңгекті қосамын», – деген сұхбаты шықты. Оқырмандар қуанды да және таңғалды да бірақ, біз таңғалмадық. Себебі осы заманғы медицина мен халық емшілігін қосуға әлі де жарты ғасырдан артық уақыт барын білдік, өз пікірімізді білдірдік. Айтуға, жазуға шебер, теле-радиоларда өз абыройларын асқақтатуға үйренгендер өздерінің өтірігіне де ұялатын емес. Қайта өз сұхбатынан кейін бір жылға жетпей белгісіз жағдайда тас-талқаны шығып тарады. Күнәнің ең ауыры өтірік айту, басқаның еңбегін пайдалану және оның құқын таптау. Бұл әрекеттердің әсерінен жоғарыдағы 7000 емшінің құқының тапталғандығын кім қорғай алады? Ойланайық. Ата-бабаның тектік қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа кететін генетикалық құбылыс. Сонымен Орталық тарағанымен оның басшысы өз жеке меншік мекемесін құрып, тағы да жоғарыдағы жақтастарының арқасында емшілерді екінші жағынан жаншудың, таптаудың «Сертификаттық» жүйесін таңдап алды. Мемлекетіміздің емшілердің құқын қорғау жөніндегі заңдарын Құран дұғаларындай жаттап алып, бұлбұлдық сайрауына қайта көшті. Дегенмен, бұл адамдардың қысымын көрген емшілер бұрынғыдай лек-легімен, топ-тобымен келмеді. Емшілердің үйлеріне және облыстарға шабармандарын жіберіп өздерін емшілерді «Жарылқаушы» етіп бұрынғы бұлбұл әндерін тағы сайратты. Ізгі армандары толық орындалмады. Осы бір кезде өздеріне қарсы қауымдар мен жеке емшілерді талқандау, жою мақсатында қауымдастықтың вице-президенті А.Бодровты өз торларына әйтеуір түсірді-ау. А.Бодров Ш.Шынтаев басқаратын «Духовные и народные целители» Учреждениесіне Ш.Шынтаевтың кеңесші және эксперт-ревизоры болып 2010 жылдың шілде айынан қызметке тұрады. Бұған дәлел: «В настоящее время единственной организацией, представляющей интересы специалистов народной медицины в Казахстане и акредитованной на сертификацию целителей, является Учреждение «Духовные и народные целители» под руководством директорв, академика Шинтаева Шакена Мукановича. Это решение закреплено Законом о здравоохранении РК от 18.09.2009 и приказом МЗ РК за №865 от 22.12.2009. С июля 2010 года на должность советника, эксперта-ревизора принят Бодров Александр Владимирович». По этому вопросу на радио Казахстан 14 сентября 2010 года было мое выступление (А. Бодровтың сайтынан 21.02.2011. 14:58). Сонда таңғаласың 20 жыл бойы бірде-бір емшіге тарихи, моральды көмек етпегендер тағы да «жалғыз» жарылқаушы болғаны ма? А.Бодров Ш.Шынтаевқа қызметке бару үшін ол өзінің қызметтен кететін жөнінде қауымдастық Төралқасына арыз жазбады, ескертпеді немесе Ш.Шынтаевтан қатынас қағазын да әкелмеді. Неге? А.Бодровтың Ш.Шынтаевтың мекемесіне оның он жылдан бергі бірінші орынбасары, Өзбекстан азаматы және өзбекстанның арнайы бақылау орнының бұрынғы подполковнигі, емші Ануар Ниезовтың алдауы немесе қорқытуы арқылы барғанына түсінген адамға анық байқалады. А.Бодровтың кейінгі өмірінде қорқыныш, үрей және жақындардан алыс жүру психологиясы қалыптасқандығын байқағанбыз. Ш.Шынтаев неге өзінің жақын адамдарын Қазақстан азаматтарынан алмаған, бұл да ойландырады? А.Ниезов Өзбекстан азаматтары мен Алматыдағы теріс пиғылды адамдардан емшілер командасын құрып «Бандиттік» топ құрғандығы және оларға бағынбаған Қазақстандағы халық емшілігі саласындағы белгілі мамандар мен емшілердің азаматтық құқын жою әрекеті болғандығы кешегі, марқұм А.Бодровтың өлімі дәлел (А.Бодровтың өліміне байланысты емшілердің аты-жөнін және олардың өмір жолдарын зерттеудеміз). Сіздер қалай қарайсыздар оқырман? Мүмкін А.Бодровтың өліміне әлдебіреулердің хабарлауынша бізде кінәліміз бе? Дегенмен, біз ақтығымыз бен пәктігімізді дәлелдей алдық әлі де дәлелдей береміз. Халқымыздың «Біреуге ор қазба, өзін түсесің» – деген даналық сөзі тегін айтылмаған. Орыс халқында: «Ажалыңнан бұрын өлемін десең – мотоцикл айда немесе электрик бол!» – деген даналық сөзіне сүйенсек, енді кейбір данышпан емшілерге ажалыңнан бұрын о дүниеге аттанамын десең, жоғарыда аты аталғандардың командасына бар демекпіз. Таза ұлтжанды, тектік қасиетті сыйлай білетін, білімді де иман жүзді емшілер аман болсын. «Емшілік бандитизмін» құрғандардың жолдары кесілсін. Емшілер мәртебелеріңді сақтаңдар демекпіз. «Шипагерлік баян» газеті, №5, 2011 ж.
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | ||