орындалған Аманат
1
 Главная           Вернуться          Следующая 

 

Зядан Қожалымов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орындалған Аманат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

фото

 



УДК   821.512.122

ББК   84 Қаз - 7

Қ         56

 

 Пікір жазғандар: Құрбанқожа Сансызбай – педагогика ғылымдарының

                                кандидаты, профессор, академик

                                Бекенов Тұрсын – медицина ғылымдарының кандидаты,

                                доцент, академик

 

 

 

           Қожалымов З.

Қ   56      Орындалған аманат. Сұхбаттар, ғылыми тәрбиелік мақалалар, пікірлер т.б.– қазақша. Алматы: Шалкөде, 2012 –      бет.

 

 

ISBN    978-601-7262-08-2

 

 

Кітап авторы бұған дейін тылсым құпия сырлары мен халықтық емшілік саласында бірнеше кітаптар жазған белгілі мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы зерттеуші ғалым. Бұл жинақта автордың 1991-2012  жылдары аралығында баспасөз беттеріндегі сұхбаттары мен сын және әдеби мақалалары, ғылыми басылымдарда жазылған жеке танымдық, ғылыми талдамалық мақалалары мен ғалымдардың пікірлері, жеке авторлардың кітап авторы туралы мақалалары т.б. әдеби шығармаларының маңыздылары іріктеліп басылымға жіберілді.

 

Кітап зерттеушілерге, халық емшілері мен көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

 

                                                                                                   УДК  821.512.122

                                                                                                   ББК  84 Қаз - 7

 

 

ISBN      978-601-7262-08-2                                        © Қожалымов З., 2012

                                                                                       © «Шалкөде», 2012

 

 

 

Елбасының алғыс хаты

 

pic

Құрметті Зиядан қажы!

 

Сіздің және Сіздің әріптестеріңіздің мені Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсынып, сенім артқандарыңызға тебірене толқыдым және өте ризамын.

Мұны президентке кандидат ретінде мені ғана емес, елімізде болып жатқан оң әлеуметтік-экономикалық және демократиялық қайта құруларды қолдау деп бағалаймын.

Сізді және Сіздің әріптестеріңізді 4 желтоқсан күні келіп, біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының болашағы үшін дауыс беруге шақырамын!                                                                          

 Табыстар тілеген ізгі ниетпен,                                                 Нұрсұлтан Назарбаев

 

 

Уважаемый Зиядан Хаджи!

 

Меня очень тронуло Ваша поддержка и поддержка Ваших коллег мою кандидатуру в Президенты РК и доверие, оказанное мне, и я от всей души благодарю Вас.

Я оцениваю это как поддержку не только меня, как кандидата, но и как поддержку положительных социально-экономических и демократических перестроек, происходивших в нашей стране.

Вас и Ваших коллег призываю голосовать 4 декабря за будущее нашей Родины - Республики Казахстан!


    С пожеланиями успехов,                                            Нурсултан Назарбаев.

 

 

Dear Ziadan Kozhalymov!

 

I am very grateful to you and your colleague’s support of my candidacy for President of the Republic of Kazakhstan and I’m really grateful for trust.

I appreciate your support not only as the candidate, but also as support of the positive social and economic and democratic reform that took place in our country.

I call you and your colleagues to vote on December, 4th for the future of our Motherland – the Republic of Kazakhstan!


    With best wishes,                                                              Nursultan Nazarbaev

 

 

 

 

Мәдениеттанушы ғалым  Зядан Қожалымовтың

«Орындалған аманат»  атты әр түрлі тақырыптық

мақалалары жинағы монографиялық еңбегіне

П І К І Р

 

Бүгінде қазақ елінің халықтық шипагерлігінің (емшілігінің) қара нары атанған, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының тұңғыш ұйымдастырушысы – Президенті, мәдениеттанушы ғалым, зерттеуші Зядан қажы Кожалымов мырза кµп жылдардан бері халқымыздың баға жетпес ерен байлықтарының бірі де бірегейі болып табылатын – Халық емшілігінің сырлы да тылсым құпияларының ғылыми астарын жалпы халыққа түсіндіру жолын қарастыруды қолға алып, бүгінге дейін сол ісін үзбей жалғастырып келеді. Ғалымның жиырма жылға жуық уақытта баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми-танымдық, мәдени тәрбиелік, халық емшілігінің өткені, бүгіні және болашағы туралы, жеке сын мақалалары мен жиналыстарда сөйлеген сөздері, зерттеулері, жарық көрген еңбектері мен арнайы пікірлер т.б. құнды мәселелерді қамтыған еңбектерінің тұжырымы, єрі жинағы ретінде осы ұсынылып отырған «Орындалѓан аманат» атты монографиясында көптеген мєліметтер берілген.

Бұл қолға алынған еңбек келешек үшін баға жетпес өте үлкен шаруа. Бүгінге дейін тарихымыз бен мєдениетіміздің бұрмаланып келгенін қайта түлетіп, өлгеніміз бен өшкенімізді және де жоғалғанымызды қайта тауып жинақтап жатқан тұста, сан ғасырлар бойы халқымызбен бірге ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан емшілік өнер мєдениетінің тылсым құпиялы сырларын жаңа заман ғылыми-технология тұрғысынан екшелеп жалықпай-шаршамай қарап, бүгінгі өркениет күшіне қайта қосу біздер үшін парыз, єрі қарыз. Ғалым Зядан мырзаның мақалаларында шындық пен болжампаздықтың нәтижесі анық көрсетілген. Мәселен, оның «Жақсылық ойлаған – жардан құламайды», «Дәрігерлікті қалқан қып, салықтан жалтарып жүрген», «Қолында Құраны, аузында иманы», «Қызметіміз бен мақсатымыз адалдық жолында» т.б. мақалаларында емшілік саласындағы кемшіліктерді нақ айта келе, емшілердің сандық құрамы азайып, сапалық құрамға айналғанына тоқталады. Ал, «Киелі бабалар рухының тылсым құписын таныдық па?» – деген мақаласында бабалары Мөңке бидің рухын сыйламаған Ақтөбелік әкім қараларды сынға алады. Оның бұл идеясы халқымыздың «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» – деген тұжырымдамаларын анықтай түседі.

Міне, ғалым Зядан мырза ізденуші ретінде осы олқылықты қырағылықпен дөп басқан. Бұл нағыз ұлтжанды азаматтың парыздық әрекеті. Өйткені, көптеген тарихи дерек құжаттардың бұрмалануымен қоса, жалпы халық емшілігіне деген қоғамдық көзқарастардың өзінің сан алуан болуы, бұл єрине мақалаларында зерттеу жұмысының қаншама қиындықтары болатыны айтпаса да айдан анық. Қазақ халқының өзіне тєн емшілік мєдениетінің болғанын, оның өз заманында халық қажетіне қызмет еткенін зерттеп-зерделеп, оныњ үстіне ғылыми тұрғыда жеткізе білу үлкен іс.

Халық емшілігінің тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеуде Зєкеңнің ХV-ғасырда дүниеге келіп, артында өшпестей мәңгілік ғылыми еңбек қалдырған Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегіне арқа сүйеуі әбден-ақ орынды.

Ұлтымыздың даңқын әлемге танытқан әйгілі Ибн Синадан кейінгі аспандатқан Өтебойдақтай емші бабамыздың рухани мұраларын қайта тірілтіп, оныњ бүгінгі таңдағы ғылыми айналымға қайта жаңғыра отырып енуіне ықпал ету, терең зерттеп-зерделеуді қажет етеді. Халықтың емшілік тақырыбына бұған дейін терең бойлап зерттеп-зерделеу єрекетін жасаған ғалымдар жалпы айтқанда жоқтың қасы.

Зядан Қожалымовтыњ «Орындалѓан аманат» атты монографиялық еңбегі ең алдымен осы тақырыппен қызығушы ғылыми орта мен халық емшілері үшін таптырмайтын дүние. Халық емі жөнінен әртүрлі ғылыми тың тақырыпта еңбек жазуды қолға алудың өзі де үлкен ерлік.

Тыңнан сара жол салып халқымыздың емшілік мєдениетінің рухани мол мұра, қазына байлығына тереңдеп үңіле білу Закеңнің қолынан келер іс деп ойлаймын. Әрине, қай уақытта болмасын тыњнан т‰рен сала білу ешкім ‰шін де оњай іс бола ќоймасы айдан аныќ. Єрі, бірқатар олқылықтардың да орнын алуы да заңды құбылыс. Көш жүре түзеледі дегендей, Алла қаласа керуен жолға шықты, сең бұзылды.

Осы беталыспен халқымыздыњ емшілік дєстүрлі мєдениетін жүйелеп ғылыми деңгейге көтерер болсақ, онда сенімнің ақталғаны. Алғашқы қарлығаш қанат қақты, енді қалғандары да соңынан ерер деген үміттеміз. Сең бұзылып, сара жол салынды. Енді, тек Авторға сәттілік тілейміз. Еңбек тездеп жарыққа шығып, халыққа қызмет етсін.

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

 профессор, академик,                                                               Құрбанқожа Сансызбай Нызанұлы

 

 

Мәдениеттанушы ғалым  Зядан Ќожалымовтыњ

«Орындалѓан аманат»  атты әр түрлі тақырыптық

мақалалары жинағы монографиялық ењбегіне

П І К І Р

 

Әр адам өзінің тегіне тартады, тектінің ұрпағы да текті болады. Зядан қажының анасы табиғи дарынды, киелі, тылсым құпия сырларының сырын білген, діни сауатты және ел-жұртына «Ақ апа» атанып, халқының алғысына бөленген жан. Ендеше Зядан қажыға ерекше тылсым күш қасиеті өзінің анасынан дарыған деуге толық негіз бар.

Өткен ғасырдың 90-жылдарында Зядан Қожалымовта жоғары сезімталдық қасиет пен көріпкел – тылсым құпия сырлары мол екенін естіген болатынмын. Ал, 90-жылдардың басында  халық емшілігінде алғашқылардың бірі болып Зекең мен жұбайы Түймекүл – дипломды дәрігер-фармаколог дәстүрлі шипалы емшіліктің дамуына ықпалы айтарлықтай болған. Көптеген адамдар тылсым құпия сырларын ашылмай ресми медицинаның көмегімен зиян шеккендер қаншама. Осындай жандарға Зекең мен зайыбы көмектескені әлі есімізде.

1991-жылдың ортасында Мәскеуде халық медицина тақырыбына арналған тұңғыш конференция өткен. Соған одақтас елдерден және Ресейдің ірі қалаларынан қатынасқан целитель, маги, колдунмын дегенді де Зекең қасиетті Құран аяттарының әсерімен сабасына түсіріп,  Мәскеуліктерді тәубесіне келтіргенін де білеміз. 1991 жылы Зекең бастап, мен қостап демекші елімізде тұңғыш Қазақстан халық емшілері қауымдастығын (ҚХЕҚ) құрғанбыз. Құруға дейін және одан кейін он жылдай қаншама қарсы күштердің қаһарына қарамай, қауымдастықты сақтап қалуда екеуіміз бірлесе еңбектендік. Бүгінде бұл ұйымды түп тамырымен жоямын дегендердің қайда екенінде біз білмейміз. Өйткені, заманына сай еліміздегі мәдени мұраның негізгі бөлігі халық емшілігі ұмыта бастаған болатын. Осы дәстұрлі халық медицинасының өмірге оралуына себепші Зядан Қожалымов бірегейідің – бірі демекпіз. Сөйтіп, тарыдай шашылып жүрген, яғни ата-бабасынан ұрпақ жалғасына айналған рухани қасиетті емшілер, көріпкелдер, жұлдызшылар, бақсылар, сынықшы, т.б. дарындылардың басын біріктіруде оңай болмады. Осы кезде қолдаушылары мен қаруы күшті халық емшігін  ата жауындай көретіндерге Зядан қажы екеуіміз баспасөз беттерінде әртүрлі тақырыпта халық емшілігі жөнінде мақалаларымызды жаза бастадық, тоқтатпадық та. Қарсыластардың әсерінен қауымдастық заңдылы қоғамдық ұйым ретінде екі рет Әділет министрлігінде тіркелді. Қарсыластар қауымдастыққа моралды, материалды, психологиялық және экономикалық зияндарды келтіргеніне қарамастан, қауымдастықтың көші алға жылжыды. ҚХЕҚ алғашқы құрылған күннен бастап емшілер білімін жетілдіру мектебі де ашылды. Тұңғыш 1992 ж. «Халық емі» газеті шығарыла бастады. Ал, 2002 жылдан бастап «Шипагерлік баян» бірнеше мыңдаған тиражбен жарыққа шығуда. 1995 жылдан бастап XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегін бүгінге дейін зерттеп, зерделеп жазған ғылыми мақалалары құндылығының нәтижесінде ғұмырлы ғұламаны ғылымда «Екінші ибн Сина» аталуына негіз болды. 1993 жылы Қырымдағы Гурзув қаласында «Дәстүрден тыс медициналық I-Дүниежүзілік» конгресте Зядан қажы «қазақ халық емінің творчестволвқ мұрасы және шипалық әсері» атты көлемді, әрі терең мағыналық ғылыми баяндаманы орыс тілінде жасаған. Жиырма жылға жуық қаламынан зерделеніп жазылған Зядан қажының баспасөз беттерінде жарияланған әр түрлі тақырыптық мақалаларының өте құнды, танымды және мәдени тәрбиелік мәні барлары «Орындалған аманат» еңбегіне енуі құптарлық. Әсіресе, Зяданның «Жалған әулиелер жарға жықпасын», «Құдай атаққұмарлардан сақтасын», «Құдайсызға құдайдың жазасы бар», «жақсылыққа көре алмастық жасау – надандықтың белгісі», «Емшілік өнері біреулердің тірі тауары емес», «емшілердің қатарының азабы неден?», «Шипагерлік мәдениеті» т.б. мақалаларында бүгінде іздесеңде таппайтын «Әулиелер», «Құдай атанған Фархат», емшілердің тағдыры мен мәдениеті жөнінде өз уағында болжай отырып, жазғаны бүгінде шындыққа айналды. Зядан мырза не жазса да ойланып, болжап және таразылай жазады. Әр нәрсенің өзіндік тарихы болады. Ал, халық емшілігінің тарихы жазба деректер арқылы ғана анықталады. Осы саланы ескерсек, Зядан қажының бұл еңбегі құндылығы мен ерекшелігі жағынан бағалы екені анық.

Медицина қызметінің үздігі,

медицина ғылымдарының кандидаты, доцент                    Бекен Тұрсын Балғымбекұлы

Алғы сөз

 

      Қазақ халқының мәдени мұрасының бір саласына жататын халықтық емшіліктің тарихы ұлттық үрдіспен бірге пайда болды. Қилы-қилы замандардың оны жоюға дейін барған әрекеттеріне қарамастан бірге жасасып келеді. Қазақтың да халық емшілігі көне тұрпайы кезеңдерден бастап халқының ұрпақтарының келбетті тұлғалы және дені сау ақылды азаматтар болып өсуіне көмек етті.  Қазақтың емшілігі жүйесі ертеден-ақ шығыстық халық медицинасымен үндес, ұқсастығы мен үйлесімі жағынан тығыз байланысты және тамыры  да терең болды. Бүгінде қазақтың  ғылымынан өзіндік орнын тапқан құнды еңбектің бірегейінің-бірегейі ХУ ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі ұлт ғылымының мақтанышына айналды.   Шипагер құнды зерттеулері мен тұжырымдары нәтижесінде қарапайым халықтық шипагерліктің дәрежесін дамыта отырып, осы заманғы ғылыми медицинаның негізін қалады. Осындай өте маңызды еңбектің халықымен бес ғасырдан асқанда қауышуы, қазақ ілімі мен ғылымының ертеден-ақ негізі барын айқындай түсті. Қысқасы шипагер еңбегі  ілімсіз, тарихсыз қазақ халқын ғылымды, білімді халық екеніне жол ашты. Кейбіреулердің еліміздің тәуелсіздігіне дейін «Қазақтың халықтық шипагерлік өнері болмады» – деген кертартпа әрекеттеріне Ұлы шипагердің «Шипагерлік баяны» жүректеріне оқтай қадалды..

     Қазақтың  халықтық қарапайым емдік жүйесінің түрі де көп болғанымен, оны ғылыми айналымға енгізіп  зерттеп - зерделеуге ел тәуелсіздігіне дейін шектеу қойды, атын да ататпады. Ал басқа аз санды ұлттардың халықтық емшілігі Кеңес заманның медициналық оқулықтары мен  ғылыми еңбектерінде азда болса аталынды. Үстем империяның ықпалынан  қазақ  халқы киесіз, дарынсыз өзіндік халықтық емдік тәсілдері жоқ ұлт ретінде тарихта көрсетілді.   Ел тәуелсіздігінен кейін киелі құпиялы тылсым күштер иелерін тапты. Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған емші, бақсы-балгер, көріпкел т.б. лар санына жету қиын болды(қазірде солай).

    Осыдан жиырма жыл  бұрын мен құрған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі өз қандастарымыздың төбесінен  жәй түскендей  етті. Қауымдастықты жоюда республикалық жеті министрлік пен комиттеттердің мамандары жанын сала кірісті. Қауымдастықтың екі рет қызметін тоқтаттырды. Қысқасы, ұйымдастырушы сол кездегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты басшылары мен осы министрліктің «Республикалық халық медицинасы орталығының» басшылары болса ал, орындаушы ҚР Әділет министрлігі қызметкерлері еді. Сондай-ақ, басқа заң, бақылау  т.б. жүйе қызметкерлері де түнде ұйқы, күндіз тыныштық бермеді. Қауымдастық басшылары мен мүше-емшілері және қауымдастықтың өзі де  материалды, моралды, психологиялық және қаражаттық зардаптарға аямай ұшырады. Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құрған күннен бастап-ақ, оның қызметін алға жылжытпауға немесе жойып жіберуге әрекет етуде жеті мемлекеттік жүйенің бірігуі, қауымдастықтың басшылары мен адал мүшелерінің қуаты мен бірлігін әлсірете алмады. Қанатымыз қатайып, ойлау қабілетіміз бен қорғану арта түсті. Халық емшілері мен оның басшыларына сенуге болмайды, дендері сау емес, қолдарынан ғылыми шығармалар жазбақ түгілі, жөнді мақалада жаза алмайды, сауатсыздар дегендерге, басқа қырымыздан көрінуге әрекет еттік. Қазақтың халықтық медицинасын ғылыми жүйеге енгізу мен әлемге таныстырудағы ғылыми еңбектеріміз өз нәтижесін де берді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған қауымдастықтың ғалымдарының еңбектері қауымдастықтың ғаламшарында өз оқырмандарын табуда. «Жалғыздың жары-Құдай»демекші, қолға қалам алып баспасөз беттерінде тек қана жеке ой толғамындағы таза танымдық мақалаларымды жазуды тоқтатпадым. Бұл мақалаларда жоғарыдағы қарсыластардың әрекеттеріне қарсы жауаптар да нақтылы жазылды. Күрес әлі жалғасуда. Кіммен десеңіз – қандас қаракөздерден. Алғашқы қарсылық ұйымдастырған шенеуниктер бұл күнде баяғы жылы жайлы орындарынан кеткен. Бұл шенеуніктер жөнінде «Мәңгілік құпия шежіресі» кітабымда (А., 2001ж) ашық, анық және аттарын да атап көрсеткенмін. Қиын кезеңдерде өзінің киелі шаңырағының ордасына түкірген, қауымдастықты таратуға кіріскен топқа  қосылған, киелі орданың «Сатқын» мүшелері де аз болмады. Мәдениеттілік пен адамгершіліктен және имандылықтан  жұрдай емшісымақтар ұятты қойып, өздерін «түрлі-түсті, тақиялы әулиелер», «Алып апа, ана, әулие ана» және «Жаратушы мен пайғамбарлар», «Пархат ата», «Ақ ананың шәкірттерін», «Аққулар», «Ата жолы», «Ордалар» т.б. жалған атаққұмарларды бүгінде арнайы сыйлық жариялап іздесең де таппайсың. Бұлар жөніндегі өз уағында баспасөзде де әртүрлі тақырыпта құнды мақалалар жазылды. Бүгінде өткен кезеңдегі жазған мақалаларымды бір-екі рет қарап шыққанымда шындықты төбесінен дәл басып көрсетіп жазғаныма куә болдым. Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған емшілердің он бес-жиырма жылда небәрі он пайызға жетпейтіні ғана қалады деген болжамым бүгінде толық дәлелденуде. «Жүздің жүйрігі мен мыңның тұлпары» – деген халықтық қанатты сөздің айқындалуы осы жинақтағы мақалаларда айқындала түседі. Бүгінде «жасампаз емшісымақтар» өмірде бар болғанымен енді халықта оларды қажет етпейді де. Себебі адамдардың рухани танымы мен байлығы арта түсуде. Осыларды  мадақтап асқақтатқан үгітші орны «Республикалық халық медицинасы Орталығы» мен осы Орталықтың сенімді көмекші  ұйымы «Кәсіби халық емшілері қауымдастығы да» – өздерінің қызметтерін неге тоқтатқаны да белгісіз. Өздерін емшілерге «мәңгілік құтқарушы, жарылқаушы» атаған бұл екі ұйымның да шаңырақтары қысымсыз-ақ ортаға түсті. Осы екі ұйым дайындаған он мыңға жуық «Кәсіби халық емшілері де» ортамыздан ғайып болды. Алғашқы кезде баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарында емшісымақтарды үгіттегендер де, бүгінде бұл пиғылдарынан қайтқан сияқты. Ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады» – демекші, бізді көреалмай күндес болғандардың қарғысынан Жаратушымыз бізді қорғады. Аманаттың жүгі ауыр әрі қарызың сияқты сезіледі. Еліне сыйлы, білімі мен даналығы жоғары «Ақ Апа» атанған  марқұм апам Сыбанбекқызы Өзипа Өсен Албан келіні жалған дүниемен қоштасарында маған: «Құлыным, жалғызым сен туа жалғыз емессің, өле жалғызсың. Әкенің баласы болдың, енді халқыңның ұлы бол»деген аманаты қырық жыл өтсе де құламнан естіліп тұратындай әсерде қаламын. Есеие келе, тылсым құпияның терең сырларына үңілген сайын апамның аманатын адал орындауды негізгі мақсатым еттім. Анам қайтыс болғаннан кейін мен қауымдастық жұмысын бастағанда жалғыз келіні, көріпкел-емші Түймекүл Құлмаханқызының түсіне еніп: «Баламның басында ауыртпалық  көп болады. Қилы-қилы сындарға түседі, қорықпасын. Алған бетінен қайтпасын, бәрі жақсы болады. Қарсыластары түсінеді, ал халық оны жақсылыққа алып шығады. Ешкімді дұшпан көрмесін. Баратын жеріне жалғыз барсын. Халық оны танымаса да танысындай қарсы алады. Әруақ аттамасын...»деген, аянын да маған аманаты деп, бұлжытпай орындауға тырыстым. Сондай-ақ, XV ғасырда жазылған «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбектің авторы менің ауылдас бабам ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Жаз, жаз, балам, жаза бер, балам, тағы да жаз!..» – деп ХХ ғасырдың ақырында аян берді. Қысқасы мен әруақтар аманаты мен тірілердің сұрау бойынша еңбектерімді жаздым және жалғастырудамын. Мәңгілік өмір жоқ. Бұл «Орындалған Аманат» атты жинағым менің әруақ аманатын орындау мен оқырмандар алдындағы парыздық есебім болмақ. Көреалмайтын қарсыластарым жиырма жылдан аса өздерінің неше түрлі арам ниеттерің көрсеткенімен, менің жоспарлы істерім мен ізім алға жылжып келеді. Ойлана келе жиырма жылдық жазғанымды, ойыма түйгенімді, естігенімді, оқығанымды және көріп-білгенімді сұрыптап жеке жинақ шығаруға ниет еттім. Мен ұстазсыз ұстазбын. Маған ешкімде үйреткенде және ықыласында білдірген емес. Өз құпиям іште сақтай отырып, жеке танымдық ойларымды баспасөзде жариялаудамын. Осы жинақ арқылы жарияланған мақалалардың құндыларының жинаққа жіберілуі, ұлтымыздың шипагерлік өнерінің өркендеу жолында қандай қиыншылықтардан өткендігін баяндап қана қалмастан сондай-ақ, шипагерліктің болашағы мен қажеттілігі үшін пайдасы тисе деген авторлық ықыласымды білдіремін.

 

                        Құрметпен Зядан қажы

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39

 

 

вверх