орындалған Аманат | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
«РУХАНИ ЖӘНЕ МУЗЫКАЛЫҚ ШИПАГЕРЛІК» атты VII-Халықаралық конгресінде ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚХЕҚ-ның президенті, академик Зядан қажы Қожалымов мырзаның БАЯНДАМАСЫ Астана, 24.07.2010 ж.
Құрметті конгреске қатысушылар! Қадірменді меймандар! Бүгінде әлемдік ғылыми медицинаның бір саласы дәстүрлі халық медицинасының емдік әдіс-тәсілдерінің ең пайдалы және шипалылығы жоғары түрлерін кең көлемде жалпы емдік жүйеге енгізілуде. Осы саланың бір тармағына бүгінгі конгрестің негізгі тақырыбы «Рухани және музыкалық шипагерлік» те жатады. Адамның рухани танымы мен сезімін оятуда, Жаратушыға деген иман келтіруін тұрақтандыру мен дене сырқатына шипалық ем жасауда рухани – дұғалық шипаның маңызы арта бастады. Атеистік сенімнің жойылуы әр түрлі діндегі адамдардың Құдайға сенімін арттырып, олардың сырқаттарын жоюға арналған діни дұғалық емге деген талаптары да артуына байланысты, рухани дұғалық шипа саласы қызметі де дамуда. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде сырқатқа шипа сенім арқылы Алладан болатынын айтқан. Бұл рухани шипагерліктің таза сенім, өзін-өзі иландыру арқылы жүзеге асатын шипалық ем екенін айқындайды. Адамның сенімі мен танымының жақсы нәтижелері оның санасына ғана әсер етіп қалмастан, ішкі рухани сезімінде де зор өзгерісті тудыра алады. Рухани шипагерліктің негізі де осы тану мен сену және сезу мен қабылдау жүйесі бойынша орындалатын, өзіңді-өзіңе иландыру арқылы ойша іске асырылатын, сананы дамыта отырып, денсаулықты жақсартудың шипалық жолы. Рухани шипагерлік жүйесіне Құран дұғаларымен емдеу, медитациялық әдіс-тәсілді пайдалану, өзін-өзі иландыру және жоғарғы Жаратушыдан көмек сұрау байланысы арқылы т.б. әдіс-тәсілдерін атауға болады. Мәскеуде шыққан Халық медицинасының толық энциклопедиясында: «Дұғаның маңызы зор. Ол адамның рухын өмірдің ең биік қайнар көзімен байланыс жасауға әсер етеді. Дұғаның ең қажеттілігі сол, ол Жоғарғы жаратушымен оның арасын жақындатады. Дұға жолы өте жауапты да...», - деген анықтама беріледі. Бұл анықтама да сенім мен сендірудің немесе шипагер мен емделушінің ара қатынасындағы сенімділік ғана рухани емнің нәтижелілігін айқындап береді. Қасиетті Құран дұғаларын оқып сырқат адамның денесіне дем салғанда немесе белгілі заттарды дұға күшімен магниттеп пайдалануда дұғаның оң қуаттық әсерлік күшінің барлығы сезіледі де, дененің сырқат мүшесінің оңалуға қарай көрініс беретіндігі бүгінде халықтық және ғылыми шипагерлік саласында нақты нәтижесін беруде. Құран дұғаларын оқығанда оның үндік ырғағына, естілуінің жіңішке, жоғары немесе бір қалыптылығына қарай пайда болатын оң қуаттық өрістің аумақтық әсерлік күші де әр түрлі болады. Құран дұғаларын ритм ырғағымен дауыстап оқығанда дыбыс үнінің жоғары тондылығы мен жүйкеге жақсы жұғымды әсерінен, жүйке де тебіреністі ырғақты жүйкелік ауытқулар әсерінен қозғалыстық өзгерістер болатыны, денеде сергектік сезіліп, сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, ұйқысы жақсарып, асқа деген тәбеті артатыны анықталып, тұжырымдамалар жасалуда. Шипагерлердің биоқуаттық өрісінің өлшемдері де әр түрлі болады. Мәселе, дұғаны оқып шипасын пайдаланумен қатар, оның емдік кілтінің пайдалану негізін бұрынғы діни ғұламалар білген. Осы мақсатта Құран дұғаларының емдік шипалық қасиетін арнайы сандық құпиясы бойынша пайдаланатын рухани шипагерлік жүйесі де іске аса бастады. Барлық әліпбидің әріптері белгілі бір қуатты бойына жинақтаған. Бұл Жаратушыға ғана аян. Бұл өте күрделі әрі жауапты емдік рухани шипалыққа жатады. Сандардың жұмбақ мағынасы да бір Аллаға ғана белгілі. Бұл жүйені «АБЖАД» немесе барлық ілім кілті жүйесі дейді. Қазақ елінде алғаш «Абжад» ілімін зерттеп арнайы «Абай және әл-Фараби» кітабын жазған шығыстанушы ғалым, профессор Ақжан Машанов болатын. А. Машанов өз уағында «Абжад» ілімін меңгерген діни маман жоқтығын да айтқанды. Дегенмен, бұл ілімді пайдалануда діни сауаттылық қажет болғандықтан күрделі әрі жауапты. Шипагерлердің діни сенімдік сауаттылықтары мен шипалық емдік стилдерінің білімділігіне қарай, жеке шипагерлер емдерінің емдік әсері қысқа, орташа немесе ұзақтау болып сырқатқа әсер етеді. Діни жолмен дұғалық шипалықты тәжірибеден өткізген нәтижелерге сүйенсек, биоқуаттық өрісі өте күшті шипагерлердің алғашқы сеансында сырқаттың кері қайтуына әсері белгілі болды. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы орталығында рухани шипагерлік саласының ғылыми негізі зерттеліп, ғалымдардың пікірлері негізінде емдік жүйеге енгізілді. Ал, «Рухани емшілік ғаламаттары» шипалық кітабы (авт. З.Қ., Алматы 2006) осы саланы өркендетудің алғашқы негізгі оқулығына айналды. Рухани шипагерліктің саласы мен түрі әр түрлілігіне қарамастан, оның адам денсаулығын қорғауға, сырқатын емдеп жазуға пайдасы зор екендігін және соның ішінде сөз терапиясының өте маңыздылығы да алғашқы емдік жүйенің басталуына пайдалы әсері мен болашағының барына күмәндануға болмайды. Рухани шипагерлік енді ғана қанатын жая бастады, өрісі кеңеюде, алда берері де мол боларына сеніммен қарайық! Халық шипагерлігінде сырқатты түріне қарай оны емдеп жазуда музыка мен ән-күйдің де көмегін пайдалану тәсілдері де ертеден қалыптасқаны белгілі. Ата-бабаларымыз ертеден-ақ музыка өнерінің тозған, шаршаған жүйке талшықтарына қозғау салып, жан бітіретін күшке ие екендігін білген. Бұл әдісті одан ары дамыту жолдары да бүгінде көптеген елдер мен қазақ елінде де ғалым дәрігерлер мен шипагерлер тарапынан қолданысқа еніп, оң нәтижесін беруде. Кез-келген адамның көңіл-күйін бір қалыпты ұстауына дыбыстық үн әсері зор болып қалмастан, оның психологиялық жақтан ауытқуға ұшырай бастаған жүйке-жұлындарының бір қалыпқа келуіне, тербелістік үндік толқындардың тигізер емдік шипасын осы заманғы медицинада да пайдалануда. Музыка мен ән-күй құрамында химиялық уы болмайтын, адамның тәнін уламайтын, жанына рахат сезімін тудыратын, психологиялық әсері күшті таза мөлдір дәрі деуге болатынын, мен өзімнің жиырма жылға жуық шипагерлік қызметімде тәжірибеден өткізіп, оң әсерін анықтай алдым. Мұндай анықтамаларды шипагерге емделушілердің өздері бере отырып, шипагердің пікір мен ұсыныс журналдарына қалдырған ықыласты пікірлерінен байқауға болады. Көптеген сырқат адамдар өздерінің сырқаттарынан музыка мен ән-күйдің әсерінен кейін оңала бастағанын және көңіл-күйлерінің жақсара бастағанын сезген. Қытай, Үнді, Египет, Греция, Франция, т.б. елдердің дәрігерлері мен емшілері, философтары мен музыканттары музыка мен биді сырқатты емдеуге пайдаланған. Сиқырлы қобыз сарыны, күмбірлеген домбыра үні, сызыла шыққан сыбызғы үні т.б. аспаптарда ойналатын музыкалық туындылардың адам организміне әсер етуі де әр түрлі болғанымен, жалпы психологиялық емдік сипаттарында ұқсастықтың емдік шипалық қасиеттері барын аңғаруға болады. Мәселен, Ежелгі грек философы Пифагор музыканың адам ағзасына, көңіл-күйіне қалай әсер ететіні туралы ғылыми анықтама берген. Бүгінде адам мұңайғанда, қайғырғанда, қажығанда ән мен күй оның ауыр жағдайынан шығуына немесе ауытқыған қуатын бір қалыпты жағдайға келуіне көмектесетінін тәжірибелік ізденістер көрсетуде. Әлемдік кейбір білімді адамдар мен дәрігерлер де музыканың үнімен көп нәрселердің шешімін тапқаны жөнінде баспасөзде жазылып келеді. Пифагор, Гомер мен Госиоданың жырларын адамның жан-дүниесін емдеуге қолданған. Кез келген ән мен күйдің өзіндік ерекше мәні бар ырғағы мен ритмі болғандықтан, оның мәнділігін орындап халыққа жеткізуде әнші мен күйшінің орындау қабілетіне байланысты болады да, әсері де әр түрлі болады. Жеке дыбыстық қарыптарды да мәнерлеп оқығанда әр түрлі ауруларға шипасы бары іс жүзінде тәжірибеден өткізіліп келеді. Дыбыстың шипалық емдік әсері оның негізгі принциптері резонансына, ритміне, үндік мелодиясына, гармониясына, дыбыстың ауқымдығына, тембріне, ағыны мен толқынды тиянақтылығына және дыбыстың қуаттылығына байланысты екені зерттеушілер тарапынан ғылыми түрде зерттеліп, тұжырымдамалар жасалуда. Адамның психологиясына тербелістік жүйе бойынша өте нәзіктікпен әсер етіп, тұйықтықтан еркін шығаратын музыкалық толқынның үндік емдік сипаты өркендеп келеді. Бірақ, әр адамның өзіндік жеке психологиясына, сырқатына, әлеуметтік жағдайына және қоғамдық ортасы орнына қарай әр түрлі музыканың әсері де өзгеше болатыны анықталуда. Мәселен: біреулердің жүйкесін күй, ән немесе эстрада әндері қозғаса, ал симфония мен баяу әндер көңілді жайландырады немесе, керісінше, әсер ететінін науқастардың өздері байқаған. Жан-дүниені тербейтін өте әсерлі тербелістік ұнамды музыка ғарыштық жүйемен үндесе отырып, адамның және жануарлар мен тірі организмдердің де жүйелі дамуына молдығы барын халықта және ғалымдарда ертеден бақылап біліп отырған. Музыка дыбысы арқылы жемістердің, көкөністердің тез өскені, пісу уақыты қысқарып, өнімі отыз пайызға артқаны әсіресе классикалық әуендердің жағымды әсерінің күштілігі байқалынған. Музыкалық дыбыстың кері әсерінен жаңбыр жауатынын Қытайдың бір таулы аймағында анықтаған. Қазақ елінде алғаш өлеңмен емдеу ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылының басында басталды. Дегенмен, адамның психологиясына тербелістік жүйе бойынша өте нәзіктікпен әсер етіп, тұйықтықтан еркін шығаратын музыкалық толқынның үндік емдік сипаты өркендей бастады. Исламда да музыканың өте жағымды, адамға қуат беріп көңілін көтеретіндей әсерлі, үні нәзік әндеріне пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тиім салмағаны, қайта қуаттағаны айтылады. Осыған байланысты әр отбасында жеке жинақтағы музыкалық шипалық ән мен күйлердің болуы қажеттігі, дамып келе жатуы, қоғамның талабы мен жетістіктеріндегі адамның салауатты өмір сүрудегі басты қағидаларының бір саласының өркендей бастағанын аңғартады. Құрметті конгреске қатысушылар! Рухани және музыкалық шипагерліктің бұдан былай өрісі кеңейіп, өркендей түсуіне сіздерде жеке үлестерін қосады деген сенімімді білдіремін.
Арнау
Авторы, ақын Зядан Қожалымов
Самалы Сарыарқаның сағымданды, Талайдың осы жерде бағы жанды. Елімнің ұрпағының басын қосып, Қазақтың ұлылары туын тікті! Топырағы қасиетті менің далам, Аты өзгерген Астана асыл қалам. Бұл дағы белгісі ғой елдігімнің, Қауымға Астаналық берем сәлем! Бүгінде баянды ұлтқа айналдық, Қасиетті, киелі жерге айналдық. Әлемдегі діндерді біріктірген, Құдайдың сүйікті құлы атандық. Еуроодағы қауіпсіздігі мен ынтымағын, Төріндегі басқаратын елі болдық. Нұрекеңнің еңбегін әлем танып, Нұрланған күн сәулелі елге айналдық. Әлемде сұлулығы кескіндеген, Астана мақтанады көркіменен. Он жылдық тарихын атап өткен, Бас қалам Астанама қош келдіңдер! Қауымын Зиядан қажы бастап келді, Үмітін еліміздің ақтап берді. Тылсымын бабалардың сырын ашып, Халқымның құдіретін әлем білді. Әрленіп гүлге оранды біздің дала, Астанам әлем білген әсем қала. Он тоғыз жыл өмірлі қауымдастық, Көрінген ғаламтордан жеке дара. Елемеді елімнің өнерлі үміттерін, Ұқпады өсиеттің біліп тегін. Киесіз, қасиетсіз ұлт десе де, Мықтының бұзып өттік бөгеттерін. Тәуелсіз дәстүрлі ел, сырын жиды, Өскен соң адами рух болып құнды. Өнері, ата-баба емшілікке, Заманның өркендетер күні туды. Шашуын жақсылықтың ақтарамыз. Басшыңыз Зядан қажыны жақтағансыз. Емшілер ұжымынан бірінші боп, Елбасы «Алғыс хатын» біз алғанбыз. Конгресс Алматыда бастау алды, Киелі рух шаңырағы аспандады. Қуанышпен бас қосып жетінші рет, Шаттықпен Астанада басталғаны. Интернетте үш тілде тарихы тұр, «Шипагерлік газеті» ол дағы нұр. Жоғалған өнер де гүлденді ғой, Астананы бөлесін шапағат нұр! Қазақта Өтейбойдақ дертті қуған, Ибн Сина іліміндей сертті болған. Ванга мен Нострадамустай даламызда, Майқы би, пір Бекеттей ұлы болған. Көріпкел мен болжампаздық қасиетін, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім дәлелдеген. Қорқыт пен Қойлыбайдай бақсыларды, Әлемде мұсылманның көбі білген. Ежелден құпияны тектен білдік, Тылсымның сырларына жаңа үңілдік. Шайтанның жолдарынан сақтандырып, Емшіні адалдыққа серттендірдік. Осындай білім негіз үлгі етілген, Бұдан бұрын алты рет жиын өткен. Рухани, музыкалық шипагерлік, Тақырып, конгрестің бекітілген. Алланың орындалып аманаты, Талқандалды талайдың қамалдары. Қауымға қарсылас та аз болған жоқ, Шықпады ұжымның да жаман аты. Өтсе де қанша ғасыр қырғын сүргін, Халқымның тарихына мойын бұрғын. Ежелден қазақ жері киелі аймақ, Дәстүрін ата-баба сақтап келген. Ғарышқа ғылым жетіп теңелгенде, Тәңірдің ауыр жүгін көтергенде, Он сегіз кітап жазған Зиядан басшы, Жасаған жоқтан барды көрегенге. Қауымда, көп еңбекпен тер төккелі, Ағымға қарсы жүзді, селт етпеді. Ақ жүрек, адал ниет емшілердің, Тарихта жарқырасын еңбектері. Тізіліп жыр маржаны төгілгелі, Халықтың өркендеді емшілігі. Көрмесін көреалмаса табысымды, Күңкілді «күндестердің» күндестігі. Емшіге бата жауған заман болсын, Бір Алла төбемізден пана болсын. Тағы да амандықпен бас қосайық, Барлығы тілектестің аман болсын. Әлемнің түкпірінен келді мейман, Емшілер Астаналық құшақ жайған. Қабылкарым, Күлай қажы, Шарбан қызға, Нұр жаусын, шапағатты бір Алладан! Несібе, ризығы бір Алладан, Арнаудың Зядан ақын жырын жазған. Көпшілік аз да болса көптей көргін, Алтайың ән әуезді жыр толғаған. Жаратқан сақтағайсың жамандықтан, Өткенді жинақтайық аманаттан. Келер жыл жүздесейік амандықта, Еліңе сәлем айт, жамағаттан! Қонақпыз, пендесіміз бұл жалғанның, Оңынан жазылғандай парақтарың. Осыған қанағатпен риза дейік, Нұр жаусын еліме Жаратқанның! Астана қаласы.
ӘЛЕМ ШИПАГЕРЛЕРІ АСТАНАДА БАС ҚОСТЫ
Жақында «Қазақстан Халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен, еліміздегі «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Астана қаласында «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты VIIхалықаралық конгресс өтті. Онда конгресті ұйымдастырушы, Қазақстан Халық емшілері қауымдастығының президенті, академик Зядан қажы Қожалымов арнайы баяндама жасады. Конгреске қатысқан емшілер өз шеберліктерін көрсетті. Қазақстан мен алыс-жақын шет елдерден келген 300-ден астам делегат қатысқан жиында өзара теориялық және тәжірибелік білімдер ортаға салынды. Қытайдың білікті дәрігері Чу Чжун Хуа, Ресейдегі Емшілер қауымдастығының вице-президенті А.Затеев, Өзбекстаннан келген дәрігер-емші Г.Таджибаева, Қырғыстаннан келген дәрігер-емші А.Аттакуров, Қазақстан жағынан жазушы, құрметті профессор О.Қауғабай, профессорлар – Е.Керімбек, С.Құрбанқожа, С.Кожирова, Т.Өмірзақов, т.б. ғалымдар қатысып, халықтық шипагерліктің тақырыптық саласына ой-пікірлерін білдіріп, оның болашағына оң бағаларын берді. Конгресте З.Қожалымовтың «Ғаламның жұмбақ сырлары» мен «Целительская традиция и философия» кітаптарының тұсаукесері болды. Жиынға келген қонақтар әсем Астанамен танысып, өсіп-өркендеп келе жатқан Елорданың болашағына үлкен сенім білдірді. «Ақшам-ақпарат» «Алматы ақшамы» газеті, №93 31.07.2010 «Астана ақшамы» газеті, №79, 24 шілде 2010жыл «Қазақстан-Zaman» газеті, 5 тамыз 2010 жыл
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 | |||