орындалған Аманат | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
«Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (XV ғ.)” атты VI-Халықаралық конгресінде Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚХЕҚ-ның президенті, академик Зядан қажы Қожалымов мырзаның БАЯНДАМАСЫ Тараз қаласы, 24.07.2009 ж.
Құрметті конгреске қатысушылар! Қадірменді меймандар! Елімізде қабылданған «Мәдени мұраны» дамыту бағдарламасының іс-жоспарлары негізінде халық шипагерлігі де өзінің жеке тарихы бар халықтық, ұлттық мәдениеттің дәстүрлі өнерінің бір саласы екендігін дәлелдеуде. Оның өзіндік емдік мәдениеті мен емдеу әдіс-амалдары қалыптасқан. Сондықтан да, халық шипагерлігі біздің дәуірімізден де бұрын басталып, адамзаттың өмірімен бірге жалғасып, адам денсаулығын қорғап қана қалмастан, оның мәдениеті мен рухани байлығын өркендету үшін де қызмет етті. Сондай-ақ, өзінің мәдени ұжымдық ортасын жоғалтпай және жоймай келеді. Халық шипагерлігі де өзінің жеке тарихы бар халықтық ұлт мәдениетінің дәстүрлі өнері екеніне, ХV ғасырда ғалым щипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да анықтама берген. Шипагерліктің өзіндік емдік мәдениеті мен емдеу әдіс-амалдары қалыптасқан. Кез-келген нәрсенің тарихы себеп-салдарсыз тумайды. Әлі күнге дейін тарихы жазылмаған, зерттелмеген, бір жүйеге түсірілмеген ұлттық мәдениеттің дәстүрлік өнеріне халықтық шипагерлік те жатады. Шипагерлік – ол халықтық дүниетанымның, ақыл-ой даналығының, денсаулықты қорғау мен емдеудің және мәдени дәстүрлік өнерінің негізгі басты тірегі. Ол рухани тәрбиенің, шипалы емнің, адамдар арасындағы өзара дұрыс қатынастың, терең танымдық білімнің, адамгершіліктің, имандылықтың және қайырымдылықтың қалыптасуына ұйытқы болатын кеңесуші, денсаулықты сақтауға, қорғауға бағыт беретін мәдени ортасы. Ертеден бері адамзаттың алғашқы мәдениетінің қалыптасуында зор ұйымдық рөл атқарған, мәдени орта, денсаулық ошағы, рухани тәрбие мекені болған да, халық емшілерінің шипалық орны еді, ол бүгінде неге ғылыми жағынан ескерусіз қалуда? Шет елдердің халықтық шипагерлігі өз ғылымынан өз орнын таба бастаса, ал қазақ елінде әлі сенімсіздікпен қарайтын ғалымсымақтар азаяр емес. Көлденең кері күштер қаншалықты қысым жасағанымен, атадан ұрпаққа жалғасқан тектік қасиетті шипагердің бойынан қан да, қара да жоя алмайды, ол өмірдің тарихи кезеңдерінің шындығы. Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары белгісіз жаңа ғұлама ғалымдар қатарына ХV ғасырдың ғұлама ғалымы, қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485 жж.) есімі де енді. Оның «Шипагерлік баянында» шипагерлік дәстүр мен үрдісі тарихының жаңа белесіне жол ашылды. Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» кітабын жазуына біріншіден, сол заманның ханы әз Жәнбектің оң қол уәзірі Жиренше шешенмен таныстығы; екіншіден, хан әз Жәнібектің оның сауатты жауабына риза болуынан; үшіншіден, сегіз жасынан бастап әкесі Тілеуқабыл емшіден білгені мен халқынан естігенін, көргенін, жазып алғаны; төртіншіден, өз іс-тәжірибесінің нәтижелі көрсеткіші; бесіншіден, Шығыс пен Орта Азия ғұламаларының еңбектерімен таныстығы; алтыншыдан, өзінің халқы мен отанына және ғылымға деген адалдығынан болды деп қараған жөн деп білеміз. Алып медициналық энциклопедиялық еңбек: «Тұрлаулар» /Ауыз Таңдай тұрлау – Дәстір туылма және Көз Маңлай тұрлау – Адамзаты жаралысы/ деген кіріспеден және «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдылығы» деген медицинаның үш шыңы саналатын үш бөлімнен құралған. Ұлы шипагердің еңбегі қазақтың ұлттық мәдениетінің философиясы мен психологиясының бүгінде бір құрамдас бөлігіне еніп, халықтық шипагерліктің философиясы мен психологиясының негізін қалады деуге біздің ғылыми зерттеулерімізбен оған баға берген ғалымдардың пікірлері дәлел бола алады. Ғұлама шипагердің еңбегіндегі неше алуан сырқаттарды емдеп жазудың әдіс-амалдары, бүгінгі ғылыми медицинаның анықтамаларымен сабақтас, ұқсас және тұжырымдас деуге толық негізі де анықталып зерттеліп, оң бағасын алуда. Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы 1108 түрлі дәрі-дәрмек түрін, 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануар мүшелері және 60-тан астам металл-металлоидтар қоспасынан /бұдан көп болуы мүмкін/ жасаған. Ғұлама шипагер баба Өтейбойдақтың бұндай іліми іс-әрекеті, ХI ғасырдағы Орта Азияның ғұлама дәрігері Әбу Әли ибн Сина іліміне ұқсастығы мен сабақтастығы барын білдіреді. Шипагер жар сүйіп, сәбилі болмады, оның арманы шипагерліктің биік шыңына жету болды. Ол арманына да жете білді: Суға кетіп өлді дегендерді, аязда өсігендер мен күйікке ұшырағандарды да «Тұншықтырма», «Малма» деген емдік әдістерімен аман алып қалды. Шипагер өз қызметінде халқымыздың: “Сынықтан басқаның бәрі жұғады” деген дана сөзін әрқашанда өзінің шипагерлік ілімінде басшылыққа алып, сырқат адамның ауруларын жұқпайтын және жұқпалы деп екі топқа бөлу арқылы шипагерліктің тазалық, сақтық және ұйымдастыру жолдарының жаңа стилін ұсынды. Ұлы даланың ғұламасы көп салалы гуманитарлық т.б. ғылымдардан да сауатты білімі барлығын, ілімді ірі тұлға екендігі оның еңбегінің ғылыми жағы айқындап тұр. Қараүзген шипагер өзінің “Шипагерлік баянын” жазарда ғылыми шипагерлікті негізгі арқау етіп алғанымен, тіл, діни тәрбие, мәдениет, әдебиет, тарихи шежіре, этнография, эстетика, этика, философия, психология, астрономия, заң, метереология, математика, анатомия мен физиология, фармацевтика, т.б. ғылымдар саласын бір арнаға топтастырып, адам денсаулығын жақсартып дамытудың негізгі іліміне пайдалану мүмкіндігін, ұлттық этникалық стилді сақтай отырып ұсына білді. Әз Жәнібек ханға: Жеті атаға толмай үйленбеу, сүйіспеу, экологиялық тазалық т.б. жөніндегі шипагердің пайдалы ұсынысын хан қолдады. Хан қатал Жарлығын шығарды. Бұл қазақ хандығының Жеті Жарғысының алғашқы нұсқасының қабылдануы деуге толық негіз бола алады. Бұл шипагердің заң ғылымына қосқан үлесі еді. Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегінде шипагерліктің іліми және ғылыми түрдегі негізгі бағытын жасады. Қысқасы, осындай құнды еңбек халқының ұрпағымен бес жарым ғасырға жуық уақытта қайта қауышуы, кейбіреулердің қазақтың халықтық шипагерлігінің тарихы болмады деген теріс пиғылды ойларын жоққа шығарды. Халқымыздың емшілік дәстүрінің тарихы тереңде, бастауы біртекті емес. Ұлттың өмірлілігі оның көп салалы өнерімен де ерекшелінеді. Мәселен, «...Мейлі Әбунәсір болсын, Жүсіп Баласағұн болсын мейлі мен болайын, бір із, бір тілектіктерміз. Ол екеуінің менен артығы жырлауыл, сөйлеуіл шижалама да /қалам – З.Қ/ ғана. Сонымен қоса үшеуміздің орта теңдік «Шопан үсті бозторғай ұяламдықтап жұмыртқаламдықты» таппақ. Әбунасыр жеті тіл сөйлемелігі айқын ұғыныс», - деп [1, 379 б] өзінің де, өзгенің де білімділігіне артық та әрі кем де емес, әділ бағасын бере білген. Ө.Тілеуқабылұлы еңбегінде, тіршіліктің материалдық ұғымының диалектикалық заңына, шешекке вакцина егудің емдік тәсіліне, ми мен қан айналымы қызметіне, суық су мен аязда емдеу әдіс-тәсілдерін ғылымда Ф.Энгельс, Э.Женнер, Де Винчи және П.Иванов ашқан деген ғылыми жаңалықтарды олардан V-III-I ғасыр бұрын ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбегінде жазылып іске асырылғаны айтылады. Бұл қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өзінен бұрынғы Шығыс және Орта Азиялық ұлы ғұламалардың ғылымдарын дамытушы және өзінен кейінгі ғылымда жаңалық ашты деп келген батыс пен Ресей ғалымдары мен білгіштерінен бұрын жеке тұжырымдық ғылымын жаратқанын әрі терең философиялық идеясы болғанын айқындайды. Шипагерлер – емнің негізін қалаушы, адамның тәні мен жанының бақылаушысы, халықтық мәдениеттің, дәстүрлі шипалы өнердің, этика мен эстетиканың қалыптасуына ықпал етушілердің бірегейі. Ұлттық мәдениеттің алғашқы көшін бастаушы да, ұйымдастырушы да алғашқы сауатсыз қоғамда шипагерлер болды деуге толық негіз бола алады. Халық шипагерлігі ол әлі өзінің ғылыми анықтамалық әдіс-тәсілдерін толықтай дәлелдей алған жоқ. Осы тарихи шындықты мойындап қана қоймай, халықтық шипагерлік пен медициналық ғылымды өзара ұштастырудың тиімділігін өз тәжірибесінде дәлелдеп келе жатқан медик-ғалымдар өз елімізде баршылық. М.ғ.д., профессор Е. Оразақов былай айқындай түседі: «Ертеден келе жатқан мәдени мұралардың талайы Ұлы Октябрь революциясынан кейін ғана жан-жақты зерттеліп, кейінгі ұрпақтардың рухани мүддесін өтеп келеді. Ал Қазақ халық медицинасы туралы мұны айта алмаймыз. Өйткені бұрын да және Совет өкіметі жылдарында да бұл тақырыпқа арналған ғылыми зерттеулер көпке дейін болмады». Осы шындықты медик-ғалым Т. Бекен: «Халық емінің өрлеу кезеңдері жазба деректердің жоқтығынан әлі зерттеліп біткен жоқ. Қазақтың халық емінің де тамыры көне дәуірден ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық мұрасы. Халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейінгі өмірі де, болашағы да болмас еді. Қазіргі медицинаның негізі мен ірге тасын қалағанда сол халық емі, яғни халықтық медицина екенін кім жоққа шығара алады», - дейді. Ғұламаның «Шипагерлік баянында» сандық құпия (ауыз-бір, құлақ-екі т.с.с), жұлдызнама, жыл, ай, апта атаулары, діни сенімдік тұжырымдамалар, жер аттары, мақал-мәтелдер, ру және ел шежіресі, тағамдық емдік рецептер және тарихи-этнографиялық атаулар, нақыл-мәтелдер, сөздік түсініктемелер мен кестелі сызбалы анықтамалар т.б. туралы нақтылы мәліметтерде жетерлік, өте мәнді құндылығымен де ерекшеленеді. Ғұлама тағдырының барлық қиын кезеңіне төзіп жеңе білді. Сонысы үшін де ол: «Дүние бір қисық жол бұраңдаған, Бақ тайса, басқа дәулет құралмаған. Басыңа таудай ауыр қайғы түссе, Несібі жазып қойған бір Алладан», – деп ғұлама өз ойын қорытып, адам баласы тағдыр жазмышына көнумен, оны жеңу жолдарын табуды ұсынады. Шипагердің арманы көп еді. Ол қартаң тартқан ғұмырындағы жалғыз жан серігі «Шипагерлік баянын» мұрагеріне аманат етіп тапсырды. Ол «Шипалы баянымен» қоштасарда көзі жасқа толып, қол-аяғы дірілдеп, денесі қалтырап, туған жері Шалкөдесінің қырат-қырат тауларына, Айғайтасына қарады, өткен өмірі мен басқан іздерін көз алдынан сүзіп өткізіп, терең күрсінді. Ұрпағына ақырғы аманат сөзін қалдырды: «Ой, дүние-ай! Іске аспады арманым, қараң қалды. Шың басына шыққанда арандалды. Өтейбойдақ қойыпты атымды әкем, Жаман ат, жаман ырым мазамды алды. Қаламады ұрпақ, Өтейбойдақ аяндалды, Мені өшірмес «Шипалық баян» қалды. Бұ да менің ұрпағым жөн білгенге, Тілкімменен жалғасқан аян қалды» – деген. Бүгінде баба арманы бес жарым ғасырдан кейін орындала бастады. Бабаның: «Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ. Бұл – соңғылықтар қадірін біліп, ұстана білсе, қанғысыз бұлақ, қадірін білмесе, отбасы аяқпен тозатын тулақ», – деген палсафалық тұжырымы, бүгінде ғалымдар шипагердің «Шипагерлік баяны» қанғысыз бұлақ екенін анықтай бастады. Бабаның еңбегінің құндылығы жөнінде арнайы зерттеу жүргізіп ғылыми анықтама берген медицина ғылымдарының докторы, профессор Ә. Нұрмұхамбетұлы: «Өтейбойдақ бабамыз қазақ жерінде медицина ғылымына, практикалық денсаулық сақтау істеріне, ережелеріне, қағидаларына алғаш рет негіз салған үлкен ғалым, дәрігер...», – деп нақтылы тұжырым жасауы да терең ойландырады, әрі қуантады. Халқымыздың «Мәдени мұрасының» бір саласы халықтық шипагерлік пен ғұламаларының еңбектерінің өшкен оты қайта жанды, жоғалған мұрасы орнына келе бастады. Еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болсын. Дала жаҺангері, шашты Әзизі атанған, ғұлама, ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының рухы риза болсын.
Қадірменді конгреске қатысушы мырзалар мен ханымдар! Шежіресінде халқының жазылмаған, Тарихынан ғұламалар орын алған. Жаһангер асылдардың көшін бастап, Шипагер Өтейбойдақ дараланған. Өтейбойдақ қазаққа асыл адам, Ғылымиға ілімін айналдырған. Фараби мен Баласағұннан қуаттанып, Өшпейтұғын іліми із қалдырған, – деп сөзімізді аяқтасақ артық болмас. Сіздерге мүмкіндік жасап, келісім беріп құшағын ашқан киелі жер Әулие Ата халқына, басшылары мен азаматтарына және Сіздерге Өтейбойдақ баба рухы риза болып, Жаратушының ризалығына бөленіңіздер! Тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Уважаемый господин Президент Рад случаю приветствовать Вас и пождравить с открытием VI-международного конгресс по наследию нашего великого земляка Отейбойдака Тлеукабылулы. Выражаю увереность, что этот конгресс внесет достойный вклад в культурную жизнь нашего отечества. Хочу пожелать всем участникам конгресс здоровья, бодрости духа и творческих успехов. Президент Кахазской Академии Питания Академик Т. Шарманов
АРНАУ Авторы, ақын Зядан Қожалымов
Ассалау мағалейкум ағайындар, Ежелден ел жұртына бағалылар. Шипагерлер конгресі құтты болсын! Ел өнері тарихында орны барлар. Баласағұн, Қарақан, Айша бибі, Орта ғасырдың ғұлама-киелісі. Жиырма ғасыр тарихын атап өткен, Қасиетті Таразыма қош келдіңдер! Тәуелсіз еліміздің туы астында, Жоғалған дәстүрлері оралуда. «Мәдени мұраның» бір саласы, Шипагерлік өнер де гүлденуде. Атаусыз кеткен еді емшілік те, Бүгінде танылды ғой елімізге. Қазақтың тарихы жоқ қасиеті, Кереметі тарады бар әлемге. Тәуелсіз ел еңсесі биік деген, Қазақ елі көрінуде биіктерден. Нұрекеңнің еңбегі бағаланып, Қазаққа ЕврОдақ төрін берген! Еленді еңбектері емшілердің, Алғысына бөленіп жамиғаттың. Елбасы жолдаған «Алғыс хаты», Күш берді қатаюына қанатының. Алматы да басталған конгресің, Жалғасуда басқаруында Зиякенің. Он сегіз жыл тарихы бар Қауымдастық, Меңгерді ғылымын да тылсымның. Бәріміз де қонағымыз бұл жалғанның, Жақсы ғой орындалуы бар арманның. Алтыншы рет бас қосқан бұл отырыс, Орын алды- ау, төрінен Таразымның! Шежіресінде халқының жазылмаған, Тарихынан ғұламалар орын алған. Жаһангер асылдардың көшін бастап, Шипагер Өтейбойдақ дараланған. Жетісу, Жаркент пен Нұралары, Омбы мен Торғай, Сырдариясы, Қасиетті мекені қазағымның, Шипа ілімі орнына айналған-ды. Даланың дарабозы Өтейбойдақ, Әз Жәнібек ханнан бата алған-ды. Шу бойы Қозыбасы Ақ Орда да, «Шипагерлік баяны» жазылғанды. Өтейбойдақ қазаққа асыл адам, Ғылымиға ілімін айналдырған. Фараби мен Баласағұннан қуаттанып, Өшпейтығұн іліми із қалдырған. Жасады медицина ғылымы негіздерін, Үш шыңы, тағы алты белестерін. Бір еңбекке сиғызып топ ғылымды, Сөздік пен пәлсафалық шежіресін. Перзентін Шәлкөденің Айғайтасы, Жаратып, жер қойнына жасырған-ды. «Шипагерлік баяны» ұрпағына, Он бесінші ғасырдағы аманаты. «Шашты әзіздің» артында сөзі қалды, «Шипалық баяндай» көзі қалды. Жат елде жарты ғасыр қонақ болып, Туған елге, дүние-ай, қайта оралды. Жатсынбады туған жер өз баянын, Ғалымдары қазақтың білді мәнін. Қытайдың да мемлекеттік сиын алып, Қуантты ол жақтағы қандастарын. Орындалуда шипагердің аманаты. Бұл дағы ғалымдардың таза еңбегі. Құт болып баба аяны Зияданға, Зерттеуі «Шипа баянды» дараланды. Дүние бір қисық жол бұраңдаған, Ұрпағы ғой бабаның «Шипа баян». Іске аспаған арманы жүзеге асты, Бес ғасырда қайтадан нұрын шашқан. Жыр маржанын тізілтіп теремін мен, Бабаларымыз алдағыны көре білген. Төрт мың жылды болжаған ілгеріде, Ғарышпен байланысқан Майқы бабам. Артта қалды қиындық өткелдері, Жаңаруда өмірдің көп белдері. Көріпкел, болжамалық қасиетті, Машһүр Жүсіп, Шәкәрім дәлелдеді. Көре алмаса, көрмесін күндес деген, Қайта оралды сегіз қырлы қасиетің. Қазақ, Орыс, Ағылшын тілдерін де, Қауымдастық көрінуде интернеттен. Емшілер жақсылығы көрінуде, Білгендері ілім болып өрілуде Газеті «Шипа баян» тұмар болып, Үнқағазы атанды білгендерге. Тәңірдің ауыр жүгін көтергенде, Ғарыштың құпиясын меңгергенде, Қожалымов Зиядан қажы ілімі ғой, Алланың ақиқатын түсінгенге. Кімге барып халқымыз табынбады, Ұлылығы бабалардың дәлелденді. Бұрынғының қанғысыз бұлақтарын, Соңғылар қадірлейтін заман келді. Алыстан да, жақыннан келді мейман, Жиналуымыз шапағаты бір Алладан. Зиядан қажы арнауын тарту етті, Тараздық Еркебұлан жыр толғаған. Мейман күткен қазақтың баласымыз, Серік, Құдайберген, Зұлғиза, Шолпанымыз. Тараздық ағайындарға мың рахмет, Қабыл болсын жолдаған алғысымыз. Ақындар мен даналар жырлап өткен, Өмір, шіркін, өтеді-ау, тірлікпенен. Қатарымыз көбейсін жылдан-жылға, Өткізейік бас қосуды бірлікпенен. Іске ассын бабалардың аманаты, Емшілердің шықпасын жаман аты. Шүкір, Тәубе, қанағат иманымыз, Қабыл ет Жаратушым тілектерді! Тараз қаласы, 25.07.09.
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 | |||