орындалған Аманат | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
ДӘРІГЕРЛІКТІ ҚАЛҚАН ҚЫП, САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮР
«Халық медицина орталығының» мемлекет бюджетіне төленбей келген салығы 26 миллион 495 мың 170 теңге болыпты. Республикалық «Халық медицина орталығының» бас дәрігері Ерасыл Абылқасымов, бұл қызметке 1991 жылы келген еді. Ол осы орынға отырған соң бір жыл өтпей жатып өзін болашақта бай миллионер болатынын халықтан жасырмады. Ақ жүректігін білдіріп «Казахстанская правда» газетіне «Будет ли у Қазахстана свой Федоров?» (11.04.1993г. авт. Куц) деген мақала жариялатып, жанашыр ұйымдарын әбден моралдық масқаралады. Мемлекеттік Әділет министрлігі тіркеген заңды ұйымды заңсыз, Жарғысы маған ұнамайды деп, заң орнын сыйламады. Сол кездегі денсаулық сақтау министрлігіндегі оның қолдаушылары «Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту» заңына бір тармағы етіп халық емшілерін екі айлық тексеруден өткізу бабын жазып, оны халыққа, қоғамдық ұйымдарға жария етпестен сол кездегі өздерінің сенімді Жоғарғы Кеңестегі депутаттарына бекіттірді. Құдай берді. «Женген итті желкеле» дегендей, Е. Абылқасымов алғаш өз құрығын Қазақстан халық емшілері Ассоциациясына арнады. Ақыры ол алыса жүріп, Ассоциация басшысына ескерттірместен ұйымды уақтылы жаптырды. Бірақ бұның бәрін Е. Абылқасымовтың сыбайластары атқарып отырды. Ол ашық көрінбеді. Біз бәрін сездік. Білдік. Амал қанша, Ассоциация қайтадан тіркелгенімен оның мүшелері быт-шыт болды. Орны толмас ондаған, миллиондаған теңгелік моралдық-материалдық және психологиялық зиян шектік. Сонда да ұйымды құлатпай келеміз. Арсыздыққа адалдықпен қарадық. Артынан жақсылық күттік. «Халық медицинасы орталығын» алғаш 1990 жылы танымал маман дәрігер, ірі ұйымдастырушы, медицина ғылымының кандидаты Тұрарбек Төлендиев басқарған. Ол өзін нағыз адал, шын халық емі жанашыры екенін бір жылда-ақ баспасөз бен бұқаралық ақпаратта таныстырып үлгерді. Халық емі жөнінде ана тілімізде екі-үш кітап шығарды. Ал ғылыми-танымдық мақалалары да жетерлік. Т. Төлендиевтің бұл адалдығы әрине жоғарыда отырғандарға ұнамады. Оның орнын Е. Абылқасымов басуымен, әйгілі журналист, халық емінің нағыз жанашыры Бақтыбай Айнабеков ақыры осы басшыдан жақсылық болмады, ауыстырыңдар деген бірнеше жыл шырылдап жазған мақаласына денсаулық министрлігі басшылары да көңіл бөлмеді. Содан болар «қой дейтін қожа» болмаған соң Е. Абылқасымов өз құқылық дәуірін бастап кетті. Емшімін дегеннің бәрін бір орталыққа жиып, оларға «кәсіби халық емшісі» деген куәлікті екі жылға бере бастады. Сөйтіп бұл орталықтан емшілік байқауынан 1991-1998 жылдары аралығында 3500-ге жуық емші тіркеліп тексерілсе, олардың 1000-нан астамы «кәсіби халық емшісі» екен. Әйтеуір, сауаты бар да, жоқ та орталықта сырқаттарды қабылдап та, қабылдамай да немесе құрылыс жұмысына көмектесіп те, жең іші, қол асты т.б. тәсілдермен де «кәсібилер» атанғандар да рухани ем және адамгершілік жағынан күлкіге айналды. Халық оларға сенуден қалды. Десе де, Ерасылдың 1992 жылдан бері Республиканың 18-19 қаласында орталығының филиалдары жұмыс істеуде. Емге қызмет көрсететін емшілерінің бір жолғы бағасы 500 теңгеден жоғары. Құмалақ салу мен тұмар жазу бұдан да жоғары («Жас алаш». 21.08.1997). Сондағы таңғаларлық осы бағаға экономикалық есептеудің өлшемін қайдан алғаны күмәнді. Осы бағалар арқылы орташа есеппен орталық пен филиалда жұмыс істемейтін, жеке үйінде істейтін «кәсіби халық емшісі» жылына «Халық медицинасы орталығына» 50000 (елу мың) теңге құяды екен. Осы санды «кәсібилер» санына көбейтсе, ондаған миллиондар шыға келеді. Сонда орталықтың кіріс көздерінен, екі айлық сынақтан, емшілер мектебінен, қосымша тексеру түрлерінен, конференция жарнасынан, лицензиялардың т.б. орындардан түсетінін есептесе, бір жылдық табыс кірісі 55-65 миллион теңгеден кем болмайды. Осы кіріс қаражаты жиналғанымен, бірақ толық кіріске алынбайтындай. Осыған да қанағат етпеген Е. Абылқасымов өзіне ұнамайтын ұйымдарға қарсы күресін, өзінің оң қолы «кәсіби халық емшілері» ассоциацияның төрағасы, емші Әділқан Ермановтың көмегімен жалғастырып келді. Әйтеуір емшілік қасиеті бар дегендердің үйлеріне Ә. Ерманов бастаған орталық «кәсібилері» баса көктеп кіріп, айыппұл салып өздері «заңгер» болғалы қашан. Қолдарында Е. Абылқасымов қол қойған бұрынғы Қаз ССР Қылмыстық Кодексінің №209 бабымен соттаймын деген хатын көрген, сауатсыз «емшісымақтар» Ерасылдың торына топ-топ болып түсуде. Емтиханнан өте алмағандар «псих» екен де, ал өткені «пысық-кәсіби» екен. («Қазақ елі». №21, 22-28.05.1998ж. Е. Абылқасымовтың газетке сұхбатынан). Бұл қалай? Емшілерді «псих» деу моралдық қорлау ғой? Ерасыл Абылқасымов пен Әділқан Ерманов 50 жылдықтарын Алматыдағы Байзақов атындағы көше бойындағы «Мейрамханада» 1998 жылдың 23-қыркүйегі күні өткізді. Екеуі егіз емес таңғалмаңыз, бірақ ішіп жеуі бір. Ә. Ерманов Қызылордалық болса, ал Е. Абылқасымов Талдықорғаннан. Той шығынын Е. Абылқасымов өзінің еңбегін 1993 жылы «Ата-Мұра» баспасынан қазақша әрі орысша 250000 данамен шығарған (оның бір данасын 100 (жүз) теңгеден сатқызған, бір емшіге 50-70 данадан беріп ақшасын дәл санап алған). «Сто народных целителей Казахстана» анықтамасының 18-20 миллион теңгелік табысынан, ал Ә. Ерманов өзінің құны таудай ал мезгілсіз мүшелік куәлігі мен бағдарламасыз оқытқан куәлігінен (сабағының аты жоқ) түскен миллиондары есебінен төлеген шығар десек, олай болмағандай. Баяғы «кәсіби емшілер» асылып, шашылып, біреуді арбап, алдап сый-сыяпаттарын шашыла жүріп жасапты. Сонда халықтың байлығын бұлар қайда шашқан? Е. Абылқасымов мырза бұндай ірі кірісіне риза болмай, өз жұмыс орнына «Халықаралық «Қазақ елі» тілшілерін шақырып, газетіне жазыламыз деп, сұхбат алуға көндіреді. Теңгеге риза болмаған бас дәрігер, шетелдік қандастардан «доллар» дәметсе керек. «Халық емшілеріне қаралыңыз!». («Қазақ елі», №21, 22-58.05.1998.) сұхбатында тілші Е. Абылқасымовқа сауал қояды. Тілші сауалы: – Арнайы құжаты бар емшілер Сіздерге салық төлейді-ау деймін, естуімше? Е. АБЫЛҚАСЫМОВТЫҢ ЖАУАБЫ: – Ол бекер. Бізге салық төлемейді. Бірақ жоспар береміз. Бізбен еңбек шартындағы ауылдық жерлердегі емшілер ай сайын 3000, қаладағылар – 5000, ал осы орталықтағы емшілер 25 мың төлейді. Осы жоспарды салық деп түсіндірген шығар сізге. Заң бойынша емшілер салықты жергілікті салық инспекциясына ай сайын не мезгілімен төлейді. Өйтпесе патент алады. 1991 жылдан бірде-бір емші өз табыстарынан жергілікті жерге салық төлемеген. Орталық басшысы оларға салық төлеу туралы ескертпеген. Жалғанды жалпағынан басқан «кәсібилер» өзінің енді куәлік алған уағынан бастап жергілікті жерге салық төлеуі заңды. Сонда, емшінің құқын қорғамайтын, еңбек мерзімін сақтамайтын, салығына жауап бермейтін, тек ғана «кәсібилерінен» ақша алуды білген орталықтың бас дәрігері Е. Абылқасымов мырза «келісім шартпен» ақша алуды қай заңға жатқызады? Осы сұхбатты оқыған газет оқырмандары мен халық еміне жанашыр қоғамдық ұйымдар жарты жылдай ойланды. Бұл неткен судай шашылған ақша? Осыған байланысты «Халық медицинасы орталығының» (кейінгі ел біле бермес аты: – «Шығыс және қазіргі медицина жөніндегі ғылыми практикалық Республикалық орталық?») 1995-1998 жылдары аралығындағы қаражаттық кірісінің есебінен, мемлекет бюджетіне салық төлеуін Алматы қаласы бойынша салық комитетінің Бостандық ауданы бойынша салық комитеті қызметкерлері тексеріп, 1998 жылдың 29 желтоқсанында аяқтады. Орталықтың жасырып/төлемей келген салығы мөлшері 26.495 170 теңге (жиырма алты миллион 495 мың 170 т.) болды. Акт жазылды. Е. Абылқасымов қол қойды. Мемлекет бюджеті кірісіне алынды. (хаттар: №8. 1-6-2) 674.28.01.99 жыл және №3-8 (1796.22.02.99 жыл. Қалалық және ауд. Салық көмитеттерінен) және ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі хаты NДНП-4-22/1527 29.03.1999 ж. 1999 жылдан бастап орталықты ЖШС (ТОО) етем деген бас дәрігер ойы, өзінің аузынан шығатын сөзінен жаңылуынан іске асарына көлденең болды. Салық миллиондарын мемлекетке төлеуде Е. Абылқасымов тағы да «құртам, жоям» деп, «кәсібилеріне» салық салды. Олар қайдан тапсын. Бұрынғы бергендері далаға кетті. Бұған шыдай алмаған жасы орта жастан асқан, орталықтың тірегі, шөппен емдеуші «кәсіби халық емшісі» Сейтхамза Қалиев жүрегі қысылып ауруханаға түсті. Есінен танып, жүрегі шаншыған басқа «кәсібилерде» көбейгендей? Осы кезде Ә. Ерманов та қаңтар және ақпан айы басында отаны Қызылордада болып 15 адамға өз құжатын беріп, облыс қаражатынан қомақты қаражатты қымқырып, «досы» Е. Абылқасымовтің көңілін басса керек. Міне біреуі тексеріліп жатса, екіншісі (Ә.Е) сауатсыздардан емші жасап, халықты алдауда? «Кәсіби халық емшілері ассоциациясы» төрағасы Ерманов Әділқанның білімі арнайы орта. Жетісай мәдениет-ағарту орнын бітірген. Біліміне қарамай ол өзін танымайтындарға «профессормын» деп таныстырады. (07.1998 жыл. Арқалықта) Қалай осындай білімі бар адам емшілерді оқытады? Ол оқытпай-ақ, өзінен басқаларды «жойылды, құрыды, тарады» деп делдалдық жасап, өзінің мерзімсіз мүшелік куәлігі мен бағдарламасыз оқыту куәлігін аңқау «емшісымақтарға» қорқытып беріп, барған облыс қалаларына қаражатынан қайтып қайырымы болмайтын, 350-500 мыңға дейін қаражатын алып тайып тұрады. Оны кіріске алып, мемлекетке салық та төлемейді. (Арқалық, шілде 1998, Орал, қараша 1998, Манғыстау, 1998 және Қызылорда, қаңтар-ақпан, 1999 ж. т.б.). Ерманов «Профессор» «кәсіби емшілердің» миллионері десек артық емес. Өйткені бұның да жылдық табысы үш миллионнан кем емес. Енді осы екі серке мен еркеге бір қысым таялғандай. Елбасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды жарлығы шешімін бұлжытпай орындайды деп сенеміз. Бүгінде жасы жетпістен асқан, атын елі мен көршісі де білетін оташы Айтмұхамбет Демесінұлы: «Халық емшілері орталығында бес жылдай жұмыс жасап, ондағы әртүрлі күйтұртқы қылықтарға көзім жетті. Ел ішінде шалажансар тәуіптер көбейіп кетсе немесе халық емшілерге дейтін сенімнен айырылып қалса – ол аталмыш орталықтың күнәсі», – дейді «Заман Қазақстан» газеті тілшісімен сұхбатында. (11.12.1998ж. авт. Н. Лақан). Дегенмен ел ішінде жаны таза, пейілі ақ, сауаты мол, қайырымды емшілер баршылық. Білімі, жасы, жынысы, ұлты, мінез-құлқы, психологиясы, ойлап талғам жасау қабілеті әртүрлі емшілерді (киелілерді) бір ортаға жинап, халықтың қалтасын қаққызу нарық заманының алдампаз пайдагерлерінің ойлап тапқан амалы болғанымен, оның ақыры жазылмас жара бетке дақ, әркімнің өз ұрпағы жолына жасаған қиянат, кесапат екенін жаратушымыз халыққа білдіре бастады. Алла тағала бәрін көреді, біледі, сынайды, бақылайды деген осы екен ғой. Ал емшілерді жергілікті әкімшілік бақылап, сыртқа рұқсатсыз жібермей оның табыс салығын өз қорларына құйғызатын уақыт талабы болмақ. Жергілікті салық комитеттері енді алматылық әріптестерінен үлгі алып, «кәсіби халық емшісі» куәлігі, лицензиясы барлардан құқылық алған уақытынан бастап, салығын құйғызу мемлекеттік салық туралы заңын орындағандық болар еді. Жоғарыда бұл орынның қаражаттық қылмысын ҚР ҰҚҚ мен ҚР Кіріс министрлігінде бақылауда ұстағандықтан, орталықтың республиканың қалаларындағы филиалдарында тексеруді осы екі ұйымның департаменттері мен салық комитеттері қолға алғаны жөн. Ұзақ жыл бойы «кәсіби халық емшілері» күш-қуатын пайдаланып халық қалтасын қаққан, мемлекетке де салық төлеуін жасырып келген «Халық медицинасы орталығы» басшыларының өрескел қылығына ҚР Бас Прокуратурасы әділ баға береді деген сенімдеміз. Редакциядан: Газетке өз қолы мен әкеп тапсырған З. Қожалымовтың сын мақаласының стилдік жағына көп тимей, толық беріп отырмыз. Автор бұл мақала жөнінде тиісті құжаттарын қоса тапсырды.
«ҚҰДАЙСЫЗҒА» - ҚҰДАЙДЫҢ ЖАЗАСЫ БАР
«Егер жер – көкте Алладан басқа да тәңірлер болса әлбетте екеуі де бұзылып кетер еді. Ғаламның раббы Алла, олардың жасанды сипаттарынан пәк». Әнбия сүресі. 21 аят.
Он сегіз мың ғаламда құдіретіне бас иген бүгінде әлемнің жүздеген ұлыларының ішінде бірінші болып тұрған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің үмбеттеріне: «Мені Мариямның ұлы Исаны қастерлеген христиандар сияқты ұлықтамай-ақ қойыңдар. «Алланың құлы, оның елшісі десеңдер жетеді» деген екен Хадис әл-Бұхариде. Аллаға тіл тигізбеген, әрі Алланың сипаттарына күмән келтірмеген пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ғана емес, оның үмбеттерінің көбі адалдықтың ақ жолымен өмір сүруде. Дегенмен «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» дегендей кейбір әйел, еркегі аралас емшісымақтар өздерін «Үлкен апа», «Алып апа», «Күлтай ана», «Қарашаш ене», «Домалақ ене», «Айша бибі», «Қасиетті төре» деген халыққа әсер ететін жалған атақтар жапсырып алып білгендерін істеуде. «Аса құдірет иесімін, жаратушымен парапармын» деп өзін жұртқа өтірік жарнамалап шала бүлінген Шонжыдағы Нина анамызды да білмеппіз-ау! Бұрың-соңды қазақ даласы өзін «Фархат - ата» деп таныстырған ұйғырдан асқан суайтты көрмеген болар. Оның айтуынша 50 миллиардтай жыл бұрын ібіліс, перілер соғысының кесірінен өзінің жерінен, қасиеттерінен айырылып қалыпты. Бүгінде бұрынғы құдіреттері бойына қайта оралып бүкіл аяттардың құпиясын шешетін кілт те соның қолыңда көрінеді. Онысымен қоймай «Фархат-ата» Фархат менің жалған атым, шын есімім «Әлла» деген лақап таратып бақты. Сонда мұның Алламын дегені ғой. Осындай сиқыршылықпен, залымдықпен шұғылданатын Алланың берген ризығына қанағат етпейтін, қайта оны баюға, мансапқорлыққа, өш алуға жұмсаған «емшісымақтардың» қазір құдайға шүкір дәуірі жүріп тұр. «Бұларды тәубасына түсіретін құзырлы органдар қайда қарап жүргені белгісіз. Осылардың шылауында кетіп, шашбауын көтерген журналистер де аз емес. Алматылық «Алланың елшісімін», «Зура әулиемін» деген Зура Бекбергенова жөнінде кітап жазған марқұм Баймахан Жақсыбекұлы (1995 ж. «Денсаулық» баспасы) және Шымкентте тұратын бұрын өзбек, кейін қазақ одан соң араб болған өзін Ибн-Синаның он үшінші ұрпағы санайтын Ергаш Али жөнінде жазған К. Зекенов марқұм да сол залымдардың шылауына мықтап оралды-ау деп ойлаймын. Мен кеше, Кеңес дәуірінде жүйке науқастары ауруханаларындағы бірнеше сырқат жандарды халық емінің арқасында қатарға қостым. Бірақ, Фархаттар, Зуралар сияқты ұятсыздыққа барғаным жоқ. Мен өзімнің емшілік ғұмырымда халық емшілер орталығының басшысы ретінде мыңдаған балгер, бақсы, көріпкел, жұлдызшы, құмалақшы, құран ашушы, жауырыншы, т.б. бойымда қасиетім бар дегендерді тексергенімде 7-8 пайызы ғана таза емші, иманжүзді де, ал қалғандары алдампаздар екенін анықтадым. Беделді басылымдардың бірі, халықаралық «Түркістан» газетінде жарияланған журналист Елен Әлімжанның өзінің «Фархат-атасы» туралы мақаласын қалай түсінуге болады? Мұны оқып, қанша қаймана халық Фархат суайтқа ағылды екен? Бүкіл республикаға танымал жұлдызшы Назарбек Қожамсейітовті де төл насихатшы етіп алды. Мен осы мақаламда Шонжалық Фархат өтірікшінің бетпердесін ашып бермекпін. Фархаттың өзінің айтуынша ол таяу арада қасиеттерінің ең жоғарғы нүктесі – бесінші блогін қосыпты. Құдай оның адамдары, жерін аздырып-тоздырыпты. Барлық жер бетіндегі адамзатты Фархат әйелі Нина екеуі тозаңнан жаратыпты-мыс. Фархаттың қиялдан құрастырылған елге арнаған өсиетінде исламға жат сөйлемдер жетерлік. Енді ол әлемді билемек. Керек десең қасиетті Құран Кәрімді де отқа салып өртепті. Шовинистік халықты азғырып азғындық жолға итермелеудің мұнан асқан үлгісін таба аласыз ба? Сонымен Фархат және оның жүздеген залым сыбайластары аруақтармен сөйлестірем, болашағыңды болжаймын, дертіңді қағып тастаймын, тек ақшаңды аяма деп, елді сүліктей сорған тонаушылар екені айдан анық. Қазір осындай жалған емшілер аруақты бабалардың мазарларының да айналасын ластап, түнеп маза беруді қойды. Жетісу өңірінің Шалкөде жайлауында туған, ғұлама ғалым қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1483 жж.) өзінің «Шипагерлік баян» кітабында осыдан бес жарым ғасыр бұрын емшілерді екі топқа болжайтын көріпкел шипагерлер. Екіншісі – дәруі күшті шипагерлер. Және Өтейбойдақ бабамыз: «Емші дегеніміз – ешкінің денесін көрмей мүйізін ғана көру» деп емшіге мол білім, ұстамдылық, имандылық керегін қатаң ескертеді. Осы ұлы ғалым шипагерлерге: «Әуелі сырқатынды емдерде: «Біссміллә» де, «Менің қолым емес, мың жасаған шипагерлердің пірі – Лұқпан Хакімнің қолы де», - деп, емшілік қағидасына адал болуға шақырады: «Арамнан жиналған дәулетке қызықпа», - деп Өтейбойдақ бабамыз айтқандай (140б.) өзін емшімін дегендер халыққа тегін қызмет етуі керек,. Ал, әлгі Фархат алдампаздың елге арнаған өсиетін оқып отырып оның есінің дұрыстығына күмән келтіруге болады. Егер ол аса құдіретті болса Қытайда қиналып жатқан қандастарын құтқарып алмай ма? Фархаттай атаққұмарларды көпіртіп, желпіндіріп, ақыры моральдық трагедияға душар еткен журналистердің де халық алдында жауап беретін кезі жетті. Мен емші ретінде халқыма: «Әлгіндей жалған әулиелерден» аулақ жүріңдер, оларға алданып жүргендерің де дерттерің асқынып кетіп, өздерің азап шегесіңдер, әруақытта абай болыңдар, лақаптың бәріне сене бермеңіздер», - дегім келеді.
ҚОЛЫНДА ҚҰРАНЫ, АУЗЫНДА ИМАНЫ Діндарға керек қасиет осы емес пе? Кешегі мен бүгіннің арасы үзіліп, қайта жалғанды. Сондықтан қазіргі адамдарға жаңалықтың бәрі таң. Әйтеуір Алланың ақ жолына түсу ниетімен көңіл құлатқан оларды сендіріп сезіндіру де немесе шошындырып безіндіру де оңай. Егер дін жолын уағыздаған адам жаңағы ниеті бері бұрылған замандасына бәрін ыждаһатпен түсіндіріп, жылы қабақпен қарсы алып, бастағанын қолдап, кемшілігін соншалық бетіне баспай, сүріндірген, шорқақтаған тұстарына кеңшілік жасап жетелесе өзіне де өзгеге де сауап қой. Керісінше аздап тіл сындырғанын міндетсіп, көпшілік қолпаштағанды көтере алмай күпсіп, ақша көрінгенде ақ жолдан алдымен өзі тайып, оны "шариғаттың сан жолы барға" жатқызып, тыңдаушыдан бүркемелеуге тырысып әлектенгенмен бәрі бір, көптің қырағы көзіне ілігіп, дүмшелігі ашылып жатса мұсылманның обалына қалмай ма? "Ата-бабам ұстаған дінге мен де бой ұрсам", – деп келген жастың үміті мен сенімінің жоғалуына да себеп болады ғой. Дүние шіркін көздің құртына айналып арбаса, уағызшы пенде соның жетегіне кетсе татымсыздық, таяздық деген сол емес пе? Одан да молдалықты кәсіп жасамай-ақ, колыңа кетпен мен күрек алып диқан болып егін еккенің Алланың алдында да, адамның алдында да әлдеқайда абыройлы іс болар еді. Медресені бітірген молдаларға үлкен жауапкершілік жүктелген. Олар қай жағынан алсақ та салауатты, әрі жан-жақты сауатты болады. Дінмен қоса ғылымды, білімді тереңінен меңгеріп оны халықтың кәдесіне молынан жаратқан. Нағыз ұстазға лайық биіктен көрініп одан төмендемеген. Қалың бұқара оларға риясыз сенді. Қазіргі жағдайда бәрін осындай өлшемдер тұрғысынан бағамдауға толық хақымыз бар емес пе? Нарықтың талабы дегенді кейде арзан пайыммен түсінеміз бе немесе келеңсіз пейілсіздікке ұрына бастадық па білмеймін, әйтеуір Алла деп ақша жинайтынды, көзге түсіп атақ шығаруды, анау болуды, мынау болуды ұнатып, адал іс, ақ жолдан ауа бастадық. Қаптаған құмалақшы, бақсылар – ол бір төбе. Әркім қулық сауып, жылт еткенін бетке ұстап саудалап жатыр. Түбінде не болар екен деп обалынан қорқып, ойға алып жатқан ешкім жоқ, осыдан қорқасың. Осындайда есіме бір аңыз түседі. Қызылорда өңірінің Қармақшы жерінде өмір кешкен Марал Ишанның кезінде де дәл қазіргідей "жарнамаланған жақсылар, әулие-әнбиелер" көбейіп кеткен көрінеді. Олардың арасында тіпті Алламен "тілдескендер" де, Мұхаммедтен кейінгі "жаңа Пайғам-барлар" да бар болып шығыпты. Елі Марал Ишанмен ақылдасады. "Жалған атаққұмарлардан қалай құтыламыз" – дейді. Сонда әулие ғұлама отырып-отырып бір амал ойлап табады. Қасына барлық атаққұмарларды жиып, одан соң 40 түйемен сексеуіл әкелдіріп, айналаны түгел отынмен қоршатып, оған от салуға бұйрық беріпті. От алаулап жанған кезде атаққұмарлар өкіріп-бақырып бірі қалмай от ішінен қашып шыгады. Тек Марал Ишан ғана орнында қалады. Сексеуіл түгел жанып бітеді. Дін аман күйінде Марал Ишан орнынан жайлап көтеріледі. Жұрт шын әулиелікке таңғалады. Жалған атаққұмарларды тәркілейді. Бізге де осындай бір үлкен сын яғни шындық оты керек шығар-ақ деп ойлаймын. Бәлкім жоғарыда аңыз боп қалган оқиғаның дәл солай болмауы да мүмкін. Бірақ халық қамын ойлаған адам қажеттік туғанда өртене біледі, күйе де біледі деген меңзеу шығар. Қайткенде халық зерттеп, зерделеп келіп, текті адамды ғана мойындайды. "Қолында Құраны, аузында иманы" деген тіркес ертеде өте құрметпен айтылған теңеу болған. Ары мен жаны таза адамға берілген жоғары баға. Ол кезде дін мен қайраткерліктің ара жігі жымдасып, тұтасып жатқан. Елбасылар, көш бастаған тұлғалар әрқашан иманына берік болған. Құран аяттарының құпияларын зерделі дүниетанымның арқасында танып-біліп, ілімді халыққа дұрыс түсіндіріп, оны орындаудың өнегелі үлгісін алдымен өздері көрсетіп, Отан пайдасына арналған қастерлі істерге арқау еткен. Мұндай игілікті әрекеттердің бәрі Ислам дініне деген сенім мен құрметтің артуына зор әсер еткені белгілі. Ізгі істер мен өнегелі мысалдар имамдарымыздың діни-ғылыми деңгейінің биік болғандарын аңғартса керек. Сондықтан мұның бәрін аңыз, ертегі деп қана біржақты қарастыруға болмайды. Өмір деген ақ пен қараның, яғни жаман мен жақсының айқасы. Адамдар мен ібілістің шайқасы. Қайсысына ересің, оны таңдап білуге адамның шамасы толық жетеді. Жаны таза, тәні таза адамға қанша сиқыр болса да ібілістің күші жете алмайды. Өсек-өтірік, бықсық, қоқысқа ол барынша әуес. Пендені жолынан тайдырып мазаққа айналдырмақ. Бұл дүниедегі, әрі ол дүниедегі нәсібесінен құр қалдырмақ. Бұл – оның арманы. Сенімсіздік – үмітсіздік. Үмітсіз болатын тек шайтан ғана. Алла содан сақтасын, бірақ Жаратқан Ием әу баста-ақ "Сақтансаң сақтаймын" деп пендесіне ескерткен. Абай хакім: "Алланың өзі де рас, сөзі де рас" – деген ғой. Данышпан ақын бұл жолдарды әншейін жаза салған жоқ. Түбінде терең мағына жатыр. Соны дұрыс түсінгендер ел егемендігін алған соң ата-баба жолына, солардың өмірлік таңдауына адалдығын танытып өз дінін құрметтеп әспеттеуде. Мешітке баратындардың саны жыл санап көбейіп келеді. Ел ораза ұстап, намазға бой ұра бастады. Дегенмен аз күндік қиындықка шыдамай, құлқынның құлы болып қана сын кезеңде сыр алдырып жатқан пақырлар да бар. Шетелдік миссионерлер олардың осы бір осал тұсын пайдаланып қалуға күш салып жатыр. Қазіргі ірі қалаларда бақай, кришна, будда діндеріне үгіттеп жанталасып жүрген миссионерлер аз емес. Олар өздерін пәлендей көмек беретін қайырымды қорлардың уәкілі ретінде танытып көрсетуде. Тегін емдейміз, тегін шет тілін үйретеміз деп қызықтырып барып жастарды тұзақтарына түсіруде. Тіпті олардың аяғы ауылдарға да жетіп үлгергені әй тегін емес. Қазақтар тығыз тұратын Шымкент қаласының өзінде 20-дан астам діни ұйымдар ресми тіркеліпті. Бұған баяғы қазақы кеңқолтық қамсыздықпен қарап отырған жайымыз бар. Басқа нанымға, өзге сенімге бет бұрып бара жатқан жастарды алдынан шығып қайырып алар кім бар? Дін мемлекеттен бөлек деген принциппен бәріне алыстан көз салып отыра берсек, мынау бағыттың түбінде қайда барып тірелетіні тіпті көңілге корқыныш салады. Өзімізді-өзіміз сыйламаудың кесірі өзгенің елімізге келіп тайраңдауына жол ашқан сияқты. Мәселен, екі жыл бұрын Өзбекстаннан Қызылорда облысына ат басын тіреп, өзін "Пір" ретінде насихаттаған, Исламға қайшы қылықтарға ұрынған ұлты – қазақ, руы – қожа Құрбанәлі Ахметов 20000-ға жуық жастардың басын айналдырып, экстремистік жолға баулуға көшкен. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарына дейін торын жайып үлгерді. Байқоңыр өңірінде негізгі "ордасын" тұрақтандырды. Құрбанәлі дуасының әсерінің қатері соншалық жастардың санасының иірімі өзгеріп, уағызға ұйығанда бір демде мәңгүртке айналып шыға келген. "Пірдің" аяғын жуған суды жігіттер мен қыздар таласып ішетін жағдайға жетіпті. Бұдан өткен сорақылық бола ма? Ұлттық қауіпсіздік облыстық департамент пен облыстық дін басылары оны жыл бойы бақылағандарын айтып мақтан етеді. Неге оларға дер кезінде қатаң шара қолданбайды? Егер мұндай қылықтар Өзбекстанда болса қайтер еді, ол мемлекет жалған пірді аяусыз жазалайтыны кәміл еді. Ал Құрбанәлі "Хабар" телеарнасы көрсеткендей жай ғана, ештеңе болмағандай еліне кете барады. Артында дуаланып санасы уланған жастар қалады. Солардың ата-анасының бірі Алматыдағы атақты профессор Зальцманға барып көмек сұрағанда ол кісі: "Бұл – кодирование, оны емдеу менің колымнан келмейді, дуаланған адамнан өтініңіздер, мүмкін босатар", – депті. Әншейінде кеуде қаққан молдалар жеме-жемге келгенде, дуагер Құрбанәліден ығып қорыққан. Ал жалған "пірге" көмек көрсеткендердің Құдай сазайын беретіні анық. Ғалымның айтуынша дуаланған адам биороботка айналады екен. "Пір" не айтса дуаланғандар соны сөзсіз орындайды. Биороботтар Ауғанстанда, Тәжікстанда экстремистік әрекеттерге белсене катысты. Исламдық бағытты сылтауратқан Ахмедия негізі Пәкістанда қаланған. Қазір орталығы Лондонда, (Бахай) Ираннан шыққан бағытындағылар, негізінен саясатпен шұғылданады. Бұлар – таза Исламдық жолға өте қауіпті құбылыс. Кейбір басылымдар кейде сенсация жасаймыз деп елдің миын шатастыратыны бар. Бұл қандай үгіт, қандай насихат екенін түсіне алмай дал болдық. Мәселен, "Пархат-ата" деген біреуді (Алматы облысы, Ұйғыр ауданы) Құдайға теңеді. "Жаратушы иеміз жер бетінде жүр ме?" (№3. 21-27.01.1997) деген көлдей мақала жариялады. Әрине, кім қорытынды жасайды, оны газет оқырмандарының өзіне қалдырған жөн шығар. Алайда газетке сенетін көпшілік дәл сондай үдеден шыға бермесі тағы анық. Ал Пархат болса телеарнада да ойына келген шатпағын айтып, көрерменді сыйқырлауға көшті. Құранды өртеді. Ақыры көпшілік наразылығына жолығып тынды. Алдағы уакыттарда осындай жайлардан сақ болса екен. Десек те Қызылорда облысындағы "Сырдария" газеті: "Елбасы – төре, муфти – қожа болуы керек", – деп жазыпты (Шапағат нұр. №7-8.1998.7-бет). Мақаланың басында айтқан қожа Марал Ишан өзін өмірбойы қазақпын деп кеткен екен. Бүгінгі таңдағы бұл "Елбасы – төре, муфти – қожа болсын" деу қандай ишара?! Дін уағыздаушыларымыз бірауызды болмаса санамыз қайта ағара бастаған қазіргі кезеңде имандылыққа бет бұру әй оңай емес. Қазір республикадағы 50-ге жуық бағыттағы 1400-ге жуық діни бірлестіктер заңды түрде тіркеуден өтіпті. Әрине, мол қаржы, доллар кімге не дегізбейді. Әділет басқармасындағылар бәлкім, сондықтан да келісе беретін шығар. Осының ар жағында не жатыр деп ондай бірлестіктерді тіркеуден өткізбес бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен ақылдасса несі айып. 1994 жылы Жамбыл облысындағы Саркемер ауылында болдым. Осында бір ағылшын эколог келіпті. Қазақшаға судай өзі, қазақша киінеді, – деп, жергілікті жұрт оған риза болып, мақтап отыр. "Бірақ байқасаңыздар, өзен-көлдің экологиясына көмектесем деген "батыр" қазаққа өзге дінді уағыздап жүрген миссионер болмасын", – деп ескерттім. Арада үш жыл өткенде тура солай болды да шықты. "Жас Алашқа" (30.01.1999) "Адасып жүрсің бе, Әйгерім?" деген мақала шықты. Мәні былай. Германиялық неміс азаматы Жаркентке келіп қайырымдылық корын ашкан. Оған қазіргі тарығып жүрген жұрт не десін. Қуана қолдап, қарсы алған. Әлгі қайырымдылық қордың адамдары бара-бара осындағы педагогикалық колледждің студенттеріне христиан дінін уағыздай бастаған. Бейнефильмдер көрсеткен. Оған қарсылық көрсетудің орнына колледж басшылары, мұғалімдер кәдімгідей елпілдеп қолқабыс көрсеткен. 18 жасар қазақ қызы Әйгерім солардың белсенді уағыздаушысына айналған да кеткен. "Жас алаштық" тілші шырылдап осыған дабыл қағады. Оған заң орындары, атқамінерлер болса жөнді мән бермейді. Әрине, интернационалист болып өскен бізге кай дін болсын бәрібір сияқты. Алайда бұл бүтіннің бөлінуі, тұнықтың лайлану нышаны емес пе?! Еріксіз тіксінесің. Егер шындап қимылдасақ жұртты үйіріп әкететін күш өзімізде бар. Қазақстанда 2500 ден аса мешіт жұмыс істейді. Пайдалана білсек бұл бізге аз күш емес. Он бес мыңнан астам молдаларымыз тізіліп олар әне жүр. Жыл санап медресе, діни институттарды бітіргендермен олардың қатары толығып жатыр. Оған Исламды жақтаған қоғамдық ұйымдарды, жекелеген ғалымдарды, қаламгерлерді, басқа да белсенді топтарды қосыңыз. Бірақ осылардың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен, оның облыстағы өкілдерімен байланыстары болса. Бір-бірін батырым деп сыйлаудың орнына, қасарысуы, қарсыласуы, текетіресуі көп. Оның кесірі келіп бұқараға тиіп жатады. Сөзіміз жалаң болмас үшін бір мысалға жүгінейік. Оңтүстік Қазақстан өңірінде 760 мешіт бар. 1998 жылдың қазанына дейін соның 40-ы ғана орталық діни басқармасының есебіне тіркелген екен. Қалған 200-ы өзінше бақылаудан тыс жұмыс істеп жатыр. "Мешітті өзіміз салдық, онда кімнің не шаруасы бар?", – дейтін көрінеді. Шет елден келіп мешіт салғанның бәрі бізді жарылқайды деп кім айтты? Өлім-жітім кезіндегі пайдаға бола тастай қатып, қартайса да билікті бермейтін, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облыстық басқармасына көнбейтін кейбір жергілікті имамдардың ниетін қалай түсінеміз сонда? Соның салдарынан Шаян мешіті ниеті бұзық топтың ошағына айналып шыға келген. Әрине, дүмшелердің оларды аластауға күші де, дәрмені де жетпейтіні анық. Әрине жақсы нышандар да бар. Ислам институтын, Мерке, Павлодар тағы баска жерлердегі медресселерді бітіріп шығып жатқан түлектер жер-жерге имамдыққа барғалы нәтижелер жаман емес. Бірақ жас имамдарда әлі батылдық жете бермейді. Немесе сауаты тек діни түсініктерден әрі аспайды. Тарих, философия, басқа да ғылымдарды салыстырмалы түрде талдауға келгенде имамдардың сауаты аз екені жасырын емес. Көп алдындағы көсемдік, жүрт алдындағы шешендік те оларда жетісе бермейді. Шет елден келген уағыздаушылармен салыстырсақ біздің имамдарымыздың ой-өрісі, білімділігі қандай екені осыдан-ақ белгілі болып қалады. Сондықтан имамдардың білімін жетілдіріп отыру, ғылымның түрлі саласының мамандарын қатыстырған семинарлар ұйымдастыру діни басқарманың бағдарламасына кірсе, әрине орынды болар еді. Имамдар қалың бұқараның ортасында жиі болып, жұртшылық өкілдерімен сұхбаттасып, көкейде жүрген сан алуан сұрақтарға жауаптар тауып, көңілден шығып жатса оның өзі дін беделін одан әрі көтере түсер еді. Бүгінгі күн көп нәрсені талап етіп отыр. Сондықтан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Қазақстан православия діні басқармасымен бірлесе отырып дін жөніндегі жаңа заң жобасын жасап Парламент қарауына ұсынуы керек қой деп ойлаймыз. Дін – тәрбие. "Қүран Кәрім" – ең алдымен тірілер үшін түсірілген ілім, қасиетті Кітап. Біз осыны анық сезінуге тиіспіз. Дін рухымызды күшейтеді, санамызды тазартады. Рухани жағынан жүдеу халге түскен, шет елдіктер әбден әлсіреткен, әдепсіздік белең алған Иран елін оның діни көсемі әрі мемлекет басшысы Аятолла Хомейни ұзақ жылғы айқастан кейін құтқарғаны бәрімізге мәлім. Иран сегіз-ақ жылда қайта түледі. Салауатты әрі рухы таза, сонымен қатар бай мемлекетке айналды. Қорыта келгенде, қолына Құран ұстап өздерін құдайшыл ретінде танытуға әуес, басына ақ сәлдесін ғана оранған кейбір дүмше молдалар, ақ киімге әуес әрі сауатсыз, әрі алаяқ қайсібір емшілер халықты имандылық жолына сала алмасы анық. Сондықтан барымызды пайдалана біліп, парасат күшін біріктіруміз қажет. "Оян, қазақ" деген ұран – имандылық жолдағы ақ ниеттілердің де айтар қағидасы. Ол үшін мешіттердің, имамдардың, діни және қоғамдық ұйымдардың ықпалын арттырып, беделін көтеретін батыл шаралар да кажет. Ата-бабалар әруағын сыйлаған, әулиелерді пір тұтқан халықтың ұрпақтарымыз. Сол киелі діннің талаптарын, қасиетті бабалардың арман-тілегін орындау мүмкіндігіне қол жеткізетін уақыт жеткен сияқты. Біз туғанда-ақ мұсылман болып туылдық. Ендеше ұлтымыздың атын алып отырған мемлекетті де басқаша елестетуге болмайды. Салауатты өмір салтына жетудің басты қағидасы да халқымыздың діни-рухани байлығы болмақ. Қасиетті Құранның Тәубе сүресінің 116 аятында: "Шынында көктің де, жердің де иелігі Аллаға тән. Ол тірілтеді, өлтіреді, сондай-ақ сендер үшін Алладан өзге не дос, не жәрдемші жоқ", – деуі Жаратушы Алланың шексіз құдірет иесі екенін дәлелдейді. Сондықтан да Алланың ақырғы хақ діні Исламды білуге құлшыну балағатқа толған әр мұсылманның парызы болуға тиіс. Қолында Құраны, аузында иманы бар имамдарымыз Алла тағала ілімін жүректерге ұялатуға көмек етсін. Жақсылық халқымызға нәсіп етілсін.
ҚАСҚЫР ДА ҚАС ҚЫЛМАЙДЫ ҚАНДАСЫНА
Өткен жылы көктем айынан бастап, Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Астанадан аттанатын халықаралық архе-этнологиялық «Астана-Ақтау-Мекке-Медина-Ақтау-Астана» ғылыми экспедициясы жөнінде жылы хабарлар берілді. Бұған қазақ елі мұсылмандары қуанса, басқа шетелдіктер де бақылай бастады. Әрине, «Өлгенің тіріліп, өшкен отың жанып жатса» қуаныш деген осы ғой. Бұны ойлап тапқан, көне «Жібек жолын» қайта жаңғыртам деген қандай ақылды адамдар екен деп, таңданғандар да болды. Әлдебіреулер «ғылыми» деген атына қарағанда, Үкімет тарабынан қолдау да бар шығар деді. Бірақ, осы елді елең еткізген сапарнаманың ақыры елді ұятқа қалдырудан аспады. Үкіметіміз бен мемлекеттік бақылаушы орындардың іргесінде отырып, өздерінің «білімпаздығын» дәлелдегісі келген астаналық «Алтын қазық» және «Насруллаһ» діни қайырымдылық қоғамдық ұйымдарын басқарушы азаматтардың (Тәңірберген және Қазбек) қимылы бүгінде күлкіге айналды. Талай жазықсыз жандардың жанын, арын жаралады. Олар қасиетті Мекке-Мәдинаға Астанадан сапарға шығып «30.09.1999) бір жарым айдан астам Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының «қамауында» жатты. Осы құрамда болған, кейін ары асып Ираннан қайтқан ақмолалық Хамидолла Нарымбет ақырында «Хабар» теледидарынан елге зарын айтып, экпедицияның «тағдырын» жария етті. Одан кейін ол өз атынан «Астана ақшамы» газетіне (Т 7. 13. 01. 2000) «Қасиетті қажылықтың қайырсыз сапары» атты мақала жазды. Мен де алғашқы сөзді ақмолалықтардан естіген соң қимылдармын деген үмітте едім. Өйткені, өзім де сондағы сапаршылардың бірі болатынмын. Атағы дардай экспедицияға аттанар күні қосылдым. Жаңаөзенге барғанда жергілікті халық және басшылар мені танып, құрмет көрсете бастағанда барып, қажылық құрамындағылар маған көңіл бөле бастады. Мен сабыр сақтадым. Себебі, Алла жолына аттанғандардың тағдыры бір, мақсаты бір болғандықтан оның бұған дейін кім болғанының қажеті шамалы еді. Жоғарғы екі қоғамдық ұйымның атқарушы директоры, пайғамбар жасындағы Тәңірберген Сәдібековтің пиғылы басқа екенін алғашқы сапаршылар жиналысында-ақ (18-19. 09. 1999) сезіп қалдым. Ол өте айлакер, қатыгез, сыпайлықтан аулақ, адамдарды үлкен-кіші, ер-әйеліне қарамай бәрін өзіне бағындырғысы келетін, адам қуатын сорып жаншатын қара күш иесі екен. Сондықтан да болар биоқуаты, қорғанышы төмендер оның айтқанына көнеді. Артынан ауырады. Ызаланады. Осындай Тәңірбергеннің қысымына шыдамаған жасы жетпістен асқан қария мен ананың «а құдай, біз Меккеге осы қорлықты көріп барамыз деп тіледік пе», – деп жылаған көз жасын көрдім. Көпшілік менен көмек сұрай бастады. Осыдан кейін экспедиция құрамына рухани басшылық жасадым. Тәңірбергеннің маған шабуылы түкке аспады. Ол абыройын айрандай төгіп жатты. Өз басым экпедиция құрамының амандығы үшін жергілікті халық және әкімшілікпен жақсы байланыс орнаттым. Заң орындары адамдардың қауіпсіздігін сақтау үшін, оларға сырттай күзет қойды. Ақтауда тікелей эфирден Тәңірберген және оның екі ай бұрын Ақтауға келген астаналық сырласы Торғауыт Шакизада және мен үшеуміз сұхбат бердік. Тәңірбергеннің ісі ашылып масқара болды. Торғауыттың жұмысы ноль. Түйе жоқ, сатып алсаң біреуі 100 000 теңге. Осы күндері жоғарыдағы ұйым қорға бір тиын түсірмеді. Тіпті, Тәңірберген мен бес сыбайласы ортаға бір доллар да қоспағаны әшкереленді. Өздері 22 адамнан 300 доллардан жинаған қаражатты оңды-солды пайдаланған. Бізбен бірге болған астаналық ғалым Тоқпан Сәдібеков бұл жайды маған ана екеуінің көзінше дәлелдеді. Екеуінде үн жоқ. Ұят қайда дедім. Артынан Тәңірберген Сәдібек екеуміз тамақ ішуге кетіп, қайта келдік. Торғауыт жоқ. Ол менімен ренжіскен соң далада есінен танып, облыстық ауруханаға түсіпті. Біз оны үш сағаттан соң таптық. Сөйтсек, оның жаман сырқаты бар екен. Осыны білген Тәңірберген бір нәрсе бола қалса оған жауап бермейтін жол іздеп, Торғауытты әдейі таңдап алыпты. Торғауыт екі айдан астам тұрған үйінің пұлы, әрі пайдаланған телефон қызметі үшін 30 (отыз) мыңдай теңгені төлемей кеткен. Сонымен құпиясы ашылған Торғауыт 16 қазанда, ал Тәңірберген 21 қазанда адамдарды алдап, біз шетел елшілігінен рұқсат әкелеміз деп кетіп, сол бойы қараларын көрсетпеді. Астанадан байланыс арқылы – адамдарға жата беріңдер, бәрі де болады деп алғашқы қыстың қаһарына тоңдырды. Адамдар ауыра бастады. Жатқан жерде жылу жоқ. Тамақ нашар. Қыстың жылы киімі атымен жоқ. Ел сенген Тәңірберген мен Торғауыт өз үйлерінде, жылы төсектерінде ұйықтап жатты. Екінші бір патриот, бір күнде жеті министрдің келісімін алған, Үкімет қаулысын дайындатқан экспедицияның тағы бір басшысы, Солтүстік Қазақстан облыстық дәрі-дәрмек басқармасының бас директоры Марат қажы Сәрсенбаев аттанар күні құрамды екіге бөліп жіберді. Тәңірберген мен Марат қажы осы экспедицияның жұмысының ойран болуын, халықты масқара еткендері үшін, заң алдында да кінәлі екенін бұдан былай білгені артық емес. Осы Марат өзі қажы бола тұрып күнәға батарын білмейді-ау, шамасы. Соңғы кезде қайырсыз болған бұрынғы экпедиция мүшелерін баяғы 300 доллармен Ресей арқылы қажылыққа апарамын деп жар салып жүр. Сенгендер құжаттарын берді. Астананың дәл ортасында «ұятсыздық» қылмыс істелсе, онда республиканың басқа аймағында не болмақ? Тәңірбергеннің Кувейттен хат алып, Ирак жерінен «өтерде сендердің 600 адамыңды қамаудан босат деп айғайлап өтем. Сыйлықтарыңды дайында» дегенін біз де, кейбір бақылау орны да біледі. Тәңірберген экспедиция құрамын Кувейт үшін «құрбандыққа» шалуға жақын еді. Бірақ, ол арманына жетпеді?! 12 қарашада Жаңаөзеннен аттанып, Иранға жеткен 7-інің 4-еуі елге келді. «Насруллаһ» ислам қоғамының төрағасы Қазбек Байсопы, зейнеткер Қошмұхамед, емші Дәметкен (бәрі Астанадан) тағдрлары, өткен жылдың 9 желтоқсанынан бері белгісіз. Ешкім білмейді. Рұқсаты біткен. Бұл үшеуі бүгінде сұраусыз, іздеусіз, керексіз тірі пенделерге айналды. Қазбектің Алматыдағы туыстары қайдан оны іздерін білмейді. Міне, Үкіметті де, заң орындарында және халықты да арбап алдаған астаналық Тәңірберген мен петропавлдық Марат қажы әрекеті талай адамның жанын жаралады. Моральдық, материалдық, психологиялық зардаптардың кеселі экспедиция мүшелері үшін, жазылмас жараға айналды. Ал, бүгінде қажыға апарғыш қауымдар, коммерциялық фирмалар, аты әдемі, білімсіз діни орталықтар көбейді. Бұлар автобусқа 800-1000, тік ұшаққа 1600-1700 АҚШ доллары бағасын қойып, жарнамаларды бұрқыратып жатыр. Осыларға сеніп барғандар сонда қалып қойып, зардап шеккен жағдайлар да болды. Бұл орындар қажылық сапарға барушыларға заңды жауап бере алмайды. Ел Астанасындағы «Алтын қазық» пен «Насруллаһ» ұйымы басшыларының өрескел қылығы анау болғанда, басқаға өкпелемейік. Қысқасы, бұдан былай қажылыққа тек ғана, мемлекеттік кепілдікпен жауап беретін ұйым арқылы барған жөн. Ол ұйым біреу ғана. Ол мұсылман елдері заңды таныған, құрметпен қарайтын, қажылардың қауіпсіздігіне жауап беретін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ). ҚМДБ-ы ғана қажылар амандығына кепіл бере алады. Қасқырдан да жаман адам қасқырынан аман болайық.
ЗА ЩИТОМ ГУМАНИЗМА СКРЫВАЯСЬ ОТ НАЛОГОВ «Центр народной медицины» укрыл от уплаты в бюджет 26 миллионов 495 тысяч 170 тенге налогов. Главным врачом «Центра народной медицины» Ерасыл Абылкасымов стал в 1991 году. Он не скрывал, что за короткий период станет миллионером. В газете «Казахстанская правда» в статье «Будет ли у Казахстана свой Федоров?» (11.04.1992 г.) он нанес моральный ущерб благотворительным организациям. Зарегистрированное Минюстом юридическое лицо он объявил незаконным, мотивируя только тем, что ему не нравится его Устав. Через своих людей в бывшем Министерстве здравоохранения и в Верховном Совете в «Закон об охране здоровья граждан Казахстана» он протолкнул скрытно статью о 2-месячном испытательном сроке народных целителей. Первым делом он нанес удар по вновь организованной «Ассоциации народных целителей Казахстана», в результате чего она была закрыта. Однако при этом Абылкасымов Е. действовал за спинами своих сподвижников. Все все прекрасно понимали, но ничего сделать не могли. Мы понесли материальный и моральный ущерб в десятки миллионов тенге, хотя Ассоциация была зарегистрирована вновь и мы продолжаем действовать поныне. Е.Абылкасымов после этого развил кипучую деятельность, любой, кто себя называл целителем, получал удостоверение «профессионального народного целителя» сроком на два года. Всего за 1991-1998 годы было зарегистрировано около 3500 целителей, из них более 1000 стали «профессиональными народными целителями». Короче, не зависимо от наличия образования, практики лечения, либо помогая на стройке, они сомнительными способами получали статус «профессионала», тем самым компрометировали духовное исцеление. Тем не менее с 1992 года у Ерасыла в 18-19 городах республики действуют филиалы. За один сеанс лечения установлена ставка 500 тенге и выше. Гадание на бобах и выдача амулетов (тумары) и того дороже (из газеты «Жас Алаш» 21.08.1997 г.). Не понятно, откуда взяты такие расценки. Исходя из них, в среднем по центру и его филиалам, а также народные «профессиональные народные целители» платят «Центру народной медицины» всего за год по 50000 (пятьдесят тысяч) тенге. Если это число помножить на число «профессионалов», получаются десятки миллионов. Исходя из этого, поступления в центр за двухмесячные испытания, от школы целителей, дополнительных проверок, от конференций, выдачи лицензий и т.д. составляют в год 55-65 миллионов тенге. Хотя деньги поступают, но их, вероятно, не приходуют. Не довольствуясь этим, господин Абылкасымов Е. продолжал борьбу с неугодными ему обществами с помощью своей «правой руки» – председателя Ассоциации «профессиональных народных целителей» целителя Адилхана Ерманова. Ко всем, кто имел дар целительства, в дом входили группы «профи» во главе с А.Ермановым и требовали штрафы. На руках у них были письма за подписью Е.Абылкасымова с угрозой о привлечении к уголовной ответственности согласно старому уголовному кодексу КазССР по статье № 209. Безграмотные «лекари» попадали массово в капкан Ерасыла. Кто не проходил экзамены – «психи», а кто проходил – «деловые профессионалы», так назвал их в интервью Е.Абылкасымов в газете «Қазақ елі» № 21 за 22-28.05.1998 г. Как это понять? Это же нанесение морального ущерба целителям! Свое 50-летие Ерасыл Абылкасымов и Адылхан Ерманов провели в ресторане по ул.Байзакова в г.Алматы. Расходы пиршества Е.Абылкасымов покрыл за счет денег, полученных от издания книжки «Сто народных целителей Казахстана», выпущенной в издательстве «Атамура» тиражом 250 000 на русском и казахском языках, которую реализовали по цене 100 тенге через народных целителей по 50-70 штук, выручка составила 18-20 миллионов тенге. Спрашивается, куда девались народные деньги? Господин Абылкасымов остался недоволен этим кушем и пригласил журналистов газеты «Қазақ елі», заявив о том, что подпишется на газету в обмен на его интервью. Видимо, не довольствуясь тенге, главный врач с зарубежных собратьев предпочитал оплату в долларах. В интервью «Лечись у народных целителей» («Казак елі» № 21 от 22-28.05.1998 г.) корреспондент задает вопрос Е.Абылкасымову: Вопрос: Целители, имеющие специальные документы, платят вам налоги? Ответ Абылкасымова: Это неправда. Нам налоги не платят, но задания доводим. По трудовому договору ежемесячно платят нам сельские целители 3000 тенге, городские 5000 тенге, а целители центра 25000 тенге. Видимо, эти задания вам преподнесли как налоги. По закону налог целители платят в местные налоговые инспекции, либо покупают патенты. С 1991 года ни один целитель не платил налоги от доходов в местные бюджеты, их с этим не знакомили, хотя это их обязанность. Непонятно, по каким законам живет главный врач центра господин Е.Абылкасымов, если по трудовому договору «снимает навар» с целителей, и при этом не отвечает за нарушенные права целителей. Все, кто прочитал это интервью, раздумывали почти полгода, откуда такое количество денег? В связи с этим после проверки налоговой инспекцией Бостандыкского района г.Алматы «Центра народной медицины» (позже труднопонятное название «Республиканский научно-практический центр восточной и современной медицины») по платежам в бюджет за 1995-1998 годы 29 декабря 1998 года установило сокрытие налогов от уплаты в бюджет Центром в сумме 26 495 170 тенге (двадцать шесть миллионов четыреста девяносто пять тысяч сто семьдесят), о чем составлен акт, и Е.Абылкасымов подписался... Начиная с 1999 года, главный врач занялся идеей перерегистрации центра в ТОО. Для уплаты налогов Е.Абылкасымов под угрозой «сравняю с землей» своим «профи» установил дань. Где хочешь найди! Все прошлые платежи не в счет. Не выдержав такой прессинг, целитель-травник Сейтказы Калиев попал в больницу с сердечным приступом, много других пострадавших. В это же время дружок Е.Абылкасымова А.Ерманов за январь-февраль, находясь на родине в Кзыл-Орде, выдал 25 удостоверений и умыкнул из областного бюджета кругленькую сумму с помощью своего дружка Е.Абылкасымова. Вот так! Одного проверяют, другой раздает при этом удостоверения неграмотным лекарям, обманывая народ... На местах акимы должны обеспечить выплаты налогов совместно с работниками налоговых служб, это требование закона. Нарушения законов о финансах в центре находится на контроле в Миндоходах РК и КНБ РК. Следовало бы провести их департаментам и комитетам проверки в филиалах центра. Верим, что будет дана обьективная оценка Генпрокуратурой чрезвычайным действиям руководства центра «народной медицины» по обиранию собственного народа и укрытию налогов от государства. Зиядан КОЖАЛЫМОВ, президент Ассоциации народных целителей Казахстана, полноправный член пяти ассоциаций народных целителей других стран. ОТ РЕДАКЦИИ: В газету автором предоставлены все подтвердающие документы. Газета «Преступление и наказание» от 13.03.1999 года, стр.11. (Перевод с казахского) Газета «Русский Вестник», № 44, 22.11.2001
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 | |||