орындалған Аманат
5
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 


ХАЛЫҚ ЕМІНІҢ ҚАДІРІН ҚАШЫРМАЙЫҚ

 

Қазақ халқының өмір салтындағы әдеп-ғұрыптары мен рухани үрдісіндегі сан қырлы болмысы кімді болмасын қайран қалдырып, таңдай қақтыратын құбылыстарға толы. Арғы-бергі тарихқа жүгінсек, ұлтымызда табиғат пен жаратылыстың тылсым сырлары мен көпшілікке құпия күштерімен тілдесудің жолын тауып, оны елі мен жерінің игілігіне асырған тұлғалар көптеп саналады. Табиғатпен тамырлас ұлы даланың төл баласы болып саналатын қазақтың бойындағы дарын мен ұлт қанындағы қасиеттің арқасында жалпақ жұрттың сенімін иеленіп, есімдері ел тарихына алтын әріптермен бедерленген халық емшілері, тәуіптер мен бақсы-балгерлердің кейінгі толқындары өктем жүйенің темір құрсаулы шеңберінен шыға алмай, тала-талай қуғын-сүргінді бастан өткерді. Еліміз егемендік алып, ұлттық үрдістеріміз бен салт-дәстүрлеріміз қайта өрлей бастағанда халық емшілігін қадір тұтатындар еңселерін қайта тіктеді. Алланың құдіреті нәтижесінде бойларына біткен қасиетті ел қажетіне жаратуға да жасқанбай кірісті. Бүгінде қалың қауым халық емшілігіне қарай бет бұра бастады.

Дегенмен, «Күріш арқасында күрмек су ішетін» жағдай құдайсыз сөйлемейтін халық емшілері арасында жайлап алғанын жоққа шығаруға болмайды. Рухани сана еркіндігіне даңғыл жол ашылып, жұртшылық жаппай имандылыққа бет бұрған шақта «Аңқау елге арамза молдалар»  арам шөптей қаулап, шынайы қасиет қонғандардың өздерін ығыстыра бастады. Ондай шала тәуіптер сонау XIV – XV ғасырларда өмір сүріп, өзінің даналығын әлем ғұламаларына мойындатқан., артына «Шипагерлік баян» атты баға жетпес құнды еңдек қалдырған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздан бастау алатын халық емшілігінің мөлдір бұлағын лайлап-ақ жатыр.

Ел-жұрттың нағыз халық емшілеріне деген сеніміне селкеу түсіруде. Өкінішке орай, «жалған емшілер мен құмалақшылар, бақсы-балгерлер» қатары Жетісу өңірінде де баршылық. Ғасырға жуық уақыт табиғат пен жаратылыстың тамыр соғысын дәл болжап, құпия сырын аша алатындарға әбден сусап қалған халық кейде жалғандық пен шыңдықтың аражігін ажырата алмай, алаяқтардың алдап-арбауына жем болады. Ел үстінен күн көріп, «ауырдың асты, жеңілдің үстімен» жүргенді меңгеріп алғандарға қарсы қандай амал қарастыру қажет. Алматы облысына арнайы атбасын бұрып, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық ұйымының жұмыстарына қатысты мәселені шешуге келген осы бірлестіктің президенті, «Республикалық ғылыми-практикалық халық медицинасы орталығы» ЖАҚ директорының филиалдар бойынша орынбасары, Халықаралық дәрежедегі парапсихолог Зядан қажы Қожалымов редакциямызға бас сұғып осы жағдай төңірегінде ой толғаған еді.

– Талдықорған қаласында облыстық салық комитеті, денсаулық сақтау басқармасы және тағы басқа мекемелер өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық ұйымының жұмысын жолға қою жағдайын ақылдастық. Шұғыл келуіміздің де өзіндік себебі бар. Еліміздің барлық аймақтарындағыдай Жетісу өңірінде де жалған халық емшілер мен өтірік бақсы-балгерлердің көбейіп кетуі жұртшылықты алаңдатып, қоғам өмірінде халық емшілігіне байланысты кері пікірлердің пайда болуына жол ашып отыр. Біздің мақсат – мемлекеттік атқарушы билік орындарымен бірлесе отырып емші, бақсы-балгер, көріпкел атын жамылғандардың тамырына балта шабу, олардың жалғандыққа салынып, жұртшылықтың сана-сезіміне сызат түсіруіне тосқауыл қою. Бұл бағытта қолға алған бастамамыз облыстағы бірқатар басқармалар мен комитеттер тарапынан кең қолдау тауып, ондағылар мүмкіндіктерінше көмек қолдарын созуда.

Жасырары жоқ, бүгінде ел арасында өтірік-шыны аралас емшілерден көп ешкім жоқ. Бірақ олардың халыққа қызмет көрсету сапасы сын көтермейтін жағдайда. Ел-жұртқа келтіріп жатқан пайдасынан гөрі зияны басым. Мен өзімнің 12 жылдық тәжірибеме және ел ішіне шыққан кезде жүргізген бақылау жұмыстарының нәтижесіне, жергілікті халықтың пікірлеріне сүйене отырып, «халық емшісімін» деп кеудесін соғып жүргендердің 75 пайызының қарапайым елді теспей сорып, оңай олжаға айналдырғанын толық сеніммен айта аламын. Олар алдына сенім артып келген жұрттың жағдайын жүре тыңдап, жеке басының пайдасын ойлап, құлқынның құлына айналғандар. Басым бөлігінің емшілікпен шұғылдануды былай қойғанда өз бастарын алып жүрер ақылы жоқ. Тікелей айтар болсақ, жоғарыда айтылған 75 пайыздың 50 пайызының психикасы ауытқып, жүйкесінің жұлма-жұлмасы шыққан. Тоқетері, жындылар.

Қазіргі кездегі біздің анықтауымыз бойынша «емшімін» дейтіндердің 25 пайызының ғана бойында ата-бабадан қалған, Алланың бұйрығымен жеткен қасиеттер бар. Алдағы уақытта бұл санның да азаюы мүмкін. Өйткені, халық емшілеріне қойылар талап еселеп күшейіп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» таңдауға бет бұрудамыз. Сондай деңгейге жеттік десек, ешкім артық айттың дей қоймас. Бұрынғы ата-бабаларымызда да 10 мың адамның арасынан бір қасиетті адам, тылсым күшпен тілдесе алатын тұлғалар шыққан. Өшкеніміздің жанып, жоғалтқанымыздың табылғанына да 12 жылдан астам уақыт артта қалды. Сондықтан алғашқы жылдардағы асығыс байламдар мен ұшқары қорытындылардан  ада-күде арылатын кез жетті. Жоғарыда айтылған ата-бабалар жолы – 10 мыңнан біреуді таңдау жүйесіне жасқанбастан көшу қажет.

Адамға ерекше қасиеттің қонуы Алланың сыйы, тартуы, сонымен бірге сынақ екенінде ұмытпаған жөн. Осы сыйды дұрыс пайдаланып, сынақтан сүрінбей өту әр адамның өзінің имандылығы мен адамгершілігін жоғалтпауға тырысып, дін жолынан ауытқымаса, алдына келген адамға бар пейілмен, таза ниетімен көмек жасайтын болса, Алла тағаланың өзіне жүктеген міндетін орындағаны, оның ақ жолына адал болғаны. Ел-жұрт сеніміне лайық болу үшін әрдайым ізденісті жалғастырып, білімін көтеруден жалықпағаны жөн. Өсек-аяңға жоламай, ақ пен қараны айыруға жете көңіл бөлу керек. Сонда ғана адамға қонған қасиетті күш көпке сақталмақ.

Ал енді әумесерлікке салынып, әпенділіктерімен елге күлкі болып жүргендердің жүрісі ұзаққа созылмайды. Біраз жылғы дүмшеліктің соңы жындыханамен аяқталып жатқанын жақсы білеміз. Қазіргі «емшілердің» 60-пайызға жуығы отбасын тағдыр тәлкегіне салып, бала-шағасынан безіп кеткендер. Алды содан кейін үш-төрт әйел алып, қайта ажырасып, өз отбасына қоса тағы біраз шаңырақтың шайқалуына әсер етуде. Бұдан өткен сұмдық бар ма? «Айналайын, емшілігің, көріпкелдігің өзіңе, өз бала-шағаңды қаңғыртқаныңмен қоймай, тағы бірнеше отбасын ойрандағаның не?» десең, бет-аузы бүлк етпестен. «Алла тағалам қасиет қондырып, ата-бабаларым аян берді» деп шімірікпей соғатынын қайтерсің сорлылардың. Қай ата-баба ұрпағым қаңғысын деп аян бермек, мұндай келеңсіздігі көп кесірлі тірлікті Алла тұрмақ қарапайым адам да қолдамайды. Ет пен терінің арасындағы желікті көтере алмайтын желбуаздар қарапайым жұртты әбден әурелеп, саналарын сансыратып жіберді. Куә болып жүрміз, ер адамнан 5 бала, әйел жақтан 4 бала далада қалып, осындай күнәкәрлық барысында пайда болған үшінші отбасы да ойранға батып жатады. Трагедия деген осы емес пе?

Мұндай азғындау, Алланың ақ жолынан ауытқу халқымыз басында бұрын-сонды болып көрмеген. Сол рухани құлдыраудың басы-қасында жалған емшілер мен көріпкелдердің жүруі мені ғана емес, құдай жолын ұстаған басқа да қасиет қонғандарды мазалауда.

Қазіргі кездегі мәліметтер бойынша жарты миллионнан астам мұсылман (біздің елде ғана) басқа діндерге еніп кеткен. Мұның да өзегінде ащы шыңдық бар. Әрбір дүмше молда немесе шала бақсының соңында жүздеп-мыңдап адам еріп жүреді. Олардың арасында жалған уағыз бен көзбояушылыққа бүкіл жандүниесімен сенген, елтіген жастар да, ересектерде бар. Еліміздегі түрлі діни ұйымдар мен секталар саны да көбейіп кеткен. Олардың басым бөлігі мұсылман дініне қарсы әрекет етіп, ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенімдеріміздің іргетасын шайқауда. Халық емшілігіне де айтарлықтай қауіп төніп тұр. Бұл бағытта да түрлі ұсақ-түйек ұйымдар дүниеге келіп, мемлекетіміздегі халық емшілігіне қатысты заңдардың талаптарын талқандауда. Сондайлардың біразы Алматы облысы аумағында да бой көтеріп, қалың қауымды өздері ойлап тапқан сандырақ ағымдарға сендіру жолында жанталасуда. Сондықтан заманына қарай амалын ойлап тауып, ел ертеңіне елеулі түрде әсер ететін келеңсіздіктерге қарсы бірлесе, тізе қоса қарсы тұруымыз қажет.

Осы мәселеге қатысты «Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық ғылыми-практикалық» халық медицинасы орталығы ЖАҚ өзара ортақ келісімге қол жеткізіп, атқарылар жұмыстарды бір жүйеге түсірді. Бүгінде сонда жасалған тұжырымдаманы жер-жерлердегі ұйымдарға жеткізіп, әңгімелер өткізіп жүрмін. Нақтырақ айтар болсам, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық ғылыми-практикалық халық медицинасы орталығы» ЖАҚ директорының филиалдар жөніндегі орынбасары ретінде осы бағыттағы жұмыстарға жетекшілік жасаудамын. Талдықорғанға да сондай арнайы іссапармен келіп, негізгі шаруаны ойдағыдай орындадым, – деген Зядан қажы Алматы облысындағы халық емшілігіне байланысты жағдайдан да жұртшылықты хабардар еткенді дұрыс көрді.

– Мұндағы ұйымға бұрын басшылық етіп келген жігіт азамат деген ардақты атқа лайық болмай шықты. Басқа облыста 4 баласы мен әйелін тастап қашып келген ол Талдықорғанда да 3-4 отбасын бүлдіріп үлгеріпті. Өз бетімен «Парасат» деген ұйым құрып, біраз жындысүрейлерді жинап, ел-жұрттың есін шығарған. Біреуге жақсылық жасағанды қойып, өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жөнін білмейтіндер кімге тұлға болмақ? Мұндай топтардың саны біраз. Атын атап кетуге де болатын еді. Бірақ өздері де бәрін іштерінен сезіп отырған болар. Ұйғыр ауданында өзін Алланың елшісіне теңестіріп отырған адамның тіптен білімі жоқ. Жамбыл, Ескелді, Қарасай аудандарында, Талдықорған қаласында да «шарлатандар» жетерлік. Арасында әйелдер де бар. Осының бәрін ой елегінен өткізе келе еліміздегі осындай әрекеттерге қатысты заң талаптарын күшейту керек-ау, деген ойға келемін «Тірі құдай шықты» деген не пәле, не сұмдық. Өздеріне осындайды жапсырып алғандарды көргенде еріксіз бармағынды тістеп, басынды шайқайсың. Көре тұрып, дәтім шыдай алмады. Сондықтан да бір орталыққа бағынып, бетімен кеткен жалғаншыларды жөнге салуды мықтап қолға алдық, – деген Зядан қажы бұдан басқа да біраз күрмеулі мәселенің жай-жапсары туралы әңгіме қозғады.

Шындығы солай, ағайын, халқымыз бойында басқаларға ұқсамайтын ерекше қасиеті барларды әрдайым төбесіне көтерген. Күні бүгінге дейін сол қалпымыздан еш өзгергеміз жоқ. Кейде содан ажырамаймыз деп жүріп алданып қалатынымз да бар. Егер халық емшілігі, көріпкелдік, бақсы-балгерлік сияқты ерекшеліктері бар адамдармен жұмыс істеу жөнге түспесе, ауыл-ауылды аралап, халықты алдап-арбаумен күн кешіп жүргендер қатары көбейе бермек. Бұл бағытта жоғарыда аталған республикалық ұйымдардың қолға алған шараларын көп болып қолдап, барынша демеу көрсеткен жөн. Зядан қажының да халықтан күтетіні сондай шешуші қадам екені сөзсіз.

Сайып келгенде халық емшілігі, көріпкелдік және бақсылықтың ғылымның барлық саласына қатыстылығы күмән туғызбайды. Тарих, поэзия, медицина, физика, астрология, химия, музыка... секілді салалармен бастауы біте қайнасып жатқаны біздің ұлттық рухани үрдістеріміздің әр тектілігін, салт-ғұрыптарымыздың өмірдің өзінен өнеге түйер, тәңір мен тіршілік ұғымдарының аясындағы үйлесімділіктен табар кең ауқымдылықты аңғартады. Біздің мақсатымыз сол жарасымды мол үйлесімділіктің үзіліп кетпеуін, кең ауқымның шектеліп қалмауын қамтамасыз етіп, мүмкіндігі мол тылсым күштердің тек халыққа ғана қызмет жасауына жол ашу.

Сұхбаттасқан: Болат Абаған

 

ӘРУАҚ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН АЗАМАТ

 

Бір ұлымын Нарынқолдың жайнап шыққан,

Бастауынан бір тамшы қайнап шыққан.

Шабыт берген, бойыма шипа берген,

Дарыған Хан-тәңірібей заңғар шыңнан, –

деп жырлаған – Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Республикалық халық медицинасы орталығының бас директорының орынбасары, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан «Экология» академиясының академигі, М.Нострадамус атындағы бүкіл дүниежүзілік тылсым құпиялар Академиясының академигі және Академияның Қазақстан филиалының бірінші вице-президенті, «III-мыңжылдықтың үздік емшісі», Халықаралық «Жаңа өрлеу», «Бейбітшілікке мәдениетпен», «Парапсихология», «Туысқандық құпиялық» және Ресей халық емшілері қауымдастығының толық мүшесі, Халықаралық дәрежедегі халық емшісі, парапсихолог, биоэнерготерапевт, тылсым құпиялылықты зерттеуші психолог-ғалым атағының иегері Зиядан қажы Қожалымов шілде айының 1-жұлдызында 60 жасқа толады. Алпыстың асқарына көтерілген қазақтың тектік қасиетін жаңғыртқан тұлға Зиядан қажымен болған арнайы сұхбатымызда ел ағасының өмір-өткелдеріне, еңбектеріне кеңінен тоқталған едік.

Ассалаумағалейкум, Зәке! Ел ағасы жасына келген мерейтойыңыз құтты болсын! Жүрек қағысыңыз қалай?

– Әлейкумасалам! Рахмет. Жүрек қағысы тура сол жиырма бестегідей... (қалжыңдап күліп қойды, автор Ж.С.).

Зиядан қажы, алғашқы сауалымызды бала күніңізге саяхат жасаудан бастасақ...

– Балалық шағым өте ауыр болды. Екі жасымда әкеден жетім қалып, бір әулеттің жалғызы ретінде Хантәңірінің баурайындағы Текес ауылында дүниеге келіп, ана тәрбиесінде өстім. Нарынқол ауылының Абай атындағы мектебінде сабақты өте жақсы деген бағамен үздік оқыдым. Марқұм анам – Өзипа Сыбанбекқызы еліне сыйлы, көріпкел, ел-жұртына «Ақ-Апа» деген атпен танылған киелі де қасиетті ксі еді. Оның арманы жалғыз ұлына демеуші ғана емес, қамқоршысы әрі жол көрсетер кеңесшісі болу еді. Сол арманына жеткен де сияқты. Өйткені, әрбір ісімді бақылап, ақылын айтып отыратын.

Мен марқұм апамның жол көрсетуімен өсіп-өркендедім. Ерте есейіп, еңбекке араластым. Сосын Нарынқол аудандық, Текес ауылында хатшы болдым. Бұдай кейін 1964 жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Ауылшаруашылық институтының Ауылшаруашылық электрлендіру факультетіне оқуға түстім. Соған дейін өмірім көптеген қиыншылыққа толы болған. Қайсы бірін айтып тауысамын. Өйткені, менің балалық өмірім соғыс жылдарынан кейінгі кезеңге дөп келіп жатады...

Институтты бітіргеннен кейін не істедіңіз?

– Институтты 1969 жылы бітіріп шықтым. Содан кейін, инженер-электрик маманы болып, өз туған ауылыма – Текеске барып, жұмысқа тұрдым. 1976-жылға дейін Нарынқол ауданына қарасты Карл Маркс және Калинин атындағы шаруашылықтарда бас маман, 1977-1986 жылдар аралығында Нарынқол аудандық электр жүйесі мекемесімен «Сельхозэнерго» кәсіпорынның директоры, 1990-жылға дейін РУ «Алматыэнергоның» энергонадзорлық инспекторы, кәсіпорынның материалдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, «Қазэлектромонтаж» тресінде аға прораб, 1990-1991-жылдары «Қазақстан» ассоциациясының бірінші вице-президенті қызметін атқардым.

Киелі қасиет, негізгі халық емшілігіне қалай келдіңіз? Қазақтың киелі тектік қасиетін зерттеуге не себеп болды? Қиыншылықтардың да көп болғанын білеміз. Сонда сіөдің мақсатыңыз нені көздеді?

– Иә, әр адамның жеке тағдыры болады. Сол сияқты менің де тағдырымның ирек-ирек қисық жолдары болғаны өзіме аян. Бұл тағдыр сынағы. Одан сүрінбей өту, барлық пендеде де бірдей болмасы анық. Өндірістік жұмыспен қасиетті, киелі, халық емшілігін салыстыруға болмайды. Марқұм апам да көзі тірісінде «Жалғызымның арқасы бар, сен ие бол, соған», – деп мені келіні Түймекүлге аманаттап отыратын. Мен мұны кейіннен түсіндім.

Ол кезде электр саласында басшылық қызметін істеймін. Апам дүниеден қайтқаннан кейін де келінінің түсіне еніп: «Баламның басына көп қиыншылықтар келеді, көре алмастары көп болады. Алған беттен таймасын, қайда барса да, өзі жалғыз барсын. Оны халық қорғайтын болады» – деп аян береді.

Осы айтылғандар киелі халық емшілері ұйымын құрып, басшылық тізгінін қолыма алғанымда, небір жағдайларға тап болғанымда мен қатты ойландырды. Үлкен сеанстар жүргізіп, халықты емдегенде қалың тобырды иландыру үшін әрине әртістік ойынның түкке тұрмасы анық. Ата-баба киелі рухы, Алланың бойға біткен қасиетімен дем салғанда, биоқуат өрісін көпке шашқанда, бірі билеп, екіншісі аяғы аспаннан келіп, небір тылсым дүниенің жұмбақ күшіне иіліп кететін адам пендең сол кезде. Сөйте тұра, өзіңе қарсы келіп, ата-бабаның киелі тектік қасиетін аяқпен теуіп кеткендер де кездеседі. Бірақ солардың бірде-біреуінің жақсы болып кеткенін әлі көрген жоқпын. Бүгінде бәрі де сол істеген қиянаттарына өкініп жүр.

Кеңірек түсіндірсем, 1991 жылы Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құрғанымда, Құдайға сенбейтін өкімет тақтан тайғанымен, оның орнын жүрегі қатты атеистер басқан еді. Солардың ықпалы қазақтың киелі тектік қасиеті түгілі, қазақтың тілін менсінбеітіндер, дүмбілездер халық емшілері ұйымын жауып, денсаулық саласы мамандарынан басқаларын жүйкесі ауырған, яғни «жындылар» есебіне жатқызы. Сөйтіп, келмеске кеткен Кеңес өкіметінің қатал режимін қайта енгізу көзделді. Бірақ күрессіз жеңіс жоқ. Мен соны жақсы түсіндім. Екі күннің бірінде сотқа тартылып, табаным тозды. Сонда деймін-ау, елімізді, жерімізді «білектің күшімен, найзаның ұщімен» жаудан қорғаған батыр бабалар әруағына тәу етіп, киелі рухымызды, тектік қасиетімізді демократиялық жолмен ел ішіндегі емшілерді бір арнаға топтастырып жатсақ, оларға өз жүрер жолдарын көрсетіп берсек, заңдық құқықтарын туралап, бір негізде елге, жерге пайдасын тигізетіндей етіп жол көрсетсек, мұнда менің қандай жазығым бар? Соны түсінбеген талай содырлар айтақтың әрекетімен аяғымнан шалып бағып еді.

Сонда маған бір адал жүректі, ұлты орыс тергеуші әйел: «Сіз реңжімеңіз, сізді бүкіл Одақ біледі, жоғарыдан келіп жатқан тапсырмаларды орындаудамыз», – дегені күні бүгінге дейін құлағымнан кетпейді. Дегенмен, шындық тілім шырқырап жүріп, қатыгездерге қасқайп тұрып, мыңдаған шипалы қол иелерін сонңымнан ерте жүріп, ақыры жеңіске жеттім. Соның ішінде, өткен он үш жылда 45 газет пен журналдарға және қазақ «Энциклопедиясына» 150-ден аса құнды мақалаларды жазып, жариялаттым. Мұның түп тамыры халық емшілігін ғылыми негізде дәлелдеу қажеттілігінен туындаған. Соның жемісі іспеттес 2001 жылы «Мәңгілік құпия шежіресі» атты еңбегімді дүниеге әкелдім. «Сөздік-словарь» баспасынан (көлемі 37,7 баспа табақ) 2000 данамен жарыққа шықты. Қауымдастықтың «Халық емі» (1992-1194) және «Шипагерлік баян» (2002 жылдан) газеттерін шығарып келемін. «Шапағатты рух ордасы» (қазақша-орысша) атты 320 беттен тұратын халық емшілерін топтамасы-кітабымды да 2001 жылы жазып, жарыққа шығардым. «Көк тәңірі жүр жебеп» атты өлеңдер топтамасы-кітабымды да осы халық емшілігінде жүргенімде жаздым. Сондағы «Халқыма айтар жан сырым бар» атты тақырыпта жазған бір өлеңімде.

Бір Алла ғой сезім беріп, жүрегіммен сезгенім,

Ерекшелік қасиет бар, жылы жүзді пендемін.

Адасқанды осы жолға сап, ізгілікпен асықпай,

Жамандық пен арамдықтан тазалаумен келемін, –

деп жырлағанда, жүрек лүпілімнің елім, жерім деп соққандығын көрсетемін. Қалай десем де, қауымдастықтың бүгінгі жиырмадай қалалық және облыстық филиалдарының жұмыс жүргізуі және Алматыдағы басшылық жасап отырған Төралқасы бәрі де оңай жолмен құрылмаған. Дегенмен, біздер халық емшілерінің өз жүрер жолдарын айқындап бергендейміз...

Айтпақшы, Зәке, мұсылмандық бес парыздың бірі қажылыққа да барып қайттыңыз. Осы сапар жайында айтарыңыз болса?...

– 2003 жылы 4-26 ақпан аралығында Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы мен «Спутник Қазақстан» фирмасының ұйымдастыруымен Араб эмиратында, қасиетті Мекке-Мәдинеде қажылық сапарда болып қайттым. Қажылыққа Қазақстан халық емшілері Қауымдастығы мен Халық медицинасы орталығынан 12 халық емшісі бардық. Қажылық сапарды өтеуде басты парыз етілген ихрам киіп, Қағбаға тәуеп жасау, Арафатта тұрып, Алладан тілек тілеудің негізгі шарттары Минаға түнеу, Мұздалифаға қону, шайтанға тас ату, құрбан шалу, шаш алдыруларды толығымен орындадық. Кіші қажылық пен үлкен қажылық қасиетті Меккеде орындалып, он бес күнде аяқталды. Бұдан кейін Меккеден 420 шақырым Мәдинеге сапар басталып, бес күндей уақытта аяқталды. Күннің ыстығы (30-35 градустай), ауа-райының құрғақтығы да оңай тимеді. Дегенмен, Аллаға иман келтіріп, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Құранның 1-сүресін алғаш Жәбірейіл періште арқылы қабылдаған жері Нұр тауындағы үңгірді көрдік. Сафа тауында болдық. Арафаттағы Рахман төбесіне шықтық. Мекке мен мәдинедегі «Әл-Харам» мешітінде түнедік. Сөйтіп, айтарлықтай парызды толығымен өтеп, анадан жаңа туғандай, күнәдән пәк болып елге оралдық.

Біздің еліміздің ерекшелігі – жеріміздің табиғаты көркем, нағыз адам пенденің бақытты да баянды өмір сүруге қолайлы қасиетті де, киелі мекен екенін байқадым. Бәлкім, осындай ата мекеніміздің қадірін білу үшін, әрбір ел азаматына сыртқа бір шығып келу қажет те шығар...

Ғалымдық беделінде қандай зерттеулермен айналыстыңыз? Сіз психолог-ғалым, тылсым құпиялықты зерттеушісіз. Негізгі сүйенгендегі шараңыз нені көздейді?

– 1998 жылдан Қазақ Мемлкеттік Ұлттық Университетінің ғалымдарымен бірлесіп, «Шипагерлік баян» атты еңбегіне талдау жасап, кеңінен зерттей бастадық. Нәтижесінде Өтейбойдақ бабамыздың Нарынқол өңірі, Шалкөденің Айғайтасында туылғаны белгілі болғанымен, дүниеден қайтқандағы зираты белгісіз екен. Соған байланысты, өзімнің ұйғарымыммен 2002 жылдың шілде айында, Қауымдастықтың 300-ге тарта халық емшілерінің қолдауымен, «Айғайтастағы» қараша сайының төбешігіне қазақтың ғұлама-ойшылы, дала жиһангері, қараүзген шипагер, XV ғасырдың ұлы данышпаны – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздың басына құлпытас қойдық. Бұған дейін де 2001 жылы желтоқсан айының 22-26 аралығында Қауымдастықтың 10-жылдық мерейтойында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген халық емшілері дүрілдетіп, дүркіреиіп Алматыда бас қосып еді. Сондай-ақ, «Албан шежіресі» мен «Әлмерек баба» кітаптарының да авторларының бірімін. Жалпы негізге алынған істер атқарылды. Әр кезде сүйенерім – ғылым мен білім жетістігі, «өлгенді тірілту, өшкенді жандыру» менің басты мақсатым болып табылады. Қазақтың тектік қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бабалар салған сара жол халық емшілігі өмір сүруінде адам баласының өзін-өзі ешбір химиялық қоспалы дәрі-дәрмексіз емделуіне алып келеді емес пе? Соны халқымыз әлімсақтан-ақ білген ғой...

Алда қандай жоспарларыңыз бар?

– Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 16-19 жұлдызында Алматы қаласында Қазақстан халық емшілері қауымдастығы мен Республикалық Халық медицинасы орталығы бірлесіп ұйымдастыратын «I-Халықаралық Қазақстан Республикасының халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» атты конгресс өтпек. Соған қатысуға 40-тай шет мемлкеттерден, республикамыздың мемлкеттік, ғылыми-зерттеу, жоғары оқу орындарынан және қоғамдық ұйымдардан арнайы делегаттар қатысады. Барлық Қазақстандық халық емшілері үшін өз дәрежелерін, жеткен жетістіктерін бүкіл әлем алдында паш етеді, яғни есеп береді. Соған дайындалып жатқан жайымыз бар.

Зиядан қажы, уақытыңызды бөліп сұхбат бергеніңізге рахмет. Ел ағасы жасындағы белесіңіз тек жақсылықтар әкелсін! Денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман, ісіңіз табысты, шығар биігіңіз көп болсын. Ғылымдық ізденістеріңіз, ғаламдық зерттеулерге жетелесін! Бақытты болыңыз! Сөз соңында «Тамашаның» оқырмандарына айтар тілегіңіз болса...

– біз текті халықтың ұрпағымыз ғой. Тектік қасиет қарымымыздан айрылтпасын, Құдай. Іргесі сөгілмеген егеменді мемлкетіміздің болашағы нұрлы болғай. Еліміздің бақытты өмір сүруі, еліміздің әрбір азаматының бойындағы имандылық пен инабаттылық жемісінен туындайды. Сондықтан газет оқырмандарына иман өресі биік адам ешқашан төменшік болмайды. Қайта кішірейген сайын ұлылыққа, қол жетпес биікиікке көтерілетін болады. Соған ылайым бейімделіп, шығар биіктеріңіз заңғар болсын ағаын, демекпін!

Сұхбаттасқан: Жанболат Сәрсенбай

 

 

ЛУЧШИЙ ЦЕЛИТЕЛЬ III ТЫСЯЧЕЛЕТИЯ

 

Самое главное в жизни человека – это здоровье. Но как часто можно сейчас встретить абсалютно здоровых людей? Таких практических не осталось. Обязательно что-нибудь заболит. И тогда мы сразу бежим к врачу, а не которые из нас торопятся к народным целителям.

И мы поспешили к целителю – Зядану кажы Кожалымову, президенту Ассоциации народных целителей Казахстана – но не за советом, а для того чтобы узнать о деятельности Ассоциации.

– Уважаемый Зядан кажы, расскажите про Вашу деятельность в Ассоциации народных целителей Казахстана.

– Ассоциация является республиканской общественной организацией. Она создана 22 декабря 1991 года при участии представителей народных целителей Казахстана. Ассоциация осуществляет  деятельность в 19 областных и городских филиалах. В ее составе более трех тысяч членов. Основные цели и задачи:

– Объединение в состав Ассоциации потенциально одаренных людей,

– содействие в организации духовно-просветительских, учебных, научно-просветительских, культурно-просветительских центров,

– защита прав и интересов членов Ассоциации,

– содействие изучению и исследованию космических особенностей природой одаренных людей.

Народные целители проводят благотворительные оздоровительные мероприятия среди населения.

– Какие были трудности в деятельности Ассоциации народных целителей Казахстана?

– Являясь председателем оргкомитета по созданию АНЦК и первым президентом, прошел трудности по преодолению взаимоотношений между Ассоциацией и чиновниками разных министерств и народных целителей, которые на данное время идут к нормализации отношений.

– Какие достижения в деятельности АНЦК?

– Члены Ассоциации, соблюдая законы РК и требования Устава АНЦК, постоянно добровольно поднимает уровень народной медицины людей разных национальностей и духовных населения Казахстана.

Участвовали много раз в различных всемирных и международных форумах и конгрессах, где показали достижения и способности народных целителей по научно-теоретической и практической одаренности. При Ассоциации создан научный центр и постоянно действующая школа обучения и повышения квалификации народных целителей по направлениям: народная медицина, биоэнергетика, космоэнергетика, Рейки, психолог-консультант, фэн-шуй, массаж, мануальная терапия, музыкотерапия и т.д.

С 1992 года Ассоциация выпускает газету «Халық емі», а с 2002 – газету «Шипагерлік Баян».

– Зядан кажы, Вы по специальности инженер-энергетик, а сегодня фактически Ваша деятельность связана с медициной, журналистикой, психологией и т.д. Как Вы это объясняете?

– Аллах испытвает человека всю его жизнь. Если человек не выполняет или не понимает таинства своей одаренности, то он встречает не только трудные ситуации, но и психологические отклонения в жизни. Моя работа связана с космической телепатией, народными центрами, научно-исследовательскими учрежденями и отдельными одаренными личностями. Я постаянно согласовываю свои действия о человеческих, природных и космических таинствах с учеными разных специальностей Казахстана и зарубежных стран.

– Расскажите о Вашей научно-творческой деятельности.

– В 1992-2003 гг. было опубликовано более 150 научно-познавательных статей о духовных и нравственных исцелениях,  критике религиозного познания, тайнах исцеления в более 45 республиканских, областных, городских газетах и журналах, а также в Казахской «Энциклопедии», изданы сборники статей  международных и республиканских научных конференций. Веду научное  исследование по лечебной психологии. Совместно с учеными КазГНУ и КазГНМУ с 1998 года анализирую с научной точки зрения книгу великого ученого, целителя XV века. О. Тлеукабылулы «Сказ о целительстве» сокровенных тайн исцеления».

Начиная с 1992 года, более ста раз выступал в эфире республиканского, областного телерадиовещания и давал интервью, читал лекции на разную тему о проблемах народной медицины и нравственности.

Я сам сочиняю стихи, пишу мелодии и являюсь автором более 20 песен, терме и толгау. И многие из них в «Золотом фонде» Казахстана и областного радио. В 2000 году вышел в свет сборник песен и толгау под названием «Поддерживает бог с небес». В 2001 году издана научно-позновательная книга «Летопись вечной тайны» о сокровенных тайнах и научно-исторические книги «Орда трансцендентация духа».

– Ваши планы на будущее?

– Постоянно руководствуясь Уставной деятельности Ассоциации, поднять международный уровень работы Ассоциации. Как сопреседатель организационного комитета совместно с Республиканским Центром медицины буду проводить Первый Международный Конгресс «Народная медицина Республики Казахстан» - «Прошлое, настоящее,  будущее» который пройдет в Алматы 16-19 сентября  2004 года.

Редакция  журнала «Амулет» поздравляет Зядана кажы с юбилеем! Желам здоровья, успехов в работе и всего наилучшего.

 

ТЫЛСЫМНЫҢ СЫРЫ – ТІРШІЛІГІМНІҢ ЖЫРЫ

 

      Зиядан қажы аға, ел ағасының жасына жетуіңізбен құттықтаймыз! Өмірдің айтулы асуына жеткен уағынызда өткен өмір жолыңызға бір оралсаңыз!

      Бисмиллаһир рахманир рахим!

Балалық өмірім өте ауыр болды. Екі жасымда әкеден жетім қалып, бір әулеттің жалғызы болып, ана тәрбиесінде өстім. Ешкімнің әкесін де, көкесін де қызғанбадым. Өз рухымды жоғары ұстап, төрт жағы да түгел пендедей өмір кешуге, ізгі бір мақсатыма жетуге тырыстым.

Марқұм апам Өзипа Сыбанбекқызы еліне сыйлы, ақылды, сабырлы, шыдамды әр нәрсені философиялық талғаммен бағалап шешетін еді, бір рулы елдің үлкен-кішісінің ақыл сұрар «Ақ апасы» ғана емес, басқа да ағайындардың киелі рухты құрметті адамы болатын. Апам болашақты да болжай алатын, кез-келген адамның психологиялық мінез-құлқын, талғамын, келбетін, ішкі ойын және тағдырын бірден білетін. Апамның жалғыз арманы жалғыз ұлының саналы өсуіне, білімді болуына демеуші ғана емес, жолын көрсетер кеңесші болу еді. Менің кішкентай кезден бастап толық білім алғаныма дейін және институтқа оқуға түскен кезімде де апам өзі бақылауынан шет қалдырмады. Жолымды көрсетіп, адалдық, ар тазалығы, кішіпейілділік, сабырлық сақтап, әр нәрсені ақылмен шешуді ұдайы ескертетін-ді. Жалғыз ұлының маман болуын, отбасылы, жас иісті сәбилі болуын армандаған апамның арманы көзі тірісінде орындалды.

Келіні Түймекүлді көргенде: «Арманым орындалды, енді мен Аллаға ризамын», – деді. Тұңғыш немересі Ләззаттың жас иісін искеп рахаттанды. Оны жанындай жақсы көрді. Кейде «Қызымды көп иіскелемеңдер, сендердің ығына көніп кетеді», – деуші еді жарықтық. Кейін маған да апамның осы киелі қасиеті қонды. Оны апам көзі тірі кезінде о дүниеге аттанар алдына сүйікті келіні Түймекүлге: «Жалғызымның жотасы бар, сен ие бол!» – деп аманат етті. Кейін келінінің түсіне еніп: «Баламның басына көп қиыншылық келеді, көре алмаушылық көп болады. Алған бетінен таймасын. Қайда барса да өзі жалғыз барсын. Оны халық қорғайды», – деп аян берді. Бұл аян менің киелілер ұйымы қауымдастығын құрғаннан бері он жылдан астам уақытта бәрі де дәл қайталанды. Мен әруақ аманатына қиянат етпедім. Киелі Орданы құруда қарсы күштер мен қиыншылықтар аз болмады. Бүгінде құрылғанына он үш жыл болған Қазақстан халық емшілері қауымдастығының жақсы жақтарын өз еліміз ғана емес, көптеген әлем елдері біледі. Бұған да тәубе деймін. Адам Алла Тағаланың добы сияқты көрінеді маған. Сыналатын кезеңде сол Алланың қолында екеніне бүгінде толық сенемін.

      Атқарған қызметтеріңіз туралы айта кетсеңіз?

      Хан Тәңірінің Текесінің баурайында 1944 жылдың 1-шілдесінде дүниеге келдім. Тауда ойнадым, балалық өмірім биікте өтті. Тау самалының бетімді аймалағаны, тау гүлдерінің иісі мені ұдайы өзіне тартып тұрғандай сезінемін.

Нарынқол ауылының Абай атындағы он бір жылдық орта мектебін 1963 жылы бітірген соң, бірден өмір жолымның екінші кезеңі басталды.

Алғашқыда құрылысшы, сонан кейін Нарынқол ауданы Текес ауылдық Кеңесінің хатшысы болдым. Жоғары білім алу үшін 1964-1969 жылдары Алматыдағы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының ауылшаруашылығын электрлендіру факультетіне оқуға түсіп, инженер-электрик мамандығы бойынша бітірдім.

Сонымен 1969-1976 жылдары Нарынқол ауданы Карл маркс пен Калинин атындағы шаруашылықта бас маман, 1977-1986 жылдары Нарынқол ауданының электр жүйесінің мекемесі мен «Сельхозэнерго» кәсіпорнының директоры, 1986-1990 жылдары «Алматыэнергоның» энергетикалық қадағалау мекемесінің инспекторы, кәсіпорынның материалдық-қамтамасыз бөлімінің бастығы, «Қазақэлектромонтаж» тресінде бас прораб, 1990-1991 жылдары «Қазақстан» ассоциациясының бірінші вице-президенті, ал 1991 жылдың желтоқсан айынан бері өзім құрған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті қызметін толық атқарудамын. Қосымша 2000-2001 жылдары ҚазМҰУ-дің «Этнопсихология және этнопедагогика» Орталығында ғылыми хатшы болдым. 2003 жылдың шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Халық медицинасы орталығы» Бас директорының филиалдар бойынша бірінші орынбасары қызметін атқарудамын.

Әр адамның жеке тағдыры болады. Менің де тағдырымның ирек-ирек, қисық жолдары болғаны өзіме аян. Одан сүрінбей өту барлық пендеде бола бермесі анық. Өндірістік жұмыс пен бүгінгі киелі орданың жұмысын салыстыруға болмайды. Кейінгісі күрделінің күрделісі. Өйткені, бұрын айқын бағдарламасы мен жолы да болмаған тыңның тың құбылысы. Қысқасы психологиялық жақтан әр түрлі естік ауытқуға ұшыраған көп ұлттың жасы да, жынысы да, білімі де, танымы да, дәрежесі мен атағы да ұқсамайтын тылсым құпиялы азаматтарын бір ортаға жиып, оларға тәрбие беруді нақты жүзеге асыру оңай болмады. Мұндай жақсылықтарыма ала көзімен қарап, мен басқарған ұйымды түп-тамырымен жою үшін бұйрық шығарған, шешімді қабылдаған жоғары шенді көп салалы ұйымдар «шайқасы» он жылға жалғасты. Шындық жолындағы еңбегіміздің жемісінің нәтижесі қарсыластарды мойындата білді. Олар да ақыры ымыраға келді.

Осы бір ауыр кездегі басыма түскен қиыншылықтың апам марқұмның аянымен дәл келгенін сездім, әруақ аманаты үшін киелі орданың шаңырағын сақтап қалудамын.

      Сіздің мамандығыңыз инженер болса да, бүгінгі кәсібіңіз бойынша басқа саланың ғылымын насихаттауға не себеп?

Елдің бәрі мені медицина маманы, бірі әдебиет пен психология немесе тарих маманы т.б. деп ойлайды. Менің бір ғана жоғары білімді мамандығым бар, қысқасы инженер-электрикпін. Өз мамандығыма құрметпен әрі мақтанышпен баға беремін. Бұл мамандығымның ілімі көп салалы ілімдермен бірлесіп іс істеуіме кең жол ашты. Оқу бітіріп елге келген соң сол 1969 жылдар шамасында Нарынқол ауданындағы электрлендіру, радиоландыру жұмыстары облыста ең артта қалған салалар болатын. Текес, Сарыжаз ауылында радио торабын орнату жұмыстарымен өзім шұғылданып, осы саланың облыстағы мамандарымен келісіп, аз уақытта көп жылдар үнсіз тұрған әр үйдегі радио нүктелерін сөйлетуге мүмкіндік жасадым. Сарыжазда тұрғанда арнайы Алматыдағы сол кездегі ҚазССР байланыс министрлігіне келіп, Шалкөде аймағы шаруашылықтарымен сол кездегі Кеген аймағына теледидарын таратуға келісіп, мамандарын елге алып келдім. Сол кезде Тасашының биігінде тұрған телемұнараның орнын анықтап, дайын ғылыми ұсынысты: Кеген ауданының бірінші хатшысы Серкебаев мырзаға ұсындық. Хатшы: «Сен кімсің соншалық мұндай ұсынысты жасайтын. Біздің өз инженерлеріміз бар» – деген. Сонда хатшыға Алматыдан арнайы әкелген байланыс министрлігі мамандары «Сіз бұл ұсынысты қабылдамасаңыз Кегенде өмірі теледидар болмайды, бәрібір біз Шалкөде үшін орнатамыз. Сіз мына жас инженердің талабына, жігерлілігіне, рахметіңізді айтыңыз», – деді. С.Серкебаев аз ойланып барып, маған қарап: «Сіз, ренжімеңіз, саған рахмет еңбегіне, біз келістік», – деді.

Міне, Тасашыдағы телемұнара осылай орнатылған.

Нарынқол ауданының энергетикалық қуаты облыстағы ең соңғы орында дедік қой. 1977 жылы мен осы ауданның электр жүйесі мекемесіне басшы болғаннан кейін, бірден елді мекендер мен шаруашылық кешендері және жеке мал «ірі қара, қой» отарларына электр желілерін тартқызып, әрі қуаты жоғары ток өткізетін трансформаторларды қойғызып, ауданның энергетикалық қуатын молайттым. Айналасы төрт жылда аудандағы төменгі және жоғары кернеулі электр желілері толық жаңаланды, жоқ жерлерге жаңадан тартылды. Алыс мал отарларына дейін электрлендірілді. Ол кезде аудандық партия комитетінің шешімі бұлжымас заң болатын.

      Осынау қасиетті жолға келуіңізге не себеп болды, қалай келдіңіз?

Өткен ғасырдың (20 ғ.) сексенінші жылдарының ортасынан бері осы Алматы қаласының жанындағы Алатау елді мекенінде тұрып келемін. Алматыға қоныс аударып, өз мамандығым бойынша тәп-тәуір қызмет атқарып жүріп, белгісіз бір тылсым қармағына ілінгендей болдым. Ақыры 20-ғасырдың сексенінші жылының ақырынан бастап біржолата емшілікке беріліп, өз мамандығымның қызметінен кетуіме тура келді. Сырқат жандарды бір-бірлеп емдесем кейін топтық емге айналдырдым. Нәтиже жаман болмады. Мен семьялы емші атанған бұрынғы Одақтағы жалғыз ғана әлемдік дәрежелі жанұяның басшысы болып, өз қасиетімізді ірі Халықаралық форумдар, конгрестерде жоғарғы дәрежеде дәлелдеп, әрі мойындата алдық. Қазақ халқының қасиетінің құдіретті екенін айғақтап, әрі оны байыту жолында іске кірістім.

Арман шексіз ғой. Ақыры іс әрекетім өз нәтижесін берді. Халықтық емшілер ұйымын құрдым. Емшілердің білімін жетілдіру мен көтеру мектебін аштым. Газеті шығарылды. Емшілерді бастап үш рет Халықаралық Конгрестерге қатыстым.(Алматы, 20-29.09.1991., 18-21.10.1992. және Қырым, Гурзув, 2-9.10.1993.). Қазақ елінің халық емшілерінің ерекше қабілеттері мен көрегендіктері талай рет әлемнің білгірлері мен ғалымдарын таң қалдырды.

Білімімді де өздігімнен ұдайы көтеріп, әрі тылсым құпиялар туралы көзқарастық танымымды байыту мақсатында 1991-1993 жылдары Мәскеу, Алматы, Қырым, т.б. қалаларында халық медицинасының ірі мектептерінде дәріс алдым. Әлі де жалғастырудамын. Өзімнің ілімімді дамытып, тәжірибемді молайтып, өз ұлтымның құпиялы, киелі қасиетін ғылымға қосуға армандаған ізгі ниетімде алғашқы нәтижесін берді. Бүгінде оқырман халықтың өкілдері мен зерттеушілерден «Мәңгілік құпия шежіресі», «Шапағатты рух ордасы» атты (Алматы, 2001 ж.) ғылыми-танымдық әрі тарихи талғамдық кітаптарым және «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән-толғау кітапшам (Алматы, 2000 ж.) өзіне лайық бағасын алды.

 XV ғасырдың ғұлама ғалымы, дала ойшылы, ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық еңбегін (Жалын, Алматы, 1996.) нақтылы дәлелдеп, ғылыми жағынан сұрыптап әрі оның әлемдік ғылымда алатын орны туралы толық жеткізу маған оңайға түспеді. Талай кесе-көлденең қиын жолдардан өтуге, небір ғұламалармен сөз таластыруға, барды жоқ ететіндерге қарсы қорған қоюда, ақпарат пен бұқаралық басшылар алдында дәлелдеп, оны әуе толқынына шығаруға талай да талай қиыншылықтарға төздім. Байсалдылық, сабырлылық жасап, өз ісімнің алға жылжуына сөз табуға тырыстым. Сөйтіп эфирде аты аталып, еңбегі бағаланған Өтейбойдақ баба, қазақ ғылымына да бірден еніп кетті. Өз орнын тапты.

Алла Тағаланың берген ырыздығы мен несібесіне риза болу, асқақтамай, кеуде көтермей кішіпейіл болу адамгершіліктің таза тұлғалық қасиеті.

«Асқақтасаң бір күні асыласың, баяу жүрсең бәйгеге қосыласың» – деген халқымыздың даналық сөзін әрқашан өз жұмысымда негізгі қағида етіп келемін. Өзімнің таза еңбегім арқылы бақытқа жетіп, кім екенімді халықтың, ұйымның т.б. алдында ақтай алсам, ол менің тазалығымның айнасы мен еңбегімнің таза жемісінің көрсеткіші деп түсінемін. Сондықтан да Алла Тағаланың құдіретімен бір мамандықтан көп мамандық тұлғаға айналуым тылсым құпия күштерінің құдіреті екенін түсіндім.

      Зиядан қажы, көптеген замандастарыңыз атаққа құмар. Ал сіз ше?

Маған неге сіздің басқалар сияқты атақ пен данқың және орден медальдарын жоқ, жазғанынмен ұшан-теңіз еңбегін атаусыз, – деп өзінше көсемсігендерге, мен маған да және еңбегіме де ғылым мен халық баға береді, Құдай жоқты пенделікпен бар деп, жалған атақ пен жарамсыз жоқ орден алушылардан сақтасын деумен келемін.

Бұл өмірде бәрі болып жатыр ғой. Бірде-бір ғылыми мақала жазбай-ақ, ғылыми конференцияларда баяндама жасамай-ақ, кітапханаларға бармай-ақ, ғылыми ортаны көрмей-ақ жоғары білімді медицина дәрігері, кандидаты, тіпті қоғамдық ұйымдардың академигі атанып жүрген халық емшілері де тізімге ілініп, өтіріктері әшкереленуде. Осылардың бұл теріс әрекеттеріне күйінемін, халықтан ұяламын және ғылымның қадірін сыйламағаны үшін ұяттарын алдына қоюдамын. Ұятсыздықтары кейде демалуды да ұмыттырады. Маған келетін де, телефон арқылы мұң-мұқтажын айтатындар да өмірде өте көп, қиыншылық көргендер, аурулар, алдағандар, арбалғандар және тағдырдың ауыр қасіретін тартып жүргендер. Осыларды қайтсем де қиын жағдайдан шығарудың жолын тауып қуантсам, оң жолға түсулеріне көмегім тисе деген ізгі армандардың да нақты нәтижесі барлығына қуанып, шаршағанымды ұмытып та кететін уақыттарым болды.

Кейде шаршағанымды, ренішімді белгісіз бір құдіретті тылсым күш пен әсердің сезімі бойынша ән жазуға, әртүрлі тақырыптағы халыққа, қоғамға қажетті мақалалар жазуға бұрып, күшімді соған арнап келемін.

      Ғылыми және рухани бағыттағы еңбектеріңізден мәлімет бере кетсеңіз?

Бүгінде республикада шығатын әр саладағы 45-тей газеттер мен журналдарда және «Қазақ  Энциклопедиясында» менің 200-дей мақалаларым жарияланды. Оның ішінде ғылыми тақырыпта 15-тен аса, энцтклопедиялық тақырыпта 20-дан аса мақалалар жазылды. 60 баспа табақтан асатын «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән-толғау, «Қасиетті рух ордасы» және «Мәңгілік құпия шежіресі» (Алматы, 2000, 2001) өз бағаларын алумен өз орнына қарай іріктеліп, тағы да екі-үш кітап баспаға әзірленіп жатыр. Республикалық және облыстық теледидарларда 1990-жылдан бері әртүрлі тақырыпта сұхбаттар, емдер, рухани-таным және халық медицинасының құпиялары, табиғат пен ғарыштың тылсым сырлары және т.б. сөйлегендерім бүгінде 70 сағаттан асық бейнетаспа болыпты. Сондай-ақ, республикалық және облыстық арналарда 1990-жылдан бері жоғарыдағы тақырыптарда ұдайы эфирге шығудамын. Бұл да бірнеше ондаған таспалық сұхбаттар болыпты. Ең маңыздысы – өзім жазған толғау, термелерімнің сөзі мен әні өзімдікі. Әндерім және бір сағаттық авторлық шығармалық еңбектерім 1996-жылы республикалық, ал 1994-жылдан бастап «Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Семей, т.б.» облыстар мен қалаларда «Алтын қорға» алынды.

      Сіз басқаратын Қауымдастықтың ұйымдық құрамы жөнінде мәлімет берсеңіз?

      Бүгінде Қауымдастықтың 20-дан аса облыстық және қалалық филиалдары заңды тіркеуден өтіп, оның мүшелері мен емшілері өздерінің Жарғылық қызметтерін халықтың арасында имандылық пен қайырымдылық саласында нәтижелі атқаруда. Қауымдастықтың жанынан 10-нан аса мамандықта білім беретін халық емшілерінің білімін жетілдіру мен көтеру мектебі тұрақты жұмыс істеуде. «Шипагерлік баян» газеті үзбей шығарылып келеді. Қауымдастық пен республикадағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және жеке тұлғалар арасында тығыз байланыс орнатылған. Халықтың күн санап Қауымдастықтың қызметіне сенімі арта түсуде. Ғылыми мекемлер мен бақылаушы орындар да оң көздерімен қарай бастады. Қауымдастықтың қызметі елімізден тыс шетелдерге де таныла бастады. Бұл да ұйым мүшелерінің жемісті еңбектерінің нәтижесі.

      Болашақ жоспарыңыз жайында айта кетсеңіз? 

      Қазақтың халқы киелі, жері де қасиетті екені әлемге аян. Осындай ел мен жердің ұрпақтарының киелі қасиетін сапалы, ғылыми тұрғыда көтеру мен әлемдік дәрежеге жеткізу саласында қызметімізді жалғастыра береміз. Көзі ашылмаған бұлақтай болған ата-бабалардың көп салалы киелі қасиеттерінен сыр шертетін құпияларының энциклопедиясын шығару ниетіндеміз. Осы жылы Алматыда өтетеін Қазақстан республикасы халық медицинасының «Өткені, бүгіні және болашағы» туралы өтетін 1-Халықаралық конгресті өткізушілердің бірі ретінде аталған шараларды абыроймен аяқтауды жоспарлап отырмыз.

      Сөз соңында халыққа және осы басылым оқырмандарына қандай тілек айтар едіңіз?

      Отаныма амандық, халқыма бірлік, әр азаматқа денсаулық, имандылық, жұмыстарына табыс тілеймін. Әмин!

      Әңгімеңізге рахмет!

  Сұхбаттасқан: Жанболат Сәрсенбай

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39


вверх