орындалған Аманат
24
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

ЕМШІЛІК ҚАСИЕТІН ҒЫЛЫММЕН ҰШТАСТЫРҒАН

 

Алматы облысының Нарынқол өңірі киелі – де қасиетті мекен. Осындай жер жанаты саналатын табиғаты көркем, киелі топырақта туып-өскен Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Республикалық Халық медицинасы орталығының Бас директорының орынбасары. Халықаралық дәрежедегі халық емшісі, парапсихолог, биоэнерготерапевт, тылсым құпиялықты зерттеуші психолог-ғалым, «3-ші мыңжылдықтың үздік емшісі» атағының иегері Зядан қажы Қожалымовтың есімі бұл күнде көпке мәлім.

Иә, Зядан қажы Қожалымов 2002 жылы қасиетті Мекке-Мәдинаға барып қажылық парызын атқарып қайтты. «Көк тәңірі жүр жебеп» атты әндер жинағы кітабын шығарды. «Шапағатты рух ордасы» (25 баспа табақтан тұратын) атты еңбегін жазып, Қауымдастықтың шежіресінен кеңінен сыр шертті. Қауымдастықтың «Халық емі» (1992-1994), және «Шипагерлік баян» (2002-ші жылдан) газеттерін шығарып, халқына ұсынып келеді. Ендігі мақсаты – үстіміздегі жылдың 16-19 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтетін «Қазақстан Республикасының Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» атты Халықаралық конгреске басшылық жасау тікелей Зәкеңнің құзырындағы іс болып табылады.

 

зиядан қажы қожалымовтың «60 жылдығы» жайлы деректі фильмнің мәтіні

 

Авторы: Нәзира Бердалы, ақын

Кімдер кепіл тағдырдың сырларына,

Кімдер жетпек таулардың қырларына?

Құдіретін бір Алланың білмеппіз-ау,

Шипасын тигізетін құлдарына.

Кеткенде ауылым-ай өкпелі ме ең,

Сондағы іздеп менің кеткенім – ем.

Алланың ақ пейілін сезінген соң,

Мен қалай ізденбестен текке жүрем, – жеп жырлаған ақын, сазгер, Халықаралық дәрежедегі халық емшісі Зиядан қажы Қожалымов бүгінде алпыстың асқарына шығып отыр.

Оны тек емші деп атауымыз жеткіліксіз болар. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Президенті, қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Халық медицинасы орталығы Бас директорының орынбасары, Қазақстанның «Құрметті халық емшісі», «III мыңжылдықтың үздік емшісі» атанған оны жалпы халық парапсихолог, биоэнерготерапевт, ғалым ретінде де таниды. Өзі жырлағандай:

Мен қуансам, халқым, сен де қуандың,

Біткендей боп шарықтауы қыранның.

Сұм пиғылдар тайды сұрқай жолына,

Демеп мені, шырқау шыңға шығардың.

Зиядан қажының өлеңдерінен шырқау шың, биік құз, көкпен таласқан асқақ, асқар таулар бейнесін жиі кездестіруге болады. Мүмкін, бұған әсер еткен оның туған жеріне тәне әйгілі Хантәңірі шығар. Иә, Хантәңірінің байрайында, Текес өзенінің жағасында дүниеге келген ол мектепті Нарынқол ауылында оқып бітіреді. 1964-1969 жылдары Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында білім алып, инженер-электрик мамандығын игеріп шығады.

Бір ұлымын Нарынқолдың жайнап шыққан,

Бастауынан бір тамшы қайнап шыққан.

Шабыт берген, бойыма шипа берген,

Дарыған, Хантәңірідей заңғар шыңнан.

Адамға жақсы қасиет атаулыны сіңіріп, дарытатын – біріншіден, ата жұрттың табиғаты, ата-баба қаны болса, екіншіден – ананың ақ сүті. Бұл – ғасырлар бойы мызғымай келе жатқан заңдылық. Зиядан Қожалымов әулие абыз Албан Әлмеректің тікелей ұрпағы, ал XV ғасырдың ғұлама ғалымы, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлымен он төртінші атада қосылады. Сондай-ақ, «Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» демекші, өз анасы Өзипа Сыбанқызы діни сауатты, киелі көріпкел еді. Халық арасында Өзипа апа «Ақ Апа» деген құрметті атқа ие болған.

Өзіне-өзі жоқтықта тәубе дейтін,

Артығын да барлықта білдірмейтін.

Жүзінен шуақ төгіп шапағатты,

Қатты айтып жалғызына зекірмейтін.

Сіздің ізді жалғаумен біз келеміз,

Бүгінде өсіп жатыр немереңіз.

Жалғыз орын төрдегі бос тұрады,

Ыстық болып ұрпаққа Күн – бейнеңіз!

Бұл Зиядан қажының «Құлпытасқа тағзым» – атты өлеңінен үзінді.

Бабадан қонып, анадан дарыған емшілік қабілетін Зиядан Қожалымов ең алғаш 1989 жылы байқаған. Содан бері ол он рет ірі Халықаралық форумдар мен конгрестерге қатысып, емдік сеанстар өткізіп, жақсы нәтижелерге жеткен. 1990-1993 жылдары Алматы, Мәскеу және Гурзув қалаларындағы Халықаралық емшілер білімін жетілдіру мектептерінде білім алған. Зиядан қажы Қазақстан қоғамдық «Экология» академиясының академигі, Қазақстан журналистер және психологтар Одағының мүшесі, Халықаралық «Жаңа өрлеу», «Бейбітшілікке мәдениетпен», «Парапсихология», «Туысқандық құпия» және «Ресей халық медицинасы» қауымдастықтың толыққанды мүшесі.

Бір сөзбен айтқанда, Зиядан Қожалымов – сегіз қырлы, бір сырлы, кез-келген қазақ баласына үлгі боларлықтай тұлға. Сонымен қатар, Қазақстандағы халық медицинасы жаңа дәуірінің көш басшысы. Оның тікелей араласуымен жетпіс жыл бойы қапаста жатқан халық емі жарық таңын қарсы алды. Мұндай азаматтың шәкірті болуға құштар жандар аз емес. Шәкірт болып үлгергендер тіпті көп. Олардың бәріне Зиядан қажы мейіріммен қарап, дұрыс жол, оң бағыт нұсқап, бойдағы бар қасиетті игеріп, пайдаланудың ғылыми нұсқаларын үйретіп келеді.

Көп жасаған айта алмаса өсиет,

Көп көргеннен табылар мол қасиет.

О, тағдырым, үміттеніп келемін,

Жақсылығымды бір өзіме нәсіп ет, – деген осы да.

Ішкі сырым бір өзіме, құпиялық құбылыс,

Әруақтарым жатыр, міне, риза болып тып-тыныш.

Тілейтінім бар жақсылық құдіретті Алладан,

Келсе екен деп елімізге ынтымақпен нұр-ырыс.

Бұл өлеңді жазған кім? Әрине, мұндай жыр жолдары мұсылмандықтың шарттарын түсініп, толық орындаған жанның қаламынан ғана тууы мүмкін. Меңінше, Зиядан Қожалымовтың жоғарыда аталған атақ-еңбектерінің бәрінен жоғары тұратын бір сөз бар. Ол – Зиядан «қажы» деген сөз.

«Өлі разы болмай, тірі байымайды», – дейді қазақ. Осы бір мақалдан-ақ халқымыздың ата-баба аруағына деген құрметке қаншалықты мән бергенін байқауға болады. Жеті атасын білмеген жетесіз. Өйткені, кешегісін саралай алмаған жанның бүгіні баянсыз, болашағы – бұлдыр. Зиядан қажы ата-баба алдындағы перзенттік парызын өтеп, әрі халық мәліметтер енгізе отырып, XV-ғасырдың ғұлама ғалымы, дала жолын зерттеп, насихаттады.

200-ден астам ғылыми-танымдық, имандылық тақырыбындағы мақалалары республикалық мерзімді басылымдарда жарияланған Зиядан Қожалымов бүгінгі таңда үш кітаптың авторы. Олар: «Мәңгілік құпия шежіресі», «Шапағатты рух ордасы» және «Көк тәңірі жүр жебеп». Бұған қосымша ол «Албан шежіресі» және «Әлмерек баба» кітаптарының авторлары құрамында, имандылыққа, тылсым дүниеге қатысты көптеген мақалалары Қазақ энциклопедиясына енген. «Халық емі» және «Шипагерлік баян» газетіне шығарды.

Ақындығым айтпаймын «асып кеткен»,

Жан емеспін мен оны кәсіп еткен.

Той-думанның базары ән-жыр болса,

Халқым сүйген ұлы ғашық еткен, – деп жырлайды Зиядан қажы, Зиядан ақын, Зиядан сазгер. Алла Тағала бір құлының басына өнерді, қасиетті берсе, жалғыз етіп бермей, үйіп-төгіп береді екен. Алланың сондай шексіз мейірімнің дәлелі – Зиядан қажының өмірі.

ән

Бүгінде Зиядан қажы – үлкен отбасының әкесі, бірнеші немеренің атасы. Құдай қосқан қосағы – белгілі емші Түймекүл Құлмаханқызы. Ақ апасы Өзипадан алған тәрбие, дарыған қасиетін дамытып, ел құрметіне бөленіп жүр.

Өз ордаңның еркелеген гүлі едің,

Жарқылдап жанған шапағатты нұр едің.

Сезініп пе ең, сонау бір жастық шағында,

Жар боламын деп, нәзік те іңкәр жүрегім, – деген Зиядан қажының жырының кейіпкері.

Қазақ Құдай көп көрмесін деп, бала санамайды. Дегенмен, қуаныш қос-қостан, жақсылық жұп-жұппен келеді демекші, Зиядан қажының отбасында биыл ай маңдайлы екі ұл немере дүниеге келді. Райымбек пен Арнұрдың бесік тойы аталарының алпысқа толуымен сәйкес келгендей.

Сағына жұтар самалым,

Қорғаным менің, қамалым.

Шапағат шашқан бәйшешек,

Қорғаны ата-ананың.

Шапағатты рух ордасы тек қана шаттықа толсын, алпысыңыз айбынды болып, жүзге дейін өмір толқындарымен жүзе беріңіз, аса қадірлі Зядан аға!!!

Туған күнің ұмытылмас тәтті күн,

Өзіңменен бірге көрер шаттығым.

Тойлайықшы, көңіліміз серпілсін,

Қызықтайық қуанышын бақыттың.

Алматы, 01.07.2004 ж.

 

ӨТКЕНІМІЗДІ ЕСКЕ АЛСАҚ

ЖАҢАМЫЗ ЖАРЫЛҚАЙ ТҮСПЕК

 

Дүние жүзіндегі халықтардың басты байлығы денсаулық екені белгілі. Әлмисақтан бері қай халықта болмасын халық емшілігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Өткен ғасырда қылышынан қан тамған қызыл империяның отарлау саясаты арқылы 78 жылдай дінімізбен бірге көне дәуірден қалыптасқан халық емшілігі қудаланып, жабылған болатын. Ал, Кеңес Одағындағы ресми медицина халық денсаулығына айтарлықтай көмек бере алмаған. Әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында дертіне шипалы ем ала алмай фәниден бақиға кеткендер қаншама?! Жасыратыны жоқ ауыл түгіл кішігірім қалалар мен аудан орталықтарында да маман дәрігерлер аз болған.

Шалғайдағы ауыл-аймақтарда жасырын түрде бірен-саран бақсы-балгер мен сынықшылардың жәрдемі айтарлықтай болған. Бұл туралы еліміздің тәуелсіздігіне бетбұрыс басталу кезінен жергілікті және «Азия», «Ауыл», «Жас Алаш», «Социалистік қазақстан», т.б. газеттерде жарыққа шыға басталған.

Өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысында бұрынғы Одақтың басшысы М.С.Горбачевтің «Қайта құру, яғни Перестройка» деген жүйесі жарияланғаннан кейін Мәскеуден бастап, көптеген аймақтарда халық медицинасының алғашқы қарлығашы «биоқуат емі» күн санап дами бастаған.

Осыдан 20 жыл бұрын алғашқылардың бірі болып Қожалымовтар отбасы Зядан мен Түймекүл Мәскеудің халық емшілерінің бас қосқан конференциясына қатынасқан. Осы конференцияда әр тараптан келген халық емшілеріне тұңғыш рет Зекең Құрандағы емдік аяттарды сәтті орындап, биік дәрежеге жеткен.

Халқымызда: «Айтылмаса сөз өледі» демекші кейбіреулер ҚХЕҚ-тың құрылуына арналған бірінші Құрылтайы 1991 жылы, желтоқсанның 21-де өтіп еді, неге мерекелік 20 жылдығы ертерек өтуде деп сауал қоюы мүмкін. Осы қоғамдық қауымдастықтың құрылғанының ірге тасын қалаушылардың бірі ретінде және Зекеңмен тізе қосып, қауымдастықтың алғашқы кездегі ыстық-суығын бөліскендіктен қысқаша тарихи кезендерге тоқталмақпын. Жоғарыда айтылғандай Зекең Мәскеу конференциясына барар алдында, яғни осы айларда ҚХЕҚ-ын құру туралы жоспар мен болашақ құрылтайды толыққанды ұйымдастыру туралы құжат-папканы көмекшілеріне сеніп тапсырып, Мәскеудегі халықаралық конференцияға жүріп кеткен. Зекең сол сапардан сәтті оралып келсе, жалған көмекшілері сырдақтап, көрінбей әрі қаншама айлар бойы еңбек еткен, аманат етіп қалдырған жоспар-құжат қағаз «папканы» жойып жіберген.

Зядан қажының көптеген өнегелі ғажап қасиеттерінің бірі – бастаған ісін аяқтамай тыңбайтыны. Айтқан сөзінде тұруы, адамгершілігі мен қайырымдылығы, әділдік пен шындықты сүйді. Сондай-ақ табиғи дарынды шипагер – емшілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің биіктілігі және ізденімпаз ғалым Зекеңнің қауымдастық ұжымды жанұясының бір бөлігі, яғни он екі мүшесінің біріндей есептейтіндігіне жиырма жылдай мерзім куә.

Елімізде алғашқы қоғамдық ұжым ҚХЕҚ-тың 20 жылдық мерекелік осы мақаламда тарихи төрт-бес деректерге де тоқталмақпын.

Біріншіден, елімізде тарыдай шашылып жүрген көне халық емшілігінің табиғи дарынды бақсы-балгер, тәуіп, сынықшы, т.б. қасиетті жандардың ұрпақтарының басын қосып бірінші құрылтайы медицинаның қара шаңырағы – Аспандияров атындағы Медицина институтының актовый залында ҚХЕҚ құрылған болатын. Бұл туралы бірнеше рет жазылған болса да алғашқы басшылық алқа құрамы да оқырманға таныс болатын. Ал, қауымдастықтың алуан түрлі қызметімен тікелей күні-түні айналысқандар негізінен Президенті Зядан мен бас директоры осы мақаланың авторы және суретші, әрі шаруашылық жағына жауапты Қайырбай ініміз. Вице-президенттермен басқа алқа мүшелері негізгі кәсіби қызметін істей жүріп, қауымдастыққа қосалқы көмек ететін.

Алғашқы жылдары бақталастық пен көреалмаушылықтан кейбір әріптестеріміз қоғамдық біздің қауымдастығымызды жабуға қаншама әрекет еткенмен бізге қазған орға өздері түскен болатын. Шыдамдылық пен адал еңбегіміздің арқасында Әділет министрлігінен екі-үш рет тіркеуден өтіп қауымдастықтың табиғи дарынды мүшелерінің құқын қорғау еңбегінің жемісі жылдан жылға айқындалуда.

Екіншіден, ҚХЕҚ-тың құрылғанына бір-бір жарым жыл өтпей тұңғыш рет 120 сағаттық халық емшілері мектебі ашылды.

Оның 60 сағаты теория және 60 сағаты практика туралы еді. Оқулық сабақты ҚХЕҚ-тың Президенті, вице президенті мен бас директорымен қоса академик С.Балмұқанов, Заң ғылымдарының кандидаты Қ.Батталов және тұңғыш ашылған фитотерапия аптеканың бастығы т.б. халқымызға танымал емшілер мен көріпкелдер дәріс берген. ҚХЕҚ табиғи дарынды шипалы емшілері сырқаттардың дертін анықтайтын, емдеп-сауықтыратын 30-дан артық қасиеттің тәсілдері ашылды. Бұрын-соңды болмаған халық емшілерінің тәжірибе алмасу конференциялары өткізіліп тұрды.

Үшіншіден, ҚХЕҚ – халық медицинасының ғылыми еңбектерімен ақпарат жүйесіне де көңіл бөлінген. Алғашқыда «Халық емі» кейін «Шипагерлік баян» атымен қауымдастық-тың арнайы газеті Республика көлемінде бірнеше мыңдаған тиражбен таралуда. Сондай-ақ жыл сайын ғылыми-практикалы конференциялар жоғарғы дәрежеде өтіп тұрады.

1993 жылы Қырымдағы Гурзув қаласында «Дәстүрден тыс медициналық I-дүниежүзілік конгреске ҚХЕҚ-тың президенті З.Қожалымов табиғи дарынды емшілер делегациясын басқарып барған. Зекең осы конференцияның ашылған күні «Қазақ халық емінің творчестволық мұрасы және шипалық әсері» атты көлемді, әрі терең маңызды баяндаманы орыс тілінде жасаған. Келесі күндерінде Зядан Қожалымов практикалық емдеу сеанстарын – Құрандағы емшілікке арналған аяттармен бастап, соңғы жылдары өзі шығарған шипалық емдік тәсілдердің бірнеше түрін таныстырған. Мұндай ғаламатпен алғаш рет танысқан әлемге әйгілі конгресс делегаттары мен Қырым жұртышылығын тәнті еткен.

Төртіншіден, өткен ғасырдың 90-жылдарының басында XV-ғасырдың ғұлама ойшылы, ұстазсыз ұстаз, қара үзген шипагер, қазақтың халық медицинасының атасы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты қасиетті ғылымнамалық – ғасыр туындысы жарыққа шыққан. «Айтылмаса сөз өледі» демекші бабамыздың ғажап еңбегінде өзі айтқандай «келешек ұрпақ қадірін біліп пайдалана алса, қанғысыз бұлақ» дегені қандай даналық.

Бес ғасыр бұрын қазақ жерінде шипагерліктің шыңына шыққан ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы адамның басты байлы-ғы денсаулықты сақтаудың және ауруды асқындырмай алдын алуда көптеген профилактикалық, емдік пен психологиялық шарттары ғылымнамалық еңбегінде толыққанды жазылған.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» – демекші ізденімпаз ғалым-мәдениеттанушы, ҚХЕҚ-ның президенті Зядан қажы-ның еңбегінен айғақты бір үзінді «...Жетісулық Өтейбойдақ бабаның ғылымнамалық «Шипагерлік баян» атты терең философиялық-этникалық ой-толғамынан туындаған, нағыз халықтық дәстүрлі шипагерлік мәдениетінің оқулық құралы ғана емес, рухани, тарихи-тәрбиелік бағдарламаға бай туынды деуге толық негіз барын білдіреді» – дейді.

Бесіншіден, ҚХЕҚ-ғы 2008 жылдан бастап интернет жүйесінде «Біздің мамандар» (наши специалисты) атты арнайы сайт ашылған. Сондай-ақ «Шалкөде» атты баспасы да еңбектенуде. Қауымдастықтың ғылыми жұмысын жақсарту үшін арнайы ғылыми-зерттеу орталығы да ашылған. Бұл тұрғыда ҚХЕҚ-ның президенті Зядан Қожалымовтың ұсынысы бойынша VI-халықаралық конгресте бірауыздан төмендегідей қаулы бекітілген. Осы қаулыда: «Негізінен қауымдастық пен шет елдердің ғылыми-зерттеу орталықтарымен өзара теориялық және тәжиірбелік тығыз қатынас орнату. Сондай-ақ еліміздегі халықтық шипагерлік пен ғұлама ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының қайталанбас еңбегін жан-жақты зерттеу жұмысын ұдайы жалғастыру» – туралы болатын.

ҚХЕҚ-ның құрылғанына жиырма жылдық мерекелі күніне арналған мақаламызды аяқтай келе бүгінгі мәресіне лайықты жетістігін айта келіп, алдағы жарқын болашағымен ұлттық рухтың биіктей беруін тілеймін. «Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық іс», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ұлт руханиятының жанашыры болып жүрген қауымдастықтың табиғи дарынды емшілері адамгершілік пен адал еңбек етсе қауымдастықтың мерейі өсе түспек.

 

 

ШЕТЕЛДЕРДЕ БОЛҒАН ЖЕРЛЕРІ

 

zia1993_1           f  

I-Всемирный конгресс. Нетрадиционный медицины (Крым, г.Гурзув 2.10-9.10.1993)

f       016         ф

Украина, Крым, Гурзув (2.10-9.10-1993)                                Мәскеу, 06.1991 Қызы Гүлзатпен

 

    ф        ф        ф

Мәскеу, 06.1991                                                      Ақсақ Темір мавзолейі (Ташкент)

 

f       f

Жұбайы Түймекүлде Англияда, Лондон. 03.2010

 

  

Австрия, Вена (14-19.04.2011)

 

f       f

 

f

 

ф        f

АҚШ, Вашингтон (17-22.08.2011)

 

а           f

  f          f

 

f              f

 

 

 f              f

 

f              f

f             f

 

 

ВЕНГРИЯ, Будапешт 23-28.03.2012

f          f

 

f

f              f

 

 

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ

(Іле, Құлжа, Текес)

 f           а

 

f            f

Құлжа қаласы

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39




вверх