орындалған Аманат
12
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 


III Тарау

 

конгрестер, форумдар, Құрылтайлар

 

 

 

ДОКЛАД НА I ВСЕМИРНОМ КОНГРЕСЕ НЕТРАДИЦИОННЫЙ МЕДИЦИНЫ

(Крым, г.Гурзув, 2/X-9/ X-1993 г.)

 

Кожалымов З., Президент Ассоциации народных целителей Республики Казахстан.

Народный целитель международной категории

г. Гурзув, 7 октябрь 1993 г.

 

РОЛЬ ТВОРЧЕСКОГО НАСЛЕДИЯ КАЗАХСКОЙ НАРОДНОЙ МЕДИЦИНЫ В ЕСТЕСТВЕННОМ ЦЕЛИТЕЛЬСТВЕ

 

 Глубоко уважаемые Господа, коллегии!

Общеизвестно, что народная медицина имеет древнейшую историю. Каждый народ имел свои традиции и свои только ведомые способы сохранить здоровье человека. Древняя цивилизация оказала огромное влияние на развитие культуры и медицины народов обширной территоии Казахстана.

Значение древней народной медицины состояло в комплексном воздействии на человека (единство души и тела человека на протяжении всей его жизни – от рождения до смерти) и не только, когда он болен, но и когда здоров. Дело в том, что древняя народная медицина есть органическая часть жизни этно культурной общности, активно участвующая в охране здоровья людей.

Важнейшее значение придается в ней разнообразным приемам личной гигиены, начиная с рождения ребенка: это купние в обычной воде, массаж всего тела с втираньем бараньего курдючного сала от макушки до пальцев ног (особое внимание уделялось подвижности лопаток, позвоночника и всех суставов) и процедуры кормления, закаливания и т.д. важно подчеркнуть, что нормы гигиены и санитарии обязательны были для всех возрастов, как правило, они освящены религиозной системой, закреплены в традициях, верованиях, ритуалах. От их выполнения нередео зависело выживание того или иного народа, племени и т.д. Некоторые древние ритуалы имели магическую оболочку тип разговорами с духами, контакта с тотамом. Наши предки с большим понимание отнеслись к ценностям традиционных культур. Древние целителт стремились не только восстановить равновесие в организме, но и привести его в соответствие с требованием природы, нравственными и духовными принципами жизни пациента.

На протяжении истории человек везде искал пути избавления от состояния испорченности. Грехи, которые человек совершал приводили к заболеваниям различного рода. Исцелене было возможно с помощью религии. Общеизвестно, что все религии стараются уменшить человеческие страдания и вносят совй вклад в развити мировой цивилизации. Все религии мира (буддизм, индуизм, ислам и др.) придумали для людей много способов, как спасти себя. Хотя все эти разнообразные способы отличны друг от друга, их объединяет одно – вера в Бога. В связи с этим наши предки-мусульмане считали, что человек доолжен быть верен всемлгущему АЛЛАХУ-БОГУ и следовать заветам Пророка Мухаммеда, тогда он будет опасен. Многие молитвы, которые находятся в Коране исцеляли больных, страдавших от различных недугов. Целители-люди с повышенной чувствительностью, природно-одаренные, могли настроившись определеным образом, «считывать» информацию в виде зрительных образов, тактильных ощущений и т.п.

Главная особенность древней Казахского народной медицины – целостный сплав различных уровней ее воздействия на больного: лекарственные средства животного происхождения (кожа, шерсть, рога, копыта, мясо, кровь, желчь и др.), лекарственные вещества (металлы-золото, серебро, ртуть, медь, железо, олово., минералы-малахит, жемчуг, коралл, ляпись-лазурь), землистые вещества (глина, горная смола-мумие, разного рода соли и др.), лекарственные растения-деревья, кутарники и травы.

В наших краях народная медицина бурно развивались в срелневековые. Особенно во времена Абу насер аль-Фараби и Абу Али ибн Сина (Авиценна).

В результате многовековой практики целительства как на Востоке, Западе, так и на нашей земле появилось множество различных способов и приемов диагностики, а также лечения. Природно-одаренные люди: ведкны, народные лекари, знахари, костоправы, баксы, тамырши, травники и пр., знали секреты народной медицины.

Конечно, здесь были затронуты лишь некоторые аспекты народной медицины на казахской земле.

Несмотря на всякие запреты, передовалось мудрость народов, воплащенная в искусстве врачевания. К сожалению из-за множества войн проходивших на нашей земле, колониального ига царизма и особенно тоталитарной системы социализма народная медицина была загнана и находилась на грани исчезновения.

      Только лишь с 1991 года после обретения свободы и независимости Республик, стала возраждаться народная медицина в Казахстане. Этому способствовало открытие центра народной медицины и ароведение первой общесоюзной конференции народных целителей, где впервые много (известный целитель Кожалымов З.) провел показательный лечебно-оздоровительный сеанс. После этого был организован комитет по созыву первого съезда народных целителей республики Казахстан, призванный объединять всех целителей и использовать народный опыт врачевания с максимальной пользой.

Ассоциации народных целителей Республики Казахстан создана на I-ом съезде народных целителей Казахстана 22 декабря 1991 года, где и были приняты Устав и Положение. Ассоциация зарегистрирована Министерством Юстиции Республики Казахстан 22 января 1992 года.

Ассоциация, как добровольная общественная благотворительная организация, действует на основании законодательства Республики Казахстана и своего Устава.

Основными целями Ассоциации являются:

      консолидация сил народной медицины в деле духовного и физического оздоровления граждан, гуманное стремление к милосердию и бескорыстию.,

      эффективное использование творческого потенциала целителей народной медицины.,

      содействие в организации духовно-просветительных, учебных, лечебных и оздоровительных центров.,

      защита прав и интересов членов Ассоциации.,

      В соответствии со своими целями, ассоциации осуществляет следующие задачи:

      создание Республиканского духовно-просветительного оздоровительного центра народных целителей.,

      создание и развитие материально-технической, научно-методической, лечебно-сырьевой базы.

Ассоциация содействует изучению и исследованию космических тайн и других сокровищ природно-одаренных людей, а также истории их предков.

Ассоциация, созданная с целью выполнения вышеуказанных задач, достаточно молода, ей всего лишь год и девять месяцев. Одноко, она уже организовала почти во всех областях Республики свои филиалы, объединяет около 4-х тысяч целителей, ясновидцев и прочих природно-одаренных людей. При Ассоциации работает школа повышения квалификации целителей.

Ассоциация активную духовную и просветительскую деятельность. Созданы школы – медресе, где обучаются более 1000 молодых талантов.

Только за последний год проведены 4 раза семинары и конференции по обмену опытом целителей в деле нравственно-эстетического и духовного воспитания людей. Ассоциация выпускает газету «Халық емі» и сотрудничает с учеными национальной Академии Наук Казахстана. Готовиться издание – энциклопедической книги-справочника народного целительства.

В столице Казахстана г.Алматы выделена земля под строительство «Духовно-оздоровительного и культурного комплекса».

При глубоком анализе среди членов Ассоциации выявлены более 36 групп природно-одаренных людей (ясновидцы, звездочеты, баксы, жаурнышы, кумалакшы и пр.).

Возрождено около 40 различных видов диагностики заболеваний и свыше 50 методов исцеления больных людей.

Члены Ассоциации народных целителей Республики Казахстан принимали активное участие в I-конгрессе «Мир через культуру», проходившем в г.Алматы 18-21.11.1992 г. а также на этой конференции члены Ассоциации «Сары Аулие» (Марат Исембаев) и семья Кожалымовых успешно провели лечебно-оздоровительные сеансы.

Наш народ положительно отзывается о целителях Ассоциации, часть из которых участвуют на этом конгрессе (З.Кожалымов, К.Алиева, М.Тлендиева, М.Исембаев и др.).

У каждого целителя свое предназначение, свои свойства – неповторимые и чудодейственные. Творческое наследие, искусство ичцеления предков сегодня возраждается и продолжает развиваться.

Заканчивания свое выступление разрешите от имени многотысячных членов Ассоциации народных целилетей Республики Казахстан поблагодарить организаторов конгресса за приглашение и пожелать успехов конгрессу в международном сотрудничестве во имя здоровья и мира.

Благодарю за внимания!

ҚАУЫМДАСТЫҚҚА – 10 ЖЫЛ (22.12.1991-22.12.2001)

 

ҚАЙЫРЫМЫ ҚАРЫМДЫ ҚАУЫМДАСТЫҚ

 

Көзі жабылып, ағыны азайып, сарқылуға айналған бұлақ суындай халге жеткен әрі түп-тамырымен жойылуға әзер қалған әр халықтың көне тектік мұраларының бірі, құпиялы тылсым құдіретті күш иелерінің өз ордасы құрылғалы да он жылдан асты.

Қазақ елі тәуелсіздік алысымен қаптаған саңырауқұлақтай көбейген емшілердің, көріпкелдердің, бақсы-балгерлердің болжаушы мен құмалақшылардың, телепаттар мен жұлдызшылардың, жауырыншылырадың, тылсым күштің қасиеті қонғандардың аттары аталып, олардың бойындағы ерекшеліктеріне құрмет пен сенім және ғылыми анықтамалар мен тұжырымдамалар жасалуда.

Қаншама ғасырлар атаусыз келген, ешқандай құрмет көрмеген, тұқымымен арнайы есепке алынып, қиянат пен зорлық-зомбылық шеккендермен түп-тұқиянымен билеушілердің тарапынан жойылғандардың ұрпағына бүгін оң көзбен қарау заманы туды.

Мұндай киелі құпия қасиетке тән ұлттық құрамы әртүрлі, жасы мен жынысы, білімі мен танымы, талғамы, психологиялық келбеті мен моралдық кісілік тұлғасы әр қилы жандарды бір ортаға жинап, бір ұйым арқылы басқару мен ақыл-кеңес беру оны құрушыларға оңай болған жоқ.

«Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі республиканың облыстарындағы халық емшілерінің уәкілдері мен жанашырларының 1991 жылдың 20-23 желтоқсанында қауымдастық өзінің құрылғанына 10 жыл толғанын атап өтті. 300-ге жуық қауымның мүшелері мен ғалымдарымыз, журналистер, жазушылар, қоғамдық орындар уәкілдері құрылтайға қатысты. Он жылдық есебіміз де атқарған қызметтеріміз бен тындырған істеріміз жөнінде болды. Халқымыз қауым жетістігіне қуанды. Бұрын қауымға қырын қарағандар, оны түсінгісі келмегендер де оң көзқарастарын таныта бастады.

Қауымдастық басшылары мен мүшелерінің оны сақтаудағы ауыр да азапты күндер артта қалды. Еңбектің табысы мен жеңісінің күрессіз болмасына қауым мүшелеріне сенді, нақ баға берді. Сабырлық пен салмақтылық, имандылық пен қайырымдылық үлгісін сақтап, халқына рухани-сауықтыру мен ағарту саласында қызмет атқарған бірлестіктің мүшелері өз жұмыстарын табысты нәтижесіне қуанды, тәубесіне келді. Адалдық пен табандылық және Алланың ақ жолындағы еңбектің де күн нұрындай сәулесін шашатынына көздері жетті.

Өмір жолының ыстығы мен суығы, қайғысы мен қуанышы қатарласа жүретінін жанымызбен түсіндік. Қаншама қарсылық күштері болғанына қарамастан, қауым құпиялы тектік қасиет иелері екенін түсініп, өздерінің киелі ордасын ішкі және сыртқы қарсыластарынан қорғай білді. Мәдениеттіліктің биік деңгейінен табылды. Қауымға қиянат көрсеткендерге Алладан жақсылық тіледік. Қауымдастықтың мүшелері өздерінің теориялық, танымдық білімдерін ұдайы жетілдіріп келеді. Қауым жанындағы емшілердің білімін жетілдіру мен көтеру мектебінен ұдайы білім алған және діни оқу орындарында сауатын ашқан қауым мүшелерінің саны артуда. Халық арасында рухани-ағарту саласында қайырымдылық қызметін жалғастырушылар саны да көбеюде.

Өткен он жылдағы әрқилы кезеңдерде білімділігі мен ұйымдастыру қабілеттерін танытқан, ақыл-кеңесімен ұдайы араласқан халқына сыйлы әрі қауымның мақтанышына айналған  облыстық және қалалық бөлімшелер басшыларын атай кету орынды. Олар: Ермұханова Г. (Атырау), Құттыбаева Қализа қажы (Ақтөбе), Серікбаева А. (Қызылорда), Жолдасов Қ. (Жамбыл), Мырзагелдиев Е. (Алматы).

Қауымдастықты алғаш ұйымдастыруға жоғарғы деңгейде өз үлестерін қосқан, қауымның бұрынғы жауапты басшылары болған вице-президентері медицина ғылымының докторы, профессор А.Р.Шокин (марқұм) мен журналист Б.Айнабеков, бас директор, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Т. Бекенов есімдері қауым тарихы төрінен құрметпен орын алды.

Діни тәрбие мен имандылық саласындағы рухани ағартушылар: облыстар мен  қалалық филиалдарда жыл сайын қатарлары көбеюде. Бұл да қауымдастықтың қызметін жақсартуға және емшілік мәдениетін дамытуға үлкен үлес болмақ. Қауымдастық өз мүшелерінің сандық жағына емес, сапалық жағына мән беру ниетінде кезекті VII-Құрылтайында (22.XII.2001) қауымның төлқұжаттары мен эмблемасына және Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Қазір жаңа құжат үлгісінде мүшелерін қайта тіркеу жұмысы жүргізілуде.

Қауымдастықтың басшылары мен мүшелері баспасөз бен бұқаралық ақпарат жүйесі қызметкерлерімен тығыз байланыста болды. Қауымның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда баспасөзде 300-ден астам сұхбаттар мен рухани-тәрбиелік әңгімелер өткізді.

Қарапайым халқымыздан бастап ғалымдарымызға дейін бүгінде қауым қызметіне оң баға беріп отыр. Және олардың саны артып келеді. Қауымның оң жылдығына қырықтан астам мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, өздерінің салиқалы ой-толғамдарын, пікірлерін әрі жылы лебіздерін білдіруі ата-бабаның құпиялы ұлы тектік қасиетіне деген құрметтері екенін түсіндік. Әсіресе, философия ғылымының докторы, профессор Ж.Молдабеков (ҚазМҰУ), профессорлар: А. Жақанов, Қ.Құдайбергенұлы, доцент Ә.Өмешұлы (ҚазММУ), жазушы-академик М.Молдағали, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Г. Әлімбекова (АлМУ), заң ғылымының кандидаты доцент Ж. Әлдибекова (ҚазМемзаң академиясы), ғалым-жазушысы С.Ғаббасов, медицина ғылымының кандидаты, халық емінің негізін қалаушы Т. Төлендиев, тарих ғылымының докторы. Б.Төтенай (Білім академиясы), биология ғылымының докторы, академик А.Сыбанбаев, профессор Е.Керімбеков, доцент, Ш.Шынтаев (Халықтық емдеу орталығының – бас дәрігері және бұқаралық ақпарат саласы журналистері өздерінің қауым қызметіне ризалықтарын білдіріп, жаңа табыстардың биігінен көріне беруіне ақ жүректерінен адал ықыластарын білдіреді. Ғалымдар қауымдастықтың жанынан тұрақты ғылыми кеңес ашуды ұсынды. Сондай-ақ ғалымдардың ұсынысымен қауымдастықты бұдан былай XV ғасырдың ұлы ойшылы ғұламасы, дала ғалымы, қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқаылұлының атымен атау ұсыныстарын құрылтай делегаттары бірауыздан дауысқа салып бекітсе, құжаттар (жарғы) ҚР Әділет министрлігіне қайта тіркелуде.

Қауымның мүшелерінің тектік сапалық құрамы кестесінің аймақтық анықтамалық жобасыныің нұсқасы жасалынды. Қауым мүшелері халықаралық конгрестер мен форумдарға 1992 ж. Алматы, 1993 ж. Қырым, Гурзуф өз өкілдерін қатыстырып, мол тәжірибе жинады. Қазақ елінің емшілік, көріпкелдік қасиеттерін басқа ел мамандарына танытты әрі мойындатты.

Онға жуық республикалық тәжірибе алмастыру семинарлары (Шымкент, Атырау, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Жезқазған) қауым мүшелеріне пайдасын тигізді. Мүшелердің бір-біріне деген сенімі мен құрметін күшейте түсті.

Шипагерлердің пірі XV ғасырдың ғұлама ғалымы Ө. Тілеуқабылұлының (1388-1483 жж.) «Шипагерлік баян» еңбегімен (Алматы, «Жалын» 1996) таныстыру ғылыми тұжырымдар жасауда бірнеше жылдан бері ҚазМҰУ, ҚазММУ, ҰҒА ғылыми орталықтар мен қоғамдық ұйымдар ғалымдарымен тығыз байланыс жасалды. Ұлы ғұламаның еңбегі жөнінде жиырмадай ғылыми мақалалар жарық көрді (авт. З. Қ.) «Қазақ энциклопедиясына «жиырмаға жуық тақырыптық мақалалар тапсырылса, алды алғашқы томдарда шыға бастады (№2 том. 2001. авт. З.Қ.).

Қауым мүшелерінің адал қызметтері өз нәтижесін берді. Оларға алуан жалған атаққұмарлар, «әулиелер», «аналар», «Алланың елшісі», жалғанды жалпағынан басқандардан сақтандыру шаралары ұдайы ескертілді әрі оң нәтижесін берді.

XV ғасырдың ғұламасы, дала жаһанагері, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұылынң «Шипагерлік баян» атты ауқымды энциклопедиялық еңбегінің қолымызға жетуі, ежелден ескерусіз келген емшілер, көріпкелдер мен болжампаздардың құпия қасиет қонғандардың бойындағы ерекшелігіне әділ баға бергізе бастады. Жабылған бұлақ көзі ашылды. Қауымдастық өзінің «Халық емі» төл газетін 1992-1993 жылдары жүз мыңға жуық данамен шығарып, өзінің оқырмандарынан оң бағасын алды. Қанша уақыт өтсе де журналист Б. Айнабеков бас редактор болған газетте өзінің сол кездегі жариялаған мақалалары құнын әлі жойған жоқ. Қаражат тапшылығына байланысты газет біраз шықпай қалғанымен, құдай бұйыртса, енді міне қайта қолға алынды.

Жаңадан қауымдастық атынан «Шипагерлік баян» атты газет шығаруды бастадық. Бұл ұлы бабаның рухына құрмет, әрі оның «Шипагерлік баян» еңбегінің негізгі идеялары мен ғылыми тұжырымдамаларын одан әрі насихаттап, әрі мәртебесін ғылым алдында көтеру осы газет редакциясына жүктелді. Өйткені халқымыздың  білімін мен ғылымын алты ғасырға алға жылжытқан ғұлама еңбегі қазақ елі үшін баға жетпес қазына саналады.

Қауымдастықтың құрылуы бізге де ой салды. Жаңа бағыт ұсынды. Баспадан кейінгі жылдары жарық көрген еңбектерім «Көк тәңірім жүр жебеп», «Мәңгілік құпия шежіресі», «Шапағатты рух ордасы» (Алматы, «Тоғанай Т», 2000), ән-толғауым «Сөздік-Словарь» (2001) ғылыми-танымдық кітаптарымның дүниеге келуі – осы қауымдастық ықпалы. Осы еңбектер арқылы киелі құпия күш иелерінің тектік қасиеттерінің анықтамасы жазылынып тұжырымдалынды. Бұған да бір Аллаға тәубе деп, тілектес болған жанашырлар мен халқымызға рахметімізді айтамыз.

Алда талай қыруар жұмыстар күтіп тұрғанын білеміз әрі сезінеміз де. Жаңа ғасырдан да қауымдастық мүшелерінің күтері мол. Жаратушымсыз елімізге амандық, халқымызға бірлік, дінімізге беріктілік, діліміз бен тілімізге парасатты мәртебе бергей.

 

Қауымдастықтың 10 жылдығына

 

Алланың ақ жолынан адаспаған!

(Толғау)

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына он жыл толу мерейтойына арналған Қазақстанның еңбек сіңірген Қызметкері, қазақ радиосының ардагері, ақын, сазгер, жыршы Төртқара Төлеу қажы ҚОСАН.

 

Ассалаумағалейкум,

Мухтарам келген жамағат!

Толғауды тарттым,

Жанымды жайлап жанап ап.

Тебіреніп толғап өтейін,

Өткеннен сырды бүгінге,

Жайлардан жалпы жаңалап,

Құрылтай он жылдықпен қатар келді,

Дүбірлеткен мерекемен бар әлемді

Бір атаның баласы

Ақ тілекпен табысқан.

Талабымен тау жыққан

Шипасын жасап жасартқан,

Жын-шайтанмен алысқан,

Көз тұнады таныстан.

Қайтейін қозғап арысын,

Қайсысы әулие-әнбие

біле алмай қайран қазағым

Жүргенде адал бар ісің

Ауылда, елде айыра алмай

Жасыменен, кәрісін,

Шырмалып солай жүргенде

«Мәңгілік құпия шежіре»,

түсіндірді мәнісін.

Осынау күнге жеткізген,

Аллаһқа шексіз шүкірлік

Илла иллаһә иллаллаһ,

мойынға артпай күпір ғып.

Егемендік алғалы,

Енку-енку жер шалмай

Егеулі найза қолға алмай

Тыныштықпен келеді

Иншаллаһ халқым қозғалмай.

Бұл дәуірге жеткізген,

Құдіретті күші Алланың

Жердегі сынап құлдарын,

Тарихтың тартты тармағын.

Талай ел, талай халықтың

Басқара алмай басшысы

Тістеп қалды-ау бармағын.

Құдайға қылдық, тәубелік

Елбасым ерлеп келеді

Көтеріп заман салмағын.

Өздерің айтшы жамағат

Шашқан жоқ па бұл қазақ

Шет елге тапқан бар малын.

Басыбайлы басқаның

Боданы болып жүргенше

Тәуелсіз болу емес пе еді,

Түпкі мақсат, арманың.

Тағы да неге айтпаймыз,

Киелі елдің ұл-қызын,

Гүлін ашқан қырмызын,

Елбасым есен-сау жүрсін

Сөндіре алмайды Ма-ша Аллаһ

Маңдайға біткен қазақтың

Нұрсұлтандай жұлдызын.

Айта берсе болады-ау,

Уақыт тарлау, күн қысқа

Құрылтайдан өнеге

Алатын жанға бір нұсқа.

Айтпай кету күнәлік

Ағайын-ау бұл тұста.

Уа, Қожалымұлы қарағым,

оң болсын ісің, талабың

Жасыңнан тартып тағдырдың

Ақылың алдын ағаның.

Сабағын алдың дананың,

Перзенті болып даланың.

Сыйлап өстің сыр мінез

ауылдын әрбір адамын.

Айырдың солай пенденің

Һалалы мен харамын.

Құбылып талай жүзіңнен,

ағындап өтті-ау нала, мұң.

Арындап келген арманның,

алдыңа салдың жарамын.

Елім деп еткен еңбектен.

Бұла күш бойда бар ағын.

Перзенті болдың халқымның

атадан қалған арысым

құпияның білер парқын кім?

Шежіренің шертіп ағысын.

Осынау күндер ішінде

зұлымдықпенен алысып

ойдағы арман арлы істің

бермедің қолдан намысын.

Сиқырлы көздер сынға алды,

ісіңнің алға барысын.

Төтеп бердің төзіммен

ғайбаттап жатса танысың.

Шаршамадың шалдығып,

Аша түстің айқара,

құпиялы сырдың ағысын,

сынадың сиқыр сұмырайды,

көріпкел тағы-тағысын.

Ойға алған міндет ауыр жүк,

жемісін берді әр ісің.

Бұл күнде елдің қалдырмай,

аузында жүрген әнісің.

Жарылқай түссін жаратқан

өзінің берген ақ ісің.

Өтейбойдақтай бабаңды,

Дәуірлеттің, елге тараттың.

Қалдырмай шарлап кезгенің,

Ғылыми түрде дәлелдеп,

ойынан шықтың өзгенің.

Тек шыдайды шипагер,

Нар жолында тұра алған

Ахиретте өзгеден,

Оқшаулау болады сұралған.

 Ажырамасын бастарың,

 Құрылтайда құралған.

Жасаған шипа, ем болып

 Тауфиғын берсін ұлы Аллам!

 

 

Халық медицинасының «Өткені, бүгіні, болашағы» туралы

I-халықаралық конгрестегі З.Қожалымовтың баяндамасы

Алматы қаласы, 16-18.09.2004 ж.

 

Ашылуы

Қадірменді конгреске қатысушылар!

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығы дәстүрлі емес халық медицинасын дамытуда ауыр жолдардан өтіп, оның болашақ ұрпақ үшін ғылыми негізінің жолын ашты. Бүгін Қазақ елінде әлем халқының халық емшілігі саласындағы ғалымдары, зерттеушілері және емшілері бас қосуда. ҚР Дәстүрлі емес халық медицинасының I-Халықаралық конгресіне шет елдерден: Ресей, Қытай, Орта Азия мемлкеттерінен, басқа мемлкеттің азаматтары қатысуда. Мен сіздерді конгресті ұйымдастыру комитеті атынан және Қазақстан халық емшілері қауымдастығы атынан қадамдарыңызға ақ тілек тілеп, ақ пейілділікпен құттықтаймын! Конгреске 715-тен астам адам қатысуда.

Құрметті конгреске қатысушылар!

ҚР ҚР Дәстүрлі емес халық медицинасының I-Халықаралық конгресі ашық!

 

 

Қадірменді конгресс делегаттары!

Қазақ елінде өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін киелі адамдар бойындағы тылсым күштері сырлары иелерін бір ұйымға жинап құпия шежіресін ашуға мүмкіндік туды.

Қазақ даласында халық ішіндегі емшілік өнері жөнінде ұлы ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы т.б. өз еңбектерінде талдап жазып, жеке тұжырымдар жасап, мәңгілік құнды энциклопедиялық еңбектерін қалдырды.

ХV ғасырдың ойшыл ғұламасы, ұлы шипагер ғалымы Ө.Тілеуқабылұлы /1388-1483/ өзінің «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық-медициналық еңбегінде бір ғана емшілік саласын болжамалы және емі дарымды деп екі салаға бөліп, отызға жуық атауға /Болжаушы, емші, тамыршы, балшы, жұлдызшы т.б./ бөлді. 1050 түрлі дәрі-дәрмек жасады. 858 түрлі шөптің дәрілік қасиетін, 318 түрлі жан-жануардың мүшесінің дәрілік сипатын және 70-ке жуық металл-металедтің емдік сырын ашты. 13 мыңнан аса емдік рецептің негізін жасады. 460-тан аса адамның анатомиялық-физиологиялық терминдік атауын жасады.Гуманитарлық ғылымдардың барлық саласын біріктіре отырып, халық медицинасының ғылымымен ұштастыра білді. Сөйтіп қазақтың дәстүрлі және дәстүрлі емес халық медицинасының ғылыми негізі мен тұжырымдарын сонау ХV ғасырда дәлелдеп, халық медицинасының өткен дәуірінің негізін қалады.

ХХ ғасырда өмір сүрген дәрігер-емші Құртқа баба /1770-1906/ халықтық дәстүрлі емес медицинаның негізін байыта отырып, оның тарихи негізін толтыра білді.

Қазақ халқының кең даласында оның емшілік, бақсылық т.б. қасиеттерін ғылыми негізде зерттеп жазуды ХVІІ-Х VІІІ ғасырда орыстың этнографиялық ғалымдары мен қазақтың ғалымы Шоқан Уәлиханов жүзеге асырды.

Коммунистік идиологияның заманында м.ғ.д.-жазушы Естөре Оразақов, фармоколог-ғалым Сәлкен Суханбердин, дәрігер-жазушы Зейін Шашкин т.б. ғалымдар дәстүрлі емес халық медицинасының дамуына ықпал етті.

ХХ ғасырдың 60-шы жылының басында Алматы қаласында сол кездегі Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі профессор, м.ғ.д. Сағатулла Қарынбаев Бүкіләлемдік дәстүрлі емес халық медицинасының 1-конгресін өткізді. Конгрестің қаулылары мен шешімдері негізінде әлем елінде дәстүрлі емес халық медицинасының қалыптасуына жол ашты.

1991 жылдың соңында арнайы тіркеуден өткен Қазақстан халық емшілері қауымдастығы, бірнеше мыңдаған емшілерді бір ортаға топтастырып әрі білімдерін көтеруге ықпал етіп және бойларындағы жеке қасиеттеріне ғылыми негізде тұжырымдар беріп келеді.

Қауымдастық Республикалық халық медицина орталығымен бірлесе отырып қызметтерін жалғастыруда. Ғылыми-танымдық мақалаларды жариялап және халық емшілігі саласында бірнеше кітаптар шығарылды. «Шипагерлік баян» атты газеті қызмет етуде. Емшілердің ерекшеліктерін анықтауда ғылыми лабораториялар және ғылыми кеңестер жұмыс істеуде.

1990 жылдан бастап халық емшілері бірнеше халықаралық конгрестерге, форумдарға және конференцияларға қатысып, өздерінің теориялық және практикалық білімдерін дамытуда. Медициналық арнайы оқу-құралдарында тарихы жазылмаған халық медицинасының тарихын қалыптастыру оңай болмады. Қазақтың дәстүрлі халық медицинасының тарихын қалыптастыру оңай болмады. Қазақтың дәстүрлі халық медицинасының өткені ХV ғасырдан басталса оның бүгіні ХХ ғасырдан негізі қаланды.

Дегенмен емшілерге мемлекет басшысы мен Үкімет тарабынан ерекше мән берілгенмен, шын мәнінде басқа мемлекеттердегі игілікті ғылыми жұмыстардың нәтижесімен салыстыруға келмейді.

ХХІ – ғасыр парапсихология ғылымы ғасыры. Әлемдегі көп елдерде тылсым күштің ғарыштық, табиғаттық және адам бойындағы құпияларын зерттейтін арнайы мемлекет қамқорлығындағы ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелері жұмыс істеуде. Қазақстанда да осындай ғылыми-зерттеу ұйымдарының қажеттігін үкімет басшылары еске алғаны жөн.

Сондықтан, өтіп жатқан Халықаралық конгрес әлем қоғамындағы барлық тылсым күш иелері мен ғалымдарды біріктіріп, өздерінің ғылыми-теориялық және практикалық тұжырымдарын байытуға және біріктіруге мүмкіндік жасайтынына зор сенім білдіремін.

Ресейдің Қазақстандағы жылына байланысты, өтіп жатқан Халықаралық конгрестің қаулылары мен шешімдерін әлем елінің және Қазақстанның халық медицинасының дамуына өз үлесін қосарына тілектеспін.

Конгресс делегаттарына дендеріне саулық, сапарларына сәттілік және қызметтеріне табыс тілеймін!

Мейірманды тыңдағандарыңызға көп рахмет.

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39




вверх