орындалған Аманат
32
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Зиядан қажы шаршамай,

Келді, міне алпысқа!

Кезіңізден қаршадай,

Көз тіктіңіз алысқа!

 

Құпиясы жоқ жерде әлі,

Ағаның білмей, көрмеген.

Шығыпты талай жинағы,

Ғылымға тылсым өрлеген.

 

Зиядан қажы шаршамай,

Етеді еңбек жан салып.

Шипасын берген баршаға-ай,

Түймекүл апа қарсы алып.

 

Тылсым. Құпия. Ой-сарын.

Ғылымның тапқан ойларын.

Адамды қойып, дүниенің

Ақтарып кеткен қатпарын!

 

Жасаңыз, аға, жайнаңыз!

Шипалы істер майдан боп!

Түймекүл апай – айнаңыз!

Жүретін сізге қайран боп!

 

Ер жасы алпыс – көп емес,

Сіз асқан белдер биік қой!

Жасаңыз талай өрелі іс,

Төріңде болсын, дүбір-той!

 

«Тамаша» баспа үйі: 09.07.2004

 

ЕМШІ-ҒАЛЫМ, САЗГЕР ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВҚА

 

Бүгін міне дүрмек той – 60 жаста Зядан.

Ортамызда жүрсе де, қарап тұр ғой қиядан.

Қасиетті Хантәңірдің баурайында іңгәлап,

Арман қуып, ерте ұшыпты ұядан...

 

Зерттеген тылсым мен шындық арасын,

Еңбегіңді қастерлеп, жұрт қызыға қарасын.

Ғұлама ой – «Мәңгілік құпия шежіресін»

Көзбен оқып, санаға тоқып аласың.

 

Тау қыраны заңғар болды белесің,

Әлі де сен қанатың талмай келесің.

Алла, әруақ өнегесін өсиеттеп,

Жалын – жасқа ақыл-сана бересің...

 

Өрең биік өзгеден, киелісің, дарасың,

Халқың өзі ардақтап, құрмет-ізет табасың.

Ұл мен қызға тіреу боп, немере де сүйіпсіз.

Қадірлі апа Түймекүлмен қатар тауып жарасым.

 

Шабытыңыз шалқи түссін, шабысты үдет.

Мұқалмасын жан аға, білек пен жүрек...

Бөлене берсін, шапағат – нұрға айналаңыз,

Мерейтойда дос көп болсын, айтар тілек.

 

«Ақбаян» газетінің ұжымы

 

АСА ҚАДІРМЕНДІ ЗЯДАН ҚАЖЫ

 

Сізді «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төралқасы атынан 1-шілдеде асқаралы 60 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз!

Сізді Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық «Халық медицинасы орталығының бас директорының орынбасары», Қазақстан қоғамдық «Экология» академиясының медицина және экология мамандығы бойынша академигі, Қазақстан Журналистер және Психологтар одағының мүшесі, Халықаралық «Жаңа өрлеу», «Бейбітшілікке мәдениетпен», «Парапсихология», «Туысқандық құпиялық» және Ресей халық емшілері қауымдастықтарының толық мүшесі. Халықаралық дәрежедегі және Қазақстанның құрметті халық емшісі, парапсихолог, биоэнерготерапевт, тылсым құпиялықты зерттеуші психолог-ғалым, «III-мыңжылдықтың ү.здік емшісі», ақын-сазгер ретінде ел-жұрт денсаулығын жақсарту мен халық емшілігі сияқты қатпары мол, күрделі әлеуметтік саланыңбасшылық, ұйымдастырушылық жұмыстарын жолға қоюда аянбай еңбек етіп келесіз, қызметініздегі қаншама күрделі кедергілерден сүрінбец өтіп, ізгі мақсатыңызға жеттіңіз. Осындай ұлан-ғайыр қоғамдық жұмыстармен бірге өміріміздің басқа да алуан түрлі салаларында орасан жетістіктерге қол жеткіздіңіз. Мәселен, 1991 жылдан бері 10 мәрте ірі Халықаралық форумдар мен конгрестерде және бұрынғы одақ көлемінде емдік сеанстар өткізіп қазақ ұлтының атын әлемге жайдыңыз. 2003 жылы қасиетті Мекке-Мединеге барып, қажылық парызыңызды өтедіңіз.

Қарапайым халық емшілік, ұйымдастырушылық қабілеттеріңізбен бірге қаламыңыздың да қасиетті қарымына куә. 1992-2003 жылдар аралығында республика көлеміндегі баспасөз беттеріндегі 200-ге жуық ғылыми-танымдық және рухани тәрбиелік мақалалар жариялап, үш бірдей ғылыми жинақ пен бір ән-өлең кітабын оқырман қауым назарыңа ұсынғаныңыз және «Албан шежіресі» мен «Әлмерек баба» кітабының да авторларының бірі сіз, мұны таудай талантыңыздың бір қыры деп білеміз.

Адамдығым – ол менің адалдығым,

Бойымда дарын да бар сана білім.

Жүрегім-ақ, жаным да таза менің,

Халқымның пір тұтамын даналығын, –

деп өзіңіз жырлағандай еліміздің XV ғасырдағы дана ғұлама ғалымы, қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының емшілік мұрасын зерттеп тануда да атқарған істеріңіз бір төбе.

Талап қуып ұшқанында ұядан,

Көзін шалды өр мақсатты қиядан.

Ел-жұрт үшін ешбір тыным көрмедің,

Заңғар көкке данқың жетсін Зиядан! – дей келіп ел үшін жасаған ұлы да, ұлағатты еңбегіңізге Алладан рақым, пайғамбардан шапағат тілейміз. Ғұмырыңыз нұрланған үстіне нұрланып, бала-шаға немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіз!

Ізгі ниетпен: Қазақстан халық емшілері қауымдастығы Төралқасының мүшелері: Шынтаев Шәкен қажы, Байжанова Зейникамал қажы, Бақтыбаева Майдан қажы, Мырзагелдиев Ермек, Бодров Александр, Әлімбек Қайрат, Настенко Владимир, Айсарова Рахилям, Ермұханова Гүлпара, Сәрсенбай Жанболат, Рыбин Сергей, Төреқұлов Тоқтабек.

 

Құттықтаймыз!

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Төралқасы Қауымдастықтың президенті, Республикалық халық медицинасы орталығы бас директорының бірінші орынбасары, Қазақстан Журналистер және Психологтар одағының мүшесі, Қазақстан «Экология» академиясының академигі, «3-мыңжылдықтың үздік емшісі» атағының иегері, Халықаралық «Жаңа өрлеу», «Бейбітшілікке мәдениетпен», «Парапсихология», «Туысқандық құпиялық» және Ресей халық емшілері қауымдастығының толық мүшесі және Қазақстанның халықаралық дәрежедегі «Құрметті халық емшісі», парапсихолог, биоэенерготерапевт, тылсым құпиялықты зерттеуші психолог-ғалым, ақын-сазгер Зядан қажы Қожалымов мырзаны 1– шілдеде 60-жасқа толған мерейтойымен құттықтайды!

Басшы, ғалым, ақын, сазгер, сый-Адам,

Ел білетін қажы ағамыз Зядан.

Тәңір берген сан қабілет бойында,

Тағдыр шыңдап сынап алған қиядан.

Елімізге қуат берген қиядан.

Емшілердің жолбасшысы киесі,

Тылсым дүние білгірі де иесі!

Ол – дара тұлға, қажы аға Зядан!

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, береке-байлық тілейміз. Қызметіңіз табысты болып, ар-абырой, беделіңіз арта берсін!

Қауымдастықтың Төралқасы

 

Қадірменді Зядан қажы!

Сізді асқаралы 60-тың асуына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Алланың берген қасиеті арқасында Сіз Қазақстан халық емшілері қауымдастығының іргетасын мықтасып, бір мүшел бойы оның президенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республикалық ғылыми-практикалық «Халық медицинасы орталығы» бас директорының орынбасары ретінде халқымыздың көмескіленген емшілік дәстүрін қайта тірілтіп, әлемге танытуда еңбек сіңіріп келесіз.

Жан жарыңыз, халық емшісі Түймегүл жеңгемізбен бақытты да ұзақ ғұмыр кешіп, бала-шаға, немере-шөбере қызығын көріп, еңбегіңіздің табысты болуына тілектеспіз. Сізге әр күніңіз Хан Тәңіріндей асқақтық, Шалкөдедей дархандық, Текестің суындай мөлдірлік сыйласын!

Тілек білдірушілер: Қайрат Әлімбек, Қуанышкүл Ермаханова, Кәдірбек Құныпияұлы, Жұмагүл Кеңесбекқызы, Марат Нүсіпов, Төлеген Ильяшев, Гүлсім Ильяшева.

 

Құрметті зядан қажы!

Республикалық ғылыми-практикалық халық медицинасы орталығының ұжымы Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтайды. Өмір жасыңыз ұзақ денсаулығыңыз зор, еңбегіңіз жемісті болып балаларыңыз қызығын көріп, баяндыда бақытты ғұмыр кешуіңізге Алла Тағала нәсіп етсін. Әрқашан еңбекқорлығыңызға қайрат пен күш-қуат бітсін. Ғаламдық Зерттеулеріңіз ғаламдық ізденістерге жетелесін. Әліде қажымай-талмай, көптің, игілігі үшін жемісті еңбегіңізді жалғастырып, соның қызығын туған-туысқан, семьяңызбен көре беріңіз!

Шакен қажы Мұқанұлы Шинтаев,

Ұжымның бас директоры Денсаулық сақтау Министрліктің Халық медицина бойынша бас маманы, академигі

 

ҚАДІРЛІ ЗЯДАН ҚАЖЫ!

Бойыңызда ізгілік иманыңыз,

Білім нәрін жалықпай жинадыңыз.

Ең әуелі зор байлық денсаулық деп,

Ғұмыр бойы халыққа сйыладыңыз.

 

Ал бүгін 60 деген асқардасың,

Шартарапқа шұғыла шашқан жасың.

Қошаметпен, құрметке бөлене бер.

Абыройың әрқашан асқарласын.

Гүлжан, Шакен қажы Шинтаевтар әулеті

 

ҚАДІРЛІ ЗЯДАН ҚАЖЫ ҚОЖАЛЫМОВ

Сізді асқаралы 60 жасқа толған мерейлі мерекңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға шаттық, еңбегіңізге жеміс тілейміз.

Құрметті Зядан қажы, Сіз қазақстан Халық емшілері қауымдастығын басқара отырып, елді алдаған зымиян ойлы арамзалардың жолын кесіп, халықтың зор ықыласына бөленіп шексіз сенімге ие болдыңыз. Сол сенімнің ақталғанына көзі жеткен қасиетті Ұлытау өңіріндегі ниеттеріңіз өзіңізге Аллаһ Тағаланың шапағаты жауып, нұрлана түсуіңізге шын жүректен тілектес.

Әрқашанда абыройлы бол, дәйім,

Адал ұлға аппақ болған жол дайын.

Тылсым дүние – зерттегенің, зерделеп,

Көк Тәңірі жебеп жүрсін әрдайым.

 

Құпиясына үңілдіңіз жұлдыздың,

Қасиетсізге Аллаһ жолын білгіздің.

Зор ниетпен жатыр екен той қылып,

Қызығына кеңеліңіз ұл-қыздың.

 

Әрі қажы, әрі ғалым зерделі,

Қажыр менен қия шыңға өрледің,

Сазгерлікпен елді бөлеп сазыңа,

Ақындықта ешкімге есе бермедің.

 

Біліктілік – азаматтың бағы ғой,

Ізгілікте көрсетерсіз әлі бой.

Алпысыңыз – тал түсіңіз болсыңшы,

Алпыс жаста ортаймасын абырой.

Ізгі ниетпен: Ұлытау – Жезқазған өңіріндегі

мыңдаған тілектестеріңіз атынан Қуаныш-Света

 

 

ҚАДІРЛІ ЗЯДАН АҒА!

 

Алпыстың асқарын шыққан биігіңіз, ел борышын ақтаған адал еңбегіңіз, халық емшілігіндегі салған сара жолыңыз, тарих беттерінде келер ұрпаққа әлемнің хаты болып мәңгіге қала бермек. Сондай өшпес із қалдырған Сіз шын мәнінде аса зор тұлғасыз. Сіз бағындырға ұлылық биігінде ата-баба рухының тектік қасиетінің күші бары анық. Алла Тағала нұрын шашқан құрмет белгілері де әрбір ісіңізден айқын көрінеді. Елі үшін сіңірген еңбегіңіздің ұшан-теңцз екені де рас. Сіз қанат қақтырған мыңдаған шәкірттеріңіз бұл күнде миллиондардың кеудесіне имандылық нұрын ұялатып жатыр. Алла жар болсын! Абырой беделіңіз одан әрі арта берсін! Алла тағала сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, баянды бақытты ұзақ өмір берсін. Жолыңыз әрқашан ашық болсын! Еңбегіңіз әрдайым табысты болсын!

Ізгі ниетпен: Жанболат Сәрсенбай

ҚХЕҚ-ның баспасөз хатшысы

 

ҚҰРМЕТТІ ЗЯДАН ҚАЖЫ АҒА!

 

Алпыстың асуына жеткен қадамыңызға гүл, жүрегіңізге нұр бітсін. Киелі қасиетті халық емшілігіне қосқан үлесіңіз бүгінде кез-келген халық емшісінің жүрегінде имандай ұйыған. Соны негізге алсақ, адал еңбегіңіз шынайы күреске толы екенін көреміз. Сол күресте Сіз расында жеңіп шықтыңыз. Ол туралы «Мәңгілік құпия шежіресі» және «Шапағатты рух ордасы» атты кітабыңызда кеңінен ашық айтып жазғансыз. Біздерде Сіздің тәлім-тәрбиеңізбен ел алдында абыройлы болып, халқымызды имандылыққа, рухани тазалыққа шақырып, елеулі еңбек етіп келеміз. Сондықтан Сіз бен Біз «Илегеніміз бір терінің пұшпағы» болғандықтан қуанышымыз да бір деп есептейміз. Қуаныш қуанышқа ұлассын! Өмірде бақытты болыңыз Зиядан аға!

Зейникамал қажы Байжанова

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Төралқасы Қауымдастықтың президенті, Республикалық халық медицинасы орталығы бас директорының бірінші орынбасары, академик, тылсым құпиялықты зерттеуші психолог-ғалым Зядан қажы Қожалымов мырзаны 1-шілдеде 60 жасқа толған толған мерейтойымен құттықтаймыз!

Құттықтай отырып, қазақтың тектік қасиетін жаңғыртқан еңбегінің елеулі жемісі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатыны, сол құнды еңбектері «Мәңгілік құпия шежіресі» және «Шапағатты рух ордасы» атты кітаптары әрбір халық емшісінің жүрегіне иман, жүрер жолына ақ жол, ем ісіне ұстаз болғанының ақиқат екенін айтқымыз келеді. Лайым Алла Тағала Зядан қажыдай басшымызға ашық аспан аясында мол бақытын сыйласын! Арайлап атқан таңдары ақ болсын! Ұрпақтары мен шөбере-шөпшектері көп болып, дара тұлғалық қасиеті арта берсін!

Ізгі ниетпен: Зейникамал қажы Қаржынбайқызы, «Ақ-Ана» рухани-сауықтыру орталығының төрайымы.

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасының халық емшілерінің қауымдастығының Президенті, республикалық халықтық медициналық орталықтың бас директорының бірінші орынбасары, академик, тылсым құпиялылықты зерттеуші, психолог-ғалым Зядан қажы Қожалымов мырзаны жыл сайын шілде айында аталып өтетін туған күнімен, әрі 60 жасқа толған мерейлі тойымен құттықтаймын!

Құттықтай келе мен оған сіз ашқан қазақтың тектік қасиетін жаңғыртқан жемісті еңбегіңіз, сөз жоқ, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала береді. «Мәңгілік құпия шежіресі» және де «Шапағатты рух ордасы» атты кітабыңызда әрбір халық емшісінің жүрегіне иман, жүрер жолына ақ жол, ем ісіне ұстаз болғанын да ақиқатпен атап өткім келеді.

Лайым Алла тағала Зядан қажыдай басшымызға ашық аспан аясында мол бақыт сыйласын. Арайлап атырған таңдарыңыз ақ болсын! Немерелеріңіз де көп болсын, жанұяңызда бақытты болыңыз. Дара тұлғалық қасиетіңіз де арта берсін!

Құттықтаушы Қарағанды облысы бойынша халық емшілерінің басшысы

Тұңғат Ғалымханұлы Игіманов

 

 

АЛПЫСЫҢ – ҚҰТ, АДЫМЫҢ – НЫҚ БОЛСЫН! ҚАДІРЛІ ЗЯДАН ҚАЖЫ!

 

Сізді Қазақстан халық емшілері қауымдастығының (ҚХЕҚ) Төралқасы «Алпыс жас – ел ағасы» деген асқаралы 60-тың асуына шығуыңызбен шын жүректен құттықтайды.

Алланың берген қасиеті арқасында Сіз ҚХЕҚ іргетасын нықтасып, міне, бір мүшел бойы оның президенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республикалық ғылыми-практикалық «Халық медицинасы орталығы» бас директорының орынбасары ретінде шапағатты рух ордасын тіктесіп, осы салада іргелі еңбектер жазып, өзіңіз де халықаралық дәрежедегі халық емшісі», ІІІ мыңжылдықтың үздік емшісі», Қоғамдық «Экология» академиясының академигі, парапсихолог, биоэнерготерапевт, тылсым құпиялылықты зерттеуші ғалым қатарында халқымыздың көмескіленген емшілік дәстүрін қайта тірілтіп, әлемге танытуда елеулі еңбек сіңіріп келесіз. Мерейтойыңыз құтты болып, жан-жарыңыз, халық емшісі Түймегүл жеңгемізбен бақытты да ұзақ ғұмыр кешіп, бала-шаға, немере-шөбере қызығын көріп, еңбегіңіздің табысты болуына тілектеспіз. Сізге әрбір күніңіз туған өлкеңіздегі Хантәңіріндей биіктік, Шәлкөдедей кеңдік, Текестің суындай тазалық әкелгей!

Алла біліп ақ-қарасын,

Шалқи бергей шатта басың.

Қожалымов әулетіне,

Қыдыр дарып, БАҚ қарасын!

Ізгі тілекпен: ҚХЕҚ Төралқасы

 

 

ҚАДІРЛІ ЗЯДАН ҚАЖЫ АҒА!

Алатаудай аспандаған 60 жасқа толған мерейтойыңыз тек бақытын сыйласын. Өмір жасыңыз ұзақ болсын! Деніңізге саулық тілеймін! Отбасыңыз аман болсын! Өміріңіз тек жақсылықтарға жалғасып, немерелі, шөберелі, шөпшекті болып, ұрпақтарыңыздың көп болып өсіп-өнуіне тілектестік білдіремін. Сіз жаңғыртқан ата-баба рухы тектік қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін. Сол қасиетіңізді таза ұстап, аяғыңыздан нық тұруға бастаған қадамыңыз әрқашан Алланың тура жолынан баянды болсын. Алла Тағаладан тілеген тілегіңіз қабыл болсын!

Ізгі ниетпен: Жанар Өмірқұлқызы,

Кәсіби халық емшісі

 

ҚАДІРМЕНДІ ЗЯДАН ҚАЖЫ!

Сізді 60 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Құттықтай отырып, өмір жасыңыз ұзақ, денсаулығыңыз зор, еңбегіңіз жемісті болып, балаларыңыздың қызығын көріп, баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге Алла Тағала нәсіп етсін. Әрқашан еңбекқорлығыңызға қайрат пен күш-қуат берсін. Ғалымдық зерттеулеріңіз ғаламдық ізденістерге жетелесін. Қатарыңыздан суырылып шыққан зор тұлғаңыз биік жұлдыздардың өзін назар аудартатын күш-қуатты Алла бойыңызға дарытсын. Ешқашан ауырмай жақсы өмір сүруіңізге тілектестік білдіріп, қуанышыңыз қуанышқа жалғаса берсін демекпіз!

Астана қаласы халық емшілері атынан Майдан қажы Бақтыбаева ҚХЕҚ-ның Астана қалалық филиалының директоры

 

АСА ҚАДІРЛІ ЗЯДАН ҚАЖЫ!

Сізді Қазақстан халық емшілері қауымдастығының батыс Қазақстан облыстық филиалы атынан 60 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Сізге және отбасыңызға парасат-пайм, баянды өмір, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз. Ылайым жетістіктерге жетіп, арман мақсаттарыңыз орындала берсін демекпіз!

Ізгі ниетпен ҚХЕҚ-ның Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Қазиева Қойсын

қадірменді зядан қажы аға!

Асқар таудай 60-тың шыңына шыққаныңыз ел ақсақалы қатарына өткеніңіз. Ендігі белесте бағындырар биігіңіз мол бақыт, зор бедел әкелсін, аға! Тылсым дүниенің сырын ашқандай өмірдің мәніне де талай жұмбақтың шешімін табуда Алла Тағала Сізге ұлылық қасиетін сыйласын! Өмір жасыңыз ұзақ болып, өмірде бақытты болуыңызға тілектестік білдіремін!

Тәжігүл Назарова, Халық емшісі

 

Қадірменді Зядан қажы!

Сізді, 60 жылдық мерейлі де мерекелі торқалы тойыңызбен құттықтаймыз. Сіз басқарып отырған Қазақстан халық емшілер қауымдастығы бүгінде 13 жылға аяқ басып, қанатын кеңге жайды. Соның ішінде Алматы облыстық филиалы ерекше табыстарға қол жеткізіп келеді. Қазақта «Ақылды басшың болса адаспайсың» дегендей, Сіздің қам-көңіл басшылығыңның арқасында алар биігіміз аласарғандай. Сіздің қуанышыңыз Біздің қуанышымыз. Өміріңіз мәнді де сәнді қызыққа толы болсын. Денсаулығыңыз зор, отбасыңыз аман, ісіңіз табысты болсын!

Алма Мырзагелдиева, ҚХЕҚ-ның Алматы облыстық филиалының директоры

 

қадірменді Зядан қажы!

Алпыстың асқарына, көтерілген мерейтойыңыз қуанышқа толы болсын! Алла Тағала аңсаған арманыңыздың орындалуына нәсіп етсін. Желдей ескен уақыт желісінде еліңіз жүдеп жадамасын. Ел тізгінін ұстаған Сіздей еңсесі биік болғай. Ешқашан жамандық көрмеңіз. Сіз атқа мінген он үш жылда ел рухы көтеріліп, егеменді еліміз гүлдей жайнаған қуатты мемлекетке айналғанын көзіміз көрді. Бейбіт өмір құшағында ұрпақтарыңыз өмір сүріп жатыр. Солардың бақыты үшін Сіз әлі де ат үстіндесіз. Шаршамаңыз, мойыңыз. Алла Тағала Сізге тек күрес жолының сынағын ұсынғандай. Сынықтан сүрінбей өтіп ата-баба тектілік киелі қасиетін жаңғыртуда еңбегіңіз жемісті болсын!

Сара Мақат қызы, ҚХЕҚ-ның Ақмола облыстық филиалының директоры

 

қадірлі зядан қажы аға!

Сіз – аспанмен таласып өскен биік бәйтерексіз, Біз сол бәйтеректің жайқалып өскен жапырағындаймыз. Бәйтерек қуанса, жапырақтары сыбдыр қағып, қоса қуанады. Сол сияқты, Сіз де алпыстың асқарына шығып қуансаңыз Бізде, сол биікке шыққандай қуанышыңызға ортақпыз, аға! Алла енді тек жақсылықтарға жазып, зәулім бәйтеректей жемісті болып, биіктеген үстіне биіктей беріңіз. Өмір жасыңыз ұзақ болып, әлі де алпыс жасыңызға алпыс жас қосыла көргей! Ылайым солай болып, ғасырдан асқан атпалы ел ақсақалы болып, бақытты ғұмыр кешуіңізге Біз тілектестік білділеміз! Аспаныңыз ашық, өміріңіз бейбітшілік бақыт құшағында болсын, аға!

Ізгі ниетпен: Сейілбек қажы Исабеков, ҚХЕҚ-ның ШҚО Семей өңірі, халық емшілерінің атқарушы директоры

 

қадірменді зядан аға!

60 жасқа толған торқалы тойыңыз құтты болсын! жер жаннаты Жетісудың «Хантәңірісінің» Шалкөдесіндей табиғаты көркем жерінде дүниеге келген ұлылардың ұрпағғсыз, аға! Райымбек батыр бабаңыздай ел үшін атқа мініп көш бастадыңыз. Ата-баба рухын көтеріп, киелі тектік қасиетті жаңғырттыңыз. Өтейбойдақ бабаңыздай халқыңызды емдеп талай адамның сауқатты өмір сүруіне жол аштыңыз. Мұқағали ақын дана ағаңыздай өлең жазып, ән шығарып, атағыңыз жер жарып танылдыңыз. Жазушы жерлесіңіз Бердібек Соқпақбаевтай том-том кітап жаздыңыз. Жоғарыда аталған ата-баба, ағалардың дәрі де дүниеден өткен. Бірақ, есімдері жүректерге ұйып, милиондарды табындырған жандар. Сіз де солардың ізін басып, бүгінде ел ақсақалы шыңына биіктедіңіз, аға! Енді иікпеңіз, биіктеген үстіне биіктей беріңіз. Сіздің де ізіңізде еңбегіңізге еліктеп, өнеріңізге табынған миллиондардың бар екенін бір сәтке ойлап қойыңыз, аға! Осы алпыс жасыңызда тағы бір еңбегіңіз жарық көріп, қуаныш-қуанышқа той-тойға ұласа берсін!

Гүлхан Сәрсембаева, ҚХЕҚ-ның Алматы облысы, Балхаш және Қарасай аудандары бойынша директор

 

 

Құрметті Зядан аға!

 

Бүгінгі мерекелі күні – Сіздің 60 жылдық мерейтойыңызда жүректен шыққан біздің ыстық та шынайы сезімді қабыл алыңыз!

Өнегелі ісіңізбен абырой арқалап, еңбектес ұжымыңыз бен ағайын-туғандарыңыздың құрмет-алғысына бөлене беруіңізге тілектеспіз.

Жеке басыңызға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілей отырып, мына өлең жолдарын өзіңізге арнаймыз:

Уа, Зядан, Зия аға, бал жігіт,

Төбеңде тұрсын-ай, ылғи күн күліп.

Ер жігіт алпысында аттай шабар,

Жүре берші ондықтарға ту іліп.

 

Шаттығы көңілдің желдей ессін,

Жайқалып атақ-даңқың гүлдей өссін.

Армандар асыл, асқақ орындалып,

Жақсылық жансерік боп ылғи ерсін.

 

Баптаған алау гүлің – сүйген жарың,

Болсын-ай шуақ шашар бақыт таңың.

Ризығы отбасыңның үстем болып,

Қалқысын аққу құстай шырқар әнің.

 

Ойлама жантаюды әлі, аға

Парыздар көп орындар әлі алда.

Жетпістің жайма шуақ жазын көріп,

Сәлем бер сексен деген дана шалға!

 

Жөні бар тоқсанның да Сіздей жанға,

Үлгі болар сәнімен ұрпақтарға.

Несі қиын, жүздің де – Жамбыл көрген,

Ала бер биіктерді Зядан аға!

Алихан, Әдия, Майя

Петропавл қаласы

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39




вверх