орындалған Аманат
35
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Президенті, құрметті

Қожалымов Зядан қажы ағамызға!

 

Құрметті көшбасшымыз, қажы ағамыз,

Береді атыңызға ел аса маңыз!

Қауымдастық 20 жаста Сіз басқарған,

Қалайша қала аламыз тасада біз.

 

Құтты боп мерейлі жас мерекелі,

Тасытсын абырой-бақ, берекені!

20 жыл біз тәуелсіз болғалы да,

Әмәндә жарқын болсын ел ертеңі!

 

Құрдыңыз қауымдастық, бірлестікті,

Ауқымды қаншалықты істер бітті!

Қасиеттің Құдай берген арқасында,

Танытып жүрсіз ерен іскерлікті!

 

Сан арман, мәнді мақсат орындалды,

Сіздей Ер бәрін өзі қолына алды.

Ел сенген емшілердің көшін бастап,

Басқарасыз Қоғамдық қорындағы.

 

Бір сырлы, сегіз қырлы затыңыз бар,

Лайық сан марапат атыңызға!

Бірлестік, қауымдастық, қор Президенті,

Сізбенен мақтануға хақымыз бар!

 

Мәдениеттанушы, ақын, сазгер, ғалым,

Сізге тән атақ-теңеу – мұның бәрі!

Өтейбойдақтанушы, философсыз,

Сіңірген еңбегіңіз елге мәлім!

 

Ғанибет жақсы атыңыз көпке жеткен,

Ардақты жансыз ерен еңбек еткен.

Арқасы жемісті еңбек жеңісінің,

Алғыс хатын алғаныңыз Президенттен!

 

Сіздей Ер еш қиыннан тартынбайды,

Ақ маңдай ел алдында жарқырады.

“Құрметті азаматы” атаңдыңыз,

Райымбек ауданының нар тұлғалы!

 

Шүкірлік, 70-ке таяндыңыз,

Сыйласын жарқын күндер әлі алдыңыз!

Ден сау боп, елге қуат бере берсін,

Шипалы «Шипагерлік баяныңыз»!

 

Ұстазды ұлағатты тыңдап жүрміз,

Тілектес, ниеттеспіз мұндағы біз.

Қажы аға, отбасыңыз бақыт, шаттық,

Сыйласын Түймекең мен ұрпағыңыз!

Ермұханова Гүлпара,  Халық емшісі

Атырау қаласы, 2011 ж.

 

Ризамыз қажы аға!

Аман болшы әрқашан қажы аға Зядан,

Қазағымның ішінде бір тұлға бір адам.

Қасиетті қауымдастықты басқардың,

Ұшырдың талай шәкірттеріңді ұядан.

 

Емшілердің жүгі ауыр түсінбейді кей адам,

Ел ішінді адамдар бар сынаған.

Құтты болсын 20 жылдық мереке,

Тек өзіңсің еңбек етіп құраған.

 

Қазағымның ішіндегі ғалымсың,

Өтейбойдақ бабамыздың ұрпағы.

Бүкіл әлемге бабамызды таныттың,

Ақын-сазгер емшіліктің шырағы.

 

Қасиетті бір адамысың ғасырдың,

Тұлпардың тұяғыңдай жалғыз асылым.

Ел басының алғыс хаты молайсын,

Құпиясын аша бер тылсым күшінің.

 

Еңбегіңді аямадың халқыңнан,

Кітабыңның сөздері қымбат алтыннан.

Тағы 20 жыл басқар қауымдастықты,

Біздер еріп жүре берейік артыңнан.

 

Жауапкершілік пен қайсарлығың бойында,

20 жылдый тер төктің қауымдастықтың жолында.

Қартаймағын қос аққудай Түймекүлдей апаммен,

Жеткізсің Алла 30-40 жылдық тойына.

 

Құтты болсын қауымдастық 20 жасқа толғаның,

Әлде де көп толып жатыр арманың.

Көк туымыз көк аспанда мәңгі бақи желбіреп,

Көтере бер әр қашанда абыройдың салмағын.

Әбішұлы Ұбайдулла қажы, халық емшісі

Алматы обл. Ст. Шамалған, 2011 ж.

 

АЛҒЫСТАР

Мен Бақтыбаева Перизат Әшірқызы 1971 жылы 7 қараша күні дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Семьяда 6 ұл, 2 қыз тәрбиелендік. Мамандығым ауыл шаруашылығының есепшісі. Жұмыс табылмауына байланысты өз ынта жігерім бойынша Киров ауданындағы №28 кәсіптік техникалық училищеде есепшілер бөліміне «Экономикалық жүйелерді автоматты түрде өңдеу, «Статистика», «Іс жүргізу» деген үш пәнде сабақ жүргіземін.

Ал, Зядан аға ұлы сөзде ұят жоқ дегендей, мен сіз сол жақтағы көкірегім ауырып келгенмін. Алғаш теледидардан көріп, сонан соң аға-әпкелерімнен естіп келдім. Сізге келіп емделгеніме құдайға шүкір айтайын, жағдайым жақсы, көңіл күйім көтеріңкі. Сіз дем салып отырғанда денем ысып, өзімді өзім жеңіл сезініп отырамын, сіздің әндеріңізді тыңдағанда денем шымырлап, сол әнді өзім орындап отырғандай еріксіз теңселіп, әсер алып отырамын.

1 сеанстан кейін-ақ еңсем көтеріліп қалды. 3 күн 1 сеанстан, 2 күн 2 сеанстан қабылдадым. Менің сізге айтар алғысым көптен-көп. Бірінші байлық денсаулық дегендей деніңіз сау болсын. Еміңіз қонымды, денемізге сіңімді болсын. Сізге деген ризашылығым шексіз.

ОҚО, Киров ауданы, 06.06.1994 ж.

 

1990 март айында көзім көрмей келіп осы Зядан ағадан 18 күн толық сеанстың арқасында көзім ашылып қайттым. 4 жыл дәрігерлік көмек болмай Зядан аға көзімді ашты. Содан бері Шымкент қаласы №65 гуманитарлық, эстетикалық қазақ гимназиясында оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс атқарамын, жолдасым Сапардың мамандығы дәрігер бір ұлымыз, бір қызымыз бар.

10 жыл аралығында екінші емделуге келіп, көңілді кетудемін.

Шымкент қаласынан келген жас педагог Сұраншиева Забира Талқанбайқызы, 15.07.2000 ж.

 

Зядан ағайға айтар рахметім шексіз. Алған әсерім көп. Құдайдың құдіретіне сенемін. Ағайдың абыройы артып, халыққа қызметі молая берсін деймін. Өзім құдіретін көріп сендім. Тілейтінім бүкіл әлемді қаратсын, деймін. Өміріңізге денсаулық, қызметіңізге адалдық, семьяңызға бақыт, жұлдызыңыз жанып, биіктей берсін деймін.

Аса селосы, Ленин көшесі, 39 үй.

Үсенова Аманкүл, 07.1994 ж.

IX ТАРАУ

ЕЛ ІШІНДЕГІ ЕСТЕЛІКТЕР

 

ТЫЛСЫМ ДҮНИЕНІҢ ҚҰПИЯСЫ

ҚАЖЫ БАБА ТУРАЛЫ АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ

 

Қазақ халқының бірнеше ғасырлар бойы билеуші “Ұлы” ұлттың боданы болып, құлына айналуы оның ұлттық тарихын жоғалтты.

Басқаның тарихын оқыдық. Жаттадық. Таңдандық. Билеуші ұлт алдында наданға айналып, өзіміздің ата-тегімізді білмек түгілі, өзімізден туған ұрпақтарымыздың да аты- жөнін солардың есімімен атадық. Ұялмадық. Намыстанбадық. Намыссыз әрі ұятсыз, жігерсіз, отансыз, рухсыз бір тірі пендеге айналдық.

Ел билеген хандарымыз, елі мен отанын қорғаған батырларымыз, қара қылды қақ жарған шешендер мен билеріміз, ғұлама ғалымдарымыздың, өнер иелері мен қаз дауысты әнші, ақын-жырауларымыз әрі елін басқарған ерлеріміздің аттары ұлт тарихынан аттары мәңгілікке өшірілді. Атаусыз қалды. Діни танымы мол, молдалар мен тылсым құпиялы қасиеттері бар /бақсы, емші, көріпкел т.б./ адамдар да арнайы есепке алынды. Қамалды, атылды, сотталды. Арнайы ашылған жүйке ауруханаларына жатқызылды. Денелерін улады. Олардың ұрпақтары да осыларды өз бастарынан кешірді. Қысқасы біз өз ата-бабаларымыздың кім болғанын айта да және дәлелдей де алмадық. Сондықтан өзбек ағайындардың: “Орыс болам десең, қазақ бол” дегені шындыққа айналды. Оның әсерінің зардабын әлі де халық көріп келеді.

Алла Тағала бәрін көреді дегенге сенбедік. Шетімізден таза атеист атандық. Жыл жылжыған сайын өзгеріс бола бастады. Жаратушы иеміздің рахымымен және ұлттық танымның дамуы арқасында еліміз өзінің егемендігін алды. Тәуелсіз ел болдық. Бүгінде әлем елдері таныды. Қазақ деген ұлтты білді. Әлемнің елуден аса еліне тарыша шашыраған  қандастарымыздың өз отанына оралуына жол ашылды. Аңсаған армандар орындалды. Аллаға шүкір, Тәуелсіз еліміздің халқының алпыс пайызын өзіміздің қандастарымыз құрайтынына жеттік.

Ел Конституциясы мен алтын заңдарының әділ де, анық жобалары арқасында ұлт тарихы беттеріне жаңа бағыттағы жол ашылды. Русыз халық рухты болдық. Ұлылардың құпиялы киелілерінен де киелі екенімізді әлемге паш еттік. Таныттық. Мойындаттық. Таңғалдырдық. Ұлы бабалардың киелі тылсым күшінің құдіретін, қазақтың киелі қасиетін дүниежүзінің ең мықты да сиқырлы күш иелері алдында таныта, мойындата білдік.

Ұлттық этникалық салт-дәстүр мен өнер саласындағы жоғалған, жойылған, әлі шалажансар тектік мұраларымызды қайта тірілтуге, сұрыптауға, гүлдендіруге мүмкіндік алдық. Осы мүмкіндікті қалт жібермеген ғалымдар мен зерттеушілер және дарынды рухтылар қасиетті де киелі ата-бабалардың рухының оянуына қызмет ете бастады.

Тарих бетінде аталмаған рухани қуаты ерекше тылсым құпия күшке ие бабалар рухы оянды. Ғарыштан қайта жерге қарай аян бере бастады. Өңінде де, түсінде де кейбір пенделер бір керемет күштің қоршауына іліне бастағандарын жыр етсе, кейбірі секем ала бастады. Осы бір кезеңде баяғы “Ұлы” халық алдымен өзінің киелі тылсым күш иелерінің сиқыршыларын бәйгеге қосты. Үлкен стадионда олар халыққа ем жасатты, таңғалдырды. Телеарналарды да жаулап алды. Тағы да өзіне басқа бір әдіс-айла арқылы табындырды. Қолды теріс жайғызды. “Харе Кришнасына” бас игізе бастады. Шыдамның да шегі болса керек. Ана дүниедегі Ұлы бабалар рухы жердегі өз ұрпақтарына аян бере бастады. Біздің ортамыздан да жоғарыдағылардай мықтылар шықты. Ұлы бабалары Аттила, Қыпшақ, Тоқтамыс хан т.б. ерлігін қайталап, “мықтылардың” алға жылжуына тосқауыл қойды. Елін, жерін және халқын қарсыластарының “қара сиқырынан” қорғады. Ол бүгінде мәңгілікке айналса да, кеңістіктегі телепатиялық ой-өрісі соғысына қатысып, оларға мықты қорғаныстық тор қойды. Сондықтан да бүгінде қазақ елі жерінің әрбір нүктелі ауданы өте жоғары потенциалды энергетикалық аймақ екенін әлем ғалымдары мойындады. Ата-бабаларымыздың қасиетті зираттарына әлемнің түкпір-түкпірінен келіп ұлтына қарамай, сол рухтардың оң зарядты таза энергетикасынан қуаттанып, тілектері орындалып, жағдайлары жақсарып, көп жылғы азапты қиыншылықтарынан құтылуы соның айғағы бола алады.

Қазақ жеріндегі  Алланың сенімді де қайырымды құлдары болған Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Бекет Ата, Райымбек батыр, Әулие абыз Әлмерек, Укаша ата, Айша бибі, Көтен тәуіп, Қойлыбай бақсы, Есет батыр, Жанқожа батыр, Сыпатай батыр, Баба түкті шашты әзіз, Бәйдібек баба, Домалақ ана т.б. әулие-абыздарымыздың кесенелеріне барып, рухтарына дұға бағыштап, осы рухтардың ризашылығы үшін, Жаратқаннан  ізгі тілектер тілеп барып-келіп жатқандардың саны жыл сайын арта түсуде. Осындай қасиетті жерлерге хан да, бай да, ұлық та, қара да және қарапайым халық пен басқа діндегі ұлттардың адамдары да лек-легімен ағылуда.

Үзбей іздену арқасында ұстазсыз-ақ, ұлы қасиеттердің құпиялы сырының шешімін табу дәрежесіне қарай жылжудамыз. Алғашқы қадам ретінде жазылған ғарыш, адам, табиғат құпиялары туралы зерттеу жасалып, баспадан оқырманға ұсынылған еңбектің де ғылыми бағасы оң болды. /З. Қ. “Мәңгілік құпиялар шежіресі”, Алматы, Сөздік-Словарь”, 2001/.

Күні кеше ғана сауатсыз болды деп келген халықтың ата-бабалары әлімсақтан бастап-ақ тылсым құпия сырларын меңгергенін ғылыми тұрғыда баға бергенін және халық емшілігінің негізінде ғылыми тұжырым жасап өшпес әлемдік халықтық медициналық энциклопедиялық еңбек жазғанын  XV ғасырдың ғұлама ғалым-шипагері, даланың дарабозы, Жетісу өлкесінің түлегі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты кітабынан оқып білдік, таңғалдық /Алматы. “Жалын”, 1996/. Осылайша әлемді мойындатар жаңа тұлғаның орны анықталды.

Барлық адам ғарыштық байланысқа ие. Бірақ, бәрі бірдей сезімталдықты сезе де, әрі меңгере де алмайды.  Кеңістік толып жатқан әр бағыт пен ниетке иелік ететін ақпараттар ағынынан тұрады. Олардың да өзіне тән амплитудалық жиілігі мен тербелісі болады.  Оң әсер күші мен теріс әсер күштері өзара қарсылықта болып, бірін-бірі жойып, өз үстемдіктерін орнатуы  адамзат пен табиғатқа жақсылық немесе жамандық әкелуі мүмкін. Бұндай нәзік эфирлі күштердің ара қатынасы оң немесе теріс зарядты қуаттардан тұратындықтан, олар ой арқылы өзінің мүдделік мақсаттарын іске асыру күшіне ие болды.

Сенім мен таным арқылы сананың жоғары не төменгі сатыға көтерілуі мүмкін. Осыдан барып әр адамның тұлғалық келбеті қалыптасады. Терең немесе нәзік сезімге бөленеді. Жаңа дүниенің есігін ашып, жарық дүниеге “іңгәлап” келген жас нәресте сәби сияқты, телепатиялық /аралық/ байланысқа шыққандар алғашқы уақытта өзінің денесіне ие бола алмай, бағзы бір денесі бос қалған тірі пендеге айналады. Бұндай құбылыс күндізде де, не түнде де және ұйықтап жатқанда да болуы ықтимал. Жоғары билеуші Рух өзінің төменгі микро рухының бір ұшқынына әсерін сатылы, ырғақты, үзілісті, баяу да, қатал әрі қысымды күшпен әсер етіп, өзінің басқару жүйесіне бағындырады.

Адамның миының қалыпты жұмыс істеу деңгейінің ырғағы мен сезімталдығының амплитудалық жиілігі мен тербеліс ырғағы ірі өзгеріске ұшырайды. Осының салдарынан адамның ойы басқа бағытта кетіп, еркіндігінен айрылады. Ой өте күшті соғыс құралы. Ол секунд  аралығында әлемді шарлауға да әрі талқандауға да қабілетті ғажап құбылыс екені бүгінде шындыққа айналуда.

Егер Балтабай Рахымжанов мырза осыдан он үш жыл бұрын /1993/ о дүниелік белгісіз бабасынан түсінде аян алмағанда, ол да ол телепатиялық байланыс жүйесінен хабарсыз болар еді.

 

ТАҒДЫР

Әр адамның жеке коды болады. Ол маңдайына немесе үшінші көзі аймағына жазылған үш сан. Сондықтан да “пешенеңе не жазылса, сол болады”, – деген ұлы қағида бүгінде нағыз шындыққа айналуда.

Тағдыр – ол жеке адамның ана құрсағына тамшы болып рухы орналасып, қара жер қойнауына енгенге дейінгі өмірлік жолының бағдарламасы. Тағдыр жолы Алланың пенделеріне әр түрлі беріледі. Ол Ұлы Рух тарабынан бақылауға алынып, оның жүзеге асуына белгісіз сыртқы күш әсерімен адам бойын билетіп, ойлау жүйесін басқартып, жүзеге асуына ықпал етеді. Өмірінің жақсылығы мен жаманына төзе алғандар ғана ізгі арманына жетеді. Жете алмағандар орта жолда қалып, басқа бағытқа кетіп,  мәңгілік трагедиялық өмір сүру кезеңін бастан кешіріп жатады. Бұл да Алла Тағаланың кереметі.

Тылсым күштің құпия әсері Балтабай Рахымжанұлын да сынаққа алды. Оның ана дүниедегі тағдыр дәптеріндегі атқаратын міндеттерінен оның ойына аян арқылы нұсқау берілді.

 

ҮРЕЙ

Ол кезде Балтабай өз отанынан алыс, бұрынғы Кеңес одағының астанасы Мәскеуде ешнәрседен қаперсіз екі ел арасындағы сауда-саттықты дамытатын “Достық” экономикалық өнеркәсіптік ұйымын басқаратын-ды. Бәрі жетерлік. Жайлы мекен-жай, сарайдай кең бөлмеде телефонның құлағын бұрап, жан-жаққа аралық өкіл ретінде хабарласып, өз шаруаларын нәтижелі тындырып жатты. Ол елін және жерін, әсем Алматысы мен кіндік қаны тамған Шаянын сағынғанда жүрегі сыздайтын. Бұнысын ешкімге сездірмегенімен, іштей елі мен жеріне бір барып қайтудың жолын да қарастырып жүрген-ді. Жаз айы.  Мәскеудегі үйінде түнгі ұйқыға жатуға дайындалған Балтабай көптен бері өзін бір белгісіз күштің билеп алғанын есіне алды. Жөнді ұйықтай да алмады. Неге?! Маған не болды деп те ойлады.  Күнделікті  ағайын-туыспен хабарласып та тұрды. Бәрі аман. Үрей. Жүрек дүрсілі.  Көз алдынан түрлі бейнелердің сағымы  киноның лентасындай өткен сияқты болады. Бұл не?! Есі дұрыс. Құлақ тұсынан ырсыл, белгісіз үн өте баяу естілгендей күй кешті. Осылай ойланып жатып көзінің азда болса ілініп кеткенін байқамай қалды. Түс. Бір денелі баба: “Ей, Балтабай, сен тез Алматыға жет! Сенің ана үйіңнің ауласында менің денем жерленген. Сол аулаңдағы алаңда бұрын көп адамдар жерленген. Менің денемді 2-3 метр аралықта терең қазсаң, табасың, қайта жерле! Бар, тез бар...!” – деді де бұйрық беруші  рух бейнесі көзден тасалана барып, биіктеп, аспанға қарай көтеріле бере ғайып болды. Балтабай булығып барып, тер-тер болып оянып кетті. Астағпыр Алла деді. Есін бірер минуттан кейін тез жиды. Ойланып жатыр. Түсін қайтадан есіне түсірді. Аң-таң. Орнынан тұрып, жуынып-шайынып, кәлимасын айтып, Балтабай қызметіне баруға ыңғайланғанда денесі дір ете түсті. Адамның биотогі көбейсе осындай діріл, өзгеріс және ыңғайсыздық болады деуші еді, сондай бір жағдайға душар болдым ба деп те ойлады. Жұмыста күндегідей ашық-жарқын емес, көңілсіздеу отырды. Бұнысын қарамағындағыларға сездірмеуге тырысты. Осылай біраз уақытта өтті. Баяғы үрей күн сайын қайталана беретін қатал тәртіпке айналды.

 

АЯН

Бүгінде аян деген ұғымға сенетіндер қатары біраз көбейгені шындыққа айнала бастады. Бірақ, аянның нақты құпиясын анықтау, талдау мен тұжырым жасау әлі ғылымда толық дәлелін таба алмауда.

Діни кітаптарда Алла Тағаланың сүйікті құлдары әрі пайғамбарлары мен әулие-әмбиелері т.б. түсінде аян арқылы көрген, қабылдаған нәрселерінің өмірде болғаны, жүзеге асқаны туралы айтылады.

Белгісіз баба Балтабайдың түсіне тағы да кірді. Бұл жолы өңі суық, өте қаһарлы, ашулы, көздерінен от жарқырап, қатал бұйрық берді.

Баба: Егер сен менің айтқанымды орындамасаң, түп-тұяғыңмен құртамын. Айтқаным айтқан. Мен осыдан 9999 жыл бұрын өмір сүрген түркі әлемінің көсемі Қажы бабамын” (Қажы Ахмет) – деп, ғайып болады. Бұл 1993 жылдың жаз айы мезгілінде еді. Балтабай шошып оянып, ұзақ ойланды. Алдағы алған аяндарын да еске түсіріп я Алла, аянымды өңімде жақсылық болуға нәсіп ет – деп, кәлимасын қайырды. Бұндай аяндардың ерте заманнан-ақ адамзат баласына кез-келген ұлттар өкіліне келіп тұратын сезімдік, әсерлік, саналық құбылыс екендігін қазақтың ұлы ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің 30 жыл (1898-1928 ж.ж.) зерттеп жазған “Үш анық” еңбегінде спиритизм (рухпен сөйлесу), телепатия және зарядтау тәсілдерінің құпияларын әлемдік әдебиеттердің негізіне сүйеніп жазғаны, бүгінде шындыққа айналды. Ал, бұдан бұрын да жаратушы бар деген Сократ басына таяқ болып тисе, Галилей жерден үлкен планета бар дегені үшін қуғын көріп азапталды. Дегенмен, Еуропаның біраз дамыған елдерінде (Франция, Англия т.б.) және Америка, Үндістан сиқты елдерде спиритизм құпиясын үйреніп дәлелдеудің өзі XVIII-XIX ғасырда басталды. Парижде аруақ рухымен сөйлесетін спиритизм мектебі ашылды. Оны оқығандар рухпен (жан) байланысқа шығатын. Байланысатын рухтың жеке ұлттық аты да болған. Сол мектептің түлегі Хасан Марзух деген рухпен байланысқанда аты (Жаксаза-о дүниедегі аты) деген рухтан түрік сұлтаны Ғабдул Хамиттің зұлымдығын халқы қанша уақыт көреді дегенде: “Оның патшалығы отыз үшінші жылдың тоғызыншы айында аяқталып, тақтан түседі”, – деп берген жауабы дәл келеді. Міне, бұған дейін осындай дәлелдемелер болғанына сүйене отырып біз де Балтабай Рахымжанұлының аяның жалғандыққа жатқыза алмаймыз. Әрбір адамзат талбесіктен-көрбесікке жатқанша Алла тағаланың қол добы сияқты мәңгілік сынағында екендігі оның тағдырнамасында о дүниеде  жазылған.

 

САПАР

Балтабай елге баруға шешім қабылдап Мәскеу-Алматы бағытындағы ИЛ-62 лайнерімен аспанға көтерілген де оның бойында бір жеңілдік, рахаттылық, қуаныш нұры шапағаты төгілгендей болды. Ұзақ уақыттан бергі жөнді болмаған ұйқының әсеріме Балтабай мүлгіп кетті. Баяғы бабасы: “Қорықпа балам, денемді тез табасың, арманын орындалады, абыройын асқақтайды. Мол байлыққа бөленесің, алтын балықтың иесі боласың, сені әлем білетін болады”, – деп үш рет қайталайды. “Мен сенімен бірге қатарласа ұшып келем” – деп тағы да елес беріп ғайып болды.

Басын тез көтеріп алған Балтабай, білетін дұғасын оқып бетін сипады. Алматы аэропорты. Өз Отаны. Астанасы. Барлық адамдар да, құстар да, ағаштар да “Балтабай, Балтабай..!” – деп айғайлағандай жылы сезімді сезгендей болды. Осы кезде оның денесін шарпып өткен жылы лептің биоэнергетикалық әсері ме, өзін  күтіп алу орнында “Ассалау мағалейкум Көке!”, – деген інісінің дауысын да байқамай қалды. Екеуі қауышып, ел амандыған сұраса отырып Алматының Әл-Фараби даңғылының үстіңгі жағындағы тау бөктеріне орналасқан “Көктем” санаториясынан ары бір шақырымдай жердегі “Ерменсай” (бұрынғы Ремизовка) ауылы елді-мекеніндегі Алатау көшесіндегі №6 нөмерлі үйде тұратын туған інісі Құрманғазының үйіне жеткенде намаздігер уақыты бола бастаған еді. Бұған дейін інілері үйлерінің ауласындағы жерінде арнайы алма, көкөністер сақтайтын жертөле қазу жұмысын бастап кеткен болатын. Жертөленің тереңдігі де екі метрден аса бастапты. Балтабай ел амандығын біліп, інісінің үйінде біраз аялдаған соң, бұған дейін бірнеше рет өзіне: “Менің денем сенің ініңнің үйінің ауласында жатыр, соны қазып алып қайта жерле!”, - деген белгісіз ғайыптық бабаның құдіретті әсерін есіне қайта түсірді. Ол жақсылық болып осы інілерімнің қазып жатқан жертөлесінің аумағынан табылса игі деген іштей ықыласын білдіріп, бауырларына: “Ал жігіттер, енді біздің Алланың сынағынан өтудің және аруақтың аманатын орындаудың амалына кірісейік”, - деп, қазылған жөртөлеге қарай бір діріл бойын билеп жақындап келіп тоқтады. Ол інілеріне жертөле көлемін 3х2 метр аумағында қазуды бұйырды. Оның осы кезде өңінен де және сөзінен де бір өзгеріс барлығы інілерін таңғалдырды.  Інілері бұған күдікпен қарап көкемнің бұл не қылығы, өзі ауруға ұшырағаннан сау ма қалай, деп үнсіз ақырын күтуде. Балтабай кәне бауырлар тағы қазыңдар біз үлкен байлыққа кенелеміз деп бұйыра  сөйледі. Інілері үнсіз жұмыстарын жалғастырды. Ой, көкемнің бұнсыз да  бір басынан артылар абыройы мен қызметі әрі жағдайы бар – ғой, бұл қаражерді қопарып не байлық алмақшы деп өзара күбірлеседі. Бір-ақ, үлкеннің айтқанын орындау парыз екенін түсінген олар шұңқырды қаза-қаза үш метрге жақын тереңдікте саймандары бір қатты нәрсеге тірелгендей болғанын сезді. Олар қазуды тоқтатып, одан ары ептеп қолдарына жәй құрал алып топырақ бетін арши бастады. Кенеттен адам сүйегін көргенде денелері дір етіп жұмысты тоқтата қойды. Осы кезде Балтабайдың көз алдынан бір сағым елес пайда болып, түсіндегі аян берген бабасының бейнесі өткендей болды. Ол табылған адам сүйегі қаңқасын сол аян берген баба денесі болуы ықтимал деп, рухына арнап дұға оқыды.

Денені топырақтан Балтабай өте ептілікпен толық арши бастағанда, бойы екі метрден асық алып адамның дене сүйегі ұзыннан жатыр екен. Сүйекті толық рет-ретімен алып арнайы материалға орап қойды да, одан ары тағы қазу жұмысын жалғастырғанда адам қаңқасының бас жағына қойылған диаметрі жарты метрдей үш аяқты қола дөңгелек табақша тағын табады. Табақтың дөңгелек ернеуін жағалай 16 барыс мүсіні бейнеленіп, әрқайсының от тұтататын тесікшелері бар. 16 барыс айнала қоршаған ортада екі алып көкбөрі (қасқыр) бір тау ешкісін жұлмалап жеп жатқан бейне оған телміріп маған да сыбаға қалса екен деп тұрған екі құс бейнесі бейнеленген.

Ағайын туыстар өздерінің ойламаған жерден осындай құпиялы дүниелерге тап боларын сезбегенді. Алла тағаланың құдіретімен болатын тылсым құпиялардың ерекше сырлары адамзат әлеміне әрі жұмбақ күйінде қалып, өз құпиясын ашпай келеді. Бүгінгі заманғы ғылым мен техниканың дамуы барлық жаңалықтардың негізі табиғат әлемінен, құстар мен жан-жануарлардың ерекше әрекеттерінен болатындығына арнайы назар аударуда (құстардың тілін білуге ұмтылу, өрмекшіден – тоқуды үйрену т.б.).

Ертеде Тараз қаласын ағайынды жеті қарахандар билегені мәлім. Солардың біреуі баптардың бабы Арыстан баптың ұрпағы Айша бибі ханымға үйленбекші болады. Бірақ соғыс жағдайына байланысты Қарахандардың Айша бибіге ғашық адамы бара алмағандықтан, Айша бибі өзі жанына 40 көмекші қызын ертіп, Таразға  бет алып жанындағы Аса өзеніне тоқтап, аттан түсіп, жуынып-шайынып алуға әрекет етеді. Қыз Айша суға  шомылып жатқанда оны жылан шағады. Қыз Айша әлсіреп әлі кеткенде, сүйген жігіттің тез келуіне хабар бергізеді. Жігіті келіп Айшамен көрісіп  қоштасқанда, екеуі уәделесіп (осы жерге жазып келгенде сағат түнгі бір екен. Мені рухтар зарядтап жіберді), тірлігімізде бір-біріміздің сүйіспеншілік рахатты махаббатымызды көре алмадық. О дүниеде қосуға Алла нәсіп етсін. Адамдар бізді мәңгі жыр  етіп айтып, өмірлік еске алу үшін,  менің басыма келіп дұға оқыған да сенің қабіріңді, ал сенің қабырыңа барып, рухыңа дұға оқығанда менің де қабіріміді  көретін болсын деп, қыз Айша пәни дүниеден бақи дүниеге аттаныпты. Бұл құпияның сыры 1992 жылы тамыз айының басында мен Таразда болғанда анықталғандай болды. Себебі, бұрынғы жеті қараханнның бүгінде үшеуінің ғана денесі Таразда жатқандықтан, халық қай Қараханның Айша бибіге ғашықтығын шеше алмай келгенді. Мен Талас өзенінің жиегіндегі үстіртте жерленген Тектұрмас әулиенің (Қарахан) бейітіне барып дұға оқыдым. Жанымдағы адамдар “Аға, осы жерден НЛО белгі беріп тұратынды шығарды. Бұл неге?”, - деді маған. Мен оларға: Ғарыштық жүйенің өзінің энергетикалық биоқуатын жіберетін бас, орташа, және төменгі жиілікті нүктелері болады. Осы жерден жақсылық таралады. Мүмкін әулиенің жатқан жері сондай ғарыштық, байланыстық нүкте шығар дедім де, жүрелеп отырып бейіттің шығыс жағынан көзімді жұмып, құлағыммен жерастын тыңдағанда тура сағаттың тілінің соғуындай дыбыс естілді. Оны жанымдағыларда қайталатқанда олар да осыны айтты. Ал Тектұрмас әулиенің бейтінің жанынан тікелей Айша бибі мазарына қарғанымда ортадағы қаланың биік үйлері шөгіп еркін көрініс берді. Ертесі  Айша бибіде тұрып Тектұрмас әулиенің бейтіне қарағанда да осындай құбылыстың куәсі болдық. (З. Қожалымов, Мәңгілік құпия шежіресі, Алматы, 2001. 309-310 б.). Құдіретті күштің әсерінің шексіздігіне сену уақыты жеткен сияқты.

 

АЛҒАШҚЫ СЕЗІМ

Балтабай Рахымжанұлы Қажы бабасының алғашқы аяны бойынша оның денесі мен мұрасын тауып алғаннан кейін жанының кішкене рахаттанып, бір құдіретті сезім бойын билей бастағанын әрі денесі жеңілдеп көкке көтерілгендей әсерге бөленді. Ол көп ойланды. Өзінің інісінің ауласындағы арнайы ақ материалға оралып қойылған Қажы Бабасы денесінің сүйегіне бір және үш аяқты қола дөңгелек табақшаға бір қарап ойланып тұрғанда оның көз алдынан бір сағым бейненің әр түрлі түсті сәулелері көріне бастап, оның көз алдына жақын келіп қайтадан кері теуіп жерге сіңіп кеткендей болды. Ол өзіне-өзі сенуден де секем алу жағдайына ауытқығандай күйге енді де, көзін жұмып барып қайта ашқанда дәл алдында екі қолын жайып жылы шырайлы ықыласпен күлімсіреп тұрған зор денелі адамның көлеңкесін көріп басқа бір әлемде тұрғандай жағдайға душар болды.

Балтабай осы бір құпиялы жаңалықтың тылсым сырлары оның түс арқылы аянмен келгенін еске алып, Алла Тағаланың құдіретіне тағы да бас иіп баба рухына арнап дұғасын бағыштады.

Ұйқы арқылы түс көру ежелден жалғасып келеді. Түс көргенде адам миында тербелісі жоғары жиілікті толқындар пайда болады. Тіпті өте жоғары сезімдік түстерде жан денені (тәнді) тастап, әлемді шарлай жөнеледі. Небір қуанышты, рахатты жайларды бастан кешіруі мүмкін. Кейде қорқынышты болатыны да кездеседі. Осыған байланысты көрген түсті жоруды ертеден-ақ әдетке айналдырған. Жақсы түс көрсе басына  жақсылық келеді деп, түс көрушіні қуантса, ал жаман түс көрсе “Түс түлкінің боғы” деп бірін-бірі жұбатып, қатты үрейленуден қорғап, сабырлық сақтауға үйреткен. Сондықтан да болар, түсті кез-келгенге жорытпаған. Ырым етіп ауызы дуалы, қасиетті жасы үлкендерге  болжатқан. Адамның  түс көруі  кейде өзі де жайлы не жайсыз жерге және өзінің ыңғайсыз жатуынан дейді. Кейде адамның жұмысына, дәрежесіне, көңіл-күйіне, тамақтануына, мінез-құлқына және тұрмысы мен жанұясының жағдайына да байланысты сияқты. Түсті көбінесе сарыуайымшылдар мен күйгелек, аурушаң, қайғы-қасірет шеккендер, жастар көбірек көреді. Олардың жалпы материалдық әлсіздіктері де көбірек түс көруге әсер ететіндей. Жақсылық түстерді жақсылыққа жорып, “Түс оңалмай – іс оңалмайды”, дейді халқымыздың даналығы. Бұл жөнінде көптеген адамдардың түстерінің дәл келгені жөнінде аз жазылып жатқан жоқ.

Түске кірген нәрселердің түрі, түсі, тұлғасы, аталымы әр түрлі  болуында бір құдіретті құпиялықтардың терең сыры жатқандай. Дегенмен,  осы құпияны әр ұлт өздерінің ұлттық стиліне, сеніміне, тарихына, танымына қарай болжап келгендіктен, ұлттардың болжамдарының ұқсас болмауы дұрыс та шығар демекпіз. Әлі нақты түс жөнінде  дәлдікті білдіретін, тізбелі, кестелі, әлемдік ғажайыпты шешетін нақты не діни, не ғылыми еңбек те жоқ. Көбі қияли болжамдар мен аңыздарға негізделіп жазылғандықтан да әлі де шешімін толық таппаған түс-аян құпиялары өз сырын шын мәнінде дәлелдеуге қиындықтар туғызуда. Алла Тағала бір адамның маңдайына  жазған үш әрпіне сай өмірлік тағдырының бір бөлшегі түс болғандықтан,  әркім өз тағдырына байланысты түс көруі де бір Жаратушының  әмірімен демеске лажымыз жоқ. Осындай қайталанбас бір құбылыс Балтабайдың өмірінде кездесуіде оның мәңгілік тағдырнамалық санымен байланыстылығын аңғартқандай әсер қалдырады.

 Кейде адамға өңінде де түсіндей болып елес арқылы хабар беру де болып жатады. Бұлар жөнінде баспа беттерінде аз жазылып жатқан жоқ. Дегенмен, мен өзімнің тәжірибелерімді ұсынуды жөн көрдім. Мен түсті өте жас кезімде көре бастадым. Сол түстерімнің нәтижесін есейе келе әрі бүгінгі өмірімнің тәжірбиесімен салыстырғанда адам тағдырнамасына жақындай түсетіндігіне сенгендей болдым.

Адамның өмірінде түзу басып өтетін жолы жоқ сияқты. Небір қызыққа да, қиыншылыққа да бөлене, ұрына жүріп, ақыры жол сапарымыздың ғұмырының біткенін де сезбей қаламыз. Балтабайдың өміріндегі елінен шалғай жүргенде шет жерде бабасы рухынан түсі арқылы аян алуы, бүгінде оның шындығының дәлел бола бастауы адамның мәңгілік өмірінің жалғасының барлығын дәлелдеп қана қалмастан, құдіретті жаратушының әмірлік күшін жербетіндегі тіршілік иелеріне жеткізетін арнайы орындаушы ең саналы, ғарыштық рухтардың да барлығын дәлелдегендей сезімге бөленесің.

 

ТОСЫН ХАБАР

Балтабай Рахымжанұлы ірі транстендентациялық құбылыстан кейін біраз есін жиып ойлана бастады. Бір арманым орындалды. Баба қажы денесі, сүйегі табылғандай болды. Енді осының шындығын ғылыми жақтан дәлелдетіп, ақпараттық құралдар мен бұқаралық арналардан хабарлассам деген ойы бірден шешімге келе алмай, ақыры ойланып барып өз шешімін қабылдауға ыңғайланды. Тағы да осы бір қысқа уақытта оның ойлау жүйесінде бір тербелістік қозғалыстың нәзік сезімі пайда болып, денесін ток соққандай жағдайға ауытқып барып терең дем алды. Апыр-ай, мен бір қателік жібердім ба?, неге тағы мазасызданып тұрмын, – деп інілеріне сабырлықпен қарағанда Көке, өңініз өзгеріп өзіңіз бір жасаңқырағандай қалыпқа түсіп тұрсыз ғой дегендерін ол баяу тыңдады. Оның ойына осы бір сөзден кейін мәңгілік өмір жөніндегі естігендері мен оқығандары және неше түрлі әр мезгілдегі сатылы, қайталамалы, созылмалы, қысқа бейнелі, сезімдік көріністі көрген бейнелік әсерлері көз алдынан тізбек-тізбек болып өтіп жатты.

Дегенмен, түс арқылы берілген аянның бақ болып келуі әркімнің өзіне байланысты сияқты. Пайғамбарлар да, Хакімдер де, әулиелер де көбінесе түсіндегі аян бойынша, өз істерін алға дамытып отырған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өңінде Жәбірейіл періштенің көрініп, Құран аяттарын жаздыруы күндізгі елес болса, ол түсінде аян болып белгі берген. Түсі мен өңіндегі әрекеті ұқсас келген. Сондықтан түске қалай болса солай қарауға болмайды. Ол сіздің тағдырыңыздың өмірінің жалғасы. Өз құпиясын өзіне сақтаған құбылыс, ғаламның әлі ашылмаған сыры. Кейде түсті теріс жорудан елес, үрей, қорқыныш, денеде шошу, әлдебір нәрсе келе жатқандай сезіну, әсіресе, ауру жандар мен танымы нашар сенгіштер  арасында көп кездеседі.

Пайғамбарларымызға (с.ғ.с.) келген аян сияқты көптеген оқымысты, аты әлемге машһүр Платон мен Альберт Эйнштейн т.б. түсіндегі аян арқылы ғылыми жаңалық ашқан. Мысалы, А. Эйнштейн тастай қатып тәулігіне он екі сағаттан ұйықтап, түсінде аян арқылы көптеген теориялық ғылыми жаңалығын ашыпты. А.Эйнштейн белгілі салыстырмалы теориясын түсінде аян арқылы ойлап тауыпты. Түс сиқырлықтың белгісі емес. Адамның негізгі  жұмыс істейтін мидың талшықтарының демалуымен, оның ашылмаған  күндізгі демалыстағы талшықтарының құдіреттің әсерімен оянып, іске қосылуы болса керек. Биолог ғалымдардың анықтауынша адам миының тек қана 8-12 пайызы жұмыс істейтіндігін ал, қалған ми талшықтары демалыста болатындығын ескерсек, түс пен аян құпиясының физиологиялық өзгерістерін ғылымнан бөлек қарауға болмайтыны шындыққа айналуда.

Америка Президенті Линкольн өзі қайтыс болардан біраз күн бұрын түсінде Ақ үйді және ақ киімге оралған табытты көреді.

Линкольн табытты күзетіп тұрған қарауылдан: “Өлген кім?” деп сұрайды. Қарауыл: “Президент. Оны театрда өлтіріп кеткен”, - дейді. Он күннен кейін Президент Линкольнді театрда атып өлтіреді.

Осындай қауіпті түстердің адамның жүйкесін тоздырып, өзіне-өзі қорқыныш туғызары анық. Бұған ұқсас т.б. түстерді де жақсылыққа жору оң нәтижесін береді. Мұсылмандық жолмен жаман түс көргендер Құдай жолына қан шығарып мал сойып, жеті шелпегін пісіріп дастархан жайып, ата-бабасы аруағына дұға оқытып жатады. Кейде қайыр садаға береді.Бұл да өте дұрыс шешім болмақ. “Құдай ұрған оңалар, аруақ ұрған оңалмас” дегендей Құдай тағала кешіргенімен аруақтар кешірмесін білген жөн. Өзіңнің ата, нағашы және қайын жұртыңның о дүниелік әруағын әрқашан еске алып, дұға бағыштау оң нәтиже бермек. Жасанды әулие, ана т.б. аруағына табынуды тоқтатпағандар өз аруағының назасына қалады. Алла осы әруақ назасынан сақтасын. “Сақтансаң құдай сақтайды” - демекші, сақтықпен салмақтай баға беруде, көрген түс пен елесі оң бағытқа  бұрмақ, ағайын.

Бүгінде Әлем елінің ғалымдары түс пен аян туралы зерттеулерін жалғастырып қана қоймастан, оның пайдасы мен зияны немесе тазасы мен керісі туралы да мән беріп өз тұжырымдарын жасауда. Әр елдің өз ұлтының ерекшелігін ескерсек бұның өзіндік құпиясын ашып әрі шешуде болашақта анықталары айқын болмақ.

 

ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛҒАН ӘЗІЛ

Бұл әзіл оқиғасы өткен ғасырдың сексенінші жылдардың ортасында болған еді. Күз айы. Халық өздерінің мал азығын дайындау мен қыстық отындарын дайындауды аяқтап қалған кезең болатын. Ол кезде біз елде едік, білдей бір кәсіпорын мекемесінің бастығымын. Алматыға жолсапарына барайын деп дайындалу үшін үйге жұмыстан ертерек оралғанмын. Үйге аталас әпкеміздің жансерігі жездем Нүктебек келіп отыр екен. Амандасып болған соң дастархан басында екеуара әңгімеде қыза бастады. Тегінде қазақта жездесін жасы кішілері құрметпен қарап жақсы сыйлаған дәстүр барына менде түсіністікпен қарайтынмын. Жездем де маған қағытпа қалжыңын аямай, қамшысын да көтеріп қоятын әдетін ұдайы қайталап отыратын. Қандай жерде кездессең де ар ұятыңа қарамай қу тілімен осып-осып алатын әдеті бар-тын. Бұндайда саспа жезде менде сені сеспей қатыратын уақыт келеді деуші едім. Бұндайда алғашқы сөз таласының соңы сыйластықпен аяқталушы еді. Сөз арасында жездем бұйымтайын айтуында ұмытпапты. Біз сенің амандығыңды құдайдан тілеп келеміз, білдей судай жаңа техникасы көп бай мекеменің бастығысың, мен анау таудан Қабанды сайынан қарағай жығып қысқа отын дайындадым, соны ауылға жеткізуге бір машина бер деді. Менде қағытып немене сенбе мені қызметке қойған, бала кезде қарамаушы едің енді бастық болғанда туыста, жезде де көбейдіңдер деп қалжыңға сүйеп біраз сөз айттым. Жұбайым да қой ұят болады өз жездең ғой кімге бермеген техникаң деп мені сабырлыққа шақырды. Жездемде бір жақсылық күткендей үнсіз отыр. Мен де қуланып ой жезде немене сенің тілің күрмеліп қалғанба, енді үйіңе қайта бер деп жолсапарға кетуге жинала бастадым. Жұбайым қой үлкен кісіні ренжітпе, келген соң берем десеңде бір оң жауабыңды бер, көңілі қалмасын, осы сен қашан қалжыңыңды қоясың деп сөзін аяқтады. Мен де қазір ойланайын деп, жездеме тура қарасам қабағы салбырап кеткендей көрінді маған. Ау, жезде мынаған келісейік саған машина болады бір-ақ, бір шартым бар соны орында дедім. Ол тыңдап отыр, мен маған сенің отының қажет емес, менің үйімнің жылу жүйесі электр төгімен жылынады, оны өзің білесің, ана менің қарындасымның үйіне бір машина қарағай түсір деп әтей айттым да, егер бұны орындамасаң  машина жоқ дедім. Жездем қарағай бермеймін дегені. Мен онда бермесең сені қарағай дайындап жатқаның да, ертеде сен тірідей құйрық майын кесіп алған Жәмила апаның қара қошқары мен көк қошқары сүзіп таудан құлатсын дедім де сөзімді аяқтап, жүруге дайындалдым. Жездем, ей, ей тоқта дегеніне қарамай Алматыға жолсапарына кеттім. Мен Алматыдан екі күннен кейін түнделетіп үйге оралдым. Жұбайым, үйде Жидехан әпкем жатыр, жездемнің көзіне бір нәрсе қошқар түстес елестеп, өзіне қарай сүзуге ыңғайланып ұмтылғанда қолындағы балтасымен бірге таудан үшып кетіпті, қалы мүшкіл, тамақ ішуден қалды, дәрігер Төкенде адам болары екі талай  деді дегені. Осы сен қызықсың жезделеріңе бірдемені құрастырып айта саласың, анау күнгі сен айтқан қошқарларды көңіліне алып қалған ба, құлағанына қарағанда деп сөзін аяқтады да, жездең анау-мынау болып кетсе қайтесің, ертең ана дәрігермен ақылдаста әпкең үшін қамыңды жаса дегені. Аз ойланып тұрып, жездем өлмейді, ол ертең орнынан тұрады деп шорт айттым. Жұбайым не сен құдайсың ба, дегені. Мен онда сен тыңда жездем ертеде бау кеспе ұры болыпты. Оның жанында Қоғамбай жездемде болыпты. Екеуі бірігіп нағашы, қайынжұрт және көршілердің малдарын ұрлап біріне-бірі өткізеді екен. Бұл аз болғандай малын жоғатқандарға мынаны берсең малыңды тауып береміз деп аласасын алып, одан кейін тайып тұрады екен. Сөйтіп малынан және қосымша бергенінен айырылғандар ақыры күдерін үзып, бастан садаға деп қойыпты. Күндердің күнінде қос жездеміз Жәмила деген апамыздың қазақы тірі қойының ірі май құйрығын кесіп алыпты. О, тоба тірі құйрық майы ыстық қазанға турап салғанда, ыршылдап тұрмайды екен деп, бұл сұмдықты өз көзімен көргендердің айтқандарын бала кезде өз құлағыммен ағаларымнан талай рет естігенмін. Осы әңгіме есіме түсіп, жездеме айта салғамын. Оның ақыры не боларын қайдан білейін. Бүгінде ойласам жас кезіндегі істеген әрекеті шынында есіне түсіп, миына қатты әсер еткендей. Таң да атты. Жұмыстан бұрын Сарыжаз ауылдық ауруханасына соғып, жездемнің қалін білейін деп Бас дәрігер Төкенге жолықтым. Төкен жездеңнің бас сүйегі, денесінің көп жері таудан құлағанда қатты зақымданған. Қысқасы тасымалдауға жарамайды, тамақ іше алмайды, Адам болуы екі талай деп шорт айтты. Қамдансаңдар да артықтық етпес деп, тағы да сөзін жалғастырды. Жездем сөйлей алмайды, бұрынғы қалы жоқ, құр жаутеңдеп көзіне жас ала береді. Үйге келе жатырмын. Қатты ойландым. Үйге келдім.

Әпкем жаутаңдап, Төкен не деде деді. Мен Төкен қалы нашар дейме, жағдай қиын болып тұр әпке дедім. Әпкем жылап жіберді. Мен бірден әпке жездеме ең ақырғы бір тәсілді ұсынамын, сіз соны орындайсыз ба дедім. Әпкем де орындаймын деді. Мен, сіз жездемнің жас кезінде ұры болғанын жақсы білесіз. Ал, бүгінде құр емес шығар. Қысқасы жездеме ұрлық малдың еті дауа болады, ол орнынан тұрады, жазылады дедім. Айтқаның келсін деп әпкем мен жұбайым жездеме апаратын асты дайындауға кірісті. Мен әпке ана жездеме мына малды түнде бауырым Алматыдан келе жатқанда айдаладан жүргіушісі ұстап алып, бұл далада қалса бәрібір қасқыр жеп қояды деп үйге алып келіпті. Мынау сол қойдың етінен жасалған тамақ, сен бұл ұрлық малдың етінен жасалған деп іш, ем болсын десе, көптен тамақ іше алмаған жездеме ғайыптан қабілет пайда болып, екі кесе тамақты ішіп қойыпты. Бір сағаттан соң ауруханаға барсам жездем ыржалақтап сөйлеп, орнынан тұрып жүр. Менде, жездеме ұрлық еті жақтыма ұрым, енді өлмейсің жазыласың, мен саған отыныңды әкелуге машина берем, қошқарлар бұдан былай сені сүзбейді деп, жұмысыма кеттім. Ол бетіне әр кіріп іштей ризалығын білдіргендей болды. Жездем біраз күннен кейін үйіне оралды, маған бас дәрігер таңғалып жүр. Жездемен қалжыңдасқан күндер айлап, жылдап жылжып жатты. Мен Алматыға қызмет бабымен ауысып, біраз уақыттан кейін жанұямды да Алматыға көшіруге елге бардым. Ажырасар аяқ үш күнге созылды. Біз көштік.

Жездем де әпкем екеуі ат арбаларымен көштен қалмай келеді. Үлкен жол бойына жақын қыстақ олардың тұрақты қонысы болатын. Бізді шығарып салар жолда екеуінің жылағаны ширек ғасыр өтсе де, әлі көз алдымда сағымдай елес болуда. Бірер жылдан кейін елде әпкем о дүниелік болды да, жездем балаларымен Алматыға жақын Қызылту деген жерге қоныстанды. Жездем ана қауіптен кейін он бес жылдан кейін олда кейінгі қонысында о дүниеге аттанды. Ол маған кейінгі өмірімді ажалдан алып қалған сенің тамағың. Сен бүгін белгілі емшісің, сірә сенде сонда бір нәрсені жасырын болса да білгенсің бе  деп, баяғы қалжыңына басушы еді. Серт пен сенімнің де ажалдан құтылуға себепкер болатынын енді сезгендейміз бе, қалай дейсіздер оқырман?

 

ӘРУАҚҚА  АЙНАЛҒАН  АДАМ

Жирмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының екінші жартысынан кейін біздің елдің шаруашылықтарында басқарушы және есеп қызметкерлеріне жаз айларында түнгі уақытта қосымша егістікті суғарту әдепке айналдырған-ды. Партия айтты, болды өл немесе тіріл даланың жарық не қараңғысына қарамай жеке басқа бекітілген тапсырманы өз уағында орындау әркімге де парыз болатын. Осы бір түсініксіз тапсырманы орындауда бұрынғы Нарынқол ауданның Калинин атындағы (Сарыжаз ауылы) колхоздың басқармасының қызметкерлері де өз шаруашылықтарының бидай еккен егістігінен өздеріне бөлінген жерлеріне барып, күнделікті түнгі кәсіптеріне кірісетін.  Сарыжаз ауылы да тау бөктеріне орналасқан, табиғаты сұлу тарихта аты ерекше аталатын Лабасы биігінің етегіндегі Алматы-Нарынқол асфальт жолының бойындағы елді мекен сұлулығымен ерекшелінетін. Мен жұбайым екеуміз осында жас маман ретінде қызметімізді бастадық, үйлі, ұрпақты болып сыйлы тұлғаға да айналдық. Бізде жас болсақ та ел қатарлы шаруа ұстауға да үйрене бастадық. Осы кезде мен өзімнен жасы аздау үлкендеу Абықан деген қойшымен танысып, ақыры отбасымызда жақсы араласатын болдық. Абықан мені көргенде жас баладай қуанатын. Көрісу ұзаққа созылса өзі үйге іздеп келетін. Тұрмысы алдынғы қатарлылардан саналатын.  Абықан қызық жігіт еді. Мінезі өте шатақтау болатын. Қызып алса ешкімге бойсынбайтын әдетін сол қалпы ол өзімен бірге ана жаққа ала кетті. Абықанның бұндай дөйкі мінезді болуының да себебі, ол бір үйдің жалқы ұлы болып, өзі орта жастан асқанша кәрі әке, шешенің ерекше еркелетуінен болғанын көзбен көрдік. Сондықтан да халық оны еркетотай Абықан дейтін. Осы ерке баланың әруақ рөлінде сахнада ойнамаса да кең далада ойнағаны бүгінде еске түседі. Түспегендеші, Абықанның қылжақпас әрекетінен қысқа уақытта Шонжада орналасқан шегаралық әскери полк өзінің Нарынқол ауданындағы Қытай шекарасына жақын орналастырған бірнеше  шекаралық роталары мен Сарыжаздағы үлкен жол бойына орналасқан тексеру бөлімшесін аяғынан тік тұрғызып әскери соғыс дайындығына келтіреді. Қолбасшылар қауіптіні ұстаңдар деген бұйрықтарында шығарып, өздері байланыс арқылы қатал бақылауға алады. Мұндай әскери қатал дайындықтың тез арада болуына, Сарыжаздағы әскери тексеру бөлімшесіне жақын жердегі үлкен бейіт жанында түнде егін суғарып жатқан, Калинин атындағы колхоздың мамандарының суыт хабары екен. Түн қараңғы. Таза тау самалы бетіңді аймалап жаның рахаттанғанда түнде жұмыс істеп жатқаныңды да сезбей де қаласың. Әркім өзіне бөлінген егістік алқабына тоғандағы суды жіберіп, егіннің су барған не бармаған жерін қолындағы қол фанармен немесе аспа шаммен бақылайтын. Сушының біреуі фанарының жарығына бір Адам бейнесінің көлеңкесі түскенін байқайды. Ақырын жан-жағына қараса бейіт жақта тұрған бір ашық денелі адам сүлбесін көреді. Бұл елес пе деп қайта қараса тапжылжымай сол қалпы үнсіз әлі тұрғанын көріп олар бір-біріне одан кейін, әскери тексеру бөліміне хабар береді. Оларда келіп көріп, өзінің жоғары басшыларына жағдайды баяндайды. Жоғарыдан бұйрық түсісімен сондағы әскери техниканың түнгі жарық беретін прожекторларын қосып, әлгі бейіттен тіріліп шықты деген жалаң денеліні қоршауға алады. Колхоз мамандары да кәлимасын айтып, сен кімсіңге басады. Бір уақытта көптен үнсіз тұрған әруаққа тіл бітеді. Оның даусын тез біле қойған оның жақын туысы, әрі колхоздың төрағасының орынбасары Кәкен аға тұрып ей, сен Абықансың ба, десе ия дегенде көптен бойларын қорқыныш билегендер сенер-сенбестерін білмей естерін жия бастайды. Әскери жедел дайындық тоқтатылады. Үстінде төменгі іш киімінен басқа ештеңесі жоқ тірі әруаққа айнаған оқиға трагедиясы осылай аяқталады. Бұның себебін білгенде Абықан жаңадан алған Нива көлігін біреуге айдатып жеке шаруасымен Алматыға келеді. Қайтарында сыраханаға кіреді де сонда бір адаммен танысады. Екеуі сыраға әбден тойып болғанда, әлгі бейтаныс өзіне қонаққа шақырады. Жол жөнекей екеуі жақсы тойлап, жақын досқа айналады. Ауылға оншақты шақырым жолдағы кішкене су бойына тоқтап, жағдайларын түзейміз деп, ақыры қызып төбелес басталады. Жүргізуші жан сауғалап ол өз жолына кетеді. Енді Беймәлім мейманмен Абықанның төбелесі одан ары жалғасады. Ебін тауып бейтаныс адам оның Нивасын айдап Алматы қайдасың деп тайып тұрады. Абықанның киімі де бірге кетеді. Одан кейін ұйықтап қалған Абықан түнге қарай оянып, түн жамылып ауылға қарай тартқан кезі екен. Біздің елдің де ерке тотайы артына елі айтып жүретіндей осындай із қалдырғаны бүгінде еске түседі.

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39




вверх