орындалған Аманат
7
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 


ҚАЗАҚТЫҢ ӘН-КҮЙІ ДЕ «ЕМШІ»

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, халықаралық дәрежедегі биоэнерготерапевт, рухани шипагер, парапсихолог – Зядан Қожалымов, емшілік жолға жаратқанның жәрдемімен келгенін айтады.

Жалпы, сырқат жандардың психологиялық әсершілдігін зерттеген мамандар, өнерден хабарсыз, әнді сүйіп тыңдай қоймайтын адамның өзіне де ең алдымен, ұлттық музыка, күй, ән бірден әсер ететінін анықтаған.

Инженер-электрик маманын шипагерлікке жеткізген ненің әсері болды екен?

Қазақта тектілік деген жақсы ұғым бар. Ата-бабаларымыздан әнші, балуан, балгерлер шыққан екен. Қан арқылы нағашымнан берілген қасиет шығар деп ойлаймын. Шындығында музыкадан алған арнайы білімім жоқ. Бірақ бір күштің әсер еткені сонша құлағыма бір ән келді. Ыңылдап жүріп диктофоныма жазып алып, «Құдірет» деген ән шығардым. Бұл сонау – 1992 жылдары болатын. Содан бері оннан аса ән жазып, емшілер шипалы емге пайдаланып келеді.

«Құдірет», «Ақ гүлім» деген әндеріңіз қазақ радиосының алтын қорынан орын алған екен. Жалпы, музыканың біз байқай бермейтін қандай қасиетін көрдіңіз?

Аталарымыз керемет ән тыңдаса «алпыс екі тамырым босап», ғажайып бір күйге ендім деп жататын бұрын. Яғни, ертеден-ақ музыка өнерінің тозған, шаршаған жүйке талшықтарына қозғау салып, жан бітіретін күшке ие екендігін білген. Музыка мен ән-күй құрамында химиялық уы болмайтын, адамның тәнін уламайтын, жанына рахат сезімін тудыратын, психологиялық әсері күшті таза мөлдір дәрі деуге болатынын өзімнің жиырма жылға жуық шипагерлік қызметімде тәжірибеден өткізіп, оң әсерін анықтай алдым.

Сеанс кездерінде әсіресе, «Құдірет» деген әнім психикалық ауруға шалдыққан ауруларға күшті әсер етті. Сондықтан емшілер бүгінге дейін жақсы қолдануда. Музыканың осы күнгі өте қауіпті асқынған сырқаттарды да емдеуге зор көмегін тигізетінін ғалымдар анықтап жатыр.

Халықаралық дәрежедегі емші болғандықтан, қазақтың ән-күйін шетелдерде қолданып көрдіңіз бе?

Иә, әлемдік үлкен сеанстарға үш рет шықтым. 1991 жылы Мәскеу қаласындағы «Турист» қонақ үйінде жүргізген емдік сеансым кезінде тек қана қазақтың күйлері мен әндерін пайдаландым. Қазақтың күйінің құдіреттілігі сонша, қазақты білмейтіндердің өзі билеп, жылап, өзінше сөйлеп кеткендері, тіпті қолдарын ербеңдетіп домбыра тартқандай қимыл жасағандары да болды. Бұл – қазақ музыкасы мен ән-күйі өте жоғары толқынды резонанс тудыратын, өрісі кең, қуаттылығы мол, әсері күшті адам бойындағы лас қуаттарды ығыстырып шығаратын ерекше емдік шипасы барын аңғартады. «Елім-ай» әні, тыңдай білсеңіз, емдік шипалық сипатқа ие, жан-дүниені оята алатын ұлттық патриотизмге толы, рух беретін ән.

Музыканың көпшілік біле бермейтін ерекшеліктеріне тоқтала аласыз ба?

Шет елдердің бірінде ота жасайтын кезде адамға алдымен классикалық әуендер мен Құранның аяттарын тыңдатады екен. Ол адам миының клеткаларына әсер ете отырып, оның импульсті ырғағын қозғап, теңшеп, қызметін жақсартады. Сондай-ақ, адам ағзасына ғана емес, жан-жануар, аң-құс, өсімдіктерге де оң немесе теріс әсер етеді екен. Жапондық ғалымдар музыканы жемістер мен көкөністердің жақсы көретінін анықтаған. Көкөністердің тез өсуіне, пісу уақыты қысқарып, өнімі отыз пайызға артуына, әсіресе, классикалық әуендердің жағымды әсерінің күштілігі байқалған. Мешіттерде азан шақырылып, шіркеулерде қатты қоңырау дыбысы шыққанда эпидемиялық жұқпалы аурулардың таяқшалары мен сары аурудың вирустарын өлтіретін «ультрадыбыстық шағылу тербелісі» болатынын ғалымдар анықтаған.

Ал ислам діні, қасиетті Құран Кәрім музыкаға қалай қарайды?

Шипалық ем жайында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде сырқатқа шипа сенім арқылы Алладан болатынын айтқан. Бұл рухани шипагерліктің таза сенім, өзін-өзі иландыру арқылы жүзеге асатын шипалық ем екенін айқындайды. Құран дұғаларын ритм ырғағымен дауыстап оқығанда дыбыс үнінің жоғары тондылығы мен жүйкеге жақсы, жағымды әсерінен жүйкеде тебіреністі ырғақты жүйкелік ауытқуларда қозғалыстық өзгерістер болатыны, денеде сергектік сезіліп, сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, ұйқысы жақсарып, асқа деген тәбеті артатыны анықталып, тұжырымдамалар жасалуда. Құран дұғаларын оқығанда оның үндік ырғағына, естілуінің жіңішке, жоғары немесе бір қалыптылығына қарай пайда болатын оң қуаттық өрістің аумақтық әсерлік күші де әр түрлі болады. Исламда музыканың өте жағымды, адамға қуат беріп, көңілін көтеретіндей әсерлі, үні нәзік әндеріне пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тиым салмағаны, қайта қуаттағаны айтылады.

Музыканы да талғаммен тыңдауға кеңес бересіз ғой?

Әрине. Музыка дыбысы электромагнитті толқын тудырып, ірі қуаттық өріске айналатындықтан, оның жер бетіндегі тірі организмдерге әсері тез болады. Жағымсыз әсер етіп, адамның есін ауыстырып жіберетін де музыка бар. Бос уақытыңызда болмаса қатты шаршап демалғыңыз келсе күңіренген қобыздағы Қорқыт, Ықылас күйлері мен Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Сүгір, Т.Момбеков, С.Тұрысбековтың домбырадағы әсем үнді, жүректі тебірентетін күйлерін тыңдасаңыз рахат күй кешіп, жеңілдегендей боласыз. Өйткені, бұл күйлердің емдік шипасы бар екенін ғалымдар анықтаған.

Сұхбаттасқан: Әсел Дағжан

 

 

 

ШИПАГЕРЛIК ТЕ ДӘСТҮРЛI ҰЛТТЫҚ

МӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ САЛАСЫНА ЖАТАДЫ

 

– дейдi Алматы облысы, Райымбек ауданының «Құрметтi азаматы», мәдениеттанушы-ғалым, Өтейбойдақтанушы, философ-психолог, дiнтанушы, ақын-сазгер, «Қазақстан халық емшiлерi қауымдастығы» президентi, Қазақстан Журналистер және Психологтар одағының мүшесi, ҚР Халық медицинасы және космоэнергетика академиясының президент-академигi, Халықаралық дәстүрлi халық медицинасы мамандары психологтар және емшiлер қауымдастығының президентi, қоғамдық Қазақстан халық емшiлерi қорының президентi, Халықаралық экология академиясының академигi, Халықаралық М.Нострадамус атындағы проскопиялық ғылымдар академиясының академигi (Париж), Әлемдiк рухани және халық емшiлерi академиясының академигi Зядан қажы Қожалымов.

– Зиядан қажы, Сiз басқарып отырған «Қазақстан халық емшiлерi қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң алдына қойып отырған басты мiндетi неде? Бiз үшiн әлi де құпиясы толық ашылмаған бұл саланы ғылыми зерттеудiң негiзi толық қалыптасып үлгердi ме?

– Қазақ елiндегi ұлттардың халықтық шипагерлiк өнерi мен оның тарихын зерттеп, ғылыми айналымға енгiзу ел Тәуелсiздiгiнен кейiн ғана мүмкiн болғаны – өмiр шындығы. Мемлекеттiк «Мәдени мұра» бағдарламасының бiр саласына жататын құпиялары әлi толықтай ашылмаған, тылсым күштердiң киелi тектiк шипагерлiк, бақсылық, болжампаздық, жұлдыз- намалық, т.б. өнер иелерiнен адамзат тарихының алғашқы қоғамдасуына, мәдениетiнiң қалыптасуына, рухани танымына, iлiмiнiң негiзi қалануына ықпалы болмады деп ешкiм де айта алмайды. Бұл – тарихтың ғылыми шындығы. Сондықтан да халықтық шипагерлiк те дәстүрлi ұлттық мәдениеттанудың саласына жатады деуге ендi толық негiз барлығы тұжырымдалуда. Бүгiнде қазақ мемлекетiнiң әдiл саясаты, Конституциясы мен заңдары халықтық емшiлiк жүйесiне толық зерттеулер мен ғылыми анықтамалық тұжырымдамалар жасауға айқын мүмкiндiктер берiп отыр. ҚазҰУ-дiң философия және психология кафедрасы ғалымдары- ның басшылығында (филос.ғ.д., проф. Ж.Молдабеков, п.ғ.д., проф. Қ.Жарықбаев) және ғылыми Кеңесiнiң шешiмi бойынша, халықтық шипагерлiктiң өткенiне, бүгiнiне және XV ғасырдың ғалым, шипагерi Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының «Шипагерлiк баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегiне зерттеулер жүргiздiк. Осы жетiстiк бойынша, «Шипагерлiк дәстүрi және философиясы – Целительская традиция и философия» атты ғылыми монографиялық оқулық еңбегiм мен он тоғыз тылсым құпия сырлары жөнiндегi кiтаптарым баспадан шықты. Осындай зерттеудiң нәтижесiнде халықтық шипагерлiк тұңғыш рет ғылыми айналымға ендi. Ғұлама шипагер Ө.Тiлеуқабылұлын ғалымдарымыздың «Екiншi ибн Сина» атауы да осы еңбектердiң нәтижесi. Бұған дейiнгi және кейiнгi қиыншылықтарға қарамастан ұлтымыздың шипа- герлiк саласының өткенi мен бүгiнгi мәдени құндылықтарын жинақтап, зерделеп-зерттеу мен оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырудың негiзiн жасауға ықпал ету – бiздiң басты мiндетiмiз болу керек деп есептеймiн және осы мақсат үшін қызмет етiп жүрмiз.

– Халық емшiлiгi жөнiнде аңыз да, ақиқат та көп қой, ал бүгiнгi заман үшiн ең керегi – ақиқат десек, халық емшiлiгiнiң қазiргi тынысы жөнiнде айтып берсеңiз.

– Халық емшiлерiн XIII ғасырда Өзбек хан тiрiдей жерге көмгiзген, ал орыс патшалығы заманында есi ауысқандар ауруханасына қамағаны белгiлi. Десек те Жаратқан дарытқан ерекше қасиеттi ешкiм жоғалта алған жоқ. Қазiргi танылып жүрген тылсым қасиет иелерi сол кешегi жетi атасына дейiн ерекше қасиет дарыған ұрпақтың жалғасы дер едiм. Елiмiздiң демократиялық саясаты емшiлер қауымына да еркiндiк берiп, ата-бабаның тектiк қасиетiн қайта оятып, Қазақстан азаматтарының денсаулықтарына септiгiн тигiзуге мүмкiндiк жасады. Өйткенi, «денсаулық – зор байлық», адамның бiрiншi байлығының қайнар көзi. Адамзат ұрпағына тұлғалы, ойлы және денi сау ұрпақ әкелуi мен өсуiне де көне заманның шипалы бақсы-балгерлерiнiң көмегi болғанын бiздiң қызметiмiзге қарсылар мойындамаса да, ғылыми жетiстiк жоққа шығарған емес. Халықтық дәстүрлi емес медицинадан – дәстүрлi медицина, одан осы заманғы ғылыми медицинаның негiзi қаланғанын ғалымдар анықтады, әр сала ғалымдары халықтық шипагерлiктi ғылыми тұрғыда зерттеп мен тұжы- рымдамалар жасауда. Бiздiң қауымдастықтың ғалымдары да әр саланың ғалымдарымен бiрлесе, кеңесе отырып айтарлықтай iстер атқарып келедi. Халықтық шипагерлiк – бүгiнгi ғылыми медицинаның негiзi деуге бүгiнде толық негiз бар.

 – Құрылғанына 20 жыл толған қауымдастықтың тарихына қысқаша тоқталып өтсеңiз.

 – Бүгiнде құрылғанына 20 жыл толған «Қазақстан халық емшiлерi қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бiрлестiгi де жарғылық мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асыруда өте күрделi кезең мен қарсы күштердiң жойқын торларынан аман өтiп, қазiргi кезде игiлiктi жетiстiгiмен жеке қызметiнiң көр- сеткiшiн баяндау дәрежесiне жеттi. Құрамында 23 облыстық және қалалық филиалдары мен үш мыңнан аса мүшесi бар iрi ұжымға айналды. Бiлiмдiк дәрежесi мен емдiк тәсiлдерi жоғары емшiлерiмiз де баршылық. Олар әртүрлi марапат иелерi де. 1992–1994 жылдары «Халық емi» ал, 2002 жылдан бастап тұрақты «Шипагерлiк баян» газетiн шығарамыз. «Шалкөде» баспасы да – қауымдастықтiкi. Қауымдастықтың басшылары мен мүшелерiнiң бiрлiгi мен ынтымағы, табандылығы мен кешiрiмшiлдiгi және адамгершiлiгi мен имандылығы қарсыластарының бұл қауымдастықты жарты жыл да өмiр сүргiзбеймiз деген арам пиғылдарын жүзеге асыртпады. Қауымдастықтың көшi алға жылжуын тоқтатпады, негiзгi мүделi жерiне де жеттi, ол бұл жүрiсiн жалғастыра бермек. Әлдебiреулердiң қоғамдық ұйым және оның сауатсыз әрi психологиясы тұрақсыз емшiлерi ненi бiледi деген сөзiне намыстанбадық. Қайта жiгерiмiзге – жiгер, бiлiмiмiзге – бiлiм қосып, жанашыр ғалымдармен бiрлесе жұмыс iстеп, ата-бабамыздан дарыған қасиетiмiздi дамытып, халық емiнiң де халыққа қажеттiлiгiн дәлелдеумен келемiз. Бүгiн қауымдастықтың өз ғылыми ортасы қалыптасты. Қауымдастық мүшелерiнiң құқын қорғай отырып, олардың бiлiмiн көтеру мен жетiлдiруде қауымдастық жанындағы халық емшiлiгi, рухани емшiлiк, биоэнергетика, космоэнергетика, уқалау, т.б. бағыттар бойынша екi мыңнан аса емшi оқытылып, қажеттi құжаттарын алды. Емшiлердiң мәдениетi мен рухани тазалығы жақсарып келедi, оқулықпен қамтамасыз еттiк. «Жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпар» – деген пәлсафалық бағыт негiзiнде, қауымдастықтың Төралқасы өзiнiң мүшелерiнiң сапалық құрамына да зор мән берiп отырады. «Бiр қарын майды шiрiтер бiр құмалақтар» дәстүрлi медицинада да кездеседi емес пе, ондай «жалған» емшiсымақтардан бiз де кенде емеспiз, дегенмен, олармен үнемi күрес жүргiзiп отырамыз. Қауымдастық жарғысының талаптары мен мiндеттемелерiн орындамаған, алдампаздық пен арамдық пиғылдарға енiп, оны өз бас пайдаларына пайдаланған үш жүзден аса емшiнi қауымдастық құрамынан шығардық. Сондықтан да болар, қауымдастық мүшелерiнiң бүгiнде халық алдында жүзi жарқын, бұл олардың халықтық шипагерлiктiң адал мұрагерлерi екендiгiн таныта алады.

– Тоқсаныншы жылдардың бас кезiнде медициналық қызмет өлiара шақта басынан өткерген алғашқы кезеңде емшiлiкке сенiм мол болса, бүгiнде оған күмәнмен қарайтындар да баршылық. Сiздiң көзқа расыңыз?

– Осы 20 жылғы еңбегiмнен түйгенiм, халық емiне деген жұрт пiкiрi бiр қалыпты әрi оған сенiмдi. Кешегi аттары дүркiреп шыққан «Сары, Ақ, Қара, Көк тақиялы» әулиелер мен «Алып, Дәу, Ана», т.б. атаққұмарлар өз уағында бұқаралық ақпарат құралдарында аямай сыналды. Аллаға шүкiршiлiк етейiк, бүгiнде бұл топтағылардың қатары сиредi. Бұрындары бiр облыста төрт жүзге жуық емшi болса, солардан қазiр онға жуығы қана қалды. Дегенмен, әр түрлi жүйедегi топтардың емшiлерi пайда болуда. Әйтсе де ондай емшiлердiң әрекетi мен халық емiне күмәнмен қараушылар халқымыздың шипагерлiк өнерiн жоя алмайды деп ойлаймын. Менiңше, халық қазiргi уақытта да медицинаның да, халық емiнiң де көмегiне сүйенiп келедi. Кейбiр дәрiгер шипа дарыта алмаған аурулар емшiлер қолынан сауығып кетедi. Мысалы, сынықты хирургтер айлап емдесе, оны үш күнде қалпына келтiретiн сынықшыларымыз бар.

– Дегенмен, бiлiм мен мәдениет қатар ұштаспаған жерде нәтижеге қол жеткiзу мүмкiн емес. Бұл мақсатта қауымдастық қандай iс-шараларды жүзеге асырып келедi?

– Бұл пiкiрiңiзбен толық қосыламын. Бiлiмi болғанмен, iшкi мәдениетi, жүрегiнде имандылық кiлтi жоқ адамның iсi алға баспайды. Менiң қауымдастық мүшелерiнен ең әуелi талап ететiнiм – емшiлiк қасиетпен қатар, адамгершiлiк қасиеттер. Осы мақсатта бiз емшiлердiң теориялық және тәжiрибелiк iлiмдерiн жетiлдiруге көп мән берiп отырамыз. 2004-2010 жылдар аралығында Алматыда үш рет, Шымкент, Түркiстан, Тараз және Астана қалаларында қауымдастық ұйымдастырып және өткiзген әртүрлi тақырыптағы оннан аса конгрестер мен форумдардың маңызы өте зор болды дер едiм. Емшiлер шеберлiк байқауларында жеке қабiлеттерiн дамытып қана қоймай, жеке бiлiмдерiн, шеберлiктерiн арттыруға мүмкiндiк алады. Қазақтың халық емiнiң тарихын, қалыптасу кезеңдерi мен жүйелерiн өзге елдерге таныту үшiн қауымдастықтың сайтын аштық. Соның нәтижесi, жақында сонау мұхиттың арғы бетiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымындағы Канаданың жауапты қызметтегi өкiлi бiздiң сайттағы ғылыми еңбектерiмiзбен танысып, оны жоғары бағалап, өзiнiң баяндамасына енгiзгенiн хабарлады. Менi құттықтай келе, алдағы уақытта бiрлескен орталық құруға ниеттерi барын да жасырмады. 23-24-шiлде аралығында елiмiз Тәуелсiздiгiмен құрдас Қазақстан емшiлерi қауымдастығының 20 жылдығына орай VI құрылтайын өткiзгелi отырмыз. Ондағы басты мақсат – осы 20 жыл iшiндегi еңбектерiмiздi таразылап, халық емi мен дәстүрлi медицинаның қазiргi кездегi өзара байланысы мен ғылыми негiздерiне шолу жасап, халыққа жеткiзу болмақ. Сондай-ақ, Халықаралық деңгейдегi халық емшiлерi өз тәжiрибелерiн ортаға салады.

– Әңгiмеңiзге рахмет. Құрылтай жұмысына сәттiлiк тiлеймiз.

Әңгiмелескен: Нұржамал Байсақал.

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨТКЕН КЕЗЕҢДЕРІ

 

f

ҚХЕҚ-ның І- Құрылтайы  (20 – 23.12.1991,  г.Алматы)

   f                            а

 З.Кожалымов қасиетті Құран ұстап ант беруде

ф

І-Құрылтай делегаттары. Алматы, 20 – 23.XII.1991 ж.

IIGP3414

 

 

Қауымдастыққа 10 жыл

(22.12.1991 – 2001 ж.)

NVE00001            NVE00004

                                 З.Қожалымов                                  Толғау. Авторы және орындаушысы Төлеу қажы Қосан

Scan0002

Төралқа мүшелері

 

Қауымдастыққа 15 жыл (2006ж)

Scan0007            ф

Қауымдастықтың 15-жылдығына арналған Құрылтайдың

020-3        ф

Мемлекеттік гимн орындалуда                                                Термеші, Аяз Бетбаев

 

ҚАУЫМДАСТЫҚҚА – 20 ЖЫЛ (2011ж)

 

ф                 ф

Құрылтайдың ашылуы                                                                    Төралқа мүшелері

ф

Залдан көрініс

ф                     ф

 Философ.ғ.д., профессор ҚазҰУ  Ж.Молдабеков                  Термеші, Е.Оразымбетов (Тараз)

 

ф

Құрылтайға қатысқан ғалымдар мен шетелдік меймандар

a                   ф

                                                                                                                                               Бекенов Тұрсын

                                                                                                                                                  м.ғ.к., академик

 

МАРАПАТТАУШЫЛАР

     ф                     ф             ф

             Жақанов Амангелді                                   Жасан Зекейұлы                       Түймекүл Қожалымова

           м.ғ.д., профессор ҚазМУ                          м.ғ.д., профессор                       (Алматы қаласы)

    ф                 ф             ф

           Ермұханова Гүлпара                     Сәлиева Гүлжамал                         Максеева Унсун (ОҚО)      

                                    (Атырау қаласы)                               (Атырау, Доссор)

 

 

 

 

ЗЯДАН ҚАЖЫНЫҢ ӘНДЕРІ МЕН ТЕРМЕЛЕРІН ОРЫНДАУШЫЛАР

 

 

ф          ф            ф

        Әнші Г.Шорабекова (Шымкент)       Әнші Диана Шик (Алматы)          Зәуре Сатыбалдиева (Тараз)                

 

        ф                    ф

                                Сыпатаев Жақып, жырау (ОҚО, Жетісай)         Құрылтай делегаттары (Алматы қ.)

ф

Құрылтай делегаттары (Астана)

ф       ф

Құрылтай делегаттары (Астана)

 

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39




вверх