орындалған Аманат
31
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

РУХАНИ САУЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

 

Осы тақырып мені көптен толғандырып жүретін. Өйткені соңғы ондаған жылдары көптеген адамдардың жан дүниесінің әлсіреуі және кеселдердің көбейуі де белгілі. Сондай-ақ елімізде нарықтық экономика мен дүние жүзінің дағдарысының рухани жақтың кемуі мен денсаулықтың бұзылуына ықпалы айтарлықтай. Халқымыздың мақалында - «Жан ауырса, тән озады, қайғы басса  - жан тозады» дегендей, рухани саулық, яғни адамның жан дүниесінің кеселдері терең күйзеліске, уайым-қайғы үрейлену т.б. психикалық әсерлері біраз жүйке дертіне душар етпек. Бұл тұрғыда АҚШ-тағы Гарвард университетінің профессоры, философ Уилиам Джеймс уайым-қайғы, қасіретті емдейтін бірден-бір дәрі, ол – діни сенім мен қоса дұға тарапынан мықты наным-сенім мен қоса дұға арқылы да аурулардың көптеген жүйке дертінен сауықтырғаны анықталған.

«Дүние жүзіне танымал психиатрия маманының бірі Карл Юнг «Modern in search of soul» атты еңбегінде “Отыз бес жастан асқан адамдардың ауруға ұшыраудың басты себебі діни наным-сенімнен қол үзгендік”, – дей келіп, “діни наным-сеніммен қайта қауышпайынша толықтай жазылып кете алмайды”, – деген. Сондай-ақ Үнді халқының алғашқы көсемі Махатма Ганди «Дұғалардың көмегі болмағанда, аз уақытта-ақ жынданып кетер едім» – депті.

Нобель сыйлығын иеленген ғалым Алексис Карел ғылыми еңбегінде: «еш бір ем қонбаған кездерінде дұға арқылы небір кісілердің ауру-сырқауы мен мұңды күйден құлан таза айыққанын» дәлелдеп  жазған. Соңғы кездері көптеген жандардың өмірінде кездейсоқ қолайсыз жағдайларға байланысты маскүнемдікке, темекі мен есірткіге құмарлық және ұрлық т.б. сұмдықпен айналысудан рухани дертке шалдығуы жиі кездесуде. Бұларда ұйқының қашуы, басы мен басқа да ағзаларының ауруынан жаны жүдеп, көңіл-күйінің нашарлауы, әлсін-әлсін жүрегінің жиі соғуы мен қан қысымы көтеріліп, қысылуы т.б. қауіпті жағдай тумақ.  Осындай өзгерістерді рухани денсаулықтың, яғни жан дүниесінің әлсіреуі деп атайды.

Мұндай құбылысты жүйкенің әлсіреп тозуы медицина тілінде – астенический невроз, немесе психио-астения, есірік (истерия), серпілістік жүйкенің әлсіреуі, реактивный невроз т.б. көптеген жағдайларды айтуға болады. Мынадай дертке шалдыққан сырқат жандар мемлекет жүйесіндегі әр алуан медицина мамандарына барғанымен, айтарлықтай көмек ала-алмай жүргендер қаншама. Ал, сырқат жандар мемлекеттік медицинасына баламалы ақылы медицина орталығына: «Авицена, Болашақ, Медицина сауықтыру орталығы» т.б. қаралатындар көп. АҚШ-тағы, Еуропа, Израиль т.б. елдердегі ақылы медицина мен біздің еліміздегі ақылы медицина орталығының сапалы ем жүйесін салыстыруға бола ма? Ақылы орталықтарда қаралған сырқаттардың қанша пайызы сауыққанды туралы ақпарат бар ма? Осы ақылы медицина орталығы сирек кездесетін сүйек-буын туберкулез дертінің диагнозын анықтауда, оны емдеуде және күрделі кейбір ауруларды ғылыми клиникаға жолдама жазып бергені үшін қаншама қаражат алатындары түсініксіз...

Біздің конституциямыздағы заң бойынша халқымызға медициналық көмек тегін деп жазылған. Бірақ әрбір емханалар мен ауруханаларда ақша алатын кассалар неге қызмет етеді? Мысалы кейбір дертті анықтауда қанның анамезі 3-4 мың теңге болса, компьютерлік томограмма (ЯМРТ) 9-10 мың тенге т.б.

Ауқатты, бай адамдар ауыра қалса шет елдерге Англия, Германия, Израиль, Қырым, Россия т.б. кәсіби сауықтыратын медицинасына барып жатқандары қаншама?

Мұның басты себебі дертіне шипалы ем іздегендер. Өйткені мемлекеттік  медицинаға көңілдері толмай шет елдерге баруларына мәжбүр.

Дегенмен, ресми медицинада көпшіліктің анықтап, емдеу жолын халықаралық қалыптарға сәйкестендіру үшін озық елдердің құрал-жабдықтарымен жарақтандыру, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар істеліп жатқаны белгілі. Әйтсе де, еліміздің қай жерінде болмасын, әсіресе ауылдарда дәрігерлер жетіспейтіні жиі айтылады. Тіпті аудан мен қалалардың өзінде зейнеткер дәрігерлердің 50-60 пайызы еңбек етуде.

Еліміздің болашағы үшін бұл деректерге немқұрайлы қарауға болмайтынын ескеру қажет-ақ.

Ұлтымыздың денсаулығын сақтау үшін және кәсіби сапалы әрі шипалы емді дамытуға да баламалы бірнеше медицина жүйесі болғаны - өмір талабы демекпіз.

Осы орайда қалыптасқан ресми медицина мен ақылы медицина орталығына баламалы Қазақстан халық емшілері қауымдастығы тәуіп, шипагер, сынықшы т.б. кәсіби мамандарды тең құқылы дәрежеде пайдалануда кезек күттірмейтін шаралар болуы керек.

Бұл мәселе т.б. елдерде жолға қойылған. Жоғарыдағы айт-қанымыздың айқындығы үшін бір-екі деректерге тоқталмақпыз.

АҚШ-тың ізденімпаз ғалымы Луиса Ортегн зерттеу еңбегінде: «Күдер үзген аурулардың сауыққандардан баламалы халық емінің көрсеткіші ол - әлдеқайда жоғары академиялық медицинадан, бірінші орайда 10,4 пайыз болса, екіншінің көрсеткіші не бары 0.2 пайыз» - дейді.

Белгілі ғалым медицина және психология ғылымдарының докторы, профессор марқұм Я.Г.Гальперин алғашқы халық емінің жаңарып қалыптасуына әрі мемлекеттік медицинаға баламалы шипалы әдіс-тәсілдерін ресейде кеңінен пайдалануға жол ашқан.

 Сөйтіп, ауру жандардың сауығуына мүмкіншілігі мол екенін ғылыми зерттеу еңбегінде көз жеткізе дәлелдеген. Мұның шындығы туралы ғалымның көп еңбегінен бір мысалға тоқталмақпыз: «...Ресейде дәстүрлі халық емінің көмегімен асқынған дерттен өлім қауіпі болып, күдер үзгендер аман қалып – сауығып өмір сүру деңгейі 24 пайыз, ал ресми медицина жүйесінде не бары 7,5 пайыз-ақ». Осындай ғылыми зерттеу нәтижесінде дәстүрлі халықтың шипалы емі мемлекеттік медицина жүйесінде лайықты баламалы орында болуы керек демекпіз.

Біздің елімізде халық медицинасының сапалы жағын сонау XV ғасырда табиғи дарынды, дала ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы  өмір тәжірибесінен және ел таразысынан өткізіп тұңғыш ғылымнамалық «Шипагерлік баян» еңбегі терең мағаналы, әрі жан-жақты қайталанбас халық медицинасы әлемге танымал. Сондай-ақ осыдан он сегіз жыл бұрын Республика бойынша әлмисақтан ата-бабалардан халық емшілігі жалғасқан ұрпақтардың басы қосылған заңды қоғамды тұңғыш рет Қазақстан халық емшілері қауымдастығы (ҚХЕҚ) ұйымдастырған. Осы шаңырақтың ұжымы жиырма жылдай нәтижелі еңбегімен халқымыздың құрметіне бөленуде. Жалпы шипагерлік тәуіп-емшілермен тізе қосып жұмыла еңбек етілсе аурудың алдын алып, сырқаттарды сауықтыратыны сөзсіз. Халық медицинасын биік дәрежеге жеткізу үшін адамгершілік пен білімді, әрі иман жүзді және мәдениеттілік пен жауапкершілік болуы өмір талабы. Бұл туралы мәдениеттанушы, көрнекті ғалым ҚХЕҚ  президенті Зядан қажы «Шипагерлік баян» газетінің №10-11, 2009ж. сандарында жазылған осы өзекті мәселерді  қайталап жатпай бір-екі деректеріне ғана тоқталмақпыз.

«Жауапкершілік – ол кез-келген ұйымның мүшесінің адамгершілігінің айнасы және тәрбиелік иманының мектебі»; «Мәдениетті емшілердің құрамы арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады» – дейді ҚХЕҚ президенті, мәдениеттанушы-ғалым Зядан Қожалымов. Мұндай аталы өсиет қауымдастықтың әрбір мүшесінің текті бабалар қасиетін келешек ұрпаққа жалғасуына жол ашпақ.

Т.Бекенов

 

ВОЗРОЖДЕНИЕ НАРОДНОЙ

 МЕДИЦИНЫ В КАЗАХСТАНЕ

 

С целью заново оживить древнее искусство культуры и народной медицины, государство способствовало открытию общественного объединения. В связи с этим накануне празднования первых становлений независимой, демократической страны Казахстан,  создано общественное объединение – Ассоциация народных целителей Казахстана (АНЦК). Таким образом, днем открытия впервые в Казахстане Ассоциация народных целителей совпало с образованием новой независимой страны.

История народной медицины и летопись Ассоциации глубоко и всесторнние описаны в научно-исследовательской работе президента АНЦК, академика З.Кожалымова. Автор этого  очерка находясь у истока организации АНЦК хотел читателей ознакомить с некоторыми эпизодами раннего периода становления и начала возрождения народной медицины в Республике. Вице-президентами Ассоциации были ученые, доктора м.н.к. писатели, которые успешно трудились в своей основной  работе. В организационной и другой деятельности, трудности легли на плечи президента, генерального директора – автора этого очерка и художника  Кайырбай Саркеева. Физический труд со временем проходит, забывается. А морально – душевные раны оказывается на долго остаются. Мои коллеги не только в Минздраве, но и местные руководители здравоохранения не слушали нас о содружестве врачей с целителями в оздоровлений больных. Мы просили в поликлиниках выделить нам комнату в аренду, чтобы под контролем официальной  медицины лечили народ  лекари, обладающие священным даром.

Вместе с профессиональным  народным целителем З.Кожалымовым, который имел сертификат и диплом, занявший первые место во Всесоюзном конкурсе народных целителей проходившим  в г. Москве, я, врач высшей категории с 35 летним стажем, имея научную степень  кандидата медицинских наук в какие только двери не стучали, доказывая, что совместно с официальной медициной, народный опыт исцеления сыграл бы большую роль в оздоровлении больных. В то же  время платные поликлиники появлялись в каждом городе. В рыночное, трудное время становления молодой страны, многим больным материально не доступно было платное лечение. Результаты эффективности платной медицины были не утешительны. Об этом 03.01.1992 г. в газете «Халық кеңесі» под названием  «Ауруға араша түсу парыз», «Защищать больного наш долг» подробно написано, что платные врачи в большинство случаев за немалые деньги направляют больных на установление диагноза и на лечение в специализированные лечебные учреждения. В то же время, как выше описано, народным лекарям бесплатно проводить лечение запрещали.

Чиновникам здравоохранения, доказывая  необходимость  пользы народной медицины, приводил общеизвестные доводы: у новорожденного пупочная грыжа, от этого сильно страдает младенец и мама. Обращается к педиатру, который направляет к детскому хирургу. Врач советует после годовалого возраста провести хирургическое лечение. От мучительных страданий грудного ребенка, родители обращаются к народному целителю. Целитель сразу же с помощью 5 копеечной  монеты и массажем, а также молитвой исцеляет младенца. А такие болезни «Сглазы», «порчи», «энурез», различные стрессово-психологические  и мн.др. болезни - какими лекарствами может помочь больным официальная медицина?!

Никогда не сотрутся из памяти некоторые дни организации АНЦК автора  этого  очерка, оскорбления коллеги Минздрава и некоторых чиновников облздрава о том, что меня заколдовали целители, в результате чего у меня психологические отклонения. Несмотря на выше изложенное были добрые, благородные руководители юстиции в областях. Приведу один пример. Летом (1992 г.) в Тургайской области для открытия филиала АНЦК ездил в г. Аркалык. Пригласил коллег из облздрава для участия на конференцию целителей об открытии областного филиала АНЦК. Чиновники облздрава не стали разговаривать, так как уже получили указания Минздрава. Несмотря на это с директором филиала Бейсеновой Назым (ныне покойной) по специальности потомственная сынықшы-костоправ обратились для регистрации к руководству областного отдела юстиции. Начальник нас тепло встретил. Тщательно выслушал просьбу и просмотрев устав Филиала  теплым взглядом проявил доброжелательность. Полушутя показав свой четвертый палец левой киста попросил  поставить диагноз и рекомендовать лечение. Директор филиала разглаживая и делая массаж четвертого пальца левой кисти вправил  вывих среднего сустава, Поставлен диагноз. Руководитель областного управления юстиции был восторге от щадящего и быстрого вправления вывиха сустава пальца.  Затем продолжил свою беседу о том, что от лечения травматолога особого эффекта нет. При малейшем неловком движении наступает вывих сустава пальца и боль мучает. Костоправ уверенным тоном сказала, мол, сейчас возможно оздоровить, для этого надо немного тёплой воды и столовую ложку соли. В кабинете костоправ из своей сумки достала шерстяные нитки и область вправленного вывиха фиксировала нитью в виде кольца пропитанной концентрированным солённом раствором. Затем повязку рекомендовала держать семь дней. Благодарный пациент- руководитель областного управления юстиции при нас звонил в облздрав, что филиал АНЦК. РК. зарегистрирован и рекомендовал не препятствовать в благородной деятельности областного филиала АНЦК.

Некоторые вехи возрождения АНЦК связаны с проведёнными ниже следующими работами. Согласно условиям Устава при Ассоциации впервые в Казахстане открылась школа с месячным курсом обучения по повышению уровня квалификации народных целителей.

По программе специализированной школы проводились 120 часов теоретических и 60 часов практических занятий на базе специализированной аптеки по фитотерапии, часто проводился обмен опытом по диагностике  и лечению природно-одаренных целителей. Занятия проводили известные ученые, высококвалифицированные   специалисты в области медицины, журналистики, религии, юстиции и знатоки народной медицины: З. Кожалымов - президент АНЦК, известный народный целитель, биоэнерготерапевт и парапсихолог международной категории, ученый-исследователь сокровенных тайн; С.Балмуханов - знаменитый ученый, Академик медиц.наук; А.Чокин - доктор мед.наук, профессор; Е.Заркешев - доктор мед.наук, профессор; Б.Айнабеков - член союз писателей; Т.Бекенов - канд.мед.наук, доцент; К.Батталов - канд.юридических наук и другие.

При АНЦК в 1992-1994 г.г. выпускалась специализированная газета «Халық емі - народное лечение». На страницах газет широко освещалась защита прав природно-одаренных народных лекарей. Роль и значение народных целителей в оздоровлении  больных, о культурно-духовно-нравственном воспитании людей, а также об истории древней народной медицины.

На I Всемирном конгрессе  «Нетрадиционной медицины», проходившем  23 октября 1993г. В Крыму городе Гурзуф, где совместным научным докладом на тему «Роль творческого наследия казахской народной медицины в естественном целительстве» выступил президент АНЦК З. Кожалымов. Эта те-ма впервые прозвучала  за пределами Республики. Данная научно-познавательная статья вышла в научном сборнике вышеуказанного конгресса. Это была первая «ласточка»  в возрождении народной медицины Казахстана.

Появление в 1996 г. энциклопедического труда великого мыслителя   XV века, ученого-целителя Отейбойдак Тлеукабылулы (1388-1483) «Трактат о целительстве» открыл путь к рассвету возрождения науки о народной медицине Казахстана. Этот научно-практический труд  великого учителя, основоположника казахской народной медицины явился научным открытием национальной медицины.

Известные в Республике ученые и писатели: Н.Казабеков, академик З.Кожалымов,  проф. К.Жарыкбаев, Ж.Молдабеков, А.Нурмухамедулы и др. широко освещали значение энциклопедического труда. По данным вышеуказанных авторов «Трактат о целительстве » - не только о медицине: диагностике, клинике, исцелении, технологии изготовления лекарств, профилактике общих инфекционных заболеваний.

Одновременно всесторонне раскрыто религиозное воспитание, культура, этнография, эстетика, философия, психология, астрология, физиология, а также по другим наукам дает исчерпывающие сведения, которые поучительны не только сегодняшним, но и последующим поколениям.

С  2002 года ежемесячно выпускаются  газета «Шипагерлік баян – трактат о целительстве» под руководством  президента  З.Кожалымова, который создал редакцию при АНЦК. На страницах газеты широко освещаются научно-практические анализы и исследование  сил нераскрытых тайн у природно-одаренных баксы, целителей. На казахском  и русском языке печатаются различные лечебные методы и способы, а также целебно-духовное оздоровление пациентов. Подробно знакомит читателей о научно – практической деятельности народной медицины.

По инициативе первого президента  АНЦК, академика З.Кожалымова с 2003 года работает издательство «Шалкөде», которое готовит и выпускает труды целителей и ученых Ассоциации. Как в «Шалкөде», так и в др. издательствах вышло более 30 книг, из них две третьи книг автором является Зядан кажы Кожалымов - ученый исследователь, талантливый  лекарь, великолепный организатор.

Под руководством президента АНЦК академика З.Кожалымова талантливого организатора великолепно организованы и успешно проведены более десяти Республиканских конференций и конгрессов, в том числе три международных конгресса. Члены Ассоциации и участники конгрессов ознакомились с высокой духовностью и таинствами народной медицины Казахстана и зарубежных стран.

Редакция газеты «Шипагерлик баян» неоднократно сообщала об открытии в интернете официального сайта АНЦК. На этом сайте возможно ознакомиться с книгой З. Кожалымова «Святой шанырак» и «Звезды целителей» Ассоциации на казахском, русском и англиском языках, а также о научном труде ученого – целителя   XV века, Отейбойдак Тлеукабылулы.

По инициативе и под руководством  академика З.Кожалымова при Ассоциации работает научно исследовательский центр по исследованию форм, методов и новых направлений в народной медицине, духовном  целительстве и космоэнергетике, а также научное изучение знаменитого энциклопедического труда  «Трактат о целительстве» великого мыслителя, ученого лекаря XV века Отейбойдак Тлеукабылулы.

Наша многолетняя врачебная практика показывает, что лекарственные препараты не излечивают болезнь, а лишь убирают её симптомы. Создание синтетической лекарственной терапии и стремление найти чудодейственную таблетку от всех болезней начало лечение не больного, а болезни.  При этом не получено положительного эффекта. Известно о том, что медицинские работники руководствуясь только лишь знаниями официальной медицины в большинстве случаев не могли воздействовать на причину болезни и поэтому не могли решать вопросы, связанные со здоровьем человека. Поэтому разумное сочетание традиционной и официальной медицины в совокупности с профилактической экологических, социальных и других воздействий являются основой оздоровления людей. В связи с этим считаем своим долгом ознакомить читателей с объективными доводами крупного ученого России.

Доктор медицинских наук и психологических наук, профессор, генеральный директор ВНАЦТНМ «ЭНИОМ» Гальперин Я.Г. отмечает: «В настоящее время  вопрос состоит не в том, чтобы доказать лечебные возможности народной медицины, а в том насколько готовоминистерство здравоохранения России и иной страны реализовать программу помощи своему народу самыми доступными и безопасными методами и средствами. В связи с этим приводит дорогостоящее исследование, проведенное в июне 2002 года, Луисом Ортегой (США) развития современной и альтернативной медицины в мире и сделал определенные выводы. Так процент излечения больных в безнадёжных случаях, показатель альтернативной медицины во много раз превосходит академической. В первом случае он составляет 10,4%, во втором – всего 0,2% . Особое внимание авторы исследования обратили на то, что в России народная традиция лечения играет спасательною  роль, уровень помощи выживанию населения составляет 24% , в то время как в академической всего лишь 7,5%. Эти объективные независимые данные показывают, что большие усилия  сторонников традиционной медицины способствовали тому, что она заняла достойное место в системе здравоохранения России.

Выше приведенные объективные факты известного ученного - профессора Я.Г. Гальперина встречаются не только в России, но и в пост советских республиках в том числе и в Казахстане. По этому еще раз подчеркиваем то, что совместно  с государственной медициной и народной опыт исцеления сыграл бы большую роль в решении оздоровление больных.

На 2008 год Послание Главы Государства народу Казахстана в разделе медицины говорил: Главным вопросом сферы здравоохранения является то, что наше система здравоохранения пока ещё не соответствует требовании граждан современного Казахстана. Сегодня нас уже не могут устраивать имеющаяся инфраструктура, качество и организация медицинских услуг. В этом послании особо отмечено «здоровее наций – это общенациональная задача».

В Минздраве участники заседания «за круглым столом»  обсудили вопросы дальнейшего укрепления сотрудничества между организациями здравоохранения и не правительственной организацией (НПО). По мнению министра здравоохранения А.Дернового, для более эффективного сотрудничества необходимо акцентировать внимание на совместном решении проблем в области первичной медико-санитарной помощи, снижения заболеваемости социально значимыми заболеваниями.

По мнению депутата Сената Парламента Б.Туткушева, необходимо активнее привлекать НПО к решению некоторых из поставленных перед здравоохранением задач. Сенатор сказал, - ведь поддерживая неправительственной сектор, мы можем наглядно продемонстрировать демократические преобразования в Республике. Далее депутат предлагал внести изменения в проект кодекса об охране здоровья граждан и систему здравоохранения в Республике Казахстан.

Заканчивая этот очерк еще раз подчеркиваем единственное средство защиты от болезни и оздоровления людей связано с тесным сотрудничеством между государственным здравоохранением и общественной организацей народной медицины.

 

ӘН ӨЗЕГІ – ИМАНДЫЛЫҚ

 

Тәуелсіздік тарих тағдырдың біздің ұрпаққа берген басты бақыты, баға жетпес дәулеті деп білген жөн-ау. Бағытымыз бен сол бақытымыз баянды болсын, тәңірім ұзағыңнан сүйіндірсін дейміз!

Өтпелі кезеңде, әсіресе жастар арасында көрініп қалып жатқан өгей қылықтар сол кездегі «биік мақсатты тәрбиенің» нәтижесі ме екен демеуге шара жоқ. Әйтпесе, біреуді қорлап алу, қорқытып алу, қолындағысын тартып алу деген тағылықтар болар ма еді? Қарандар түлегін қияға самғатып баулитыны сияқты, бізде жеткіншек ұрпақты бос белбеу тірлікке емес, басқалармен бірдей бағын сынап, есесін жібермейтіндей нартәуекел мен іскерлікке тәрбиелегеніміз ләзім.
жастарға жамандық біткеннен аулақ болу жолын көрсету, ақыл-парасаты мол, әкөзі ашықә зиялылардың еншісі деп білеміз. Сондай кісінің бірі рнспублика жұртшылығына мейлінше танымал азамат Зиядан Қожалымұлы.

Ол кісінің республикалық басылымдарда жарық көріп жүрген мақалаларының басым көпшілігі адалдық, адамгершілік, имандылық деген киелі ұғымдарға құрылған. Бір мақаласында ол кісі былай дейді: «Адамды адам ретінде оқшаулап тұрған оның рухани мәртебесінің биіктігі, рухани игілікті тұтынғандығы. Ал мәдениет дегеніміз, сол рухани игіліктердің басы тоғысатын ұлттық ұя», – дейді.

Айтқалы отырғанымыз Зәкеңнің басылымдарға жарияланып жүрген мақалалары туралы емес (ол туралы арнайы әңгіме етсе де болмас еді) емшілік қасиеті туралы. Мақала басында ескерткеніміздей тәуелсіздік арқасында ортамызға қайта оралған халық емшілігі дейміз.

Республикамызда халық емшілерінің ассоциациясы өмірге келіп, халық емшілерінің құрылтайына бірауыздан Зиядан Қожалымұлы оның Президенті болып сайланғандығы туралы Республикалық біраз басылымдар жария еткен болатын. Бүгін сол әруақты азаматтың көпшілік сұраулары бойынша әр кезде басылым беттерінде жарияланып жүрген шипалық қасиеті бар «Құдірет» атты өлеңін көпшілікке ұсынуды жөн көрдік.

Ә.Сариев

 

ХАЛЫҚ ЕМШІСІНІҢ ЖҮРЕГІНЕН ТУҒАН ӘН

 

Қазақстан халық емшілері Ассоциациясының президенті Зядан Қожалымовты жұртшылық халық емшілері қауымдастығын тұңғыш ұйымдастырушы әрі осы дәстүрлі саланы одан әрі дамытушы ретінде біледі. Бұл кісінің халық емшілерінің қара шаңырағын басқарғанына да міне бес жылдай уақыт болған екен. Содан бері Халықаралық дәрежедегі халық емшісі Зядан Қожалымов Ассоциацияның жұмысын жолға қойып, сол арқылы әруақты емшілердің танылуына өзінің лайықты үлесін қосып жүр. Ал, енді Зякеңнің тағы бір қыры туралы әркімнің біле бермесі анық. Ол – бұл қасиетті адамның өнер саласындағы ізденістері. Атап айтар болсақ, ол өлең жазып, ән шығарады. Халық арасында таралған әндері де жоқ емес. Төменде халық емшісінің жаңа әндерінің бірін оқырман қауымның назарына ұсынып отырмыз.

 

КӨҢІЛ КҮЙІН ТЕРБЕГЕН

 

Зиядан Қожалымовты халық емшісі ретінде білетінбіз. Оның негізгі мамандығы инженер-электрик болса да, құдай берген құдіртеттің арқасында оған емшілік қасиет дарыған. Ол Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан журналистер және психологтар Одақтарының мүшесі, Халықаралық және Ресей халық емшілері Ассоциасының мүшесі. Халықаралық дәрежедегі биоэнерготерапевт, рухани шипагер, парапсихолог.

Ол осы қасиеттеріне қоса өлең-жыр жазумен де шығұлданады. Оның бірқатар поэзиялық шығармалары Республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген. Енді осыларға қоса Зиядан өзінің өлең, терме, толғауларына ән де шығарып жүр. Биыл Алматыда оның көп жылдан бері жазған өлеңдері іріктеліп, «Көк тәңірі жүр жебеп» – деген атпен ән ноталарымен қоса жарық көрді.

Кітап шағын болғанымен, оның ішіндегі дүниелер адамның көңіл-күйінің әр шақтағы иірімдерін дөп басып сырлы сезімдерге жетелейді. Автордың шығармаларында ізгілікті, дінді, адамгенршілікті насихаттайтын сарын басым. Сондықтан да оның өлеңдері салиқалы, салмақты, мазмұнды болып келеді. Ақынның өзі де бір өлеңінде:

Қонды қалай деп оны сұрамағын,

Бағы ғой берген маған бір Алланың.

Ата-ана нәз жыры бойға дарып,

Шабыттанып, ой шалқып, жыр жазамын, – деп ақындық өнердің қалай дарығаны жөнінде сыр шертеді.

Ақын қай күнде де халықпен бірге, соның мұнын мұңдап, жоғын жоқтаған. Елінің жақсысына сүйеніп, жаманына күйінген. Оны қоғамда болып жатқан сан қилы өзгеріс құбылыстар да толғандырмай қоймайды. Сондықтан да ол «Тағдырдың тәлкек заманы-ай» деген әні бар өлеңінде мына заманның қым-қуат құйтырқы тірлігін суреттей келіп:

Шаттанған елім, жайнағың,

Бұзылмай, халқым, қаймағың.

Тәуелсіз елсің мінекей,

Бағыттан енді таймағын, – деп елінің тәуелсіздігіне тәубе етіп, оның тәуелсіздігіне тәубе етіп, оның болашағына зор сеніммен қарайды.

Кітаптың жартысына жуығы толғаулар мен термелерден тұрады. Бұл шығармаларында да Отанға, еліне, өз халқына деген ақынның сүйіспеншілігі, адамгершілік, ар-ождан, бабалар, ағалар рухына деген тағзым арқау етіп алынған. Мәселен, «Халқыма айтар жан сырым» атты ұзақ толғауында:

Имандылық ордасы да менің елім болды,

Бақыт құсы келіп саған мәңгілікке қонады.

Ырысыңмың ырыздығыңның несібесі алдында,

Жаратушы бір өзіңді қорғауына алады, – деп түйіндейді.

Кітапта көптеген өлең, толғауларының ноталары қоса берілген. Ол жөнінде сазгер Темір Тайбековтың пікірін келтіре кеткенді жөн көрдік: «Жақсы жыр мен әдемі ән ешқашан да өшпейді, өміршең келеді. Зияданның туындыларында да сондай сипат бар. Олар өзінің сонылығымен, әуенділігімен, мәнділігімен ел арасында ене берері сөзсіз. Әуелгіде ол қарапайым әндерімен ерекшеленсе, бүгіндері термелер мен толғауларда да бақ сынап, бапты әндер тудырды».

Біз де кітап авторына – шабытың шарықтай берсін, өнер әлеміне сермеген қанатың әсте талмасын, – деп тілейміз.

М.Нұрмұқанов

 

ШИПАЛЫ ЖЫР ЖОЛДАРЫ

 

Бұл кітаптың авторы – Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан Журналшылар және Психологтар одағының мүшесі, халықаралық дәрежедегі биоэнерготерапевт, рухани шипагер, парапсихолог.

Мұнда автордың көптеген жылдардан бері жазған поэзиялық шығармаларының таңдаулылары іріктеліп, республикалық және облыстық баспасөзде жарық көрген әрі радиоларда орындалған әндері мен рухани тәрбиелік ерекшелігі бар терме және толғаулары топтастырылған. Біраз шығармалары облыстық және республикалық радионың алтын қорына қалдырылған. З.Қожалымов «Құдірет», «Ақ гүлім», т.б. әндерін көп жылдан бері халық шырқап келеді.

 

 

ІХ – ТАРАУ

 

 

ҚҰТТЫҚТАУЛАР,

АРНАУЛАР, АЛҒЫСТАР

 

 

           Scan0010

                                                            Жұбайы Түймекүл немерелері Райымбек және Арнұрмен бірге

 

         

                                                                                            Алматы облысы, Райымбек аудандық

                                                                               мәслихатының хатшысы Ұнасбаев Мәдениет той иесіне

                                                                                   «Райымбек ауданының Құрметі азаматы» атағы

                                                                                              берілгендігін хабарлап құттықтауда

 

Scan0012

ҚҰТТЫҚТАУЛАР!

 

Басшы, ғалым, ақын, сазгер сый – Адам,

Ел білетін қажы әкеміз Зядан.

Тәңір берген сан қабілет бойында,

Тағдыр шыңдап сынап алған қиядан.

 

Киелі апа Өзипа-Ана сенімін,

Табыс етті Түймекүлдей келіні.

Қасиетін қазағымның паш еткен,

Алла сүйген, құрмет тұтқан ел ұлы.

 

Абыроймен кең танымал еліне,

Қажы әкеміз шықты алпыстың төріне.

Қос немере тойы тойға ұласып,

Шуақ шашты шаттығының көгіне.

 

Қос мереке – шілде айында ғажайып,

Ақ тілекпен мерейгерге қарайық.

Ұрпақтары ақ дастархан жайып тұр,

Той төрінен табысыңыз, халайық!

Ізгі ілтипатпен:

Зядан қажының ұл-қыздары(09.07.2004ж)

 

АЛПЫСТЫҢ АСҚАРЫНДА НЕМЕСЕ

БАЛ БӨБЕКТЕР БАҚЫТЫ БАСПАЛДАҒЫНДА

 

Есімі жалпақ жұртқа мәшһүр адам,

Әр ісін ізгілікпен табыстырған.

Зияданды бәрі бірдей білгенменен,

Жырмен тағы шегелеп таныстырам.

 

Бұйра бел, асқақ таулы туған жері,

Нағыз батыр, нағыз мәрт туған елі.

Ерге сын, жұртқа намыс келген кезде,

Жау жүректер осы өңірден шыққан еді.

 

Балаң шақтан небір шежіре тыңдап өсті,

Пайымдап замана атты ұлы көшті.

Зерделі ой зейініне әсер етіп,

Атойлады сан пікір көкейкесті.

 

Жақсы ақыл парасатының бәрі құтты,

Заңғар шыңға осылар алып шықты.

Мұны бір бос мақтау деп ойламаңыз,

Бұған міне ысал бар мықты, мықты.

 

Кешегі күн сидам жүріс бойдақ болса,

Кейінде Түймекүлдей хас сұлудың.

Қиғаш қас, толқындаған қос бұрымның,

Мәңгілік көктемі мен жазы болды.

 

Зияданды айтсам көңілім тасып кетед,

Шыққан биігі дұшпан мысын басып кетед.

Ақын, сазгер, парапсихолог, таға-тағы,

Атақтары тізе берсе екі беттен асып кетед.

 

Бұл өмірден хан да өткен, қара да өткен,

Жақсылар елге лайым нұрын сепкен.

Солардың бір серкесі Зия қажы,

Талмай келед ғалым деген қия беттен.

 

Қоя білген өзіне нүрлы талап,

Жемісі ел есінде мәңгі қалад.

Солардың бір өркеші, кең өркеші,

Зерттеген Өтейбойдақ қазақ үшін үлкен.

 

Нулы көлде үйрек ұшып қаз қонады,

Жылы сөзден бойына наз толады.

Зиялы Зиядандай жайсаң жанға,

Тұтас эпопея арнаса да аз болады.

 

Жақсылық толтырып қуаныш кенересін,

Қожалымовтар сүйді тағы немересін.

Райымбек пен Арнұр тойы-шілдехана,

Кеңейтті шаттық шаңырақ керегесін.

 

Қаншалықты ғұмыр беру Алла ісі,

Сөз мәйегінің осы болар айқын тұсы.

Сұрармыз – Ата-апа жолын беріп,

Бөбектер болсын халқының қалаулысы.

 

Жақсы адам іздесең қайда да бар,

Олардан ғибрат та бар, пайда да бар.

Өз ақ гүлің Түймекеңмен қол ұстасып,

Зияданым зәулім бәйтерекке айнала бер.

 

Үкілі үмітпен Үмбет, Ақжарма тілекпен Жамал

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39




вверх