орындалған Аманат | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 20-жылдығына арналған қауымдастықтың кезекті XVI-Құрылтайындағы қауымдастықтың президенті, академик Зядан қажы Қожалымов мырзаның БАЯНДАМАСЫ 23.07.2011 ж.
Құрметті Құрылтай делегаттары! Қадірменді меймандар! Қазақ еліндегі ұлттардың халықтық шипагерлік өнерімен оның тарихын зерттеп ғылыми айналымға енгізу, ел тәуелсіздігінен кейін ғана мүмкіндік болғаны өмір шындығы. Ұлттық «Мәдени мұра» бағдарламасының бір саласына жататын құпиялары әлі толықтай ашылмаған, тылсым күштердің киелі тектік шипагерлік, бақсылық, болжампаздық, жұлдызнамалық т.б. өнер иелерінен адамзат тарихының алғашқы қоғамдасуына, мәдениетінің қалыптасуына, рухани танымына, ілімінің негізі қалануына ықпалы болмады деп ешкімде айта алмайды. Бұл тарихтың ғылыми шындығы. Сондықтан да халықтық шипагерлікте дәстүрлі ұлттық мәдениетанудың саласына жатады деуге енді толық негіз барлығы тұжырымдалуда. Бүгінде қазақ мемлекетінің әділ саясаты, Конститутциясы мен заңдары халықтық емшілік жүйесіне толық зерттеулер мен ғылыми анықтамалық тұжырымдамалар жасауға айқын мүмкіндіктер беруде. ҚазҰУ-нің философия және психология кафедрасы ғалымдарының басшылығында (филос.ғ.д., проф. Ж. Молдабеков, п.ғ.д., проф. Қ. Жарықбаев) және ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша халықтық шипагерліктің өткеніне, бүгініне және XV ғасырдың ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегіне зерттеулер жүргіздік. Осы жетістік бойынша «Шипагерлік дәстүрі және философиясы – Целительская традиция и философия» атты ғылыми монографиялық оқулық еңбегі баспадан шықты (авт. З.Қ. 2009, 2010). Бұл зерттеумен халықтық шипагерлік тұңғыш рет ғылыми айналымға енді. Өз елімізде толық таныла қоймаған 500 жылдан асық тарихы бар «Шипагерлік баян» атты еңбегін жазған ғұлама шипагер Ө. Тілеуқабылұлын ғалымдарымыздың «Екінші ибн Сина» атауы да, қазақ ғылымының жетістігі және емшілердің мақтанышы дей аламыз. Бүгінде халықтық шипагерлік саласына да көңіл бөлген, өздерінің құнды ойлары мен тұжырымдамалары арқылы оның болашағы барына атсалысқан отандық ғалымдарымыз: гуманитарлы ғылымдары профессорлары Ж.Молдабеков, Қ.Жарықбаев, Т. Әлсатов, Д.Мәсімқан, М.Жолдасбеков, С.Құрбанқожа және медицина ғылымының ғалым-профессорлары Керімбектің Ермаханы, А.Жақанов, Е.Абылқасымов, А.Алдашев, А.Әлімханов, Т.Момынов Ә.Нұрмұхамбетұлы, Т.Шорманов, А. Рақышев, Ә.Есенқұлов, Ш.Әбдуллаев, доценттер Т.Бекен, Т.Төлендиев, Т.Төреқұлов, Ә.Өмешұлы және зерттеуші ғалымдар З.Қожалымов, Ө.Әбдіраман т. б. зерттеушілер мен ғалымдарда жеке үлестерін қосуда. Кеңес заманында жағдайдың ауырлығына, заңның қаталдығына қарамастан ұлттық дәстүрлі емес емшілік жүйесін қайта оятып, өркендету мақсатында еңбектерін жазған медик ғалымдар: Е. Оразақов, С. Қарынбаев, С. Суханбердин, М. Қожабеков, З. Шашкин және Ә. Айбақын т.б. еңбектерін бағалап, оларға құрметпен қарау керек. Өткен XX ғасырдың алпысыншы жылдарының басында сол кездегі ҚазССР Денсаулық министрі м.ғ.д., профессор Сағидолла Қарынбаев Алматы қаласында тұңғыш рет Әлемдік дәстүрлі емес халық медицинасының I – Халықаралық форумын өткізіпті. Ал, біздегілер ол құжатты жойған сияқты, ол жөнінде ештеңе де айтылмағанымен, әлемдік дәстүрлі емес халық медицинасына тұңғыш жол салған ғалым қазақтың атын мақтан етіп, осы саланың әкесі деп таниды. Бұндай құжаттарды құрту жағдайы алғаш осы қауымдастықта да болған. Осындай арампиғылдарға қарамастан ұлтымыздың шипагерлік саласының өткені мен бүгінгі мәдени құндылықтарын жинақтап зерделеп-зерттеп алғашқы қалпына келтіру және оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға негізін жасауға ықпал ету, біздің басты міндетіміз болу керек. Құрметті Құрылтай делагаттары! XIII ғасырда Өзбек хан тірідей жер қойнына көмгізген, ал орыс патшалығы заманында есіауысқандар ауруханасына қамалған, жеті атасына дейін арнайы сенімсіз, қауіптілер қатарында тіркелгендердің ұрпақтық жалғасы да сіздер мен біздер боламыз. Денсаулық – зор байлық, адамның бірінші байлығының қайнар көзі. Адамзат ұрпағына тұлғалы, ойлы және дені сау ұрпақ әкелуі мен өсуіне де, сол заманның шипалы бақсы-балгерлерінің көмегі болғанын біздің қызметімізге қарсылар мойындамаса да, ғылыми жетістік жоқ ете алмайды. Халықтық дәстүрлі емес медицинадан – дәстүрлі медицина, одан осы заманғы ғылыми медицинаның негізі қаланғанын ғалымдар анықтады. Бүгінде құрылғанына 20 жыл толған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі де Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда өте күрделі кезең мен қарсы күштердің жойқын торларынан аман өтіп, игілікті жетістіктерімен жеке қызметінің көрсеткішін баяндау дәрежесіне жетті. Қауымдастықтың басшылары мен мүшелерінің бірлігі мен ынтымағы, табандылығы мен кешірімшілдігі және адамгершілігі мен имандылығы қарсыластарының бұл қауымдастықты жарты жылда өмір сүргізбейміз деген арампиғылдарын жүзеге асыртпады. Қауымдастықтың көші алға жылжуын тоқтатпады, негізгі мүдделі жеріне де жетті, ол бұл жүрісін жалғастыра бермек. Әлдебіреулердің қоғамдық ұйымда және оның сауатсыз әрі психологиясы тұрақсыз емшілері нені біледі дегендердің сөзіне намыстанбадық. Қайта жігерімізге – жігер, білімімізге – білім қосып, жанашыр ғалымдармен бірлесе зерттедік. Бүгін қауымдастық ғылыми ортаға айналды. Нағыз ғылыми адамдар екенімізды дәлелдедік. Қауымдастық пен оның мүшелеріне он жылдан аса моралдық, материалдық және психологиялық қысым жасағандарға түсіністікпен қарадық, кек алмадық, арнайы орындарға арызданбадық, рухымызды түсірмедік немесе басқаның «кәсібилік» атағын аңсамадық. Қауымдастық заңсыз, басшысы өмірде жоқ деген көреалмастарға әрекетіміздің жетістігімен жауап бердік. Жаратушы жалғыз, тағдырымыз бір және ұлтаралық дарындылығымызда ортақ идеясын алға қойып, қазақ елінің киелі дарындылары мен шет елдің де дарындыларынан да ерікті түрде қауымдастыққа мүше болғандарды бір ортаға топтастырдық. Қауымдастық мүшелерінің құқын қорғай отырып, олардың білімін көтеру мен жетілдіруде қауымдастық жанындағы халық емшілігі, рухани емшілік, биоэнергетика, космоэнергетика, уқалау т.б. бағытта екі мыңнан аса емшілер оқытылды, қажетті құжаттарын алды. Емшілердің мәдениеті мен рухани тазалығы жақсарып келеді, оқулықпен қамтамасыз еттік. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар – палсафалық бағыты негізінде, қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелерінің сапалық құрамына да зор мән беруде. Қауымдастықтың Жарғысының талаптары мен міндеттемелерін орындамаған, алдампаздық пен арамдық пиғылдарға еніп оны өз баспайдаларына пайдаланған үш жүзден аса мүшесін өз құрамынан шығардық. Төралқа арамниеттілерге ұдайы қатал шара қолдана береді. Бұған дейін қауымдастықтың он және он бес жылдығы да арнайы аталып өтілді. Бес рет кезекті, ал тоғыз рет кезексіз Құрылтайлар өткіздік. Өзінің арнайы демеушілік көздері жоқ, тек қана өзінің белгілі ғана мүшелерінің жарналық көмегімен өз қызметін жүзеге асыратын қауымдастыққа жеңіл болмады. Қысқасы Жаратушы сынағын қандай қатал белгілесе де, оған адал мүшелері мен қабілетті ұйымдастырушы басшылары қауымдастықтың іргесін шайқалтуға, керегесін құлатуға әрекет еткендерге мүмкіндік бермеді. Сондықтан да болар қауымдастықтың мүшелерінің халық алдында жүзі жарқын, бұл олардың халықтық шипагерліктің адал мүрагерлері екендігін білдіреді...
Құрметті Құрылтай делагаттары! Емшілік дәстүр халықымыздың тарихымен тамырлас, тағдырымен түптес «Мәдени мұра» бағдарламасының бір саласы. Қазақтың емдік шипагерлік әдіс-тәсілінің шығыстық шипагерлікпен үндес және ұқсастығы ертеден жалғасып келеді. Адамның ауруын өсімдік пен жан-жануарлардың нәрімен емдеу тәсілі ерте дәуірден басталады. Ал бүгінгі рухани ем, биоэнергетикалық және оташылық өткен дәуірлерде-ақ жүзеге асқан және пайдаланылған. Кеңестік сұрқия саясат қожалары қазақ халқында емшілік өнері болмаған деп, арнайы медициналық оқулықтарда жаздырмады. Бұндай арнайы ойластырылған сұрқиялық пиғылдарға соққы беруде қауымдастықтың емшілері өздерінің білімділігін көрсете білді. Бүгінде қауымдастықтың емшілері мен ғалымдарының шипагерлік саладағы жазылған отыздан аса еңбектері мен салиқалы мақалалары және сұхбаттарының құндылығы арта бермек. Емшілер теориялық және тәжірибелік ілімдерін жетілдіруде, қауымдастықтың ұйымдастырып және өткізген әртүрлі тақырыптағы оннан аса конгрестері мен форумдардың маңыздылығы өте зор болды. Емшілер шеберлік байқауларда жеке қабілеттерін дамытып қана қалмастан, жеке шеберліктерін байыта түсті. Мол тәжірибелер мен білімділіктің негізін түсінді. Жеке білімдерін арттыру мүмкіндігіне ие болды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде қазақтың емшілік жүйесін шет елдерге де, қауымдастықтың сайты арқылы таныстыра алдық. Бұл жетістігімізді өз еліміздегілер танымай жатқанда, сонау мұхитттың арғы бетіндегі Біріккен Ұлттар ұйымындағы жауапты қызметтегі Канаданың өкілінің біздің сайттағы ғылыми еңбектерімізбен танысып оны жоғары бағалап, өзінің баяндамасына енгізіп, арнайы баяндағанын өзі маған хабарлады. Мені құттықтай келе қауымдастықтың жұмысына табыс тіледі. Алда бірлескен орталық құруға ниеттері барында жасырмады (25.06. cағ. 20.29.). Өзіміздегі ғалымдарымыз бен көре алмайтын көздер қауымдастықтың ғылыми жетістіктерің танығысы келмей жатқанда, сонау мұхиттың арғы жағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Канаданың ғалымының танығанына шүкіршілік етеміз.
Құрметті Құрылтай делегаттары! Емшілер емдеу жүйесін жақсартуда да нәтижелі жұмыстар атқаруда. Сырқатты емдеудің дұғамен, биоқуатпен, уқалау, мануалды, ғарыштық, сынық салу т.б. тәсілдерді емшілер пайдаланады. Шет елдік медициналық аппараттармен де емдейтіндер баршылық. Десе де барлық емші медициналық емдеу құралдарын сатып алуға жағдайы да келмейді. Бүгінде медицинаның дамыған уақытында, емшілерде өздерінің емдік жүйесіне қосымша түрде таза өнімдерді ұсынса, ұтпаса ұтылмайтынын іс тәжірибеден өткіздік. Алоэ өнімдері барлық ауруға емдік нәтижесі ғылыми түрде дәлелденген. Бұл өніммен жұмысын атқару барлық емшілерге де ыңғайлы әрі пайдалы екенін анықтадық. Осы жүйемен жұмыс атқарған қауымдастықтың емшілерінің алды Англия, Түркия, Австрия т.б. елдер де өткен форумдарға тегін жолдамамен барып келсе, енді бір айдан соң біразы Америка құрама штатының Астанасы Вашингтонда өтетін форумға қатысады. Айлық табыстары да айтарлықтай. Бүгінде барлық аймақтағы емшілеріміз осы жүйеге енуде. Енді күтуге уақыт жоғын ескеріп, жазылмағандардың алдынғылардың ісін жалғастыруды ұсынамын. Бәріңіз бай болыңыздар. Емшілер арасында Халықаралық қауымдастық пен халық медицинасының халықаралық, ресей мен қазақстандық академияларының толық мүшелері, әлемдік емші, III мыңжылдықтың емшісі, Қазақстанның халық емшісі, шығыс пен халық және рухани емшілік магистрлері мен қауымдастықтың «Құрметті мүшесі» атағын алғандар да баршылық. Қауымдастықтың алғашқы «Халық емі», ал 2002 жылдан бері шығарылатын «Шипагерлік баян» атты төл газеті де қауымдастықтың қызметі мен халық медицинасын үгіттеуде басты құралға айналды. Алдыңғы қатардағы мәдениетті емшілердің демеушілігімен Қауымдастықтың 20 жылдығына арналған үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» атты тарихи альбом кітабын баспадан шығардық. Бұл еңбекке қауымдастықтың жұлдыздары саналатын 132 емшісі, 56 алдынғы қатардағы емшілері және 8 шетелдік емшілері енді. Емшілердің халықтық шипагерлікке қосқан ерекше үлестеріне және Қауымдастықтың Астана қалалық (дир. Қ.Құмаров), Алматы облысы мен қалалық (дир. Ж.Сәрсенбай), Атырау облыстық (дир. Г. Ермуханова), Қарағанды қалалық (дир. Д. Шакиржан), Қостанай облыстық (дир. Б.Нисамбаева), Құлсары қалалық (дир. Құмарбек қажы Бесембаев) және Шымкент қалалық (дир. Шарипа қажы Қасымова) филиалдарының табысты қызметтеріне Қауымдастықтың Төралқасы рахметін айтады. Қауымдастық қызметінің алғашқы күндерінде-ақ тоқтатуға, жоюға әрекет еткендерге қарсы мақалаларын баспасөз бетінде жариялаған, ғалымдарға және теледидар мен радиоторабынан бізді сөйлетіп халықтық емшілікті жандарын сала қорғаған, көптеген республикалық, облыстық баспасөз, теле-радио жүйесінің тілші және редактор қызметкерлеріне Төралқаның, делагаттардың және өзімнің атымнан адал жүрегіміздің алғысын жолдаймын. Олардың аттары қауымдастықтың тарихына алтын әріппен жазылды. Жақсылықтары Алла Тағаладан қайтсын. Құрметті Құрылтай делагаттары! Қауымдастықтың өткен жолдарының жетістігі туралы азда болса баяндадық. Артықшылық пен кемшілік қатар жүреді. Сын болмай, мін түзелмейді. Енді қауымдастықтың жауапты қызметкерлері мен емшілерінің жауапкерсіздігі мен кемшіліктеріне тоқталмақпын. Қауымдастықтың Жарғысының баптарында басқарушы қызметкерлері мен мүшелерінің міндеттері, құқылар мен атқаратын қызметіне жауапкершілігі айқын көрсетілген. Осы заңдылықтарды мойындағысы келмейтін мүшелер қауымдастықтың құқылық құжаттарын пайдалана отырып, өздерінің киелі шаңырағына екі беттілік (Қызылорда, ШҚО) пен арамдық жасауда. Қауымдастықтың филиалдарына мүшелік жарнасын төлемейтін және екі жақты келісім шартты орындамайтындар да баршылық. Бұндайлар енді өздігінен мүшеліктен кеткені дұрыс болар?! Қауымдастықтың «Салауат» (дир. Әбсаттар Шалапов) филиалы қызметінің жетістіктерін атаудан ұяласын? Ә.Шалапов теріс әрекеттерге барды. «Салауат» филиалы таратылды. Бұған дейін Ақтөбе облыстық, қалалық және Шалқар қалалық филиалдары, Есік қалалық филиалы, Талдықорған филиалы, Балқаш қалалық филиалы қызметтері тоқтатылған-ды. Не үшін десеңіз басшыларының өз бас пайдасына филиал қызметін пайдаланғаны және мүшелерін таратып алғаны үшін т.б. Бұл шешімдердің дұрыстығы бүгінде айқындалды. Әлі де басқалардың абыройын үгіттейтін, өзінің қауымдастығы қызметін заңсыз деп жар салатын, мүшелерімен қатынасы болмайтын, қауымдастық Төралқасымен байланысын үзген қауымдастықтың ШҚО филиалы директоры Майра қажы Қорғанбаеваның қылығына не дейсіздер? Мүшелердің де ішінде ойран салғысы келетіндер де барын ескерсек, бұндай ойларына мүмкіндік болмайтынын Төралқа ескертеді. Қауымдастықтың филиалдары қызметін жақсарту мақсатында ОҚО филиалдары директорлары кеңесі төрағасы бекітілген-ді (Б.Төребеков. 2007ж). Ол жұмыс істеудің орнына қауымдастықты сауын сиырға айналдыру ниетін ұстанды. Нәтижесі болмағандықтан бұндай қызмет түрін Төралқа тоқтатты. Қауымдастықтың Жетісай қалалық филиалының (директоры Ғ.Тәжібаева) қызметі де қанағатанарсыз болғандықтан, филиалды таратуды ұсынамын. Қауымдастық әлдебіреулердің жеке басының мүддесі үшін қызмет етпейді, ол киелі шаңырақ, республикалық қоғамдық бірлестік. Ол құрылғалы бері бірнеше мыңдаған емшімін дегендердің сауатын ашты, қисайғанына – сүйеу, құлағандарына – тіреу, рухани саналарын өсіруде – тәрбиелік орта, жолдан адасқандарға – адал тәрбиеші, нұсқаушы болуда. Ата-бабадан бері жалғасып келе жатқан «Тісі шыққан балаға – шайнап берген ас болмайды», – деген философиялық ұғым бар. Қауымдастық құрылғалы 20 жыл ішінде оның басшылары мен мүшелері өздерің қандай маман иелері екендігін көрсетті. Қанаты талмай, игілікті қызмет атқарғандары өзімізбен бірге қауымдастықтың шаңырағың қорғап, оның қызметіне үлесін қосуда. Десе де, ешқандай нәтижесі жоқ, құрамында мүшесінің саны онға жетпейтін тек қана 4-5 мүшесімен байланысы ғана бар филиалдарды атап өткен жөн болар. Мәселен, жанұясы және жаны жақын емшілерімен қауымдастықтың әртүрлі шараларына ұялмастан тегін қатысуға, сый-сияпаттар алуға құныққан және қауымдастықтың есеп шотына ешқандай қаражат аудармайтын, арын ұяты жеңген Жетісай қалалық филиалы (дир. Тәжібаева Ғазиза және Төребеков Бақтыбай) және өз қызметіне жауапсыздар Ақмола облыстық филиалы (дир. Ахметова Бақыт), Көкшетау қалалық филиалы (дир. Блинова Алтина), ШҚО филиалы (дир. Қорғанбаева Майра) басшыларына өткен кемшіліктерін қайталамауды қатал ескертемін. Қауымдастықтың Жарғысының 5.5 пунктіне сәйкес қауымдастық филиалдарының басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрамына енгізілген өзгерісті Құрылтай делегаттары бекітуін сұраймын. Атап айтқанда: ОҚО аймағындағы Жетісай филиалы мен Көкшетау қалалық филиалының қызметін тоқтатуды және қауымдастықтың ОҚО облыстық рухани сауықтыру филиалын ашуды және ШҚО мен Ақмола филиалы басшыларына кемшіліктерін жыл аяғына дейін түзету туралы ескертпені Құрылтай делегаттарының қарауына ұсынамын. Жеке арыздары мен өрескел әрекеттері үшін қауымдастық құрамынан 25 (жиырма бес) мүшесін шығару шешімін бекітуді ұсынамын (тізімі бар). Қауымдастықтың Төралқасы ірі халықаралық және Республикалық оннан аса форумдар, конгрестер және Құрылтайлар өткізді. Филиал басшылары да және емшілер де іс тәжирибелерін байыта түсті. Сондықтан да бұдан былай келесі жылдан бастап филиал басшылары кезек-кезегімен өздері ұйымдастырып аймақтық, аймақ аралық және республикалық қауымдастықтың емшілерінің конференцияларын өткізулерін міндеттеймін. Қауымдастықтың төл газеті «Шипагерлік баян» газетіне жазылуда өте төмен. Бұл нені білдіреді? Сонда бұл газет нағыз халықтікі болып тұр. Тоқсан пайыздан асық тиражысын оқырмандар жаздырып алады. Ал, қауымдастықтың мүшелері газетке жазылу жөніндегі кемшіліктеріңізді бұдан былай Төралқа кешірмейді. Көптеген емшілер жеке табысынан неге мемлекетке салық немесе қауымдастықтың емшілер қорына ерікті жарналарын аудармайтынына таңқаласың. Бастарына ауыр күн туғанда қауымдастықтан көмек сұрайтындарың бұлар білмейтін сияқты. Бұл кемшіліктерді қайталамайды деген ойдамыз.
Құрметті Құрылтай делегаттары! Қорыта келгенде шипагерлік ілімі ғылыми негізі XV ғасырда ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы арқылы қаланғаны ғылымда да дәлелденді. Біздер сол шипагерлік ілімді қайта гүлдендіру мен байытып болашақ ұрпаққа аманат етушілерміз. Сол үшін де еңбектенудеміз. Ата-бабаларымыздың «өшкен оты жанғаны, жоғалған өнерінің орнына келгені» осы уақыт демекпін. Емшілер қауымының еңбектері ақталды, әр емші өз үлесін қосуда. Баяндамадағы айтылған жетістіктеріңізге мақтанбай, аталған кемшіліктерге намыстанбай, парасаттылықпен ұлттық шипагерлікке адалдықпен үлестеріңізді қосатындықтарыңызға қауымдастықтың Төралқасы сенімін білдіреді. Ақын М. Мақатаев жырлағандай: Өкінбе, өкпелеме, бүгінгіге, Өмір, өмір болмайды, түңілуге, Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, Қайта тұрып, хақың бар жүгіруге. – деген, философиялық талғамы әрбір емшінің жүрегіне орналассын. Бақыт дегеніміз – кез келген қиыншылықты жеңе білудің жеңісінің жемісі. Қауымдастықтың мүшелері Қазақстан Республикасының Конститутциясын басшылыққа алып, оның заңдары негізінде қауымдастықтың Жарғылық мақсаттары мен міндеттерің өте жоғары сапалы түрде атқарады, киелі шаңырақтың мәңгілік болуына жеке үлестерің қосарына Төралқа сенеді. Еңбектеріңіздің табысты, қызмет-теріңіздің мәдениетті, емдеріңіздің шипалы болуына Алла тағаланың шапағатты нұры жаусын! Тыңдағаңдарыңызға Рахмет!
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 20 жылдығына арналған фильмнің мәтіні
Консультант және текст пен музыкасының авторы: Зядан қажы Қожалымов Режиссер: Мұрат Нұрсайынұлы Мәтінін оқыған: Қамалия Байтілеуова
1991 жылдың қыркүйек айының 30 жұлдызында Қазақстан Республикасы халық емшілері қауымдастығын құру жөнінде ұйымдастыру комитеті құрылды. Ұйымдастыру комитетінің төрағасына халықаралық дәрежедегі, Ресей мен Қазақстанның халық емшісі З. Қожалымов, оның орынбасарлығына м.ғ.д. Е. Заркешов сайланды. 1991 жылдың 22-23 желтоқсанында Алматы қаласында ҚР халық емшілерінің тұңғыш Құрылтайы өтіп, оған 15 облыс пен Алматы қаласынан 200-ден аса халық емшілері, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Құрылтайға қатысушылардың шешімімен «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» Жарғысы мен Ережесі қабылданды және қауымдастықтың басшылары құрамын сайланды. ҚХЕҚ президенті болып З. Қожалымов, 1-вице-президенттігіне м.ғ.д., профессор А. Р. Чокин, вице-президентіне журналист Б. Айнабеков, Бас директорлығына м.ғ.к. Т. Бекенов және ғылыми хатшылығына м.ғ.д. Е. Зарекешов сайланды. ҚР емшілерінің Тұңғыш құрылтайында қабылданған Жарғы мен құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1992 жылдың 22 қаңтарында № 0080 тіркеу нөмірімен «Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығы» РБҰ тіркелді. 1992 жылдан 1993 жылға дейін ҚХЕҚ-ның 17 филиалы құрылды. Олардың 14-і облыстық және үшеуі қалалық филиалдар. Сол кезде қауымдастық мүшелерінің саны 3600-ден асты. Қауымдастықтың жанынан ашылған емшілердің білімі мен біліктілігін көтеру мектебі алышып, онда 1500-ден аса емшілер білім алды. 1992-1994 жылдары қауымдастықтың жанынан «Халық емі» газеті шығарылып тұрды, ал 2002 жылдан бастап «Шипагерлік Баян» газеті тұрақты шығуда. Облыстардың біріктірілуіне байланысты бүгінде 23 филиал өз жұмыстарын жалғастыруда. Оның ішінде 10 облыстық және 5 өңірлік филиалдар. Қауымдастық мүшелерінің саны 5000-нан асты, оның 200-ден астамы ТМД елдері мен әлемнің басқа елдерінің азаматтары. Бүгінге дейін қауымдастықтың емшілер мектебінен 2000-нан аса емшілер білімін жетілдірді. Қауымдастықтың жұмысы жөнінде 1000-нан аса ғылыми-танымдық, рухани-сауықтыру және энциклопедиялық сипаттағы мақалалар жазылды. Республикалық және облыстық теледидарлар мен радио тораптарынан 700-ден аса халық медицинасы, табиғат, ғарыш және адамзат құпиясы сұхбаттар берілді. 2001 жылдың 22 желтоқсанында өткен Х Құрылтайда қауымдастықтың 10 жылдық мерейтойы аталып өтілді, оған 350-ден аса делегаттар қатысты, 2006 жылдың 22 желтоқсанында өткен ХІ Құрылтайда қауымдастық өзінің 15 жылдығын атап өтті, ҚХЕҚ Төралқа құрамы, президенті және вице-президенттері қайта сайланды. Қауымдастықтың президенттігіне З. Қожалымов, вице-президенттері болып Е. Мырзагелдиев, А.В. Бодров, Ж.Сәрсенбай және 2008 жылы ғылым ісі жөніндегі вице-президент болып п.ғ.к, профессор С.Құрбанқожа сайланды. 2009 жылдың шілде айында өткен кезектен тыс ХІІІ Құрылтайда вице-президент лауазымына К.Құмаров сайланды, Е.Мырзагелдиев басқа лауазымға ауысуына байланысты вице-президент қызметінен босатылды. Қауымдастықтың басшылары мен емшілері әдістемелік, тарихи, рухани тәрбие, ғылыми-танымдық және монографиялық сипатта 37-ден аса кітапты (көлемі 430 баспа табақтан артық) баспадан шығарды. Қауымдастықтың жанында ҚХЕҚ-ның президенті З. Қожалымов пен басқа мамандардың басшылығымен халық емшілерінің біліктілігі мен білімін көтеру мектебі ашылып, халық емшілігі, биоэнергетика және ғарыштық қуат және рухани емшілік мамандықтары бойынша білім беріледі. Сондай-ақ зерттеуші ғалым З. Қожалымовтың басшылығымен халық медицинасы, ғарыштық қуат, рухани емшіліктің түрлерін, әдістері мен жаңа бағыттарын зерттеу жөніндегі ғылыми зерттеу орталығы жұмыс істейді. ҚазҰУ жанындағы пәлсафа, мәдениеттану және психология тарихы кафедрасымен бірлесіп, XV ғасырдың ғұлама ойшылы, ғалым емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық еңбегін ғылыми зерттеу жұмыстары жалғасуда. Зерттеулер нәтижесінде аталған кафедраның Ғылыми кеңесі түрлі оқу орындарында халық емшілігінің тарихы жөніндегі оқулық ретінде бекітіп, «Емшілік дәстүрі және пәлсафа» деген атпен З.Қожалымовтың ғылыми монографиялары жарық көрді. Қауымдастық құрылғалы бергі уақытта оның 15 Құрылтайы (кезекті және кезектен тыс) өтті, оның төртеуінде қауымдастықтың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қауымдастықтың 170-тен аса мүшесі оның «Құрметті мүшесі» болып табылады. Қауымдастықтың басшылары мен оның мүшелерінің ішінен 38 адам Халықаралық, Ресей және Қазақстан қоғамдық академияларының, атап айтқанда М.Нострадамус атындағы проскопиялық ғылымдар академиясының, РФ Экология, Рухани емшілік академияларының, ҚР Халық мединцинасы мен ғарыштық қуат академиясының толық мүшелері (академиктері) болып сайланды. 63 адам «Әлемнің және Қазақстанның рухани емшісі», 56 адам «Шығыс медицинасының магистрі», 100-ге жуық адам «РФ мен ҚР Халық медицинасы, ғарыштық қуат және хилерлік магистрі», 17 адам «ІІІ мыңжылдықтың үздік емшісі», 86 адам ҚР «Құрметті кәсіби халық емшісі» атақтарын алды. Алдыңғы қатарлы емшілер қауымдастықтың төсбелгілерімен (Гиппократ, Қорқыт ата, Өтейбойдақ, Бекет ата, қауымдастықтың Құрметті мүшесі және атақты Қойлыбай бақсы) және ҚР, РФ мен т.б. мемлекеттердің ҚХЕҚ-ның Құрмет, алғыс грамоталарымен марапатталды. Қауымдастық президентінің басшылығымен халық медицинасы жөнінде 7 Халықаралық конгресс пен форум өткізілді, негізгі тақырыптары: «ҚР Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» (Алматы қаласы, 16-18. 09. 2004), «ҚР Дәстүрлі емес халық медицинасы» (Алматы қаласы, 24-26.09.2005), «ҚР Халық медицинасындағы бақсылық өнері» (Алматы қаласы, 22-24. 07.2006), «Орта Азия мен Қазақстанның халық медицинасының дамуы» (Шымкент қаласы, 26-28.07.2007), «Қазақ ата-бабаларының көріпкелдік пен телепатиядағы ұлы құпиясы» (Түркістан қаласы, 25-27.07.2008), «Қазақтың ғалым емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы /XV ғ./» (Тараз қаласы, 24-26.07.2009) және «Рухани және әуездік ем» (Астана қаласы, 23-25.07.2010). 2004 жылғы желтоқсаннан бастап қауымдастықтың халық медицинасы (емшілігі) бойынша қызметтерін жүзеге асыруы үшін ҚР Денсаулық министрлігінен жарамдылығы тұрақты ЛП сериялы және № 004531 мемлекеттік лицензия берілді. Қауымдастық мүшелері Дәстүрлі халық медицинасы мамандарының, психологтары мен емшілерінің халықаралық қауымдастығын құру жөнінде бастама көтеріп, соның құрылтайшылары болды (Алматы,18.09.2004). Қауымдастық басшысы З.Қожалымовтың басшылығымен 2007 жылдан бастап халық емшілігі мен емшілердің жеке қабілеттерінің ғылыми негіздерін зерттеу үшін Халық медицинасы және ғарыштық қуат академиясы ұйымдастырылды. 2007 жылдың шілдесінен бастап ғаламторда қауымдастықтың ресми сайты ашылды (сайт: www.anck.kz, e-mail: anck@anck.kz). Сайттан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен және қауымдастық қызметінің тарихымен, қауымдастық президенті З.Қожалымовтың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Киелі шаңырақ – Святой шанырак – Sacred shanyrac» кітабымен, қазақ және орыс тілдеріндегі «Емшілік дәстүрі және пәлсафа»-«Целительская традиция и философия», «Қазақстанның дарынды халық емшілері»-«Одаренные народные целители Казахстана» ғылыми-монографиялық еңбектерімен, XV ғасырда өмір сүрген ғалым емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ғылыми еңбегімен, Қазақстанның халық емшілігінің құрылу тарихымен, халықаралық конгрестер мен форумдардың материалдарымен, қауымдастық Құрылтайлары туралы, ҚР халық медицинасының белгілі ғалымдары туралы, қауымдастық пен оның филиалдарының құрамы туралы ақпаратпен, қауымдастықтың Жарғысы мен құжаттарымен, «Емшілік жұлдыздары» - қауымдастықтың белгілі емшілері туралы ақпаратпен, «Шипагерлік Баян» газетінің материалдарымен таныса аласыздар. Қауымдастықтың 45-тен аса мүшесі Меккеге қажылыққа барды. Қауымдастық мүшелері үнемі ҚР халықтарына қайырымдылық және рухани-сауықтыру жұмыстарын жүргізіп отырады. Алоэ өнімдерін емделушілерге пайдалануда емшілер табысты еңбектенуде. Қауымдастық басшылары мен мүшелері 20 рет (1991-2010) Қазақстан, Ресей, Түркия, Үндістан және Қытайда өткен әртүрлі халықаралық конгрестер мен форумдарға қатысты. Түрлі қиындықтарға қарамастан, қауымдастық басшылары мен мүшелері ҚР Конституциясы мен заңдары шегінде өзінің Жарғылық қызметтерін, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Алматы 01.07.2011 ж.
АРНАУ
Авторы, ақын ЗяданҚожалымов Көңілді мейман менен шипагерім, Сағынып ел ішінен келгендерім. Қазақта тәуелсіздік орнағалы, Сұрағандар көбейді емші жайын. Тылсым күш сырлары шеберлері, Елінің де аталды-ау, кемеңгері, Халық ішінде аталған киелілер, Отаны тарихынан орын алды. Қауымдастықтың мерекесі аталғаны, Алланың бұлда жақсылық жасағаны. Құтты болсын торқалы тойларыңыз, Қауымдастықтың 20 жылы аталғаны. Емшіні елеусіз адамдардың есебінде, Өзбек хан тірідей де көмбеді ме? Орыстың патшасы замандарында, «Есі ауғандар» есебінде кетпедің бе? Нұрекеңнің нұрлы елі заманында, Тәубе деңдер бұғанда жеткеніңе. Ата-баба рухына тағзым еткен, Елбасын Алланың елге бергеніне. Біздің елді тәубе де, әлем білді, Еуро мен Мұсылман елі төрін берді. Елбасына қуат берсін Жаратушы, Биік болсын еліңнің мәртебесі Емшінің толып жатыр ағымдары, Ұйымың жалғыз әлемге танылғаны. Абыройларыңды асқақтатты ел ішінде, Елбасының жолдаған «Алғыс хаты». Тәуелсіз елімізден теңдік құрдың, Тылсым құпиясы сырын білдің. Көре алмайтын күндестер қиялына, Парасатты мәдениетті қарсы тұрдың. Зерттелді тылсымның сырлары да, Еңбегің айналды оқырман жырларына. Ғарыш, табиғат және адам құпиясы, Оқырманның айналды сүйікті құралына. Халқымды киесіз деген «Ұлыларда», Елемеді киелі күш сырларында. Тәуелсіз ел тұсында сыры ашылды, Зиядан қажы Қожалымов зерттеуінде. Өткізген конгрес пен форумдар да, Ғалымдар ұғынды құпия ғылымында. Өшкен оты киенің қайта жанды, Сый болсын о дүниелік бабалар рухына. Елімде Нострадамус пен Ванга да бар, Ел тарихы қойнынан шығып жатыр. Тани білсең бойыңдағы қасиетіңді, Жаратушы да сәулесін төгіп жатыр. Шежіресінде халқының жазылмаған, Ғұламалар төрінен орын алған. Жаһангер ғүламалар көшін бастап, Шипагер Өтейбойдақ дараланған. Фараби мен Баласағұннан ілімденген, Өтейбойдақ бабаң бар әлем білген. Бес жарым ғасыр уақыт өтседағы, Палсафалық бір сөзі де өзгермеген. Шипагерлік ежелден дәстүрлі ілім, Өйткені ол халыққа жақын ұғым. Медицина ғылымын қалаған Өтейбойдақ, Екінші Ибн Сина атанды, тәубе дегін. Қамтылмаған тақырып қалмады ғой, Жеті рет конгресте аталды ғой. Майқы би, пір Бекет, Машһүр Жүсіп, Шәкәрім, Қорқыт Ата, Қойлыбайда, Тылсым ғылымында да танылды ғой. Бір қауым осыншалық еңбек етсе, Алланың ризалығына батқаны да. Көшіңіз тоқтамады алға жүрді, Көре алмас бөгделер оғын атқанына. «Халық емі», «Шипа баян» газетін, Атанды бұл күндері үн қағазың. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін де, Тарихыңда көрінуде интернеттен. Шипалық ауыр жүгін көтердіңдер, Қателігін басқаның кешірдіңдер. Емші деген атағың жарқырауда, Аманатын ата-бабаның өтедіңдер. Дүние бір қисық жол бұраңдаған, Бабалар тілегі орындалуда ұрпағынан. Туған жердің киесі жатсынбайды, Абыройға ие болыңдар жан-жағыңнан. Еңбектері еленді емшінің ел ішінде, Сын көзбенен қарауда көп ісіңе. Иманың мен адалдығың алда болсын, Көпшілік мән береді сенің жүрісіңе. Көтердіңдер сынақтың ауыр жүгін, Бұлда сенің білсеңіз адамдығың. Жиырма жылдай күзетіп қауымыңды, Мақтан, аңсаған жемісіне жеңісіңнің. Шашу шаш мерей тойға жеткеніңе, Бабалар сағынып осыны кетпеді ме? Бір Алла қорған болсын ұйымыңа, Кездестірген тағдырдың өткелінде. Алматы да құрылған қауымдастық, Мерейтойы көбейсін біз тілейік. Адал жүрек, ақ жарқын емшілерім, Қуанышпен амандықта кездесейік. Еске алғаның жақсы ғой өткеніңді, Танып білдің өзіңнің өткеліңді. Зядан ақын жырларын тарту етті, Баяндап өткенің мен жеткеніңді. Алыс, жақын аймақтан келгендерім, Көтерілсін сендердің көңілдерің. Жыр маржаны төгілді сендер үшін, Жеңіл болсын алдағы өмірлерін. Жаратқан қорғасын жамандықта, Кездесейік сіздермен амандықта. Жалғассын сапарларда сәттіліктер, Жорыйқ тілектерді жақсылыққа. Алматы қаласы, 23.07.2011
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 | |||