орындалған Аманат
33
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

ЖАР БОЛСЫН, АЛЛА САҒАН!

Зядан Қожалымовқа

Жақсы дос, жан құрдасым – Зияданым,

Құдайым нәсіп берген сыйы адалым.

Балалық балғын дәурен бірге өткен соң,

Кеудеңе кернейлетсем сияды әнім.

 

Күндер көп болса-дағы шөгіп өшкен,

Жас шақтың щығармашы сөлін естен.

Әкеден ерте айырылып ардақты дос,

Адамсың жетімдікті көріп өскен.

 

Өтейбойдақ ғалымның біліп тегін,

Ойларын сан тараулы іріктедің.

«Шипагерлік баянға» жан бітіріп,

Ұлы баба атын сен биіктедің.

 

Жасайды сол үшін де халқың мақтан,

Азаматсың өз орнын, даңқын тапқан.

Алпысқа келсең-дағы жалындысың,

Көрмедім көңілінді салқы тартқан.

 

Әуезді әңгімеңді сүйіп тыңдар,

Қасында Түймекүлдей сүйіктің бар.

Емшісің екеуің де халық білген,

Даңқың зор сенен сірә биік кім бар?!

 

Қарымды қаламгерсің қиялы ұшқыр,

Халқыңа жасамадың зиян іс бар.

Жар болсын, Алла саған әрқашанда,

Алдыңда әлі талай зиялы іс тұр.

 

Мінуар Әкімханов 2004 ж.

 

ЗЯДАН АҒАҒА!

 

Домбыраның тыңдасаңыз ғажап үнін,

Алатаудай көрерсіз саз алабын.

Күйлері тасқындаған буырқанып,

Мерейіндей асқақтаған ағамыздың!

 

Сүйсінерсіз біз жасаған затымызға,

Татыйды-ау ұсынатын тартуымызды.

Емшілерге белгілі іскер басшы,

Тарап кетті талай жерге атыңызда!

 

Шеберлік ұлы өнердің саласындай,

Домбыраңыз аққудың баласындай.

Арнаған өзіңізге киелі ұлы сазым,

Байқасам бар домбыра анасындай!

 

Қараңыз талғат шебер, әрі зергер,

Қосыла меңгеріпті үлкен өнер.

Қиын, әрі қызыты жұмыс екен,

Ұлы өнер қиындықтың бәрін жеңер!

 

Зиядан мырза сізге арнадық жыр,

Сізде де жатыр ғой ашылмай сыр.

Халыққа қызмет ету қандай бақыт,

Деніңіз сау болып төгілсін нұр!

Қазақстан Республикасы. Адам жанын ұғатын, жүрек үнін тыңдай білетін, жанашыр, жан-жағына нұр шашқан, жаны жомарт, емшілердің емшісі, Халықаралық арнайы медициналық космоэнергиялық академиясының президенті. Халық емшілер психологтар және Халықаралық емшілер қорының президенті және емшілер ассоциациясының президенті құрметті ағамыз Қожалымов Зиядан қажы мырзаны – «Жеті-Муза» өнер бірлестігінің жетекшісі Қазақстан халық шебері этно-дизайнері Талғат Нарымбетовтен «Наурыз Тұлпар» тарту! Зиядан мырзаның отбасына аман-саулық тілей отырып «Нағыз қазақ домбыра» – деген ұлы сөз бар! Сіздің ұрпағыңызға мұра болсын! Беделіңіз асқақтай берсін! Наурыз сізге жаңа табыс, құт береке әкелсін! Шаңырақтан бақ кетпесін! «Аллаһ» жебеп ел көрсін! Бұл сіздерге құт болып, Қыдыр келіп бақ қонсын!

Талғат Нарымбетов Белгібайұлы,

Қ.Р. Халық шебері, этно-дизайнер, өнер зерттеушісі,

«Жеті-Муза» өнер бірлестігінің Бас директоры  

Астана қаласы, 20.03.2012 жыл

 

 

АРНАУЛАР

 

ЖЫР ТІЛЕК

Бар тірлігін ел жұртына арнады,

Өтейбойдақ ілімдерін жалғады.

Қайда барса Алла қуат дарытып,

Алға ұмтылды өр Текестің саңлағы.

 

Түсіп талай ортасына тартыстың,

Шындықты да жарқырады мәрт ұшқын.

Құшағына немерелер толтырып,

Шықты бүгін асуына алпыстың!

 

Қиындықта қиналмай жол табатын,

Емші, ғалым һәм журналист әрі ақын.

Алдында оның сапары көп баратын,

Аспанында жұлдызы мол жанатын.

 

Бата беріп жолға салды әз Ана,

Тірлік кештің таңнан тұрып бозбала.

Түймекүлдей жеңешеміз қасында,

Барша тойың құтты болсын, қажы Аға!

Жанболат Сәрсенбай,

ҚХЕҚ-ның баспасөз хатшысы, журналист.

 

 

КИЕЛІ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ

Емші-ғалым, сазгер Зиядан Қожалымовқа арналады.

Талай жанды алып шыққан тамұқтан,

Қасиетін ел мойындап, жат ұққан.

Киелі елдің, дара ұлы ұрпағы,

Қазақ үшін, қам-көңілі қамыққан.

 

Өмір бойы қасіретпен алысқан,

Болашақты сезеді ол алыстан.

Ел ертеңін ойлап жаны қиналған,

Жеңіл леп соққанда батыстан.

 

Қазақ үшін атқа қонған азамат,

Қасиетімен келеді елін тазалап.

60 жасқа жетіпті дара ұлы адам,

Ол – емші, сазгер Қожалымов Зиядан!

 

Батырлығы қайтпасқайсар мінез бар,

Ғалымдығы бір төбе ғой, биік те.

Сол төбеге шыққан жоқ әлі қыранда,

Тұрса да елтіп жан-тәнімен сүйіп те.

 

Бірақ, ақыл, ғалым ойы бөлекте,

Әлсіз жанға келеді әр сәт көмекке.

Жеңбей тынбас, аттан әлі түспейді,

Күреседі жарық түсіру үшін түнекке.

Жанболат Сәрсенбай,

ҚХЕҚ-ның баспасөз хатшысы, журналист.

 

ЗИЯДАН ҚОЖАЛЫМОВ МЫРЗАҒА

 

Бисмиллаһир-рахманир-рахим

Көзін ашып қазақтың,

Қазақтығын танытқан.

Ата-баба қасиетін,

Ғылымменен дамытқан.

Киелі қара шаңырақтың,

Шаңырағын көтерген.

Халқының алып алғысын,

Батаменен көгерген.

 

Басын қосы қазақтың,

Қауымдастық құрғызған.

Білім менен ілімнің,

Ғарышқа самғап құшағын

Ұшырған көкке ұшағын.

Көзін ашып халықтың,

Аяғынан тұрғызған,

Дінімізді көтеріп,

Тазалыққа жол ашқан.

Қара мен ақты айырып,

Қауымдастық құрғызған,

Тазалыққа рухани

Елдің мойнын бұрғызған.

 

Тылсым дүние сырларын,

Мәңгілік құпия жырларын

Халыққа жазып жеткізген.

Өзекте жүрген өкініш,

Жауабын таппай қиналған.

Осынау қауым халыққа,

Түйінін шешіп жеткізген.

 

Айналайын Зиядан:

– Мәңгілік құпия шежіресін,

Оқыдым да өксідім,

Тұңғиықтан шыққандай

Басылды ғой өксігім.

Алпыстан асып кеткенше,

Жүріппін-ау қарқылдап,

Үндеуің жетсін халқына

Айналайын Зиядан,

Қыран құстай саңқылдап.

 

Қабыл болсын Аллаға,

Оосынау айтқан тілегім.

Ақ пен қара шешіліп

Тынышталды жүрегім.

Осынау жаңа ғасырдың

Жаршысы болған Зиядан,

Аман болсын жанұяң,

Рахмет жаусын Алладан!

 

Рухани ағартушы Күлшара Нұрғалиқызы

(1939 жылы 29 желтоқсанда туылған)

Мекен жайы: Үшарал қаласы, Абай көшесі, 26 үй. Тел: 2-26-00.

 

ЗЯДАН АҒАҒА

Емшілікке мойын бүгін бұрғанда,

Таныттыңыз еліңізді жан-жаққа.

Бабалардың алып бүгін батасын,

Кім сөйлесін өзіңіз аға тұрғанда.

 

Қуанышқа бөлеңдіңіз сіз міне,

Көз жүгіртіп келешекке өмірге.

Қиын-қыстау кезеңдерде мойымай,

Ұшырдыңыз талай шәкірт бүгінде.

 

Мықты болсын басқан із бен қадамың,

Аман болсын елім менің қазағым.

Тілектерім шалынып құлағына Алланың,

Қолда, қорша әруақтары бабамның.

Бауыржан Ислам Дарханұлы

Үшарал қаласы

 

 

АЛЛАДАН, ӘРУАҚТАРДАН НЕ ХАБАР БАР?

 

Алланың Әмірімен әруақ қонған,

Еліме, халқымызға сыйлы болған.

Зядан Қожалымов ортамызда,

Қонақ боп келіп отыр үлкен жолдан.

 

Емшілер қоғамының Президенті

Арнайы Алматыдан келген беті.

Зядан келді деген хабарды естіп,

Халқымның құлақтарын елеңдетті.

 

Адамдар қиыншылық заманында,

Тартып жүр небір ауру азабында.

Барады Арал теңіз кейін кетіп,

Су қалмай теңізімнің табанында.

 

Жеріміз Арал апат аймағында,

Байқоңыр ғарыш кешен айлағында.

Ұшырған ракетасын Ресейдің

Улантып жатыр жердің қаймағында.

 

Аурудың неше түрі біздерде бар,

Жеріміз кең болғанмен біздерге тар.

Қазағым өз жеріне өзі симай,

Кіруге Байқоңырға болды ынтызар.

 

Ресей жалға алып жерімізді

Улады Ракетамен елімізді.

Көбейді өкпе ауру, демікпелер

Әрбірде алалмаймыз демімізді.

 

Көбейді өлім-жітім күннен-күнге,

Айналды топырағым улы күлге

Қосылып көп ауруға қан қысымы,

Ортадан келіп жатыр о дүниеге.

 

Қазірде емханалар кері кетті

Дәрісіз аурулардың ерні кепті.

Ақша жоқ, дәрі тапса оны алуға

Осылай азаматтар азап шекті.

 

Көбейді тәуіп-емші осы кезде

Әулие, көріпкелдер көрер көзге.

Сендіріп халқымызды өнерімен

Қыздарды икемдейді болып «жезде».

 

Дегенмен жаның үшін не істемейсің,

Қолыңнан келгеніңді істе дейсің.

Осылай өтіп жатыр өміріміз,

Әрбірде құрысын бұл өмір тіпті – дейсің.

 

Кінәлап мен жатпаймын емшілерді,

Науқастар жаны үшін телміреді.

Кімнен кем Сағира мен Ақзияшым

Талайды емдеп жөнге келтіреді.

 

Байқоңыр аумағында тұрағымыз,

Сізге көп, уа Зәке сұрағымыз.

Алладан, әруақтардан не хабар бар,

Ал, енді Сізде біздің құлағымыз.

 

Мақшат Үйреков

Байқоңыр қалалық халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

26.04.1997 ж.

 

ҒЫЛЫМ – ҒҰМЫР НЕМЕСЕ ЖЕТІНШІ ҚҰРЫЛТАЙҒА – ЖЕТІ ШУМАҚ

 

Журналист деген менің мамандығым,

Ешкімге тимепті бір жамандығым.

Ал бүгін жырлайыншы Зяданды –

Тілеген туған халқының амандығын.

 

Зядан тауысып бар көздің майын,

Түйсінді жастайынан ғылым жайын.

Өрге өрлеп өсе берсін өрелігің,

Қанаты ұшқыр қиял кеңге жайсын.

 

Көрсетті ол өзінің-ау даралығын,

Ашып беріп қасиетті ұғым ара-жігін.

Жақсыны жария етіп, ойын сомдап,

Ғылымнан тыңнан түрен салды бүгін.

 

Кімдер-ау тәнті болмас сүйікті ерге,

Бас болған ақылы мол жүйріктерге.

Он жыл бойы маңдай терін моншақтатып,

Қауымды ол шығарды биіктерге.

 

Әлі алда оның айтар асқақ әні,

Мұны тұр шын жүректен қостап бәрі.

Бүгінде қай адамды тәнті етпес,

Қауымды білікпенен шіркін-ай басқарғаны.

 

Сезімді селт еткізер ақындығы,

Жұп түсіп, дестеленер тапқырлығы.

Іргелі иірімдер мен озық ойы,

Ақындардан кем түспес атышұлы.

 

Теңеді жан жарын-ай аппақ гүлге,

Нұрландырып жауқар жүзін неше түрге.

Шабытын Зяданның шарықтатқан,

Мың алғыс білдіреміз Түймегүлге!

 

Үмбет Әбназарұлы, 22 желтоқсан, 2001 жыл. Алматы қаласы

 

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті

Қожалымов Зяданға Алғыс хат

 

Тылсым күштің құпиясын меңгерген

Ұлылықты ұлағатпен теңгерген.

Алла деген ақиқатым ай күнім

Періштедей пенделерге ем берген.

 

Сөндірмеші рухани отыңды

Шежіреңді жаттап өстік хатыңды

Көк тәңірі жүрген жебеп мәңгілік

Зядан деп ардақ тұттық атыңды.

 

Көңілің бар көк күмбезді аспандай

Шапағаттың жанға сәуле шашқандай

Әр жүрекке шипа дәнін себе бер

Мәңгіліктің құпиясын ашқандай.

 

Алладайын ақиқатың анықты

Бір өзіңе қыдыр баба жолықты

Қауымдастық құрылымға қамқор бола білдіңіз

Оған аға 10 жыл биыл толыпты.

 

Содан бері иман шипа ізгілік

Өшкеніндей кеуделерден жүз күдік

Елің үшін таяқ жеуден тынбадың

Қыс қайшығып көктем жайнап күз күліп.

 

10 жыл болды тәуелсіздік еліміз

Шайқалмады көңіл деген көліңіз

Денсаулықтың шипа нәрі секілді

Ел еңсесін еңкейтпейді еліңіз.

 

Әруақ деп жан сараның жығылды

Түсіндірдің құпия сыр ұғымды

Зядан аға зейін ойдың зердесі

10жылдығың құтты болсын бүгінгі.

 

Айжамал Серікбаева Файзуллақызы

Қызылорда облысы

22.12.2001ж.

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39




вверх