орындалған Аманат
11
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

ҰРЛЫҚТЫҢ БІР ТҮРІ – «ЖИЕНДІК»

 

Бүгінде Қазақстан халық емшілері қауымдастығының (ҚХЕҚ) жалған жиендері көбейе бастады. Осыдан оншақты жыл бұрын осы ұйымды атын атауға ұялатын еліміздегі осы саланың басқа ұйымдарын басқарғандар енді бүгінде қызметі республикадан да тысқары таныс бола бастаған ҚХЕҚ-ның құжаттары мен Жарғысынан ешқандай өзгеріссіз көшірме жасап, оның негізгі авторы әрі мұрагерінен рұқсатсыз өздерінің Жарғылары мен куәліктерін жасап білімі төмен, ойлау қабілеті нашар, кеше осы ұйымнан адам болып артынан сатқындыққа айналған, бүгінде халықты алдап-арбау арқылы емшісымақ болып жүргендерге таратуда. Жиырма жыл бойы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауы мен қорғауында болған, екі қабатты мекен-жайға орналасқан «Республикалық халық медицинасы орталығы» да (РХМО) өз қызметін тоқтатты. Оның орнында бүгінде педагогикалық колледж студенттері білім алуда. Осы орталық өзінің үстемдік еткен жылдарында аттарын бес рет өзгертті, ақыры тарады. Десе де көне құжаттар әлі күнге дейін аңқау емшілерге таратылуда. Енді осы ұйымның басшылары «Халықтық және рухани емшілік» мекемесін құрыпты. Бұл атау ҚХЕҚ-ның құрылғалы бері Жарғысы арқылы іске асырылып келе жатқан қызметінің өзгеріссіз негізгі түрі. Бұл қалай? Басқа атау құрып қалды ма? Ал, бүгінде «Кәсіби халық емшілері» қауымдастығының (басшысы Бауыржан Нұржанов мырза) өзінің емшілерге таратқан куәлігіндегі терминдік білім беру мамандық түрлерін ҚХЕҚ-ның дипломынан көшіріп алған. Біз бұдан бұрын Б. Нұржанов мырзаның республиканың барлық аймақтарында ірі көлемді қаражатқа емшілерге «Лицензия» таратқаны жөнінде жазғанбыз. Мұндай мәліметтерді біз іздемейміз. Осылардың есебінде болған емшілер арқылы білдік. Олардың айтуынша ҚХЕҚ-ның «Жиендері» айтады екен ҚХЕҚ тарап кеткен, басшысы өмірде жоқ, біз бәрін шешеміз, білеміз», - деп. Сонда жиырма жылда емшілер үшін тырнақтай жақсылық жасай алмаған бұрынғы РХМО-ның басшылары бүгінде өзінің ғаламторы арқылы әлемге әйгілі болып отырған (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) ҚХЕҚ-н қалай жоя алады? Бұл олардың жиырма жылға жуық таусылмай айтылып келе жатқан әндері. Осыны көпшілік білсін деп жазып отырмыз. «Біреуге ор қазғанша, өзіне өмір тіле» - деген аталық даналық сөздің мәнін бұл «Жиендер» қашан түсінер екен. Кейбір ұйымдардың отыратын орыны да жоқ. Оның басшылары көше кезіп немесе өзінің сенімді өкілдерін емшілердің үйлеріне жіберіп нәпақаларын табу жолдарының нағыз шеберлеріне айналған. Сонда біз жеке адамның құқын таптағандығымыз ба немесе қорғағандығымыз ба? Қолдан емші жасауға болмайды. Бүгінде ғылыми зерттеулеріміз бойынша емшілердің 10-15 пайызы ғана осы жолда жүріп, емдік қызметін атқара алатындығы анықталды. Бұл көрсеткіш әлі де азая бермек. Бұған дәлел бұрынғы РХМО-нан тексеруден өткен 3700-дей емшінің бүгінде сол орталықты сақтап қорғап қалуға 15-20-ның қалмауынан-ақ түсінуге болады. ҚХЕҚ құрылғанына 19 жылдай болса да әлі өзінің атауы мен құжаттарына бір әріпке де өзгерткен жоқ. Қаншама қиыншылық жолдардан өтсе де, халықтық шипагерліктің өткені, бүгіні, болашағы туралы көптеген ғылыми танымдық монографиялық еңбектерді ғылымға және халыққа ұсынды. Емшілерді оқытудың рухани және халық медицинасы саласындағы оқулығын баспадан шығарды. Ай сайын «Шипагерлік баян» газеті өз оқырмандарымен жүздесуде. Ал, өз ғаламторы арқылы барлық қызмет түрін таратуда. Ал, жоғарыдағы менің «Жиендерімде» бұл қызмет түрінің біреуі де жоқ. Бұл өмір шындығы. «Жиендер» аман болсын!

 

ЕМШІЛІК ӨНЕРІ – БІРЕУЛЕРДІҢ ТІРІ ТАУАРЫ ЕМЕС

 

       Жаратушы иеміз өзінің сүйікті құлдарына әртүрлі қасиет пен психологиялық қалыптастықты және имандылықты ана құрсағынан бастап сыйлап, оны өзінің құдіреті арқылы дамытатын сияқты. Бұл қасиеттерді кейде тектік түрінің атадан-балаға немесе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы деген тұжырымның да шындыққа ұласатындығын адамдардың өмірдегі әрекеттерінен байқаудамыз. Киелі қасиет – ол Алла тағала пендесіне сыйлаған, дарытқан жеке адам бойындағы нұры. Ол халықтың тектік өнері. Ол – халықтың рухани өрісінің жеткен биігі. Тылсым күш құдіретін халықтан хан да, қара да немесе билеуші топтарда тартып алып, иелене алмайды. Бұл – жаратушының өз сыйы әрі құпиясы. Бұл шындық толық айқындалуда.

Десе де, халықтық шипагерліктің мұрагерлері емшілерге еліміздің тәуелсіздігінен кейін қана, өзінің бойларындағы құпиялы күштердің ашылуына мүмкіндік жасалды. Бүгінде осы жақсылықтың арқасында «Жауыннан кейінгі саңырауқұлақ» сияқты, емшілердің көбейгені де шындық. Емшілердің бәрі сауатты, мәдениетті және діни ілімді емес екендігін ескерсек, кейбір өрескел әрекеттерге барып жүрген емшілердің кері әрекеттерінен, емшілердің еңбегіне әлі де толық оң баға берілмей келеді. Бірақ, заман мен ғылым бұндай кедергілерге қарамастан емшілік саласының өзіндік ғылыми айналымға енуіне қажеттілігін ескертеді. Бұл ескертпедегі алғаш халықтық емшілікті зерттеп, тұжырымдап ғылыми айналымға енгізуде Қазақстан халық емшілері қауымдастығының басшысы мен ғалымдарының еңбегін атап өткен жөн. Бұл қауымдастықтың жетістігі  бірнеше жылдан бері ғаламтор арқылы әлемге танылуда. Бұл да аздық етеді. Бір ғана қауымдастықтың мамандарының ғылыми еңбектері арқылы халықтық емшіліктің барлық саласын зерттеу мүмкін де емес. Бүгінге  дейін елімізде үш қауымдастық пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қол астындағы «Республикалық халық медицинасы Орталығы» қызмет атқарды. Ал, екі қауымдастық пен Орталықтың нендей ғылыми жетістіктерге жеткені әлі белгісіз. Құрғақ сөзге шебер бұлар халық емшілерін өздерінің бизнестік таза пайда көзінің тірі тауарына айналдырғандарына да жиырма жылдай болыпты. Сонда жоғарғы бақылаушы орындар тарабынан осыны білмегені қалай? Емшіге қысым жасаумен олардың азаматтық құқығын таптау немесе емшіні теріс әрекеттерге баруына жол ашқандығы айқындалуда. Сонда кім ұтты, кім ұтылды? Қарапайым емделуші халық қалтасынан қағылды. Ал, құтқарушысын байытуға қызмет еткен емшілер бүгінде өз абыройларынан айырылып, көбі бұл кәсібін тастағалы қашан? Сонау 1990-1996 жылдары аттары Қазақстан мен сыртқы елдерге де белгілі болған халық емшілерінің бүгінде аттары аталмауы қалай? Оларды ешкім де білмейді. Жақында телеарна арқылы Болгария мемлекетінде емшілерге салық төлету жөніндегі заңды, халық депутаттары палатасы бекітпеген. Себебі, емшілік қасиеттің барлық емшіде тұрақты сақталмайтындығы немесе оларға қаралып емделушілердің санының тұрақсыздығы болса керек. Бұдан емші мемлекетке салық төлемеу керек деген ұғым тумайды. Емші салық төлеуге міндетті.     Емші білімді, мәдениетті, діни сауатты болуы үшін білім алу керек. Бүгінде бұл салаларда білім беретін қысқа мерзімді мектептерде баршылық. Сонымен, өз атын бес рет өзгерткен «Республикалық халық медицинасы Орталығы да» қызметін тоқтатып тарағалы да жарты жылдан асты. Орталықтың есебіндегі төрт мыңға жуық «кәсіби емші де» тарап кетті. Тараған Орталық енді осы айда құрылғанына жиырма жылдығын атамақшы екен. Бұл қалай? Көз бояу ма? Неге тарағанын атамайды? «Аңқау елге арамза молда», – дегендей аңқау емшілер әлі де алдануда. Емшінің еңбегіне Алла тағаладан келген баға жоқ. Емші ауруды емдемейді, ол Жаратушының құдіретімен болатын жақсылық. Емшінің емінің жетістігін емделуші өзі бағалауы тиіс. Заң бойынша қоғамдық ұйымдар, қоғамдық ұйымдарға немесе мемлекеттік ұйымдар қоғамдық ұйымдарға сың айтуға, үстемдік жасауға, жалған ақпараттар таратуға мемлекетіміздің заңдары тиым салған және бақылайды.

Қолдан емші жасауға болмайды. Емші біреулердің қол баласы да емес. Адам баласына қиындықсыз, күрессіз, жеңіс пен бақыт жоқ. Ол ізденіс пен шыдам, байыптылық пен парасаттылық арқылы келеді. Көлденең тұрған шырмауық торлар ол тағдыр сынағы. Адам баласының тағдыры Алланың еркінде.

 

ЕМШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНЫҢ АЗАЮЫ НЕДЕН?

 

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңынан бастап бұрынғы Одақ аймағында ғана емес, қазақ еліне де «жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай» – халық емшілерінің қатары көбейе бастағаны бәрімізге мәлім. Сол уақыттағы емшілік саласындағы ғылым мен жеке емшілердің түсініктерінің нашарлығынан, әр емшіде болып жатқан құбылыстармен жалған ақпараттарға сенушілік басым болды. Небір ғаламат иелері өмірге келді деп баспасөз бен ақпараттарда жарыса жазылды және хабарланып көрсетілді. Баспасөз беттерінде мұндай құбылыстарға ие емшісымақтар жеті қабат аспан әлеміне де ұшып барып оралды десе, ал кейбіреулері неше түрлі әулиелердің (сары, ақ, қара, көк тақиялы, ана, алып ана, үлкен ана т.б.) аттарын иеленгені былай тұрсын, пайғамбарлардың қатарына өздерін теңеді. Тіпті, қасиетті Түркістан жерінде емшісымақ әйелдер болса өздерінің түсінде Қожа Ахмет Яссауи бабасы қолдарынан ұстап демеп жүргендерінде республиканың бас газеті арқылы жариялатты. Әулиелердің басқан ізіне аунап Алладан емес, жалған әулиелерден көмек сұрағандар аз болған жоқ. Қолдан құдай да жасалынды. Құдайды атақты жазушының Түрік еліне белгілі газеті арқылы жариялау, ұлттық намысты таптап қана қалмастан өмірден өткен бабалардың киелі қасиеттерінің тылсым сырларын жоққа шығарумен бірдей еді. Республиканың телеарналарында арнайы кездесулерде әйел емшілерден бата алу әдетке айналған-ды. Қысқасы, қазақ елінде бата беруге жарайтын ер азаматы жоқтай насихаттаудың ақыры, емшілердің бұрынғы пірлері атанғандардың қасиеттерінің өмірлерінің қысқа екендігі бүгінде толық айқындалды. Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі – дегендей байқамай, зерттемей насихатталғандардың кесірінен халықтың тектік халықтық емшілікке деген сенімі азая бастады. Бүгінде сол уақыттардағы үгіттелген, мақталған құдай да, әулиелер де, үлкен-кіші аналар да іздесең біреуінде таппайсын. Ал құдаймын дегеннің өзі де жер басып жүрген жоқ. Сонда құдайда өле ме екен?  Бұған оларды үгіттегендер қашан жауап берер екен. Сөзімізді дәлелдесек, өткен ғасырдың соңында Оңтүстік Қазақстан облысында үш жүзден аса, Қызылордада үш жүзге жуық, Атырауда екі жүздей, Батыс Қазақстан облысында жүз елуден аса, Жамбылда үш жүздей, Алматыда екі жүзден аса ал Талдықорғанда жүз елудей емші болса, ал бүгінде қалғаны жеті-он емшіге жетпейді. Бүгінде қызметі тоқтатылған Республикалық халық медицинасының Орталығында есепте тұрған төрт мыңға жуық кәсіби емшінің де екі-үш ғана пайызы қалған. Бұл қалай? Себебі неде екеніне ешкім мән беріп жатқан жоқ. Асыра мақтампаздық пен мансапқорлық, пайдакүнемдік, сауатсыздық, рухани білімнің таяздығы және алдампаздықтың ақыры емшілердің қатарының азаюына әсер еткендігін мойындаған жөн. Халқымыздың: ат шаппайды, бап шабады – деген философиялық талғамы шындыққа жанасқандай. Емшілік мәдениетінің төмендігі халықтық тектік қасиеттіміздің қадірін әлсіретеді, білімділік қана алға жетелейді. Осы бағытта халыққа шипагерлік қызметін сыйлап келе жатқан халық емшілері қатары әлі де жарыстан қалмай өз үлестерін қосуда. Шипагерлік саласына ғылыми зерттеулердің енді ғана кең құлаш жая бастағанын ескерсек, тек қана аз мөлшердегі емшілер арқылы әлі де тылмыс құпияның ашылмаған сырларын ашуға болатындығы және бұл зерттеулер жалғасқан сайын жаңа ғылыми тақырыптарды туындайтындығы, ғылыми тұжырымдардың сапасының артатындығы айқын болмақ. Бұл жөнінде қауымдастық тарабынан игілікті ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Мәселе емшілердің қатарының азаюында емес, оның сапасының артуында екендігі айқындалуда.

 

ҚАУЫМДАСТЫҚҚА 19 ЖЫЛ

 

Халықтық тектік киелі қасиетінің бір саласы халық емшілігі де өзінің қанатын жайып, емдік сипаттағы қызметі де өркендей бастады. Мемлекетіміздің «Мәдени мұрасы» саласының тармағына жататын емшілік өнерінің өркендеуіне елімізде жақсы жағдайлар жасалынған. Емшілік саласына байланысты ғылыми-танымдық еңбектердің қауымдастықтың ғалымдары тарабынан өз оқырманын табуы оның толық ғылыми айналымға енуіне ықпал етті. Бүгінде аты мен  қызметінде өзіміздің елімізден тысқары да таныс болған Қазақстан халық емшілері қауымдастығы да (ҚХЕҚ) талай көлденең жолдардан өтіп, жеке Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін абыроймен орындап келе жатқанына да 19 жыл толды. Осы уақыттар аралығында қауымдастық қызметінің өркендеуіне кедергі күштер мен өсек-аяндар оның қызметінің жетістігін жоққа шығаруға тырысқандарынан ештеңе шығара алмады. Халық ақ пен қараны ажыратты, мықтымын дегендер де кездейсоқ өз шаңырақтарының құлап, қызметтерінің түбегейлі тоқтағанын да сезбей қалды. Қауымдастықтың алғашқы құрылған күнінен бастап бүгінге дейін атқарған көлемді еңбектерінің негізі ғылыми бағыттармен жалғасуы оның мәртебесін өсіріп келеді. Қауымдастық мектебінен бір жарым мыңнан аса халық емшілері халық емшілігі мен рухани емшілік, биоэнергетикалық, космоэнергетикалық және тағы да басқа бағыттарда білім алса, оның мүшелер саны да бірнеше мыңға жетті. Қауымдастық мүшелерінің білімін, діни танымын және мәдениетін көтеруде қауымдастық тарабынан игілікті істер атқарылды. Емшілерге арналған бірнеше оқулықтар жазылды. 2004-2010 жылдары аралығында Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз және Астана қалаларында әртүрлі тақырыптарда жеті рет халық емшілігі саласының халықаралық конгрестері мен форумдары өткізілуі емшілердің ғана рухын және білімін көтеріп қана қалмастан, қазақтың халық медицинасының шетелдерге де танылуына және ғылыми айналымда зерттелуіне сондай-ақ, қалың бұқараның осы саладағы танымын жақсылық жақтарға бұруына ықпал ете білді. Бес жылдан аса уақыттан бері әлемдік ғаламторда қауымдастықтың қызметімен осы сала бойынша жазылған ғылыми-танымдық еңбектер мен «Шипагерлік баян» газетінде жарияланған өз оқырмандарын табуда. Бүгінде жиырма екі облыстық және қалалық бөлімшелерін басқаратын басшылары мен қауымдастықтың мүше- емшілері арасында өзінің ұйымдастырушылық, шипалық-шипагерлік және терең білімділері де көбеюде. Халық медицинасы мен осы заманғы медицинаның негізін қалаған, бүгінде ғылымда екінші Ибн-Сина атанған XV-ғасырдың ғұлама ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі қалың оқырманға және емшілерге насихатталып қана қалмастан, қауымдастық ғалымдарының ғылыми зерттеулері арқылы толық ғылыми айналымға енгізілуі, бұған дейін ешқандай ғылыми талдаумен тарихы жазылмаған халық медицинасы үшін үлкен жетістік екендігін атап өткен жөн. Адам денсаулығының бірқалыптылығы оның жеке биоқуаттарының тепе-теңдігі мен биоөрісінің бірқалыптылығына байланысты болғандықтан, осы сала бойынша арнайы екі тәжиірбе ғана жұмыс істеуде. Қоғамдық ұйым үшін ерікті түрде атқарылған қызметтері айнадай жарқырап көрінуі оның жетістігінің нәтижесі. Қауымдастық төралқасы өзінің мүшелерін ұйымының 19 жылдық мерекесімен құттықтайды. Дендеріне саулық, қызметтеріне табыс тілейді.

 

 

ЕМШІЛІКТЕГІ ЖҮЙЕНІҢ «БАНДИТИЗМІ»

немесе

Қауымдастықтың вице-президенті

А.Бодровты кімдердің адамдары атты?

 

2011 жылдың 17-ақпаны Қазақстан халық емшілері қауымдастығының соған дейін вице-президенті қызметін атқарған Александр Бодров үшін қаралы күн болды. Оның осы күні өмірі тоқтады. Оны білетін емшілер мен азаматтарға өмірі қабағын шытпаған, жылы шыраймен күлімсіреп жүретін, жүрегінің адал нұрын әрқашанда басқалардың жағдайының жақсаруына арнаған, білімді де білгір өз мамандығының шебері, Қазақстаннан да тысқары таныс болған Александрдың өмірі құпиялы жағдайда қиылады деп ешкімде ойламаған шығар. «Судың да сұрауы бар» – дегендей, бүгінде қызметі мен абыройы Республикадан да тысқары танылған, халықтық шипагерліктің ғылыми орталығына айналған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» беделді вице-президентінің өлімі оның мүшелерінің терең ойланатын және зерттейтін іс-әрекетіне айналды. Қауымдастық Жарғысының баптарында оның кез-келген мүшесінің құқын қорғау және оларға жабылған теріс пиғылдардан алып шығу толық қаралған. Емшілік тектік қасиет оны ешкімде жоя да, бағындыра да алмайтындығы бірнеше ғасырлардан бергі қатал жүйелердің оны жоя алмауы дәлел. Көктемдегі гүлдеген гүлдей жарқырап шыққан неше алуан тылсым құпиясы сырларының иелерін мәпелеп те, қолдап та келгендерден басқа және масқаралап олардың күш-қуатын, ілімі мен білімін жеке бас пайдаларына пайдаланғандар да жиырма жылдан бері өзінің ойына келгендерін істеп келеді. Сонау 1990 жылдын мамыр айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен Алматыда құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» алғаш айдаһардай ақырып, жолбарыстай шақырып өзінің уысына неше мыңдаған емшілерді жиып алып оның ішінен 7000 (жеті мың)-дайына «Құрметті кәсіби халық емшісі» деген атақ беріп, оларды темір торсыз «Мәдени зоопарктің» ішінде ұстап (зоопаркта темір тор бар), рухани және мәдени құқыларын таптап, еркіндігі мен тәуелсіздігін жоя отырып Орталықтың шонжарлары өздерінің жоғарыдағы көкелерінің көмегімен ондағы емшілердің еңбегін пайдаланды. Орталықтағы емшілерді «құлдық пен күңдік» жүйесінде ұстап келді. Өмірі шаңырағы шайқалмады деген Кеңес үкіметі де 70 жылдан кейін қалай шаңырағы кездейсоқ шайқалғаннан кейін, оған бағынышты Республикалар тәуелсіздігін алғаны сияқты бұл, Орталықтың да «кәсіби емшілері» өздерінің құтты мекеннің құрылғанына 20 жылдығына екі-үш ай қалғанда тарап кетті. Бұл қалай? Кез-келген адаммен амандаспайтын, басқаның сәлемін де алмайтын осы бір киелі жандардың не кінәсі бар? Бұған кім кінәлі? Бір жыл уақыт өтсе де жоғарыдағы 7000 кәсібидің өздерінің 20 жылдық өміріне немқұрайды қарауын қалай түсінуге болады? Ойлаймыз, мүмкін олардың осы уақытта ойлау жүйесінің әлсірегені ме немесе зомбиланып дуаланғаны ма? 20 жыл ішінде жоғарыдағы Орталық өз атын «Шығыстық, Ашық, Жабық, Орталық, ШЖС» болып бес рет ауыстырғаннан да еш нәтиже шығара алмады. Бір қызығы осы аталған ұйымның басшысының (Ш.Ш) 2009 жылы қазан айында еліміздің белді газеті «Егемен Қазақстан» газетінде оның «Қос діңгекті қосамын», – деген сұхбаты шықты. Оқырмандар қуанды да және таңғалды да бірақ, біз таңғалмадық. Себебі осы заманғы медицина мен халық емшілігін қосуға әлі де жарты ғасырдан артық уақыт барын білдік, өз пікірімізді білдірдік. Айтуға, жазуға шебер, теле-радиоларда өз абыройларын асқақтатуға үйренгендер өздерінің өтірігіне де ұялатын емес. Қайта өз сұхбатынан кейін бір жылға жетпей белгісіз жағдайда тас-талқаны шығып тарады. Күнәнің ең ауыры өтірік айту, басқаның еңбегін пайдалану және оның құқын таптау. Бұл әрекеттердің әсерінен жоғарыдағы 7000 емшінің құқының тапталғандығын кім қорғай алады? Ойланайық. Ата-бабаның тектік қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа кететін генетикалық құбылыс. Сонымен Орталық тарағанымен оның басшысы өз жеке меншік мекемесін құрып, тағы да жоғарыдағы жақтастарының арқасында емшілерді екінші жағынан жаншудың, таптаудың «Сертификаттық» жүйесін таңдап алды. Мемлекетіміздің емшілердің құқын қорғау жөніндегі заңдарын Құран дұғаларындай жаттап алып, бұлбұлдық сайрауына қайта көшті. Дегенмен, бұл адамдардың қысымын көрген емшілер бұрынғыдай лек-легімен, топ-тобымен келмеді. Емшілердің үйлеріне және облыстарға шабармандарын жіберіп өздерін емшілерді «Жарылқаушы» етіп бұрынғы бұлбұл әндерін тағы сайратты. Ізгі армандары толық орындалмады. Осы бір кезде өздеріне қарсы қауымдар мен жеке емшілерді талқандау, жою мақсатында қауымдастықтың вице-президенті А.Бодровты өз торларына әйтеуір түсірді-ау. А.Бодров Ш.Шынтаев басқаратын «Духовные и народные целители» Учреждениесіне    Ш.Шынтаевтың кеңесші және эксперт-ревизоры болып 2010 жылдың шілде айынан қызметке тұрады. Бұған дәлел: «В настоящее время единственной организацией, представляющей интересы специалистов народной медицины в Казахстане и акредитованной на сертификацию целителей, является Учреждение «Духовные и народные целители» под руководством директорв, академика Шинтаева Шакена Мукановича. Это решение закреплено Законом о здравоохранении РК от 18.09.2009 и приказом МЗ РК за №865 от 22.12.2009. С июля 2010 года на должность советника, эксперта-ревизора принят Бодров Александр Владимирович». По этому вопросу на радио Казахстан 14 сентября 2010 года было мое выступление (А. Бодровтың сайтынан 21.02.2011. 14:58). Сонда таңғаласың 20 жыл бойы бірде-бір емшіге тарихи, моральды көмек етпегендер тағы да «жалғыз»  жарылқаушы болғаны ма? А.Бодров Ш.Шынтаевқа қызметке бару үшін ол өзінің қызметтен кететін жөнінде қауымдастық Төралқасына арыз жазбады, ескертпеді немесе Ш.Шынтаевтан қатынас қағазын да әкелмеді. Неге? А.Бодровтың Ш.Шынтаевтың мекемесіне оның он жылдан бергі бірінші орынбасары, Өзбекстан азаматы және өзбекстанның арнайы бақылау орнының бұрынғы подполковнигі, емші Ануар Ниезовтың алдауы немесе қорқытуы арқылы барғанына түсінген адамға анық байқалады. А.Бодровтың кейінгі өмірінде қорқыныш, үрей және жақындардан алыс жүру психологиясы қалыптасқандығын байқағанбыз. Ш.Шынтаев неге өзінің жақын адамдарын Қазақстан азаматтарынан алмаған, бұл да ойландырады? А.Ниезов Өзбекстан азаматтары мен Алматыдағы теріс пиғылды адамдардан емшілер командасын құрып «Бандиттік» топ құрғандығы және оларға бағынбаған Қазақстандағы халық емшілігі саласындағы белгілі мамандар мен емшілердің азаматтық құқын жою әрекеті болғандығы кешегі, марқұм А.Бодровтың өлімі дәлел (А.Бодровтың өліміне байланысты емшілердің аты-жөнін және олардың өмір жолдарын зерттеудеміз). Сіздер қалай қарайсыздар оқырман? Мүмкін А.Бодровтың өліміне әлдебіреулердің хабарлауынша бізде кінәліміз бе? Дегенмен, біз ақтығымыз бен пәктігімізді дәлелдей алдық әлі де дәлелдей береміз. Халқымыздың «Біреуге ор қазба, өзін түсесің» – деген даналық сөзі тегін айтылмаған. Орыс халқында: «Ажалыңнан бұрын өлемін десең – мотоцикл айда немесе электрик бол!» – деген даналық сөзіне сүйенсек, енді кейбір данышпан емшілерге ажалыңнан бұрын о дүниеге аттанамын десең, жоғарыда аты аталғандардың командасына бар демекпіз. Таза ұлтжанды, тектік қасиетті сыйлай білетін, білімді де иман жүзді емшілер аман болсын. «Емшілік бандитизмін» құрғандардың жолдары кесілсін. Емшілер мәртебелеріңді сақтаңдар демекпіз.

 

Ынтымағы мен бірлігі берік ҚАУЫМДАСТЫҚ

 

Өткен жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдарының басында көршілес Одақтық мемлекеттерде етене құрыла бастаған халық емшілерінің қауымдастығының Қазақстанда да құру мәселесін ғалымдар, ақпарат және баспасөз мамандары мен халық емшілері өкілдері де қуаттап өзінің ұйымдастыру комитетін (30.09.1991) құрғанда, оған қарсы болғандар да аз болмады. Алғашқы Республикалық халық емшілерінің қауымдастығын құру жөніндегі Қаулының да әлде біреулердің тапсырмасымен себепсіз жоқ болуы оның қызметін тоқтата алмады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы (З.Қ) мен медицина ғылымдарының докторы, профессор Алихан Чокиннің және медицина ғылымдарының кандидаты Тұрсын Бекеновтың ақылдаса бірігуі қайтадан ұйымдастыру комитетінің жұмысының басталуына негіз болды. Айғайшылардың (әсіресе ҚР Денсаулық министрлігіндегі шенеуніктер) емшілер құрылтайын өткіздірмеу жөніндегі ықпалы оның ізгі мақсаттарын тоқтата алмады. 1991-жылдың 22-желтоқсаны емшілер қауымдастығының құрылған күні болып тарих бетіне жазылды. Содан бері жиырма жылға жуық уақыт өтіпті. Қауымдастықтың қызметін аты аталған ұйымның ұйымдастыруымен екі рет (12.06.1991, 15.12.1991) тоқтаттыру жөніндегі ұсыныстарын орындай алмады. Осы мәселе жөніндегі белді ұйымдастырушы бүгінде аты өшкен, сол кездегі Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» басшылары негізгі қауымдастықты жою жөніндегі басты тұлғаға айналды. Мемлекетіміздің барлығы жеті министрлік пен комитет және банк жүйесі қауымдастықтың қызметінің тоқтауына ықпал етіп қалмастан, қауымдастық пен оның мүшелеріне моральдық, психологиялық және материалдық жағынан жасаған қысымдары қауымдастық тарихының беттерінде айнадай жарқырап тұр. Жылдар жылжып келеді. Дегенмен, өткендегі шортандар жоқ болғанымен олардың шабақтары әлі де көреалмастықтың пиғылын көрсетіп, өздерін емшілерді «Жарылқаушымыз» деген әрекетін әлі де жалғастырып келеді. «Аңқау елге – арамза молда» – дегендей, жиырма жылға жуық жеті мыңнан астам «Кәсіби халық емшілерін» құлдық пен күндікке ұстаған, моральдық және психологиялық қысым жасаған жоғарыдағы аты аталған орталықтың басшылары қауымдастықтың вице-президенті А.Бодровты қысыммен, қауымдастықтың келісімінсіз өздеріне жұмысқа алып ақыры оның өліміне де себепкер болғанын бүгінде заң орындары ғана емес, оқырман қауым да біледі. Адамгершіліктің парасаттылығын түсінгендер өзінің замандастарына әрқашанда жақсылық жасауға ниет етіп тұрады. «Қасқырда баласына қас қылмайды» – деген халық даналығын түсінбеген қандастарымызға «сендер сөздеріңмен емес жетістіктеріңді нақты мәліметтермен көрсетіңдер» демекпіз. Қауымдастық басшысын сиқырлау мен дуалау арқылы (07-08.05.1992. т.б.) оның адамдық тұлғасын өзгертеміз деп, Қазақстандағы сиқыршылар мен дуақандарды жинаған жоғарыдағы аты аталған ұйымның басшылары өз мақсаттарына жете алмады. Бірақ, олар сенген Алматылық, тараздық, шымкенттік және т.б. орындардың сиқыршылары мен дуақандарының бүгінде өмірде жоқтығы аянышты-ақ?! Міне, халқымыздың «Біреуге ор қазба – өзің түсесің», – деген өсиеті осының дәлелі. Қазақстанда қаптаған «Сары, ақ, көк, қара» атты әулиелер мен «Алып ана, Үлкен апа» т.б. жанама аттары барлар қауымдастық тарапынан үлкен сыңдарға ұшырауын алғаш түсінбегендер, бүгінде толық түсінгендей болды. Бұл «Данышпандарды» бүгінде іздесең де таппайсың? Міне біздің шындық.

Көреалмастар сендердің ойларыңның неге жүзеге аспағандығын білесіңдер ме? Шындық пен әділеттілік әрқашанда өзінің жемісінің бақытына жетеді. Арамдық, көреалмастық, өсек-аяң тазалардың қызметіне әсер ете де алмайды. Сондықтан да ақырыңдап аяңдай жүріп, басқалардың анау-мынау сөзіне мән бермеген қауымдастықтың көші міне, жиырма жылға да таяды. Емшілердің ең үлкен қуанышы сонау XV-ғасырдағы қазақ даласының жаһангері, ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабаларының «Шипагерлік баян» еңбегімен етене танысып, оны өздерінің өмірлік төл құралына айналдыруы және бабаның ғылымда екінші Ибн Сина атануы олардың күш жігеріне қуат бергендей болды. Жақсылық дегеніміз – ол қиыншылық пен таза күрестің жемісі. Қауымдастық жиырма жылдық тарихында өзінің қаражаттық қиыншылықтарына қарамастан екі рет он және он бес жылдық торқалы тойын атап өтті. Он реттен асық Халықаралық және республикалық конгрестер мен форумдарды өткізіп, қазақ халқының халық медицинасының барлық тақырыптарын қамтып қана қалмастан, өзінің мүшелерінің білімін жетілдіруге, тәжірибелерін арттыруға, бір-бірімен танысып өзара ынтымақтарын жақсартуға, шеберліктерін дамытуға және шет мемлекеттерге де білімділіктеріменен танылуына зор әсері болды. Қысқасы емшілердің мәдениеттілігі, білімділігі, қайырымдылығы, имандылығы мен инабаттылығы артып келеді. Бүгінде қауымдастықтың мүшелері кімнің киелі қасиеттің жаулары және кімнің оның қорғаушысы әрі дамытушысы екендеріне толық түсіністікпен баға беру дәрежесіне жетті. Қауымдастық бүгінде көп салалы ғылымдар саласының кандидат, доктор, профессорлерімен бірлесе халықтық шипагерлікті зерттеп өркендетудің ғылыми ордасына айналды. Иа, қауымдастықтың мүшелерінің бірлігінің жемісі осыған дәлел. Қауымдастықтың өткен өмір жолын зерделей келе, осы бір уақыттағы жеткен жетістіктері мен басқалардан көрген қысымдық қиыншылықтарын салыстырсақ, әрине қауымдастықтың жақсылығы жағының таразының басын басып тұрғандығы жанашырлары мен оқырмандарға анық байқалады. Қауымдастықтың негізгі тіректері болатын оның мүшелері мен емшілері және жанашырлары өздерінің киелі шаңырағының Жарғылық қызметіндегі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырылуына әрқашанда табандылықпен қорғап, киелі қасиеттің тылсым күштерінің өркендеуіне және мәңгілік тарихының жасалуына өз үлестерін қосып келеді. Иншалла, қауымдастық үшін ұзақ ғұмыр, мүшелеріне бақытты өмір болсың. Еліміз аман, халқымыздың имандылығы арта берсің. Емшілердің қауымдастығының алдағы торқалы мерекесінің тойы құтты болсын!

 

Қызметіміз бен мақсатымыз адалдық жолында

 

Қазақ халқының терең тарихи кезеңдеріне үңілсек, ұлттық дәстүрлерінің сақталғанынан жоғалғандары әлдеқайда көбірек десек шындыққа жанасатыны анық. Адамзат баласының алғашқы дәуірінде оларды бір ортаға топтастыруда, сөйлеу мен арақатынас байланысын жасатуда, тәңірдің ғаламаттық құдіреттерін танытуда, адамзат ұрпағының денсаулығына көмек етіп ірі тұлғалы ұрпақтар қалыптасуына, өмір тіршілігінің мәдени тұрғыда қалыптасуына, тәртіптік режимдерді орнатуда және алғашқы тұрпайы адамзаттық қоғамның қалыптасуына тылсым құпия сырлары мен ғарыштық байланысқа ие бақсылар мен балгерлердің жекелей үлестері болғандығын әлдебіреулер мойындамағанымен, тарих шындығы мойындата алады. Қазақ халқы ішінен жоғары сезімталдық қасиет пен көріпкелдік, жұлдызнамалық, емшілік пен бақсылық, сынықшылық, тамыршы тағы басқа қасиетке ие киелі жандар болғаны өмір шындығы. Осылардың ішінен аттары ел тарихында аталған және аталмағандары да баршылық. Бүгінде ел тарихының ортасынан өзіндік орнын тапқан шипагерлер де табылуда. Солардың ірі тұлғасына жататын даланың жаһангер ғұлама шипагері, ХV ғасырдың төл перзенті, Жетісу өлкесінің Шалкөдесінің тумасы,  "Шипагерлік баян" атты ғылыми медициналық энциклопедиялық еңбек жазған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы болатын. Ғалым шипагердің бұл еңбегі көрші Қытай елінің мемлекеттік сыйлығын алса (1997ж) ал, өз еліміздегі көп салалы ғалымдардың зерттеуінде ел ғылымының мақтанышына айналды. Қауымдастықтың басшысы Өтейбойдақтанушы ғалым З.Қожалымовтың көп жылғы зерттеуі бойынша баба еңбегі толық ғылыми айналымға еніп қана қоймастан, шетел және қазақ ғалымдарының баға беруімен бабаның екінші Ибн Сина атануы да ел мақтанышы. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуы өткен жылы шетел және Қазақстан ғалымдары мен Қауымдастықтың мүшелерінің қатысуымен аталып өтті. Қауымдастықтың жиырма жылдық тарихына арналған тарихи альбом кітабы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баспадан жарық көрді (авторы З.Қожалымов). Халықтық емшіліктің өшкен оты қайта жанды. Жоғалған дәстүрлі мұралары, тарихы қалпына келді. Қауымдастықты алғаш құрған жылдары бұл қауымдастықты екі айда өмір сүргізбейміз дегендер мен көре алмайтын күндестердің армандары орындалмады. Қауымдастықтың басшылары мен оның адал мүшелернің табандылығы, білімділігі, адами қасиеттерінің арқасында қауымдастықты екі рет жабуға әрекет еткендерге мәдениеттілік пен байсалдылық көрсетуі оң нәтижесін берді. Бүгінде Қауымдастықтың басшысы, ғалым және мүшелері тарабынан халық емшілігінің қырлары мен сырлары жөнінде баспадан қырықтан аса еңбек жарық көрді. Қауымдастықтың "Шипагерлік баян" газеті оқырмандардың сүйікті құралына айналды. Алты жылдан бері әлем елдеріндегі халық медицинасы саласындағы ғалымдары мен  емшілері қауымдастықтың интернет сайты арқылы оның қызметімен, жазылған ғылыми еңбектерімен және алдыңғы қатарлы емшілермен танысып әрі байланыс жасап келеді. Бір қуанарлығы интернет сайт арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Денсаулық сақтау департаментінің халық медицинасы бойынша қоры тізіміне ғалым З.Қожалымовтың орыс және ағылшын тілдеріндегі үш кітабының ілінуі қазақ ғылымы мен қауымдастықтың және емшілер үшін зор мақтаныш. Бақыт дегеніміз ол қиналып жығыла және сүріне жүріп, жоқшылықтың зардаптарында көріп және қарсыластарымен жағаласа жүріп жеткен жетістіктің жемісі болмақ. Қауымдастықтың басшылары мен мүшелері де осы жолдан сүрінбей өтті. Өз мақсаттарына жетті. Қиыншылықтар мен көлденең қойған торлардан өтудің мәдениетті түрдегі шебер жолдарын ойлап тапты. Қысқасы дос қуанды, қарсыластар күйінуде. Бір өкініштісі өткен жылы қауымдастықтың вице-президенті Александр Бодровтың осы қауымдастықты құрылғаны бері құлатуға әрекет еткен бұрынғы "Республикалық халық медицинасы орталығының" ал, бүгінде жеке емшілік мекемесі басшысының орынбасары Ниезов Әнуардың Өзбекстандық жерлес бандит емшілерінің қолынан қаза болуы, қауымдастықтың қызметіне әсері де болғанын ашық айтамыз. Бүгінде КТК каналы бандит емшілердің құжаттарын өз экранынан тұрақты көрсетуде. Халықтық "Мәдени мұраның" бір саласы халық емшілігі ол мәңгі жасайды. Бұл жүйені ешкімде жоя алмайды. Өйткені бұл өмір шындығы, тарихтың дәлелдігі. Емші әлдебіреулердің қаражат тауып беретін тірі тауары болмауын құптаймыз. Емші еркіндікте өзінің мәдениеті мен білімділігі нәтижесінде халықтың денсаулығын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Тәуелсіз елдің емшілері әлдебіреулерге тәуменді болмауы керек. Кешегі республикалық халық медицинасы орталығының жеті мыңнан аса "Кәсіби емшілердің" бүгінде азда болса көрінбеуі, өзінің ұйымын тастап кетуін біз олардың бодандықтан, құлдық пен күңдіктен айырылуына бастаған әрекеті деп бағалаймыз. Емшілердің халін тек қана оның қасиетін танитын, бойында тектік киелі қасиеті бар басшы мен  емшілер қауымдастығы ғана түсінеді. Қауымдастықтың жиырма жылдық тарихында қауымдастықтың ұйымдастыруымен оннан аса халықаралық және республикалық конгрестер мен форумдар және конференциялардың өткізілуі емшілердің бірлігін арттырды, білімін көтерулеріне мүмкіндек жасалынды, отандық және шетелдік ғалымдардың қазақтың халық медицинасына деген ғылыми көзқарастарын жақсарта түсті. Бүгінде емшіліктің ғылыми негізін зерттеуде "Халық медицинасы мен ғарыштық қуат" академиясының рөлі арта түсуде. Көптеген саланың ғалымдары осы академияның бағыттық бағдарламасы негізінде халықтық емшіліктің өткені, бүгіні және болашағы жөнінде ізгілікті еңбектердің негізін қалауда.

Көш жүре түзеледі, қауымдастықтың мүшелері мен емшілері өзінің сүйікті қауымдастығының қызметін үздіксіз дамыта отырып, алға бастырады. Жеке қызметтерін халқына адалдықпен арнап алғыстарына бөлене бермек.

 

Іздеу салу – розыск

немесе

АҚТӨБЕЛІК АРТЫҚ ШАКИМОВА ТОБЫНЫҢ ШАБУЫЛЫ

 

Кейінгі кезде қауымдастық филиалдары директорлары ішінде ешқандай хабарсыз бірнеше жыл бойы табылмай кеткендері де барына таңғалмаңыз. Жеке жауапкершіліктері мен  міндеттерін толық түсінбеген филиал директорлары тарапынан филиал құрамындағы қауымдастық мүшелері зардап шегуде. Алғашқы сайлануда өзін сауатты, мәдениетті көрсеткен қауымдастықтың Ақтөбе қалалық филиалының директоры Шакимова Артық Танжарбайқызы 2006 жылдың 7 тамызында сайланған болатын. Алғашқы екі жылында жақсы басқару жағынан көрінген А.Шакимова 2008 жылдың мамыр айынан бастап, Ақтөбе қалалық Салық Комитетіне филиалдың есебін бермегендігі жөнінде қауымдастықтың есепшотын жапқызуға және айып төлетуге дейін апарды. Қауымдастық Төралқасының ескертпесінен нәтиже шығармады. 2008 жылдың тамыз айынан бастап А.Шакимова бүгінге дейін хабарсыз кетті. Тағы да Ақтөбе қалалық Салық Комитеті қауымдастыққа қатал ескертулерін жолдады. Тексере келгенде А.Шакимова Ресейде екендігі анықталды (тел.: 89613490378). А.Шакимованың филиалды өздігінен ескертусіз және мөрі мен құжаттарын тапсырмауы салдарынан қауымдастыққа моральды және материалды шығындар әкелді.  Қауымдастық 2008 жылдың шілде айының 25-27 жұлдызы аралығында Ақтөбе қаласында:"Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары құпиялары" атты республикалық форумын өткізуге жарты ай қалғанда облыстың басшысы мен оның орынбасары Жеткерген  Оралмаханбетовтың шолақ шешімі салдарынан қауымдастық пен оның мүшелері бірнеше миллиондаған теңге зиян шекті. Форумның мақсаты Ақтөбеліктердің өздері мақтанатын бабалары көріпкел Мөңке би мен Бекет Ата туралы өтпекші еді. Өз атасы Мөңке биді танымаған әкім қаралар қауымдастықтың форумын тоқтатқаны мен форумды иманжүзді оңтүстіктік азаматтардың қолдауымен қасиетті Түркістан қаласында табысты өтті. Түрік әлемі таныған Мөңке бидің рухын өз ұрпақтары құрметтемеді. Бірақ мұның ақыры бабалары рухының қарғысына ұшырады ма, әйтеуір 2011 жылы Ақтөбе аймағында ұрпақтары арасында қанды қырғынға ұласты. Қауымдастық Төралқасы өзінің Ақтөбе қалалық филиалының директоры А.Шакимованың қауымдастықпен хабарсыз кетуіне,  сондағы атқа мінер әруақсыздар мен құдайсыздардың қысымы болды ма дегенде ойға келеміз. Дегенмен, А.Шакимова филиалды басқарудан бас тартқанда қауымдастық басшысына арызын жолдап, есебіндегі филиалдың мөрі мен құжаттарын тапсыру керек еді. Нәтиже олай болмады. Шыдамның да шегі болады. Төрт жылға жуық хабарсыз кеткен А.Шакимоваға интернет арқылы "Розыск" жариялады. Осыдан кейін қауымдастықтың Ақтөбе қалалық филиалының жаңа басшысы тағайындалып, есеп-қисабы жөнделінді. Қазір филиал жұмысы бұрынғыша жалғасуда. Розыск жарияланғаннан кейін А.Шакимованың "арам ниетті" кіші бандиттері филиалдың жаңа басшысының ұялы телефонына күндіз-түні қорқыту, үрей туғызу және өмірден кетіреміз деген қоқанлоқы сөздерін өздерінің ұялы телефонының белгісіз номері арқылы жолдаған. Мен филиалдың жаңа басшысына сондағы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлауды міндеттедім. Солай болды, белгісіз телефон иесі де табылып, ұсталды. Ол А.Шакимованың жалданбалы бандиті 50 жастан асқан Өзбекстан азаматшасы Алданова Ғалия деген екен. Сондағы ҰҚК қызметкері Ғалияның бір күннен кейін Өзбекстанға кететінін анықтаған. Ғалия ұсталды және ол ҰҚК қызметкеріне А.Шакимованың есебіндегі қауымдастықтың Ақтөбе қалалық филиалының мөрі мен құжаттарын тапсырған. Бұл құжаттар бүгінде филиалдың жаңа басшысының қолында. Қазақстанда емшілік саласында "Өзбекстандық бандиттерді" жалдау модаға айналды. 2011 жылдың 17 ақпанында қауымдастықтың вице-президенті Александр Бодров та Ш.Шынтаев пен Өзбекстандық А.Ниёзовтың Өзбекстандық "емші-бандиттерінен" қаза болған-ды. Осы бандиттердің әсерінен тағы да жазықсыз үш азамат қайтыс болды. Және құқық қорғау орнының оннан аса қызметкері зардап шекті. Бұл іс бойынша сотта аяқталды. Қысқасы Қазақстанда емшілік жүйесінің бандиттері Өзбекстаннан келетінін және оның қолдаушылары да барын бұдан былай құқық қорғау мен заң орындары және ҰҚК қызметкерлері ескерсе артық етпейді. Қауымдастықтың басшылары мен оның мүшелері ешқандай бандиттік қорқыту мен үркітуден қорықпайды. Бұл күрес қауымдастықтың құрылғалы бергі 20 жылдан аса тарихында кездесіп келеді. А.Шакимова қауымдастық пен себепсіз қанша жыл қатынасын үзсе, қауымдастықтың оған іздеу салуы – розыскісі сонша уақыт қауымдастық сайтында тұрады. Тәртіп бар жерде халықтық емшіліктің жеке мәртебесі өсері анық. Қайдасың сен Артық Шакимова? Іздеу саламыз – Розыск.

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39




вверх