орындалған Аманат | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
Қазақстан Республикасы «Дәстүрлі емес халық медицинасының» I-Халықаралық конгресінде ҚХЕҚ президенті, академик Зядан қажы Қожалымовтың баяндамасы. Алматы қаласы, 24.09.2005 ж.
Қадірменді конгреске қатысушылар! Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін, көне дәуірден бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттардың тектік киелі қасиеттеріне ие ұрпақтарын бір ортаға жинауға және олардың ерекше құпиялары жөнінде ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызды. Ертеден бері арасында ашық та, әрі жабық түрде сырқат жандарға өз көмектерін көрсетіп келген емшілер, бақсылар, балгерлер, тәуіптер, көріпкелдер, болжампаздар, жауырыншы, жұлдызшы, сынықшы, діни білімі барлар мен шөп дәрімен емдеушілер тобы өз мүмкіндіктеріне ие болып абыроймен қызметтерін атқаруда. Бүгінде қазақ елінің емшілерімен басқа да қасиетке ие киелілері өздерінің бойларындағы таза қасиеттерін тек қана сырқат жандардың денсаулығының жақсаруына ғылыми негізде қызмет көрсете бастады. Қауымдастықтың мүшелері мен емшілері 1991 жылдан бері оннан аса Халықаралық форумдар мен конгрестерге қатысып, өздерінің білімділігін, тәжірибелігін және мәдени емдеу әдіс-тәсілінде жақсы нәтижелерге жетті. Әртүрлі замандарда заңның қаталдығына қарамастан өркендеп келе жатқан дәстүрлі емес халық медицинасы, бүгінде ғылыми халықтық медицинаға айналуда. Қазақ даласында емшілік өнеріне ертеден-ақ ұлы ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, т.б. өз еңбектерінде емшілік саласындағы этникалық ұлттық ерекшеліктерді талдап жазып өздерінің медициналық энциклопедиялық еңбектерін қалдырды. XV ғасырдың дала ғұламасы, ғалым, ұлы шипагер Ө.Тілеуқабылұлының медициналық әрі гуманитарлық ғылымдардың басын қосқан «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық еңбегі қазақтың дәстүрлі емес халық медицинасының негізін ғылыми медицинаға айналдырғандығын бүгінде көптеген мемлекеттердің ғалымдары, зерттеушілері өздерінің оң бағаларын беруде. XVII-XVIII ғасырда орыс офицері, географ Н.П. Рычков, дәрігер С. Большой, XIX ғасырда генерал-майор В. Б. Броневский, саяхатшы А.И. Левшин, штабс-лекарь С.А. Яроцкий, әскери дәрігер А. Ягмин және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов т.б. зерттеушілер, қазақ халқының емшілігі жөнінде жазба деректерін қалдырды. Қазақтың оқымысты ғалымы Әміре Айбақын XIX ғасырдың аяғында қымыздың туберкулезге емдік қасиетін анықтады. XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген әскери-дәрігер емші Құртқа баба (1770-1906 жж.) халықтық дәстүрлі емес медицинасы негізін байытып, оның ғылыми медицинамен арақатынасын жақындатты. XX ғасырда дәрігер-жазушы З. Шашкин қымыздың қасиетін байыта түсті. Ғалым жазушы Естөре Оразақов, шөп дәрімен емдеуші ғалымдар Қожабеков, Сәлкен Суханбердин, т.б. ғалымдар дәстүрлі емес халық медицинасының дамуына жол ашып, оның өркендеуіне үлестерін қосты. XX ғасырдың 60 жылының басында Алматы қаласында сол кездегі Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі м.ғ.д., профессор Сағиғатулла Қарынбаев Бүкіләлемдік дәстүрлі емес халық медицнасының I-конгресін өткізді. Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласында дәстүрлі емес (1961) халық медицинасы мен ғылыми медицинаның (1978) I-Халықаралық конгрестері өткенін ескерсек, Алматы қаласы әлемде осы екі сала бойынша «Алтын ордасына» айналғаны бізді қуантады. Қазақ елінде халықтық және ғылыми медицина туралы қабылданған қаулылыар әлемдік медицинаның дамуына негіз болды. 1991 жылдың желтоқсанында құрылған ҚХЕҚ бүгінде өз құрамында 25 облыстық және қалалық филиалдары жұмыс істеуде. Қауымдастықта Халықаралық, Ресей және Қазақстанның қоғамдық академиясының 13 академигі, 58 ҚР «Құрметті халық емшісі» 9 «Құрметті халық емшісі», 9 «Шығыс медицинасының магистрі», 7 «Әлемдік рухани емші», 23 «III-мыңжылдықтың үздік емшісі» 125 ҚХЕҚ «Құрметті мүшесі» және 200-ден астам көптеген медальдар мен құрмет грамотасымен марапатталған емшілер өз қызметтерін абыроймен атқаруда. Қауымдастықтың халық емшілерінің білімін көтеру мен жетілдіру көп салалы мамандық мектебі мен «Шипагерлік баян» газеті және «Шалкөде» баспасы өз қызметтерін жалғастыруда. Қауымдастықтың ғылыми жұмыстары көп салалы ғылымдармен бірлесіп емшілердің тектік қасиетінің 30-дан астам түрін сырқатты аңықтаудың 40-тан аса түрін және емдеу әдіс-тәсілінің 40-қа жуық түрін анықтап ғылыми тұжырымдар жасап жүзеге асыруда. Халық емшілігі құпиялары жөнінде 10-нан астам (150 баспа табақ) кітаптар шығарылды. 400-ге жуық ғылыми танымдық және рухани тәрбиелік мақалалар баспасөзде жарияланды. Теледидар мен радио торабында 450-ден аса сұхбаттар өткізілді. Қауымдастықтың емшілері 2004 жылдың қыркүйек айының 16-18 жұлдызында Алматыда өткен Халық медицинасының конгресінде ұйымдасушылықпен қатысып, қауымдастықтың абыройын арттыра білді. Бүгінде қауымдастық өз қызметін ҚР денсаулық сақтау министрлігі берген лицензия арқылы жүзеге асыруда. Дегенмен емшілерге мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан ерекше мән берілгенмен, шын мәнінде игілікті ғылыми жұмыстардың жүзеге асуына тұрақты мекен-жайдың жоқтығы кері әсерін тигізуде. XXI ғасыр парапсихология ғылымы ғасыры. Әлемдегі көп елдерде тылсым күштің ғарыштық, табиғаттық және адам бойындағы құпияларын зерттейтін парапсихология ғылымы бойынша арнайы мемлекет қамқорлығындағы ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелері жұмыс істеуде. Қазақстанда да осындай ғылыми-зерттеу ұйымдарының қажеттілігін үкімет басшылары еске алғаны жөн. Сондықтан, өтіп жатқан Халықаралық конгресс әлем қоғамындағы барлық тылсым күш иелері мен ғалымдарды біріктіріп, өздерінің ғылыми-теориялық және практикалық тұжырымдарын байытуға және біріктіруге мүмкіндік жасайтынына зор сенім білдіремін. Конгреске қатысушыларға дендеріне саулық, сапарларына сәттілік және қызметтеріне табыс тілеймін! Мейірманды тындағандарыңызға көп рахмет!
Қазақстан Республикасы «Халық медицинасындағы Бақсылық өнері» Халықаралық форумындағы ҚХЕҚ президенті, академик Зядан қажы Қожалымовтың Баяндамасы, Алматы қаласы, 22.07.2006 ж.
Елімізде ғылыми бағытта әр түрлі тәсілдегі халықтық емдеу әдістерінің дамуына жаңа жол ашылды. Қазақстан Республикасының халық медицинасының бір саласы бақсылық өнеріне деген ертеде және бүгінгі ғылыми, діни және жеке теріс көзқарастардың қарсы әрекеттеріне қарамастан, ол адамзаттың барлық өмірінде өзінің қызметін жалғастыруда. Бақсы – жоғары сезімталдыққа ие ғарыштық құпия күштермен тікелей байланысы бар көріпкелдік, жұлдызнамалық, телепатиялық, болжампаздық және ақындық қасиеттерімен бірге, сынықшылық, композиторлық әрі орындаушылық ерекшелікке ие тұлға. Бақсы – емші әрі дәрі жасаушы. Бақсылық тарихы бақсылардың атасы жоғары дарынды және көптеген құпиялық құбылыстардың иесі, VIII ғасырда өмір сүрген Қорқыт атадан басталады. Қорқыт ата – бақсылықтың құпия құбылыстарының негізін қалаушы әрі дәлелдеуші. Бақсы – өз уағында құрметті, ақылды және сырқат жандарды ауруынан құтқарушы ретінде бағаланды. Ғасырлық өзгерістері мен адамзат өміріндегі өркендеу кезеңдері бақсыларды өзінің ортасынан шеттетіп қана қалмастан, оларға билеушілер тарапынан қатал жазалар қолданылып, ұрпақтарына дейін жойып жіберді және ашық түрде бақсылар қасиетіне сенбеу туралы халыққа қатал ескертулер таратылды. Бақсылар – өзінің емдік сеанстарында қобыз, домбыра және тағы басқа музыкалық құралдарды пайдаланады. Сондай-ақ, өзінің жеке мақсаттарына жету үшін әрі сырқат жанның денесіндегі ауруының “Зұлым рухтарын” шығаруға асатаяқ, қамшы, пышақ, қанжар, темір, т.б. құралдарды пайдаланады. Бақсылар “Зұлым рухтар” қатарына албасты, көңаяқ, жезтырнақ, сөрел, орман перісі, жын және шайтандарды ауруды туғызушы ретінде санаған. Бұларды сырқат иесінің денесінен қуып шығу үшін зікір салып, Алладан көмек сұраған. Бақсылардың өзіндік әуені, үндік ырғағы мен сазы болады. Олар кейде түсініксіз сарындар арқылы әндете кетеді. Қазақтың бақсылық өнерін зерделеу XVII ғасырдан басталады. Қазақтың ғалым-жазушылары Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Диваев, Қ. Жұбанов, С. Сейфуллин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамбетұлы, Ә. Қоңыратбаев және орыс ғалымдары зерттеулері бақсылық өнерінің жазбалық негізін қалады. Музыка зерттеушісі Б.Г. Ерзакович бақсы әні сарынын нотаға түсірді. Тарихта аттары аталған “Ұлы бақсы” – Қара бақсы (VI-VII), Тіней бақсы, Асфандияр бақсы, Ізтілеу бақсы, Дархан бақсы, Әбу бақсы, Әжібай бақсы, Кенжебай бақсы, Дәулет бақсы, Омар бақсы, Ноғайбай бақсы, Сыламбек бақсы, Шақар бақсы, Әукен бақсы, Бекберген бақсы, Малбике бақсы, Салтық бақсы, Қара қыпшақ Қобыланды бақсы (батыр емес), Ырғызбай бақсы, Жамансарт бақсы, Берікбол бақсы, Арғын Досмырза бақсы және “Бақсылардың бас бақсысы” Қойлыбай бақсы бақсылық өнерінің қайта келмес зор тұлғаларына айналды. Бүгінде, қауымдастықпен тікелей байланыста болған Нарынқолдықтар Тілеген бақсы, Қырғызбай бақсы, Қали молда бақсы (марқұмдар) және Саржаздық Машуровтар - Оразақын бақсы, Сатқынбай бақсы, Алматылықтар Айтқұрман бақсы, Несіпкүл бақсы, Мұрат бақсы, Нұрбақыт бақсы, Астаналықтар Қантай бақсы, Талдықорғандық Құмар бақсы, Павлодарлық Қуат бақсы, ОҚО-дық Хатша бақсы, Ғазиза бақсы, Қарашаш бақсы, Қарағандылық Бекмұрат бақсы т.б. бақсылардың жеке шеберлік сеанстарын көре аламыз. Әлемде көп бағыт пен көп жүйелі “Бақсылық өнерінің” жеке кереметтік құбылыстарының құпиясы әлі де толық ашылмай келеді. Біз өз бағытымыздың негізгі мақсаттары бойынша дарынды адамдардың ішіндегі бақсылықтың белгісіз құпиялық құбылыстарын зерттеуге міндеттіміз. Осы форум жоғарғы сезімталдық дарынға ие адамдардың және көпшілік қоғамдық күштің басын біріктіріп қана қалмастан, әр түрлі елдегі ғалымдар мен емші-бақсылардың құпия ілімін ғылыми теориялық және тәжірибелік анықтамаларға жеткізуге ықпал ететініне сенім білдіремін. Біз форумның қаулылары мен материалдары Әлем елі мен Қазақстанда халық медицинасының “Бақсылық өнеріне” жаңа жол ашатынына сеніммен қараймыз. Форумға қатысушыларға дендеріне саулық, қызметтеріне табыс тілеймін. Көп рахмет!
Доклад президента АНЦК, Академик З. Кожалымова на I-Международном форуме Искусство Баксы в народной медицине РК
В стране открыть новые пути для развития по научным направлениям различных народных лечебных способности. В народный медицины Республики Казахстан в том, числе «Искусство баксы» не смотря некоторых научных, духовных и личных взгляды оно продолжает свои тайные способности по всем человеческим жизни. Баксы – это высокий одаренный люди имеющееся контакт с космическим силой и обладающие ясновидением, астрологические, телепатические, предсказывающие, гадающие и поэтические способности а также, умеющие костаправтические, композиторические и исполнительнические особенности. Баксы – целитель и травник. В истории Баксы начинается с прожившего VIII века великого одаренного человека который имеющий и обладающий многие способности Коркыт ата. Коркыт ата – главный создатель и доказывающий тайны явление Баксы. Баксы – своевременно был самым уважаемым, умным и спасителем жизни от болезни своего рода и народа. В связи вековой изменению и развитие человеческое жизни отстранили Баксы от среды и наказывали, уничтожали даже их поколении и откровенно информировали не доверья их одаренности. Баксы – во время исполнения лечебного сеанса играет на музыкальных инструментах кобуз, домбра и другие. А также, дополнительно использует для достижение своего целя и уничтожение «Злые духи» от тело больного человека Асатаяк, камшы, нож, канжар, железы и другие предметы. Исследования «Искусство баксы» в народной медицине казахского народа начинается с начала XVII века. Казахский ученые Чокан Валиханов, А. Маргулан, М. Ауэзов, С. Муканов, А. Диваев, К. Жубанов, С. Сейфуллин, А. Байтурсынов, М. Жумабаев, Х. Досмухамбетулы, А. Коныратбаев и русские ученые вели обследование и записи про Баксы.Музыковед Б. Г. Ерзакович своевременно расшифровал на ноту музыку песни Баксы. Известные казахские Баксы Тиней баксы, Асфандияр баксы, Абу баксы, Дархан баксы, Изтилеу баксы, Ажибай баксы, Кенжебай баксы, Даулет баксы, Омар баксы, Ногайбай баксы, Сыламбек баксы, Шакар баксы, Бекберген баксы, Малбике баксы, Салтык баксы, Кара кыпшак Кобыланды баксы (не батыр Кобыланды), Ыргызбай баксы, Жамансарт баксы, Берикбол баксы, Аргын Досмырза баксы и великий баксы Койлыбай баксы оставили в истории Баксы величащееся положительные магические своих тайных явлении. Мы в этом форуме увидим мастерские сеансы Баксы ассоциации Саткынбай баксы, Айткурман баксы, Кантай баксы, Куат баксы, Мурат баксы, Хатша баксы, Несіпкүл баксы, Қарашаш баксы, Ғазиза бақсы, Нурбакыт баксы и другие. Имеющееся одаренности много векторные и направленности «Искусство баксы» до сих пор неоткрыл личные тайности в мире. Мы по своей линии обязаны изучать и оценить космические и человеческие одаренное тайности в том, числе неизвестные явление Баксы. Мы считаем, что настоящий форум откроет новые направление для объединению высоко чувствительных одаренных людей и прогрессивных сил общества, обмену знаниями между учеными и целителями - баксы различных стран а так же, объединению научно- теоретических и практических исследований «Искусство баксы» в народный медицине. Мы считаем, что материалы и постановления данного Форума откроют новые пути для изучение и обследование тайны явлении баксы в народный медицины Мира и Казахстана. Желаю всем участникам Форума отличного здоровья и успехов в деятельности. Спасибо за внимание!
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 15-жылдығына арналған қауымдастықтың кезекті V-Құрылтайында қауымдастықтың президенті, академик Зядан қажы Қожалымов мырзаның БАЯНДАМАСЫ Алматы қаласы, 22.12.2006 ж.
Құрылтай делегаттары! Қауымдастықтың отыздан аса мүшелері қасиетті Меккеге барып негізгі қажылық парыздарын абыроймен өтеп келіп, өздерінің діни тәрбиелік үгіт-насихаттарын көпшілік арасында жалғастыруда. Мұстапа Күләй қажы, Кенжебайқызы Дәмеш қажы (Астана), Құттыбаева Қализа қажы, Жандоңғарова Нағипа қажы, Қалмағанбетова Маргарита қажы, Бөлебаева Бибігүл қажы (Ақтөбе), Сапарбекқызы Рымтай қажы (Павлодар), Қорғанбаева Майра қажы, Сейсенова Қадірсіз қажы (ШҚО), Ибраимов Адамбай қажы (Талдықорған), Мұсабаев Нұрсан қажы (Алматы обл., Үшарал қаласы) т.б. бүгінде рухани тәрбиелік орталықтың білімді басшыларына айналды. Үш жүзден аса мүшелер бір және екі жылдық діни медресенің курстарын бітіріп, өз білімдерін ықылас білдірушілерге үйретуде. Құрылтай делегаттары! Халық емшілерінің емшілік қасиетінің негізін ғылымға қосқан медициналық энциклопедиялық «Шипагерлік баян» еңбегін тарихта қалдырған XV ғасырдың дала ғұламасы, ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының туған жері Шалкөденің Айғайтасының Қарааршасы қыратына (қазіргі Райымбек, бұрынғы Нарынқол ауданы, Алматы облысы) қауымдастықтың Төралқасы мен мүшелері ұйымдастыруымен арнайы ескерткіші қойылды (23.07.2003). Қауымдастықтың емшілерінің діни білімін жетілдіру мен халыққа рухани тәрбиелік қызметін жақсартуда Түркиядан арнайы шақырылған қауымдастықтың мүшесі, рухани-шипагер Шыңғыс қажы Зухабатыр (Чолпан Женгизхан) өз үлесін қосуда. Қауымдастықтың 1-вице президенті, Мырзагелдиев Ермек мырза Алматы облысы, Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылында 500 намазхандық екі қабат мешіт құрылысын сапалы аяқтап, осы жылдың 27 қазанында салтанатты түрде мешіт кілтін аудандық әкімдікке табыс етті. Төралқа Ермек мырза халқының алғысына, ата-баба аруағының ризалағына және Алла Тағаланың рахымына бөленуіне тілектестік білдіреді. Қауымдастықтың мүшесі халық емшісі Жалмаханова Сағира ханым қалалық әкімшіліктен 500 намазхандық мешіт салу үшін 1996 жылы Байқоңыр қаласынан жер алып, оның құрылысын жартылай аяқтап келеді. Құрметті делегаттар! Қазақ топырағынан жаралған ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, т.б. еңбектерінде де халық емшілігінің өзіндік ерекшеліктері мен болашағы жөнінде анықтамалар беріледі. Қазақ халық емшілігінің алғашқы ғылыми негізін XV ғасырдың дала жаһангері, ғұлама ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1483 жж.) өзінің «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегінің құндылығына бүгінде қазақ елі ғалымдары ғана емес, әлемнің көптеген медицина және гуманитарлық ғылымдарының ғалымдары мен зерттеушілері де жоғары баға беруде. Қауымдастықтың президенті басшылығында 1996 жылдан бастап ғалым-шипагердің «Шипагерлік баян» еңбегін ғылыми тұрғыда зерттеп, қырықтан аса ғылыми танымдық мақалаларын ғылыми журналдарда, кітаптарда және газеттерде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таныстырып келеді. XVII-XVIII ғасырда орыс офицері, географ Н. П. Рыжков, дәрігер С. Большой, XIX ғасырда генерал-мойор В.Б. Броневский, әскери дәрігер А. Ягмин және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов т.б. зерттеп, халық емшілігінің мол жазба деректерін қалдырды. Қазақтың оқымысты ғалымы Әміре Айбақын XIX ғасырдың аяғында қымыздың туберкулезге емдік қасиетін анықтады. XVII-XIX ғасырда өмір сүрген әскери дәрігер-емші Құртқа баб (1770-1906 жж.) халықтық дәстүрлі емес медицинаның негізін байытып, оның ғылыми медицинамен арақатынасын жақындатты. XX ғасырда дәрігер-жазушы З. Шашкин қымыздың емдік қасиетін байыта түсті. Ғалым-жазушы Естөре Оразақов, шөп дәрімен емдеуші ғалымдар М. Қожабеков, Сәлкен Суханбердин т.б. ғалымдар дәстүрлі емес халық медицинасының дамуына жол ашып, оның өркендеуіне үлестерін қосты. XX ғасырдың 60-жылдарының басында Алматы қаласында сол кездегі Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі, м,ғ.д., профессор Сағиғатулла Қарынбаев «Бүкіләлемдік дәстүрлі емес халық медицинасының I-конгресін» өткізді. Конгрестің қаулылары мен шешімдері негізінде әлем елінде дәстүрлі емес халық медицинасының қалыптасуына жол ашылды. Қазақстанның Оңтүстік астанасы Алматы қаласында дәстүрлі емес (1961) халық медицинасы мен ғылыми медицинаның (1978) I-Халықаралық конгрестері өткенін ескерсек, Алматы қаласы әлемде осы екі сала бойынша олардың «Алтын ордасына» айналғаны бізді қуантады. Қазақ елінде халықтық және ғылыми медицина туралы қабылданған қаулы-қарарлар әлемдік медицинаның дамуына негіз болды. Бүгінде қазақ халық емшілігінің алтын қорына айналған XV ғасырдың ғалым-шипагері Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегін және халық емшілігін медициналық, философиялық, психологиялық тұрғыдан ғылыми зерттеуде ҚазҰУ-нің профессорлары С.Ғаббасов, Ж. Молдабеков, Қ. Жарықбаев, ҚазМҰУ-нің профессорлары: Т. Момынов, Ә. Нұрмұханбетұлы, Ә. Рақышев, Ш. Абдуллаев, А. Жақанов, Е. Керімбек, доценттер: Т. Бекенов, Ә. Өмешұлы, Т. Төлендиев, академиктер: Ш. Сарыбаев, Т. Шорманов, Еуразия ҰУ-нің профессорлары М. Жолдасбеков, Д. Мәсімханов және ШМУ-нің профессоры Т. Әлсатов, ҚХЕҚ президенті, академик З. Қожалымов т.б. ғалымдардың танымдық еңбектері халық емшілігінің өркендеуіне негіз болуда. Еліміздің тәуелсіздігінің жемісі халық емшілерінің қасиеттерін ашуға, жеке құдіреттерін дәлелдеуге, халықтың денсаулығын жақсарту мен имандылығын арттыруға арнауына, экологиялық ахуалдың жақсаруына көмектесуіне, сыртқы тылсымдық құпиялы қаракүштерге қорғанысқа шығып тойтарыс беруіне және киелі қасиеттің әр саласы бойынша әлемдік дәрежеде дәлелдеулеріне, танытуына әрі мойындатуына мүмкіндік туғызды. Киелі қасиет – ол Алла Тағалланың өзі сүйген, қалаған пендесіне дарытқан құпиялы тылсым күштің нұры. Сондықтан да ол – атадан балаға жалғасып келе жатқан киелі тектік халықтық өнері. Ол – халықтың рухани өрісінің биік деңгейі әрі жеке адамға сыйлаған құдіретті сыйы. Бұл Жаратушы иеміздің өз құпиясы әрі құдіретті қасиеті. Киелі қасиет ол пайда табудың, басқаларды қорқытудың, адами ар-намысқа зиян келтірудің құралы емес. Киелі қасиеттің өлшемі жоқ. Ол – шексіздіктің құдірет иесі. Тылсым құпиялы киелі қасиетті оның жеке иесінен ешқандай билеушілер мен бұйрықшылар және қарапайым адамдар да алып иелене алмайды. Бүгінгі таңда құрылғанына 15 жыл толған Қауымдастықтың мүше-емшілеріне, тілектес ғалымдарға, жанашырларға және халқымызға қауымдастық Төралқасының атынан рахмет айтамыз. Қауымдастықтың басшылары мен мүшелері ҚР заңдары мен Конституциясы негізінде өз Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін абыроймен атқарып бұдан былай ғұмырлы киелі шаңырақтың мәңгілік болуына үлестерін қосарына сенім мол. Сөнген мұраның отының мәңгілік жануына, жоғалған тектік мұраның орнына келтіруінде және еліміздің гүлденген ел болуына Алла Тағаланың шапағат нұры жаусын! Тыңдағандарыңызға рахмет!
Жыр шашу
Аяз Бетбайұлы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Құрмет» – орденінің иегері, белгілі жыршы, ақын, сазгер. Осы сәтте шырқалсын тәуір әнім, Ешқашан да ағайын ауырмағын. Ассалаумағаликум, емшілері, Шипа болған сырқатқа бауырларым! Мықты қонысың, Түпкі болсын. Қауымдастыққа 15 жыл, Құтты болсын! Жанып тұрған жұлдыздай шырақтар-ай, Орындалсын ой-арман мұраттары-ай. Қорқыт ата, Өтейбойдақ, Әлмерек баба, Армысыздар Қойлыбай бақсы ұрпақтар-ай. Ахау арман Дүние жалған Жалған емей немене Жаныңды алған, Ахау-бүрлен Өмір сүрген Арманы көп пенденіңТірі жүрген. Бабаларым, даналарым Әруағыңды сендердің Жағаладым! Шерткен екен Жеткен екен Ұрпақты ойлап бабалар Өткен екен! Ағып жатқан мөлдіреп Бұлақтаймыз Ылайланса әрине ұнатпаймыз Қазақстан жерінде тұрақтылық Саясатын Елбасы – қуаттаймыз. Табыс хаты Таныс заты Абырой берсін емшілерге Алғыс хаты! Әруақтарды жасыңнан қозғап жүріп, Келешегін ұрпақтың болжап жүріп. Емшілердің емшісі Зядан мырза Мақсатыңа жетіңіз Қожалымов! Қысы жазы Дұға сазы Қабыл болсын ниетің Зядан қажы. Жас кезінен еңбекпен айналысқан, Қиялменен жұлдыздар ойға ұшқан зядандай Зиялыны ардақтаймын Тылсым күшпен тікелей байланысқан. Бұл бір текті Білгір епті Өзіне құдай дарытқан Құдіретті Дұшпандардың тізесін бүктірдіңіз, Әруақтарға бас иіп тік тұрдыңыз. Қиянаттың кездескен бәрін жеңіп, Бір Алланың ақ жолын ұқтырдыңыз. Ара түсіп ауруға шырылдайсыз, «Жын-шайтандар» – шақырса бұрылмайсыз. Бұл жөнінен келгенде рухың биік, Хан-Тәңірі Заңғары – шыңындайсыз! Ауызға алып сөйлейсіз құдайым – деп, Сынбайды ғой құдайсыз қурайым – деп Батырлардың батыры – қасиетті, Қолдап жүр ғой бабамыз Райымбек! Қуанышты осынау естіп келдім, Шақырған соң әрине кешікпедім. Бір Алланың сіздерге нұры жаусын, Ашық болсын ел үшін есіктерің! Ән иесі Тәрбиеші Емшілердің – Зядан Әулиесі Сыйлы адамға Сыйлаған да Рахмет айтамыз Зяданға! Аумин! Тылсымды ғылымға айналдырып, Шапағатын шашуда бар адамға. Құтты болсын тойларың емшілерім, Әр шетінен білімді кемеңгерім. Келер тойда тағы да кездесейік, Мақтанышы емшілер өз елімнің.
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 | |||