орындалған Аманат | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
Қожалымов Зядан қажы Алматы облысы, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы». Білімі жоғары. Мамандығы – инженер-электрик. Философ-психолог. Мәдениеттанушы-ғалым, Өтейбойдақтанушы. Дінтанушы. Ақын-сазгер. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын алған (2005). Діни медреседе оқыған. Философия, психология мамандықтары бойынша білім алған. ҚазССР Ғылым Академиясы жанындағы қоғамдық «Халық Университетін» қазақ әдебиеті тарихы бойынша тыңдаушы ретінде бітірген (1966-1968). 1998 жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психология және философия кафедраларында халық шипагерлігін зерттеуші ғалым. 2003 жылы қажылық парызын өтеген. 1944 жылы шілденің 1-жұлдызында дүниеге келген. 1963 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданының Абай атындағы орта мектебін бітірген. 1963-1964 жылдары Нарынқол ауданының Текес ауылдық Кеңесінің хатшысы және осы жердегі К.Маркс атындағы колхоздың комсомол ұйымының хатшысы, 1964-1969 жылдары Қазақ Мемлекеттік Ауылшаруашылық институтында оқып, инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген. 1969-1976 жылдары К.Маркс және Калинин атындағы колхоздарда Бас энергетик, 1977-1986 жылдары аралығында Нарынқол аудандық электр жүйесі мекемесі мен «Сельхозэнерго» кәсіпорынының директоры болған. Нарынқол ауданының энергетикасы мен радиоторабы және телевизиялық жүйесінің өркендеуіне жеке ерекше үлес қосқан. 07.1986-09.1990 жылдары аралығында «Алматы Ру» энерго басқармасының мекемелерінде мемлекеттік энергонадзор инспекторы, материалмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және «ҚазЭлектроМонтаж» тресінде жауапты қызметтер атқарған. 09.1990-12.1991 жылдары аралығында «Қазақстан» Ассоциациясының бірінші вице-президенті. Қазақстан Журналистер және Психологтар Одағының мүшесі (1996). Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құру жөніндегі алғашқы ұйымдастыру комитетінің төрағасы (30.09.1991). Қазақстан халық емшілері қауымдастығының тұңғыш президенті (22.12.1991). ҚР Халық медицинасы және космоэнергетика академиясының президенті- академигі (2006), Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының президенті (2004), қоғамдық Қазақстан халық емшілері қорының президенті (2004). Халықаралық Экология академиясының академигі (2004). Халықаралық М. Нострадамус атындағы проскопиялық ғылымдар академиясының академигі (2003, Париж). Әлемдік рухани және халық емшілері академиясының академигі (2004, Мәскеу). «ЖАС-АЙ» Шығыс-Тибет медицинасы журналының редколлегия мүшесі. Халықаралық «Возрождение» қауымдастығының вице-президенті (1992, Мәскеу). Халықаралық «Жаңа өрлеу», «Бейбітшілікке – мәдениетпен», «Парапсихология», «Туысқандық» және Ресей халық емшілері қауымдастықтарының толық мүшесі (1991), III мыңжылдықтың үздік емшісі, ҚР Құрметті кәсіби халық емшісі, Әлемдік деңгейдегі емші. Халықаралық дәрежедегі парапсихолог. Халықаралық ұйымдар мен Ресей халық медицинасы ұйымдары сертификаттары мен медальдарының иегері. “Халық емі” газеті Ақылдастар алқасының төрағасы (1992). «Шипагерлік баян» газетінің Ақылдастар алқасының төрағасы-Бас редакторы (2002), Қауымдастықтың «Шалкөде» баспасының директоры (2004). ҚазҰУ жанындағы «Этнопсихология» және «Педагогика» ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми хатшысы қызметін қоса атқарған (1999-2000). Республикалық халық медицинасы орталығы бас директорының орынбасары қызметін қоса атқарған (2004-2006). Академик М.Әлиев пен т.б. авторлардың «Қазақтың халық медицинасының ғылыми көкжиектері» (Алматы, «Атамұра», 2003), м.ғ.к., академик Т.Бекеннің «Ислам және медицина» (Алматы «Шалкөде», 2006) және «Рухани саулық – денсаулықтың негізі» (Алматы «Шалкөде», 2006), п.ғ.к., профессор С.Құрбанқожаның «Дәрі-дәрмексіз емдеудің құпия сырлары мен негіздері» (Түркістан, 2008) және «Физические основы народной и нетрадиционной медицины» (Түркістан, 2009), Дін мен тылсым құпияны зерттеуші К.Тулешовтың «Ғылыми зерттеу еңбектері», (Түркістан, 2009) және «Коран Карим гимн Всевышнего» (Алматы, Нұрлы Әлем, 2011) ақын С. Жұмановтың «Өмір сыйы» жыр жинағына, (Шымкент, 2009) т.б. авторлардың әр түрлі салалы еңбектеріне пікір жазған. Ғылыми дәрежелік атақ алу үшін қорғайтын диссертацияларына зерттеушілер ғалымның еңбектерін пайдалануда. Психология мен философиялық таным бойынша халық медицинасы мен XV ғасырдың ғалым емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы 40-тан аса ғылыми танымдық мақалалары арнайы ғылыми басылымдар мен журналдарда жарияланған (1998-2011). Ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегін зерттеп тұңғыш ғылыми жүйеге енгізуші. Ғалым шипагердің еңбегі негізінде сахналық көріністің сценариі мен «Шипагер баба» әнін жазған және сахнаға шығартқан тұңғыш авторы (Тараз, 24.07.2009). Осы тақырып негізінде ғылыми монографиясы ҚазҰУ Мәдениеттану және тарихы кафедрасының ғылыми кеңесі шешімімен (29.12.2008) «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» баспадан шықты (2009) және орысшаға аударылды (“Целительская традиция и философия, 2010). «Батыр баба – Әлмерек», (Алматы: Экономика.-2002.-107 бет.), Жетісу энциклопедиясына (2004), “Қазақ жерінің Зиялы азаматтары - Почитаемые люди земли казахской” жинағына (2005, 390-392 бб), «Қазақстан қажылары» (2004, том 2), «Албан Ата шежіресі» (Алматы, Атамұра.-2003.-7 б.), «Албан Ата шежіресі» (1-2 том, Алматы: Атамұра.-2011.-7,85,687-690 бб.) және «Халық емінің құдіреті» (Алматы, Қайнар.-1993.-5-16 бет) сонымен қатар басқа жеке авторлардың еңбектеріне де енген. «Көк тәңірі жүр жебеп» (2000), «Мәңгілік құпия шежіресі» (2001), «Шапағатты рух ордасы» (2001), Алматы «Сөздік-Словарь»), «ҚР Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» (1- 2 жинақ (2004-2005, Алматы «Нұрлы Әлем») ҚР «Дәстүрлі емес халық медицинасы» (Алматы, «Шалкөде», 2005), «ҚР Халық медицинасының Бақсылық өнері» және «Тылсым дүниенің құпия емдері» және «Рухани емшілік ғаламаттары» (Алматы, «Шалкөде», 2006), «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық емшілігінің өркендеуі» (Алматы, «Шалкөде», 2007), «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары» (Алматы, «Шалкөде», 2008), «Қазақтың ғалым шипагері Ө. Тілеуқабылұлы» (Алматы, «Шалкөде» 2009), «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» (Алматы, «Шалкөде» 2009), «Ғаламның жұмбақ сырлары» (Алматы, «Шалкөде» 2010), «Целительская традиция и философия» (Алматы, «Шалкөде» 2010), «Қазақстанның дарынды емшілері – Одаренные целители Казахстана» (2010) анықтамалығы (Алматы, «Шалкөде» 2010), «Рухани және музыкалық шипагерлік» (Алматы, «Шалкөде» 2010), «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» (Алматы, «Шалкөде» 2011) және «Денсаулықты жақсарту жолдарының тәсілдері» (Алматы, «Шалкөде» 2011), «Орындалған аманат» Алматы, «Шалкөде» 2012), «Ақ гүлім» (Алматы, «Шалкөде» 2012), атты көлемі 425 баспа табақ 22 кітаптың оның ішінде 7 монографиялық еңбектің авторы. «Батыр баба –Әлмерек» (2002), «Албан Ата шежіресі» (2003, 2011), кітаптарының авторларының құрамына енген. Оның ән толғаулары қазақ радиосының “Алтын қорына” қойылған (№ 411, 1997 және 2009). 50-ден аса газет-журналда, Қазақ энциклопедиясында 300-ге жуық ғылыми-танымдық, рухани-тәрбиелік мақалалары жарияланған. 30-дан аса әннің сазы мен сөзінің, толғау, термелердің авторы. З.Қожалымов туралы елуден аса авторлардың мақалалары баспасөз беттерінде жарияланған. 1991 жылдан бастап республикалық және облыстық теле-радио арналары мен тораптарында 200-ден аса сөз сөйлеп және сұхбаттар берген. Халықаралық конгрестерге Мәскеу (18.06.1991), Алматы (26-29.09.1991), Алматы (18-21.10.1992) және Крым, (Гурзув, 3-9.10.1993) т.б. орындарда қатысып баяндамалар жасаған және шеберлік емдеу сеанстарын жүргізіп жоғары нәтижеге жеткен. Өзінің ұйымдастыруымен «ҚР Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» (Алматы, 16-18.09-2004), ҚР «Дәстүрлі емес халық медицинасы» (Алматы, 22-24. 09. 2005), ҚР Халық медицинасының «Бақсылық өнері» (Алматы, 22-24.07.2006), «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық емшілігінің өркендеуі» (Шымкент, 23-25.07.2007), «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары» (Түркістан, 24-26.07.2008) және «Қазақтың ғалым шипагері Ө.Тілеуқабылұлы» (Тараз, 24-26.07.2009), «Рухани және музыкалық шипагерлік» (Астана, 23-25.07.2010) атты Халықаралық конгрестер мен Форумдардың бағдарламаларын жасап және басқарып төрағалық еткен. Бүгінде халық медицинасы мен тылсым құпия сырлары жөнінде ғылыми зерттеу жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. Автокөлік әскери мамандығы бойынша запастағы капитан шені бар офицер. Жұбайы Түймекүл Құлмаханқызы екеуі алты баланың ата-анасы (екі ұл, төрт қыз), бәрі жоғары білімді, жанұялы және ұрпақты.
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алатау ауылы, Мамыр көшесі, 30үй. тел.: 8 (727) 298-78-74, ұялы тел.: 8 701 337 6454, 8 777 756 9192.
БІЛІМІ МЕН ДӘРЕЖЕСІ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРЫ
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 | |||
|