орындалған Аманат
19
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 


ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗДЫҢ БІРЕГЕЙ ДӘЛЕЛІ

(ҚХЕҚ-ның XVI-Құрылтайында сөйлеген құттықтау сөз)

 

Әлемдік ғылым мойындаған «әр халықтың өзіне тән ұлттық мақтанышы болады» деген бір қасиетті ұғым  бар.

Әлхамдұллаһй, Біздер  бүгін  жер  жәннәті Жетісудың қасиетті Алатау бөктерінде,  Қазақ елінің тәуелсіздігін жариялап, көк туын көтерген Алматы қаласында бас қосып,  ата-бабаларымыздың ақыл-парасаты мен дәстүрлі халық емшілер ұжымының 20 жыл  бойы табанды түрде халқына қызмет көрсеткен, Қазақстан халық емшілер  қауымдастығының (ҚХЕҚ) мерей тойына келіп бас қосып отырмыз. Сондай-ақ Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдық ұлы мерекесі мен бір мезетте аталып  отырған  осы VI-Құрылтай, Ақжолтай халқымыздың тарихи қуанышының жеңісі мен жетістігінің де бірегей дәлелі болып табылады.

Мен Қытайда туып өскен және сол елдегі Құлжа қаласында тұратын Қазақ  қызымын. Сондықтан бүгінгі күні менің тарихи отанымның жеңістері мен жетістігі,  менің де бірегей ұлттық мақтанышым болып табылады. Әрине дәстүрлі халық емшілігі деген киелі ұғым алдында, Қазақ емшілері бес ғасырдан астам тарихы бар әлемдік деңгейдегі  қараүзген қасиетті емші бабамыз – Өтейбоидақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян»  атты атақты еңбегін тұңғыш баспадан шығарып, көмескі қалып бара жатқан үлкен  ғұламаны, әлемге машһұр етуге үлес қосқан Қытай ғалымдары мен Қытай өкіметіне,  сауаты кемел әр Қазақ азаматы бұл күні алғыс айтуда. Демек мұның өзі, дәстүрлі халық емгерлік ғылымын әлемнің алдыңғы қатарындағы Қытай елінің Қазақтың шипагерлік ғылымын толық мойындағаны, ұлтымыздың рухани мәдени байланыстағы жетістігі деп  білеміз.

МашАллаһ, ұлтымыздың демекші осы бір жетістігіміз сөз болған сәтте, біз  Қазақстан халық емшілер қауымдастығы мен осы ғылыми құрылымның іргетасын өз  қолымен қалаған ҚХЕҚ Президенті, Академик Һәм көрнекті қаламгер, һәм Қоғам қайраткері,  Зядан  Қожалымовтың да дарынды ұйымдастырушылық еңбегін айырықша алғыспен мақтаныш етеміз. Бұл сөзіміздің дәлелі, Өтебойдақ сынды тарихи ғұламамызды, халықаралық деңгейде, ЕуроАзия халқына таныту жолында, З. Қожалымовтың ғылыми қолтаңбасы, ғылыми көпшіліктің шынайы алғысына ие болды. Мұның бір мысалы үстіміздегі жылы ҚХР, Іле Қазақ автономиялы облысына шақыру бойынша барған Зядан ағаны, ондағы Қытай елі ғалымдары мен қаламгерлері зор қошаметпен  қабылдады.Ал ҚХР-да тұратын отандастарымыз қараүзген ғалым –  З. Қожалымовты, Өтейбойдақ бабаны тарихи отанымыз арқылы әлемдік мінбеге шығарғаны үшін, Аллаһ разы болсын деп алғыстарын жаудырды.

Мен Қытайдағы қазақтар арасында, музыка мәдениетіне қызмет көрсетіп жүрген кәсіпқой музыкант-домбрашы Анар едім, енді міне бір Алланың жәрдемімен ата-бабамнан мирас болған  шипагерлік жолды қабылдап тарихи отаныма ат басын бұрып, Зядан Қожалымов сынды дарынды ғалым жетекшілік ететін Қазақстан халық емшілері  қауымдастығының мүшесі, білгір-емші болып қалыптастым.

Қадірменді, ағайын-туыс, алаш азаматтары мен Сіздерге, отаннан шалғайда  жүреген Қазақ бауырларыңыздың Қазақ елінің тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы той – мерекесіне деген ықыласқа толы отаншылдық сәлемін әкелдім. Алла тағала барлық  істерімізге береке бергей, Алланың рахметі бәрімізге шапағат нұрын төгіп, еліміздің Тәуелсіздігі ұзағынан сүйіндіріп, баянды бола берсін деп тілейік ағайын!  Әумин!!!

 

Анар Қыдырханқызы,

әнші, ҚХР  Құлжа қаласы, 2011 ж.

 

 

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ТЕТЕ ҚАУЫМДАСТЫҚ

 

Өткен аптаның қасиетті жұмасында Алматы қаласындағы Ғалымдар үйінде Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 11 құрылтайы болып өтті. Аталмыш құрылтай Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығы, Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісінің 20 жылдығы сонымен қатар Халық емшілері қауымдастығының 15 жылдығы сонымен қатар Халық емшілері қауымдастығының 15 жылдығына байланысты арнайы өткізілді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған қауымдастық қазіргі уақытта Халық медицинасында өз орны бар үлкен ұйымға айналып отыр. Қарамағында бес мыңға жуық мүшесі, еліміздің 10 облысы мен 20 қаласында филиалдары бар ұйым қазіргі таңда әлемдік және халықаралық түрлі конференциялар мен жиналыстарға қатысып тәжірибе жинақтап, іскерлік біліктіліктерін нығайтуда. Халықаралық дәрежедегі Ресей және Қазақстанның халық емшісі, Халық емшілері қауымдастығының президенті Зиядан қажы Қожалымов басқаратын ұйымда 100-ге тарта шетел азаматтары да мүшелікте болса, 5 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты бар. 2500-ден аса емшілер қауымдастық жанынан құрылған емшілік-кәсіби мектептерде білім алса, қасиетті күш иелерінің 15-ке жуық тарихи, рухани тәрбие, ғылыми-танымдық әдістемелік кітаптары осы қауымдастықтың «Шалкөде» баспасында жарыққа шығып, халыққа кеңірек таралған. Сонымен қатар, халық медицинасы, ғарыштық қуат, рухани-емшілік бағыты бойынша оқу-әдістемеліе мектептер мен XVғасырда өмір сүрген атақты емші-тәуіп Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты қоғамдық ғылыми зерттеу орталығы жұмыс істейді. Осы оқу орындарында 2000-ға жуық емшілер дәріс алса, алдағы уақытта да халық емшілерінің білімі мен біліктілігін арттыруда жұмыс істей беретінін жеткізді. Қауымдастық жұмыстарын кеңірек насихаттайтын «Шипагер» анықтамалық журналы мен «Шипагерлік баян» атты республикалық газеті де жұмыс істейді. «Экология» Академиясының академигі Зиядан қажы Қожалымов сонымен қатар 127 халық емшісі қауымдастықтың «Құрметті мүшесі» атағына ие болса, Халықаралық Ресей және Қазақстанның қоғамдық академиясын бітірген 22 емші ең жоғарғы ғылыми дәреже академик атағымен марапатталған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан арнаулы «Алғыс хат» алған қауымдастық өкілдері алдағы уақытта да халық емшілерінің болашағы жайлы, атқарылатын жұмыстарына кеңірек тоқталып, халықтың көзі мен құлағы болып отырған БАҚ өкілдеріне де разылығын білдірді.

Н. Дәуренбеков

 

 

КОНГРЕССТЕР МЕН ФОРУМДАРДЫҢ СУРЕТТЕРІ

 

  1. Халық медицинасының «өткені, бүгіні және болашағы» халықаралық конгресі

Алматы қаласы, 16 - 18.09.2004 ж.

 018-3

Төралқа мүшелері

Scan0028

Конгреске қатысушылар

 

  1. «Қазақстан республикасының дәстүрлі емес халық медицинасы»  халықаралық конгресі

Алматы, 24-26.09.2005 ж.

f

Конгрестің ашылуы

Scan0029

Конгреске қатысушылар

 

  1. Қазақстан республикасы «халық медицинасындағы бақсылық өнері» халықаралық форум

(Алматы,21-23.07.2006 ж.)

2006-1

Форумның ашылуы

Scan0016

Форумға қатысушылар

 

  1. «Қазақстан мен орталық азиядағы халық медицинасының өркендеуі» халықаралық конгресі                      (Шымкент, 26-28.07.2007 ж.)

 DSC00029

Төралқа мүшелері

DSC00028

Конгреске қатысушылар

 

  1. «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары құпиялары» халықаралық форум

( Түркістан, 25-27.07.2008 ж.)

 

08-1

Форумның ашылуы

 

DSC00003 

Залдың суреті

Жиналыс Төралқасы

 

DSC000202

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалуда

 

  1. «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ( ХV ғ.)» халықаралық конгресі

Тараз қаласы, 24-26.07.2009 ж.

09-1

Конгрестің ашылуы

09-5

Жиналыс Төралқасы

IMG_0258

 

IMG_0312-1

Конгрестің жабылуы

 

  1. «Рухани және музыкалық шипагерлік» халықаралық конгресі

(Астана, 23-25.07.2010 ж.)

IMG_3603

Конгрестің ашылуы

IMG_3948

Жиналыс Төралқасы

 

IMG_3628

 

Марапатталушылар

 

Scan0013          f

Т.Кожалымова (Алматы қаласы)                             профессор КазҰУ  Ж. Молдабеков (Алматы қаласы)

IMG_4278

Кешкі дастархан (Астана, 24.07.2010)

 

IMG_4306

Астана қаласы, 24.07.2010 ж.

f

 

АСТАНАНЫҢ МӘДЕНИ ОРЫНДАРЫ

IMG_3285

IMG_3142         f

IMG_3340

Кенесары хан ескерткіші (Астана қ., 2010)

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39




вверх