орындалған Аманат | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
ЖАЛҒАНДЫҚТЫҢ ЖОЛЫ ҚЫСҚА
Халқымыздың қанымен жалғасып келе жатқан тектік қасиеттің емшілік саласы бүгінде қалың жұртшылықтан өз бағасын ала бастады. Қазақ елінің жекеленген халық емшілерінің ерекше құдіретін өз еліміз де ғана емес, шет елдегі ғалым зерттеуші және емші-көріпкелдер де мойындауда. ҚХЕҚ өткен жылғы қыркүйек айының 16-18 жұлдызында Алматыда «Қазақстан Республикасы халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» атты I-Халықаралық конгрестің өтуін ұйымдастырып, өзінің толық қызметін көрсетіп, емшілер ризашылығына бөленді. Халық емшілігінің сонау XV ғасырда-ақ ғылыми негізін қалаған ұлы ғұлама, дала ойшылы, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы екені ғылыми жолмен дәлелденіп, конгресс делегаттарын мойындатты. Бүкіл әлемде алғаш халық медицинасының ғылыми әрі танымдық еңбегі қазақ елі топырағында жазылуы, бүгінгі кейбіреулердің біздің халқымыз туралы «сауатсыз, ілім болмаған» деген сандырақтарын жоққа шығарды. Ұлы ғұлама Өтейбойдақ ілімін жалғастырып әрі дамытқан XIX ғасырда дәрігер-емші Құртқа баб болды. Қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов та бұл іске өзінің мол үлесін қосты. XX ғасырда жағдайдың ауырлығына қарамастан дәрігер-жазушы Естөре Оразақов, шөп дәрігері М. Қожабеков, ғалым С. Суханбердин және бұрынғы КазССР Денсаулық сақтау министрі С. Қарынбаев т.б. қазақ халқының дәстүрлі емес халық медицинасының абыройын ғылыми және тәжірибелік салада дамыта отырып, әлемдік дәрежеде өз орнын алуы үшін еңбектенді. Ел тәуелсіздігінен кейін халық емшілеріне еркіндік берілді. Осы рақымдылықты абыроймен атқарып, халық шипагерлік емін көрсетіп жатқан халық емшілері де баршылық. Дегенмен пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқандай, «жасанды пайғамбарлар», «әулиелер», «аналар» т.б. атаққұмарлар емшілер арасында пайда болғанын бәріміз білеміз. Бүгінде Алланың елшісі болған «Ақ Бекет әулие», «Сары әулие» – (Марат Есебаев), «Ақ әулие» (Серік Жұмахметов, Кентау), «Көк тақиялы әулие» – (Алтай Сүлейменов, Жамбыл, Отар стансасы), әйелдерден шыққан «Райхан әулие» – (Райхан Әуелбекова, Жезқазған қаласы), «Ақ әулие» – (Мәрия Бөребаева, Шымкент), «Қара әулие» (Лиза Бекқожина, Ақтөбе, Қандыағаш), «Сейітжан әулие» (Қарағанды) және ақтөбелік «Ғарышкер» 33 қабат аспанға ұшқан «Үлкен апа» – (Зура Әлімжанова), «Алып апа», Ферғаналық София емшіге ұқсаған «әруақпен емдеушімін» деушілер т.б. жанама атағы барларды бүгінде іздесең де таппайсың. Олар өздерін кім екендіктерін қоғам және халық алдында дәлелдегендей. Десе де, әлі де өзін Жаратушы ием етіп үгіттеп келе жатқан Алматы облысы, Шонжы елді мекенінің тұрғыны, кешегі жүргізуші, бүгінгі зейнеткер жасындағы «Фархат ата» атанған емшінің «Бүкіл адамзат баласы екі жарым миллиард жыл бұрын менің әйелім Нинадан жаралған», - деп 10 жылға жуық халықтың басын айналдыруына тосқауыл қоюды бақылаушы заң орындары қашан орындары белгісіз. Бүгінде «Фархат ата» емдеу орындары ешқандай лицензияланбаған. Ешқайда есепте жоқ. Оның ордалары Қазақстаннан тыс елдерде де ашылған. Оның негізі идеясы. Эксремистік діни ағым бағдарламасымен адамның ойлау жүйесін дуалау, сиқырлау және өзгерту екені белгілі болғанын халық білген жөн. Өйткені «Фархат ата» – емдеу орталықтарында емделушілері мен шәкірттерін психологиялық ауытқушылықпен өлімге де соқтырып жатқаны жөнінде баспасөзде көптеп жазыла бастады. Қараңыз: /«Время» газеті, 23.12.2004 ж. авт. Стас Киселев, Қостанай қаласы/. Бүгінде республика аймағында өзін жасанды «Ақ ұл» деп атап жүрген Қыдырәлі Мамбетұлы Тарыбаевтың /Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл музейі/ заңсыз ашылған ордалары жөнінде көптеген қарсы пікірлер де баспасөз бетінде жариялануда. Халық емінің қадірін көтеріп, киелі қасиеттің берерін молайту үшін жалпы жасаңды атақұмарлар мен жалған емшілерге, жалданбалы дінбұзарларға тосқауыл қою қажеттігі – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болуға тиіс. Тізе берсе таусылмас бұл жалған емшісымақтар «Өтірік өрге баспайтынын» білмей ме? Мәселен, БАҚ арқылы өзін жоғарғы медициналық білімі бар, тіпті сол саладан ғылым кандидатпын деп орынсыз жарнамалатқан бар болғаны орта білімі ғана бар Алматылық Әбдірахман Тохтахуновты алайық. Біз қауымдастық арқылы тиісті орындардан анықтағанымызда (Алматы Мемлекеттік Ұлттық университеті, ЖАК) бұл құжаттардың жалған, сатып алынғандығы белгілі болды. Сөз реті келгенде айта кетейік, мұндай әрекеттер ҚР Қылмыстық Кодекстің 177 бабымен алаяқтық деп танылып, тиісті жазаға тартылады. Бұндайларға қайталап айтарымыз, «Жыртқыш құстың самғауы аспанда болғанмен, тұзағы – жерде». Сондықтан «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам». Міне, осындай жалған емшілер ұлттық, тектік қасиетімізге, ҚХЕҚ-ның қауымына, үздік емшілер атына кір келтіреді. Ал ондайларға біздің қатарымызда орын жоқ. Сол себепті емделушілер емшіден оның ҚХЕҚ-ға мүшелігін, лицензиясын сұрап білген соң ғана қаралуы керек екенін еске саламыз.
АҚЫЛДАН КЕНДЕ ЕМЕСПІЗ, ЕШКІМНЕН КЕМ ДЕ ЕМЕСПІЗ
Алла тағала молынан берген туған жерімізде ту тігіп отырған қалың қазақ халқының бүгінгі өмірі мен ертеңгі болашағы жайында толғанар болсақ, талай мәселенің басын шалуға тура келеді. Бұл орайда айтқымыз келетіні – тәуелсіздігіміз, табан тірер рухани тәрбиелік байлығымыз төңірегіндегі түйінді мәселелер. Әсіресе рухани өмірдегі, өкінішті жәйттер, тіпті идеологиялық бағдарлама әлі күнге бір байлам таппағаны қатты қынжылтады. Басқаларға таңырқағанша, өзімізге-өзіміз еліктеп, білгенімізді ежіктеп, артта қалған салт-дәстүрімізді, тіл мен дінімізді, тылсым құпиялы сырларымызды дамытсақ, бүгінгідей алмағайып кезеңде үлкен сүйеніш болары анық. Халықаралық «Түркістан» газеті арқылы өткен ғасырдың ақырында мәлім болған, халқымыздың ілімінің іргесін қалаған – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы мәлімет арқылы, шипагердің сонау 1467 жылдан бастап сегіз жыл бойы «Шипагерлік баян» атты бес мың беттік еңбегін жазғанын білдік, қуандық бүгінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп шет елдердің ғалымдары да біле бастады. Шипагердің біздің бабамыз екенін, өзіміздің одан тараған ұрпақ екенімізді қалайша мақтан етпейік. Егерде ертеде білімнің бастау бұлақтары Шығыс елдерінде кеңінен көрінгенін ескерсек, бүгінгі дамыған елдердегі небір ғажайыптар сырын ашқан ғұламалар мен болжағыштар, есепшілер кереметіне тосырқай қараудың жөні жоқ. Бұл көзқарас бізге дейін де аса көрнекті қазақ ғалымдары Шоқан Уәлихановтың, Мұхтар Әуезовтың, Әлкей Марғұланның және басқалардың еңбектерінде айтылғанын есте ұстаған жөн. Мәселен, аты аңыз бен жырға айналған Қойлыбай бақсы мен т.б. киелі бабаларымыздың бір өзі неше қилы жұмбақ сырлы ғажайыптар жасағаны тарихтан белгілі. Халқымыздан шыққан осылардай дәрігерлік, ғалымдық әрі ерекше әулиелік қасиет дарыған бабаларымыз болғанын әбден мойындар да, тәубемізге де келетін уақыт жетті. Ендеше «Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмайды», - демекші, бүгінде халықтың ықыласын аударып, көптеген емшілерге қорған болып алғысын алып отырған емшілердің арнаулы қоғамы да он жеті жылдан бері халықтық шипагерліктің өркендеуіне үлесін қосып келеді. Бұл емшілер қауымдастығының атқарған қызметтерінің жетістіктерін көптеген шет елдің ғалымдары мен емшілерінің танып білуі ата-бабалардан жалғасқан тектік киелі қасиеттің өшкен отының қайта жанып және жоғалғанының қайта оралуының белгісі болмақ. Рас, ел ішінде өз аттарын шығару үшін өзін-өзі «көріпкел», «әулие» жариялап жүргендер де аз емес. Мұндайларды біздің дініміздің жаулары да пайдалануға тырысатыны байқалатыны олардың іс-әрекетінен бой көрсетіп қалады. Бұларға тоқтау салатын уақыт өтіп барады. Алла тағаладан көмек сұраудың орнына керісінше аталар рухынан көмек сұраушылар қатары көбейіп, кезбелердің бірнеше мыңының адам сенгісіз “Аққулық” әрекеттеріне бақылаушы мемлекеттік орындардың немқұрайлы қарауы ақыры адамдардың азуымен болашақ ұрпақтың тағдырының жолдарының жабылуына апармасына кім кепілдік береді. Көсегеміз көгерсін, мемлекетіміздің босағасы берік, керегесі мықты болсын десек, енді әрқилы сәуегейлер мен жалған «әулиелерге», жалған атақ құмарларға, әр түрлі бөгде діндер үгітшілеріне тыйым салатын уақыт жетті. Өсер елдің ұрпағын жын-шайтанның ойнағынан және әр түрлі алдау мен арбаудан қорғалғаны, ел амандығы мен халықтар бірлігінің бүтіндігінің өркендеуінде зор маңызы бары анық. Халқымыздың қанмен бірге, атадан балаға ауысып келе жатқан тектік қасиетті сақтайық. Өз дәстүріміз, өз дініміз бен тіліміз тұрғанда бөгде біреулердің ықпалына түспеудің, рухани кіріптар болмаудың қамын ойлайық. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының басшылығында 2004-2007 жылдар аралығындағы (Алматы, Шымкент) әр түрлі тақырыпта ҚР халық медицинасының өркендеуі туралы өткізілген конгрестер мен форумдардың бағдарламаларының ғылыми жаңалықтары мен жетістіктері, емшілердің білімділігі мен іскерлігі, зерттеуші ғалымдардың тылсым құпия сырлары саласындағы зерделі ғылыми мақалалары мен еңбектерінің басқа шет елдерден қатысқан ғалым және емшілерінің тарапынан жоғары бағалануы, қазақ елінде халық шипагерлігінің қанатының қатайып, өрісінің кеңіп, ал болашағына кең жол ашылғандығын айқындайды. Қазақ халқының өз ішінде өте жоғары киелі қасиеттер мен құпия сырларының шеберлерінің болғандығы тарихтан мәлім. Бүгінде тарихта бұрын аттары аталғандардың да және жаңадан атала бастағандардың да еңбектері зерделеніп зерттеліп, ғылыми қазынаға айнала бастады. Тәуелсіз елдің ұрпақтары өздерінің жеке тәуелсіздігін қорғап әрі дамыта отырып, ақылдан кенде емес және ешкімнен кем де емес кеудесі биік ірі тұлға екендігін біліп ұлт мақтанышына айналуы оның имандылығы мен парасаттылығының тазалығын айқындайды.
КИЕЛІ БАБАЛАР РУХЫНЫҢ ҚАРҒЫСЫНА ҚАЛМАЙЫҚ?!
Аллаға шүкіршілік, бүгінде ұлтымыздың барлық үлкен-кіші азаматтары жасына, жынысына, біліміне, дәрежесіне, ғылыми атағына т.б. ерекшеліктеріне қарамастан ислам дінінің шариғат заңдарын құрметтей бастады. Сабырлық пен тәубесіне келуде ірі мәдени ортаны қалыптастыруда діни сенімнің пайдасының молдығы анық айқындалуда. Бұрын тарихта аттары аталмаған, ерекше тылсым құпия сырларының неше алуан ғаламаттарын меңгерген әрі дәлелдеген киелі рухты бабалардың да есімдері аталып, еңбектері зерттелумен ұлт тарихының ортасынан орын алып ұлттық мақтанышқа айналуда. Халқымыздың азаттығы үшін күрескен дана, кемеңгер, ғұлама, батыр бабаларымыздың ішінде ерекше киелі қасиеттері барлары көптеп саналады. Бірақ, бұл бабалардың бір бойында адамгершіліктің көптеген ұлы қасиеті болғаны тарихтан мәлім. Дегенмен, олардың ақындығы, шешендігі, көсемдігі, батылдығы мен батырлығы жөнінде азды-көпті зерттеулер болғанымен олардың кейбіреулерінің тылсым құпия сырларының шеберлері екендігі жөнінде, қажетті толық танымдық материалдардың жетіспеуінен әлі зерделеп зерттеу толық басталған жоқ. Егер қазақ халқының тарихына зер салатын болсақ осы заманның басында өмір сүрген Майқы би болашақтың төрт мың жылын болжап, бүгінде аты әлемге әйгілі француздың дәрігер-болжаушысы М.Нострадамус болжауынан ары екі жүз қырық жылды асырып болжап айтқан. Әйгілі Асан Қайғы бабамыз өмірінің соңында алтын орда орнына пайда болған хандардың жойылатыны жөнінде айтқаны дәл келген. Ол қазақ даласын желмаямен желіп жүріп, айтқан көрегендігі мен болжампаздығы ерекше ғылыми зерттеулерге жол ашады. Ұлы жүз ұрпағы Өтеген батыр Абылай хан түсін дәл жорыса, Әлмерек абыз өзінің ұрпағының болашағы жөнінде айтқандары шындыққа айналды. Пір Бекет бабаның көрегендігіне де таңғалмасқа шара жоқ. Қазақтың Бұхар жырау, Қашаған, Қабан жырау, т.б. ақындарының жыр-толғауларында болжампаздықтың ерекшелігі байқалады. Өткен айдың ортасында туғанына 150 жылдығы Павлодар мен Баянауылда республика көлемінде ерекше аталып өткен ғұлама ғалым, ақын, жазушы және көріпкел-болжампаз Мәшһүр Жүсіп Көпеевте өзінің қолжазбасында: «Ораздының баласы – он бесінде бас болар... Кембағал байғұс баласы, жиырма бесте жас болар...», – деген болжамы да өмір шындығына ұласады. Мәшһүр Жүсіп Көпеев бабаның көрегенділігі ол көзінің тірісінде қайтыс болардан бір жыл бұрын асын берген, бір жылдан кейін о дүниеге қайтатыны жөнінде айтқаны да дәл келген. Ал, XVII ғасырда Ақтөбе өңірінде дүниеге келген елінің биі, шешені, көсемі және болжампазы Мөңке би Тілеуұлының атағы алты алашқа әйгілі болған. Мөңке бидің тылсым құпия сырлары жөнінде ғалымдар, ақындар, жазушылар А.Жұбанов, С.Негимов, Ә.Кекілбаев, А.Байтұрсынов, М.Ж.Көпеев, Б.Омаров, Ш.Мұртаза, Н.Байғанин, т.б. еңбектерінде және Ақтөбелік газеттер «Шалқар», «Ақтөбе» және республикалық «Ана тілі» газеттерінде көптен жазылып келеді. Кейінгі кезде Мөңке би туралы үш-төрт кітап та баспадан шықты. Осындай халқы таныған киелі рухты бабалардың ерекше тылсым құпияларын халқы танып, кешегі табынып таңғалып келген М. Нострадамус пен Болгариялық Ванга әжейдің қасиеттерінен де кем емес, бабалардың ұрпағы екендігімізді ғылыми негізде дәлелдей отырып, олардың тылсым құпиялы ерекшеліктерін танитын уақыт жеткен сияқты. Иә, өз бабаларының осындай қасиеттеріне бас иіп, мақтаныш етіп зерттеушілерге ризалығын білдіріп жатқан ұрпақтары да аз емес. Олардың қатарына Оңтүстік, Түркістан, Тараз, Павлодар аймағының әкім-қараларын атауға болады. Соның дәлелі Павлодар облыстық және Баянауыл әкімшілігінің басшыларының қауымдастықтың басшысын арнайы Мәшһүр аталарының мерей тойына құрметті қонақ етіп шақыруы да, бабаның тылсым құпиясын зерттеудегі еңбегімізді бағалағандық деп түсінеміз. Шілде айында ақырында Ақтөбеде жоспарланып, бес айға жуық дайындалған «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары құпиялары» атты республикалық форумның өткізілмеу себебі, Ақтөбе облыстық әкімінің орынбасары Жеткерген Оралмахамбетовтың көшедегі емші мен қараның сөзіне еріп, Бас әкімге жасаған жалған ақпаратымен тоқтатылғанымен /мамыр айында хат арқылы келісілген/, Түркістандық әкімдер екі сағатта келісімін беріп, форумның өз уағында жоспарлы бағдарламасы бойынша өтуіне жағдай жасады. Форум нәтижелі өтті. Қатысушылар риза болды. Бірақ, Ақтөбелік әкім-қараларға деген реніш форумға қатысушылар мен қауымдастықтың тарихында мәңгілік «қара дақ» болып қалды. Өзінің туған бабасы санайтын Мөңке бидің «Ежірей ұрпақтары» енді өз халқының алдында арсыздығы мен қоғамдық ұйымға жасаған қиянатын біз кешіргенмен, Мөңке бидің рухы кешірмесі анық. Бүгінде Мөңке би рухы бізге аян беруде. Мөңке бидің аяндарын газеттің келесі сандарында оқырманға таныстырамыз. Жеткергендей жетесіздерге Мөңке бидің рухын ұрандап барғандарға жасаған қиянатын Алла Тағала да кешірмес. Сөз соңында, Түркістандықтардың төңірегіне жиналайық, Павлодар мен Баянауылдықтардан үлгі алайық. Өз атасы Мөңке бидің рухының киелі қасиетін сыйламаған Ақтөбелік әкім-қаралардан жиренейік. Алла Тағала өз бағасын берсін!
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТЫН ЖАМЫЛҒАН “ҰРЫ” ҰЙЫМ ПАЙДА БОЛДЫ
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының бұрынғы мүшесі Бақкелдиев Базарбек Ташмұхамедұлының 2007 жылдың 26-қыркүйегінде «Қазақстан Республикасы халық емшілері» қоғамдық бірлестігі деген атпен ұйымды Алматы қалалық Әділет Департаментінен тіркеуден өткізіп (ҚБ №87961 1910), он жеті жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қауымдастықтың заңды тұлғалық атын пайдаланған. Қауымдастыққа моральдық-материалдық жақтан зиян келтіріп, өзі мүше болған ұйымның үстінен “ұрлықпен” үй тігуге қалалық Әділет Басқармасындағы тіркеуші маманы көмектескен. Қазақстан Республикасының заң талаптарына қайшы келетін бұл жағдайды ҚХЕҚ-ның президенті, Зиядан қажы Қожалымов мырза заңсыз тіркелген ұйым басшысы Бақкелдиев Базарбекке алдын-ала ескерткен. Қауымдастыққа келетін моральдық, психологиялық, материалдық зор шығын жөнінде де түсіндірген. Бірақ, тоқмейілсінген Б. Бақкелдиев өзім білетіндігіне салынып, заңмен шешуге жетеледі. Ал Әділет Министрлігінің арнайы комиссиясы Алматы қалалық Департаментінің тіркеу басқармасы қызметін тексеру кезінде бұл қателікті тауып, Б. Бақкелдиевке ескертіп ұйымның атын өзгертуді тапсырса да, қалалық Департаментінің жауапты қызметкерінің қызметіне жауапкерсіздігінен комиссия талабы әлі орындалмаған. Бұл жерде, бар заңды ұйымды қайтадан екінші рет тіркеуден өткізген Алматы қаласы Әділет Департаментінің қызметкерлерінің де сауатсыздығы айқын көрініп тұр /компьютерде бар ғой/. Төменде Алматы қалалық Әділет Басқармасының бастығының орынбасары А. Искакованың ҚХЕҚ-ның президенті З.Қожалымовтың хатына жазылған жауап хатты оқырман назарына ұсынамыз: “Қазақстан халық емшілері қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің /республикалық статус/ президенті, академик Қожалымов Зиядан қажыға Сіздің Алматы қаласының Әділет Департаменті 2008 жылғы қыркүйек айының 08 жұлдызында № 01-01-08 шығыс нөмірімен талап тілегіңізді мұқият қарап төмендегіні хабарлаймыз: Алматы қаласы Әділет департаменті заңды тұлғалардың біріңғай мемлекеттік регистрі және электрондық банкінің мағлұматтары бойынша – «Қазақстан Республикасының халық емшілері» қоғамдық бірлестігі 2007 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызында № 87961 1910 ҚБ мемлекеттік тіркеуден өткен. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің коммисиясымен жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасының халық емшілері» қоғамдық бірлестігінің тіркеу кезінде кемшіліктер болғаны анықталды, аталған заңды тұлға атауына «Қазақстан Республикасы» деген сөздер қолданылған, ол Республикалық статусы бар, қоғамдық бірлестіктерге тән атау, заңды тұлғаның жергілікті статуспен, мемлекеттік тіркеуден өткен, өз қызметін Алматы қаласы аумағында жүзеге асыруға құқылы. Осы себептерге байланысты, Алматы қаласы Әділет департаменті №87961-1910- ҚБ тіркелген қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақкелдиев Базарбек Ташмұханбетұлы атына қоғамдық бірлестіктің атауын өзгертіп, оның атауынан «Қазақстан Республикасы» деген сөздер алынып тастап, әділет департаментінен қайта тіркеуден өтуі қажет екендігі ескертіліп, 2008 жылдың 12.09 № 4044 шығыс хаты жолданды. Аталған қоғамдық бірлестігінің өз ықтиярымен атауын өзгертіп, қайта тіркеуден өтпеген жағдайда, өз мүдделеріңізді құқық қорғау орындарына шағымдану арқылы қорғауға болатынын ескертеміз. Әділет Департаменті бастығы орынбасары А. Искакова
ЖАҚСЫЛЫҚҚА – КӨРЕ АЛМАСТЫҚ ЖАСАУ НАДАНДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ
Әр жылдың беретін, сыйға тартатын жақсылығы болады. Осындай қуанышты жағдайлардан қауымдастықтың мүше-емшілері де өз үлесіне ие болды десек, артық айтқандық болмас. Тышқан жылында аяқтарын тездетіп нық басқан емшілер де өздерінің ырызғыларын тере жүріп, халықтың денсаулығын жақсартуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына жекелей үлестерін қосты. Қызметтерінде жақсы табыстарға қолдары жетіп, емделушілердің алғысына да бөленуде. Дегенмен, емші-қауымның өмірінде күнде өзгеріске толы сын мен сынақ қатар жүріп келеді. Олардың шипалы алақаны мен дұғалық емінің қонымды болуының әртүрлі болуына байланысты, теріс пікірлердің де кездесіп жататынында бір шындықтың көрінісі барын аңғартады. Егер де емші жөніндегі ХV ғасырдың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының пікіріне жүгінсек: емші мәдениетті, сауатты, білімді, мейірбанды болу керек. Осы талапты орындай алмағандар тарапынан кемшіліктер кездесетінін мойындаған жөн. Халық шипагерлігі әр халықтың қанымен аралас ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тектік құпиялы қасиет. Бұл тылсым сырды емші бойынан ханда, қарада, құдіретті қарулы күш иесі де ала алмайды. Бұл қасиетті мәңгілікке апару, мәдениетті дамыту мен абыройын асқақтату жеке емшінің ары мен ұятына және иманы мен сабырлылығына тәуелді. Бұл да емшінің парасаттылығын білдіреді. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғанына өзінің он жеті жылдан аса мерзімінде, халықтың шипагерлік өнерінің мұрагерлері емшілерді бүгінде жекеменшігіне айналдырғандар мен оның сыбайлас жақтастары және қорғаушылары тарапынан өсек-аяңымен көлденең кедергілерін әлі де тоқтатар емес. Бүгінде екі жылдан бері қауымдастықтың аты мен қызметі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өзінің жеке интернет сайтынан әлемге танылған қауымдастықты тарады, заңсыз дегендей, тағы басқа да арсыз сөздер таратуда. Бұл да Алланың сынағының бір көрінісі шығар тәубе деп, қауымдастықтың мүшелері өз қызметін абыроймен жалғастыруда. Бұның да себеп салдары бар болғандықтан халықты жалғандыққа баулып, Алла Тағалаға серік қосып, өлген аталары аруағынан бата алып берушілердің надандық қылықтарына қарсы қауымдастық атынан айтылған сындар әлдебіреулерге ұнамағанымен, шындықтың толық дәлелденері анық деп қорытынды жасай аламыз. Алайда, «іштен шыққан жау жаман» демекші, бұл жаулықтың басы осыдан он бес жыл бұрын басталып олардың үні өшкенде, енді кешегі маскүнем күшіктерде емшілікке қолы жеткенде шәуілдей бастады. Олардың аузын ашуына кейбір заңды шығарушы, қорғаушы, бақылаушы, орындаушы орындарының қызметкерлері өзі іске асырып отырса оған таңғалмайық. Осыдан он жеті жылдай бұрында осы заңгер ұйым өзі қауымдастықты тіркеп, өзі сыбайластарына көмектесіп қауымдастықты жоюға әрекет еткенде де масқара болған. Әділет министрлігінің сайтында он алты жылдан бері тіркеуде тұрған, осы қауымдастықтың атын, осы министрліктің Алматы қалалық департаменті өзінің адал жарын алдап жазықсыз жесір, ал үш баласын тірідей жетім қалдырған, сырқат жандардың басын айналдырып әулиелер моласына тәу еттіріп пайда тауып жүрген, жеке басының қасиеті ғылыми тұрғыда дәлелденбеген Бақкелдиев Базарбекке сыйға тартуына таңғалмайық. Б. Бақкелдиев жиырма жылдан аса бірге тұрған отбасына сатқындық еткенін ескерсек, оның ары мен ұятының өлшеміне таңғалмайық. Өйткені заң шығарушылар өздері заңды бұзушылар екені олардың қауымдастықтың Төралқасына жазған жауап хатында анық байқалды. Өте күлкілі. Ұятты да. «Шымкенттен – бәрі шығады» демекші, бармақ басты, көз қысты танысың болса, ҚР Әділет министрлігінің Алматы қалалық әділет департаментінің тіркеу бөліміндегі кейбір жауапты қызметкерлерімен оның қолдаушы басшылары бәрінде істейтініне таңғалмаңыз. Сонда мемлекеттің заңын қорғаған Алматы қалалық әділет департаментінің қызметкерлерінің сыйқы осылай болса, басқаға өкпелемейік ағайын?. Иттердің саны көбейіп үрген сайын, қауымдастық керуені алға жылжуда. Қауымдастық тарапынан 2004 жылдан бері бес рет әр түрлі тақырыптарда халық емшілігі туралы халықаралық конгрестер мен форумдар өткізілсе, оның да нәтижесі де көрініс беруде. Ғылыми танымдық жинақтар жыл сайын шығарылуда. Аллаға шүкіршілік, сенім бар жерде қауымдастықтың қызметі де халық шипагерлігін ғылыми жүйеге келтіруде табысты болуда. Көптеген ғылымдардың ғалымдары мен зерттеушілері қауымдастықтың емшілерінің қызметі мен тылсым сырларын зерттеуді бастады. Бұл да қауымдастықтың қызметінің жетістігінің бір саласы болмақ. «Шипагерлік баян» газетінің қызметі де рухани танымдық, сауықтыру мен имандылық саласында жалғасуда. Бүгінде газет халықтың іздеп оқитын басылымына айналды. Қауымдастықтың «Шалкөде» баспасынан жыл сайын өзінің мүшелері мен мамандарының бірнеше кітабы баспадан басылып шығып, өз оқырмандарын табуда. Қауымдастықтың қызметі мен жүзден аса емшілерінің жетістіктері екі жылдан бері интернет арқылы таратылуда. Емшілердің шет елдермен байланысы нығайып, оларды өз елдеріне ем жасауға шақыруда. Осындай жетістікке жеткен қауымдастықты жоғарыдағы көреалмастардың аузы қалай жамандауға барғанына таңғаласың?! Оларда бекер ұраншыл болғанша, біз сияқты халық пен қоғам алдында есеп беріп тұрса дұрыс болар еді. Олардың қолдаушысы, қорғаушысы, тіреніші мен мекен-жайы болғанымен, интернеті, газеті, баспасы бар ма, қайырымды қызметі өтелуде ме, Қазақстан мен шет елдердің ғалымдары мен емшілерінің басын қосып өткізген халықаралық конгрес пен форумдары болды ма? Ғылыми жұмыспен шұғылданды ма? Міне осыны айтса екен, шіркіндер! Амал қанша, бейшаралардың түгі жоқ болса несін айтсын! Қауымдастық өз құрамының санына емес, сапасына көшуде. Арам ниетті, халық пен қоғамды алдаушыларын құрамынан шығаруда. Филиалдары басшыларының білімін жетілдіруге, қабілетіне қарай тағайындау іске асырылуда. Ақпарат құралдары мен телерадио тораптарында ұдайы халық шипагерлігі мен діни үгіт насихаттар тұрақты беріліп келеді. Емшіге жаны ашитын да, құқын қорғайтын да, бойындағы тылсым қасиеті мен тылсым сырларын тарихқа қалдыратын да, болашақта ұрпағының алдында адал болып мәңгілікке тарихта қалуына да, сүйеніш те, тіреніш те, жолын бастаушы да осы Қазақстан халық емшілері қауымдастығы республикалық бірлестігі деп толық айтуға құқылық толық негіз бар. Әлдебіреулердің қос діңгекті қосу теориясының(ғылыми медицина мен халық емшілігі) орындалуы үшін әлі кем дегенде жарты ғасыр уақыт қажет керек екендігін ғылыми түрде дәлелдеу қиын да емес. Біз бір діңгекті жүйе үшін қызметімізді жалғастыра бермекпіз. Күрессіз жеңіс те, бақыт та жоғын да қауымдастықтың ұжымы жақсы біледі. Қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелерін, барлық емшілер мен жанашырларын жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, отбастарына амандық, дендеріне саулық тілейді. Жаңа жыл баршамызға табысты жыл болсын. Әумин!
ШИПАГЕРЛІК МӘДЕНИЕТІ
Кейінгі кезде баспасөз беттерінде халықтық дәстүрлі емес халық медицинасының мұрагерлері әрі дамытушысы халық емшілері жөнінде жақсы да, жаман да және реніш те жазылған мақалалар жиі көрініс беруде. Халықтың арасында бабадан ұрпаққа тектік қасиеті арқылы жалғасып келе жатқан және олардың құпия ілімін жалғастырушы нағыз емшілер барлығына күмән келтіруге болмайды. Бүгінде қазақ елінде қанша мыңдаған емші барын бір Алладан басқа ешкім де білмейді. Осыдан жиырма жыл бұрын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған «Республикалық халық медицинасы орталығы» құзырлы министрліктің заңнамалық бұйрықтарын пайдалана отырып, жеті мыңға жуық емшілерді өздерінің арнайы сынақтарынан өткізгенін білеміз. Осының барлығына қасиетінің жақсы-жаманына қарамастан «Кәсіби халық емшісі» атағын беріп мекен-жайларына халықтың денсаулығы саласында қызмет көрсетуге жіберіп, оларды бірінші сортты емші санатына жатқызып сауатсыздардың мәртебесін асқақтатқаны барша қауымға мәлім. Осы «кәсібилер» күні бүгінге дейін баспасөз беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы «Құтқарушы» есебінде жазбайтын ауруы жоқ деген атпен жарнамаланса, ал бүгін де осы жеті мың емшінің жетпістейі ғана халыққа дұрыс қызмет көрсетуде. Сонда таңқаласың, алты мыңнан аса емші қайда кетті? Бүгінде бұл орталық онға жуық қана емшімен қызмет көрсетуде. Бұл қалай? Кім ұтты? Кім ұтылды? Ойланатын жайт. Мұның басты себебі орталықтың аты алғаш “Халық медицинасы” одан кейін «Шығыстық медицина» одан кейін «Ашық» және «Жабық» қоғамдық бірлестік болып өзгерді. Бұл аз болғандай осыдан жеті-сегіз жыл бұрын жартысы шектеулі жолдастық серіктестікке (ШЖС) - айналды. Ал қалғаны 2007 жылдан бастап ШЖС-ке айналды. Бірақ кейінгісі анау алғашқы (1990) жылғы құжаттарымен қызметтін жалғастыруда. Бұл алдау ма қалай? Бұнысын сауатсыз емшілер қайдан білсін. Оларға бәрі бір болғанымен түбінде бармағын тістері анық. Есеп беретін заңды орындарға ШЖС құжаттары арқылы есеп береді. Ал емшілерге көне құжаттары арқылы қызмет етеді. Осыған сенгендер әлі де торға ілініп өздерін аты өшкен «Кәсіби халық емшісі» санайды. Осындай тәрбиеге душар болған емшілерден қандай мәдениеттілік күтуге болады? Бүгінде емшілерді арнайы алты айлық медициналық сынақтан өткізетін бұл жеке меншік ШЖС орталығы емес, әрбір емшінің өзінің тұрған қаласының және облысының Денсаулық сақтау басқармалары арқылы жүзеге асатындығын білетін уақыт жетпеді ме? Сонда қанша жыл халық емшісі жаны ашымайтындардың “тірі тауары” болып жүре бермек? Осыдан мынандай ой туады. Осы орынның басшысы өткен жылы беделді бір газетте (Егемен Қазақстан) «Қос діңгекті қосамын» - деген уәдесінен айныды ма, бүгінде өздері басқаратын «бір діңгектің» де құлап бара жатқаның сезбейтін сияқты. Одан да әр нәрсені бастап, аяқтап, саралап, бағасын алып барып айтқан дұрыс шығар, бұл да емшілік мәдениетінің көтерілуіне ықпал етіп, бос сөздік пен уәдеден арылтар еді. Ең негізгі өздерін емшінің тірегімін деп есептейтін осындай орындардың жауапкерсіздігінен емшілік мәдениеті төмендеп халықтық сенімнен алшақтап, діни көзқарастарға жат әрекеттерге барып жатқандығын мойындаған жөн. Осы орталықтың жанынан ертеде «Кәсіби халық емшілері қауымдастығы» құрылған-ды. Алғашқы басқарған Әділхан Ерманов мырза он сегіз жылдай “кіші құдай” болғанымен ештеңе істемеді, бос сөзбен сауатсыздарды алдап келді. Ә.Ерманов мырза 2004 жылдың қыркүйек айының соңында өз үйінде мен Ақтөбе медициналық Академиясының емдеу факультетін бітірдім деп оның дәрігер деген дипломын көрсетті. Емшілер болса көрімдігін бере бастады. Сонда мен және Ш. Шынтаев мырза екеуіміз жағамызды ұстадық. Сонда өмірі медициналық оқу орынның табалдырығын аттамаған, бірде-бір дәрінің атын білмейтін азамат қалай дәрігерлік дипломға қолы жетті? Бұған дәлел Ә.Ерманов мырзаның өзінің қауымдастығының Ақтөбедегі филиалының хабарландыруын береміз: «Приглашаем Вас 11.02.2004 года к 10 часам в офис Директора Актюбинского филиала на встречу с Президентом Ассоциации профессиональных народных целителей Республики Казахстан господином Ермановым А. Для справки: Ассоциации профессиональных народных целителей Республики Казахстан в этом году исполняется 12 лет с момента ее создания и все это время ее бессменным Президентом является господин Ерманов А., врач по образованию, Отличник здравоохранения РК, 27 лет практикующий больных. Господин Ерманов А. Прибыл с целью проведения обучающих курсов будущих целителей, обладающих уникальным «божьим даром», с целью их дальнейшей опробации в клиниках области. Адрес офиса: улица Кисилева 24, кабинет биоэнерготерапевта «БАПАН». Директор Актюбинского филиала АПНЦ Альмухамбетова К.Б.». Міне жалған «дәрігер» Ә.Ерманов мырза ақыры өз қауымдастығының емшілерін тастап өзі де кетті. Кейінгі екі жылда бұл қауымдастықты дәрігерсымақ Нұржанов Бауыржан деген басқарады. Басқалардан бұрынғы көкелері ала алмаған өшін осы алып беремін деп, бүкіл республика аймағын аралап ана ағаларының басқа ұйымдарды тарады, олар заңсыз, менікі заңды, мен жарылқаймын деген көне сөздерін қайталап, бұрынғы көкелерінен де озып барады. «Аңқау елге арамза молда» - дегендей аңқау емшілерге ашық түрде ірі бағамен (жақында Қызылорда, Шымкент) жеке «Медицналық лицензия» таратуда. Бауыржан бұған дейін басқа аймақтарды да аралап, өзінің (Жасанды лицензиясын) таратқанын да білеміз. Бұл қалай? Сонда Бауыржан мырза Денсаулық сақтау министрілігінің рөлін атқарып, емшілерді арнайы алты айлық медициналық бақылаудан өткізу заңның аяққа таптағаны ма (ҚР Денсаулық сақтау минстрлігі. бұйрық №532. 10 қараша 2006 ж.). Мұны жергілікті бақылаушы заң, салық орындары неге білмейді? Жалған лицензия алған емшілер енді өз ойларын жүзеге асырарына күмән келтірмеңіз? Тек қана олар жергілікті орынға салық төлер ме екен, кім білсін. Біздікі тек ескерту ғана. Бұндай жағдай осыдан бес-алты жыл бұрын Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары мен кейбір емшілердің ұйымдастыруы арқылы ірі бағаға емшілерге лицензия берілгенін де көргенбіз. Лицензия алған емшілер қарызға белшесінен батып, оның аяғы ірі дау-дамайға барғанын да білеміз. Енді емшілер ойланатын шығар кімнің қолына түсіп жүргендерін. Сорақының сорақысы емшілер арасында А.Ерманов мырза сияқты медициналық дипломдарды оқымай-ақ алғандар да баршылық. Мәселен, Алматылық орта білімі бар, жүргізуші болған Тохтахунов Абдрахман мырза бүгінде шөппен емдейтін танымал емші. Бұл азамат Ә.Ермановтан да озып, 2003 жылы наурыз айында өзін “Медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін” алдым деп, телеарналарда көрсетіліп және баспасөз беттерінде жариялады. Қысқасы, аспаннан бір “Алланың құтқарушысы” түскендей болды. Мәселен, “Отбасы және денсаулық” журналында “Доктор Тохтахунов” (№11.2003. 16-18 бб.) т.б. газеттер беттерінде жасанды “Медицина ғылымдарының кандидатын” бірнеше жыл жарыса жазды. Ал енді бұның жалғандығын мына екі құжаттан білесіздер. 1. “Ассоциация народных целителей Казахстана” Кожалымову Зиядан кажы: - “На Ваш запрос №015-А от 25.12.03 г. Казахский Национальный Медицинский Университете им. С.Д.Асфендиярова сообщает, что ТОХТАХУНОВ АБДРАХМАН в период с 1981 по 1987 г.г. не обучался и диплом АН №654982 рег. №71 от 25.07. 1987 г. не выдавался.” Ректор КазНМУ, профессор Т.А. Муминов (Исп. Шитикова В.С. /3272/ 927-937.) ФБ- 19 №17-1-13 от 07.01. 2004 г. Ректордың қолы қойылған, ҚазҰМУ мөрі басылған). 2. “Қазақстан халық емшілері ассоциациясының” Президенті Зиядан қажы Қожалымовқа (480057. Алматы қаласы, Бұхар жырау көшесі, 73, 38-бөлме): - “Сіздің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №015-А хатыңызға жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: 2000-2003 жылдар кезеңіндегі ЖАК мәліметтерінде медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған А.Ә.Тоқтахунов деген ізденушінің аттестациялық ісі түскендігі және қаралғандығы туралы дерек жоқ. ЖАК тарапынан А. Тоқтахуновқа “медицина ғылымдарының кандидаты” атағы берілген жоқ”. Төраға А. Құсайынов (Орындаушы: Ш. Құсайынова, т. 61-81-56. Хат 12.01.04. №В-61-59/13-0070). Міне, көріп отырғандай біз медициналық диплом сатып алғандардың “Шортандарын” ғана көрсеттік. Ал, емшілердің “Шабақтары” ішінде осындай медициналық диплом сатып алғандары да жетерлік. Бұл да емшінің мәдениетсіздігі мен ұятсыздығын көрсетеді. Емшілердің әр түрлі ұйымдарда тіркелуіне байланысты кейбір есепте жоқ емшілер өзінің есебін түгендеп, халықты алдап арам ойларын жүзеге асырып жатқандығын да мойындаған жөн. Осындай алаяқтардың торына түскендерден ренішті хаттардың арнайы орындарға жолдану себебі де, бүгінге дейін емшінің бойындағы тылсым құпия сырларына арнайы ғылыми көзқараспен қарап, бір қоғамдық орталыққа топтастыруға арнайы орындардан ұсыныстар мен мүмкіндіктер жасалмауында. Осының кесірінен кешегі сот үкімімен арнайы жабылған «Фархат ата» және «Аққулар» ұйымдарының халыққа келтірген діни рухани зияндықтары жөнінде бізде өз уағында осындай пікірімізді білдіргенбіз. Шындық өз нәтижесін берді. Біздің алдымызда емшілердің бойындағы кейбір кемшіліктері жөнінде жазылған «Ел ішінде емші жүр» (Жетісу. 30.05.2009 ж.) мақалада емшіге сенуден реніш көп, ал «Ислам және өркениет» газетінде (№12. 21-30.04. 2009 ж.) емшілерді «Аруақтелекомға» теңеп, мазарларға зиярат ететін емшілердің өлі аруаққа табынатыны жөнінде, кейбір ескі мазараттарға пәлен әулие жатыр деп белгі қойып адамдарды табындыратыны, жүрекпен сөйлейтіндері арқылы аталар бата беруде немесе саған реніште деген сияқты адамның миының қызметін торлайтын сиқырлы әрекеттері арқылы өз мақсаттарын жын-шайтандардың көмегімен жүзеге асырып, Алла Тағаланы мойындамайтындары жөнінде де реніштерін білдіреді. Енді «Түркістан» газетіндегі «Емші десе елеңдеп...» мақалада (04.06. 2009 ж.) автор жалғандықпен ақша жасап жүрген кейбір емшілер жөнінде өз ренішін білдіреді. Өзі де емшіге көрініп жалғандығына қайран қалады. Осыларды үгіттеп отырғандар да жоғарыдағы аты аталған ШЖС Халық медицинасы орталығы. Бүгінде адамдарға, қоғамға, сырқат жандарға беретін тәрбиелік деңгейі төмен, сауатсыз тек қана жеке пайдасы үшін, адамдарға молаларды аралататын көптеген аты бар да, мәні жоқ «Ордалардың» қызметіне тоқтау қоятын немесе бір орталықтан бақылайтын уақыты жетпеді ме. Егер бұл үрдіс осылай жалғаса берсе, бүкіл қазақ мола аралағыш атанса, біраз жылдардан кейін ауданаралық «Жүйке ауруханалары» ашылмасына кім кепілдік бере алады? Біздің ғылыми жақтан бақылауымыз бойынша емшісымақтардың тең жартысы жүйке ауруына ұшырағандар, ал 30 пайыздайы жақсы мен жаманның ортасындағылар болса, қалғаны нағыз таза емшілік қасиеті барлар. Дегенмен, бұл қасиет біртіндеп азаюы мүмкін. Себебі, халықтың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» - шығады деген даналық сөзін еске алған жөн сияқты. Мұны неге мемлекеттік бақылаушы орындар ескермей жүр. Алматы ТВ-дан көрсетілген «Қылкөпір» бағдарламасына да ренішін білдіреді. Дегенмен бұл бағдарлама бізде жаңадан басталғандықтан да, көш жүре түзелетіндігіне көңіл бөлген жөн сияқты. Бізде әлі дайындық, білімділік, рухани тазалық пен арнайы дайындау орталығы жоқтығын ескерсек, «Қылкөпірге» қатысушы емшілерге тәуелсіз еліңнің бабаларының киелі қасиетінің тылсым құпияларын аша беруіне тілектеспіз. Қазақ ақылдан кенде емес, ешкімнен кем де емес. Семіргенді қой көтереді. Өткен жылы Тараз қаласында Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 400-ге жуық мүшелері қатысқан кезектен тыс XIII-Құрылтайы өтті. Құрылтайда қауымдастықтың құрамын сандықтан сапалыққа қарай өзгерту қаралды. Қауымдастықтың филиал директорлары мен кейбір мүше емшілерінің тәртібі қаралды. Сегіз қалалық және облыстық бөлімше қызметін (Ақтөбе обл., Ақтөбе қал., Шалқар қал., БҚО Ақсай қал., Қарағанды обл., Балқаш қал., Талдықорған және Есікті қал.) тоқтатуға және елуге жуық мүшесін құрамнан шығаруға қаулы қабылданды. Бұның себебі қауымдастық Жарғысының талаптарын орындамағандығы, қауымдастықпен байланыстарын үзгендігі, мемлекеттік орындарға өз уағында есеп бермегендігі және себепсіз қауымдастық ұйымдастырған шараларға қатыспағандығы, жалған алдампаздықтары себеп болды. Бұлар қауымдастықтың абыройы мен жетістігін жеке мүдделер үшін толық пайдаланып, өздерінің ұшқан ұясына өздері опасыздық жасады. Бұл шешім бүгінде қауымдастықтың интернетінде тұрақты қойылған. Қоғамымызда басқару жүйесінің жақсы жақтары көрініс беруде. Ал, республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» Төралқасы 18 жылдан бері халықтық емшіліктің ғылыми жақтарын зерттеп оны ғылымдық зерттеу жүйесіне қосуға қол жеткізді. Емшілік, рухани емдік, биоқуаттық т.б. салалар бойынша оқулықтар жазылды. Тылсым құпия сырлары туралы еңбектер де жарияланды. Жыл сайын емшілердің білімін, діни рухани жетістігін, өзара қатынасын және басқа да елдердегі осы саланың мамандарымен тығыз байланысын өркендету мақсатында алты рет халықаралық әртүрлі тақырыптағы конгресстер мен форумдар өткізді. Қысқасы, емшілер рухани жағын байытуда толық өздеріне қажетті оқулықтармен қамтамассыз етілген. Арнайы емшілердің білімін, рухани дәрежесін көтеретін мектептер жұмыс істеуде. Халықтан алғыс алған емші ол рухани дәрежесі жоғары және мәдениетті емші. XV ғасырдың ғұлама ғалым емшісі – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емшіні шипагер деп атауды ұсынады. Шипагер – сырқат жанның ауруының себебін табады, емдейді, жазады, ажалдан алып қалады деген ойын айта келе, оған жету үшін тұрақты негізгі білім мен рухани білімнің қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі емшінің парасаттылығын арттырып, имандылығын жоғарылатып оның адами тұлғалығын биіктетері анық. Кейбір мәдениетсіз емшілер үшін, бабалар қасиетін жоя алмаймыз. Мәдениетті емшілердің құрамы арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Оған бүгінгі біздің атқарған қызметтеріміз куә. Емшілер мәдениетін көтерейік!
ЖАСАНДЫЛЫҚ ЖАРАСПАС
Мемлекеттік басты рухани идеологияның нашарлығынан, кейінгі жылдары сананы салқындатқан құбылыстардың көбейе түскені рас. Бірақ мұнын кейбір сиқырлы түріне мән бергенде және зерттегенде арнайы нақты баға беретін тоқтам жасайтын құқылы ұйымдардың жоқтығы терең ойға қалдырады. «Шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайды» демекші, «Караван» газетіне шыққан «По колдуну психушка плачет» (авт. Анна Рбухина. 07.03.1997 г.) мақаласы көптеген ойда жүрген жеке пікірімізді ашуға жол болғандай. Жылдар жылжыған сайын киелі тұлғалардың жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптағанымен, олардың көбінің қасиеті жалпы таза табиғи емес, тек қана жасанды түрде, өздерінің жеке басының қамына пайдаланып, халықтың қалтасын қағушы алдампаздар екеніне енді көзіміз жеткендей. Бұғанда шүкіршілік дей келе, енді «жасанды әулие», «көріпкел» т.б. пайда болғаны жан ауыртады. Бұл «пенделер» жасарын жасамаса да, халықтан аларын мыңдап еселеп алғанын ұмытты ма, жоқ әлде кеуделерін май басты ма, кім білсін. Суыр сияқты ініне кіргендей, мына аумалы-төкпелі заманда халыққа көмек етуді ұмытқаны қалай?! Соның алғашқысы ана «Караван» газетінде аты айдай айқын көрсетілген біз үшін Марат қажы Есенбаев, ал басқалар үшін «Сары әулие» болса, бұдан кейін де Сыр елі топырағынан жаралған «Қайрат әулие», «Ақ әулие» (Серік Қожахметов), Қармақшының «Қара әулиесі» Құндақбав Жарбосын тағы басқалар бүгінде өз аттарын тарихтан өздері өшіре бастады. Бұл қалай? Бұдан «жасанды әулие тобы» қазақ халқының киелі ата-бабалары қасиетіне қиянат еткенін сезбегенімен, болашақ ұрпақ кешіре қоймас! «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, қасиетті Сыр елінен шыққан «емшісымақ», әйелдер ішінен де «әулиеден» үміткер, о дүниелік атақты аналар атын азан шақырмай айналдырып алған, өздерінің сыбырлаушысы айтқандай: «Фотма ана» – Разия Ерлепесова, – «Домалақ ене» – Раушан Алтынбасова, «Қарашаш ана» – Гүлзира Сыдықованың (бәрі Қармақшыдан) қазір қандай аналық қамқоршы екенін ешкім айта алмайды. Ойланайық ағайын. Бүйтіп «жын-пері» сәлемін ойланбай жеткізгенде кім ұтып, кім ұтыларын енді білген жөн. Бәрі жаман деп әруақты жандардың бәрін жамандауға болмас. Аузында Алласы, жүрегінде иманы бар саналы рухани ағартушы болып жүргендер Жалмағанова Сағира (Байқоңыр), Күнарова Күләйім (Арал), Дәрменова Фатима (Қызылорда), Сақтағанова Мейізкүл (Шиелі) т.с.с. өз елінің ғана емес, көршілестің де құрметіне бөленгендер. Сыр бойы тарихы мол, мәдени орданың негізін қалаған, киелі жер. «Сыр елі – жыр елі» екенін бүгін ғана емес, бірнеше ғасырлар бұрын дәлелдеген, ол дәледер ұлтымыздың тарихында жарқырап тұр. Мемлекет қайраткері де, атақты билер де, батырлар да жырау-шешендер, ақын-жазушы мен әртістердің Сыр елінен көптеп шығуы – қасиетті бабалар әруақтарының демеуі болса, соны түсінген таза ұрпақтарының олардың көненің дәстүрлі мұраларына адалдығынан болса керек. Ал, ата-баба аруағына қиянатты, халқына теріс бағытты, өзін адам еткен ұйымына қайырымсыздық көрсеткен, елебек тұрпат еркетотайлар Достыбаев Еркін (Сырдария), Сағындықова Үрпатима (Қызылорда), Жетіруова Жанымкүл (Төретам), Жалмағамбетова Ләйла, Азаткүл, Қызылкүл (Қазалы) т.б. өзінің кім болып атанғанын ұмытқандай? Тіпті ана заманда (коммунистік) нерв ауруханасынан «рахатын» тапқан Азаткүл Жалмағанбетованың біраз жылдан бері Батыс Қазақстан облысында «бас емші» болуына таң қалмайық? Алғашқы емшілігін «жаңа жанұялық» махаббат жылуына бастаған (өз жарын тастаған) қазалылық Дәмеш Кенжебаеваның бұл күнде бұрынғы «коммерциялық» тұлғадағы көмегін халқына көрсетпеуі қалай? Кейінгі кезде «емшісымақтар», өздерінің жеке кітапшаларын шығара бастады. Өз жары мен сәбиін үш-төрт жылдан бері жазықсыз далада қалдырған, жасы отыздан жаңа асқан алматылық Батагөй емші – «Қасиетті төре» (шын аты Төреғали Батырханов) «Сіз бақытты болыңыз» (Алматы. 1994ж) кітабында бақытсыздыққа жол берсе, ал алматылық Қайырлы Біләлқызы Шалабаева (марқұм), өзінің «Жасағанның жамиғатқа өсиеті» (Алматы 1995ж.) кітабында белгілі қазақ жазушыларының (Ғабит Мүсірепов) о дүниелік қызын (Райханның) тозақтан пейішке шығардым десе (15 бет), алматылық емші Күлтай Әлиеваға арналған қарақалпақстандық жазушы Жұбатқан Мұратбаевтың «Шипагер Күлтай ана» (Нөкіс. 1993ж.) атты кітапшасында, мақауды сөйлетіп, кереңді естіртіп, Ақтаудағы Бекет әулие күмбезін қолын ашып жарқыратып, қолын жұмып қараңғылатып, сыртқа шығып Бекет атамен қол алдырып, тіпті Қытайға барғанда тығулы адамды дәл белгісімен тапты деп талайды таң қалдырғанмен, заман өте көріпкел «ананың» қасиетін дәріптеушілер, ат тізгінін неге тартып доғарғанын енді білу қиын болмас. Бұндай күлкілі кітапшалардың адамның санасының дамуына теріс бағыт беретінін енді түсінген жөн. Қандай еңбегімен алғанын кім білсін, жерлестіктің жебеуі болды ма, біз үшін қарапайым, басқалар үшін «Алып ана» алматылық емші Алтын Сабырғалиева Ұлттық ғылым академиясының «Алтын алқасын» тақты («Егемен Қазақстан» 5.10.1995). Бұл қалай? Өткен жылы Күлтай Әлиева мен Алтын Сабырәлиева екеуі қажылыққа барды. Қажы болды. Қуандық. Қос құрбы мешіттен бір-екі рет көрінді де жоқ болды. Бұларға бұрынғы атақтары артық болса керек?! Бір таңғаларлық жай, осы екеуі де, қажылықтың шариғаттық заңына қайшы түрде салт, жеке барды. Сонда халықты алдағаны былай тұрсын, құдайды да алдағаны ма? Бұндай жайға дін басы муфтиіміз Ратбек қажы (өзі апарған) қалай дер екен?! Ел ішіне атағы шыққан аруақтылардың бүгінгі халі осындай болғанда, басқасын сұрамаған да жөн болар. Дегенмен Сыр елі азаматтары үшін сырттағы бойдақ әйелдерді «ана» дегенмен де (Ж. Мұратбаев пен Б. Айнабаев) жоғарыдағы қос құрбының құрдасы, өз жерлесі, он сегіз баланың анасы, он төрт немеренің әжесі Патиманы ана – «ардақты ана» («Жас Алаш» 10.10.1993 ж.) ал, Патиманың жұбайы Сәбитті ардақты әке, аға дегені адамгершіліктің өлшемінің имандылығы болар! Алла тағала бұл жанұяға тек жақсылық әкелсін. Патимадай адал жүректі аналар көбейе берсін демекпіз. «Малдың аласы сыртында, адам аласы ішінде» дегендей, ала болмай, енді есімізді жиып, бір-бірімізге рухани көмек көрсетіп, әр жанұяың өз отбасынан ана тілін, дінін, дәстүрін мәдениетін дамытатынын түсінген жөн. Бір Алла тағалаға ғана құлшылық етейік (Бақара сүресі, 83 аят). Ағайын жеріміз тозбасын. Адам азбасын. Ал жасандылық жараспас.
ҚАРУЛЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАУЫМДАСТЫҚ
Бүгінде қауымдастық деген атпен әртүрлі қызметтік бағыттағы тіркеуден өтіп өздерінің Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырып жатқандары да баршылық. Өзінің бүгінде құрылғанына 18 жыл толып отырған (22.12.1991) Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы да» өз қызметін жүзеге асыруда кездескен көптеген кедергілер мен қиыншылықтардың және қаражат пен мекен-жайдың жоқтығына қарамастан жақсы нәтижелерге жетуде. Ең басты мәселе тылсым құпия сырларының белгісі бар емшілерді өзінің қатарына мүшелікке ғана қабылдап қалмастан, бүгінде олардың құрамының сапалық жағына да көңіл бөлуде. Қызметінің түрін рухани шипагерлікпен жалғастырып оны ғылыми жүйеге қосуда көптеген ғылыми зерттеу және жоғарғы оқу орындары ғалымдарымен бірлесе отырып емшілік тарихының алғашқы және бүгінге дейінгі негізіне мүмкіндік жасады. Осының нәтижесінде бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер мен ғылыми талдамалық мақалалар жазылып, баспасөз беттерінде шықты. 2004-2009 жылдар аралығында Алматы, Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында Халық медицинасының «Өткені, бүгіні, болашағы», «Қазақстан мен Орталық Азияда халық медицинасының өркендеуі», «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары», «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы», т.б. әртүрлі тақырыптағы халық емшілігінің Халықаралық конгрестері мен форумдары өткізіліп, көптеген шет ел ғалымдары мен емшілері қазақтың халық медицинасының тарихымен танысып қана қалмастан, өзара ынтымақтасып осы саланың байланысын жақындастыруға, бірлесіп зерттеуге қол жеткізілді. Конгресс кездерінде қатысушы емшілердің теориялық, тәжірибелік жақтары мен білімдерінің жақсаруына зор мүмкіндік жасалды. Бұрын өз шеберліктерін кең аудиторияда көрерменге көрсетуге ниет еткендер шың мақсаттарына жетіп, өзара тәжірибе алмастырылды. XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі негізінде тұңғыш рет қысқа сахналық көріністің Тараз қаласында көрсетілуі (сценариясын жазған З.Қожалымов) емшілер қауымын ғана қуантып қалмастан, республика көлемінде радио торабы мен телеарналарынан көрсетіліп көпшілік көрерменнің ризалығына бөленді. Қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелері мен емшілерінің қызметіне және қауымдастық қызметін жоққа шығаратын арам пиғылдыларға да оң қабақ танытып «Жақсылыққа – көреалмастық жасау надандықтың белгісі», «Өнегелі іс – оңға бастайды», «Адамгершілік пен имандылық», «Емшілік мәдениеті», «Жауапкершіліктің өлшемі» т.б. тақырыптарда өзінің шынайы сындық мақалаларын жариялап келеді. Қауымдастықтың Төралқасы өзінің филиалдарының директорларының қызметтері мен емшілерінің сапалық тәртібіне адал бағасын беруде. Осы жылы Құрылтай қаулысымен 8 филиалы (Ақтөбе және Қарағанды облыстары мен Ақтөбе, Шалқар, Балқаш, Талдықорған, Есік, Ақсай қалалық) қызметі тоқтатылды және 40-тан аса мүшесі құрамнан шығарылды. Алматы, Атырау, ОҚО, Қостанай облыстық және Астана, Шымкент, Түркістан, Тараз қалалық филиалдарының қызметтерінің жетістігін атап өткен жөн. Қауымдастықтың төл газеті «Шипагерлік баянға» жазылу барлық филиалдар мен жеке емшілерде бірдей емес, өте аз. Бұл ойланатын жағдай. Ашық жариялықты басшылыққа ала отырып қауымдастықтың қызметінің барысы жөнінде газет және жеке интернеттегі сайты арқылы (www.anck.kz.) ай сайын оқырманға таныстырылуда. Халық медицинасының б.д.д. және одан бүгінге дейінгі тарихы ғылыми негізде зерттеліп, ҚазҰУ-нің ғылыми Кеңесінің шешімімен ғылыми айналымға енді («Шипагерлік дәстүрі және философиясы» авт. З.Қ.). Қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелері мен емшілерін төл мерекесімен құттықтайды. Алдағы қауымдастықтың 20 жылдығына табыспен аман-есен жетулеріне ізгі ниетпен тілектестік білдіреді!
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 | |||