орындалған Аманат
34
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВ

АҒАМЫЗҒА МЫНА ӨЛЕҢІМДІ АРНАЙМЫН

 

 

Құтты болсын айтамыз Зядан аға

Сізден туған шаңыраққа бүгінгі.

Бастамаңыз бізді де тартсын алға,

Арман, тілек ойларыңыз ертеңгі.

 

Көрсең де қанша қиын кезеңдерді,

Таймадың ақ жолыңнан Аллаң қолдап.

Тәуелсіздік туыңмен бірге түрлеп,

Ұштыңыз биік-биік шыңдарды аңсап.

 

Мақсатыңыз халқыңды ағарту ғой,

Ақ ниет, адалдыққа үйрету ғой.

Адасып бара жатқан бұл халқыңды,

Аллаңның ақ жолына нұсқайсыз ғой.

 

Еңбегіңіз еш кеткен жоқ ешқашан,

Алла жар боп, аруағыңыз желеп-жебеп.

Қаншама шәкірттерді ұшырдыңыз,

Емшілерді жер жүзіне әйгілеп.

 

Көрсеңде не бір зұлмат адамдарын,

Ешкімнен жақсылықты қызғанбадың.

Қазақстан жерінің қайыңы боп,

Аман-есен жетілді жапырағың.

 

Тамырыңыз таралып жатыр бүгін,

10 жылдың жүзі болды жасыңызға.

Тәуелсіздік туымен бірге келген,

Құтты болсын айтамыз басыңызға.

 

Қасиеті бабалардың қолдай берсін,

Жаңа ғасыр жақсылыққа мол болсын.

Талдықорған өңірінен ашылған,

Бұтағыңыз өзіңізге пана болсын.

Аумин!

 

 

Клара Молсабақызы, 02.2002ж

Талдықорған қаласы

 

 

ЖЕДЕЛ ХАТ ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВҚА

Зиядан аға мерекең құтты болсын,

Халқыңа қалтқысыз еңбек еткен.

Шаңырағын шайқалмай мықты болып,

Шанышқан уық бір-бірін сүйеп тұрсын.

Талмасын қанатыңыз,

Қыран құс әрі қарай сүйеп жүрсін.

Адам емес Алланың үйі болып,

Басына бақ қонып шырақ жансын.

Тілекес: Аяшұлы Бақберген,

22.12.2003.

 

 

ЖЕДЕЛ ХАТ ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВҚА

Қазақстан халық емшілерінің президенті Қожалымов Зиядан мырза сізді 22-желтоқсан мерекеңізбен құттықтаймыз. Зор денсаулық ұзақ өмір және жұмыста табысты болуыңызды тілейміз.

Ізгі тілекпен: Тұрар- Камал

Үшарал, 23.12.2003.

 

 

 

ҚОЖАЛЫМОВ ЗЯДАН ҚАЖЫҒА!

 

Мақсатың еді білім алу мамандығы,

Инженер – электрик мамандығың.

Білікті маман болдың айтулы,

Біраз басшы қызметтер атқардың.

 

«Ақ апасы» қасиетті жан еді,

Жалғызының арқасы барын біледі.

Басын қосып Түймекүлдей келінге,

Алладан ұлына ақ жол тіледі.

 

Түбегейлі ауыстырдың мамандықты

Бітірдің діни медресені.

Бас болып ұйымдастырдың, тәуелсіздіктен соң

Қазақстан халық емшілері қауымдастығын.

 

Зерек жан қаламын тастамады,

Әндер ме толғаулар, шежіре,

Ғылыми, тарихи-танымдық шығарма

Өз қаламыңнан туындады.

 

Халық емшілері қауымдастығының президенті,

Халық медицинасы орталығы бас директорының орынбасары,

«Экология» академиясының академигі,

Үшінші мыңжылдықтың үздік емшісі.

 

Халықаралық дәрежедегі халық емшісі,

Парапсихолог, биоэнерготерапевт,

Осының барлығы бір өзіңнің атағың,

Ең бастысы қажылық парызыңды өтедің.

 

Зиядан қажы, құтты болсын, 60 жасың!

Әрқашан домаласын, өрге тасың.

Немерелерің Райымбек пен Айнұрың

Атасының үлкен сенімін ақтасын!

 

Мерей тойыңмен, қуанышыңмен – шілдехана,

Құттықтап, ақ ниетпен тілек айтқан

Өзіңмен сыйлас, дәмдес,

Шын ниеттес, тілеулес Шайхолла мен Мүгілсін.

 

ҚҰЙЫЛДЫ ҚУАТ ҒАЛАМНАН

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 15-жылдығына және президенті Қожалымов Зядан мырзаға арнаймын.

 

Съезің өтті Зиядан,

Өтті күндер санаған.

Әруақ қолдап ұйымды,

Құйылды қуат ғаламнан.

 

Ар ожданды тазартқан,

Алла сыйлап бақ артқан.

Тыныштығы болсын тек,

Тойларыңа кеп жатқан.

 

Халқынды елеп шақырттың,

Әруақ сыйлап бақ арттың.

Дұшпаның болмай Зиядан,

Өзіңе үлкен жүк арттың.

 

Асудан асу асыңыз,

Өрлей берсін бағыңыз.

Алланың адал құлы бол,

Құтты болсын тағыңыз.

 

Әруақты жан ағайын,

Сыйласып жүрсін әрдайым.

Береке бірлік болады,

Жүрекпен тіле күн сайын.

 

Ата-баба әруағым,

Тілесе келет қас-қағым.

Ұзағынан болсын тек,

Бақыт болсын бұл қауым.

 

Құтты болсын бақтарың,

Жаңылмасын жақтарың.

Әруақ қолдап бәрінді,

Артында қалсын аттарың.

 

Отырсың мына ел сынай,

Біріңді-бірің аңдымай.

Мұратыңа жетерсің,

Алланың берген бағынай.

 

Нұры жаусын Алланың

Жаңалық елге ашқанның.

Бағың жанып өрлей бер,

Ер жүректі қыраным

 

Болмасын еш қасыңыз,

Аман болсын басыңыз.

Зиядан қажы өзіңіз,

Президент болып тұрыңыз.

 

Үміт артты халқыңыз,

Құтты болсын бағыңыз.

Сый құрметке бөленіп,

Рухпен елді қорғаңыз.

 

Қосай-Бекет бабамыз,

Солардан ұрпақ тараймыз.

Төлеуішұлы Елубай,

Алланың бізде құлымыз.

 

Мына отырған көп қауым,

Күш қолдасын жан-жағың,

Бақтарың құтты болсын тек,

Өлеңмен шашу арнадым.

 

Елубай Төлешұлы, халық емшісі

Ақтөбе қаласы., Ойыл ауданы, Ақшатау ауылы.

 

ЗЯДАН АҒАҒА

Халықтың қамын жеген емшілерге,

Қош келіп Ақтөбеге дәріс бердің.

Білмейтін көп нәрсені мына бізге,

Жол сілтеп ақ ниетпен сана бердің.

Он бес жыл қара ниет, қара күшпен,

Қас батыр Қабыландай арпалыстың.

Мінеки, жарық көрді Өтейбойдақ Тілеуқабыл,

Асқан бір еңбегіңіз ол да сіздің.

Емі ғой ата-баба халқымыздың,

Қыр-сырын осы емдердің мол меңгерген.

Мың жасап аман болғай Зиядан ағам,

Қазақтың халық емші қауымдықтың.

Құрамына мүше болып енген халық,

Бастаған Қожалымов Зтядан аға.

Атыңыз жайыла берсін бар әлемге,

Айтыңыз сәлем бізден жеңгемізге.

Сондай-ақ бала-шаға, немереге,

Оларда беріп жатыр күш пен жігер.

Елдегі мың-мыңдаған емшілерге,

Үйіңізге толсын әркез құт-береке.

Мерейі биік болсын қауымдықтың,

Құламай туы берік желбіресін.

Ақтөбе халық емшілері атынан

Жұмағазиев Хамит Есенғазыұлы 

 

АРДАҚТЫ АСЫЛ АҒА!

 

Қыран ұшса қиядан, 

Ұл бақыты ұядан.   

Зерделісі заманның,

Қожалымов Зядан.  

 

Асыл аға ардағым,                                          

Өмір өркен ордалым.                                      

Ұлт ұлықтың тегінде,                                                  

Бар еді аға салмағын.                                      

 

Сана көздің ағысың,                                        

Ұлттың ұлыс бағысың.                                    

Қан болмысың киелі,                                       

Академик қажысың.                                         

 

Көңіл күнге көш бардың,                                

Дәйегісің дастанның.                                        

Құдай қолдап жан аға,                                    

Қауымдастықты басқардың.                           

 

Жаныңмен сүйдің халықты,

Халық таниды алыпты.

Орталыққа ордалы,

Он тоғыз жыл биыл болыпты.

 

Намысымды жаныдың,

Құдітетіңмен қорыдың.     

Демеу беріп әр мезет,

Айжамалым деп таныдың.

 

Тектің гүлін тергенмін,

Бір Аллаға сенгенмін.

Ерлік күні ертегі,

Ақмешіттен келгенмін.

 

Алла пенде тірегі,

Жер адамзат жүрегі.

Сізге бақыт тілейді,

Салтанатты сыр елі.

 

Серікбаева Айжамал, Қауымдастықтың Қызылорда

облыстық өкілдігінің төрайымы, ақын

Қызылорда  қаласы. 2010 ж.

 

 

ҚАЖЫ АҒАЙҒА

 

Шежіре жинақтаған керектерің,

Көрдім мен мақаласын еңбектерін.

Тілеген емшілерге алғыс айтып,

Қорытындысын байқауым өрнектерін.

 

Кітаптың небір түрін шығарыпты,

Тақырыбы емдік жолмен құралыпты.

Медицина кереметін бәйгеге сап,

Қосымша Құран нұрын қолға алыпты.

 

Сіздей адам көргенге,

Қуанамын бергенге.

Өлең құрап өмірге,

Тарих болып енгенге.

 

Талантыңыз ерекше,

Байқап тұрмын өзгеше.

Болар екен айтуға,

Шеберлікке теңесе.

 

Имандылық бойымда,

Көптен бері билеген.

Беріліп кетсем жүз пайыз,

Достарымнан именем.

 

Шекарадан келіп тұр,

Нұрғазы деген ұлыңыз.

Сегіз қырлы бір сырлы,

Осыны да сіздер біліңіз.

 

Домбра, баян ойнаймын,

Имандылықты да ойлаймын.

Ақындық бойымда,

Ізденуді қоймаймын.

 

Осындайда көнгемін,

Нұрлы сөзге сенгенмін.

Жаман мен жақсыға,

Жүрегімді бергенмін.

 

Осындайға ебім бар,

Жазатұғын күнім бар.

Өнерімен өрнектеген,

Сыйға тартар жырым бар.

 

Ахметов Нұрғазы Ғалымжанұлы,

ШҚО, Үржар ауданы, 2010 ж.

 

Қазақстан халық емшілері  қауымдастығының

жиырма жылдық мерейтойына арнау

 

 

Мерей той жиырма жылдық құтты болсын,

Әр уақыт рухтарың мықты болсын.

Талай-талай белестерден асып жеттің,

Әрқашан абыройың құт боп келсін.

 

Бабаның рухын жандандырдың,

Емшінің талайларың рухтандырдың.

Қиналып қанша пенде жүрген еді,

Жолға сап көпшілікті таңдандырдың.

 

Жол бастап Зәке аға осы кезде,

Шықтың ғой тығырықтан алып лезде.

Ілесті ақ жолына талай ғалым,

Қол ұшын берейік деп ғылыми өзге.

 

Құпия сырын аштың талай-талай,

Көп пенде түсінбейді сырды мұндай.

Дінменен ұштастырып ғылымдарды,

Барамыз жалғастырып әрі қарай.

 

Бұл жолда талай-талай белес астың,

Кей-кезде жол таба алмай қатты састың.

Сол кезде Алла қолдап жол көрсетті,

Қуанып сол бір сәтте асып тастың.

 

Аяқтан шалып келді талай пенде,

Білімге оның көбі болды кенде.

Түсініп кейбіреулер өз қатесін,

Өзгертті өз ойларын дәл сол кезде.

 

Бәрі де сәйкестенді заң негізде,

Бүгінгі ғылымменен бір негізде.

Қазіргі ғылымменен дәлелденіп,

Талайдың көзі жетті бұл негізге.

 

Ілімі бабалардың шет қалмады,

Әрбірі жеке-жеке кең талданды.

Құран мен Хадис, Хикмет дәстүрлерде,

Қазіргі ғылымменен тең жалғанды.

 

Бәрі де жарық көріп баспаларда,

Кейбірі көрсетілді таспаларда.

Ғаламтор жүйелерін іске қосып,

Алды ғой мәліметті басқаларда.

Ашылды барлық жерде бөлімшелер,

Бәрі де заңдылыққа көніп жүрер.

Бақылап әрбір ісін бөлімшенің,

Күнбе-күн хабарлары жетіп келер.

 

Еңбектер жазылды ғой том-том болып,

Оқиды емшілері оны алып.

Ашылды көздері оның қараңғыдан,

Келеді дәйім олар кеңес алып.

 

Жыл санап білімдері көтерілер,

Басса аяқ заманымен қатар жүрер.

Жыл сайын бас қосады әр қалада,

Ғылыми іс шараны бірге өткізер.

 

Емшілер ашты бүгін құпия сырды,

Еске алып бұрын өткен талай пірді.

Солардың салып берген сара жолы,

Ғылымға бұрмай оны алып кірді.

 

Келеміз бігінде біз сара жолмен,

Фараби салып берген дара жолмен.

Әлемде екінші ұстаз атанып ол,

Ғылымды бөліп берді өз қолымен.

 

Емшілер ізін салды ибн Сина,

Даналық ақыл берді дүние қума.

Ұғынып емшілердің талай сырын,

Еңбек жазды баға жетпес дара тума.

 

Бируни дәруменнің сырын ұқты,

Дәрумен жасап шықты талай мықты.

Жұлдыздар сырын ашып талай-талай,

Ғарыштың құпиясын ерте ұқты.

 

Иассауи кемелдіктің жолын ашты,

Арайлап Түркі еліңе нұрын шашты.

Ілімін жалғастырып пайғамбардың,

Хикметтермен халықтың көзін ашты.

 

Емші боп Өтейбойдақ дүниеге келді,

Емшілік қасиеті рухына енді.

Халқы үшін еңбек етіп қажымастан,

Қалдырды «Шипагерлік баянды» еңбек етіп.

 

Міне біз осылайша толғанамыз,

Қағаз бен қаламды қолға аламыз.

Жыр жазып жиырма жылдық тарихынан,

Өткенді еске алып ойланамыз.

 

Зәкеңе айтамын мен рахметімді,

Ескерген елге еткен еңбегімді.

Өткіздік талай жылды біздер бірге,

Тағы да бірге өткізем қалған жылды.

 

Осымен түйіндеймін өлеңімді,

Аямаймын қолдан келген көмегімді.

Ел үшін қызмет ету міндетіміз,

Ғылыми жаза берем еңбегімді.

 

Құрбанқожа Сансызбай Нызанұлы (Әбу Фараби),

Алматы қаласы, «Алтын қарғалы» санаториясы. 23.07.2011 ж.

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14 15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39




вверх