орындалған Аманат | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
«Қазақстан мен Орталық Азиядағы халық медицинасының өркендеуі» атты I-Халықаралық конгресінде қауымдастықтың президенті, академик Зядан қажы Қожалымов мырзаның БАЯНДАМАСЫ Шымкент қаласы, 26.07.2007 ж.
Құрметті конгреске Қатысушылар! Қадірменді меймандар! Қазақстан мен Орталық Азиядағы халық медицинасының өркендеуіне мән берсек, олардың бәрі де бір деңгейде дамымағандығы белгілі. Кеңес заманындағы тарихи мұрағаттарды ақтарғанда қазақ халқының халық медицинасы жөнінде ешқандай маңызды мәлімет кездеспегеніне қарамастан, бүгінде Елбасының халық емшілеріне рахымды кеңшілігінің нәтижесінде олардың бойларындағы тылсым құпия сырларын ашу мен зерттеу нәтижесінде, өзінің жаңа өркендеу дәуірін бастады. Көптеген ғасырлардан бері ел арасында ашықта әрі жабық түрде сырқат жандарға өз көмектерін көрсетіп келген емшілер, бақсылар, балгерлер, тәуіптер, көріпкелдер, болжампаздар, жауырыншы, жұлдызшы, тамыршы, сынықшы, діни білімі барлар мен шөп дәрімен емдеушілер тобы өз мүмкіндіктеріне ие болып абыроймен қызметтерін атқаруда. Сондықтан да, ерте заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттардың ата-бабаларының тектік киелі қасиеттері қонған ұрпақтарын бір ортаға жинауға және олардың ерекше тылсым құпиялары жөнінде ғылыми жағынан ғалымдарымыздың зерттеп өз тұжырымдарын беруіне мүмкіндік болуда. Қауымдастық 2004-2006 жылдары Алматы қаласында /16-18.09. 2004, 24-26.09. 2005 және 22-24. 07. 2006/ ҚР халық медицинасының “ Өткені, бүгіні, болашағы”, «Дәстүрлі емес халық медицинасы», «Бақсылық өнері» атты Халықаралық конгрестерін өткізіп, жақсы нәтижелерге жеткендігін конгреске қатысушылар алдында толық дәлелдей білді. Орталық Азия халықтарынан көптеген ғылымдардың ғұламалары соның ішінде медицина саласы бойынша шыққан ғұлама ғалым Ибн Синаның (980-1037ж.ж.) «Медицина ғылымының заңдары» атты дәрігелік әрі емдік саулық сақтау еңбегіне, бүгінде бүкіл әлем халқы құрметпен қабылдауда. Ал, аспан әлемінің ғылымын зерттеген ғалым Ұлықбектің еңбегі астраномия ғылымына алғаш жол ашты. Қазақ даласында емшілік өнеріне ертеден-ақ, ғылыми көзқарастарымен және зерттеулерімен белгілі болған ұлы ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Құртқа тәуіп, т.б. өз еңбектерінде медициналық-емшілік саласындағы этникалық ұлттық ерекшеліктерді талдап жазып, өздерінің медициналық энциклопедиялық еңбектерін қалдырды. Әртүрлі замандарда заңның қаталдығына қарамастан, өркендеп келе жатқан дәстүрлі емес халық медицинасы бүгінде нағыз ғылыми халықтық медицинаға айналуда. XV ғасырдың дала ғұламасы, ғалым-шипагер Ө. Тілеуқабылұлының медициналық әрі гуманитарлық ғылымдардың басын қосқан “Шипагерлік баян” атты энциклопедиялық еңбегі, қазақтың дәстүрлі емес халық медицинасының негізін ғылыми медицинаға айналдырғандығын бүгінде көптеген мемлекеттердің ғалымдары мен зерттеушілері өздерінің оң бағаларын беруде. XVII – XVIII ғасырда орыс офицері, географ Н.П. Рычков, дәрігер С. Большой, ХІХ ғасырда генерал-майор В.Б. Броневский, саяхатшы А.И. Левшин, штабс-лекарь С.А. Яроцкий, әскери дәрігер А. Ягмин және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов т.б. зерттеушілер, қазақ халқының емшілігі жөнінде жазба деректерін қалдырды. Қазақтың оқымысты ғалымдары ХІХ ғасырдың аяғында тағамдық емдік ерекшеліктерге көңіл бөліп, қымыздың туберкулезге емдік қасиетін Әміре Айтбақын анықтады. XVIII – ХІХ ғасырда өмір сүрген /136 жас жасаған/ әскери дәрігер – емші Құртқа тәуіп (1770 – 1906 ж.ж.) халықтық дәстүрлі емес медицинасы негізін байытып, оның ғылыми медицинамен арақатынасын жақындатты. ХХ ғасырда дәрігер-жазушы З. Шашкин қымыздың емдік қасиетін байыта түсті. Ғалым-жазушы Естөре Оразақов, шөп – дәрімен емдеуші ғалымдар Қожабеков, Сәлкен Суханбердин т.б. ғалымдар дәстүрлі емес халық медцинасының дамуына жол ашып, оның өркендеуіне үлестерін қосқан еді. ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында Алматы қаласында сол кездегі Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі профессор, м.ғ.д. Сағиғатулла Қарынбаев Бүкіләлемдік дәстүрлі емес халық медицинасының I-конгресін өткізді. Конгрестің хаттамалары мен шешімдері негізінде әлем елінде дәстүрлі емес халық медицинасының қалыптасуына жол ашылды. Ғалым – емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” еңбегін қазақ ғалымдары ҚазҰУ-нің профессорлары Қ.Жарықбаев, Ж.Молдабеков, ҚазҰМУ-нің профессорлары Т.Момынов, Ә.Нұрмұханбетұлы, А.Рақышев, Ш.Абдуллаев, Ә.Есенқұлов, А.Жақанов, Керімбектің Ермаханы, доцент Ә.Өмешұлы. Қаз.Гумиль.ҰУ-ің профессорлары М. Жолдасбеков, Д. Мәсімханов, ШМУ-дің профессоры Т. Әлсатов және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халық медицинасы орталығының тұңғыш бас дәрігері, доцент Т. Төлендиев, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті ғалым Зядан Қожалымов т.б қазақ ғалымдары зерттеп, зерделеп жеке ғылыми тұжырымдарын жазып өз еңбектерінде және баспасөз беттерінде жариялауда. 1991 жылдың желтоқсанында құрылған ҚХЕҚ бүгінде өз құрамында 32 облыстық және қалалық филиалдары жұмыс істеуде. Қауымдастықта Халықаралық, Ресей және Қазақстанның қоғамдық академиясының 42 академигі, 44 ҚР “Құрметті халық емшісі”, 13 “Шығыс медицинасының магистрі”, 33 Ресей мен Қазақстанның халық медицинасы мен ғарыштыққуат және Хиллер магистрі, 20 “Әлемдік және Қазақстанның рухани емшісі”, 25 “ІІІ-мыңжылдықтың үздік емшісі”, 139 ҚХЕҚ “Құрметті мүшесі” және 240-тан аса көптеген медальдар мен құрмет грамотасымен марапатталғандар өз қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Қауымдастықтың халық емшілерінің білімін көтеру мен жетілдіру жөніндегі көп салалы мамандық мектебі өз жұмысын жалғастыруда. “Шипагерлік баян” газеті жеке оқырмандарын халық медицинасы, дін, халық емі, рухани тәрбие саласындағы мақалалары арқылы оқырмандардан жақсы бағасын алуда. Қауымдастықтың жанындағы ғылыми кеңес дәстүрлі емес халық медицинасының нағыз ғылыми негізде жүйеге түсуіне жақсы ықпал етуде. Халық медицинасының тарихы жөнінде 220 баспа табақтай, жиырмадан аса кітаптар қауымдастықтың «Шалкөде» баспасынан басылып шықты. Көне халықтық дәстүрлі емес медицинаның өзіндік ерекшеліктері жүйеленіп оны ғылыми негізде сараптауға әрі пайдалануға беруге жұмыс жасалуда. Қауымдастық Төралқасының іс-жоспарлары бойынша игілікті атқарылған істердің көптігіне қарамастан, әлі де халық емшілігінің ашылмаған сырларын ғылыми негізде дамытуда, емшілік психологиясы мен емшілікке философиялық танымдық көзқарастарды өркендетуде қауымдастықтың ғалымдары киелі, тектік қасиеттің “өшкен отын жандырып, өлген мұрасын тірілтуде» әлі де талай жақсы еңбектері мен жеке үлестерін қосатынына кәміл сенуге болады. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Жарғылық баптарына сәйкес тылсым құпия сырларын жүйелі зерттеулер жалғаса бермек. Бұл конгресс жоғары сезімталдық құпиялық дарынға ие емшілер мен халық медицинасын зерттеуші Қазақстан мен шет ел ғалымдарының өзара қатынасын жақсартып оның ғылыми теориялық және тәжірибелік жағынан дамуына зор пайдасы боларына сенім артамын. Қазақстанда өткізіліп отырған «Орталық Азия мен Қазақстанның халық медицинасының өркендеуі» атты конгресі осы аймақтағы дарындылардың ынтымақта, бірлікте, түсіністікте және өзара құрметпен қарап, жақсы қатынастар орнататындықтарына әсер етеріне сенемін. Конгреске қатысушыларға сапарларыңызға сәттілік, дендеріңізге саулық, ниеттеріңізге адалдық тілеймін! Көп рахмет!
АРНАУ Арнаудың авторлары: З. Қожалымов және С. Жұманов
Армысыңдар дарынды киелілер, Құдіретіне Алланың бас ие білер. Ел ішінде танылып емшілікпен, Сіздерді ерекше бір сүйеді Ел. Оңтүстікке оң қадам басқандарың, Еліңе үлкен үлес қосқандарың. Емшілер қауымдастық арқасында, Халықаралық Конгресін ашқандарым. Көтеріп киелі рух мәртебесін, Шуағын тылсым дүние шашқандарым. Өмірде қызық қиын жол жүресің, Бұл дүние жалғандығын зор білесің. Көтеріп киелілер еңселерін, Құтты болсын бас қосқан конгресің. Адамзатқа адалдық жарасады, Адал жанға Алла да қарасады. Алланың артық берген сыйы емшіге, Тылсым дүние сырына жол ашады. Зиядан қажы ағаның еңбегі көп, Сізбенен жарық емші-ау болашағы. Алланың сынағынан өткендерім, Кейде ұшып кеңістікке кеткендерім. Киелі бабалардың рухын қолдап, Халқына адал еңбек еткендерім. Болса екен халқым әр-кез саламат тек, Тәубе етіңдер тәңірге қанағат деп. Бәрің де көп қиналып көрдіңіздер, Ақ ниетпен ақ жолға қадам басып, Жиналдық конгреске жамағат боп. Орындап Алла берген амалдарды, Бұзып өттің көлденең қамалдарды. Жолдан тайған талайлар адам болып, Емшілер арқасында аман қалды. Орның жоқ бұл өмірден бос қалатын, Жайың жоқ ешкімнен де жасқанатын. Бір Аллаға сыйынып қоғам құрған, Зиядандай басшың бар басқаратын. Зиядан қажы ағамыз зиялы деп, Ұран боп ортамызға тасталатын. Тәңір берген көтеріп ауыр жүгін, Зиекең құрды емшілер қауымдығын. Мақсат еткен ақ жолын бір Алланың, Қауымдастық жағдайы тәуір бүгін. Нұрсұлтан қазағымның нұры деймін, Зияданның қолдаған ісің деймін. Тиіскең қарсыласқа құйын болып, Қиын кезде бір болған тағдырлас боп, Нұрекеңнің жолын қолдаған Зиекең деймін. Иманжүзді киелі емшілерім, Өмірден өз орныңды еншіледің. Шипаңның құдіретімен сырқат жанға, Ем жасап, сауыққанша көншімедің. Қазақтың ұлы емшісі Өтейбойдақ, Өтпеді ме, өмірден халқын ойлап. Сан ғасырдың бейнесі қырғын-сүргін, Болмады ма қазақтың салтын жоймақ. Рухты бабаларым сақтап қалған, Біздің жер біле-білсең алтын аймақ. Арыстан бап, Қожа Ахмет, Әз Әлмерек, Бабалар пір Бекет пен Райымбек. Баба Түкті Шашты Әзиз, Укаш Ата, Халқына әруағымен қорған, тірек. Ден қойып бақсылықтың сарынына, Іздеу салған қазақтың дарынына. Қорқыт Ата, Қойлыбай бақсылардың, Ілімін де шығарды-ау жарығына. Бүкіл Әлем қазақты танып білді, Киелі рухты бабалар барлығында. Ибн-Сина, Аль-Фараби, Құртқа баптар, Жамандықтан ел-жерін, әр-кез сақтар. Жол ашқан жұлдыздарға Ұлықбектей, Бабалрды бүкіл әлем болды мақтар. Төрт рет конгресті өткізгенің. Емшілікті ғылымға жеткізгенің. Әлемнің төрт бұрышын мойындатып, Тылсым дүние құдіретін дәлелдедің. Он бес жылдық тойыңды жақсы тойлап, Он алтыншы жылға да бет түзегенің. Жақсылық жолындағы күрестерің, Халқыңызға ол қосқан үлестерің. Арамдықты жібермей ауыздықтап, Шайтан жолға бармауды біле ескердің. Орындасаң бабалар аманатын, Ел ішінде шықпас еш жаман атың. Барға шүкір Тәуба деп, жоқшылыққа, Қарағаның Аллаға қанағатың. Жан дауасын емдейтін емшілердің, Тілейміз есен-аман саламатын. Алла берген қасиет бойларыңа, Ақын елдің ары мен айбары да. Жақыптай әнші жігіт баянымен, Емшілері конгресі тойларында. Толғады киелі ақындардың ойларын да. Жүрекпен шын сезініп Алланы біз, Бәріңіз әруақ жолын жалғадыңыз. Жақсылықпен көрісіп, сағынышпен, Орындалсын мақсат пен арманымыз. Халықаралық конгресс жылда өтіп, Бір Алла бола берсін қорғанымыз. Шымкент қаласы, 26.07.2007 ж.
ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ Жуырда Шымкент қаласында «қазақстан мен Орталық Азиядағы халық медицинасының өркендеуі» атты I-Халықаралық конгресс болып өтті. Оған Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да шет мемлекеттермен қатар, Қазақстанның барлық облыстарынан халық емшілері мен осы емшілік саласын зерттеп жүрген ғалымдар қатысты. Мұнда негізінен халық емшілерінің білімін көтеру, Әбу Насыр әл-Фараби, ибн Сина, тағы да басқа халық емшілігімен шұғылданған бабаларымыздың өнерін жалғастыру жайларыайтылды. Қазақстан мен Орталық Азиядағы халық медицинасының өрбу шежіресін, рухани шипагерлік емнің мәнін, ғарыштық қуат, көріпкелдік, жұлдызшылық, құмалақшылық, жауырыншылық және өзге де айрықша ем-домдық қасиеттер жөнінде сан тараулы пікірлер мен тәжірибелер ортаға салынды. Мәскеулік академик Н.Федоренконың, Қытайдың Құлжа қаласынан келген дәрігер-емші М.Көпейдің, қырғызстандық халық емшісі А.Кадыракунованың, рухани емшілік магистрі, ақтөбелік ҚүҚұттыбаеваның, алматылық академик, профессор Жасан Зекейұлының, Нүкіс қаласынан келген өзбекстандық халық емшісі Б.Қадыровтың, Тибет медицинасының маманы Ш.Дүйсенбектің «Емші дегеніміз – кім?», «Қытай-қазақ медицинасының тарихы», «Қырғызстан халық медицинасының болашағы», «Адам және рухани тәрбие», «Шығыс Тибет медицинасы», Өзбекстандағы халық емшілігінің өркендеуі , «Жоғары қан қысымы ауруын емдеу» атты баяндамалары көп арасында зор қызығушылық тудырып, аса тартымды өтті. Жиын үстінде қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар тапсырылып, көп тарапынан құрметтелген халық емшілері қауымдастықтың құрмет грамоталары мен өзге де сый-сияпаттарына ие болды. Халық емшілерінің шынайы шипасына куә болған көпшілік осы алқалы бас қосуды ұйымдастырушыларға, қауымдастықтың президенті Зядан қажы Қожалымовқа шын жүректерінен шыққан алғыстарын айтып тарасты. Мейірбек Ақынбеков «Егемен Қазақстан» газеті, № 239-241, 10.08.2007 ж. 10-бет. ШЫМКЕНТКЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ ШИПАГЕР ЖИЫЛДЫ Қазақстанның халық емшілері қауымдастығы соңғы үш-төрт жылдан бері жыл сайын түрлі тақырыптарға арналған алқалы жийындар өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Мұндай бас қосудың негізгі мақсаты – адамдардың денсаулығын жақсартуға халық емшілерінің де тигізер пайдасы зор екендігін жұртышылыққа білдіру, тылсым дүниенің ғажайып сырларын терең ұққан ғұламаларды дәріптеу. Сондай-ақ қазақстанның түкпір-түкпірінен, алыс-жақын шетелдерден келген халық емшілерінің бір-бірімен тәжірибе бөлісуі үшін де осындай бас қосудың маңызы зор. Осы орайда кешегі аптада қазақстанның халық емшілері қауымдастығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында үш күн бойы «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі» деген тақырыппен I-Халықаралық конгресс болып өтті. Шымкентте бірінші рет өткізіліп отырған конгреске еліміздің барлық облыстарындағы қауымдастық филиалдарының өкілдері, 500-ге жуық халық емшілері, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен емшілер мен хылықтық медицина саласының ғалымдары қатысты. Конгреске қатысушылар Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеу тарихын, рухани шипагерлік емінің маңызын, ғарыштық қуат, көріпкелдік, жұлдызшылық, құмалақшылық, жауырыншылық және басқа да ерекше емдік қасиеттер төңірегінде тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, музыкотерапия, «Су Джоу» терапиясы, мануальды терапия мен үзу, уқалау, ғылыми зерттеулер және жаңа емдеу құралдары арқылы ем жүргізетін халық емшілері «Мастер-класс» сағатын өткізіп, емдеу жолдары мен тәсілдерін көрсетті. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының осы уақытқа дейін атқарған істері мен жеткен жетістіктері жайлы қауымдастық президенті Зядан қажы Қожалымов баяндама жасады. Қауымдастық 1992 жылы Алматы қаласында ең алғашқы Халықаралық конгресті «Рухани келісім мен бірлік» деген тақырыппен өткізген екен. Одан кейін 2004 жылы «Қазақстанның өткені мен бүгіні және болашағы» деп аталған тақырыпта, 2005 жылы тағы да Алматы қаласында «Дәстүрлі емес халық медицинасы» деген тақырыпта конгресс, ал өткен жылы осы қауымдастықтың ұйымдастыруымен халықтық медицинадағы бақсылық өнерінің халықаралық форумы өткізілген. Конгресс барысында қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар тапсырылып, ел ықыласына бөленіп жүрген халық емшілері қауымдастықтың Құрмет грамотасы мен басқа да марапаттауларына ие болды. Т.Досымбаев «Замана» газеті, № 30 (421), 30.07.2007 ж.
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 | |||